"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырылған жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Адами ресурстарды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігінің жауапты хатшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. |
Б. Мусин |
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 29 шілдедегі № 278/НҚ бұйрығымен бекітілген |
Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі
№ | Дербес деректердің атауы |
1 | Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) |
2 | Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) |
3 | Тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда) өзгерту туралы мәліметтер |
4 | Туу туралы мәліметтер: туған күні, айы, жылы; туған жері |
5 | Ұлты |
6 | Жынысы |
7 |
Жеке куәлік құжатының деректері: |
8 |
Азаматтығы туралы деректер: азаматтығы (бұрынғы азаматтығы); |
9 | Тұрғылықты мекенжайы |
10 | Байланыс телефондары (жұмыс, үй, ұялы) |
11 | Электрондық пошта мекенжайы |
12 | Портреттік бейнесі (цифрланған суреті) |
13 | Қолтаңбасы (оның ішінде электрондық-цифрлық (болған жағдайда) |
14 |
Білімі, біліктілігі және арнайы атақтарының немесе арнайы даярлығының бар-жоғы туралы мәлімет: |
15 | Арнайы тексеру нәтижелері |
16 | Соттылығының болуы (болмауы) |
17 | Мемлекеттiк қызметшiнiң ант берген күнi |
18 | Жеке табыс салығы мен мүлік бойынша декларация тапсырылғаны туралы мәліметтер |
19 |
Еңбек кітапшасы туралы мәліметтер: |
20 |
Еңбек қызметі туралы мәліметтер (ағымдағы уақытқа дейінгі еңбек қызметі туралы деректер) |
21 |
Мемлекеттік және ведомстволық наградалар, грамоталар, алғыс хаттар туралы мәлімет; |
22 |
Біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы мәліметтер: |
23 | Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер қызметінің бағалары туралы мәліметтер |
24 |
Әскери міндетті адамдарды және әскери қызметке шақыруға жататын адамдарды әскери есепке алу туралы мәліметтер: |
25 |
Отбасы жағдайы туралы мәлімет: |
26 |
Әлеуметтік жеңілдіктер және әлеуметтік мәртебе туралы мәліметтер: жеңілдіктер мен мәртебені ұсыну үшін негіз болып табылатын құжатты берген органның атауы; |
27 |
Мүгедектігі туралы деректер: |
28 | Медициналық қорытындылардың нәтижелері туралы мәлімет |
29 | Тәртіптік/әкімшілік жазалар туралы мәліметтер (оның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін) туралы, мемлекеттiк лауазымдар атқаруға тыйым салу туралы мәліметтер |