Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункті арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтауы туралы есептілігінің тізбесін, нысандарын және табыс ету мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 20 шiлдедегi № 91 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 24 шiлдеде № 21015 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Ескерту. 01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі – осы қаулының 5-тармағымен.

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы, "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы, "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" 2018 жылғы 2 шiлдедегi Қазақстан Республикасының заңдарына және "Кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шараларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 16 тамыздағы № 602 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункті арқылы жүзеге асыратын заңды тұлға ұсынатын Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтауы туралы есептілігінің тізбесі;

      2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғалардың ақшасымен және (немесе) өзге мүлкімен операциялар жүргізуден бас тарту туралы есептің нысаны;

      3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жеке тұлғалардың ақшасымен және (немесе) өзге мүлкімен операциялар жасау туралы есептің нысаны;

      4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункті арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаның үлестес тұлғалары және олардың ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялары туралы есептің нысаны;

      5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункті арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаның шетелдік банктерде ашылған банктік шоттары бойынша ақша аударымдары туралы есептің нысаны;

      6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункті арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтауы туралы есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.

      2. Қолма-қол ақша айналысы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Ақпарат және коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.

      5. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігінің

      Статистика комитеті

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2020 жылғы 20 шілдесі
№ 91 қаулысына
1-қосымша

Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтауы туралы есептілік тізбесі

      Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункті арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаның есептеріне мыналар кіреді:

      1) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғалардың ақшасымен және (немесе) өзге мүлкімен операциялар жүргізуден бас тарту туралы есеп;

      2) жеке тұлғалардың ақшасымен және (немесе) өзге мүлкімен операциялар жасау туралы есеп;

      3) қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункті арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаның үлестес тұлғалары және олардың ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялары туралы есеп;

      4) қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункті арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаның шетелдік банктерде ашылған банктік шоттары бойынша ақша аударымдары туралы есеп.

  қаулысына
2-қосымша
  Нысан

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына

      Әкімшілік деректердің нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған

Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғалардың ақшасымен және (немесе) өзге мүлкімен операциялар жүргізуден бас тарту туралы есеп

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: AML-R1

      Кезеңділігі: жартыжылдық

      Есепті кезең: 20__ жылғы "______" ____________ жағдай бойынша

      Ұсынатын тұлғалар тобы: қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункті арқылы жүзеге асыратын заңды тұлға (бұдан әрі – уәкілетті ұйым)

      Ұсыну мерзімі: жарты жылда 1 (бір) рет есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 20 (жиырмасыншы) күнінен кешіктірмей

  Нысан

      __________________________________________________

      (уәкілетті ұйымның толық атауы)

Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

Туған күні

Сәйкестендіру нөмірі

Жеке басты куәландыратын құжаттың деректері

атауы

берілген күні

нөмірі

1

2

3

4

5

6

7

1













      кестенің жалғасы:

Азаматтығы

Теңгемен операцияның әлеуетті көлемі

Шетел валютасымен операцияның әлеуетті көлемі (егер өзгеше көрсетілмесе)

Операция коды

Валюта түрі

Бас тарту күні

8

9

10

11

12

13







      Атауы ________________________________________________________________

      Мекенжайы ___________________________________________________________

      Телефоны _____________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы __________________________________________

      Орындаушы ________________________________________ ___________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)            телефоны

      Бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға

      ___________________________________________________ _________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы,      телефоны

      Бірінші басшы немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген тұлға

      ___________________________________________________ _________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы,      телефоны

      Күні 20__ жылғы "____" ______________

  Терроризмді және экстремизмді
қаржыландырумен байланысты
тұлғалар тізбесіне енгізілген
жеке тұлғалардың ақшасымен
және (немесе) өзге мүлкімен
операциялар жүргізуден бас
тарту туралы есеп нысанына
қосымша

Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме

      Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғалардың ақшасымен және (немесе) өзге мүлкімен операциялар жүргізуден бас тарту туралы есеп

      (индекс - AML-R1, кезеңділігі – жартыжылдық)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) "Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғалардың ақшасымен және (немесе) өзге мүлкімен операциялар жүргізуден бас тарту туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 18-1) және 24-2) тармақшаларына, 15-бабының екінші бөлігінің 69) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанды уәкілетті ұйым жарты жылда 1 (бір) рет жасайды. Нысандағы деректер, егер өзгеше көрсетілмесе, теңгемен толтырылады.

      4. Нысанға бірінші басшы, бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлғалар қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      5. Нысан бойынша:

      1) 4-бағанда Қазақстан Республикасының азаматтары үшін міндетті тәртіпте жеке сәйкестендіру нөмірі және шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар үшін – бар болған кезде көрсетіледі;

      2) 5-бағанда "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы заң) 6-бабы 3-тармағының ерекшеліктері ескеріле отырып, Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы заңның 6-бабының 1-тармағында немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 қаулысымен бекітілген Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларына және күдікті операцияны айқындау белгілеріне (бұдан әрі – Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидалары және күдікті операцияны айқындау белгілері) 4-қосымшамен бекітілген Жеке басты куәландыратын құжаттардың түрлері кодтарының анықтамалығында көзделген жеке басты куәландыратын құжаттардың біреуінің атауы көрсетіледі;

      3) 6 және 7-бағандарда Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы заңның 7-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес жеке басты куәландыратын құжаттың деректері (жеке басты куәландыратын құжаттың берілген күні мен нөмірі) көрсетіледі;

      4) Қазақстан Республикасының азаматтары үшін 5, 6 және 7-бағандар толтырылмайды;

      5) 8-бағанда "Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелері бірліктерін белгілеуге арналған кодтар. 1-бөлім. Елдердің кодтары" ҚР ҰЖ 06 ISO 3166-1-2016 Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеушісіне сәйкес жеке басты куәландыратын құжатқа сай азаматтығы елінің екі әріпті коды көрсетіледі;

      6) 10-бағанда сома шетел валютасындағы бірліктермен көрсетіледі (бағалы металдармен операциялар үшін көлемі граммен көрсетіледі);

      7) 11-бағанда Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларына 5-қосымшамен бекітілген Қаржы мониторингіне жататын операциялардың түрлері кодтарының анықтамалығына сәйкес операцияның мынадай төрт мәнді коды көрсетіледі:

      0211 – клиенттің айырбастау пункттері арқылы қолма-қол шетел валютасын сатып алуы;

      0221 – клиенттің айырбастау пункттері арқылы қолма-қол шетел валютасын сатуы;

      1711 – клиенттің бағалы металдарды сатып алуы;

      1721 – клиенттің бағалы металдарды сатуы;

      8) 12-бағанда валюталардың кодтары "Валюталар мен қорларды көрсетуге арналған кодтар" ҚР ҰЖ 07 ISO 4217-2012 Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеушісіне сәйкес көрсетіледі.

      9) 13-бағанда бас тарту күні "КК.АА.ЖЖЖЖ." форматында көрсетіледі.

      6. Мәліметтер болмаған жағдайда Нысан нөлдік мәндермен беріледі.

  қаулысына
3-қосымша
  Нысан

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына

      Әкімшілік деректердің нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

Жеке тұлғалардың ақшасымен және (немесе) өзге мүлкімен операциялар жасауы туралы есеп

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: AML-R2

      Кезеңділігі: жартыжылдық

      Есепті кезең: 20__ жылғы _ "_____"____________ жағдай бойынша

      Ұсынатын тұлғалар тобы: қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункті арқылы жүзеге асыратын заңды тұлға (бұдан әрі – уәкілетті ұйым)

      Ұсыну мерзімі: жарты жылда 1 (бір) рет есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 20 (жиырмасыншы) күнінен кешіктірмей

  Нысан

      __________________________________________________

      (уәкілетті ұйымның толық атауы)

Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

Туған күні

Сәйкестендіру нөмірі

Жеке басты куәландыратын құжаттың деректері

атауы

берілген күні

нөмірі

1

2

3

4

5

6

7

1













      кестенің жалғасы:

Азаматтығы

Теңгемен операциякөлемі

Шетел валютасымен операция көлемі (егер өзгеше көрсетілмесе)

Операция коды

Валюта түрі

Елдер тізбесі

Операция жасалған күн

8

9

10

11

12

13

14














      Атауы ______________________________________________________________

      Мекенжайы _________________________________________________________

      Телефоны ___________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы________________________________________

      Орындаушы_______________________________________ ________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)            телефоны

      Бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға

      _________________________________________________ ________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы,            телефоны

      Бірінші басшы немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген тұлға

      _________________________________________________ _______________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы,            телефоны

      Күні 2020 жылғы "____" ______________

  Жеке тұлғалардың ақшасымен
және (немесе) өзге мүлкімен
операциялар жасау туралы есеп
нысанына
қосымша

Жеке тұлғалардың ақшасымен және (немесе) өзге мүлкімен операциялар жасау туралы есеп

      Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме

      (индексі – AML-R2, кезеңділігі – жартыжылдық)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) "Жеке тұлғалардың ақшасымен және (немесе) өзге мүлкімен операциялар жасау туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 18-1) және 24-2) тармақшаларына, 15-бабының екінші бөлігінің 69) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанды уәкілетті ұйым жарты жылда 1 (бір) рет жасайды. Нысандағы деректер, егер өзгеше көрсетілмесе, теңгемен толтырылады.

      4. Нысанға бірінші басшы, бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлғалар қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      5. Нысанда айырбастау пунктері арқылы жүргізілген қолма-қол шетел валютасы немесе бағалы металдарды сатып алу және (немесе) сату бойынша операциялар көрсетіледі:

      1) Қазақстан Республикасы азаматтарының 2 000 000 (екі миллион) теңгеден асатын сомаға;

      2) шетелдіктердің немесе азаматтағы жоқ адамдардың – шекті соманы белгілеусіз.

      Нысанда осы қаулыға 4-қосымшада көрсетілген уәкілетті ұйымның үлестес тұлғаларымен операциялар көрсетілмейді.

      6. Нысандар бойынша:

      1) 4-бағанда Қазақстан Республикасының азаматтары үшін жеке сәйкестендіру нөмірі және шетелдіктер немесе азаматтағы жоқ адамдар үшін – бар болған кезде көрсетіледі;

      2) 5-бағанда "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы заң) 6-бабы 3-тармағының ерекшеліктері ескеріле отырып, Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы заңның 6-бабының 1-тармағында немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 қаулысымен бекітілген Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларына және күдікті операцияны айқындау белгілеріне (бұдан әрі – Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидалары және күдікті операцияны айқындау белгілері) 4-қосымшада бекітілген Жеке басты куәландыратын құжаттардың түрлері кодтарының анықтамалығында көзделген жеке басты куәландыратын құжаттардың бірінің атауы көрсетіледі;

      3) 6 және 7-бағандарда Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы заңның 7-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес жеке басты куәландыратын құжаттың деректері (жеке басты куәландыратын құжаттың берілген күні мен нөмірі) көрсетіледі;

      4) Қазақстан Республикасының азаматтары үшін 5, 6 және 7-бағандар толтырылмайды;

      5) 8-бағанда "Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелері бірліктерін белгілеуге арналған кодтар. 1-бөлім. Елдердің кодтары" ҚР ҰЖ 06 ISO 3166-1-2016 Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеушісіне сәйкес жеке басты куәландыратын құжатқа сай азаматтығы елінің екі әріпті коды көрсетіледі;

      6) 10-бағанда шетел валютасындағы сома көрсетіледі (бағалы металдармен операциялар үшін көлемі граммен көрсетіледі);

      7) 11-бағанда Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларына 5-қосымшамен бекітілген Қаржы мониторингіне жататын операциялардың түрлері кодтарының анықтамалығына сәйкес мынадай төрт мәнді операция коды көрсетіледі:

      0211 – клиенттің айырбастау пункттері арқылы қолма-қол шетел валютасын сатып алуы;

      0221 – клиенттің айырбастау пункттері арқылы қолма-қол шетел валютасын сатуы;

      1711 – клиенттің бағалы металдарды сатып алуы;

      1721 – клиенттің бағалы металдарды сатуы;

      8) 12-бағанда валюталардың кодтары "Валюталар мен қорларды көрсетуге арналған кодтар" ҚР ҰЖ 07 ISO 4217-2012 Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеушісіне сәйкес көрсетіледі;

      9) 13-бағанда жеке тұлғаның азаматтығы елінің қандай да бір Мемлекеттердің (аумақтардың) тізбесіне қатыстығы коды көрсетіледі:

      "1" – жеке тұлғаның азаматтығы елі Ақшаны жылыстатумен күрестің қаржы шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті орындамайтын мемлекеттер (аумақтар) тізбесіне енгізілген;

      "2" – жеке тұлғаның азаматтығы елі "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының мақсаттары үшін оффшорлық аймақтар тізбесіне енгізілген;

      "3" – жеке тұлғаның азаматтығы елі Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің қарарымен қабылданған халықаралық санкция (эмбарго) қолданылған шетелдік мемлекет (аумақ) болып табылады;

      "4" – жеке тұлғаның азаматтығы елі жоғарыда көрсетілген тізбеге енгізілмеген;

      Егер жеке тұлғаның азаматтығы елі екі және одан көп тізбеге енгізілсе, онда ел енгізілген барлық тізбелерге қатыстығы кодтары көрсетіледі. Мысалы, егер елдің қатыстығы коды "1" және "2" болса, онда "1, 2" көрсетіледі.

      Азаматтағы жоқ адамдар үшін жоғарыда көрсетілген белгілерді көрсету талап етілмейді;

      10) 14 бағанда операцияны жасау күні "КК.АА.ЖЖЖЖ." форматында көрсетіледі.

      7. Мәліметтер болмаған жағдайда, Нысан нөлдік мәндермен ұсынылады.

  қаулысына
4-қосымша
  Нысан

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына

      Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет ресурсында орналастырылған.

Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункті арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаның үлестес тұлғалары және олардың ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялары туралы есеп

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: AML-R3

      Кезеңділігі: жартыжылдық

      Есепті кезең: 20__ жылғы ___ "_____"____________ жағдай бойынша

      Ұсынатын тұлғалар тобы: қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункті арқылы жүзеге асыратын заңды тұлға

      Ұсыну мерзімі: жарты жылда 1 (бір) рет есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 20 (жиырмасыншы) күнінен кешіктірмей

  Нысан

      __________________________________________________

      (уәкілетті ұйымның толық атауы)

      1-кесте. Уәкілетті ұйымның үлестес тұлғалары болып табылатын жеке тұлғалармен есепті жартыжылдық ішінде жасалған мәмілелер (операциялар)

Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса

Туған күні

Сәйкестендіру нөмірі

Жеке басты куәландыратын құжаттың деректері

атауы

берілген күні

нөмірі

1

2

3

4

5

6

7

1













      кестенің жалғасы:

Азаматтығы

Теңгемен операцияның көлемі

Шетел валютасымен операцияның көлемі (егер өзгеше көрсетілмесе)

Операция коды

Валюта түрі

Операция жасалған күн

8

9

10

11

12

13






      кестенің жалғасы:

Үлестес тұлғамен операция жасалған күнгі барлық операциялар бойынша орташа алынған бағам

Үлестес тұлға операция жасаған күнгі барлық операциялар бойынша ең жоғары бағам

Үлестес тұлға операция жасаған күнгі барлық операциялар бойынша ең төменгі бағам

Үлестес тұлғаға арналған бағам

14

15

16

17




      кестенің жалғасы:

"Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" 1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабына сәйкес тұлға үлестес тұлғаға жатқызылған белгі

18


2-кесте. Уәкілетті ұйымның үлестес тұлғаларының тізілімі

Заңды тұлғаның бизнес сәйкестендіру нөмірі

Заңды тұлғаның атауы

Тіркелген елі

"Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" 1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабына сәйкес тұлға үлестес тұлғаға жатқызылған белгі

1

2

3

4

5

1









      Атауы __________________________________________________________________

      Мекенжайы _____________________________________________________________

      Телефоны _______________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ____________________________________________

      Орындаушы________________________________________ ________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)            телефоны

      Бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға

      ___________________________________________________ ________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы,      телефоны

      Бірінші басшы немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген тұлға

      ___________________________________________________ ________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы,            телефоны

      Күні 20__ жылғы "____" ______________

  Қызметін
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің қолма-қол
шетел валютасымен айырбастау
операцияларына арналған
лицензиясы негізінде тек қана
айырбастау пункті арқылы
жүзеге асыратын заңды
тұлғаның үлестес тұлғалары
және олардың ақшамен және
(немесе) өзге мүлікпен
операциялары туралы есеп
нысанына
қосымша

Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункті арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаның үлестес тұлғалары және олардың ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялары туралы есеп (индексі – AML-R3, кезеңділігі – жартыжылдық)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) "Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункті арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаның үлестес тұлғалары және олардың ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялары туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 18-1) және 24-2) тармақшаларына, 15-бабы екінші бөлігінің 69) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанды уәкілетті ұйым жарты жылда 1 (бір) рет жасайды. Нысандағы деректер, егер өзгеше көрсетілмесе, теңгемен толтырылады.

      4. Нысанға бірінші басшы, бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлғалар қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      5. 1-кесте бойынша:

      1) 4-бағанда Қазақстан Республикасының азаматтары үшін міндетті түрде және шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар үшін – бар болған кезде көрсетіледі;

      2) 5-бағанда "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы заң) 6-бабы 3-тармағының ерекшеліктері ескеріле отырып, Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы заңның 6-бабының 1-тармағында немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 қаулысымен бекітілген Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларына және күдікті операцияны айқындау белгілеріне (бұдан әрі – Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидалары және күдікті операцияны айқындау белгілері) 4-қосымшада бекітілген Жеке басты куәландыратын құжаттардың түрлері кодтарының анықтамалығында көзделген жеке басты куәландыратын құжаттардың бірінің атауы көрсетіледі;

      3) 6 және 7-бағандарда Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы заңның 7-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес жеке басты куәландыратын құжаттың деректері көрсетіледі;

      4) Қазақстан Республикасының азаматтары үшін 5, 6 және 7-бағандар толтырылмайды;

      5) 8-бағанда "Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелері бірліктерін белгілеуге арналған кодтар. 1-бөлім. Елдердің кодтары" ҚР ҰЖ 06 ISO 3166-1-2016 Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеушісіне сәйкес жеке басты куәландыратын құжатқа сай азаматтығы елінің екі әріпті коды көрсетіледі;

      6) 9-бағанда ұлттық валютадағы сома көрсетіледі;

      7) 10-бағанда шетел валютасының бірліктеріндегі сома көрсетіледі (бағалы металмен операциялар үшін көлемі граммен көрсетіледі);

      8) 11-бағанда Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларына 5-қосымшада бекітілген Қаржы мониторингіне жататын операциялардың түрлері кодтарының анықтамалығына сәйкес операцияның мынадай төрт таңбалы коды көрсетіледі:

      0211 – клиенттің айырбастау пункттері арқылы қолма-қол шетел валютасын сатып алуы;

      0221 – клиенттің айырбастау пункттері арқылы қолма-қол шетел валютасын сатуы;

      1711 – клиенттің бағалы металдарды сатып алуы;

      1721 – клиенттің бағалы металдарды сатуы;

      9) 12-бағанда валюталардың әріптік кодтары "Валюталарды және қорларды белгілеуге арналған кодтар" ҚР ҰЖ 07 ISO 4217-2012 Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеушісіне сәйкес көрсетіледі;

      10) 13-бағанда операция жасалған күн "ЖЖЖЖ.КК.АА." форматында көрсетіледі;

      11) 14, 15, 16 және 17-бағандарда үлестес тұлғамен мәміле жасалған күні жасалған барлық операциялар бойынша сатып алудың және (немесе) сатудың орташа алынған, ең жоғары, ең төменгі бағамдары (бағасы) және тиісінше 11-бағанда көрсетілген операция түріне қарай үлестес тұлға үшін бағам (баға) көрсетіледі;

      12) 18-бағанда "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" 1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – ЖШжҚЖС туралы заң) 12-1-бабының 2-тармағына сәйкес тұлға үлестес тұлға ретінде жіктелетін белгі көрсетіледі:

      "1" – құрылтайшылар, қатысушылар (жеке тұлғалар);

      "2" – ЖШжҚЖС туралы заңның 12-1-бабы 2-тармағының 1), 3) және 9) тармақшаларында көрсетілген жеке тұлғалардың жақын туыстары, зайыбы (жұбайы), зайыбының (жұбайының) жақын туыстары;

      "3" – серіктестіктің немесе ЖШжҚЖС туралы заңның 12-1-бабы 2-тармағының 1), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10) және 11) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалардың лауазымды тұлғалары;

      "4" – серіктестік қабылдайтын шешімдерді анықтауға құқылы, шартқа сәйкес серіктестікпен байланысты болатын жеке тұлға;

      "5" – дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен бірлесіп, ЖШжҚЖС туралы заңның 12-1-бабы 2-тармағының 1), 4), 5), 6), 7), 8), 9) және 11) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалардың дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызын (жарғылық капиталындағы қатысу үлесін) иеленетін, пайдаланатын, оларға билік ететін жеке тұлға;

      "6" – ЖШжҚЖС туралы заңның 12-1-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес серіктестіктің үлестес тұлғасы болып табылатын өзге де жеке тұлға;

      6. 2-кесте бойынша:

      1) 2-бағанда бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі (шетелдік ұйымдарға қатысты, егер мәлімет болса, баған толтырылады);

      2) 4-бағанда "Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің бірліктерін ұсынуға арналған кодтар. 1 бөлім. Елдердің кодтары" ҚР ҰЖ 06 ISO 3166-1-2016 Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеушісіне сәйкес заңды тұлға тіркелген елдің екі әріптік коды көрсетіледі.

      3) 5-бағанда ЖШжҚЖС туралы заңның 12-1-бабының 2-тармағына сәйкес тұлға үлестес тұлға ретінде жіктелетін белгі көрсетіледі:

      "1" – құрылтайшылар, қатысушылар (заңды тұлғалар);

      "2" – ЖШжҚЖС туралы заңның 12-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тұлғаның не серіктестіктің лауазымды тұлғасының бақылауында болатын заңды тұлға;

      "3" – ЖШжҚЖС туралы заңның 12-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген не серіктестіктің лауазымды тұлғасы болып табылатын тұлға оған қатысты ірі акционер болып табылатын не мүліктегі тиісті үлеске құқығы бар заңды тұлға;

      "4" – серіктестікпен бірге үшінші бір тұлғаның бақылауында болатын заңды тұлға";

      "5" – серіктестік қабылдайтын шешімдерді анықтауға құқылы, шартқа сәйкес серіктестікпен байланысты болатын заңды тұлға;

      "6" – дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен бірлесіп, ЖШжҚЖС туралы заңның 12-1-бабы 2-тармағының 1), 4), 5), 6), 7), 8), 9) және 11) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалардың дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызын (жарғылық капиталындағы қатысу үлесін) иеленетін, пайдаланатын, оларға билік ететін заңды тұлға;

      "7" – ЖШжҚЖС туралы заңның 12-1-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес серіктестіктің үлестес тұлғасы болып табылатын өзге де заңды тұлға;

      7. Мәліметтер болмаған жағдайда Нысан нөлдік мәндермен ұсынылады.

  қаулысына
5-қосымша
  Нысан

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына

      Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz. интернет-ресурсында орналастырылған.

Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункті арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаның шетелдік банктерде ашылған банктік шоттары бойынша ақша аударымдары туралы есеп

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: AML-R4

      Кезеңділігі: жарты жыл сайын

      Есепті кезең: 20 ___ жылғы "_____"____________ жағдай бойынша

      Ұсынатын тұлғалар тобы: қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункті арқылы жүзеге асыратын заңды тұлға (бұдан әрі – уәкілетті ұйым)

      Ұсыну мерзімі: жарты жылда 1 (бір) рет есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 20 (жиырмасыншы) күнінен кешіктірмей

  Нысан

      __________________________________________________

      (уәкілетті ұйымның толық атауы)

Шот ашылған бейрезидент банк

Аударым деректемелері


Атауы

Ел

Елдер тізімі

Сәйкестендіру коды (БСК)

Есептік нөмір

Күні

Сомасы, валюта бірлігі

Валюта коды

Аударым белгісі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1



















      кестенің жалғасы:

Корреспондент банк

Атауы

Ел

Елдер тізімі

Сәйкестендіру коды (БСК)

11

12

13

14




      Атауы _________________________________________________________________

      Мекенжайы ____________________________________________________________

      Телефоны ______________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________________

      Орындаушы________________________________________      ________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)                  телефоны

      Бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға

      __________________________________________________      ________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы,                  телефоны

      Бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға

      __________________________________________________      ________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы,                  телефоны

      Күні 20__ жылғы "____" ______________

  Қызметін
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің қолма-қол
шетел валютасымен айырбастау
операцияларына арналған
лицензиясы негізінде тек қана
айырбастау пункті арқылы
жүзеге асыратын заңды
тұлғаның шетелдік банктерде
ашылған банктік шоттары
бойынша ақша аударымдары
туралы есеп нысанына
қосымша

Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме

      Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункті арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаның шетелдік банктерде ашылған банктік шоттары бойынша ақша аударымдары туралы есеп

      (индекс – AML-R4, кезеңділігі – жартыжылдық)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме "Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункті арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаның шетелдік банктерде ашылған банктік шоттары бойынша ақша аударымдары туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 18-1) және 24-2) тармақшалары мен 15-бабы екінші бөлігінің 69) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанды жарты жылда 1 (бір) рет уәкілетті ұйым толтырады. Егер өзгесі көрсетілмеген болса, Нысандағы деректер теңгемен көрсетіледі (сандық немесе сапалық мәліметтер толтырылады).

      4. Нысанға бірінші басшы, бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлғалар қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      5. Мына нысан бойынша:

      1) 3 және 12-бағандарда "Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелері бірліктерін белгілеуге арналған кодтар. 1-бөлім. Елдер кодтары" ҚР ҰЖ 06 ISO 3166-1-2016 Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеушісіне сәйкес банк тіркелген елдің екі әріптік коды көрсетіледі;

      2) 4 және 13-бағандарда банк елінің осы немесе басқа Тізбелеріне тиесілі коды (аумақтары) көрсетіледі:

      "1" - банктің елі Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шаралар тобының (ФАТФ) ұсынымдарына сәйкес келмейтін және (немесе) тиісінше орындамайтын мемлекеттердің (аумақтардың) тізбесіне енгізілген;

      "2" - "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының мақсаттары үшін оффшорлық аймақтардың тізбесіне енгізілген банк;

      "3" - банк елі Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің резолюциясымен қабылданған оған қатысты халықаралық санкция (эмбарго) қолданған мемлекет (аумақ) болып табылады;

      "4" - банктің елі жоғарыда аталған тізбелерге енгізілмеген.

      Егер банктің елі екі немесе одан да көп тізбеге енгізілсе, онда ел енгізілген барлық тізбелердің тиістілік коды көрсетіледі. Мысалы, егер елдің тиістілік коды "1" және "2" болса, онда "1,2" көрсетіледі.

      3) 5 және 14-бағандарда 8 таңбадан тұратын ISO 9362: BIC (Bank Identifier Codes) халықаралық стандартына сәйкес банктік сәйкестендіру коды көрсетіледі;

      4) 6-бағанда "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі берген есептік нөмірі көрсетіледі;

      5) 7-бағанда "КК.АА.ЖЖЖЖ" форматында аударымның күні көрсетіледі;

      6) 8-бағанда шетел валютасының бірлігінде сома көрсетіледі;

      7) 9-бағанда валюталардың әріптік кодтары "Валюталарды және қорларды белгілеуге арналған кодтары" ҚР ҰЖ 07 ИСО 4217-2012 Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеушісіне сәйкес көрсетіледі;

      8) 10-бағанда операциялардың мынадай белгілері көрсетіледі: "1" - шетелдік банкте ашылған банктік шоттан жіберілген аударымдар үшін", "2" - шетелдік банкте ашылған банктік шотқа түскен аударымдар үшін. Шетелдік банктегі (шетелдік банктердегі) банктік шоттар арасында аударым жасау кезінде мұндай аударымдар есепте әр шот үшін бөлек екі рет көрсетіледі.

      6. Сандық мәліметтер болмаған жағдайда, Нысанда нөлдік мәндер көрсетіледі.

  қаулысына
6-қосымша

Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізіндетек қана айырбастау пункті арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтауы туралы есептілікті ұсыну қағидалары

      1. Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункті арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаның (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) есептілікті ұсыну қағидалары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және уәкілетті ұйымның Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – Ұлттық Банк) есептілікті ұсыну тәртібін айқындайды.

      2. Уәкілетті ұйым ұсынатын есептіліктегі сандық деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгеде, сондай-ақ шетел валютасында көрсетіледі.

      3. Ұлттық Банктің қателіктерді анықтауы (нысан ішіндегі және нысан арасындағы бақылау) есептілікті түзету үшін уәкілетті ұйымға қайтаруға негіз болып табылады.

      4. Уәкілетті ұйым (оның филиалы) Ұлттық Банктің аумақтық филиалына осы қаулының 1-қосымшасында көзделген есептерді жарты жылда 1 (бір) рет қағаз және (немесе) электронды форматта есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 20 (жиырмасыншы) күнінен кешіктірмей ұсынады.

      Уәкілетті ұйым (оның филиалы) осы қаулының 1-қосымшасында көзделген есептерді электрондық цифрлық қолтаңбамен растау рәсімдерін сақтай отырып ақпараттық жүйелерді пайдалану арқылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынады.

      Есептілікті электронды тәсілмен ұсыну мүмкін болмаған жағдайда, есептер әр аймақ үшін жеке жасалады және қағаз түрінде уәкілетті ұйымның (оның филиалының) орналасқан жеріндегі Ұлттық Банктің аумақтық филиалына ұсынылады.

      Есептілік әр түрлі тәсілдермен ұсынылған кезде, күндердің ішіндегі есеп ерте ұсынылған күн есептілік ұсынған күн болып есептеледі.

      Егер осы тармақта белгіленген есептілікті ұсыну мерзімі жұмыс емес күні аяқталса, жұмыс күнінен кейінгі күн есептілікті ұсыну мерзімі аяқталған күн болып есептеледі.

      Егер осы тармақта белгіленген есептілікті ұсыну мерзімі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында немесе уәкілетті ұйым (оның филиалы) орналасқан аумақтағы төтенше жағдай қолданылу кезеңінде аяқталса, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында немесе уәкілетті ұйым (оның филиалы) орналасқан аумақтағы төтенше жағдайды қолданылу мерзімі аяқталған күннен кейінгі оныншы жұмыс күні есептілікті ұсыну мерзімі аяқталған күн болып есептеледі.

      5. Есепті күнгі жағдай бойынша қағаз тасығыштағы есептілікке бірінші басшы, бас бухгалтер не есептілікке қол қоюға уәкілетті тұлғалар қол қояды және уәкілетті ұйымда сақталады.

      Ұлттық Банктің талап етуі бойынша уәкілетті ұйым сұрауды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей қағаз тасығышта түзетулер мен тазартулар жоқ есептілікті ұсынады.

      6. Есептіліктегі деректердің толықтығы мен дұрыстығын, сондай-ақ электрондық форматта ұсынылған деректердің, қағаз тасығыштағы деректердің сәйкестігін бірінші басшы, бас бухгалтер не есептілікке қол қоюға уәкілетті тұлғалар қамтамасыз етеді.

      7. Уәкілетті ұйым ерікті түрде таратылған жағдайда, уәкілетті ұйым есептілікті Ұлттық Банктің аумақтық филиалы уәкілетті ұйымды ерікті түрде тарату туралы шешім қабылдағаны туралы хабарлаған күнге дейін (қоса алғанда) Ұлттық Банкке ұсынады.