"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 8-бабының 17)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Жүкті, босанатын әйелдердің қайтыс болу жағдайлары, сондай-ақ босанған әйелдер босанғаннан кейін күнтізбелік қырық екі күн ішінде қайтыс болған жағдайда, пациенттерге жоспарлы медициналық көмек (медициналық-санитариялық алғашқы көмек және мамандандырылған көмек, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтер) көрсету кезінде олардың кенеттен қайтыс болу жағдайлары туралы ақпарат (шұғыл хабархат) берілген қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
А. Цой |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 7 қыркүйегі № ҚР ДСМ-100/2020 бұйрығымен бекітілген |
Жүкті, босанатын әйелдердің қайтыс болу жағдайлары, сондай-ақ босанған әйелдер босанғаннан кейін күнтізбелік қырық екі күн ішінде қайтыс болған жағдайда, пациенттерге жоспарлы медициналық көмек (медициналық-санитариялық алғашқы көмек және мамандандырылған көмек, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтер) көрсету кезінде олардың кенеттен қайтыс болу жағдайлары туралы ақпарат (шұғыл хабархат) беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жүкті, босанатын әйелдердің қайтыс болу жағдайлары, сондай-ақ босанған әйелдер босанғаннан кейін күнтізбелік қырық екі күн ішінде қайтыс болған жағдайда, пациенттерге жоспарлы медициналық көмек (медициналық-санитариялық алғашқы көмек және мамандандырылған көмек, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтер) көрсету кезінде олардың кенеттен қайтыс болу жағдайлары туралы ақпарат (шұғыл хабархат) беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 8-бабының 17)-тармақшаға сәйкес әзірленді және жүкті, босанатын әйелдердің қайтыс болу жағдайлары, сондай-ақ босанған әйелдер босанғаннан кейін күнтізбелік қырық екі күн ішінде қайтыс болған жағдайда, пациенттерге жоспарлы медициналық көмек (медициналық-санитариялық алғашқы көмек және мамандандырылған көмек, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтер) көрсету кезінде олардың кенеттен қайтыс болу жағдайлары туралы ақпарат (шұғыл хабархат) беру тәртібін айқындайды.
2-тарау. Жүкті, босанатын әйелдердің, босанған әйелдердің қайтыс болған жағдайларының ақпаратын беру тәртібі
2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының басшылары, республикалық ұйымдардың, ұлттық ғылыми орталықтардың басшылары (келісім бойынша) жүкті, босанатын, босанған әйелдер босанғаннан кейін күнтізбелік қырық екі күн ішінде қайтыс болған жағдайды не жүктілікті үзген сәтті (операция, дәрі-дәрмектік аборт) тіркелген сәттен бастап:
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің басшылығына телефон байланысы арқылы екі сағат ішінде хабарламаны;
2) сағат 13.00-ге дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының аумақтық филиалдарына күн сайын "Ана өлімін есепке алу картасы" нысаны (бұдан әрі – "АӨ есепке алу картасы" нысаны) бойынша және Кодекстің 7-бабының 31) - тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша мәліметтерді;
3) 24 сағат ішінде медициналық қызметтер көрсету (көмек көрсету) саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық департаменттеріне (бұдан әрі – Уәкілетті орган ведомствосының департаменттері) және "Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы" акционерлік қоғамына (бұдан әрі – АГПҒО) (келісім бойынша) ақпаратты және қолда бар қосымша зерттеу әдістерімен (зертханалық, аспаптық) электрондық нұсқадағы (PDF) Кодекстің 7-бабы 31) - тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен мынадай медициналық құжаттардың көшірмелерін:
осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Хабарламаны";
"Жүкті әйелдің жеке картасын",
"Жүкті және босанған әйелдің айырбастау картасын",
"Босану тарихын",
"Жаңа туған нәрестенің тарихын",
"Амбулаториялық пациенттің медициналық картасын",
"Стационарлық пациенттің медициналық картасын",
"Жүктілікті үзудің медициналық картасын",
"АӨ есепке алу картасын" нысаны.
4) патологиялық-анатомиялық ашу хаттамаларын, блоктар мен шыны препараттарды Уәкілетті орган ведомствосының департаменттеріне жеті жұмыс күні ішінде, ана өлімі жағдайы тіркелген сәттен бастап он төрт жұмыс күні ішінде АГПҒО-ға беруді қамтамасыз етеді.
3. Тіркеу және есепке алу жүкті, босанатын және босанған әйелдердің, жүктілікті үзгеннен кейін әйелдердің тұрғылықты жеріне қарамастан қайтыс болған жері бойынша жүргізіледі.
4. Денсаулық сақтау ұйымдарында, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарында жүкті, босанатын және босанған әйелдердің, босанғаннан кейін немесе жүктілікті үзгеннен кейін күнтізбелік қырық екі күн ішінде қайтыс болуының (бұдан әрі – ана өлімі) барлық жағдайлары есепке алуға жатады.
5. "АӨ есепке алу картасы" нысаны бойынша мәліметтерді меншік нысанына және ведомстволық тиістілігіне қарамастан, денсаулық сақтау ұйымдарындағы медицина қызметкері (емдеуші немесе кезекші дәрігер), сондай-ақ жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалар толтырады.
6. Медициналық ұйымнан тыс жерде (үйде, көшеде ЖКО салдарынан және т.б.) ана өлімін анықтаған жедел медициналық жәрдем ұйымының, фельдшерлік-акушерлік пункттің/медициналық пункттің медицина қызметкерлері тіркеу фактісі бойынша аумақтық емханаға (амбулаторияға) хабарлайды. Бұл жағдайларда "АӨ есепке алу картасы" нысаны бойынша мәліметтерді аумақтық емхананың медицина қызметкері толтырады.
7. Ана өлімін тіркеу мен есепке алуды бақылау денсаулық сақтау ұйымының бірінші басшысына, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары басшысының босандыру жөніндегі мәселелерге жетекшілік ететін орынбасарына жүктеледі.
8. Денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары оның аумағында басқа өңірлерден келген әйелдердің ана өлімі жағдайын анықтаған кезде тиісті шаралар жүргізу үшін әйелдердің тұрақты тұратын жері бойынша тиісті денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына хабарлайды.
9. Мемлекеттік уәкілетті органның "Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны мемлекеттік уәкілетті органға:
1) күн сайын ағымдағы күні сағат 16:00-ге қарай "АӨ есепке алу картасы" нысаны бойынша жиынтық ақпаратты;
2) есепті айдан кейінгі әрбір айдың сегізінші күніне қарай өңірлер бөлінісінде босандыру ұйымдарының кадрлармен және медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілуі туралы ай сайынғы жиынтық есептерді;
3) есепті айдан кейінгі әрбір айдың сегізінші күніне ана өлімі жағдайлары бойынша ай сайынғы жиынтық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етеді.
10. Уәкілетті органның ведомствосы:
1) заңнамаға сәйкес құқықтық негіздер болған кезде жүкті әйелдердің/босанатын/босанған әйелдердің/жүктілікті үзгеннен кейін әйелдердің бағдары бойынша ана өлімі жағдайлары бойынша уақтылы тексеру жүргізуді;
2) ана өлімін төмендету бойынша шұғыл шаралар қабылдау үшін уәкілетті органға тексерулер нәтижелері бойынша ақпарат беруді қамтамасыз етеді.
3-тарау. Пациенттерге жоспарлы медициналық көмек (медициналық-санитариялық алғашқы көмек және мамандандырылған көмек, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтер) көрсету кезінде олардың кенеттен қайтыс болу жағдайлары туралы ақпарат (шұғыл хабархат) беру тәртібі
11. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының, республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының, ұлттық ғылыми орталықтардың (келісім бойынша) басшылары пациенттерге жоспарлы медициналық көмек медициналық-санитариялық алғашқы көмек және мамандандырылған көмек, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтер көрсету кезінде кенеттен қайтыс болу жағдайлары тіркелген сәттен бастап Уәкілетті орган ведомствосының тиісті департаменттеріне:
1) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес 24 сағат ішінде нысан бойынша хабарламаны;
2) 2 жұмыс күні ішінде Кодекстің 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша қолда бар қосымша зерттеу әдістерімен (зертханалық, аспаптық) электрондық нұсқадағы (PDF) медициналық құжаттардың көшірмелерін:
стационарлық пациенттің медициналық картасын;
амбулаториялық пациенттің медициналық картасын;
3) кенеттен қайтыс болу тіркелген сәттен бастап он төрт жұмыс күні ішінде патологиялық-анатомиялық зерттеу хаттамасын (картасын), блоктар мен шыны препараттарды беруді қамтамасыз етеді.
12. Уәкілетті органның ведомствосы пациенттерге жоспарлы медициналық көмек (медициналық-санитариялық алғашқы және мамандандырылған көмек, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтер) көрсету кезінде кенеттен қайтыс болу жағдайлары бойынша уақтылы тексеру жүргізуді қамтамасыз етеді.
Жүкті, босанатын әйелдердің қайтыс болу жағдайлары, сондай-ақ босанған әйелдер босанғаннан кейін күнтізбелік қырық екі күн ішінде қайтыс болған жағдайда, пациенттерге жоспарлы медициналық көмек (медициналық-санитариялық алғашқы көмек және мамандандырылған көмек, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтер) көрсету кезінде олардың кенеттен қайтыс болу жағдайлары туралы хабархат
(жағдай тіркелген сәттен бастап 24 сағат ішінде ұсынылады)
1. ЖСН
2. Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
3. Туған күні
4. Жынысы ер
; әйел5. Тұрғылықты мекенжайы
6. Байланыс телефоны
7. Отбасы жағдайы
8. Жұмыс/оқу/балалар мекемесінің орны
9. Ұйымның мекенжайы және атауы, бөлімше
10. Емдеуге жатқызу күні (жоспарлы, шұғыл)
11. Қайтыс болған күні
12. Төсек күндері
13. Диагнозы (негізгі, қосарласқан, алдын ала патологиялық-анатомиялық диагноз)
14. Хабарламаны толтырған денсаулық сақтау ұйымының атауы, облыс (МҰ тіркелімінен)
15. Хабарламаны толтырған дәрігердің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) және сәйкестендіргіші
16. Хабарламаны толтырған тиісті денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың тиісті жергілікті органы басшысының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
17. Толтырған күні мен уақыты