"Балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 8 шілдедегі № 304 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 30 шiлдедегi № 177 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 7 тамызда № 21071 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 8 шілдедегі № 304 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14117 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 23 тамызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі
М. Мирзагалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Экология, геология
және табиғи
ресурстар министрінің
2020 жылғы 30 шілдедегі
№ 177 Қосымша
  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2016 жылғы 8 шілдедегі № 304
бұйрығымен бекiтiлген

      ________________________________________________________

      (уәкілетті органның ведомствосы)

      _________________________________________________________________

      (уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің атауы)

      Балықтың қайдан ауланғаны туралы №______анықтама

      ____________________________________________________________________

      тегі, жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы)

      ____________________________________________________________________

      берілді (басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

Табиғи мекендеу ортасынан ауланған/жасанды жағдайларда өсірілген балықтар/басқа да су жануарлары үшін/мелиоративтік аулау шеңберінде (қажеттісін көрсету керек)

Аулану орнының (су айдынының, учаскенің) атауы

Балықтардың және (немесе) басқа су жануарларының түрлері

20_ жылғы 1 шілдесінен 20_ жылғы 1 шілдесіне дейін белгіленген квота/лимит (тонна) (табиғи ортадағы балықтар және (немесе) басқа су жануарлары үшін)

Жасанды өсірумен айналыса тын ұйымның жобалық қуаты (тонна)

Мелиоративтік ауланым шеңберінде (тонна)

20__ жылғы "__" ______ жағдай бойынша өтініш жасалған күнге мәлімделген ауланатын көлем (тонна)

20__ жылғы "__" ______ жағдай бойынша қалған қалдық (тонна)

1

2

3

4

5

6

7

8

      Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі балықтардың/басқа су жануарларының табиғи ортадан ауланғанын/жасанды жағдайларда өсірілгенін растайды/мелиортивтік аулау шеңберінде (қажеттісін көрсету керек):

Балықтардың және (немесе) басқа су жануарларының түрі

Балықтардың және (немесе) басқа су жануарларының расталатын көлемі (тонна)

1

2

3

Жиыны:


      *Ескертпе: Балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама берілген күнінен бастап бір жыл бойы қолданылады (ащы-тұзды су айдындарын қоспағанда).

      Берілген күні 20 ___ жылғы "____"_______________

      ________________________________________________________________________________

      (уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі басшысының, тегі, аты,

      әкесінің аты (бар болса), қолы)