"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналардың:
1) "Борышкердің қаржылық жағдайы туралы уақытша басқарушы қорытындысының үлгі нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 12 мамырдағы № 218 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9519 болып тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 142 (2536) санында жарияланған);
2) "Оңалту жоспарының тиімділігі (тиімсіз) туралы уақытша әкімші мен банкроттықты басқарушы қорытындысының үлгі нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 639 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12603 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 26 қаңтарда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі | Е. Жамаубаев |