"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 6-тармағына және 145-бабының 2-тармағының 26) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Коронавирустық инфекцияның таралу қаупінің пайда болуының алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
А. Цой |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 5 шілдедегі № ҚР ДСМ-78/2020 бұйрығына 1-қосымша |
"Коронавирустық инфекцияның таралу қаупінің пайда болуының алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары
Ескерту. 1-қосымшаның күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 27.05.2021 № ҚР ДСМ -47 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 5 шілдедегі № ҚР ДСМ-78/2020 бұйрығына 2-қосымша |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.08.2021 № ҚР ДСМ-81 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 23.09.2021 № ҚР ДСМ - 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 03.08.2021 № ҚР ДСМ-72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 16.06.2021 № ҚР ДСМ - 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.07.2022 № ҚР ДСМ-67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
6. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.08.2020 № ҚР ДСМ -96/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
7. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.08.2021 № ҚР ДСМ -73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
8. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.01.2021 № ҚР ДСМ-5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
9. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.08.2021 № ҚР ДСМ-76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
10. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 09.07.2021 № ҚР ДСМ-59 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
11. "Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 146 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылғы 23 мамырда № 16913 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 30 мамырда жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 79-1, 79-2 және 79-3-тармақтармен толықтырылсын:
"79-1. Инфекциялық аурулардың әкеліну және таралу қаупі төнген жағдайда объектілерде шектеу іс-шаралары енгізіледі және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау қамтамасыз етіледі.
79-2. Шектеу іс-шараларын енгізу кезеңінде санаторлық-курорттық мақсаттағы объектілердің, демалыс үйлерінің қызметі осы Санитариялық қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес талаптарға сай жүзеге асырылады..
79-3. Меншік нысанына қарамастан балаларды сауықтыру лагерьлерінің (мектеп жанындағы, қала сыртындағы) қызметі осы Санитариялық қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес талаптарға сай күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып жүзеге асырылады.";
осы тізбеге 27 және 28-қосымшаларға сәйкес 8 және 9-қосымшалармен толықтырылсын.
12. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 17.02.2022 № ҚР ДСМ-16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 25.12.2020 № ҚР ДСМ-331/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
14. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 16.06.2022 № ҚР ДСМ-52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 2-қосымша |
Ескерту. 2-қосымшаның күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.08.2021 № ҚР ДСМ-81 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 3-қосымша |
Ескерту. 3-қосымшаның күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 23.09.2021 № ҚР ДСМ - 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 4-қосымша |
Ескерту. 4-қосымшаның күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 23.09.2021 № ҚР ДСМ - 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 5-қосымша |
Ескерту. 5-қосымшаның күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 23.09.2021 № ҚР ДСМ - 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 6-қосымша |
Ескерту. 6-қосымшаның күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 03.08.2021 № ҚР ДСМ-72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 7-қосымша |
Ескерту. 7-қосымшаның күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 03.08.2021 № ҚР ДСМ-72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 8-қосымша |
Ескерту. 8-қосымшаның күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 03.08.2021 № ҚР ДСМ-72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 9-қосымша |
Ескерту. 9-қосымшаның күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 16.06.2021 № ҚР ДСМ - 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 10-қосымша |
Ескерту. 10-қосымшаның күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.07.2022 № ҚР ДСМ-67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 11-қосымша |
Ескерту. 11-қосымшаның күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.07.2022 № ҚР ДСМ-67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 12-қосымша |
Ескерту. 12-қосымшаның күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.07.2022 № ҚР ДСМ-67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 13-қосымша |
Ескерту. 13-қосымшаның күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.07.2022 № ҚР ДСМ-67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 14-қосымша |
Ескерту. 14-қосымшаның күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.07.2022 № ҚР ДСМ-67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 15-қосымша |
Ескерту. 15-қосымшаның күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.07.2022 № ҚР ДСМ-67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 16-қосымша |
Ескерту. 16-қосымшаның күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.07.2022 № ҚР ДСМ-67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 17-қосымша |
Ескерту. 17-қосымшаның күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.08.2020 № ҚР ДСМ -96/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 18-қосымша |
Ескерту. 18-қосымшаның күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.08.2020 № ҚР ДСМ -96/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 19-қосымша |
Ескерту. 19-қосымшаның күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.08.2020 № ҚР ДСМ -96/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 20-қосымша |
Ескерту. 20-қосымшаның күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.08.2020 № ҚР ДСМ -96/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 21-қосымша |
Ескерту. 21-қосымшаның күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.08.2021 № ҚР ДСМ -73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 22-қосымша |
Ескерту. 22-қосымшаның күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.01.2021 № ҚР ДСМ-5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 23-қосымша |
Ескерту. 23-қосымшаның күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.01.2021 № ҚР ДСМ-5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 24-қосымша |
Ескерту. 24-қосымшаның күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.01.2021 № ҚР ДСМ-5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 25-қосымша |
Ескерту. 25-қосымшаның күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.08.2021 № ҚР ДСМ-76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 26-қосымша |
Ескерту. 26-қосымшаның күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 09.07.2021 № ҚР ДСМ-59 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде санаторлық-курорттық мақсаттағы объектілерге, демалыс үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
1. Санаторлық-курорттық мақсаттағы объектілерде, демалыс үйлерінде эпидемияға қарсы күшейтілген режимді қамтамасыз ету мақсатында:
1) COVID-19 бойынша профилактикалық іс-шаралар қатаң сақталады;
2) персонал қашықтықтан жұмыс істеу нысанына барынша ауыстырылады және өндірістік қажеттілікке байланысты жұмыс күнін барынша қысқартады;
3) санаторлық-курорттық ұйымдардың корпустарын толтыру жобалық қуаттан асырылмайды;
4) кіреберісте (ресепшн, күзет пункті) келушілердің дене температурасына бақылау жүргізіледі;
5) жүргізілген/алынған қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін барынша жағдай жасалады (карталар, телефондағы қосымша), емшараларды көрсету кезектерді құрмай жазу бойынша жүзеге асырылады;
6) адамдар көп жиналатын жерлерде, қозғалыс қарқындылығы байқалатын ресепшн алдында еденге сигналдық белгі қою арқылы немесе шектеу бағандары арқылы әлеуметтік қашықтық аймағы анықталады. Дивандар, орындықтар қонақ аймақтарында өзара 1,5 метр арақашықтықта орнатылады;
7) аптасына 1 рет "санитариялық" күнді өткізу;
8) санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға (температураны өлшеу, персоналға нұсқама беру, жеке қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқама жүргізу журналын жүргізу, маскаларды, респираторларды, сулықтарды кәдеге жарату, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу, үй-жайларды жинау және т. б.) жауапты адам тағайындалады;
9) мекемеде демалушыларға көлік қызметтерін көрсету (трансфер, экскурсиялар өткізу және т.б.) жүргізілетін жеке көлігі болған кезде. Бұл ретте жүргізушілер қолды өңдеуге арналған антисептикпен және оларды талап етілетін жиілікпен міндетті түрде ауыстыра отырып, қорғаныш құралдарымен (арнайы киім, маска және қолғаптар, бетке арналған маска) жабдықталады, сондай-ақ әрбір рейс алдында кейіннен желдете отырып автокөлік салонын дезинфекциялау;
10) әрбір келуші/клиент шыққаннан кейін дезинфекциялық құралдарды қолдана отырып, бөлмелерге күрделі тазалау жүргізу;
11) COVID 19-ға күдікті адамдарға арналған изолятор көзделеді (қонақтарға арналған үйлерден басқа).
2. Тамақтануды ұйымдастыру кезінде мынадай талаптар сақталады:
1) персоналдың жұмыс орындарында тамақтануы жүзеге асырылмайды. Тамақ ішу арнайы бөлінген бөлмеде - тамақ ішу бөлмесінде жүзеге асырылады. Тамақ ішетін бөлме болмаған кезде дезинфекциялау құралдарының көмегімен күнделікті жинауды қамтамасыз ете отырып, қол жууға арналған раковинасы бар (ыстық және суық су келтірілген) осы мақсаттар үшін үй-жай бөлу көзделеді;
2) "швед үстелі" типі бойынша тамақтануды ұйымдастыру жағдайында швед желісінде тағамдарды орналастыруды ортақ пайдаланылатын барлық орындарда демалушыларды ақпараттандыру жүйесін пайдалануды, сондай-ақ еденде сигналдық белгілеулерді салуды қоса алғанда, әлеуметтік қашықтық принципін сақтай отырып жүзеге асырады. Осындай талаптар тамақтандыруды тарату желісі принципі бойынша ұйымдастыруға да қойылады;
3) асханаларда демалушылар мен туристердің тамақтануын ұйымдастыру үстелдердің арасында 1 метрден кем емес қашықтық және 1 үстелге 1 адамнан асырмай отырғызу (демалуға және сауықтыруға келгендердің бір отбасының мүшелері болып табылатын немесе 1 нөмірде тұратын жағдайларды қоспағанда) және қонақтардың жиналуын болдырмайтын жағдайлар сақталған кезде жүзеге асырылады.
3. Санаторлық-курорттық мақсаттағы объектілердің, демалыс үйлерінің персоналы:
1) жабық үй-жайларда медициналық маскаларды міндетті түрде киюге;
2) әлеуметтік қашықтықты сақтауға қойылатын талаптарды сақтауды қамтамасыз етеді.
4. Ішкі қауіпсіздік қызметі мынадай сақтық шараларын қабылдай отырып, персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді:
1) персоналдың санитайзерлерді ғимаратқа кіру және шығу кезінде пайдалануы;
2) ғимарат ішіндегі адамдар арасындағы әлеуметтік қашықтықты сақтауды бақылайды;
3) ғимаратқа персонал жеке қорғаныш құралдарынсыз (медициналық маскаларсыз) кірмейді;
4) ғимаратқа кіру кезінде персоналдың температурасын өлшейді, ғимаратқа жоғары температура мен ЖРВИ белгілері бар персоналды жібермейді. Симптомдар анықталған немесе пайда болған жағдайда әкімшілікті хабардар етеді.
5. Бөлімше басшылары:
1) персонал бір үй-жайда әлеуметтік қашықтықты сақтайтын жағдайларды; санаторлық-курорттық мекемелердің аумағында демалушылардың жеке қорғаныш құралдарын сатып алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді;
2) алдын ала тексеру жүргізе отырып (сүзгілерді ауыстыруды, ауа өткізгіштерді дезинфекциялауды қоса алғанда) желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмысын, желдету режимін сақтауды;
3) болмау себептерін анықтай отырып, персоналдың жұмысқа шығуының күн сайынғы мониторингін, ЖРВИ, тұмау және басқа да вирустық аурулармен ауыратындарға қағаз немесе электрондық тасығышта тіркей отырып, ерекше назар аударуды;
4) жедел медициналық жәрдем бригадасы келгенге дейін температурасы жоғары және ЖРВИ белгілері бар персоналды оқшаулауды;
5) персоналдың жеке гигиенасын сақтауға арналған жағдайларды (санитариялық тораптардың жұмыс істеуі, жуу құралдарымен, санитайзерлермен, қағаз сүлгілермен қамтамасыз ету);
6) бір рет қолданылатын медициналық маскалардың (жұмыс ауысымы мен маскаларды ауыстыру ұзақтығына қарай 3 сағатта кемінде 1 рет) немесе көп рет қолданылатын қорғаныш маскаларының (келесі қолдану алдында кейіннен жуу және термиялық өңдеу арқылы), сондай-ақ бір рет қолданылатын немесе көп рет қолданылатын қолғаптардың (ауысымына кемінде 2 рет ауыстыруға жататын және тұтастығы бұзылған кезде), қолды өңдеуге арналған дезинфекциялайтын сулықтар немесе тері антисептиктерінің азаймайтын қорын. Бір рет қолданылатын маскаларды қайта пайдалануды болдырмауды. Пайдаланылған ЖҚҚ-ны шығару үшін арнайы бөлінген орындарда пакеттерге жинауды, одан әрі қатты тұрмыстық қалдықтар ретінде кәдеге жаратуды;
7) қызметкерлер арасында:
қонақтар келген кезде немесе болған кезде аурудың кез келген белгілері (жөтел, әлсіздік, жоғары температура және т.б.) байқалатын болса, ден қою жоспары туралы.
жеке/өндірістік гигиена ережелерін сақтау және олардың мүлтіксіз сақталуын бақылау қажеттілігі туралы нұсқама өткізуді;
8) қолды өңдеу үшін тері антисептиктерін орнату, коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша жаднамалар орналастыруды;
9) есептік қажеттілікке, ауданына және өңдеу жиілігіне қарай дезинфекциялау құралдарының азаймайтын қорын қамтамасыз етеді.
6. Нөмір қоры қызметінің бастығы мыналарды қамтамасыз етеді:
1) персоналдың ұялы телефондарын, гаджеттерді, компьютерлік техниканы, есік тұтқаларын, тұтқаларды, үстелдерді, орындықтардың арқалықтарын (креслолардың шынтақшаларын), жиһазды, қол жууға арналған раковиналарды, терезе алды, есік ойықтарын, қосқыштар мен розеткаларды, лифт батырмаларын міндетті түрде өңдеу арқылы күнделікті ылғалды жинау және дезинфекциялау жүргізуді қамтамасыз етеді. Кілем жабынын ылғалды жинау жуу химиялық құралдары бар кілем жуу машиналарымен орындалады, одан кейін кілемнің таза бетін шаю жүргізіледі. Дезинфекциялау үшін оларға қоса берілген нұсқаулықты қатаң сақтаған кезде вирусқа қарсы тиімділігі бар (әдістемелік нұсқауларға немесе нұсқаулыққа сәйкес), белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өткен құралдарды қолданады;
2) ылғалды жинау және дезинфекциялау орнына қағаз тұсқағаздары бар нөмірлерде қабырғалар мен төбелерді құрғақ жинауды пайдалану, содан кейін оларды пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес адамдар бар кезде қолдануға рұқсат етілген ауаны зарарсыздандыруға арналған жабдықпен өңдеу жүргізіледі;
3) үй-жайларды және жабдықтардың жекелеген түрлерін (үстелдер, панельдер, есіктер, терезелер, еден) жуу және өңдеу үшін жеке шүберекті пайдалану;
4) дезинфекциялау құралдарының жұмыс ерітінділерін арнайы бөлінген орында дайындау, өнім берушінің ыдысында (қаптамасында) заттың атауы, оның мақсаты, затбелгідегі жарамдылық мерзімін көрсетіп сақтау. Ыдыстық затбелгі дезинфекциялау құралын сақтаудың (пайдаланудың) барлық кезеңінде сақталады;
5) мынадай жеке қорғаныш құралдарын пайдалана отырып дезинфекция жүргізу: униформа, қолғап, медициналық маска;
6) денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ адамдарды дезинфекциялау құралдарымен жұмыс істеуге жіберу;
7) 15 минут ішінде күніне кемінде 2 рет желдету.
7. Қонақтарға арналған үйлердегі эпидемияға қарсы күшейтілген режимді қамтамасыз ету мақсатында әкімшілік:
1) персоналдың жеке қорғаныш құралдарын (маскаларды) киюін;
2) персоналдың температурасын қағаз немесе электрондық тасымалдағышта тіркей отырып, күн сайын өлшеуді қамтамасыз етеді. Температурасы жоғары және ЖРВИ белгілері бар персонал жұмысқа жіберілмейді.
3) персоналдың ұялы телефондарын, гаджеттерді, компьютерлік техниканы, есік тұтқаларын, тұтқаларды, үстелдерді, орындықтардың арқалықтарын (креслолардың шынтақшаларын), жиһазды, қол жууға арналған раковиналарды, терезе алды, есік ойықтарын, қосқыштар мен розеткаларды міндетті түрде өңдеу арқылы күнделікті ылғалды жинау және дезинфекциялау жүргізуді. Дезинфекциялау үшін оларға қоса берілген нұсқаулықты қатаң сақтаған кезде вирусқа қарсы тиімділігі бар (әдістемелік нұсқауларға немесе нұсқаулыққа сәйкес), белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өткен құралдарды қолданады;
4) үй-жайларды және жабдықтардың жекелеген түрлерін (үстелдер, панельдер, есіктер, терезелер, еден) жуу мен өңдеуге жеке шүберекті пайдалануды;
5) дезинфекциялау құралдарының жұмыс ерітінділерін арнайы бөлінген орында дайындау, өнім берушінің ыдысында (қаптамасында) заттың атауы, оның мақсаты, затбелгідегі жарамдылық мерзімін көрсетіп сақтауды;
6) мынадай жеке қорғаныш құралдарын пайдалана отырып дезинфекция жүргізу: униформа, қолғап, маска;
7) денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ адамдарды дезинфекциялау құралдарымен жұмыс істеуге жіберуді;
8) бір рет қолданылатын медициналық маскалардың (жұмыс ауысымы мен маскаларды ауыстыру ұзақтығына қарай 3 сағатта кемінде 1 рет) немесе көп рет қолданылатын қорғаныш маскаларының (келесі қолдану алдында кейіннен жуу және термиялық өңдеу арқылы), сондай-ақ бір рет қолданылатын немесе көп рет қолданылатын қолғаптардың (ауысымына кемінде 2 рет ауыстыруға жататын және тұтастығы бұзылған кезде), қолды өңдеуге арналған дезинфекциялайтын сулықтар немесе тері антисептиктерінің азаймайтын қорын. Бір рет қолданылатын маскаларды қайта пайдалануды болдырмауды. Пайдаланылған ЖҚҚны шығару үшін арнайы бөлінген орындарда пакеттерге жинауды, одан әрі қатты тұрмыстық қалдықтар ретінде кәдеге жаратуды;
9) көрінетін жерлерге қолды өңдеуге арналған тері антисептиктерін, коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі жаднамаларды орнатуды;
10) есептік қажеттілікке, өңдеу ауданы мен жиілігіне қарай дезинфекциялау құралдарының азаймайтын қорын;
11) COVID-19 кезінде жеке гигиенаны арттыру және қажетті шаралар мен іс-қимыл жоспарын іске асыру үшін персоналды мерзімді оқытуды қамтамасыз етеді.
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде меншік нысанына қарамастан (мектеп жанындағы, қала сыртындағы) балаларды сауықтыру лагерьлерінің қызметіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
1. Күн сайын жұмыс басталғанға дейін балаларды сауықтыру лагерінің (бұдан әрі – лагерь) персоналына жанаспайтын термометрия арқылы респираторлық аурулар симптомдарының бар-жоғына, оның ішінде отбасы мүшелерінде, шетелден келгендермен байланыстың болуына сауалнама жүргізіледі.
2. ЖРВИ және тұмау симптомдары, сондай-ақ COVID-19 (құрғақ жөтел, жоғары температура, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т.б.) жоққа шығармайтын симптомдары бар персонал жедел жәрдем келгенше оқшауланады.
3. Персоналды жұмысқа жіберу лагерь жұмысы басталғанға дейін 72 сағаттан кешіктірмей жүргізілген коронавирустық инфекцияға зертханалық зерттеуден кейін жүзеге асырылады. Тізімдер мен тексеру кестелерін лагерь әкімшілігі санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен бірлесіп жасайды.
4. Лагерьге кіру кезінде журналдарда нәтижелерді рәсімдеу арқылы әрбір балаға және алып жүретін ересектерге жанаспайтын термометрлермен термометрия жүргізіледі.
5. Лагерь аумағына бөгде адамдардың кіруіне және автокөліктің кіруіне жол берілмейді. Лагерь аумағына автокөлік кіру жабдықталған арнайы алаң (дезкедергі) арқылы жүзеге асырылады.
6. Тауарларды қойма үй-жайларына орналастырғанға дейін олардың қаптамасының сыртқы бетін дезинфекциялау құралдарымен сүрту жүргізіледі.
7. Балаларды қабылдауға, тамақ өнімдері мен тауарларды қабылдап-беруге қатысатын персонал жеке қорғаныш құралдарында (маскалар, қолғаптар) болады.
8. Мектеп жанындағы лагерьлер мен қосымша білім беру объектілерін ашу карантин кезеңінде санитариялық қағидалар талаптары және санитариялық-эпидемияға қарсы талаптар қамтамасыз етіле отырып, короновирустық инфекция бойынша қолайлы аумақтарда жүргізіледі.
9. Әр ауысым басталғанға дейін дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күрделі жинау жүргізіледі.
10. Ғимаратқа кіреберісте және асханаға кіру алдында және санитариялық тораптарда қолды өңдеуге арналған тері антисептиктері бар дозаторлар орнатылады.
11. Лагерьдің әкімшілігі мыналарды қамтамасыз етеді:
1) ауыз су режимінің ұйымдастырылуын, бір рет қолданылатын ыдыспен қамтамасыз етілуін және кулерлер мен дозаторларға өңдеудің жүргізілуін бақылау;
2) санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға (температураны өлшеу, персоналға нұсқама беру, жеке қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқама жүргізу журналын жүргізу, маскаларды, респираторларды, сулықтарды кәдеге жарату, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу, үй-жайларды жинау) жауапты адамды анықтайды;
3) жанасатын беттерді, есік тұтқаларын, тұтқаларды, үстелдерді, орындықтардың арқалықтарын, жиһазды, қол жууға арналған раковиналарды, терезе алды, есік ойықтарын, қосқыштар мен розеткаларды және т. б. міндетті түрде өңдей отырып, жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, үй-жайларды күнделікті ылғалды жинау және дезинфекциялау жүргізу;
5) респираторлық аурулардың белгілері бар және дене температурасы жоғары балаларды заңды өкілдері (ата-аналары, қамқоршылары) немесе "жедел жәрдем" бригадасы келгенге дейін изоляторға немесе арнайы бөлінген үй-жайға дереу оқшаулау;
6) есептік қажеттілікке, ауданына және өңдеу жиілігіне қарай дезинфекциялау құралдарының азаймайтын қоры;
7) алдын ала тексеру жүргізе отырып (сүзгілерді ауыстыруды, ауа өткізгіштерді дезинфекциялауды қоса алғанда) желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмысы, желдету режимін сақтау;
8) гигиеналық тәрбие, жеке гигиена ережелерін сақтау қажеттілігі, профилактика шараларын сақтау, әлеуметтік қашықтық туралы ақпараттандыру бойынша жұмыс.
12. Үй-жайларды толассыз желдету балалар болмаған жағдайда жүргізіледі.
13. Тәулігіне бір рет (таңертеңгі немесе кешкі сағаттарда) ашық кеңістіктерді дезинфекциялау жүргізіледі.
14. Күркелер, орындықтар, ойын алаңдары, кіре берістердің жанындағы алаңдар, сыртқы есіктер, жанасатын қоршау конструкциялары, тұтқалар, урналар дезинфекциялауға жатады.
15. Дезинфекциялау үшін вирусқа қарсы тиімділігі бар құралдар қолданылады (әдістемелік нұсқауларға немесе нұсқаулыққа сәйкес).
16. Лагерьге инфекцияның әкелінуіне жол бермеу мақсатында:
1) ауысым жұмысы кезінде персоналды лагерьден тыс жерлерге ауыстыруға (оның ішінде қоса атқарылатын жұмысқа) жол берілмейді;
2) барлық балалардың лагерьге бір мезетте келуі (бір күнде), сондай-ақ ауысым арасында 2 күннен кем емес үзіліспен бір мезетте шығуы (қорытынды дезинфекция жүргізу үшін) жүзеге асырылады;
3) ауысым кезінде балалардың келген күнінен кейін балаларды қабылдауға және уақытша кетуіне жол берілмейді;
4) топтардың толуы жобалық қуаттың 50%-нан аспауы тиіс;
5) әрбір балада келу кезінде денсаулық жағдайы туралы құжаттар (086/У нысаны) және инфекциялық аурулармен, оның ішінде COVID-19 бойынша байланыстың жоқтығы туралы анықтамалар болуы тиіс;
6) балалар саны есебінен медицина қызметкерлерінің (дәрігер және (немесе) мейіргер) тәулік бойы болуы қамтамасыз етіледі;
7) COVID-19-ға күдікті адамдар үшін изолятор көзделеді.
17. Лагерьде жағажай бар болған жағдайда жағажай жабдықтарын орналастыру (шезлонг, аяқ жуу, суға арналған кулерлер және т.б.) әлеуметтік қашықтықты есепке ала отырып, мүмкіндік бойынша сигналдық белгілерді салу, кіретін жерде әлеуметтік қашықтықты сақтау қажеттілігі туралы ақпаратты көрсете отырып жүргізіледі.
18. Балаларды тасымалдауға арналған автокөлік салоны (отырғызғанға дейін) дезинфекцияланып, кейіннен желдетіледі. Жүргізушілерді рейс алдында тексеру міндетті түрде термометрия және жол парағында нәтижелерді ресімдеу арқылы жүргізіледі, жүргізушілер мен еріп жүретін адамдар маскада және қолғапта болады. Жүргізушілер қорғаныш құралдарымен (маскалар, қолғаптар, антисептиктер) қамтамасыз етіледі.
19. Балаларды көліктің басқа түрлерімен (теміржол, авиа) тасымалдау кезінде ұйымдасқан топтарды бөтен адамдармен қарым-қатынастан барынша оқшаулауды қамтамасыз ету, алдын ала дайындалған маршруттар бойынша жеткізуді жүзеге асыру.
20. Қызметкерлердің жұмыс орындарында тамақ ішуі жүзеге асырылмайды, тамақ дезинфекциялау құралдарының көмегімен күнделікті жинауды қамтамасыз ете отырып, қол жууға арналған раковинамен (ыстық және суық су келтірілген) жабдықталған арнайы бөлінген тамақ ішетін бөлмеде ғана қабылданады.
21. Балалардың бөлмелерде тамақтануы жүзеге асырылмайды.
22. Асханаларда балалардың тамақтануын ұйымдастыру үстелдердің арасында 1 метрден кем емес қашықтық сақталған жағдайда жүзеге асырылады.
23. Балалардың жұмыс режимі мен бос уақытын ұйымдастыру отрядтарды барынша оқшаулау жағдайында (үйірмелер, қызығушылықтары бойынша сабақтар) жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 29-қосымша |
Ескерту. 29-қосымшаның күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 17.02.2022 № ҚР ДСМ-16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 30-қосымша |
Ескерту. 30-қосымшаның күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 17.02.2022 № ҚР ДСМ-16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 31-қосымша |
Ескерту. 31-қосымшаның күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 25.12.2020 № ҚР ДСМ-331/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 32-қосымша |
Ескерту. 32-қосымшаның күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 16.06.2022 № ҚР ДСМ-52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.