Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 10 шiлдедегi № 322 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 14 шiлдеде № 20957 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери қалашықтары мен оқу орталықтарының аумағында орналасқан объектілердегі гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери қалашықтары мен оқу орталықтарының аумағында орналасқан объектілерде жобаларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.

      2. Мыналардың:

      1) "Санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бөлімшелері көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 238 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 26 маусымда № 11467 болып тіркелген, 2015 жылғы 31 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2) "Санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бөлімшелері көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 29 шілдедегі № 434 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 1 қыркүйекте № 11992 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас әскери-медициналық басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
Н. Ермекбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      ___________________________

      20___ жылғы "___" _________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      ___________________________

      20___ жылғы "___" _________

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2020 жылғы 10 шілдедегі
№ 322 бұйрығына
1-қосымша

"Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери қалашықтары мен оқу орталықтарының аумағында орналасқан объектілердегі гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери қалашықтары мен оқу орталықтарының аумағында орналасқан объектілердегі гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери қалашықтары мен оқу орталықтарының аумағында орналасқан объектілердегі гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік қызметті халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 09.03.2022 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      3. Жеке немесе заңды тұлғалар мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы өтініш жасайды.

      Қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну ерекшеліктері ескерілген өзге де мәліметтер стандартта жазылған.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 09.03.2022 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Портал арқылы өтініш жасаған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салуды қабылдау белгісі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсетумен хабарлама жолданады.

      Көрсетілетін қызметті алушы тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне уәкілетті орган басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті одан әрі қараудан бас тартуды жолдайды.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 09.03.2022 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      6. Ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажет ұсынылған деректер мен мәліметтердің "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының кодексі 144-бабының 6-тармағына сәйкес бекітілген халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде және гигиеналық нормативтерде белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді, сәйкес келмеген жағдайда 2 жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуды ресімдейді.

      Портал арқылы өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті одан әрі қараудан бас тарту уәкілетті орган басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында қалыптастырылады және порталдағы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жолданады.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      7. Құжаттар толық және талаптарға сәйкес болған жағдайда жауапты орындаушы 10 (он) жұмыс күні ішінде объектінің ұсынылған құжаттарға сәйкес келуін тексереді, объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады және объектіні санитариялық-эпидемиологиялық тексеру актісін ресімдейді.

      Объект халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкес келген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны уәкілетті орган басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында ресімдейді және көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" жолдайды.

      Объект сәйкес келмеген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымды білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдауды жүргізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей жолданады. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижесі бойынша көрсетілетін қызметті беруші объектінің сәйкес келуі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды береді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 09.03.2022 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтерді көрсетуді мониторингтеу ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      9. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту стандарттың 9 тармағында көрсетілген.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жолдайды.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жолдамауға құқылы.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 09.03.2022 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 09.03.2022 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  "Мемлекеттік санитариялық-
эпидемиологиялық
қадағалау объектісінің
халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы
нормативтік құқықтық актілерге
және Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігінің әскери
қалашықтары мен оқу
орталықтарының
аумағында орналасқан
объектілердегі
гигиеналық нормативтерге
сәйкестігі
(сәйкес еместігі) туралы
санитариялық-эпидемиологиялық
қорытындылар
беру" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 09.03.2022 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери қалашықтары мен оқу орталықтарының аумағында орналасқан объектілердегі гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бөлімшелері

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкімет" веб-порталы

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Портал арқылы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" уәкілетті орган басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін негізде көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

1. Көрсетілетін қызметті берушіде: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейінгіні қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
2. Порталда: тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда). Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Порталға: осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес аккредиттелген зертханалар санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін қажетті зертханалық-құралдық зерттеуге (сынауға) сәйкес жүргізген сынау (зерттеу) хаттамаларының электрондық көшірмелері. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат деректері туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 94-бабының 4-тармағында көзделген халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде және гигиеналық нормативтерде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіз болып табылады.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде, порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы ала алады.
Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.mod.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті ЭЦҚ бар болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда ала алады.

  "Мемлекеттік санитариялық-
эпидемиологиялық
қадағалау объектісінің халықтың
санитариялық-эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы
нормативтік құқықтық актілерге
және Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігінің әскери
қалашықтары мен оқу
орталықтарының
аумағында орналасқан
объектілердегі
гигиеналық нормативтерге
сәйкестігі
(сәйкес еместігі) туралы
санитариялық-
  эпидемиологиялық
қорытындылар
беру" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

      2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 09.03.2022 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі


БҚСЖ бойынша нысан коды____________________
КҰЖЖ бойынша ұйым коды ____________________

Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мемлекеттік органының атауы



Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды
20___ жылғы "_______"_________________№ _______________

      1. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама_________________________
(санитариялық-эпидемиологиялық сараптама объектісінің толық атауы)
______________________________________________________ жүргізілді.
(өтініші, нұсқамасы, қаулысы бойынша, жоспарлы және басқа да (күні, нөмірі)
2. Тапсырыс беруші (көрсетілетін қызметті алушы) _______________________
(шаруашылық жүргізуші субъектінің толық атауы (тиесілігі), объектінің мекенжайы/
орналасқан жері, телефоны, жетекшінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)
3. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама объектісінің қолданылу саласы
_________________________________________________________________
(қызмет түрі)
4. Жобалар, материалдар әзірленді, дайындалды ______________________
5. Ұсынылған құжаттар _____________________________________________
6. Өнім үлгілері ұсынылды __________________________________________
7. Басқа ұйымдардың сараптамалық қорытындысы (егер бар болса) ______
_________________________________________________________________
қорытынды берген ұйымның атауы
8. Сараптама объектісінің (көрсетілетін қызметтің, процестің, жағдайдың, технологияның,
өндірістің, өнімнің) толық санитариялық-гигиеналық сипаттамасы мен бағалануы
_________________________________________
9. Құрылысқа арналған жер учаскесінің, реконструкциялау объектісінің сипаттамасы;
өлшемі, ауданы, топырақ түрі, учаскенің бұрын пайдаланылуы, жерасты суы тұну биіктігі,
батпақтану, желдің басым бағыты, санитариялық-қорғау аймағының өлшемі, сумен,
кәрізбен, жылумен жабдықтау мүмкіндігі және қоршаған ортаға және халық денсаулығына
әсер етуі, дүниенің төрт жағы бойынша бағдарлау)_______________________
10. Зертханалық және зертханалық-құралдық зерттеу және сынау хаттамалары, сондай-ақ
басты жоспарлардан, сызбалардан, суреттерден көшірмелер
__________________________________________________________________
Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды
____________________________________________________________________
санитариялық-эпидемиологиялық сараптама объектісінің толық атауы
____________________________________________________________________
Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама негізінде санитариялық қағидалар мен
гигиеналық нормативтерге сәйкес келеді
_____________________________________________________________________
Ұсыныстар: ______________________________________________________
Мөр орны (Мемлекеттік санитариялық бас дәрігер (орынбасары)
_____________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), қолы

     

  "Мемлекеттік санитариялық-
эпидемиологиялық қадағалау
объектісінің халықтың
санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы
нормативтік құқықтық актілерге
және Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігінің әскери
қалашықтары мен оқу
орталықтарының аумағында
орналасқан объектілердегі
гигиеналық нормативтерге
сәйкестігі (сәйкес еместігі)
туралы санитариялық-
эпидемиологиялық
қорытындылар беру"
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан
  ____________________________
басшының тегі, аты, әкесінің
аты (бар болған кезде)
____________________________
мемлекеттік органның атауы
____________________________
өтініш иесінің тегі, аты, әкесінің
аты (бар болған кезде)
____________________________
жеке сәйкестендіру
нөмірі/бизнес сәйкестендіру
нөмірі
____________________________
өтініш иесінің мекенжайы
____________________________
өтініш иесінің байланыс
телефоны

Өтініш

      Сізден ___________________________________________________________________

                        (аудан, көше, үй, пәтер)

      бойынша орналасқан объектінің мақсатты арналуын тексеруді және оған санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруді сұраймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      ________________________________________________________________________

                              қолы, жылы, күні, айы

      Қосымша (құжаттардың көшірмелері):

      1.

      2.

  "Мемлекеттік санитариялық-
эпидемиологиялық қадағалау
объектісінің халықтың
санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы
нормативтік құқықтық актілерге
және Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігінің әскери
қалашықтары мен оқу
орталықтарының аумағында
орналасқан объектілердегі
гигиеналық нормативтерге
сәйкестігі (сәйкес еместігі)
туралы санитариялық-
эпидемиологиялық
қорытындылар беру"
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына
4-қосымша

Cанитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін қажетті зертханалық-құралдық зерттеулер (сынаулар)

Р/с №

Зерттеулер (сынаулар) түрлері

Өлшеу немесе сынама алу орны

1-бөлім. Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту объектілері

1

Микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысы жылдамдығы

топтық, жатын орындар, медициналық кабинеттер, бассейндер (бар болған кезде)

2

Суды зерттеу:


орталықтандырылған сумен жабдықтау кезінде – су құбыры жүйесінен алынған су (бактериологиялық және санитариялық-химиялық зерттеулер)

су тарату шүмектері (тамақ пісіру блогы)

орталықсыздандырылған сумен жабдықтау кезінде – құдықтардан, ұңғымалардан, каптаждардан, қоғамдық пайдалану бұлақтарынан алынған су (бактериологиялық, санитариялық-химиялық, паразитологиялық зерттеулер)

құдықтар, ұңғымалар, каптаждар, бұлақтар, су тарату шүмектері

бар болған кезде – жабық жүзу бассейндерінен және ванналардан алынған су (бактериологиялық, санитариялық-химиялық, паразитологиялық зерттеулер)

екі нүктеде – бассейн ваннасының тайыз және терең бөліктерінде су айдыны бетінен 25-30 сантиметр (бұдан әрі – см) тереңдікте, фильтрлеуден кейінгі су

2-бөлім. Білім беру және тәрбиелеу объектілері

3

Микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысы жылдамдығы

жатын орындар, оқу үй-жайлары, шеберханалар, медициналық кабинеттер

4

Желдету тиімділігін зерттеу

спорт залы, тамақ пісіру блогы

5

Суды зерттеу:


орталықтандырылған сумен жабдықтау кезінде – су құбыры жүйесінен алынған су (бактериологиялық және санитариялық-химиялық зерттеулер)

су тарату шүмектері (тамақ пісіру блогы)

орталықсыздандырылған сумен жабдықтау кезінде – құдықтардан, ұңғымалардан, каптаждардан, қоғамдық пайдалану бұлақтарынан алынған су (бактериологиялық, санитариялық-химиялық, паразитологиялық зерттеулер)

құдықтар, ұңғымалар, каптаждар, бұлақтар, су тарату шүмектері

бар болған кезде – жабық жүзу бассейндерінен және ванналардан алынған су (бактериологиялық, санитариялық-химиялық, паразитологиялық зерттеулер)

екі нүктеде – бассейн ваннасының тайыз және терең бөліктерінде су айдыны бетінен 25-30 см тереңдікте, фильтрлеуден кейінгі су

6

Физикалық факторларды зерттеу:


электромагниттік және электростатикалық өріс кернеуі, ауаның иондалу деңгейі

компьютерлік және мультимедиялық сыныптар, кабинеттер

жасанды жарық түсіру деңгейі

оқу үй-жайлары, зертханалар, шеберханалар, оқу залы, медициналық кабинет

шу, діріл

шеберханалар және онымен іргелес оқу кабинеттері

3-бөлім. Балаларды сауықтыру, санаториялық, сауықтыру объектілері, базалар, демалу орындары

7

Суды бактериологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттеу

ғимаратқа кіретін және шығатын су тарату шүмектері (орталықтандырылған сумен жабдықтау кезінде), құдықтар, ұңғымалар, каптаждар және бұлақтар, су тарату шүмектері (орталықсыздандырылған сумен жабдықтау кезінде)

8

Бар болған кезде – жабық жүзу бассейндерінің суын зерттеу (бактериологиялық, санитариялық-химиялық, паразитологиялық зерттеулер)

екі нүктеде – бассейн ваннасының тайыз және терең бөліктерінде су айдыны бетінен 25-30 см тереңдікте

4-бөлім. Балалар сүт асүйлері

9

Суды бактериологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттеу

ғимаратқа кіретін және шығатын су тарату шүмектері (орталықтандырылған сумен жабдықтау кезінде), құдықтар, ұңғымалар, каптаждар және бұлақтар, су тарату шүмектері (орталықсыздандырылған сумен жабдықтау кезінде)

10

Микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысы жылдамдығы

өндірістік үй-жайлар, қойма үй-жайлары

5-бөлім. Қоғамдық тамақтану, сауда объектілері

11

Микроклиматты зерттеу:
температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысы жылдамдығы

өндірістік үй-жайлар, қойма үй-жайлары

12

Суды бактериологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттеу

ғимаратқа кіретін және шығатын су тарату шүмектері (орталықтандырылған сумен жабдықтау кезінде), құдықтар, ұңғымалар, каптаждар, бұлақтар, су тарату шүмектері (орталықсыздандырылған сумен жабдықтау кезінде)

13

Желдету тиімділігін өлшеу

өндірістік үй-жайлар

14

Тоңазытқыш және технологиялық жабдық жұмыс істеген кезде желдету жабдығынан болатын шу (кіріктіріліп-жапсарлас салынған үй-жайларда)

желдету қондырғылары, жабдық орналасқан орындар

6-бөлім. Тамақ өнімдерін өңдеу, өндіру объектілері

15

Микроклиматты зерттеу:
температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысы жылдамдығы

өндірістік үй-жайлар, қойма үй-жайлары

16

Суды бактериологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттеу

ғимаратқа кіретін және шығатын су тарату шүмектері (орталықтандырылған сумен жабдықтау кезінде), құдықтар, ұңғымалар, каптаждар, бұлақтар, су тарату шүмектері (орталықсыздандырылған сумен жабдықтау кезінде)

17

Желдету тиімділігін өлшеу

өндірістік үй-жайлар

7-бөлім. Денсаулық сақтау объектілері

18

Микроклиматты зерттеу:
температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысы жылдамдығы, ауа алмасу еселігі

ерекше режимдегі үй-жайлар: операциялық, процедуралық, манипуляциялық, стерильдеу бөлімшелері, жаңа туған нәрестелерге арналған палаталар, босандырудан кейінгі палаталар, бокстар, реанимация залдары, қарқынды терапия палаталары

19

Суды бактериологиялық және санитариялық-химиялық зерттеулерге зерттеу

ғимаратқа кіретін және шығатын су тарату шүмектері (орталықтандырылған сумен жабдықтау кезінде), құдықтар, ұңғымалар, каптаждар және бұлақтар, су тарату шүмектері (орталықсыздандырылған сумен жабдықтау кезінде)

20

Жарықтандыруды өлшеу

ерекше режимдегі үй-жайлар: операциялық, процедуралық, манипуляциялық, аясы тар мамандардың қабылдау кабинеттері (офтальмолог, хирург, акушер-гинеколог, травматолог, стоматолог), жаңа туған нәрестелерге арналған палаталар, реанимация залдары, қарқынды терапия палаталары, қан дайындау үй-жайлары

21

Шу деңгейін өлшеу

операциялық

22

Электромагниттік және иондалмаған сәулеленуді өлшеу

физиотерапиялық, диагностикалық кабинеттердегі жұмыс орындарында

23

Радиологиялық өлшеулер

иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезінде

8-бөлім. Дәрілік заттарды дайындау объектілері

24

Микроклиматты зерттеу:
температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысы жылдамдығы, ауа алмасу еселігі

ассистенттік, дәріханалық ыдысты стерильдеу, дистилляциялау, өлшеп-орау бөлмелері, асептикалық жағдайларда дәрі түрлерін дайындауға арналған үй-жайлар, сақтау үй-жайлары

25

Суды бактериологиялық және санитариялық-химиялық зерттеулерге зерттеу

ғимаратқа кіретін және шығатын су тарату шүмектері

26

Жарықтандыруды өлшеу

ассистенттік, дәріханалық ыдысты стерильдеу, дистилляциялау, өлшеп-орау бөлмелері, асептикалық жағдайларда дәрі түрлерін дайындауға арналған үй-жайлар, сақтау үй-жайлары үй-жайлар, сақтау үй-жайлары

9-бөлім. Емдеу-косметологиялық объектілер, сұлулық салондары, косметологиялық орталықтар

27

Суды бактериологиялық және санитариялық-химиялық зерттеулерге зерттеу

су тарату шүмектері (орталықтандырылған сумен жабдықтау кезінде), құдықтар, ұңғымалар, каптаждар және бұлақтар, су тарату шүмектері (орталықтандырылмаған сумен жабдықтау кезінде)

28

Жарықтандыруды өлшеу

жұмыс орындары

10-бөлім. Өндірістік объектілер

29

Микроклимат параметрлерін зерттеу

жұмыс орындары

30

Физикалық факторлар және иондалмаған сәулелену параметрлерін зерттеу

сәулелену көздері мен физикалық факторлар болған кезде жұмыс орындары

31

Радиологиялық өлшеулер

иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеген кезде жұмыс орындары

32

Жұмыс аймағы ауасының параметрлерін зерттеу

жұмыс орындары (зиянды химиялық заттардың көздері болған кезде)

11-бөлім. Радиотехникалық объектілер

33

Электромагниттік өріс деңгейі

өндірістік үй-жайлар, санитариялық-қорғау аймағының шекарасы, құрылыс салу шектелген аймақтар

12-бөлім. Радиациялық қауіпті объектілер

34

Микроклимат параметрлерін зерттеу

жұмыс орындары

35

Физикалық факторлар және иондалмаған сәулелену параметрлерін зерттеу

сәулелену көздері және физикалық факторлар болған кезде жұмыс орындары

36

Радиологиялық өлшеулер

жұмыс орындары, үй-жайлар, ұйымның аумағы, бақыланатын аймақтар және қоршаған орта

13-бөлім. Көлік құралдары

37

Микроклимат параметрлерін зерттеу

жұмыс және жолаушылар орындары (бар болған кезде)

38

Суды бактериологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттеу

конструкциясында сумен жабдықтау жүйесі көзделген көлік құралдары үшін

39

Физикалық факторлар және иондалмаған сәулелену параметрлерін зерттеу

жұмыс және жолаушылар орындары (бар болған кезде)

40

Көлік құралдары үй-жайларының ауасындағы зиянды заттарды зерттеу

жұмыс және жолаушылар орындары (бар болған кезде)

14-бөлім. Шаруашылық-ауызсумен жабдықтау объектілері

41

Суды бактериологиялық және санитариялық-химиялық зерттеулерге зерттеу

су алу нүктелері

42

Суды радиологиялық зерттеу

сумен жабдықтаудың жаңа көздері үшін

15-бөлім. Су объектілері (мәдени-тұрмыстық мақсаттағы), демалу орындары

43

Суды бактериологиялық және санитариялық-химиялық зерттеулерге зерттеу

пайдалану орындары

44

Топырақты гельминт жұмыртқаларына зерттеу

жағажайлар (бар болған кезде)

16-бөлім. Тамақ өнімдерін көтерме сақтау объектілері, химиялық заттар мен өнімді, агрохимикаттар мен пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтауға арналған қоймалар, вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық препараттарды, залалсыздандыру, дезинсекциялау, дератизациялау құралдары мен препараттарын сақтау және тасымалдау объектілері

45

Микроклиматты зерттеу:
температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысы жылдамдығы

қойма үй-жайлары

46

Желдету тиімділігін өлшеу

қойма үй-жайлары

17-бөлім. Вахталық кенттер

47

Микроклиматты зерттеу:
температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысы жылдамдығы

тұрғын бөлмелер, демалуға арналған үй-жайлар

48

Суды бактериологиялық және санитариялық-химиялық зерттеулерге зерттеу

су тарату шүмектері (орталықтандырылған сумен жабдықтау кезінде), құдықтар, ұңғымалар, каптаждар және бұлақтар, су тарату шүмектері (орталықсыздандырылған сумен жабдықтау кезінде)

18-бөлім. Потенциалды қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханалар

49

Микроклиматы зерттеу:
температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысы жылдамдығы

зерттеулерге арналған үй-жайлар, жұмыс орындары

50

Жарықтандыруды өлшеу

жұмыс орындары

51

Желдету тиімділігін өлшеу

зерттеулерге арналған үй-жайлар, жұмыс орындары

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2020 жылғы 10 шілдедегі
№ 322 бұйрығына
2-қосымша

"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери қалашықтары мен оқу орталықтарының аумағында орналасқан объектілерде жобаларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери қалашықтары мен оқу орталықтарының аумағында орналасқан объектілерде жобаларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери қалашықтары мен оқу орталықтарының аумағында орналасқан объектілерде жобаларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік қызметті халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 09.03.2022 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      3. Жеке немесе заңды тұлғалар мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы өтініш жасайды.

      Қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну ерекшеліктері ескерілген өзге де мәліметтер стандартта жазылған.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 09.03.2022 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Портал арқылы өтініш жасаған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салуды қабылдау белгісі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсетумен хабарлама жолданады.

      Көрсетілетін қызметті алушы тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне уәкілетті орган басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті одан әрі қараудан бас тартуды жолдайды.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 09.03.2022 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      6. Ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажет ұсынылған деректер мен мәліметтердің "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының кодексі 144-бабының 6-тармағына сәйкес бекітілген халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде және гигиеналық нормативтерде белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді, сәйкес келмеген жағдайда 2 жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуды ресімдейді.

      Портал арқылы өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті одан әрі қараудан бас тарту уәкілетті орган басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында қалыптастырылады және порталдағы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жолданады.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      7. Құжаттар толық және талаптарға сәйкес болған жағдайда жауапты орындаушы 10 (он) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келуіне санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізеді.

      Ұсынылған құжаттар халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкес келген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес объектінің сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны уәкілетті орган басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында ресімдейді және көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" жолдайды.

      Ұсынылған құжаттар сәйкес келмеген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымды білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдауды жүргізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей жолданады. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижесі бойынша көрсетілетін қызметті беруші объектінің сәйкес келуі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды береді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 09.03.2022 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтерді көрсетуді мониторингтеу ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      9. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту стандарттың 9 тармағында көрсетілген.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жолдайды.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жолдамауға құқылы.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 09.03.2022 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 09.03.2022 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  "Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігінің
әскери қалашықтары мен
оқу орталықтарының аумағында
орналасқан объектілерде
жобаларға, жұмыстар мен
көрсетілетін қызметтерге
санитариялық-эпидемиологиялық
қорытынды беру" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 09.03.2022 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери қалашықтары мен оқу орталықтарының аумағында орналасқан объектілерде жобаларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бөлімшелері

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкімет" веб-порталы

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Портал арқылы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін негізде көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

1. Көрсетілетін қызметті берушінің: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
2. Порталда: тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) қоршаған ортаға зиянды заттардың және физикалық факторлардың жол берілген шекті шығарындылары мен жол берілген шекті төгінділері жөніндегі нормативтік құжаттаманың жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін:
порталға: осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
қоршаған ортаға зиянды заттардың және физикалық факторлардың жол берілген шекті шығарындылары мен жол берілген шекті төгінділері жөніндегі нормативтік құжаттама жобасының электрондық көшірмесі;
2) санитариялық қорғалған аймақ, санитариялық қорғау аймақтары нормативтік құжаттамасының жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін:
порталға: осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
санитариялық қорғалған аймақ, санитариялық қорғау аймақтары нормативтік құжаттамасы жобасының электрондық көшірмесі;
3) шикізат пен өнімге нормативтік құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін:
порталға: осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
шикізат пен өнімге нормативтік құжаттама жобасының электрондық көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 94-бабының 4-тармағында көзделген халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде және гигиеналық нормативтерде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіз болып табылады

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде, порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы ала алады.
Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.mod.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті ЭЦҚ бар болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда ала алады.

  ""Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігінің
әскери қалашықтары мен
оқу орталықтарының аумағында
орналасқан объектілерде
жобаларға, жұмыстар мен
көрсетілетін қызметтерге
санитариялық-эпидемиологиялық
қорытынды беру" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 09.03.2022 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі


БҚСЖ бойынша нысан коды____________________
КҰЖЖ бойынша ұйым коды ____________________

Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мемлекеттік органының атауы



Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды 20___ жылғы "_______"_________________№ __________

      1. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама___________________________
(санитариялық-эпидемиологиялық сараптама объектісінің толық атауы)
___________________________________________________________ жүргізілді.
(өтініші, нұсқамасы, қаулысы бойынша, жоспарлы және басқа да (күні, нөмірі)
2. Тапсырыс беруші (көрсетілетін қызметті алушы) _________________________
(шаруашылық жүргізуші субъектінің толық атауы (тиесілігі), объектінің мекенжайы/
орналасқан жері, телефоны, жетекшінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)
3. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама объектісінің қолданылу саласы
____________________________________________________________________
(қызмет түрі)
4. Жобалар, материалдар әзірленді, дайындалды _____________________
5. Ұсынылған құжаттар ____________________________________________
6. Өнім үлгілері ұсынылды _________________________________________
7. Басқа ұйымдардың сараптамалық қорытындысы (егер бар болса) _____
_____________________________________________________________________
қорытынды берген ұйымның атауы
8. Сараптама объектісінің (көрсетілетін қызметтің, процестің, жағдайдың, технологияның,
өндірістің, өнімнің) толық санитариялық-гигиеналық сипаттамасы мен бағалануы
_______________________________________________________
9. Құрылысқа арналған жер учаскесінің, реконструкциялау объектісінің сипаттамасы;
өлшемі, ауданы, топырақ түрі, учаскенің бұрын пайдаланылуы, жерасты суы биіктігі,
батпақтану, желдің басымды бағыты, санитариялық-қорғау аймағының өлшемі, сумен,
кәрізбен, жылумен жабдықтау мүмкіндігі және қоршаған ортаға және халық денсаулығына
әсер етуі, дүниенің төрт жағы бойынша бағдарлау)_________________________
10. Зертханалық және зертханалық-құралдық зерттеу және сынау хаттамалары, сондай-ақ
басты жоспарлардан, сызбалардан, суреттерден көшірмелер
_____________________________________________________________________
Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды
_____________________________________________________________________
санитариялық-эпидемиологиялық сараптама объектісінің толық атауы
_____________________________________________________________________
Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама негізінде санитариялық қағидалар мен
гигиеналық нормативтерге сәйкес келеді
___________________________________________________________________
Ұсыныстар: _____________________________________________________
Мөр орны (Мемлекеттік санитариялық бас дәрігер (орынбасары)
____________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), қолы

  "Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігінің әскери
қалашықтары мен оқу
орталықтарының аумағында
орналасқан объектілерде
жобаларға, жұмыстар мен
көрсетілетін қызметтерге
санитариялық-
эпидемиологиялық қорытынды
беру" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
3-қосымша
  Нысан
  ____________________________
басшының тегі, аты, әкесінің
аты (бар болған кезде)
____________________________
мемлекеттік органның атауы
____________________________
өтініш иесінің тегі, аты, әкесінің
аты (бар болған кезде)
____________________________
жеке сәйкестендіру
нөмірі/бизнес сәйкестендіру
нөмірі
____________________________
өтініш иесінің мекенжайы
____________________________
өтініш иесінің байланыс
телефоны

Өтініш

      Сізден ___________________________________________________________________

                              (аудан, көше, үй, пәтер)

      бойынша орналасқан объектінің мақсатты арналуын қарап тексеруді және оған

      санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруді сұраймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісемін.

      ________________________________________________________________________

                                          қолы, жылы, күні, айы

      Қосымша (құжаттардың көшірмелері):

      1.

      2.