ЗҚАИ-ның ескертпесі
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету Қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
А. Аймагамбетов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Цифрлық
даму, инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 17 тамызы № 351 бұйрығымен бекітілген |
"Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және бастауыш білім беруді, негізгі орта білім беруді, жалпы орта білім беруді, техникалық және кәсіптік білім беруді біліктіктер бойынша, орта білімнен кейінгі білім беруді біліктіліктер бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтар топтары бойынша, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді кадрлар даярлау, діни білім беру бағыттары бойынша ұсынатын заңды тұлғалардың білім беру қызметімен айналысуына лицензияны тәртібін белгілейді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы).
2. "Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті (бұдан әрі – Комитет) кадрлар даярлау, діни білім беру бағыттары бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиар болып табылады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі – Департаменттер) бастауыш білім беру, негізгі орта білім беру, жалпы орта білім беру, біліктілік бойынша техникалық және кәсіптік білім беру, мамандықтар топтары бойынша әскери, арнайы оқу орындары, біліктілік бойынша орта білімнен кейінгі білім беру, арнайы оқу орындары үшін білім беру саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарлар болып табылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы өтінішті, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) 8-тармағында көрсетілген құжаттарды жолдайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі мемлекеттік қызметін көрсету стандартында көрсетілген.
Порталда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінішті (сұранысты) қабылдау туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.
5. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, медициналық қызметке лицензия туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда құрылымдық бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды, ол көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" жіберіледі.
6. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда лицензияны және/немесе оған қосымшаны беру, лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу кезінде заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде:
1) Комитетте:
жауапты қызметкер 22 жұмыс күні ішінде құжаттардың білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығымен бекітілген оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11716 болып тіркелген) (бұдан әрі – біліктілік талаптары) сәйкестігін тексереді, оның ішінде көрсетілетін қызметті алушыға бару мүмкіндігімен сараптама қорытындысын қалыптастырады және оны білім беру қызметін лицензиялау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) қарауына ұсынады. Комиссия туралы ереже мен құрамы Комитет төрағасының бұйрығымен бекітіледі.
Комиссия сараптама қорытындысын қарап, екі жұмыс күні ішінде шешім қабылдайды.
Комиссияның шешімі негізінде жауапты қызметкері екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына келісуге және тексеруге жіберілетін электрондық шешімді – лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты қалыптастырады, ол көрсетілетін қызметті берушінің басшысына келісуге және тексеруге жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы шешімді тексереді және бір жұмыс күні ішінде ЭЦҚ пайдалана отырып қол қояды.
2) Департаменттерде:
жауапты қызметкер құжаттарды тіркеген сәттен бастап 22 жұмыс күні ішінде құжаттардың біліктілік талаптарына сәйкестігін, оның ішінде көрсетілетін қызметті алушыға бару мүмкіндігімен тексереді, сараптама қорытындысын қалыптастырады және оны комиссияның қарауына ұсынады. Комиссия туралы ереже мен құрамы Департамент директорының бұйрығымен бекітіледі.
Комиссия сараптама қорытындысын қарап, екі жұмыс күні ішінде шешім қабылдайды.
Комиссияның шешімі негізінде жауапты қызметкері екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына келісуге және тексеруге жіберілетін электрондық шешімді – лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты қалыптастырады, ол көрсетілетін қызметті берушінің басшысына келісуге және тексеруге жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы шешімді тексереді және бір жұмыс күні ішінде ЭЦҚ пайдалана отырып қол қояды.
7. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
8. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша:
1) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгерген;
2) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы өзгерген;
3) заңды тұлға-лицензиат "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес қайта ұйымдастырылған;
4) заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген (лицензияда мекенжайы көрсетілген жағдайда);
5) егер нақты лицензияның иеліктен шығарылатындығы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-қосымшасында көзделген жағдайларда, лицензиат үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығарған;
6) "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгерген;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда қайта ресімделуге жатады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 4) және 6) тармақшаларының күші дара кәсіпкер-лицензиаттың заңды мекенжайының, заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жері мекенжайының, "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе объектілер көрсетіле отырып, лицензияға қосымшалар үшін объектісінің орналасқан жері мекенжайының өзгеруі "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес елді мекендер атауының, көше аттарының өзгеруіне байланысты болған жағдайларға қолданылмайды.
Лицензиаттар мен лицензия объектісі мекенжайларының бұлай өзгеруі мемлекеттік ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеуге өтініш берген жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің қызметкері құжаттарды тіркеген сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде құжаттардың қайта ресімдеу талаптары мен негіздеріне сәйкестігін қарайды.
Тексеру қорытындысы бойынша көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің қызметкері екі жұмыс күні ішінде лицензияны қайта ресімдейді не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды дайындайды, оған көрсетілетін қызметті берушінің басшысы ЭЦҚ пайдалана отырып қол қояды және көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" жіберіледі.
9. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) ағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
Заңның 25-бабының 2-тармағының сәйкес тікелей мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
11. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді
"Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымша |
"Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету стандарты
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық департаменттері |
2. | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) |
3. | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері |
лицензияны және/немесе оған қосымшаны беру – 30 жұмыс күнінен кешіктірмей; |
4. | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған). |
5. | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
лицензия және/немесе лицензияға қосымша, қайта ресімделген лицензия және / немесе оған қосымша не осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде және тегін көрсетіледі. |
7. | Жұмыс кестесі |
1) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); |
8. | Көрсетілетін қызметті алушы порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі |
1) лицензия алу үшін: |
9. | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер: |
10. | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар. |
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. |
"Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша |
|
Нысан |
Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер _______________________________________________________________________ (білім беру ұйымының атауы) (______________ жағдай бойынша)
№ | Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | Туған жылы мен жері | Жоғары және/немесе техникалық және кәсіптік, және/немесе орта білімнен кейінгі білімі, педагогикалық қайта даярлау туралы мәлімет, мамандығы, диплом бойынша біліктілігі, бітірген жылы, өндірістік оқыту шеберлері үшін - соңғы 5 жылда кемінде 1 жыл өндірістік өтілі туралы мәлімет (ұйымның, өндірістің атауы, жұмыс кезеңі) соңғы 3 жылда көлемі кемінде 72 сағат ұйымдарда және/немесе өндірісте тағылымдамадан өтуі | Негізгі жұмыс орны (ұйым ның мекен жайы) | Қосымша жұмыс орны (қоса атқару) | Сотталмағандығы (сотталғандығы) туралы мәлімет* | Санаты, берілген күні, санат берілгені туралы бұйрықтың нөмірі* педагог - сарапшылар, педагог-зерттеушілер, педагог -шеберлер туралы мәлімет. Конкурстар мен жарыстардың жеңімпаздарын дайындаған педагогтер туралы мәліметтер | Медициналық тексеруден өткені туралы мәлімет (санитарлық кітаптың болуы)* | Магистр дәрежесі туралы мәлімет (мамандығы, берілген жылы)* |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
кестенің жалғасы
"Философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі туралы мәлімет, мамандығы, берілген жылы | "Философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор” дәрежесі туралы мәлімет, мамандығы, берілген жылы | "Ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежесі туралы мәлімет, мамандығы,берілген жылы | "Қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атағы туралы мәлімет, мамандығы, берілген жылы | Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттарымен және құрметті атақтары, "Еңбек сiңiрген жаттықтырушы" спорттық атақтары немесе жоғары мен бірінші дәрігерлік санаты туралы мәлімет, берілген жылы | Тану/ нострификациялау туралы куәліктің болуы туралы мәлімет | Оқытатын пәні |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
Білім беру ұйымының басшысы _____________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Ескертпе*: бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін.
"Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету стандартына 2-қосымша |
|
Нысан |
Оқу және ғылыми әдебиеттер қорының болуы туралы мәліметтер __________________________________________________________________ (білім беру ұйымының атауы) (______________ жағдай бойынша)
Р/с № | Оқу пәні, кәсіп бойынша, даярланатын мамандық біліктілігі бойынша, кадрларды даярлау бағыты бойынша оқу пәні, қызмет түрі, тәрбиелеу және оқыту бағдарламасының бөлімі | Пәнді оқитын білім алушылардың саны (болжамды жинақталуы) | Оқу әдебиеті (атауы, басылып шыққан жылы, авторлары) | Оқу-әдістемелік, ғылыми әдебиеттер (атауы, басылып шыққан жылы, авторлары)* | Саны кемінде 1 дана |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Барлығы: |
Білім беру ұйымының басшысы _______________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Ескертпе*: техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін толтырылады
"Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету стандартына 3-қосымша |
|
Нысан |
Медициналық қызмет көрсетудің болуы, соның ішінде медициналық пункттің болуы және медициналық қызметке берілген лицензия туралы мәліметтер ______________________________________________________________ (білім беру ұйымының атауы) (______________ жағдай бойынша)
Білім беру процесі жүргізілетін құрылыстың нақты мекенжайы | Медициналық қызметке берілген лицензия туралы мәлімет (нөмірі) | Ескертпе |
1 | 2 | 3 |
* Лицензияның мәртебесі "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-ны пайдалана отырып тексеріледі.
Білім беру ұйымының басшысы _______________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
"Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету стандартына 4-қосымша |
|
Нысан |
Санитариялық қағидалар мен нормаларға сәйкес тамақтандыру объектісінің болуы туралы мәліметтер _________________________________________________________ (білім беру ұйымының атауы) (_____________ жағдай бойынша)
Білім беру процесі жүргізілетін құрылыстың нақты мекенжайы | Тамақтану объектісінің атауы (асхана, буфет, дәмхана) | Тамақтану объектісінің санитариялық қағидалар мен нормаларға сәйкестігі туралы санитариялық- эпидемиологиялық қорытындының болуы (күні және нөмірі) | Ескертпе (тамақтану объектісін жалға берген жағдайда жалға алушылар туралы мәліметтерді көрсету) |
1 | 2 | 3 | 4 |
Білім беру ұйымының басшысы _______________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
"Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету стандартына 5-қосымша |
|
Нысан |
Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер _____________________________________________________________ (білім беру ұйымының атауы) (______________ жағдай бойынша)
Құрылыстың типі (типтік жоба, ыңғайластырылған, өзге) білім беру процесі жүргізілетін құрылыстың нақты мекенжайы | Материалдық-қаржылық активтердің болуы (меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығына тиесілі), материалдық активтерді жалға алу туралы мәлімет | Үй-жайлардың түрі (кабинеттер, дәріс аудиториялары, практикалық сабақтарға арналған үй-жайлар, зертханалар, нақты біліктілік, мамандықтар бойынша шеберханалар, акт және дене шынықтыру залдары), әлеуметтік-тұрмыстық және өзге де мақсаттағы (өткізу пункттері, санитарлық тораптар, білім беру ұйымдарының үй-жайларында және (немесе) іргелес аумақтарында бейнебақылаудың болуы, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдар үшін жағдайлардың болуы, тұру үшін жағдайлардың болуы). | Жалпы алаңы (м2)* |
1 | 2 | 3 | 4 |
Білім беру ұйымының басшысы ______________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
*Ескертпе*: жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары лицензия алған немесе олардың қайта ұйымдастырылуына байланысты лицензияны қайта ресімдеген кезде оқу үй-жайларының ауданы бойынша біліктілік талаптарына сәйкестігі оқу сабақтарының ауысымын ескере отырып, жоғары оқу орындарының түрлері бойынша білім алушылардың ең аз контингентіне белгіленген нормаларға сүйене отырып айқындалады.
*Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және оның техникалық сипаттамалары туралы ақпарат "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" МДҚ АЖ-дан деректерді алу мүмкіндігі болған жағдайда ұсынылмайды.
"Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету стандартына 6-қосымша |
|
Нысан |
Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз етуі, оның ішінде компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің және техникалық оқу құралдарының болуы туралы мәліметтер
Жалпы және пайдалы алаңының ауданы (м2) көрсетілген ғимараттың (құрылыстың) нақты мекенжайы | Жарақтандырылуы туралы мәлеметтер | |||||||
Атауы мен ауданы көрсетілген аудиториялар, пән кабинеттері* | Оқу-өндірістік шеберханалар, оқу-тәжірибелік учаскелер, оқу шаруашылыктары, оқу полигондары* | Атауы көрсетілген оқу зертханалары* (м2) | Түрі көрсетілген оқу және оқу-зертхана жабдықтарының, техникалық оқу құралдарының тізбесі | Мәжіліс залы, спорт залы (м2) | Компьютерлік сыныптар, компьютерлер, жабдықтар, жиһаз, жеке қолдануға арналған шкафтар, бейнекамералар | Кітапхана | "Клиникаға дейінгі симуляциялық кабинеттер" медициналық бағыты бойынша кадрлар даярлау үшін* | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Білім беру ұйымының басшысы __________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Ескертпе * техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін сұратылып отырған мамандық және/немесе біліктілік бойынша, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін сұратылып отырған бағыт бойынша ақпарат ұсынылады.
* Компьютерлік сыныптардың болуы туралы біліктілік талаптары шағын жинақты мектептерге қолданылмайды.
"Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету стандартына 7-қосымша |
|
Нысан |
Тиісті оқу жылына арналған бір білім алушыға кететін ең төменгі шығындарға сәйкестік туралы мәліметтер * __________________________________________________________ (білім беру ұйымының атауы) (______________ жағдай бойынша)
Атауы | Шығындар сомасы * | |
4 айға | 8 айға | |
1 | 2 | 3 |
Білім беру ұйымының басшысы _________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Ескертпе * магистратура кадрлар даярлау бағыты бойынша лицензия алған кезде ғылыми-педагогикалық магистратура үшін бөлек, бейінді магистратура үшін бөлек шығындардың сомасы жеке көрсетілуі қажет
"Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету стандартына 8-қосымша |
Нысан
Цифрлық тасымалдағыштардағы оқу және ғылыми әдебиеттердің болуы туралы мәліметтер __________________________________________________________ (білім беру ұйымының атауы) (______________ жағдай бойынша)
Р/с № | Кәсіп бойынша, кадрларды даярлау бағыты бойынша, даярланатын мамандық біліктілігі бойынша оқу пәні | Атауы, жасалған жылы | Авторлары |
1 | 2 | 3 | 4 |
Білім беру ұйымының басшысы ______________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдай (қолы)
"Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету стандартына 9-қосымша |
|
Нысан |
Оқытылатын пәннің бейініне сәйкес соңғы бес жылда кадрлардың біліктілік арттырудан және қайта даярлаудан өткені туралы мәліметтер
№ | Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | Тақырыптың атауы | Оқыған орны мен кезеңі | Оқыған ұйымның атауы | Сағаттар саны және жұмыс өтілі | Аяқталу нысаны |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Білім беру ұйымының басшысы ____________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
"Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету стандартына 10-қосымша |
|
Нысан |
Жұмыс өтілі, ғылыми жарияланымдары мен оқулығы немесе оқу құралы көрсетілген тиісті кадрларды даярлау бағыты бойынша ғылыми жетекшілікті жүзеге асыратын ғылыми жетекшілер туралы мәліметтер
Р/с № | Ғылыми жетекшінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Білімі туралы ақпарат ("ғылым кандидаты" және/немесе "ғылым докторы" ғылыми дәрежесінің және/немесе "бейіні бойынша доктор" және/немесе "философия докторы (РhD)" дәрежесінің болуы туралы мәліметтер, резидентураны бітіргені туралы мәліметтер) | Жұмыс өтілі (ғылыми-педагогикалық, клиникалық) | Жарияланымдар тізбесі | Оқулықтың не оқу құралының атауы | ||
отандық мерзімді басылымдарда | шетелдік мерзімді басылымдарда | халықаралық конференция еңбектерінде | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Білім беру ұйымының басшысы ______________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
"Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету стандартына 11-қосымша |
|
Нысан |
Мамандандырылған ғылыми-техникалық, ғылыми-әдістемелік, клиникалық, эксперименталдық базалардың болуы туралы мәліметтер*
Ғылыми-зерттеу институтының, клиникалық базасының, ғылыми зертханасының, техникалық паркінің, бизнес-инкубаторының болуы (қажеттісін таңдау) | Орналасқан мекенжайы | Меншік құқығында немесе шарт негізінде | Ескертпе (базаның қызметі туралы қысқаша ақпарат) |
1 | 2 | 3 | 4 |
Білім беру ұйымының басшысы _______________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Ескертпе* ақпарат сұратылып отырған кадрларды даярлау бағытының бөлінісінде беріледі.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 17 тамызы № 351 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 204 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11120 болып тіркелген, "Әділет" нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 16 шілдеде жарияланған);
2. "Білім беру қызметіне лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 204 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 25 наурыздағы № 218 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13667 болып тіркелген, "Әділет" нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 06 мамырда жарияланған);
3. "Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 204 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 25 қаңтардағы № 36 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18245 болып тіркелген, ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 04 мамырда жарияланған);
4. "Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 2 маусымдағы № 357 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11563 болып тіркелген, "Әділет" нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 17 шілдеде жарияланды);
5. "Білім беру қызметіне лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 2 маусымдағы № 357 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 2 маусымдағы № 357 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13674 болып тіркелген, "Әділет" нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 06 мамырда жарияланған);
6. "Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 212 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11260 болып тіркелген, "Әділет" нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 23 маусымда жарияланған);
7. "Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 тамыздағы № 528 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12066 болып тіркелген, "Әділет" нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 22 қазанда жарияланған)