БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік етуші Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі |
А. Балаева |
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 11 шілдедегі № 226 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. Күші жойылды - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 29.08.2024 № 394-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Күші жойылды - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 20.08.2024 № 364-НҚ (20.08.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. "Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 494 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11272 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналар тізбесін (бұдан әрі – тізбе) қалыптастыру көп арналы хабар таратудың ортасына (цифрлық эфирлі, спутниктік телерадио хабарларын тарату) байланысты жүзеге асырылады.
Еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру үш жылда кемінде бір рет жүзеге асырылады.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Конкурс өткізу туралы ақпараттық хабарлама ресми бұқаралық ақпарат құралдарында және телерадио хабарларын тарату саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында өтінімдер қабылданатын соңғы күнге дейін кемі күнтізбелік жиырма күн бұрын жарияланады.";
14, 15 және 16 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Осы Қағиданың 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген құжаттарды үміткер ұйымдастырушының мекенжайына тіркелген, нөмірленген түрде және соңғы беттің сыртында үміткердің уәкілетті тұлғасының қолы және мөрмен (болған жағдайда) бекітіліп, аузы жабылған конвертте ұсынады және мынадай талаптарды сақтайды:
1) конкурсқа қатысуға өтінім салынған мөрленген конверттің беткі жағында үміткер ұйымдастырушының және үміткердің толық атауы мен пошталық мекенжайын көрсетуі тиіс;
2) құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын тұлға конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді белгіленген мерзім өткенге дейін табыс еткен конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін тіркеу журналына енгізеді.
15. Комиссия конкурсты өткізу туралы ақпараттық бағдарламада көрсетілген мерзімде және орында үміткерлер мен олардың өкілдерінің қатысуымен өтінімдер салынған конверттерді ашады.
Өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде конкурстық өтінімнің болуын және дұрыс ресімделуін тексеру рәсімінде аудио және/немесе бейнефиксациялау жүргізіледі.
Комиссия отырысы басталғанға дейін Комиссия хатшысы конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімін жүзеге асыру кезінде үміткерлердің мүдделерін білдіруге үміткерлер өкілдерінің құжаттамамен ресімделген өкілеттіктерін тексереді.
Конкурсқа қатысуға өтінім салынған әрбір конвертті ашу кезінде комиссия хатшысы конверттегі құжаттар мен материалдардың тізбесі туралы ақпаратты жария етеді.
16. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасына үш жұмыс күні ішінде комиссияның төрағасы, қатысып отырған мүшелері және хатшысы қол қояды және комиссияның хатшысы оның әр парағына бұрыштама қояды.";
келесі мазмұндағы 16-1 және 16-2 тармақтармен толықтырылсын:
"16-1. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі Комиссияның хаттамасы мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:
1) Комиссия отырысы өткізілетін күн, уақыты және орны;
2) Комиссияның сандық құрамы, кворумның болуы;
3) өтінімдерді ұсыну күні мен уақытын көрсете отырып, белгіленген мерзімде өтінім берген үміткерлердің толық атауы, нақты мекенжайы;
4) ұсынылған құжаттар туралы ақпарат (өтінім және онымен қоса берілетін барлық конкурстық ұсыныстар).
16-2. Комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей ұйымдастырушы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімінің нәтижелерін жариялайды.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Комиссия конверттер ашылған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде:
1) үміткерлердің құжаттар пакетінің толық және тиісінше ресімделуін тексереді;
2) Қағиданың 8-тармағына сәйкес өтінімдерді қабылдамайды;
3) Қағиданың 24-тармағына сәйкес конкурс жеңімпаздарын анықтайды.
Үміткерлердің қабылданбаған ұсыныстары конкурс қорытындылары туралы хаттамада көрсетіледі.";
20 және 21 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Жеңімпаздарды анықтау кезінде іріктеу критерийлері:
тақырыптық бағыты және жанрлық арақатынасы;
меншікті теле-, радиобағдарламалар, сатып алынатын теле-, радиобағдарламалар және ретрансляция көлемдерінің арақатынасы;
қазақ тілінде хабар тарату көлемі;
хабар таратудың орташа тәуліктік уақыты;
кадрлық әлеует;
теле-, радиоарналардың Тізбеде болу мерзімі ішінде теле-, радиобағдарламаларды өндіру және үздіксіз хабар тарату үшін материалдық-техникалық қамтамасыз етудің болуы және жеткіліктілігі;
үміткерді Тізбеден шығарып тастаудың (ауыстырудың) немесе қабылданған міндеттемелерін орындамаудың (оның ішінде ішінара) нақты оқиғаларының болмауы;
үміткердің төлем қабілеттілігін және қаржылық тұрақтылығын растайтын құжаттардың болуы.
21. Конкурстың қорытындысы конкурс жеңімпаздары мен конкурстан өтпеген үміткерлер көрсетіле отырып, сондай-ақ себептері көрсетіле отырып, хаттамамен ресімделеді.
Хаттамаға Комиссия төрағасы мен мүшелері қол қояды. Конкурстың қорытындылары туралы ақпараттық хабарлама екі жұмыс күні ішінде уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
Конкурс қорытындылары туралы хаттамада:
1) қорытынды шығарылатын жер мен уақыты туралы;
2) конкурсқа қатысуға жіберілген үміткерлердің өтінімдері туралы;
3) конкурс жеңімпазын көрсете отырып, конкурстың қорытындылары туралы;
4) себептерін көрсете отырып, конкурстан өтпеген үміткерлер жөнінде;
5) үміткердің атауын және жіберілмеу себептерін көрсете отырып, конкурсқа қатысуға жіберілмеген үміткерлердің өтінімдері туралы ақпарат;
6) комиссияның қарауы бойынша өзге де ақпарат қамтылуы тиіс.";
Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларына 1 және 2 қосымшалар осы бұйрыққа 5 және 6 қосымшаларға сәйкес жазылсын.
Бұйрыққа 1-қосымша |
Ескерту. 1-қосымшаның күші жойылды - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 29.08.2024 № 394-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Бұйрыққа 2-қосымша |
Ескерту. 2-қосымшаның күші жойылды - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 29.08.2024 № 394-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Бұйрыққа 3-қосымша |
Ескерту. 3-қосымшаның күші жойылды - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 20.08.2024 № 364-НҚ (20.08.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Бұйрыққа 4-қосымша |
Ескерту. 4-қосымшаның күші жойылды - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 20.08.2024 № 364-НҚ (20.08.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне қосуға өтінім
Жалпы мәліметтер:
1. Заңды тұлғаның толық атауы/ жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда)
_______________________________________________________________
2. Заңды тұлғаның мекенжайы:
_______________________________________________________________
3. Байланыс телефондарының нөмірлері, электронды пошта мекенжайлары:
_______________________________________________________________
4. Есепке қою куәлігіне сәйкес теле-, радиоарнаның атауы:
_______________________________________________________________
5. Тақырыптық бағыты:
_______________________________________________________________
6. Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату желісінің тізбесін
қалыптастыруға арналған тарату аумағы (радиотелевизиялық станциялар
орналастырылатын елді мекендердің атауы):
_______________________________________________________________
6-1. Цифрлық жерсеріктік телерадио хабарларын тарату желісінің тізбесін
қалыптастыруға арналған (Қазақстан Республикасының аумағы немесе облыстық
маңызы бар әкімшілік бірлік):
_______________________________________________________________
7. Көпарналы хабар тарату ортасы (цифрлық эфирлік/жерсеріктік):
_______________________________________________________________
Қоса беріліп отырған құжаттар:
1. _______________________________________________________
2. _______________________________________________________
3. _______________________________________________________
Бірінші басшының/
дара кәсіпкердің қолы
МО 20__ ж. "___"___________
(бар болған жағдайда)";
Бұйрыққа 6-қосымша |
|
"Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларына 2-қосымша |
Үміткерлердің конкурстық ұсыныстары
Үміткерлердің конкурстық ұсыныстары мынадай бөлімдерді қамтуы тиіс:
Шығармашылық ұсыныстар
Үміткер:
теле-, радиоарнаның хабар тарату торын (келесі айға);
мынадай мәліметтерді қамтитын ақпаратты:
1) теле-, радиоарнаның тақырыптық бағыты және олардың жанрлық арақатынасын (ақпараттық, талдамалық, публицистикалық, жастар және балалар, музыкалық теле-, радиобағдарламалар және көркем, деректі фильмдер);
2) хабар таратудың тілдік арақатынасы, теле-, радиобағдарламаларды қазақ тілінде тарату уақытын;
3) меншікті теле-, радиобағдарламалардың, сатып алынатын теле-, радиобағдарламалардың және қайта таратудың арақатынасын;
4) хабар таратудың орташа тәуліктік уақыты;
5) шығармашылық және техникалық жұмыскерлердің сандық мәндегі кадрлық әлеуетін ұсынады.
Техникалық ұсыныстар
Үміткер:
теле-, радиобағдарламалар өндірісінің стационарлық студиялық жабдығының болуы, жай-күйі және типі туралы ақпаратты;
аппараттық-студиялық кешеннің техникалық сипаттамаларын;
тиісті стандарттарды көрсете отырып, дыбыс және кескін сапасы жоғары теле-, радиобағдарламаларды эфирге беру жөніндегі міндеттемелерді;
студиялық кешеннің орналасқан жері, теле-, радиоарнаны ұлттық
теларадио хабарларын тарату операторының желісіне беру тәсілі туралы ақпаратты;
сигналды (теле-, радиоарнаны) ұлттық оператор желісіне алты ай ішінде жеткізуді қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді ұсынады.
Заңды және қаржылық ұсыныстар
Төлем қабілеттілігін және қаржылық тұрақтылығын растайтын құжаттар, оның ішінде:
үміткердің Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі шоттары бойынша ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы үзінді-көшірме (-лер);
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінім берілген күннің алдындағы күнтізбелік жыл үшін жасалған үміткердің қаржылық есептілігі, ал Қазақстан Республикасының аумағында тарату үшін конкурсқа қатысатын үміткерлер үшін Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес жасалған аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілік;
үміткердің салық берешегінің, сондай-ақ, міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы конкурс өткізу туралы ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бұрын берілген салық органының анықтамасы;
телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторына цифрлық эфирлік және жерсеріктік телерадио хабарларын тарату желісі бойынша теле-, радиоарнаны таратқаны үшін ұлттық телерадио хабарларын тарату операторына анықтама берілген күннің алдындағы бір айдан аса созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтама.".