Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 11 шiлдедегi № 226 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 14 шiлдеде № 20960 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік етуші Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму министрі
А. Балаева

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық
даму министрінің
2020 жылғы 11 шілдедегі
№ 226 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 488 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11271 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу туралы қағидаларда:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Конкурс өткізу туралы ақпараттық хабарлама ресми бұқаралық ақпарат құралдарында және телерадио хабарларын тарату саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында өтінімдер қабылданатын соңғы күнге дейін кемі күнтізбелік жиырма күн бұрын жарияланады.";

      18, 19 және 20 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Осы Қағиданың 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген құжаттарды үміткер ұйымдастырушының мекенжайына тіркелген, нөмірленген түрде және соңғы беттің сыртында үміткердің уәкілетті тұлғасының қолы және мөрмен (болған жағдайда) бекітіліп, аузы жабылған конвертте ұсынады және мынадай талаптарды сақтайды:

      1) конкурсқа қатысуға өтінім салынған мөрленген конверттің беткі жағында үміткер ұйымдастырушының және үміткердің толық атауы мен пошталық мекенжайын көрсетуі тиіс;

      2) құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын тұлға конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді белгіленген мерзім өткенге дейін табыс еткен конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін тіркеу журналына енгізеді.

      19. Комиссия Конкурсты өткізу туралы ақпараттық бағдарламада көрсетілген мерзімде және орында, үміткерлер немесе олардың өкілдерінің қатысуымен өтінімдер мен басқа құжаттар салынған конверттерді ашады.

      Өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде конкурстық өтінімнің болуын және дұрыс ресімделуін тексеру рәсімінде аудио және/немесе бейнефиксациялау жүргізіледі.

      Комиссия отырысы басталғанға дейін Комиссия хатшысы конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімін жүзеге асыру кезінде үміткерлердің мүдделерін білдіруге үміткерлер өкілдерінің құжаттамамен ресімделген өкілеттіктерін тексереді.

      Конкурсқа қатысуға өтінім салынған әрбір конвертті ашу кезінде комиссия хатшысы конверттегі құжаттар мен материалдардың тізбесі туралы ақпаратты жария етеді.

      20. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасына үш жұмыс күні ішінде комиссияның төрағасы, қатысып отырған мүшелері және хатшысы қол қояды және комиссияның хатшысы оның әр парағына бұрыштама қояды.";

      келесі мазмұндағы 20-1 және 20-2 тармақтармен толықтырылсын:

      "20-1. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі Комиссияның хаттамасы мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:

      1) Комиссия отырысы өткізілетін күн, уақыты және орны;

      2) Комиссияның сандық құрамы, кворумның болуы;

      3) өтінімдерді ұсыну күні мен уақытын көрсете отырып, белгіленген мерзімде өтінім берген үміткерлердің толық атауы, нақты мекенжайы;

      4) ұсынылған құжаттар туралы ақпарат (өтінім және онымен қоса берілетін барлық конкурстық ұсыныстар).

      20-2. Комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей ұйымдастырушы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімінің нәтижелерін жариялайды.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21.Комиссия конверттер ашылған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде:

      1) үміткерлердің құжаттар пакетінің толық және тиісінше ресімделуін тексереді;

      2) Қағиданың 10-1 тармағына сәйкес өтінімдерді қабылдамайды;

      3) Қағиданың 24-тармағына сәйкес конкурс жеңімпаздарын анықтайды.

      Үміткерлердің қабылданбаған ұсыныстары конкурс қорытындылары туралы хаттамада көрсетіледі.";

      24 және 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Конкурс жеңімпаздарын анықтау кезінде іріктеу критерийлері:

      тақырыптық бағыты және жанрлық арақатынасы;

      меншікті теле-, радиобағдарламалар, сатып алынатын теле-, радиобағдарламалар және ретрансляция көлемдерінің арақатынасы;

      қазақ тілінде хабар тарату көлемі;

      хабар таратудың орташа тәуліктік уақыты;

      кадрлық әлеует;

      теле-, радиоарналардың Тізбеде болу мерзімі ішінде теле-, радиобағдарламаларды өндіру және үздіксіз хабар тарату үшін материалдық-техникалық қамтамасыз етудің болуы және жеткіліктілігі;

      үміткерді Тізбеден шығарып тастаудың (ауыстырудың) немесе қабылданған міндеттемелерін орындамаудың (оның ішінде ішінара) нақты оқиғаларының болмауы;

      үміткердің төлем қабілеттілігін және қаржылық тұрақтылығын растайтын құжаттардың болуы.

      25. Конкурстың қорытындысы конкурс жеңімпаздары мен конкурстан өтпеген үміткерлер көрсетіле отырып, сондай-ақ себептері көрсетіле отырып, хаттамамен ресімделеді.

      Хаттамаға Комиссия төрағасы мен мүшелері қол қояды. Конкурстың қорытындылары туралы ақпараттық хабарлама екі жұмыс күні ішінде уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.

      Конкурс қорытындылары туралы хаттамада:

      1) қорытынды шығарылатын жер мен уақыты туралы;

      2) конкурсқа қатысуға жіберілген үміткерлердің өтінімдері туралы;

      3) конкурс жеңімпазын көрсете отырып, конкурстың қорытындылары туралы;

      4) себептерін көрсете отырып, конкурстан өтпеген үміткерлер жөнінде;

      5) үміткердің атауын және жіберілмеу себептерін көрсете отырып, конкурсқа қатысуға жіберілмеген үміткерлердің өтінімдері туралы ақпарат;

      6) комиссияның қарауы бойынша өзге де ақпарат қамтылуы тиіс.";

      Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларына 1 және 2 қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2 қосымшаларға сәйкес жазылсын.

      2. "Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшін жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 489 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11264 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшін жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу қағидаларында:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Конкурс өткізу туралы ақпараттық хабарлама ресми бұқаралық ақпарат құралдарында және телерадио хабарларын тарату саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында өтінімдер қабылданатын соңғы күнге дейін кемі күнтізбелік жиырма күн бұрын жарияланады.";

      18, 19 және 20 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Осы Қағиданың 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген құжаттарды үміткер ұйымдастырушының мекенжайына тіркелген, нөмірленген түрде және соңғы беттің сыртында үміткердің уәкілетті тұлғасының қолы және мөрмен (болған жағдайда) бекітіліп, аузы жабылған конвертте ұсынады және мынадай талаптарды сақтайды:

      1) конкурсқа қатысуға өтінім салынған мөрленген конверттің беткі жағында үміткер ұйымдастырушының және үміткердің толық атауы мен пошталық мекенжайын көрсетуі тиіс;

      2) құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын тұлға конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді белгіленген мерзім өткенге дейін табыс еткен конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін тіркеу журналына енгізеді.

      19. Комиссия конкурсты өткізу туралы ақпараттық бағдарламада көрсетілген мерзімде және орында үміткерлер мен олардың өкілдерінің қатысуымен өтінімдер мен басқа құжаттар салынған конверттерді ашады.

      Өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде конкурстық өтінімнің болуын және дұрыс ресімделуін тексеру рәсімінде аудио және/немесе бейнефиксациялау жүргізіледі.

      Комиссия отырысы басталғанға дейін Комиссия хатшысы конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімін жүзеге асыру кезінде үміткерлердің мүдделерін білдіруге үміткерлер өкілдерінің құжаттамамен ресімделген өкілеттіктерін тексереді.

      Конкурсқа қатысуға өтінім салынған әрбір конвертті ашу кезінде комиссия хатшысы конверттегі құжаттар мен материалдардың тізбесі туралы ақпаратты жария етеді.

      20. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасына үш жұмыс күні ішінде комиссияның төрағасы, қатысып отырған мүшелері және хатшысы қол қояды және комиссияның хатшысы оның әр парағына бұрыштама қояды.";

      келесі мазмұндағы 20-1 және 20-2 тармақтармен толықтырылсын:

      "20-1. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі Комиссияның хаттамасы мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:

      1) Комиссия отырысы өткізілетін күн, уақыты және орны;

      2) Комиссияның сандық құрамы, кворумның болуы;

      3) өтінімдерді ұсыну күні мен уақытын көрсете отырып, белгіленген мерзімде өтінім берген үміткерлердің толық атауы, нақты мекенжайы;

      4) ұсынылған құжаттар туралы ақпарат (өтінім және онымен қоса берілетін барлық конкурстық ұсыныстар).

      20-2. Комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей ұйымдастырушы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімінің нәтижелерін жариялайды.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Комиссия конверттер ашылған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде:

      1) үміткерлердің құжаттар пакетінің толық және тиісінше ресімделуін тексереді;

      2) Қағиданың 9-1 тармағына сәйкес өтінімдерді қабылдамайды;

      3) Қағиданың 24-тармағына сәйкес конкурс жеңімпаздарын анықтайды.

      Үміткерлердің қабылданбаған ұсыныстары конкурс қорытындылары туралы хаттамада көрсетіледі.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Егер телерадио хабарларын тарату мақсаттарына арналған жиіліктердің, радиожиіліктердің (радиожиілік арналарының) әрбір жеке белдеуіне кемінде бір үміткер қатысуға жіберілсе, Конкурс өткізілді деп танылады.

      Өтінім мен ұсынылған құжаттар 26-тармақта белгіленген өлшемдерге сәйкес келмеген жағдайда Комиссия жіберілген жалғыз үміткерді конкурс жеңімпазы деп тануға құқығы жоқ.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Конкурстың қорытындысы конкурс жеңімпаздары мен конкурстан өтпеген үміткерлер көрсетіле отырып, сондай-ақ себептері көрсетіле отырып, хаттамамен ресімделеді.

      Хаттамаға Комиссия төрағасы мен мүшелері қол қояды. Конкурстың қорытындылары туралы ақпараттық хабарлама екі жұмыс күні ішінде уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.

      Конкурс қорытындылары туралы хаттамада:

      1) қорытынды шығарылатын жер мен уақыты туралы;

      2) конкурсқа қатысуға жіберілген үміткерлердің өтінімдері туралы;

      3) конкурс жеңімпазын көрсете отырып, конкурстың қорытындылары туралы;

      4) себептерін көрсете отырып, конкурстан өтпеген үміткерлер жөнінде;

      5) үміткердің атауын және жіберілмеу себептерін көрсете отырып, конкурсқа қатысуға жіберілмеген үміткерлердің өтінімдері туралы ақпарат;

      6) комиссияның қарауы бойынша өзге де ақпарат қамтылуы тиіс.";

      Телерадио хабарларын тарату мақсаттары үшін жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу қағидаларына 1 және 2 қосымшалар осы бұйрыққа 3 және 4 қосымшаларға сәйкес жазылсын.

      3. "Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 494 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11272 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналар тізбесін (бұдан әрі – тізбе) қалыптастыру көп арналы хабар таратудың ортасына (цифрлық эфирлі, спутниктік телерадио хабарларын тарату) байланысты жүзеге асырылады.

      Еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру үш жылда кемінде бір рет жүзеге асырылады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Конкурс өткізу туралы ақпараттық хабарлама ресми бұқаралық ақпарат құралдарында және телерадио хабарларын тарату саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында өтінімдер қабылданатын соңғы күнге дейін кемі күнтізбелік жиырма күн бұрын жарияланады.";

      14, 15 және 16 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Осы Қағиданың 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген құжаттарды үміткер ұйымдастырушының мекенжайына тіркелген, нөмірленген түрде және соңғы беттің сыртында үміткердің уәкілетті тұлғасының қолы және мөрмен (болған жағдайда) бекітіліп, аузы жабылған конвертте ұсынады және мынадай талаптарды сақтайды:

      1) конкурсқа қатысуға өтінім салынған мөрленген конверттің беткі жағында үміткер ұйымдастырушының және үміткердің толық атауы мен пошталық мекенжайын көрсетуі тиіс;

      2) құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын тұлға конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді белгіленген мерзім өткенге дейін табыс еткен конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін тіркеу журналына енгізеді.

      15. Комиссия конкурсты өткізу туралы ақпараттық бағдарламада көрсетілген мерзімде және орында үміткерлер мен олардың өкілдерінің қатысуымен өтінімдер салынған конверттерді ашады.

      Өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде конкурстық өтінімнің болуын және дұрыс ресімделуін тексеру рәсімінде аудио және/немесе бейнефиксациялау жүргізіледі.

      Комиссия отырысы басталғанға дейін Комиссия хатшысы конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімін жүзеге асыру кезінде үміткерлердің мүдделерін білдіруге үміткерлер өкілдерінің құжаттамамен ресімделген өкілеттіктерін тексереді.

      Конкурсқа қатысуға өтінім салынған әрбір конвертті ашу кезінде комиссия хатшысы конверттегі құжаттар мен материалдардың тізбесі туралы ақпаратты жария етеді.

      16. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасына үш жұмыс күні ішінде комиссияның төрағасы, қатысып отырған мүшелері және хатшысы қол қояды және комиссияның хатшысы оның әр парағына бұрыштама қояды.";

      келесі мазмұндағы 16-1 және 16-2 тармақтармен толықтырылсын:

      "16-1. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі Комиссияның хаттамасы мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:

      1) Комиссия отырысы өткізілетін күн, уақыты және орны;

      2) Комиссияның сандық құрамы, кворумның болуы;

      3) өтінімдерді ұсыну күні мен уақытын көрсете отырып, белгіленген мерзімде өтінім берген үміткерлердің толық атауы, нақты мекенжайы;

      4) ұсынылған құжаттар туралы ақпарат (өтінім және онымен қоса берілетін барлық конкурстық ұсыныстар).

      16-2. Комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей ұйымдастырушы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімінің нәтижелерін жариялайды.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Комиссия конверттер ашылған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде:

      1) үміткерлердің құжаттар пакетінің толық және тиісінше ресімделуін тексереді;

      2) Қағиданың 8-тармағына сәйкес өтінімдерді қабылдамайды;

      3) Қағиданың 24-тармағына сәйкес конкурс жеңімпаздарын анықтайды.

      Үміткерлердің қабылданбаған ұсыныстары конкурс қорытындылары туралы хаттамада көрсетіледі.";

      20 және 21 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Жеңімпаздарды анықтау кезінде іріктеу критерийлері:

      тақырыптық бағыты және жанрлық арақатынасы;

      меншікті теле-, радиобағдарламалар, сатып алынатын теле-, радиобағдарламалар және ретрансляция көлемдерінің арақатынасы;

      қазақ тілінде хабар тарату көлемі;

      хабар таратудың орташа тәуліктік уақыты;

      кадрлық әлеует;

      теле-, радиоарналардың Тізбеде болу мерзімі ішінде теле-, радиобағдарламаларды өндіру және үздіксіз хабар тарату үшін материалдық-техникалық қамтамасыз етудің болуы және жеткіліктілігі;

      үміткерді Тізбеден шығарып тастаудың (ауыстырудың) немесе қабылданған міндеттемелерін орындамаудың (оның ішінде ішінара) нақты оқиғаларының болмауы;

      үміткердің төлем қабілеттілігін және қаржылық тұрақтылығын растайтын құжаттардың болуы.

      21. Конкурстың қорытындысы конкурс жеңімпаздары мен конкурстан өтпеген үміткерлер көрсетіле отырып, сондай-ақ себептері көрсетіле отырып, хаттамамен ресімделеді.

      Хаттамаға Комиссия төрағасы мен мүшелері қол қояды. Конкурстың қорытындылары туралы ақпараттық хабарлама екі жұмыс күні ішінде уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.

      Конкурс қорытындылары туралы хаттамада:

      1) қорытынды шығарылатын жер мен уақыты туралы;

      2) конкурсқа қатысуға жіберілген үміткерлердің өтінімдері туралы;

      3) конкурс жеңімпазын көрсете отырып, конкурстың қорытындылары туралы;

      4) себептерін көрсете отырып, конкурстан өтпеген үміткерлер жөнінде;

      5) үміткердің атауын және жіберілмеу себептерін көрсете отырып, конкурсқа қатысуға жіберілмеген үміткерлердің өтінімдері туралы ақпарат;

      6) комиссияның қарауы бойынша өзге де ақпарат қамтылуы тиіс.";

      Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларына 1 және 2 қосымшалар осы бұйрыққа 5 және 6 қосымшаларға сәйкес жазылсын.

  Бұйрыққа
1-қосымша
  "Міндетті теле-,
радиоарналардың тізбесін
қалыптастыру бойынша
конкурс өткізу қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  Телерадио хабарларын таратуды
дамыту мәселелері жөніндегі
Комиссияның төрағасына

Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурсқа қатысуға арналған өтінім

      Жалпы мәліметтер:

      1. Заңды тұлғаның толық атауы/жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты

      (ол болған жағдайда)

      _____________________________________________________________

      2. Заңды тұлғаның мекенжайы:

      _____________________________________________________________

      3. Байланыс телефондарының нөмірлері, электронды пошта мекенжайлары:

      ___________________________________________________________

      4. Есепке қою куәлігіне сәйкес теле-, радиоарнаның атауы:

      __________________________________________________________

      5. Тақырыптық бағыты:

      __________________________________________________________

      6. Тарату аумағы (ҚР, әкімшілік бірлік):

      __________________________________________________________

      Қоса беріліп отырған құжаттар:

      1.________________________________________________________

      2.________________________________________________________

      3.________________________________________________________

      Бірінші басшының/

      жеке кәсіпкердің қолы

      Мөрдің орны (бар болса)                   "___" ___________ 20___ жыл";

  Бұйрыққа
2-қосымша
  "Міндетті теле-,
радиоарналардың
тізбесін қалыптастыру бойынша
конкурс өткізу қағидаларына
2-қосымша

Үміткерлердің конкурстық ұсыныстары

      Үміткерлердің конкурстық ұсыныстары мына бөлімдерден тұруы тиіс:

      Шығармашылық ұсыныстар

      Үміткер:

      1) теле-, радиоарнаның хабар тарату торын (келесі айға);

      2) мынадай мәліметтерді қамтитын ақпарат ұсынады:

      теле-, радиоарнаның тақырыптық бағыты және олардың жанрлық арақатынасы (ақпараттық, аналитикалық, публицистикалық, жастар және балалар, музыкалық теле-, радиобағдарламалар және көркем, деректі фильмдер);

      хабар таратудың тілдік арақатынасы, қазақ тілінде теле-, радиобағдарламаларды трансляциялау уақыты;

      меншікті теле-, радиобағдарламалардың, сатып алынатын теле-, радиобағдарламалардың және ретрансляцияның арақатынасы;

      хабар таратудың орташа тәуліктік уақыты;

      шығармашылық және техникалық қызметкерлердің сандық мәндегі кадрлық әлеуеті.

      Техникалық ұсыныстар

      Үміткер ұсынады:

      1) теле-, радиобағдарламалар өндірісінің стационарлық студиялық жабдығының болуы, жай-күйі және типі туралы ақпарат;

      2) аппараттық-студиялық кешеннің техникалық сипаттамалары;

      3) тиісті стандарттарды көрсете отырып, дыбыс пен кескінінің сапасы жоғары теле-, радиобағдарламаларды эфирге беру жөніндегі міндеттемелер;

      4) студиялық кешеннің орналасқан жері, теле-, радиоарнаны телерадио хабарларын тарату операторларына беру тәсілі туралы ақпарат;

      5) теле-, радиоарнаны көрсетілген тізбеге енгізген жағдайда міндетті теле-, радиоарналардың тізбесі бекітілген күннен бастап алты ай ішінде сигналды (теле-, радиоарнаны) жеткізуді және үміткердің техникалық құралдарын телерадио хабарларын тарату операторының желісіне қосуды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттеме.

      Заңды және қаржылық ұсыныстар

      1. Үміткердің бұрын өткізілген ұқсас конкурстарға қатысқаны, сондай-ақ, үміткердің Тізбеге енгізілген, алынып тасталған, ауыстырылған жағдайлары туралы (алып тастау немесе ауыстыру себептері көрсетілген) ақпарат.

      2. Төлем қабілеттілігін және қаржылық тұрақтылығын растайтын құжаттар, оның ішінде:

      - үміткердің Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі шоттары бойынша ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы үзінді-көшірме (-лер);

      - Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінім берілген күннің алдындағы күнтізбелік жыл үшін жасалған үміткердің қаржылық есептілігі, ал Қазақстан Республикасының аумағында тарату үшін конкурсқа қатысатын үміткерлер үшін Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес жасалған аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілік;

      - үміткердің салық берешегінің, сондай-ақ, міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы конкурс өткізу туралы ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бұрын берілген салық органының анықтамасы;

      - телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторына цифрлық эфирлік және жерсеріктік телерадио хабарларын тарату желісі бойынша теле-, радиоарнаны таратқаны үшін ұлттық телерадио хабарларын тарату операторына анықтама берілген күннің алдындағы 1 айдан аса созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтама.".

  Бұйрыққа
3-қосымша
  Телерадио хабарларын тарату
мақсаты үшін жиілік
белдеулерін, радиожиіліктерді
(радиожиілік арналарын) бөлу
қағидаларына
  1-қосымша
  Нысан
  Телерадио хабарларын таратуды
дамыту мәселелері жөніндегі
комиссия төрағасына

Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшін жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу бойынша конкурсқа қатысуға өтінім

      Жалпы мәліметтер:

      1. Есепке қою куәлігіне сәйкес радиоарнаның толық атауы

      __________________________________________________________

      2. Заңды тұлғаның толық атауы /жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты

      (болған жағдайда):

      __________________________________________________________

      3. Заңды тұлғаның мекенжайы:

      __________________________________________________________

      4. Байланыс телефондарының нөмірлері, электронды пошта мекенжайлары:

      __________________________________________________________

      5. Конкурстық хабарламаға сәйкес пайдалануға жоспарланған жиілік номиналы:

      ___________________________________________________________

      6. Конкурстық хабарламаға сәйкес тарату станциясының қуаты, Ватт:

      ___________________________________________________________

      7. Тарату станциясын орнату пункті (РТС орнатылған елді мекеннің атауы):

      ____________________________________________________________

      8. Жоспарланған қайта таратылатын телеарналар тізбесінің атауы:

      ____________________________________________________________

      9. Теле-, радиоарналармен халықты қамтудың жоспарланған көлемі:

      ____________________________________________________________

      Қоса беріліп отырған құжаттар:

      1. ______________________________________________________

      2. ______________________________________________________

      3. ______________________________________________________

      Бірінші басшының /

      жеке кәсіпкердің қолы

      Мөрдің орны (бар болса)                   "___" ___________ 20___ жыл";

  Бұйрыққа
4-қосымша
  "Телерадио хабарларын тарату
мақсаты үшін жиілік
белдеулерін, радиожиіліктерді
(радиожиілік арналарын) бөлу
қағидаларына
  2-қосымша

Құжаттардың тізімі

      Үміткерлердің конкурстық ұсыныстары мынадай құжаттарды қамтуы тиіс:

      Шығармашылық ұсыныстар

      Үміткер:

      1) теле-, радиоарнаның хабар тарату торын (келесі айға);

      2) мынадай мәліметтерді қамтитын ақпаратты:

      радиоарнанаың тақырыптық бағытын;

      хабар таратудың тілдік арақатынасы, радиобағдарламаларды қазақ тілінде тарату уақытын;

      меншікті радиобағдарламалардың, сатып алынатын радиобағдарламалардың және қайта таратудың арақатынасын;

      хабар таратудың орташа тәуліктік уақытын;

      шығармашылық және техникалық жұмыскерлердің сандық мәндегі кадрлық әлеуетін ұсынады.

      Техникалық ұсыныстар

      Үміткер:

      1) теле-, радиоарналарды жабу аймақтарының шекаралары көрсетілген және радиотаратушы жабдықты орнату орнын көрсете отырып, болжанатын қызмет көрсету аумағының жергілікті картасын;

      2) мынадай мәліметтер көрсетілетін түсіндірме жазбаны:

      телевизия сигналын дыбыстық сүйемелдеу типін (бірсөзді, көпсөзді);

      теле -, радиоарналарды тарату үшін жоспарланатын жабдықтың болуы, сипаттамалары, жай-күйі және типі туралы ақпаратты;

      3) теле-, радиоарналарды тарату стандартын орындау туралы міндеттемелерді;

      4) арнаға орташа ақпараттық жылдамдықты және хабар тарату сапасының жоспарланған стандарттарын қолдау туралы міндеттемелерді;

      5) телерадио хабарларын тарату немесе бір бағдарламалы хабар тарату желісін ұйымдастыру схемасын;

      6) жерсеріктік байланыс арналарын қосымша пайдаланған жағдайда:

      пайдаланылатын жасанды жерсеріктерінің атауы, орналасуы және тиесілілігі (жерсеріктік оператор), олардың тұру нүктесі, қызмет көрсету аймағын;

      жерсеріктік оператор ұсынған жерсеріктік қабылдау-тарату станцияларының желісінде пайдаланылатын трансмиссиялық жоспарлардың көшірмесін;

      орын алатын жиіліктер белдеуін (пайдаланылатын жерсеріктік ресурстың мөлшері).

      7) талапкердің техникалық құралдарын (жерүсті немесе жерсеріктік) көрсете отырып, сигналды (радиоарнаны) ұлттық оператор желісіне радиоарна көрсетілген тізбеге енгізілген жағдайда, жиіліктер белдеулерінің, радиожиіліктердің (радиожиілік арналарының) тізбесі бекітілген күннен бастап алты ай ішінде жеткізуді қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді ұсынады.

      Заңды және қаржылық ұсыныстар

      Төлем қабілеттілігін және қаржылық тұрақтылығын растайтын құжаттар, оның ішінде:

      үміткердің Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі шоттары бойынша ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы үзінді-көшірме (-лер);

      - Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінім берілген күннің алдындағы күнтізбелік жыл үшін жасалған үміткердің қаржылық есептілігі, ал Қазақстан Республикасының аумағында тарату үшін конкурсқа қатысатын үміткерлер үшін Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес жасалған аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілік;

      - үміткердің салық берешегінің, сондай-ақ, міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы конкурс өткізу туралы ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бұрын берілген салық органының анықтамасы;

      - телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторына цифрлық эфирлік және жерсеріктік телерадио хабарларын тарату желісі бойынша теле-, радиоарнаны таратқаны үшін ұлттық телерадио хабарларын тарату операторына анықтама берілген күннің алдындағы бір айдан аса созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтама.".

  Бұйрыққа
5-қосымша
  "Телерадио хабарларын
таратудың ұлттық операторы
тарататын еркін қолжетімді
теле-, радиоарналардың тізбесін
қалыптастыру бойынша конкурс
өткізу қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасы
Телерадио хабарларын
таратуды дамыту мәселелері
жөніндегі комиссияның
төрағасына

Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне қосуға өтінім

      Жалпы мәліметтер:

      1. Заңды тұлғаның толық атауы/ жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты

                        (болған жағдайда)

      _______________________________________________________________

      2. Заңды тұлғаның мекенжайы:

      _______________________________________________________________

      3. Байланыс телефондарының нөмірлері, электронды пошта мекенжайлары:

      _______________________________________________________________

      4. Есепке қою куәлігіне сәйкес теле-, радиоарнаның атауы:

      _______________________________________________________________

      5. Тақырыптық бағыты:

      _______________________________________________________________

      6. Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату желісінің тізбесін

      қалыптастыруға арналған тарату аумағы (радиотелевизиялық станциялар

      орналастырылатын елді мекендердің атауы):

      _______________________________________________________________

      6-1. Цифрлық жерсеріктік телерадио хабарларын тарату желісінің тізбесін

      қалыптастыруға арналған (Қазақстан Республикасының аумағы немесе облыстық

      маңызы бар әкімшілік бірлік):

      _______________________________________________________________

      7. Көпарналы хабар тарату ортасы (цифрлық эфирлік/жерсеріктік):

      _______________________________________________________________

      Қоса беріліп отырған құжаттар:

      1. _______________________________________________________

      2. _______________________________________________________

      3. _______________________________________________________

      Бірінші басшының/

      дара кәсіпкердің қолы

      МО 20__ ж.                   "___"___________

      (бар болған жағдайда)";

  Бұйрыққа
6-қосымша
  "Телерадио хабарларын
таратудың ұлттық операторы
тарататын еркін қолжетімді
теле-, радиоарналардың тізбесін
қалыптастыру бойынша конкурс
өткізу қағидаларына
2-қосымша

Үміткерлердің конкурстық ұсыныстары

      Үміткерлердің конкурстық ұсыныстары мынадай бөлімдерді қамтуы тиіс:

      Шығармашылық ұсыныстар

      Үміткер:

      теле-, радиоарнаның хабар тарату торын (келесі айға);

      мынадай мәліметтерді қамтитын ақпаратты:

      1) теле-, радиоарнаның тақырыптық бағыты және олардың жанрлық арақатынасын (ақпараттық, талдамалық, публицистикалық, жастар және балалар, музыкалық теле-, радиобағдарламалар және көркем, деректі фильмдер);

      2) хабар таратудың тілдік арақатынасы, теле-, радиобағдарламаларды қазақ тілінде тарату уақытын;

      3) меншікті теле-, радиобағдарламалардың, сатып алынатын теле-, радиобағдарламалардың және қайта таратудың арақатынасын;

      4) хабар таратудың орташа тәуліктік уақыты;

      5) шығармашылық және техникалық жұмыскерлердің сандық мәндегі кадрлық әлеуетін ұсынады.

      Техникалық ұсыныстар

      Үміткер:

      теле-, радиобағдарламалар өндірісінің стационарлық студиялық жабдығының болуы, жай-күйі және типі туралы ақпаратты;

      аппараттық-студиялық кешеннің техникалық сипаттамаларын;

      тиісті стандарттарды көрсете отырып, дыбыс және кескін сапасы жоғары теле-, радиобағдарламаларды эфирге беру жөніндегі міндеттемелерді;

      студиялық кешеннің орналасқан жері, теле-, радиоарнаны ұлттық

      теларадио хабарларын тарату операторының желісіне беру тәсілі туралы ақпаратты;

      сигналды (теле-, радиоарнаны) ұлттық оператор желісіне алты ай ішінде жеткізуді қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді ұсынады.

      Заңды және қаржылық ұсыныстар

      Төлем қабілеттілігін және қаржылық тұрақтылығын растайтын құжаттар, оның ішінде:

      үміткердің Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі шоттары бойынша ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы үзінді-көшірме (-лер);

      Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінім берілген күннің алдындағы күнтізбелік жыл үшін жасалған үміткердің қаржылық есептілігі, ал Қазақстан Республикасының аумағында тарату үшін конкурсқа қатысатын үміткерлер үшін Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес жасалған аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілік;

      үміткердің салық берешегінің, сондай-ақ, міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы конкурс өткізу туралы ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бұрын берілген салық органының анықтамасы;

      телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторына цифрлық эфирлік және жерсеріктік телерадио хабарларын тарату желісі бойынша теле-, радиоарнаны таратқаны үшін ұлттық телерадио хабарларын тарату операторына анықтама берілген күннің алдындағы бір айдан аса созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтама.".