Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 10 шiлдедегi № 322 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 14 шiлдеде № 20957 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери қалашықтары мен оқу орталықтарының аумағында орналасқан объектілердегі гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери қалашықтары мен оқу орталықтарының аумағында орналасқан объектілерде жобаларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.

      2. Мыналардың:

      1) "Санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бөлімшелері көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 238 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 26 маусымда № 11467 болып тіркелген, 2015 жылғы 31 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2) "Санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бөлімшелері көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 29 шілдедегі № 434 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 1 қыркүйекте № 11992 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас әскери-медициналық басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
Н. Ермекбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      ___________________________

      20___ жылғы "___" _________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      ___________________________

      20___ жылғы "___" _________

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2020 жылғы 10 шілдедегі
№ 322 бұйрығына
1-қосымша

"Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери қалашықтары мен оқу орталықтарының аумағында орналасқан объектілердегі гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери қалашықтары мен оқу орталықтарының аумағында орналасқан объектілердегі гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери қалашықтары мен оқу орталықтарының аумағында орналасқан объектілердегі гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Қорғаныс министрінің 09.03.2022 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Мемлекеттік қызметті халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бөлімшелері ("64615 әскери бөлімі" РММ, "01826 әскери бөлімі" РММ) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      3-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Қорғаныс министрінің 09.03.2022 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Жеке немесе заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік қызметті алу үшін осы қағидаларға 1-қосымшаның 8 тармағы мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі – стандарт) сәйкес құжаттарды қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті берушіге не www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы өтініш жасайды.

      Процестің сипаттамасын, қызмет көрсету нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметті ұсыну ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында жазылған.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      4-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Қорғаныс министрінің 09.03.2022 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезде көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады, көрсетілетін қызметті алушыға қабылданған күнін, сұратылған мемлекеттік қызмет түрін, қоса берілген құжаттардың саны мен атауын, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру күнін көрсете отырып, еркін нысанда тиісті құжаттардың қабылдағаны туралы қолхат береді және 1 (бір) жұмыс күні ішінде жауапты орындаушыны айқындайтын басшылыққа қарауға береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Портал арқылы өтініш жасаған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салуды қабылдау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсетумен хабарлама жолданады.

      Көрсетілетін қызметті алушы тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне уәкілетті орган басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті одан әрі қараудан бас тартуды жолдайды.

      5. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      6. Ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажет ұсынылған деректер мен мәліметтердің "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының кодексі 144-бабының 6-тармағына сәйкес бекітілген халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде және гигиеналық нормативтерде белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді, сәйкес келмеген жағдайда 2 жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуды ресімдейді.

      Портал арқылы өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті одан әрі қараудан бас тарту уәкілетті орган басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында қалыптастырылады және порталдағы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жолданады.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      7-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Қорғаныс министрінің 09.03.2022 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Құжаттар толық және талаптарға сәйкес болған жағдайда жауапты орындаушы 11 (он бір) жұмыс күні ішінде объектінің ұсынылған құжаттарға сәйкес келуін тексереді, объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады және объектіні санитариялық-эпидемиологиялық тексеру актісін ресімдейді.

      Объектіні санитариялық-эпидемиологиялық тексеру актісінің негізінде көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес объектінің сәйкестігі не сәйкес еместігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны уәкілетті орган басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында ресімдейді және өтініш иесінің порталдағы "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне өтініш жасаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады, көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен және уәкілетті адамының қолтаңбасымен куәландырылады және қолма-қол беріледі.

      8. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтерді көрсетуді мониторингтеу ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      9. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту стандарттың 9 тармағында көрсетілген.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      10-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Қорғаныс министрінің 09.03.2022 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      11-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Қорғаныс министрінің 09.03.2022 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

  "Мемлекеттік санитариялық-
эпидемиологиялық қадағалау
объектісінің халықтың
санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы
нормативтік құқықтық актілерге
және Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігінің әскери
қалашықтары мен оқу
орталықтарының аумағында
орналасқан объектілердегі
гигиеналық нормативтерге
сәйкестігі (сәйкес еместігі)
туралы санитариялық-
эпидемиологиялық
қорытындылар беру"
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына
1-қосымша

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-қосымша жаңа редакцияда көзделген – ҚР Қорғаныс министрінің 09.03.2022 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери қалашықтары мен оқу орталықтарының аумағында орналасқан объектілердегі гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бөлімшелері.

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

ҚР ҚМ "64615 әскери бөлімі" РММ, ҚР ҚМ "01826 әскери бөлімі" РММ, "электрондық үкімет" веб-порталы

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті берушіге, сондай-ақ портал арқылы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағазда.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Осы қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Көрсетілетін қызметті алушы қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу үшін өтініш жасаған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен және уәкілетті адамының қолтаңбасымен расталады.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы өтініш жасаған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемнің мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін негізде көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

1. Көрсетілетін қызметті берушіде: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейінгіні қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырылады.
2. Порталда: тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда). Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде өтініштерді қабылдау және қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

1) көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезде:
осы қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
осы қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін қажетті зертханалық-құралдық зерттеулерге (сынауларға) сәйкес аккредиттелген зертханалар жүргізген сынаулар (зерттеулер) хаттамалары;
2) порталға:
осы қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
осы қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес аккредиттелген зертханалар санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін қажетті зертханалық-құралдық зерттеулерге (сынауларға) сәйкес жүргізген сынаулар (зерттеулер) хаттамаларының электрондық көшірмелері.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті
көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының кодексі 144-бабының 6-тармағына сәйкес бекітілген халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде және гигиеналық нормативтерде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіз болып табылады.

10

Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде, порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің: www.mod.gov.kz интернет-ресурстарында көрсетілген.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті ЭЦҚ бар болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар

  Мемлекеттік санитариялық-
эпидемиологиялық қадағалау
объектісінің халықтың
санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы
нормативтік құқықтық актілерге
және Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігінің әскери
қалашықтары мен оқу
орталықтарының аумағында
орналасқан объектілердегі
гигиеналық нормативтерге
сәйкестігі (сәйкес еместігі)
туралы санитариялық-
эпидемиологиялық
қорытындылар беру"
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2-қосымша жаңа редакцияда көзделген – ҚР Қорғаныс министрінің 09.03.2022 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі

Нысанның БҚСЖ бойынша коды__________________ КҰЖЖ бойынша ұйым коды ______________________

№ 017/е нысанды медициналық құжаттама Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы "30" мамырдағы № 415 бұйрығымен бекітілген

Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мемлекеттік органының атауы

Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды

      № _____                         20___ жылғы "_______"___________________

      1. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама____________________________

      (санитариялық-эпидемиологиялық сараптама объектісінің толық атауы)

      Жүргізілді________________________________________________________________

      өтініш, ұйғарым, қаулы бойынша, жоспарлы және басқа да (күні, нөмірі)

      2. Тапсырыс беруші (өтініш иесі) ____________________________________________

      шаруашылық жүргізуші субъектінің толық атауы (тиесілілігі), объектінің

      мекенжайы/орналасқан жері, телефоны, жетекшінің тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болған кезде)

      3. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама объектісінің қолданылу саласы_______

      __________________________________________________________________________

                                          қызмет түрі

      4. Жобалар, материалдар әзірленді, дайындалды _______________________________

      5. Ұсынылған құжаттар ______________________________________________________

      6. Өнімнің үлгілері ұсынылды __________________________________________

      7. Басқа ұйымдардың сараптамалық қорытындысы (егер бар болса) _______________

      _________________________________________________________________________

      қорытынды берген ұйымның атауы

      8. Сараптама объектісінің толық санитариялық-гигиеналық сипаттамасы мен бағалауы

      (көрсетілетін қызметтерге, процестерге, жағдайларға, технологияларға, өндіріске,

      өнімге)

      __________________________________________________________________________

      9. Құрылысқа арналған жер учаскесінің, реконструкциялау объектісінің сипаттамасы;

      өлшемдері, ауданы, топырақ түрі, учаскенің бұрын пайдаланылуы, жерасты суларының

      тұру биіктігі, батпақтану, желдің басымды бағыттары, санитариялық-қорғау

      аймағының өлшемдері, сумен, кәрізбен, жылумен жабдықтау мүмкіндігі және

      қоршаған ортаға және халық денсаулығына ықпал етуі, дүниенің жақтары бойынша

      бағдарлау)__________

      __________________________________________________________________________

      10. Зертханалық және зертханалық-құралдық зерттеулер мен сынаулар хаттамалары,

      сондай-ақ бас жоспарлардың, сызбалардың, суреттердің көшірмелері ___________

      Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды

      __________________________________________________________________________

      (санитариялық-эпидемиологиялық сараптама объектісінің толық атауы)

      _________________________________________________________________________

      (санитариялық-эпидемиологиялық сараптама негізінде)

      Санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерге сәйкес келеді немесе сәйкес

      келмейді _______________________________________________________________

      керектің астын сызыңыз

      Ұсыныстар: ______________________________________________________________

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы

      18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының кодексі негізінде осы санитариялық-

      эпидемиологиялық қорытындының міндетті күші бар.

      Мөр орны                   Мемлекеттік санитариялық бас дәрігер (орынбасар)

      ___________________________________________________________

                        тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), қолы

  "Мемлекеттік санитариялық-
эпидемиологиялық қадағалау
объектісінің халықтың
санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы
нормативтік құқықтық актілерге
және Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігінің әскери
қалашықтары мен оқу
орталықтарының аумағында
орналасқан объектілердегі
гигиеналық нормативтерге
сәйкестігі (сәйкес еместігі)
туралы санитариялық-
эпидемиологиялық
қорытындылар беру"
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан
  ____________________________
басшының тегі, аты, әкесінің
аты (бар болған кезде)
____________________________
мемлекеттік органның атауы
____________________________
өтініш иесінің тегі, аты, әкесінің
аты (бар болған кезде)
____________________________
жеке сәйкестендіру
нөмірі/бизнес сәйкестендіру
нөмірі
____________________________
өтініш иесінің мекенжайы
____________________________
өтініш иесінің байланыс
телефоны

Өтініш

      Сізден ___________________________________________________________________

                        (аудан, көше, үй, пәтер)

      бойынша орналасқан объектінің мақсатты арналуын тексеруді және оған санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруді сұраймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      ________________________________________________________________________

                              қолы, жылы, күні, айы

      Қосымша (құжаттардың көшірмелері):

      1.

      2.

  "Мемлекеттік санитариялық-
эпидемиологиялық қадағалау
объектісінің халықтың
санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы
нормативтік құқықтық актілерге
және Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігінің әскери
қалашықтары мен оқу
орталықтарының аумағында
орналасқан объектілердегі
гигиеналық нормативтерге
сәйкестігі (сәйкес еместігі)
туралы санитариялық-
эпидемиологиялық
қорытындылар беру"
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына
4-қосымша

Cанитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін қажетті зертханалық-құралдық зерттеулер (сынаулар)

Р/с №

Зерттеулер (сынаулар) түрлері

Өлшеу немесе сынама алу орны

1-бөлім. Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту объектілері

1

Микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысы жылдамдығы

топтық, жатын орындар, медициналық кабинеттер, бассейндер (бар болған кезде)

2

Суды зерттеу:


орталықтандырылған сумен жабдықтау кезінде – су құбыры жүйесінен алынған су (бактериологиялық және санитариялық-химиялық зерттеулер)

су тарату шүмектері (тамақ пісіру блогы)

орталықсыздандырылған сумен жабдықтау кезінде – құдықтардан, ұңғымалардан, каптаждардан, қоғамдық пайдалану бұлақтарынан алынған су (бактериологиялық, санитариялық-химиялық, паразитологиялық зерттеулер)

құдықтар, ұңғымалар, каптаждар, бұлақтар, су тарату шүмектері

бар болған кезде – жабық жүзу бассейндерінен және ванналардан алынған су (бактериологиялық, санитариялық-химиялық, паразитологиялық зерттеулер)

екі нүктеде – бассейн ваннасының тайыз және терең бөліктерінде су айдыны бетінен 25-30 сантиметр (бұдан әрі – см) тереңдікте, фильтрлеуден кейінгі су

2-бөлім. Білім беру және тәрбиелеу объектілері

3

Микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысы жылдамдығы

жатын орындар, оқу үй-жайлары, шеберханалар, медициналық кабинеттер

4

Желдету тиімділігін зерттеу

спорт залы, тамақ пісіру блогы

5

Суды зерттеу:


орталықтандырылған сумен жабдықтау кезінде – су құбыры жүйесінен алынған су (бактериологиялық және санитариялық-химиялық зерттеулер)

су тарату шүмектері (тамақ пісіру блогы)

орталықсыздандырылған сумен жабдықтау кезінде – құдықтардан, ұңғымалардан, каптаждардан, қоғамдық пайдалану бұлақтарынан алынған су (бактериологиялық, санитариялық-химиялық, паразитологиялық зерттеулер)

құдықтар, ұңғымалар, каптаждар, бұлақтар, су тарату шүмектері

бар болған кезде – жабық жүзу бассейндерінен және ванналардан алынған су (бактериологиялық, санитариялық-химиялық, паразитологиялық зерттеулер)

екі нүктеде – бассейн ваннасының тайыз және терең бөліктерінде су айдыны бетінен 25-30 см тереңдікте, фильтрлеуден кейінгі су

6

Физикалық факторларды зерттеу:


электромагниттік және электростатикалық өріс кернеуі, ауаның иондалу деңгейі

компьютерлік және мультимедиялық сыныптар, кабинеттер

жасанды жарық түсіру деңгейі

оқу үй-жайлары, зертханалар, шеберханалар, оқу залы, медициналық кабинет

шу, діріл

шеберханалар және онымен іргелес оқу кабинеттері

3-бөлім. Балаларды сауықтыру, санаториялық, сауықтыру объектілері, базалар, демалу орындары

7

Суды бактериологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттеу

ғимаратқа кіретін және шығатын су тарату шүмектері (орталықтандырылған сумен жабдықтау кезінде), құдықтар, ұңғымалар, каптаждар және бұлақтар, су тарату шүмектері (орталықсыздандырылған сумен жабдықтау кезінде)

8

Бар болған кезде – жабық жүзу бассейндерінің суын зерттеу (бактериологиялық, санитариялық-химиялық, паразитологиялық зерттеулер)

екі нүктеде – бассейн ваннасының тайыз және терең бөліктерінде су айдыны бетінен 25-30 см тереңдікте

4-бөлім. Балалар сүт асүйлері

9

Суды бактериологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттеу

ғимаратқа кіретін және шығатын су тарату шүмектері (орталықтандырылған сумен жабдықтау кезінде), құдықтар, ұңғымалар, каптаждар және бұлақтар, су тарату шүмектері (орталықсыздандырылған сумен жабдықтау кезінде)

10

Микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысы жылдамдығы

өндірістік үй-жайлар, қойма үй-жайлары

5-бөлім. Қоғамдық тамақтану, сауда объектілері

11

Микроклиматты зерттеу:
температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысы жылдамдығы

өндірістік үй-жайлар, қойма үй-жайлары

12

Суды бактериологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттеу

ғимаратқа кіретін және шығатын су тарату шүмектері (орталықтандырылған сумен жабдықтау кезінде), құдықтар, ұңғымалар, каптаждар, бұлақтар, су тарату шүмектері (орталықсыздандырылған сумен жабдықтау кезінде)

13

Желдету тиімділігін өлшеу

өндірістік үй-жайлар

14

Тоңазытқыш және технологиялық жабдық жұмыс істеген кезде желдету жабдығынан болатын шу (кіріктіріліп-жапсарлас салынған үй-жайларда)

желдету қондырғылары, жабдық орналасқан орындар

6-бөлім. Тамақ өнімдерін өңдеу, өндіру объектілері

15

Микроклиматты зерттеу:
температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысы жылдамдығы

өндірістік үй-жайлар, қойма үй-жайлары

16

Суды бактериологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттеу

ғимаратқа кіретін және шығатын су тарату шүмектері (орталықтандырылған сумен жабдықтау кезінде), құдықтар, ұңғымалар, каптаждар, бұлақтар, су тарату шүмектері (орталықсыздандырылған сумен жабдықтау кезінде)

17

Желдету тиімділігін өлшеу

өндірістік үй-жайлар

7-бөлім. Денсаулық сақтау объектілері

18

Микроклиматты зерттеу:
температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысы жылдамдығы, ауа алмасу еселігі

ерекше режимдегі үй-жайлар: операциялық, процедуралық, манипуляциялық, стерильдеу бөлімшелері, жаңа туған нәрестелерге арналған палаталар, босандырудан кейінгі палаталар, бокстар, реанимация залдары, қарқынды терапия палаталары

19

Суды бактериологиялық және санитариялық-химиялық зерттеулерге зерттеу

ғимаратқа кіретін және шығатын су тарату шүмектері (орталықтандырылған сумен жабдықтау кезінде), құдықтар, ұңғымалар, каптаждар және бұлақтар, су тарату шүмектері (орталықсыздандырылған сумен жабдықтау кезінде)

20

Жарықтандыруды өлшеу

ерекше режимдегі үй-жайлар: операциялық, процедуралық, манипуляциялық, аясы тар мамандардың қабылдау кабинеттері (офтальмолог, хирург, акушер-гинеколог, травматолог, стоматолог), жаңа туған нәрестелерге арналған палаталар, реанимация залдары, қарқынды терапия палаталары, қан дайындау үй-жайлары

21

Шу деңгейін өлшеу

операциялық

22

Электромагниттік және иондалмаған сәулеленуді өлшеу

физиотерапиялық, диагностикалық кабинеттердегі жұмыс орындарында

23

Радиологиялық өлшеулер

иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезінде

8-бөлім. Дәрілік заттарды дайындау объектілері

24

Микроклиматты зерттеу:
температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысы жылдамдығы, ауа алмасу еселігі

ассистенттік, дәріханалық ыдысты стерильдеу, дистилляциялау, өлшеп-орау бөлмелері, асептикалық жағдайларда дәрі түрлерін дайындауға арналған үй-жайлар, сақтау үй-жайлары

25

Суды бактериологиялық және санитариялық-химиялық зерттеулерге зерттеу

ғимаратқа кіретін және шығатын су тарату шүмектері

26

Жарықтандыруды өлшеу

ассистенттік, дәріханалық ыдысты стерильдеу, дистилляциялау, өлшеп-орау бөлмелері, асептикалық жағдайларда дәрі түрлерін дайындауға арналған үй-жайлар, сақтау үй-жайлары үй-жайлар, сақтау үй-жайлары

9-бөлім. Емдеу-косметологиялық объектілер, сұлулық салондары, косметологиялық орталықтар

27

Суды бактериологиялық және санитариялық-химиялық зерттеулерге зерттеу

су тарату шүмектері (орталықтандырылған сумен жабдықтау кезінде), құдықтар, ұңғымалар, каптаждар және бұлақтар, су тарату шүмектері (орталықтандырылмаған сумен жабдықтау кезінде)

28

Жарықтандыруды өлшеу

жұмыс орындары

10-бөлім. Өндірістік объектілер

29

Микроклимат параметрлерін зерттеу

жұмыс орындары

30

Физикалық факторлар және иондалмаған сәулелену параметрлерін зерттеу

сәулелену көздері мен физикалық факторлар болған кезде жұмыс орындары

31

Радиологиялық өлшеулер

иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеген кезде жұмыс орындары

32

Жұмыс аймағы ауасының параметрлерін зерттеу

жұмыс орындары (зиянды химиялық заттардың көздері болған кезде)

11-бөлім. Радиотехникалық объектілер

33

Электромагниттік өріс деңгейі

өндірістік үй-жайлар, санитариялық-қорғау аймағының шекарасы, құрылыс салу шектелген аймақтар

12-бөлім. Радиациялық қауіпті объектілер

34

Микроклимат параметрлерін зерттеу

жұмыс орындары

35

Физикалық факторлар және иондалмаған сәулелену параметрлерін зерттеу

сәулелену көздері және физикалық факторлар болған кезде жұмыс орындары

36

Радиологиялық өлшеулер

жұмыс орындары, үй-жайлар, ұйымның аумағы, бақыланатын аймақтар және қоршаған орта

13-бөлім. Көлік құралдары

37

Микроклимат параметрлерін зерттеу

жұмыс және жолаушылар орындары (бар болған кезде)

38

Суды бактериологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттеу

конструкциясында сумен жабдықтау жүйесі көзделген көлік құралдары үшін

39

Физикалық факторлар және иондалмаған сәулелену параметрлерін зерттеу

жұмыс және жолаушылар орындары (бар болған кезде)

40

Көлік құралдары үй-жайларының ауасындағы зиянды заттарды зерттеу

жұмыс және жолаушылар орындары (бар болған кезде)

14-бөлім. Шаруашылық-ауызсумен жабдықтау объектілері

41

Суды бактериологиялық және санитариялық-химиялық зерттеулерге зерттеу

су алу нүктелері

42

Суды радиологиялық зерттеу

сумен жабдықтаудың жаңа көздері үшін

15-бөлім. Су объектілері (мәдени-тұрмыстық мақсаттағы), демалу орындары

43

Суды бактериологиялық және санитариялық-химиялық зерттеулерге зерттеу

пайдалану орындары

44

Топырақты гельминт жұмыртқаларына зерттеу

жағажайлар (бар болған кезде)

16-бөлім. Тамақ өнімдерін көтерме сақтау объектілері, химиялық заттар мен өнімді, агрохимикаттар мен пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтауға арналған қоймалар, вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық препараттарды, залалсыздандыру, дезинсекциялау, дератизациялау құралдары мен препараттарын сақтау және тасымалдау объектілері

45

Микроклиматты зерттеу:
температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысы жылдамдығы

қойма үй-жайлары

46

Желдету тиімділігін өлшеу

қойма үй-жайлары

17-бөлім. Вахталық кенттер

47

Микроклиматты зерттеу:
температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысы жылдамдығы

тұрғын бөлмелер, демалуға арналған үй-жайлар

48

Суды бактериологиялық және санитариялық-химиялық зерттеулерге зерттеу

су тарату шүмектері (орталықтандырылған сумен жабдықтау кезінде), құдықтар, ұңғымалар, каптаждар және бұлақтар, су тарату шүмектері (орталықсыздандырылған сумен жабдықтау кезінде)

18-бөлім. Потенциалды қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханалар

49

Микроклиматы зерттеу:
температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысы жылдамдығы

зерттеулерге арналған үй-жайлар, жұмыс орындары

50

Жарықтандыруды өлшеу

жұмыс орындары

51

Желдету тиімділігін өлшеу

зерттеулерге арналған үй-жайлар, жұмыс орындары

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2020 жылғы 10 шілдедегі
№ 322 бұйрығына
2-қосымша

"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери қалашықтары мен оқу орталықтарының аумағында орналасқан объектілерде жобаларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери қалашықтары мен оқу орталықтарының аумағында орналасқан объектілерде жобаларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери қалашықтары мен оқу орталықтарының аумағында орналасқан объектілерде жобаларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін айқындайды.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Қорғаныс министрінің 09.03.2022 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Мемлекеттік қызметті халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бөлімшелері ("64615 әскери бөлімі" РММ, "01826 әскери бөлімі" РММ) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      3-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Қорғаныс министрінің 09.03.2022 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Жеке немесе заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік қызметті алу үшін осы қағидаларға 1-қосымшаның 8 тармағы мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі – стандарт) сәйкес құжаттарды қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті берушіге не www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы өтініш жасайды.

      Процестің сипаттамасын, қызмет көрсету нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметті ұсыну ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында жазылған.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      4-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Қорғаныс министрінің 09.03.2022 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезде көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады, көрсетілетін қызметті алушыға қабылданған күнін, сұратылған мемлекеттік қызмет түрін, қоса берілген құжаттар саны мен атауын, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру күнін көрсете отырып, еркін нысанда тиісті құжаттардың қабылдағаны туралы қолхат береді және 1 (бір) жұмыс күні ішінде жауапты орындаушыны айқындайтын басшылыққа қарауға береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады

      Портал арқылы өтініш жасаған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салуды қабылдау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жолданады.

      Көрсетілетін қызметті алушы тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне уәкілетті орган басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті одан әрі қараудан бас тартуды жолдайды.

      5. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      6. Ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажет ұсынылған деректер мен мәліметтердің "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының кодексі 144-бабының 6-тармағына сәйкес бекітілген халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде және гигиеналық нормативтерде белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді, сәйкес келмеген жағдайда 2 жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуды ресімдейді.

      Портал арқылы өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті одан әрі қараудан бас тарту уәкілетті орган басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында қалыптастырылады және порталдағы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жолданады.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      7-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Қорғаныс министрінің 09.03.2022 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Құжаттар толық және талаптарға сәйкес болған жағдайда жауапты орындаушы 11 (он бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келуіне санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізеді.

      Ұсынылған құжаттарға жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық сараптама негізінде көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес объектінің сәйкестігі не сәйкес еместігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны уәкілетті орган басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында ресімдейді және өтініш иесінің порталдағы "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жолданады.

      Көрсетілетін қызметті алушы қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне өтініш жасаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады, көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен және уәкілетті адамының қолтаңбасымен куәландырылады және қолма-қол беріледі.

      8. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтерді көрсетуді мониторингтеу ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      9. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту стандарттың 9 тармағында көрсетілген.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      10-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Қорғаныс министрінің 09.03.2022 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      11-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Қорғаныс министрінің 09.03.2022 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

  "Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігінің әскери
қалашықтары мен оқу
орталықтарының аумағында
орналасқан объектілерде
жобаларға, жұмыстар мен
көрсетілетін қызметтерге
санитариялық-
эпидемиологиялық қорытынды
беру" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
1-қосымша

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-қосымша жаңа редакцияда көзделген – ҚР Қорғаныс министрінің 09.03.2022 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери қалашықтары мен оқу орталықтарының аумағында орналасқан объектілерде жобаларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік қызметін көрсету стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бөлімшелері

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

ҚР ҚМ "64615 әскери бөлімі" РММ, ҚР ҚМ "01826 әскери бөлімі" РММ, "электрондық үкімет" веб-порталы

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті берушіге, сондай-ақ портал арқылы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағазда

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Осы қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Көрсетілетін қызметті алушы қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу үшін өтініш жасаған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен және уәкілетті адамының қолтаңбасымен расталады.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы өтініш жасаған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемнің мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін негізде көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

1. Көрсетілетін қызметті берушінің: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырылады.
2. Порталдың: тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда). Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде өтініштерді қабылдау және қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) қоршаған ортаға зиянды заттардың және физикалық факторлардың жол берілген шекті шығарындылары мен жол берілген шекті төгінділері жөніндегі нормативтік құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін;
көрсетілетін қызметті берушіге:
осы қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
қоршаған ортаға зиянды заттардың және физикалық факторлардың жол берілген шекті шығарындылары мен жол берілген шекті төгінділері жөніндегі нормативтік құжаттама жобасы;
порталға:
осы қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
қоршаған ортаға зиянды заттардың және физикалық факторлардың жол берілген шекті шығарындылары мен жол берілген шекті төгінділері жөніндегі нормативтік құжаттама жобасының электрондық көшірмесі;
2) санитариялық қорғалған аймақ, санитариялық қорғау аймақтары нормативтік құжаттамасының жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін;
көрсетілетін қызметті берушіге:
осы қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
санитариялық қорғалған аймақ, санитариялық қорғау аймақтары нормативтік құжаттамасының жобалары;
порталға:
осы қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
санитариялық қорғалған аймақ, санитариялық қорғау аймақтары нормативтік құжаттамасы жобасының электрондық көшірмесі;
3) шикізат пен өнімге нормативтік құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін:
көрсетілетін қызметті берушіге;
осы қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
шикізат пен өнімге нормативтік құжаттама жобасы;
порталға:
осы қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
шикізат пен өнімге нормативтік құжаттама жобасының электрондық көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті
көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының кодексі 144-бабының 6-тармағына сәйкес бекітілген халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде және гигиеналық нормативтерде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіз болып табылады.

10

Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде, порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.mod.gov.kz интернет-ресурстарында көрсетілген.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті ЭЦҚ-сы бар болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.

  "Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігінің әскери
қалашықтары мен оқу
орталықтарының аумағында
орналасқан объектілерде
жобаларға, жұмыстар мен
көрсетілетін қызметтерге
санитариялық-
эпидемиологиялық қорытынды
беру" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2-қосымша жаңа редакцияда көзделген – ҚР Қорғаныс министрінің 09.03.2022 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі

Нысанның БҚСЖ бойынша коды____________________КҰЖЖ бойынша ұйымның коды ____________________

№ 017/у нысанды медициналық құжаттама Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 415 бұйрығымен бекітілген

Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мемлекеттік органының атауы

Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды

      № _____                         20___ жылғы "_______"___________________

      1. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама_____________________________

                  (санитариялық-эпидемиологиялық сараптама объектісінің толық атауы)

      жүргізілді________________________________________________________________

      өтініш, ұйғарым, қаулы бойынша, жоспарлы және басқалар (күні, нөмірі)

      2. Тапсырыс беруші (өтініш иесі) ____________________________________________

      шаруашылық жүргізуші субъектінің толық атауы (тиесілілігі), объектінің

      мекенжайы/орналасқан жері, телефоны, жетекшінің тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болған кезде)

      3. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама объектісінің қолданылу саласы_____

      ______________________________________________________________

                              қызмет түрі

      4. Жобалар, материалдар әзірленді, дайындалды _______________________________

      5. Ұсынылған құжаттар ____________________________________________________

      6. Өнімнің үлгілері ұсынылды_______________________________________________

      7. Басқа ұйымдардың сараптамалық қорытындысы (егер бар болса) _______________

      __________________________________________________________________________

      қорытынды берген ұйымның атауы

      8. Сараптама объектісінің толық санитариялық-гигиеналық сипаттамасы мен

      бағалануы (көрсетілетін қызметтерге, процестерге, жағдайларға, технологияларға,

      өндіріске, өнімге)

      __________________________________________________________________________

      9. Құрылысқа арналған жер учаскесінің, реконструкциялау объектісінің сипаттамасы;

      өлшемдері, ауданы, топырақ түрі, учаскенің бұрын пайдаланылуы, жерасты суының

      биіктігі, батпақтанудың болуы, желдің басымды бағыттары, санитариялық-қорғау

      аймағының өлшемдері, сумен, кәрізбен, жылумен жабдықтау мүмкіндігі және

      қоршаған ортаға және халық денсаулығына ықпал етуі, дүниенің жақтары бойынша

      бағдарлау) ___________

      __________________________________________________________________________

      10. Зертханалық және зертханалық-құралдық зерттеулер мен сынаулардың

      хаттамалары, сондай-ақ бас жоспарлардың, сызбалардың, фотосуреттердің

      көшірмелері

      __________________________________________________________________________

Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды

      __________________________________________________________________________

      (санитариялық-эпидемиологиялық сараптама объектісінің толық атауы)

      __________________________________________________________________________

      (санитариялық-эпидемиологиялық сараптама негізінде)

      Санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерге сәйкес келеді немесе сәйкес

      келмейді __________________________________________________________________

      керектің астын сызыңыз

      Ұсыныстар: ______________________________________________________________

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы

      18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының кодексі негізінде осы санитариялық-

      эпидемиологиялық қорытындының міндетті күші бар.

      Мөр орны                   Мемлекеттік санитариялық бас дәрігер (орынбасары)

      ___________________________________________________________

                        тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), қолы

  "Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігінің әскери
қалашықтары мен оқу
орталықтарының аумағында
орналасқан объектілерде
жобаларға, жұмыстар мен
көрсетілетін қызметтерге
санитариялық-
эпидемиологиялық қорытынды
беру" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
3-қосымша
  Нысан
  ____________________________
басшының тегі, аты, әкесінің
аты (бар болған кезде)
____________________________
мемлекеттік органның атауы
____________________________
өтініш иесінің тегі, аты, әкесінің
аты (бар болған кезде)
____________________________
жеке сәйкестендіру
нөмірі/бизнес сәйкестендіру
нөмірі
____________________________
өтініш иесінің мекенжайы
____________________________
өтініш иесінің байланыс
телефоны

Өтініш

      Сізден ___________________________________________________________________

                              (аудан, көше, үй, пәтер)

      бойынша орналасқан объектінің мақсатты арналуын қарап тексеруді және оған

      санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруді сұраймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісемін.

      ________________________________________________________________________

                                          қолы, жылы, күні, айы

      Қосымша (құжаттардың көшірмелері):

      1.

      2.