Жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 29 шiлдедегi № 278/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 шiлдеде № 21041 болып тіркелді.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.08.2021 № ҚР ДСМ – 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 88-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілуге, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар азаматтардың жекелеген санаттарын, амбулаториялық деңгейде тегін және (немесе) жеңілдікпен берілетін дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 666 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15724 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 9 қазанда жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі дәрілік заттар, тыныс алу ағзаларының аурулары бөлімінде:

      реттік нөмірі 7-1 мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "

7-1

U07.1

COVID 19 коронавирустық инфекциясы

Ересектерге арналған

Қауіп факторларынысыз жеңіл түрі (ЖРВИ клиникасы)

Парацетамол, таблетка

N02BE01

Ибупрофен, таблетка

M01AE01

Пневмония, пациентте қауіп факторлары бар ықтимал жағдайы

Парацетамол, таблетка

N02BE01

Ибупрофен, таблетка

M01AE01

Ривароксабан, таблетка

B01AF01

Апиксабан, таблетка

B01AF02

Дабигатран, капсула

B01AE07

  ".

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және стандарттау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі А. Цой