"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 6-тармағына және 145-бабының 2-тармағының 26) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Коронавирустық инфекцияның таралу қаупінің пайда болуының алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
А. Цой |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 5 шілдедегі № ҚР ДСМ-78/2020 бұйрығына 1-қосымша |
"Коронавирустық инфекцияның таралу қаупінің пайда болуының алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары
Ескерту. 1-қосымшаның күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 27.05.2021 № ҚР ДСМ -47 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 5 шілдедегі № ҚР ДСМ-78/2020 бұйрығына 2-қосымша |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Зираттарға және жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 138 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10646 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 18 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Зираттарға және жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:
1 және 2-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
"2-тарау. Зираттарды, жерлеу мақсатындағы объектілерді жобалауға және пайдалануға беруге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Зираттар зираттың қоршауынан есептегенде:
1) бірінші тұрғын және қоғамдық ғимараттарға, спорттық-сауықтыру және санаторлық-курорттық аймақтарға дейін – кемінде 300 метр;
2) су көзін санитариялық қорғау аймақтарының белдеулері мен сүзу уақытын есептеулерімен арақашықтықтың жеткіліктілігін растай отырып, халықты ауызсумен жабдықтау көзіне дейін – кемінде 1000 метр қашықтықта орналастырылады. Жабық зираттар үшін бірінші тұрғын және қоғамдық ғимараттарға, спорттық-сауықтыру және санаторлық-курорттық аймақтарға дейінгі қашықтық кемінде 100 метр болады.";
мынадай мазмұндағы 21-тармақпен толықтырылсын:
"21. Инфекциялық аурулардың әкеліну және таралу қаупі төнген жағдайда діни объектілерде шектеу іс-шаралары енгізіледі және осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес талаптарға сай күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау қамтамасыз етіледі.";
осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес 1-қосымшамен толықтырылсын.
2. "Көлік құралдарына және жолаушыларға қызмет көрсету жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 156 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10728 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 18 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Көлік құралдарына және жолаушыларға қызмет көрсету жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
"7) инфекция ошақтарын шоғырландыру бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу.";
9 және 11-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
"9-тарау. Автокөлік кәсіпорындарын, техникалық қызмет көрсету станцияларын, автожанармай құю және автогаз құю станцияларын күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар";
"11-тарау. Теңіз және өзен порттарын күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар";
мынадай мазмұндағы 21-тараумен толықтырылсын:
"21-тарау. Инфекция ошақтарын шоғырландыру бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу
264. Инфекциялық аурулардың әкеліну және таралу қаупі төнген жағдайда объектілерде шектеу іс-шаралары енгізіледі және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау қамтамасыз етіледі.
265. Әуежайлардың, теміржол және автомобиль вокзалдарының қызметі осы Санитариялық қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес талаптарға сай жүзеге асырылады.
266. Автосалондардың, автобөлшектер дүкендерінің және техникалық қызмет көрсету (вулканизация, автожуу) станцияларының қызметі осы Санитариялық қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес талаптарға сай жүзеге асырылады.
267. Инфекциялық аурулардың, оның ішінде COVID-19-дың әкелінуі мен таралуының алдын алу жағдайында блок бекеттер қызметі осы Санитариялық қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес талаптарға сай жүзеге асырылады.";
осы тізбеге 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес 8, 9 және 10-қосымшалармен толықтырылсын.
3. "Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 174 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10939 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 5 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:
1, 2, 3, 4, 5 және 6-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
"2-тарау. Өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды жобалауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар";
"3-тарау. Өндірістік ғимараттарға, үй-жайларға және құрылыстарға, жұмыс істейтін адамдардың еңбек жағдайларына, тұрмыстық қызмет көрсетілуіне, медициналық қамтамасыз ету мен тамақтануына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар";
"4-тарау. Өндірістік объектілердегі технологиялық процестерге, жабдықтарға және жұмыс орындарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар";
"5-тарау. Өндірістік объектілерді жылытуға, ауасын желдетуге және баптауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар";
"6-тарау. Сумен жабдықтауға, су бұруға және өндірістік объектілердегі өнеркәсіп қалдықтарын кәдеге жаратуға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар";
2-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) инфекция ошақтарын оқшаулау бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды;";
мынадай мазмұндағы 7-тараумен толықтырылсын:
"7-тарау. Инфекция ошақтарын шоғырландыру бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу.
227. Инфекциялық аурулардың әкеліну және таралу қаупі төнген жағдайда объектілерде шектеу іс-шаралары енгізіледі және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау қамтамасыз етіледі.
228. Өнеркәсіптік кәсіпорындар мен өндірістік объектілердің, оның ішінде вахталық әдіспен жұмыс істейтін объектілердің қызметі осы Санитариялық қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес талаптарға сай жүзеге асырылады.
229. Вахталық әдіспен жұмыс істейтін кәсіпорындар жұмыскерлерінің шығуы (келуі) осы Санитариялық қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес талаптарға сай жүзеге асырылады.
230. Көктемгі егіс жұмыстарына тартылған ұйымдар мен жұмыскерлердің қызметі осы Санитариялық қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады.";
осы тізбеге 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес 5, 6, 7-қосымшалармен толықтырылсын.
4. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 16.06.2021 № ҚР ДСМ - 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. "Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 183 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылғы 24 сәуірде № 10796 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 16 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:
1, 2, 3, 4, 5, 6 7, 8 және 9-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
"2-тарау. Жалпы санитариялық-эпидемиологиялық талаптар";
"3-тарау. Қонақ үйлерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар";
"4-тарау. Жатақханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар";
"5-тарау. Моншалар мен хауыздарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар";
"6-тарау. Жүзу бассейндеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар";
"7-тарау. Кір жуу орындарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар";
"8-тарау. Химиялық тазарту орындарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар";
"9-тарау. Халыққа шаштараздық және косметикалық қызмет көрсету объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар";
мынадай мазмұндағы 10-тараумен толықтырылсын:
"10-тарау. Инфекция ошақтарын шоғырландыру бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу
190. Инфекциялық аурулардың әкеліну және таралу қаупі төнген жағдайда объектілерде шектеу іс-шаралары енгізіледі және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау қамтамасыз етіледі.
191. Қызмет көрсету саласы объектілерінің (сұлулық салондары, шаштараздар (алдын ала жазу бойынша), химиялық тазарту, кір жуу орындары, ұйымдастыру техникасын жөндеу) қызметі медициналық маска киген келушілерді кіргізуді қамтамасыз ете отырып және осы Санитариялық қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес талаптарға сай күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып жүзеге асырылады.
192. Бизнес орталықтардың жұмысы (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер мен консалтинг көрсетілетін қызметтері, жылжымайтын мүлік агенттіктері және т.б.) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып жүзеге асырылады.
193. Халыққа қызмет көрсету жөніндегі объектілердің (баспахана қызметін көрсететін объектілер, тігін ательесі, аяқ киім шеберханалары, аяқ киім, киім жөндеу сервисі) және өзге де объектілердің қызметі күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, жиналуды және ұзақ және тығыз байланысты болдырмай, осы Санитариялық қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес талаптарға сай жүзеге асырылады.
194. Халықтың (қонақ үйлердің, отельдердің) тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы объектілердің қызметі осы Санитариялық қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес талаптарға сай жүзеге асырылады.
195. Мәдениет объектілерінің қызметі (жеке және 30 адамға дейін топтық дайындық) осы Санитариялық қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес талаптарға сай күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып жүзеге асырылады.
196. СПА орталықтарының, моншалардың, хауыздардың, бассейндердің, жағажайлардың қызметі осы Санитариялық қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады.
197. Медициналық-әлеуметтік объектілердің (қарттар, мүгедектер үйлері, балалар үйлері және басқалары) қызметі осы Санитариялық қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес талаптарға сай күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып жүзеге асырылады.
198. Халыққа арналған фитнес, спорт кешендері қызметтерін көрсету жөніндегі объектілердің қызметі осы Санитариялық қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес талаптарға сай жүзеге асырылады.";
осы тізбеге 10, 11, 12 10, 11, 12, 13, 14, 15 және 16-қосымшаларға сәйкес 7, 8, 9, 10, 11, 12 және 13-қосымшалармен толықтырылсын.
6. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.08.2020 № ҚР ДСМ -96/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. "Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 358 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылғы 13 қыркүйекте № 15689 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 9 қазанда жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 111-тармақпен толықтырылсын:
"111. Инфекциялық аурулардың әкеліну және таралу қаупі төнген жағдайда шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілерінде шектеу іс-шаралары енгізіледі және осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес талаптарға сай күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау қамтамасыз етіледі.";
осы тізбеге 21-қосымшаға сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын.
8. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.01.2021 № ҚР ДСМ-5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15681 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 6 қазанда жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 25-1 тармақпен толықтырылсын:
"25-1. Инфекциялық аурулардың әкеліну және таралу қаупі төнген жағдайда қосымша білім беру ұйымдарына шектеу іс-шаралары енгізіледі және осы Санитариялық қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес талаптарға сай күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау қамтамасыз етіледі.";
осы тізбеге 25-қосымшаға сәйкес 12-қосымшамен толықтырылсын.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!10-тармақтың күшін жою көзделген - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 09.07.2021 № ҚР ДСМ-59 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
10. "Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 17 тамыздағы № 615 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 115416 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 26 қазанда жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 124-1-тармақпен толықтырылсын:
"124-1. Инфекциялық аурулардың әкеліну және таралу қаупі төнген жағдайда осы Санитариялық қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес талаптарға сай объектілерде шектеу іс-шаралары енгізіледі және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау қамтамасыз етіледі.";
осы тізбеге 26-қосымшаға сәйкес 13-қосымшамен толықтырылсын.
11. "Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 146 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылғы 23 мамырда № 16913 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 30 мамырда жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 79-1, 79-2 және 79-3-тармақтармен толықтырылсын:
"79-1. Инфекциялық аурулардың әкеліну және таралу қаупі төнген жағдайда объектілерде шектеу іс-шаралары енгізіледі және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау қамтамасыз етіледі.
79-2. Шектеу іс-шараларын енгізу кезеңінде санаторлық-курорттық мақсаттағы объектілердің, демалыс үйлерінің қызметі осы Санитариялық қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес талаптарға сай жүзеге асырылады..
79-3. Меншік нысанына қарамастан балаларды сауықтыру лагерьлерінің (мектеп жанындағы, қала сыртындағы) қызметі осы Санитариялық қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес талаптарға сай күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып жүзеге асырылады.";
осы тізбеге 27 және 28-қосымшаларға сәйкес 8 және 9-қосымшалармен толықтырылсын.
12. "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 23 сәуірдегі № 186 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылғы 11 шілдеде № 17179 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 20 шілдеде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
"8) инфекция ошақтарын шоғырландыру бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізуге";
мынадай мазмұндағы 9-тараумен толықтырылсын:
"9-тарау. Инфекция ошақтарын шоғырландыру бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптар
180. Инфекциялық аурулардың әкеліну және таралу қаупі төнген жағдайда объектілерде шектеу іс-шаралары енгізіледі және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау қамтамасыз етіледі.
181. Ұйымдастырылған ұжымдардағы, ас блоктарындағы және сауда объектілеріндегі қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметі шектеу іс-шараларын енгізу кезеңінде осы Санитариялық қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес талаптарға сай жүзеге асырылады.
182. Шектеу іс-шараларын енгізу кезеңінде тамақ жеткізуді жүзеге асыратын қоғамдық тамақтану ұйымдарының қызметі осы Санитариялық қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес талаптарға сай жүзеге асырылады.";
осы тізбеге 29 және 30-қосымшаларға сәйкес 7 және 8-қосымшалармен толықтырылсын.
13. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 25.12.2020 № ҚР ДСМ-331/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. "Әкімшілік және тұрғын ғимараттарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № ҚР ДСМ-29 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2018 жылғы 23 қарашада № 17769 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 4 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Әкімшілік және тұрғын ғимараттарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 18-1 тармақпен толықтырылсын:
"18-1. Инфекциялық аурулардың әкеліну және таралу қаупі төнген жағдайда мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), ұлттық компаниялардың, басқа кеңселердің қызметі осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес талаптарға сай әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып қамтамасыз етіледі.";
осы тізбеге 32-қосымшаға сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде діни объектілерде санитариялық-дезинфекциялық режимге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
1. Жұмыс берушінің қалауы бойынша айқындалатын осы Тәртіпте көзделмеген кәсіпорындарда Діни объектілерде (бұдан әрі - объект) ғибадат үйлеріндегі (ғимараттарындағы) COVID-19 таралуының алдын алу жөніндегі қосымша шаралар.
2. Инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында жіті респираторлық инфекциялар (жоғары температура, жөтел, тұмау) және басқа да инфекциялық аурулар белгілері бар персонал қарап-зерттеу үшін жіберіледі.
3. Объектінің әкімшілігі ғибадат ғимараттарының (құрылыстарының) персоналын бір рет қолданылатын медициналық маскалардың жеткілікті қорымен, сондай-ақ қолды өңдеуге арналған дезинфекциялық құралдармен, тері антисептиктерімен, дезинфекциялық құралдармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады.
4. Діни объектілерде персонал мен діни қызметшілердің маска және медициналық қолғап кию қамтамасыз етіледі.
5. Діни ғимараттарға (ғимараттарға) келушілерге кіруге міндетті түрде маскалар мен медициналық қолғаптар болған жағдайда жол беріледі.
6. Діни ғимараттарға (құрылыстарға) кіретін есіктер ашық болуы тиіс.
7. Келушілердің қолдарын өңдеу үшін көрінетін және қолжетімді жерлерде (кіреберісте, санитариялық тораптарда, құдайға құлшылық етуге арналған үй-жайларда, дәрет алуға арналған және діни мақсаттағы заттарды таратуға арналған бөлмелерде) тері антисептиктері, санитайзерлер орнатылады.
8. Діни ғимараттарда (құрылыстарда) дұға жасау кемінде 1,5 м қашықтықты сақтай отырып, адамдардың жалпы санының 30 адамнан аспайтын қатысуымен жүзеге асырылады.
9. Діни жораларды 30 адамнан аспайтын адамдардың қатысуымен өткізумен шектеледі.
10. Ғибадат ғимараттарында (құрылыстарында) және оларға бөлінген аумақта, ғибадат ету орындарында, діни бірлестіктердің мекемелері мен үй-жайларында, тұрғын үйлерде және қоғамдық тамақтандыру объектілерінде ұжымдық құдайға құлшылық ету, діни жоралар, рәсімдер мен жиналыстар өткізілмейді.
11. Діни жораларды жасауға бөлінген бөлмелерде санитариялық-гигиеналық нормалардың сақталуы қамтамасыз етіледі.
12. Ауа температурасы мен оның ылғалдылығының оңтайлы жағдайларын қамтамасыз ету үшін желдету және ауаны баптау жүйелеріне тексеру (тазалау, жуу, дезинфекциялау, сүзгілерді ауыстыру) жүргізіледі.
13. Тәулік ішінде күніне кемінде 5 рет жиілікпен ұзақтығы кемінде 15 минут барлық үй-жайларды тұрақты желдету жүргізіледі.
14. Келушілер көп жиналатын жерлерде ауаны тұрақты зарарсыздандыру мақсатында бактерицидті шамдар (келушілер мен қызметкерлер болмаған кезде пайдаланылады) және (немесе) ауа рециркуляторлары (адамдар болғанда пайдалануға рұқсат етіледі) қолданылады.
15. Ғибадат ғимараттарының (құрылыстарының) үй-жайларында дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күн сайын тазалау жүргізіледі. Дезинфекциялау құралдарымен жұмыстың барлық түрлерін ылғал өткізбейтін герметикалық қолғаптармен орындау керек.
16. Дезинфекция жүргізу үшін белгіленген тәртіппен тіркелген және қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялау құралдары қолданылады, оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтарда вирустық инфекциялар кезінде объектілерді зарарсыздандыру режимдері көрсетілген, мынадай жиілікпен: санитариялық тораптар (еден, санитариялық-техникалық жабдықтар, оның ішінде крандардың вентильдері, унитаз бөшкелерін түсіру) және баспалдақтар күніне 3 рет өңделеді.
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде әуежайлардың, теміржол және автомобиль вокзалдарының қызметіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
1. Әуежайлар мен вокзалдар ғимараттарында эпидемияға қарсы күшейтілген режимді қамтамасыз ету мақсатында:
1) ауа температурасы мен ылғалдылығының оңтайлы жағдайларын қамтамасыз ету үшін желдету және ауаны баптау жүйелеріне (тазалау, жуу, дезинфекциялау, сүзгілерді ауыстыру және т.б.) тексеру жүргізу;
2) барлық үй-жайларды күніне кемінде 3 рет 15 минут жиілікпен желдетуді қамтамасыз ету;
3) жоспарлы профилактикалық жұмыстардың кестесіне сәйкес желдету және ауа баптау жүйесін тазарту және дезинфекциялау;
4) нұсқаулық жүргізуге, жеке қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыруға, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорымен жабдықтау және қадағалау, нұсқаулықты жүргізу мерзімділігі бойынша журнал жүргізу, қорғаныш құралдарын ауыстыру және дезинфекциялық құралдардың қорларын толықтыруға жауапты адамды бекіту;
5) қызметкерлер арасында COVID-19 кезінде жеке қорғаныш құралдарын пайдалану алгоритмі бойынша, жеке/қоғамдық гигиена қағидаларын сақтау қажеттілігі туралы нұсқау жүргізу, сондай-ақ олардың мүлтіксіз сақталуын қадағалау;
6) COVID-19 бойынша карантин уақытында қызметкерлерге ұйымның медицина қызметкерінің қарап-тексеруі кезінде жай-күйіне сауал жүргізу және термометрия жүргізу, қағаз немесе электрондық жеткізгіште тіркеу арқылы медициналық бақылауды қамтамасыз ету;
7) жұмыста болмау себептерін анықтау арқылы жұмысқа шығуға күн сайын мониторинг жүргізу;
8) жеке қауіпсіздік қызметінің кіру кезінде жолаушыларды байланыссыз термометриямен тексеруді жүргізуі;
9) жолаушылар болатын жерлерде жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, ағымдағы және күрделі тазалау жұмыстарын жүргізу, еденді, терезелерді, қабырғаларды, есік тұтқаларын, тұтқаларды, отырғыштарды, жолаушылардың қолдары жанасатын өзге де жерлерді дезинфекциялайтын майлықтармен (немесе дезинфекциялау құралдарының ерітінділерімен) сүрту;
10) өз қаражаты есебінен немесе эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдарының қаулылары бойынша дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау іс-шаралары жүргізіледі;
11) әуежайлардың, вокзалдардың ғимараттарында ауру белгілері бар жолаушылар анықталған кезде жолаушылар болатын орындарда қорытынды дезинфекция жүргізу.
2. Жіті респираторлық инфекциялар (жоғары температура, жөтел, мұрынның бітелуі) белгілері бар персонал жұмысқа жіберілмейді.
3. Объектілерде көрінетін және қолжетімді орындарда (күту залдары, ана мен бала бөлмелері) қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатылады.
4. Жолаушылар ағынының байланысына жол бермеу мақсатында келетін және кететін жолаушылар үшін жеке дәліздер ұйымдастырылады.
5. Мынадай талаптарды қамтамасыз ете отырып, әуежайларда, вокзалдарда изоляторы бар медициналық немесе денсаулық сақтау пунктінің жұмысы ұйымдастырылады:
1) медицина қызметкерлерінің тұрақты болуы;
2) дезинфекциялық режимнің сақталуы;
3) қажетті дәрілік заттармен, медициналық жабдықтармен және медициналық бұйымдармен (термометрлермен, шпательмен, медициналық маскалармен және т. б.) қамтамасыз ету;
4) медициналық пункт қызметкерлерін ЖҚҚ және дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз ету;
5) әуежай, вокзалдар қызметкерлерінің денсаулық жағдайы нашарлаған жағдайда жедел медициналық жәрдем келгенге дейін медициналық пункттің изоляторында орналастыру.
6. Әуежайлар мен вокзалдар персоналы мыналарға:
1) әуежайлардың, вокзалдардың үй-жайларында, сондай-ақ қоғамдық орындарда медициналық маскаларды міндетті түрде киюге;
2) халыққа қызмет көрсету орындарында (кассаларда, кететін жолаушыларды толық қарап-тексеру аймақтарында) қолғаптарды, медициналық маскаларды уақтылы ауыстыру шартымен (әрбір 2 сағат сайын) жұмыс күні ішінде пайдалануға;
1) қызметкерлер мен жолаушылар арасында кемінде 1 метр қашықтықты сақтауға;
2) жолаушылармен және басқа да қызметкерлермен қарым-қатынасты шектеуге қойылатын талаптарды сақтауды қамтамасыз етеді.
7. Вокзалдың, әуежайдың қызметкерінде ауруға күдік болған жағдайда ауысымға жаңадан келіп түсетін немесе ауыстыратын қызметкер ауырып қалған адамның жұмыс орнында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілгеннен кейін жұмысқа кіріседі.
8. Әуежайлар мен вокзалдар әкімшілігі мыналарды:
1) персоналды жеке қорғаныш құралдарымен (маскалар, қолғаптар);
2) автобустардағы ауа баптау, желдету жүйелеріне ревизия жүргізу және желдету сүзгілерін ауыстыруды;
3) жолаушыларды отыратын орындар санынан аспайтын мөлшерде көлік құралына жіберуді;
4) объектінің медицина қызметкерінің персоналды медициналық бақылауын (ауысым алдындағы және ауысымнан кейінгі тексеру кезіндегі жай-күйі мен термометриясы);
5) ауысым (рейс, бағыт) аяқталғаннан кейін қоғамдық көлікке дезинфекция жүргізуді;
6) жеке қорғаныш құралдарының (маскалар, қолғаптар), қолға арналған антисептиктердің, дезинфекциялау құралдарының азаймайтын қорының болуын;
7) көлік құралының салонын желдету, дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып салонды ылғалды жинау, маршрут аяқталғаннан кейін тұру кезінде жолаушылардың қолымен жанасуды жоққа шығармайтын еденді, терезелерді, қабырғаларды, есік тұтқаларын, тұтқаларды, отырғыштарды және өзге де беттерді дезинфекциялау салфеткаларымен (немесе дезинфекциялау құралдарының ерітінділерімен) сүртуді;
8) персоналдың жеке қорғаныш құралдарын (маскалар мен қолғаптар), қолға арналған антисептиктерді, дезинфекциялау құралдарын пайдалануын қамтамасыз етеді.
10. Әуежайлар мен вокзалдар ғимараттарының ішінде, көлік құралдарында жолаушылар жеке қорғаныш құралдарында (маскалар) болады.
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде автосалондардың, автобөлшектер дүкендерінің және техникалық қызмет көрсету станцияларының (вулканизация, автожуу) қызметіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
1. Автосалондардың, автомобильдің қосалқы бөлшектері дүкендерінің және техникалық қызмет көрсету (вулканизация, автожуу) станцияларының жұмысын қайта бастауға санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, мынадай жағдайлар қамтамасыз етілген кезде мыналарға:
1) жұмыс кестесі сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін (алдын ала жазылу бойынша);
2) автосалондар, ТҚС (вулканизация, автожуу) үшін жеке кіретін есігі бар жеке тұрған ғимарат немесе адам тұрмайтын ғимаратта;
3) жұмыс процесімен байланысты емес персоналды барынша қашықтықтан жұмыс режиміне ауыстыру жол беріледі.
2. Жұмыс процесі мынадай талаптар сақтала отырып ұйымдастырылады:
1) орта және ірі кәсіпорындарда оқшалау орны бар медициналық пункттің міндетті түрде болуы, әр ауысымға дейін және одан кейін барлық қызметкерлерді қарап-тексеруді қамтамасыз ету үшін медицина персоналының тұрақты болуы;
2) жеке/қоғамдық гигиена қағидаларын сақтау қажеттілігі туралы COVID-19 кезінде жеке қорғаныш құралдарын пайдалану алгоритміне сәйкес автосалондардың, автобөлшектер дүкендерінің және техникалық қызмет көрсету станцияларының (вулканизация, автожуу) қызметкерлері арасында нұсқаулық жүргізу, сондай-ақ олардың мүлтіксіз сақталуын қадағалау;
3) COVID-19 бойынша карантин кезінде қағаз немесе электрондық жеткізгіште тіркей отырып, медицина қызметкері немесе ұйымның жауапты адамының қарап-тексеруі кезінде жағдайына сауал және термометрия жүргізе отырып, автосалондар, автобөлшектер дүкендері және техникалық қызмет көрсету (вулканизация, автожуу) станцияларының жұмыскерлеріне медициналық бақылауды қамтамасыз ету;
4) Жұмыста болмау себептерін анықтау арқылы күнделікті жұмысқа шығуға мониторинг жүргізу;
5) маскаларды немесе респираторларды жұмыс күні ішінде уақтылы ауыстыру шартымен пайдалану;
6) қызмет көрсету орындарында антисептиктердің, әрбір объектіде дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың азаймайтын қорының болуы;
7) объектіде байланыссыз жұмысты енгізу үшін технологиялық процестерді автоматтандыруды барынша пайдалану;
8) клиенттермен және азаматтармен қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды пайдалану;
9) жұмыскер мен клиент арасында қашықтықты сақтау;
10) тек алдын ала жазылу бойынша жұмыс ісету және автосалонда 2 адамнан аспайтын клиенттің, ТҚС-да (вулканизация) 3 адамнан аспайтын клиенттің болуы;
11) тұрақты жұмыс орындары арасында кемінде 2 метр арақашықтықтың болуы;
12) жұмыскерлер көп жиналатын учаскелердің жұмысын болдырмау (мүмкіндігінше жұмыс процесінің технологиясын қайта қарау);
13) есіктің тұтқаларын, ажыратқыштарды, бағандарды, тіреулерді, қолмен жанасатын жерлерді (үстелдерді, жұмыскерлердің орындықтарын, ұйымдастыру техникасын), ортақ пайдаланылатын орындарды (киім ілетін орын, тамақ ішу, демалу бөлмелері, санитариялық тораптар) міндетті түрде дезинфекциялай отырып, ауысымына кемінде 2 рет вирулицидті әсері бар құралдармен дезинфекциялай отырып, өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды ылғалды тазалаумен жинау;
14) профилактикалық қарап-тексеру, жөндеу, оның ішінде сүзгілерді ауыстыру, ауа өткізгіштерді дезинфекциялауды жүргізу арқылы желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуі, желдету режимінің сақталуын қамтамасыз ету;
15) күту орындарында қашықтықты қамтамасыз ету.
3. Жіті респираторлық инфекциялар белгілері бар және басқа да инфекциялық ауруларының белгілері бар персонал (жоғары температура, жөтел, тұмау) зерттеп-қарау үшін жіберіледі.
4. Ғимараттардағы персонал мен клиенттер автосалондардың, автобөлшектер дүкендерінің және техникалық қызмет көрсету станцияларының (вулканизация, автожуу) үй-жайларында, сондай-ақ қоғамдық орындарда медициналық маскаларды уақтылы ауыстыру (әрбір 2 сағат сайын) шартымен киюді және қашықтықты сақтауды жүзеге асырады.
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде блок бекеттердің қызметіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
1. Блок бекеттер карантиндік аймақтан кіру және шығу пункттерінде орнатылады.
2. Тартылған ведомстволардың басшылары блок бекет персоналын жеке қорғаныш құралдарымен (медициналық маскалар, қолғаптар) және қолға арналған антисептиктермен қамтамасыз етеді;
3. Жұмысқа тартылған ведомстволардың басшылары жұмыс кестесін бекітеді және блок бекет қызметкерлері үшін ыстық тамақтануды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
4. Адамдарды сұрау қашықтықты сақтай отырып жүргізіледі.
5. Блок бекеттегі медицина қызметкері басқа өңірден келген адамдарға сауалнама жүргізуді қамтамасыз етеді.
Сауалнаманы келген адамдар медицина қызметкері енгізу үшін сілтеме берген кезде мобильді құрылғылар арқылы өз бетінше жүзеге асырады.
6. Келушілер сауалнаманы қағаз тасығышта немесе мобильді қосымша арқылы толтыруға міндетті.
7. Қағаз тасығышта сауалнама жүргізу кезінде блок бекеттің медицина қызметкері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Веб-қосымшасына (бұдан әрі – Веб-қосымша) қағаз сауалнамадан мәліметтерді өңірге келгеннен кейін екі сағат ішінде енгізеді.
8. Мобильді құрылғылар арқылы сауалнама жүргізу кезінде келген адамдар медицина қызметкеріне сауалнамадан сәтті өткендігі туралы мобильді құрылғыдағы жазбаны көрсетуі қажет.
Өз кезегінде медицина қызметкері келген адамның сауалнаманы электронды форматта толтырғанына және жібергеніне көз жеткізуі тиіс. Сауалнаманы толтырғаннан кейін деректер автоматты түрде Веб-қосымшаға жүктеледі.
9. Инфекциялық ауруларға, оның ішінде COVID-19-ға күдікті (респираторлық белгілердің болуы (жөтел, температура (сұралушының сөзінен), ентігу) адамдар, сондай-ақ эпидемиологиялық анамнезде COVID-19 расталған жағдайымен байланыстың болуы анықталған жағдайда 103 телефоны бойынша жедел жәрдем шақыру жүзеге асырылады.
10. Жедел медициналық жәрдем машинасы келгенге дейін күдікті адамға медициналық масканы ұсыну және қашықтықты сақтау.
11. Карантин аймағына кіру жергілікті атқарушы органдар берген арнайы рұқсаттамалар бойынша жүзеге асырылады.
12. Блок бекеттерде медицина қызметкері бір рет қолданылатын медициналық маскалар, қолғаптар мен халаттарды пайдаланады. Маскаларды ауыстыру әрбір 2 сағат сайын жүзеге асырылады.
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде өнеркәсіптік кәсіпорындар мен өндірістік объектілерге, оның ішінде вахталық әдіспен жұмыс істейтін объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
1. Еңбек заңнамасына сәйкес жұмыскерлердің вахта кезеңінің ұзақтығы жұмыс берушінің шешімі бойынша жұмыс берушінің еңбекке ақы төлеуді тиісті реттеуімен ұзартылуы мүмкін.
2. Карантин режимінде барлық қызметкерлер мен жұмысшылар вахталық кент аумағында болады. Персонал үшін қалаға шығу шектеледі.
3. Ұжымдарда корпоративтік іс-шараларды өткізуге, жұмыскерлердің бұқаралық іс-шараларға қатысуына жол берілмейді.
4. Қызметкерлер вахталық кентке дейін автобустармен жеткізілген жағдайда көлік құралдарын тұрақты дезинфекциялау көзделеді.
5. Персонал жұмыс орындарына қызметтік, қоғамдық немесе жеке көлікпен санитариялық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып жеткізіледі. Персоналды қызметтік көлікпен жеткізу санитариялық шаралар сақталған жағдайда жүзеге асырылады, көлік отыратын орындар санына сәйкес толтырылады, көліктегі жолаушылар медициналық маскамен болады.
6. Персонал ұйымға (кәсіпорынға) кірген кезде қолдарын осы мақсаттарға арналған тері антисептиктерімен (оның ішінде орнатылған дозаторлардың көмегімен) немесе дезинфекциялау сулықтарымен өңдеу жүзеге асырылады.
7. Персонал ұйымға (кәсіпорын) кірген кезде жұмыс күні ішінде (көрсетілімдер бойынша) жұмыскерлердің дене температурасын бақылау жүзеге асырылады. Дене температурасы жоғары және ауру белгілері бар персонал анықталған жағдайда, бұл адамдар жұмыс процесінен дереу шеттетіледі.
8. Ұйымның медицина қызметкерлері жұмысқа шығудың себептерін анықтай отырып, күн сайын мониторинг жүргізуді қамтамасыз етеді, ЖРВИ, тұмау және басқа да вирустық ауруларға ерекше көңіл бөлінеді.
9. Объекті персоналы жеке қорғаныш құралдарымен (халат, медициналық маска, қолғап) қамтамасыз етіледі.
10. Жұмыскер шетелден қайтып келген кезде белгіленген мерзімге (14 күн) үйде өзін-өзі оқшаулауда болады.
11. Еңбек мигранттары шетелден келгеннен кейін объектілердің басшылары тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау аумақтық департаментіне (бұдан әрі - АД) телефон, электрондық пошта арқылы келген күнін, елін және өзге де сұратылатын мәліметтерді көрсете отырып, тегі бойынша тізімдерді ұсына отырып, дереу хабарлайды.
12. Келген еңбек мигранттарын тұратын орындарында (жатақханалар және т.б.) персоналмен байланысты болдырмайтын жеке үй-жай (ғимарат) бөлу жолымен кәсіпорынның басқа жұмысшыларынан бөлек орналастырады.
13. Ауаны залалсыздандыру мақсатында объектінің медициналық пунктін (денсаулық пунктін) және адамдар көп жиналатын орындарды кварцтау режимі қамтамасыз етіледі (мүмкіндігінше).
14. Медициналық пункттер қажетті медициналық жабдықтармен және медициналық бұйымдармен (термометрлермен, қалақшалармен, жеке қорғаныш құралдарымен) қамтамасыз етіледі.
15. Медициналық пункттің (денсаулық сақтау пунктінің) медицина қызметкерлерін жеке қорғаныш құралдарымен (қорғаныш дәрежесі жоғары медициналық маскалар немесе респираторлар (респиратор N95 немесе FFP2, FFP3 стандарты бойынша), қолғаптармен; көзілдірікпен немесе бетті қорғауға арналған экрандармен, таза, стерильді емес, ұзын жеңді суға төзімді халатпен (немесе суға төзімді бір рет қолданылатын костюм немесе суға төзімді комбинезон), резеңке етік немесе қонышы ұзын резеңке бахилалар) және дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз етеді.
16. Объекті үй-жайларында температуралық режимнің оңтайлы параметрлерінің сақталуы қамтамасыз етіледі, жұмыс үй-жайларын тұрақты (әрбір 2 сағат сайын) желдету жүргізіледі.
17. Жұмыскерлердің жеке/қоғамдық гигиена ережелерін сақтауы қамтамасыз етіледі: әрбір дәретханаға барғаннан кейін бүкіл жұмыс күні ішінде қолды сабынмен тұрақты жуу немесе тері антисептиктерімен өңдеу режимі.
18. Есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, таяныштарды, жанасатын беттерді (жұмыскерлердің үстелдері мен орындықтарын, ұйымдастыру техникасы), көпшілік пайдаланатын орындарды (тамақ ішетін, демалатын бөлмелер, дәретхана бөлмелері, спортпен айналысуға арналған бөлмелер мен жабдықтар және т. б.) дезинфекциялай отырып, үй-жайларды дезинфекциялау құралдарын қолдану арқылы ылғалды жинау, барлық үй-жайларда - жиілігі әр 2 сағат сайын өңдеу жүргізіледі.
19. Объектінің әкімшілігі ұйымда (кәсіпорында) инфекциялық ауру белгілері бар адамдарды анықтаған жағдайда үй-жайларды жинауға және қызметкерлердің қолын өңдеуге арналған дезинфекциялау құралдарының кемінде бес күндік қорының, тыныс алу ағзаларының жеке қорғаныш құралдарының (медициналық маскалар, респираторлар) болуын қамтамасыз етеді.
20. Жұмыс беруші жұмыскерлерді қашықтықтан жұмыс нысанына ауыстырады.
21. Вахталық кентте COVІD-19-ға күдік анықталған кезде:
жұмыскер жедел медициналық жәрдем келгенге дейін медициналық пунктке изоляторға оқшауланады;
ғимаратқа, үй-жайларға барлық адамдардың кіруіне және шығуына тыйым салу енгізіледі, қабаттар арасындағы қатынас тоқтатылады;
қалған жұмыскерлер тыныс алу ағзаларын маскалармен, олар болмаған жағдайда қол астындағы құралдармен (сүлгілер, орамалдар, сулықтар және т. б.) қорғау туралы хабардар етіледі;
кейіннен тексеру және бақылауды белгілеу үшін ауырған жұмыскермен бірге ғимаратта/бөлімшеде болған барлық байланыста болған адамдардың тізімі жасалады;
басшылықтың тиісті өкіміне дейін жеделдікті талап етпейтін жұмыстар уақытша тоқтатылады;
жедел медициналық жәрдем дәрігерлері мен АД эпидемиологтарының келуін күтеді және олардың өкімдерін орындау;
ауырған адамды эвакуациялағаннан кейін Ұлттық сараптама орталығы филиалының күшімен қорытынды дезинфекциялау жүргізіледі.
22. Жауапты адамдар жұмысшылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
23. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау орындарының іргелес аумағы қанағаттанарлық санитариялық жағдайда ұсталады, қалдықтарды уақтылы шығару жүзеге асырылады.
24. Объектіге іргелес аумақты тәулігіне кемінде 1 рет дезинфекциялау құралдарымен өңдейді.
25. Ұйымның аумағына және онда орналасқан объектілерге санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) және дезинфекциялық іс-шараларды жүзеге асыратын қызметкерлердің кедергісіз кіруі қамтамасыз етіледі.
26. Объекті әкімшілігі өз қаражаты есебінен немесе эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдарының қаулылары бойынша дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық іс-шараларды жүргізеді
27. Жұмысшылардың тамақтану объектілерінде:
1) ыдыс-аяқты кейіннен белгіленген тәртіппен жинап, зарарсыздандырып және жоя отырып, бір рет қолданылатын ыдысты пайдалануды қамтамасыз етеді;
2) көп рет қолданылатын ыдыстарды пайдалану кезінде – оны өңдеуді арнайы жуу машиналарында, оны пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес, 650С төмен емес температурада 90 минут бойы ыдыстарды және асхана аспаптарын дезинфекциялауды қамтамасыз ететін өңдеу режимдерін қолдана отырып немесе оларды қолдану жөніндегі талаптарға сәйкес дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, сол температурада қол тәсілімен жүргізеді;
3) асханада тамақ өнімдерін сатуды кесілмеген көкөністер мен жемістерді қоспағанда, өлшеп-оралған күйінде жүргізеді;
4) сатып алушылардың өздері алатын нан-тоқаш, кондитерлік және өзге де өнімдерді сатуды тек оралған түрде жүзеге асырады;
5) асхана жұмыскерлері (сатушылар, аспаздар, даяшылар, кассирлер және тамақ өнімдерімен тікелей байланысы бар басқа да қызметкерлер) жұмысшыларға өз қызметтерін ауысымына кемінде екі рет және бүтіндігі бұзылған кезде ауыстыруға жататын бір рет қолданылатын қолғаппен көрсетеді, персоналдың жұмыс кезінде бір рет қолданылатын маскаларды пайдалануы (2 сағатта 1 реттен кем емес маскаларды ауыстыру);
6) келушілерге персонал қызмет көрсетеді;
7) қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатылады;
8) тамақтанатын залдарда персоналдың жиналуын барынша болдырмау мақсатында қашықтықты сақтайды. Объектілерді үнемі желдету, ішке сору-сыртқа тарту қондырғыларын тексеру, жөндеу және дезинфекциялау жүргізіледі, сырттан ауаны алу арқылы үй-жайларды сүзгілеуді және желдетуді ұлғайтады;
9) бір уақытта қызмет көрсетілетін келушілердің саны қашықтықты сақтай отырып, 5 адамнан артық болмайды;
10) жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін (немесе кемінде 6 сағаттан кейін) есіктердің тұтқаларын, тұтқаларды, үстелдерді, орындықтардың арқаларын (креслолардың шынтақтарын), тамақтанатын залға (асханаға) кіретін жердегі қол жууға арналған раковиналарды, өзіне-өзі қызмет көрсету сөрелерін дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, үй-жайларды ылғалды жинау жүргізіледі;
12) күшейтілген дезинфекциялық режимді сақтау: әр сағат сайын асханада үстелдерді, орындықтарды арнайы дезинфекциялық құралдармен өңдейді.
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде вахталық әдіспен жұмыс істейтін кәсіпорындар жұмыскерлерінің шығуына (келуіне) қойылатын талаптар
1. Осы тәртіпте көзделмеген кәсіпорында COVID-19-дың таралуын болдырмау жөніндегі қосымша шаралар жұмыс берушінің қалауы бойынша айқындалады.
2. Кәсіпорын басшысы вахтадан шығуға жататын вахта жұмыскерлерінің тізімін ЖСН (резидент еместерді қоспағанда), нақты тұратын мекенжайы, байланыс деректерін (ұялы телефон нөмірі) және жұмыскер тіркелген медициналық ұйымды көрсете отырып жасайды.
Вахта жұмыскерлері бойынша жоғарыда көрсетілген қандай да бір ақпараттың болмауы COVID-19 пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі іс-шараларды үйлестіру жөніндегі жедел штабтың аталған тізімдерді жұмысқа қабылдамауы үшін негіз болып табылмайды.
3. Кәсіпорын басшысы барлық вахталық жұмыскерден тізімге сәйкес келген мекенжайы бойынша 14 күнге үй карантині режимін міндетті түрде орындалуы туралы қол қойылған қолхатты жинайды.
Вахтадан шығуға 5 күнтізбелік күн қалғанда тізімдер, сауалнамалар мен қолхаттар аумағында кәсіпорын орналасқан жедел штабтың электрондық мекенжайына ұсынылады.
4. Кәсіпорынның орналасқан жері бойынша жедел штаб жұмыскерлердің тізімдерін, сауалнамаларын және қолхаттарын вахта жұмыскерлерінің келген жері бойынша жедел штабқа жібереді.
5. Вахта жұмыскерлерінің келген жері бойынша жедел штаб жұмыскерлердің тізімдерін, сауалнамаларын және қолхаттарын Денсаулық сақтау басқармасына, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне және Полиция департаментіне келгендердің денсаулық жағдайына мониторинг жүргізу, үйде оқшаулау қағидаларының сақталуын және үйде өзін-өзі оқшаулаудың сақталуын бақылау үшін жібереді.
6. Кәсіпорын басшысы күн сайын вахталық кенттен шығу сәтіне дейін соңғы 5 күн бойы бақылау тексеру (қарап тексеру, температураны өлшеу) жүргізеді, вахтадан шығу күніне дейін бес күн бұрын вахтада 14 күнтізбелік күннен кем болған, вахтаға кіру кезінде тестілеуден өтпеген және (немесе) бақылау тексерулері кезінде COVID-19 симптомдарын жоққа шығармайтын белгілер анықталған жұмыскерді COVID-19-ға зертханалық тексеруден өткізеді. Жедел тестілеудің нәтижесі оң болған жағдайда кәсіпорын жұмыскеріне қайта жедел тестілеу тағайындалады.
7. Жедел тестілеудің оң нәтижесі болған жағдайда CОVID-19 жұқтыру белгілері бар адамдар жедел медициналық жәрдем келгенге дейін кәсіпорын жанындағы изоляторға жіберіледі.
Жұмыскерде COVID-19 симптомдарын жоққа шығармайтын клиникалық белгілер болған жағдайда кәсіпорын басшысы жедел медициналық жәрдем келгенге дейін оны кәсіпорын жанындағы изоляторға орналастыра отырып, вахталық кенттен қызметкердің кетуіне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды және бұл туралы жақын жердегі медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) ұйымына және АД-ға хабарлайды.
8. Кәсіпорын жедел медициналық жәрдемнің жедел келуі мүмкін емес МСАК-тан алыс орналасқан жағдайда жұмыс беруші COVID-19 жұқтыру белгілері бар жұмыскерді жақын жердегі МСАК-қа дейін тасымалдауды өз бетінше жүзеге асырады.
Мән-жайлары мен себептері анықталғанға дейін кәсіпорын эпидемияға қарсы талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.
9. Кәсіпорында CОVІD-19-бен ауыратын науқастар анықталған жағдайда кәсіпорынның не жекелеген учаскелердің одан әрі жұмыс режимі жөніндегі шешімді кәсіпорынның уәкілетті өкілдерінің қатысуымен жедел штаб қабылдайды.
10. Кәсіпорын басшылары вахталық кенттен әуежайға (вокзалға) немесе нақты тұратын жеріне дейін кететін жұмыскерлерді орталықтандырылған жеткізуді ұйымдастырады.
11. Жұмыскерлер санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып қызметтік көлікпен жеткізіледі, көлік отыратын орындар санына сәйкес толтырылады, көліктегі жолаушыларда медициналық маска болады.
12. Кәсіпорынның бақылау-өткізу пунктінде күзет қызметкері вахтадан шығатын адамдарда CОVІD-19 белгілерінің жоқтығы туралы медициналық анықтаманың болуын тексереді.
13. Кәсіпорында карантин жарияланған жағдайда вахтаның барлық жұмыскерлері вахталық кент аумағында тұрады. Персоналдың шығуы (кіруі) шектеледі.
14. Жұмыскердің Кәсіпорын аумағының шегінде жүріп-тұруы өндірістік қажеттілік болған жағдайда рұқсат етіледі.
15. Вирустық инфекция симптомдары, дене қызуы, ентігу немесе жөтел болған жағдайда жедел медициналық жәрдем қызметіне дереу хабарласу керек (103).
16. Вахтадан келгеннен кейін жұмыскер өзін-өзі оқшулауда болады.
17. Кәсіпорын басшылары ЖСН (резидент еместерді қоспағанда), нақты тұратын мекенжайын, байланыс деректерін (ұялы телефон нөмірі) және тіркелген медициналық ұйымның (мүмкіндігінше) көрсете отырып вахтаға келуге (кіруге) жататын жұмыскерлердің тізімін жасайды.
18. Вахта жұмыскерлері бойынша жоғарыда көрсетілген қандай да бір ақпараттың болмауы жедел штабтың аталған тізімдерді жұмысқа қабылдамауы үшін негіз болып табылмайды.
19. Вахтаға кіруден 5 күнтізбелік күн бұрын тізімдер мен сауалнамалар жедел штабтың электрондық мекенжайына ұсынылады.
20. Жұмыскерлердің шығуы жоспарланған өңірдің жедел штабы жұмыскерлердің тізімдері мен сауалнамаларын Кәсіпорынның орналасқан жері бойынша жедел штабтың электрондық мекенжайына жібереді.
21. Вахталық ауысымға шығуды жоспарлаған жұмыскер жұмыс берушінің есебінен бақылау тексеруінен (қарап-тексеру, көрсетілімдер бойынша аспаптық және зертханалық зерттеулер), сондай-ақ вахтаға шығудан бес күн бұрын COVID-19-ға зертханалық тексеруден өтеді.
22. Бір облыста тұратындар үшін жұмыс беруші жұмыскерлерін тестілеуді бір медициналық мекемеде (зертханада) ұйымдастырады, тестілеу мерзімін жұмыс беруші белгілейді.
Тестілеу пункттері болмаған жағдайда, анықтамасы жоқ жұмыскерді жұмысқа тарту бойынша шешімді жұмыс беруші қабылдайды.
23. COVID-19-ға зертханалық тексерудің оң нәтижелері және COVID-19 симптомдарын жоққа шығармайтын клиникалық белгілері болған жағдайда мемлекеттік органдар мен ұйымдар COVID 19 жағдайларын анықтаған кезде іс-шараларды жүргізу тәртібімен көзделген іс-шараларды орындауға кіріседі. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар COVID-19 анықталған жағдайлар туралы жұмыс берушіні хабардар етеді.
24. Кәсіпорын басшылары вахта кентіне келетін жұмыскерлерді орталықтандырылған жеткізуді ұйымдастырады.
Жұмыскерлер жұмыс орындарына санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып қызметтік көлікпен жеткізіледі, көлік отыратын орындар санына сәйкес толтырылады, көліктегі жолаушыларда медициналық маска болады.
25. Жұмыскерлерді жеткізу қамтамасыз етілетін көлік құралы дезинфекцияланады, дезинфекцияны мамандандырылған ұйымдар немесе жұмыс берушінің күшімен жүргізеді.
26. Тасымалдаушы көлік құралының салонына дезинфекция жүргізуді қамтамасыз етеді.
27. Кәсіпорынның бақылау-өткізу пунктінде күзет қызметкері вахтаға келетін адамдарда CОVІD-19-ды анықтауға теріс нәтижесі бар зертханалық зерттеудің болуын тексереді.
28. Жұмыскерлер вахтаға келгеннен кейін кәсіпорынның медицина қызметкерлері орталықтандырылған жинау және жұмыскерлердің жалпы жағдайын қарап-тексереді, теріс нәтижесі бар CОVID-19-ды анықтауға зертханалық тексерудің бар-жоғы тексеріледі.
29. Кәсіпорын басшылары жұмыскерлердің вахталық кентке кіргенде ауысым алдында және ауысымнан кейін міндетті түрде дене температурасы жоғары және COVID-19 белгілері бар адамдарды шеттете отырып дене температурасын бақылауды қамтамасыз етеді.
30. Жұмыскерлер вахталық кентке кірген кезде қолдарын осы мақсаттарға арналған тері антисептиктерімен (оның ішінде белгіленген дозаторлардың көмегімен) немесе дезинфекциялаушы сулықтармен өңдеу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі және гигиеналық рәсімнің сақталуына бақылау орнатылады.
31. Объектілердің аумағы бойынша жүріп-тұруды тиісті рұқсат деңгейі бар персонал жүзеге асырады.
32. Болмау себебін анықтай отырып, жұмысқа шығуға мониторинг күн сайын жүргізіледі, ЖРВИ, тұмау және басқа да вирустық ауруларға ерекше назар аударылады.
Персонал қорғаныш құралдарын уақтылы беруі, оның ішінде санитайзерге қолжетімділікті қамтамасыз етуі қажет.
33. Кәсіпорындардың басшылары мен персоналы осы қосымшаға сәйкес өнеркәсіптік кәсіпорындар мен өндірістік объектілерде, оның ішінде вахталық әдіспен жұмыс істейтін объектілерде санитариялық-дезинфекциялық іс-шаралар тәртібінің қатаң сақталуын қамтамасыз етеді.
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде көктемгі егіс жұмыстарына тартылған ұйымдар мен жұмыскерлердің қызметіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
1. Ауыл шаруашылығы техникасының және кәсіпорындардың ауыл (шаруа) қожалығы жұмыскерлерінің шығуына карантин аяқталғанға дейін елді мекенге оралмай, "Сергек блок бееті" дерекқорына міндетті түрде енгізу арқылы рұқсат етіледі.
2. Мамандандырылған техникаларды қаржыландыруды, лизингін және оларға қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін ұйымдардың шығуы міндетті санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, "Сергек блок бекеті" дерекқорына міндетті түрде енгізе отырып, қалаға оралу құқығымен рұқсат етіледі.
3. Жұмыскерлерді тұрғылықты жерінен қызметтік автобуста/автокөлікте жұмыс істеуге және жұмыстан орталықтандырылған жеткізу.
4. Көлік құралының жүргізушісінде қолды өңдеуге арналған антисептиктің және жеке қорғаныш құралдарын (арнайы киім, маскалар мен қолғаптар, көзді қорғау құралдары/бетке арналған маска және т. б.) болуы, оларды талап етілетін жиілікпен міндетті түрде ауыстыру.
5. Әр рейстің алдында автокөлік салонын дезинфекциялау, кейіннен желдету жүргізіледі.
6. Жұмыскерлердің кіруі мен шығуы үшін автобустарда/шағын автобустарда барлық есіктердің бір мезетте ашылуы жүзеге асырылады.
7. Жалпы саны отыратын орындар санынан аспайтын маска киген жұмыскерлер салонға жіберіледі.
8. Жұмыскерлер арасында жеке/қоғамдық гигиена ережелерін сақтау қажеттілігі туралы нұсқама өткізу, сондай-ақ олардың мүлтіксіз сақталуын қадағалау жүргізіледі.
9. Жұмысқа шығуға күнделікті мониторинг жүргізіледі.
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде өнеркәсіптік және индустриялық кәсіпорындарға, құрылыс компанияларына (құрылыс салушыларға) қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
1. Өнеркәсіптік және индустриялық кәсіпорындар, құрылыс компаниялары (құрылыс салушылар) технологиялық процеске сәйкес өндірістің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс істейді.
2. Жұмыскерлерді тұрғылықты жерінен қызметтік автобуста/автокөлікте жұмыс істеуге және жұмыстан орталықтандырылған жеткізу.
3. Көлік құралының жүргізушісінде қолды өңдеуге арналған антисептикпен және жеке қорғаныш құралдарымен (арнайы киім, маскалар мен қолғаптар, көзді қорғау құралдары/бетке арналған маска және т. б.) қамтамасыз етіледі, оларды талап етілетін жиілікпен міндетті түрде ауыстырады.
4. Әр рейстің алдында автокөлік салонын дезинфекциялау, кейіннен желдетуді жүргізіледі.
5. Жұмыскерлердің кіруі мен шығуы үшін автобустарда / шағын автобустарда барлық есіктердің бір мезетте ашылуы жүзеге асырылады.
6. Отыратын орын санына сәйкес маска киген жолаушылар салонға жіберіледі.
7. Егер жұмыскерлер жатақханаларда, оның ішінде мобильді, құрылыс алаңының немесе өнеркәсіптік кәсіпорындардың аумағында тұратын болса, COVID-19-ды жұқтырудың алдын алу мақсатында қажетті санитариялық-эпидемиологиялық талаптар мен қауіпсіздік шаралары сақталады.
8. Вирустың таралуын болдырмау үшін зарарсыздандыру жүйесін (орта және ірі кәсіпорындардағы дезинфекциялық тоннельдер) пайдалана отырып объектіге кіруге жол беріледі.
9. Қолдарды осы мақсаттарға арналған тері антисептиктерімен (оның ішінде орнатылған дозаторлардың көмегімен) немесе дезинфекциялайтын майлықтармен өңдеу және осы гигиеналық рәсімнің сақталуына бақылау жүргізіледі.
10. ЖРВИ және тұмау симптомдары бар адамдарды жұмысқа жіберуді болдырмау үшін, ал COVID-19 (құрғақ жөтел, жоғары температура, тыныс алудың қиындауы, ентігу) жоққа шығармайтын симптомдары бар адамдар үшін жанаспайтын термометрия және респираторлық аурулар симптомдарының болуын тексеру жүзеге асырылады.
11. Объектілерде медициналық қызмет көрсету:
1) орта және ірі кәсіпорындарда изоляторы бар медициналық немесе денсаулық пунктінің міндетті түрде болуы, әр ауысымға дейін және одан кейін барлық қызметкерлерді тексеруді қамтамасыз ету үшін медициналық қызметкерлердің үнемі болуын;
2) ауаны залалсыздандыру мақсатында медициналық пункттің (денсаулық пунктінің) және адамдар көп жиналатын орындардың кварцтау (мүмкіндігінше) режимін қамтамасыз етуді;
3) медициналық пункттерді қажетті медициналық жабдықтармен және медициналық бұйымдармен (термометрлер, шпательдер, медициналық маскалар және т. б.) қамтамасыз етуді;
4) медициналық пункттің (денсаулық сақтау пунктінің) медицина қызметкерлерін ЖҚҚ және дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз етуді көздейді.
14. Жұмыс процесін бастағанға дейін:
1) жұмыскерлер арасында жеке/қоғамдық гигиена ережелерін сақтау қажеттілігі туралы нұсқама жүргізу, сондай-ақ олардың мүлтіксіз сақталуын қадағалау;
2) медициналық маскаларды немесе респираторларды жұмыс күні ішінде оларды уақтылы ауыстыру шартымен пайдалану;
3) жұмыс орындарында антисептиктердің, әрбір объектіде дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың азаймайтын қорының болуы;
4) жұмыс күнінің басында жанаспайтын термометриямен қызметкерлерді тексеру;
5) жұмысқа шығуға күн сайын мониторинг жүргізу,
6) объектіде байланыссыз жұмысты енгізу үшін технологиялық процестерді автоматтандыруды барынша пайдалану;
7) тұрақты жұмыс орындарының арасында кемінде 2 метр алшақтықтың болуы (технологиялық процесс мүмкіндігі болған жағдайда);
8) жұмыскерлер көп жиналатын учаскелердің жұмысын болдырмау (мүмкін болған жағдайда жұмыс процесінің технологиясын қайта қарау);
9) есіктің тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, сүйеніштерді, тұтқаларды, жанасатын беттерді (жұмыскерлердің үстелдерін, орындықтарын, ұйымдастыру техникасын), жаппай пайдаланылатын орындарды (гардеробтар, тамақ ішетін, демалатын бөлмелер, санитариялық тораптар) міндетті түрде дезинфекциялай отырып, ауысымда кемінде 2 рет вирулицидті әсері бар құралдармен дезинфекциялай отырып, өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды ылғалды жинау;
10) желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмысы, профилактикалық тексеру, жөндеу, оның ішінде сүзгілерді ауыстыру, ауа өткізгіштерді дезинфекциялау), желдету режимін сақтауды қамтамасыз ету көзделеді.
15. Объектілерде тамақтандыру мен демалысты ұйымдастыру мыналарды көздейді:
1) әр түрлі өндірістік учаскелер жұмыскерлерінің бір уақытта тамақтануын және жиналуын болдырмайтын қатаң белгіленген орындарда тамақ ішуді ұйымдастыру. Барлық қажетті санитариялық нормаларды қамтамасыз ете отырып, цехтар/учаскелер жанындағы тамақ ішу аймағына (асханаларға) тамақ жеткізуге болмайды;
2) үстелдер арасындағы қашықтықты кемінде 2 метр сақтау және бір стандартты үстелде немесе 4 отыратын орынға есептелген үстелдерде шахматтық тәртіппен 2 жұмысшыдан артық емес отырғызу;
3) бір рет қолданылатын ыдыстарды кейіннен жинау және жою арқылы пайдалану;
4) көп рет қолданылатын ыдысты пайдаланған кезде - ыдысты арнайы жуу машиналарында 65 градустан төмен емес температурада не сол температурада жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, әрбір пайдаланғаннан кейін қолмен өңдеу;
5) асхана персоналы (сатушылар, аспаздар, даяшылар, кассирлер және тамақ өнімдерімен тікелей байланысы бар басқа да қызметкерлер) өз қызметтерін жұмысшыларға ауысымына кемінде екі рет және тұтастығы бұзылған кезде ауыстыруға жататын қолғаппен көрсетуі, персоналдың жұмыс кезінде бір рет қолданылатын медициналық маскаларды пайдалануы (маскаларды ауыстыру 2 сағат ішінде кемінде 1 рет);
6) ас блоктары мен сауда объектілерінде, кәсіпорындарда нұсқама беруге, қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыруға, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қамтамасыз етуге және қадағалауға жауапты адамды бекіту, нұсқама өткізудің мерзімділігі бойынша журнал жүргізу, қорғаныш құралдарын ауыстыру және дезқұралдардың қорын толықтыру;
7) бір уақытта қызмет көсетілетін келушілердің саны қашықтықты сақтай отырып, 5 адамнан аспайды;
8) жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін үй-жайларды желдетуді және есік тұтқаларын, тұтқаларды, үстелдерді, орындықтардың арқалықтарын (креслолардың шынтақ қойғыштарын), тамақтану залына (асханаға) кіре берісте қол жууға арналған раковиналарды, өзіне-өзі қызмет көрсету витриналарын сүрту жолымен дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, ылғалды жинауды жүргізу (немесе кемінде 6 сағат өткен соң);
9) күшейтілген дезинфекциялық режимді жүргізу - үстелдерді, орындықтарды сағат сайын арнайы дезинфекциялау құралдарымен өңдеу.
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде қызмет көрсету (сұлулық салондары, шаштараз (алдын ала жазылу бойынша), химиялық тазалау, кір жуу орындары, ұйымдастыру техникасын жөндеу) саласындағы объектілердің қызметіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
1. Қызмет көрсету саласы объектілерінің жұмысын қайта бастауға санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, мынадай жағдайларды қамтамасыз етілген кезде жол беріледі:
1) Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген жеке қорғаныш құралдарының (арнайы киім, медициналық маскалар), дезинфекциялау және жуу заттарының, қолды өңдеуге арналған антисептиктердің азаймайтын қорының болуы.
2) санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау (температураны өлшеу, персоналға нұсқау беру, қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқаулық жүргізу журналын жүргізу, маскаларды, респираторларды, сулықтарды кәдеге жарату, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу, үй-жайларды жинау);
3) профилактикалық тексеру, жөндеу, оның ішінде сүзгілерді ауыстыру, ауа өткізгіштерді дезинфекциялау жүргізу арқылы желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмысы, желдету режимін қамтамасыз ету және сақтау;
4) персонал арасында жеке/өндірістік гигиена қағидаларын сақтау қажеттілігі туралы нұсқаулық және олардың мүлтіксіз сақталуын бақылау;
5) ұйымға кіреберісте дене температурасын байланыссыз немесе байланыс тәсілімен (электрондық, инфрақызыл термометрлер, тасымалды тепловизорлар) өлшеуге арналған аппараттарды қолдана отырып, персоналдың дене температурасын бақылау, ЖРВИ және тұмау симптомдары бар персоналды жұмыстан шеттету мақсатында респираторлық аурулар симптомдарының бар-жоғын тексеру, ал COVID-19 жоққа шығармайтын симптомдары (құрғақ жөтел, жоғары температура, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т. б.) бар адамдар үшін оқшаулауды және жедел жәрдемді шұғыл шақыруды қамтамасыз ету;
6) жұмыс орындарында және келушілер үшін қолды өңдеуге арналған санитайзерлерді орнату, телефондар мен басқа да заттарды өңдеуге арналған персонал мен клиенттер үшін сулықтар қорының болуы;
7) жұмыс күні ішінде қолғаптарды (әрбір клиенттен кейін оларды ауыстыру шартымен), медициналық маскаларды (әрбір 2 сағат сайын оларды ауыстыру шартымен) пайдалану;
8) жұмыс үй-жайларында бактерицидті шамдарды (келушілер мен персонал болмаған жағдайда пайдаланылады) және (немесе) ауаны рециркуляторларды (адамдардың қатысуымен пайдаланылады) ауаны тұрақты зарарсыздандыру мақсатында қолдану;
9) жұмыс орындарының арасында кемінде 2 метр қашықтықты мүлтіксіз сақтау, оңтайлы жұмыс аймақтарының шекараларын белгілеуді қамтамасыз ету;
10) тек маска киген келушілерді кіргізу;
11) жүргізілген/алынған қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін барынша жағдай жасау (карталар, телефондағы қосымша).
2. Объект басшылығы клиенттер жиналатын "күту аймағын" болдырмай, алдын ала жазылу бойынша жұмысты ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, келуші (клиент) мен қызметкер (сұлулық салоны мен шаштараздан басқа) арасындағы әлеуметтік қашықтықты сақтауды барынша қамтамасыз етеді, персоналдың клиенттермен тікелей байланыстарын барынша азайтады.
3. Өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды ылғалды жинау есіктің тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, сүйеніштерді, байланыс беткейлерін (қызметкерлердің үстелдерін, орындықтарын, ұйымдастыру техникасын), жалпы пайдаланылатын орындарды (киім ілетін орындар, тамақ ішетін, демалатын бөлмелер, санитариялық тораптар) міндетті түрде дезинфекциялай отырып, ауысымда кемінде 2 рет вирулицидті әсер ететін құралдармен дезинфекциялай отырып жүргізіледі.
Беткейлерді өңдеу дезинфекциялау ерітіндісіне батырылған шүберекпен сүрту тәсілімен немесе дезинфекциялау ерітіндісін тозаңдату арқылы сулау тәсілімен жүргізіледі.
4. Жұмыс орнында дайындалатын дезинфекциялау ерітінділерін құралдың атауы, ерітіндінің концентрациясы және оның дайындалған күні көрсетілген таңбасы бар сыйымдылықтарда сақтау керек.
Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген дезинфекциялау ерітінділері оның дезинфекциялау құралын қолдану жөніндегі нұсқаулығына сәйкес берілген концентрацияға сәйкес дайындалады;
5. Техникалық персонал (тазалаушылар) жеке қорғаныш құралдарын: халат, қолғап, медициналық маска пайдалана отырып, дезинфекциялау іс-шараларын жүргізеді.
6. Жинау мүкәммалын (шелектер, щеткалар, шүберектер) пайдаланғаннан кейін жақсылап жуады және арнайы бөлінген орындарда сақтайды.
7. Пайдаланылған медициналық маскалар (оның ішінде түшкіру, және жөтелу кезінде пайдаланылған сулықтар), бір рет қолданылатын жинау шүберегі пакеттерге жиналады және қалдықтарға арналған арнайы контейнерлерге салынады.
8. Қалдықтарды жинау, уақытша сақтау, шығару және залалсыздандыру мамандандырылған ұйымдармен келісім шарт бойынша жүргізіледі.
9. Персоналды тамақ ішуі белгіленген орындарда жүргізіледі, тамақ ішетін бөлме болмаған жағдайда дезинфекциялау құралдарының көмегімен жинауды қамтамасыз ете отырып, осы мақсаттар үшін аймақтар бөледі.
10. Химиялық тазалау және кір жуу орындарында: лас киім-кешекті шығару және клиенттің үйіне таза киім-кешекті жеткізу барынша қамтамасыз етіледі, жоғарыда көрсетілген тәсілмен қызмет көрсету мүмкін болмаған жағдайда, олар мен қызметкердің арасындағы әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып үй-жайда бір мезетте маскада екі клиенттен артық емес болуы, персоналдың клиенттермен тікелей байланыстарын барынша азайту қамтамасыз етіледі.
11. Сұлулық салондарында, шаштараздарда:
1) оңтайлы жұмыс аймақтарының шекаралары белгіленген креслолар арасында кемінде 2 метр қашықтықты сақтау;
2) персоналдың әр келушіге арналған құралдарды өңдеу қағидаларын қатаң сақтауы;
3) шаштарға арналған бигуди, қысқыштар, қалпақтар мен торларды жуу құралдарымен ағынды сумен әр клиенттен кейін ағынды сумен өңдеу;
4) қырқылған шашты жабық қалаққа тікелей креслолардың жанында қақпағы бар ыдыстарға жинау, одан әрі дезинфекциялау ерітіндісімен бүрку арқылы сулау тәсілімен кәдеге жарату;
5) әрбір клиенттен кейін жұмыс орнын қосымша өңдеу қамтамасыз етіледі.
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде халыққа қызмет көрсету (типографиялық қызмет көрсететін объектілер, тігін ательесі, аяқ киім шеберханалары, аяқ киім, киім жөндеу сервисі) бойынша объектілердің және өзге де объектілердің қызметіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
1. Халыққа қызмет көрсету объектілерінің жұмысын қайта бастауға санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, мынадай жағдайлар қамтамасыз етілген кезде жол беріледі:
1) Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген қорғаныш құралдарының (арнайы киім, медициналық маскалар), дезинфекциялау және жуу заттарының, қолды өңдеуге арналған антисептиктердің азаймайтын қорын қамтамасыз ету;
2) санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау (температураны өлшеу, персоналға нұсқама беру, қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқама жүргізу журналын жүргізу, маскаларды, респираторларды, сулықтарды кәдеге жарату, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу, үй-жайларды жинау);
3) қызметкерлер арасында жеке/өндірістік гигиена ережелерін сақтау қажеттілігі туралы нұсқама беру және олардың мүлтіксіз сақталуын бақылау;
4) байланыссыз немесе байланыс тәсілімен (электрондық, инфрақызыл термометрлер, тасымалды тепловизорлар) дене температурасын өлшеуге арналған аппараттарды қолдана отырып, ұйымға кіру кезінде қызметкерлердің дене температурасын бақылау, қызметкерлерді ЖРВИ және тұмау симптомдарымен жұмыстан шеттету мақсатында респираторлық аурулар симптомдарының бар-жоғын тексеру, ал COVID-19 (құрғақ жөтел, жоғары температура, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т. б.) жоққа шығармайтын симптомдары бар адамдар үшін оқшаулауды және жедел жәрдемді дереу шақыруды қамтамасыз ету;
5) жұмыс орындарында және келушілер үшін қолды өңдеуге арналған санитайзерлерді орнату, қызметкерлер мен клиенттер үшін телефондар мен басқа да заттарды өңдеуге арналған қорының болуы;
6) тек маска киген келушілерге ғана киюге рұқсат беру;
7) қолғаптарды, медициналық маскаларды жұмыс күні ішінде оларды уақтылы ауыстыру шартымен пайдалану (әрбір 2 сағат сайын);
8) оңтайлы жұмыс аймақтарының шекараларын белгілей отырып, жұмыс орындарының арасында кемінде 2 метр қашықтықты мүлтіксіз сақтау;
9) желдету режимін қамтамасыз ету және сақтау;
10) жүргізілген/алынған қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін барынша жағдай жасау (карталар, телефондағы қосымша).
2. Объектінің басшылығы клиенттер жиналатын "күту аймағын" алып тастай отырып, алдын ала жазу бойынша жұмысты ұйымдастыруды, келуші (Клиент) мен қызметкер арасындағы әлеуметтік қашықтықты барынша қамтамасыз етуді, персоналдың клиенттермен тікелей байланыстарын барынша азайтуды қамтамасыз етеді.
3. Өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды ылғалды жинау есіктің тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, сүйеніштерді, байланыс үстін (қызметкерлердің үстелдерін, орындықтарын), жалпы пайдаланылатын орындарды (гардеробтар, тамақ ішетін, демалатын бөлмелер, санитарлық тораптар) міндетті түрде дезинфекциялай отырып, ауысымда кемінде 2 рет вирусицидті әсер ететін құралдармен жүргізіледі.
Үстіңгі беттерді өңдеу дезинфекциялау ерітіндісіне батырылған шүберекпен сүрту тәсілімен немесе дезинфекциялау ерітіндісін тозаңдату арқылы суару тәсілімен жүргізіледі.
4. Техникалық персонал (тазалаушылар) жеке қорғану құралдарын: халат, қолғап, медициналық маска пайдалана отырып, дезинфекциялық іс-шараларды жүргізеді.
5. Пайдаланылған медициналық маскалар (оның ішінде түшкіру және жөтелу кезінде пайдаланылған салфеткалар), бір рет қолданылатын жинау шүберегін пакеттерге жинайды және қалдықтарға арналған арнайы контейнерлерге тастайды.
6. Қалдықтарды жинау, уақытша сақтау, шығару және залалсыздандыру мамандандырылған ұйымдармен шарт бойынша жүргізіледі.
7. Персоналдың жұмыс орындарында тамақ ішуіне, тамақ ішетін бөлме болмаған жағдайда, дезинфекциялау құралдарының көмегімен жинауды қамтамасыз ете отырып, осы мақсаттар үшін аймақ бөлуді көздеуге жол берілмейді.
8. Объектіде персонал мен келушілердің белгіленген ережелерді сақтауына және персоналмен күнделікті нұсқама өткізуге жауапты тұлға тағайындалады.
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде халыққа тұру бойынша қызмет көрсету саласындағы объектілерге (қонақүйлер, отельдер) қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
1. Объектіге қонақтарды жеткізу бойынша көлік қызметтерін көрсету кезінде көлік құралын жинау журналына белгі қоя отырып, вирусқа қарсы әсер ететін дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, көлік құралының салонын ылғалды жинау қамтамасыз етіледі.
2. Қонақүйлерде, отельдерде келушілердің қауіпсіздігі мақсатында:
1) кіреберістегі келушілердің дене температурасын бақылау (ресепшн, күзет пункті);
2) жүргізілген/алынған қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін барынша жағдай жасау (карталар, телефондағы қосымша) қамтамасыз етіледі.
3. Персоналдың қауіпсіздігі мақсатында:
1) персоналдың профилактикалық іс-шараларды сақтауы;
2) қызметкерлерді барынша қашықтан жұмыс форматына ауыстыр, қысқарту, өндірістік қажеттілікке байланысты жұмыс уақытын барынша қысқарту;
3) санитайзерлерді кіру және шығу кезінде пайдалану;
4) объектіге бір сәттік кіру 2 адамнан аспайды;
5) үй-жай ішіндегі адамдар арасындағы әлеуметтік қашықтықты сақтау;
6) маскалар болған кезде персоналға рұқсат беру;
7) кіру кезінде персоналдың температурасын өлшеу қамтамасыз етіледі.
4. Бөлімше басшылары мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
1) респираторлық инфекцияның кез келген белгілерімен (дене қызуының көтерілуі, жөтел, тамақ ауруы, тыныс алудың қиындауы), симптомдары, жоғары температура анықталған немесе пайда болған жағдайда персоналды жұмысқа жіберуді болдырмау, жедел медициналық жәрдем бригадасын шақыруды ұйымдастыру және жедел жәрдем келгенше осы қызметкерді оқшаулау;
2) персоналдың жұмысын ұйымдастыру кезінде әлеуметтік қашықтықты сақтауды қамтамасыз ету;
3) журналға белгі қоя отырып, жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және басқа да вирустық ауруларға ерекше назар аудара отырып, қызметкерлердің жұмысқа шығуының күн сайынғы мониторингін жүргізу.
5. Нөмір қоры қызметінің бастығы қызметкерлердің ұялы телефондарын, гаджеттерді, компьютерлік техниканы, есік тұтқаларын, тұтқаларды, үстелдерді, орындықтардың арқалықтарын (креслолардың шынтақ қойғыштары), жиһаздарды, қол жууға арналған раковиналарды, терезе алды, есік ойықтарын, қосқыштар мен розеткаларды, лифт батырмаларын міндетті түрде өңдеу арқылы күнделікті ылғалды жинау және дезинфекциялау жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етеді.
6. Дезинфекция үшін вирусқа қарсы тиімділігі бар (әдістемелік нұсқауларға немесе нұсқаулыққа сәйкес), белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өткен, оларға қоса берілген нұсқаулықты қатаң сақтай отырып, құралдар қолданылады.
Үй-жайларды және жабдықтардың жекелеген түрлерін (үстелдер, панельдер, есіктер, терезелер, еден) жуу және өңдеу үшін жеке шүберек көзделеді.
7. Дезинфекциялау құралдарының жұмыс ерітінділерін дайындау арнайы бөлінген орында жүзеге асырылады, қызмет берушінің ыдысында (қаптамасында) заттың атауы, оның мақсаты, заттаңбада жарамдылық мерзімі көрсетіле отырып сақталуы қажет. Ыдыстық затбелгі дезинфекциялау құралын сақтаудың (пайдаланудың) барлық кезеңінде сақталады.
8. Техникалық персонал (жинаушылар) дезинфекциялық іс-шараларды жеке қорғану құралдарын: униформа, қолғап, медициналық маска пайдалана отырып жүргізеді.
9. Жинау мүкәммалы (шелектер, щеткалар, шүберектер) пайдаланылғаннан кейін арнайы бөлінген орындарда сақталады.
10. Объектіде 15 минут ішінде күніне 2 реттен кем емес желдету режимі қамтамасыз етіледі.
11. Объектінің басшылығы мыналарды қамтамасыз етеді:
1) персоналдың жеке гигиенасын сақтауы үшін жағдайлар (санитариялық тораптардың жұмыс істеуі, жуу құралдарымен, санитарлармен, қағаз сүлгілермен қамтамасыз ету).
2) бір рет қолданылатын медициналық маскалар қорының (жұмыс ауысымының және маскаларды ауыстыру ұзақтығына қарай 3 сағатта кемінде 1 рет) немесе көп рет қолданылатын қорғану маскаларының (келесі қолдану алдында кейіннен жуу және термиялық өңдеу арқылы), сондай-ақ бір рет қолданылатын немесе көп рет қолданылатын қолғаптардың (ауысымына кемінде 2 рет ауыстыруға жататын және тұтастығы бұзылған кезде), қолды өңдеуге арналған дезинфекциялайтын салфеткалар немесе тері антисептиктерінің болуы. Бір рет қолданылатын маскаларды қайта пайдалануды болдырмау. Пайдаланылған жеке қорғану құралдарын жинауды шығару үшін арнайы бөлінген орындарда пакеттерге өткізу, одан әрі қатты тұрмыстық қалдықтар ретінде кәдеге жарату;
3) көрінетін және қолжетімді жерлерге қолды өңдеуге арналған тері антисептиктерін орнату, коронавирустық инфекцияның профилактиикалық бойынша жаднамалардың болуы;
4) келушілер көп жиналатын жерлерде (холлдар, залдар, мейрамхана) бактерицидті шамдарды (келушілер мен қызметкерлер болмаған жағдайда пайдалануға) және (немесе) ауаны рециркуляторларды (адамдардың қатысуымен пайдалануға рұқсат етіледі) ауаны тұрақты зарарсыздандыру мақсатында пайдалануға;
5) есептік қажеттілікке, өңдеу ауданы мен еселігіне қарай дезинфекциялау құралдарының төмендетілмейтін қорының болуы;
6) COVID-19 кезінде персоналды жеке гигиена ережелері бойынша мерзімді оқыту және қажетті шаралар мен іс-қимыл жоспарын іске асыру;
7) персоналдың жұмыс және демалыс аймақтарында қабырға дезинфекциялау құралдарын орнату.
12. Халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы шағын қонақүйлерде, хостелдерде, қонақүйлерде және басқа да объектілерде:
1) COVID-19 бойынша карантин кезінде персоналдың профилактикалық іс-шараларды сақтауы;
2) персоналдың санитерайзерлерді кіру және шығу кезінде пайдалануы;
3) персоналды жеке қорғану құралдары (маскалар) болған кезде кіргізу;
4) қызметкерлердің дене температурасын өлшеуге, жоғары температурада және ЖРВИ белгілері бар қызметкерлер жұмысқа жіберілмейді, бұл туралы журналға тиісті белгілер қойылады;
5) қызметкерлердің ұялы телефондарын, гаджеттерді, компьютерлік техниканы, есік тұтқаларын, тұтқаларды, үстелдерді, орындықтардың арқалықтарын (креслолардың шынтақ қойғыштары), жиһаздарды, қол жууға арналған раковиналарды, терезе алды, есік ойықтарын, қосқыштар мен розеткаларды, лифт кнопкаларын міндетті түрде өңдеу арқылы күнделікті ылғалды жинау және дезинфекциялау жүргізу. Дезинфекциялау үшін вирусқа қарсы тиімділігі бар (әдістемелік нұсқауларға немесе нұсқаулыққа сәйкес), белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өткен, оларға қоса берілген нұсқаулықты қатаң сақтаған кезде құралдарды қолдану;
6) үй-жайларды және жабдықтардың жекелеген түрлерін (үстелдер, панельдер, есіктер, терезелер, еден) жуу және өңдеу үшін жеке шүберек көзделеді;
7) дезинфекциялау құралдарының жұмыс ерітінділерін дайындау арнайы бөлінген орында жүзеге асырылады, қызмет берушінің ыдысында (қаптамасында) заттың атауы, оның мақсаты, заттаңбада жарамдылық мерзімі көрсетіле отырып сақталуы қажет. Ыдыстық затбелгі дезинфекциялау құралын сақтаудың (пайдаланудың) барлық кезеңінде сақталады.
13. Объектінің басшылығы мыналарды қамтамасыз етеді:
1) персоналдың жеке гигиенасын сақтауы үшін жағдайлар (санитариялық тораптардың жұмыс істеуі, жуу құралдарымен, санитайзерлермен, қағаз сүлгілермен қамтамасыз ету);
2) бір рет қолданылатын медициналық маскалар қорының (жұмыс ауысымының және маскаларды ауыстыру ұзақтығына қарай 3 сағатта кемінде 1 рет) немесе көп рет қолданылатын қорғану маскаларының (келесі қолдану алдында кейіннен жуу және термиялық өңдеу арқылы), сондай-ақ бір рет қолданылатын немесе көп рет қолданылатын қолғаптардың (ауысымына кемінде 2 рет ауыстыруға жататын және тұтастығы бұзылған кезде), қолды өңдеуге арналған дезинфекциялайтын салфеткалар немесе тері антисептиктерінің болуы. Бір рет қолданылатын маскаларды қайта пайдалануды болдырмау. Пайдаланылған жеке қорғану құралдарын жинауды шығару үшін арнайы бөлінген орындарда пакеттерге өткізу, одан әрі қатты тұрмыстық қалдықтар ретінде кәдеге жарату;
3) көрінетін және қолжетімді жерлерге қолды өңдеуге арналған тері антисептиктерін орнату, коронавирустық инфекцияның профилактикасы бойынша жаднамалардың болуы;
4) есептік қажеттілікке, өңдеу ауданы мен еселігіне қарай дезинфекциялау құралдарының төмендетілмейтін қорының болуы;
6) қызметкерлерді жеке гигиена ережелері бойынша мерзімді оқыту және COVID-1 кезінде қажетті шаралар мен іс-қимыл жоспарын іске асыру.
15. Барлық объектілерде жұмыс процесін ұйымдастыру кезінде:
1) адамдар көп жиналатын жерлерде, жүріп-тұру қарқындылығы байқалатын ресепшен алдында, едендегі белгілер арқылы немесе шектеу тіректері арқылы орындарды белгілеу арқылы әлеуметтік қашықтықты сақтау;
2) іргелес аумақты тазалықта ұстау, қоқысты уақтылы шығаруды қамтамасыз ету, аптасына 1 рет "санитариялық" күн өткізу;
3) санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына жауапты адамды бекіту (температураны өлшеу, персоналға нұсқау беру, жеке қорғану құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқаулық жүргізу журналын жүргізу, маскаларды, респираторларды, ды кәдеге жарату, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу, үй-жайларды жинау);
4) желдету жүйелері мен ауаны кондиционерлеу жүйелерінің профилактикалық тексеру жүргізумен үздіксіз жұмысы (фильтлерді ауыстыруды, ауа өткізгіштерді дезинфекциялауды қоса алғанда), әрбір 2 сағат сайын желдету режимін сақтау;
5) егер келген кезде немесе қонақтардың келуі кезінде аурудың кез келген белгілері (жөтел, әлсіздік, жоғары температура және т.б.) байқалатын болса және жеке/өндірістік гигиена ережелерін сақтау қажеттігі және олардың мүлтіксіз сақталуын бақылау кезінде қызметкерлер арасында ден қою жоспары туралы нұсқама өткізу;
6) мейманханалық аймақтарда бір-бірінен 1,5 метр қашықтықта дивандар, орындықтар орнату;
7) әрбір келуші/клиент шыққаннан кейін дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, бөлмелерді күрделі тазалау жұмыстарын жүргізу қамтамасыз етіледі.
15. Тамақ ішу арнайы бөлінген бөлмеде жүзеге асыралады. Тамақ ішетін бөлме болмаған жағдайда, дезинфекциялау құралдарының көмегімен күнделікті жинауды қамтамасыз ете отырып, қол жууға арналған раковинасы бар (ыстық және суық су келтірілген) осы мақсаттар үшін үй-жай бөлу көзделеді.
17. Нөмірлерде немесе асханаларда қонақтардың тамақтануын ұйымдастыру үстелдердің арасында кемінде 1 метр қашықтық және санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, қонақтардың жиналуын болдырмайтын жағдайлар сақталған кезде жүзеге асырылады.
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде мәдениет объектілеріне (жеке және 30 адамға дейін топтық репетициялар) қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
1. Күшейтілген эпидемияға қарсы режимді қамтамасыз ету мақсатында мәдениет объектілерінде мыналар жүргізіледі:
1) қызметкерлер мен келушілердің кіреберісте дене температурасын бақылау, COVID-19 (құрғақ жөтел, жоғары температура, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т. б.) жоққа шығармайтын симптомдардың болуын сұрау;
2) кіреберісте, холлдарда, дәліздерде әрбір 50-100 м сайын, лифтілерге кіреберісте, санитариялық тораптарда тері антисептигі бар санитайзерлерді орнату;
3) жүргізілген/алынған қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін барынша жағдай жасау (карталар, телефондағы қосымша);
4) клиенттер жиналатын "күту аймағын" алып тастай отырып, алдын ала жазылу бойынша жұмысты ұйымдастыру, келуші (клиент) мен қызметкер арасындағы әлеуметтік қашықтықты сақтауды барынша қамтамасыз ету, персоналдың клиенттермен тікелей байланысын барынша азайту.
2. Мыналар қамтамасыз етіледі:
1) іргелес аумақты тазалықта ұстау, қоқысты уақтылы шығаруды қамтамасыз ету, аптасына 1 рет "санитариялық" күні;
2) үй-жайларды жинауға және персоналдың қолын өңдеуге, тыныс алу органдарын жеке қорғану құралдарына арналған дезинфекциялайтын құралдардың төмендетілмейтін (кемінде бес күндік) қорын қамтамасыз ету;
3) санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау (температураны өлшеу, персоналға нұсқау беру, жеке қорғану құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқаулық жүргізу журналын жүргізу, маскаларды, респираторларды, майлықтарды кәдеге жарату, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу, үй-жайларды жинау);
4) қызметкерлер арасында жеке/өндірістік гигиена ережелерін сақтау қажеттілігі туралы нұсқама өткізу және олардың мүлтіксіз сақталуын бақылау;
5) персоналдың жұмыс күні ішінде қолғаптарды, маскаларды/респираторларды уақтылы ауыстыру шартымен пайдалануы;
6) әрбір 2 сағат сайын барлық үй-жайларды желдету режимін қамтамасыз ету;
7) сеанстар арасында кейіннен 15 минутқа желдете отырып, залдарға дезинфекция жүргізуге кемінде 30 минут үзіліс (сүйеніштерді, есіктердің тұтқаларын, креслолардың шынтақ қойғыштарын сүрту);
8) әр залдағы сеанстар санын шектеу (3-тен көп емес), қашықтық бойынша белгіленген талаптарды сақтай отырып, көрермендерді залға жіберу (кресло арқылы отырғызу және т. б.);
9) профилактикалық қарау жүргізе отырып, желдету жүйелері мен ауаны кондиционерлеу жүйелерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету (фильтрлерді ауыстыруды, ауа өткізгіштерді дезинфекциялауды қоса алғанда).
10) өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды, есіктің тұтқаларын, сөндіргіштерді, тұтқаларды, сүйеніштерді, байланыс беттерін (жабдықтарды, мүкәммалды, үстелдерді, орындықтарды), жалпы пайдаланылатын орындарды (гардероб, тамақ ішетін, демалатын бөлмелер, санитариялық тораптар) міндетті түрде дезинфекциялай отырып, ауысымда кемінде 2 рет вируциалды әсер ететін құралдармен дезинфекциялай отырып, ылғалды жинау жүргізу.
4. Техникалық персонал (жинаушылар) дезинфекцияны жеке қорғану құралдарын (қолғап, медициналық маска) пайдалана отырып, арнайы киімде жүргізуі қажет.
Дезинфекциялау құралдарымен жұмыс істеуге денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ кәмелетке толған адамдар жіберіледі.
5. Жинау мүкәммалын (шелектер, щеткалар, шүберектер) пайдаланғаннан кейін жақсылап жуады және арнайы бөлінген орындарда сақтайды.
6. Тамақ ішу арнайы бөлінген бөлмеде жүргізіледі. Тамақ ішетін бөлме болмаған жағдайда, дезинфекциялау құралдарының көмегімен күнделікті жинауды қамтамасыз ете отырып, қол жууға арналған раковинасы бар (ыстық және суық су келтірілген) осы мақсаттар үшін үй-жай бөлу көзделеді.
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде СПА орталықтарының, моншалардың, сауналардың, бассейндердің, жағажайлардың қызметіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
1. Объектілерде мыналар қамтамасыз етіледі:
1) кірер кезде және жұмыс күні ішінде (көрсетілімдер бойынша) термометриямен жұмыс ауысымы алдында қызметкерлердің күн сайынғы кіру фильтрін, ЖРВИ және тұмау симптомдарымен қызметкерлерді жұмыстан шеттету мақсатында респираторлық аурулар симптомдарының бар-жоғына, оның ішінде отбасы мүшелерінде болуына, шетелден келгендермен байланысты сұрау, ал COVID-19 жоққа шығармайтын симптомдар бар (құрғақ жөтел, жоғары температура, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т. б.) адамдар үшін оқшаулауды және жедел жәрдемді дереу шақыруды қамтамасыз ету;
2) кіретін жерде келушілер мен клиенттердің температурасын өлшеуді қамтамасыз ету;
3) дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күрделі тазалау жүргізу;
4) кіреберісте дозаторлары бар тері антисептиктерімен, құрамында спирті бар парфюмерлік-косметикалық заттар немесе дезинфекциялық қолды өңдеуге арналған орын ұйымдастыру;
5) алдын ала жазылу бойынша жұмысты ұйымдастыру (мүмкіндігінше), монша мен сауна ғимаратының ішінде келушілердің күтуін болдырмау, персоналдың клиенттермен тікелей байланысын барынша азайту;
6) 1,5 м қашықтықта таңбаларды (булаудан басқа) салу арқылы келушілер мен қызметкерлер үшін әлеуметтік қашықтық қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету;
7) қызметкерлер мен келушілерге арналған жеке гигиена ережелерін сақтау және қолды тері антисептиктерімен өңдеу үшін жағдайларды қамтамасыз ету;
8) қызметкерлердің арнайы киімдері мен келушілерге арналған киімдерді күнделікті жууды қамтамасыз ету;
9) әр 2 сағат сайын және жұмыс аяқталғаннан кейін есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, сүйеніштерді, таяныштарды, жанасатын беттерді (жабдықтарды, мүкәммалды, орындықтарды, орындықтарды, үстелдерді, орындықтарды), ортақ пайдалану орындарын (гардеробтарды, тамақ ішетін, демалу бөлмелерін, санитариялық тораптарды) міндетті түрде дезинфекциялай отырып, өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды ылғалды тазалау жұмыстарын жүргізу;
10) дезинфекциялық ерітінділерді заттың атауы, ерітіндінің шоғырлануы және оны дайындау күні көрсетілген таңбасы бар ыдыстарда дезинфекциялық затты қолдану жөніндегі нұсқаулығына сәйкес сақтау;
11) персоналдың жеке қорғану құралдарын пайдалана отырып дезинфекция жүргізуі: униформа, қолғап, медициналық маска;
12) жинау мүкәммалын (шелектер, щеткалар, шүберектер) арнайы бөлінген орындарда сақтау;
13) профилактикалық тексеру, жөндеу, оның ішінде фильтрлерді ауыстыру, ауа өткізгіштерді дезинфекциялау жүргізу арқылы желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету; желдету режимін сақтау;
14) қол жууға арналған раковинамен және дозаторы бар тері антисептиктерімен жабдықталған арнайы бөлінген бөлмеде тамақ ішу;
15) келушілерге арнайы бөлінген орындарда жылыту мүмкіндігімен тек оралған сусындар мен дайын тамақ өнімдерін өнеркәсіптік қаптамада (ланч-бокстар) ұсыну;
16) профилактикалық шаралар мен жеке гигиена ережелерін сақтау туралы келушілерді және жұмыскерлерді хабардар ету (дәретханаға барғаннан кейін, тамақ ішер алдында қолды жуу, әлеуметтік қашықтық жүргізу қажеттілігі және т. б.).
2. Спорттық іс-шараларды (бассейндер) өткізу ара қашықтық бойынша белгіленген талаптарды сақтай отырып (кресло арқылы отырғызу) залға жобалық қуаттың 50% - дан астам жиналуынан аспайтын келушілерді жіберумен жүзеге асырылады.
3. Карантин кезеңінде купельдер мен бассейндер пайдаланылмайды.
Бассейндердің, жағажайлардың жұмысын ұйымдастыру
1. Күн сайын бассейнге және жағажайға іргелес жерлерге, сондай-ақ орналасқан шағын сәулет формаларына, күннен қорғауға мен демалуға арналған жабдықтарға (орындықтар, шезлонг және т. б.) дезинфекциялық құралдарды пайдалана отырып дезинфекция жүргізу;
2. Бассейнге бару алдында бассейнге келушілерге душ қабылдау, қолды және бетті сабынмен жуу, шешіну бөлмесінде және бассейндер мен жағажайларға барғанда әлеуметтік қашықтықты сақтау жүргізіледі.
3. Қашықтықты сақтау үшін бассейндерде киінуге арналған кабиналардың бөлігін жабуды қамтамасыз ету.
4. Объектілерде:
1) бассейнде айналысатын бір адамға санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету: ересектер үшін кемінде 5 шаршы метр, балалар үшін кемінде 4 шаршы метр. Бассейнде бір мезгілде орналасқандардың саны 30 адамнан аспауы тиіс;
2) санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес бассейндерде су сапасына, су дайындау және суды зарарсыздандыру тиімділігіне өндірістік бақылауды күшейту;
3) әлеуметтік қашықтық үшін жеткілікті орын санын ескере отырып, жағажайларға қолжетімділікті қамтамасыз ету;
4) жағажай жабдықтарын орналастыру (шезлонгтар, шешінетін бөлмелер, аяқты жуғыштар және т.б.) әлеуметтік қашықтық қағидаларын сақтай отырып жүргізіледі.
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде медициналық-әлеуметтік объектілердің (қарттар, мүгедектер үйлері, сәбилер үйлері және басқалары) қызметіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар 1. Жұмыс режиміне қойылатын талаптар
1. Медициналық-әлеуметтік объектілерде (қарттар, мүгедектер үйлері, балалар үйлері және басқалар) күшейтілген эпидемияға қарсы режимді қамтамасыз ету мақсатында):
2. Әлеуетті ата-аналар COVID-19-да теріс нәтижемен зертханалық тексеру туралы құжатты ұсынған кезде жетім балалармен одан әрі асырап алу, қорғаншылықты, қамқоршылықты белгілеу үшін кездесу үшін әлеуетті ата-аналардың балалар үйлеріне баруына рұқсат етіледі;
3. Объектілерде анықталған симптомдары бар (дене қызуының көтерілуі, тамақ ауруы, әлсіздік, жөтел, ентігу) пациенттерді (персоналды) уақытша оқшаулау үшін кемінде 2 төсек оқшаулағыш бөлінеді. Изолятордың жұмыс тәртібі инфекциялық стационардың жұмыс режиміне сәйкес келеді.
4. Медициналық-әлеуметтік мекемелерге жаңадан келіп түскен пациенттер үшін 14 күнге дейін болатын жеке палата (немесе изолятор) бөлінеді, жай-күйі мен термометрияға сұрау жүргізу арқылы күніне 3 реттен кем емес қағаз немесе электрондық жеткізгіште тіркеледі.
5. Медициналық-әлеуметтік мекемелерге жаңадан түскен пациенттер COVID-19-ға зертханалық тексерудің нәтижесі теріс болған кезде қабылданады.
6. Респираторлық инфекциялар симптомдары (дене қызуының көтерілуі, тамақтың ауыруы, әлсіздік, жөтел, ентігу) пайда болған персонал пациенттерде симптомдар пайда болған кезде дәрігер-консультантты шақыра отырып, дереу изоляторға орналастырылады.
7. COVID-19 бойынша карантин кезінде пациенттер мен персоналға күніне 3 реттен кем емес жағдайна сұрау жүргізу мен термометрия арқылы қағаз немесе электрондық жеткізгіште тіркеу арқылы медициналық бақылау жүргізіледі.
8. Науқаста ЖРВИ (пневмония) белгілері анықталған кезде инфекциялық стационарға тасымалдауды COVID-19 бойынша жедел медициналық жәрдем бригадасы жүзеге асырады.
9. Науқас немесе COVID-19-мен байланыста болған адам анықталған және оқшауландырылған жағдайда, қорытынды дезинфекция мамандандырылған ұйымдарды тарта отырып жүргізіледі.
10. COVID-19 науқасты немесе байланыста болған адамды анықтау және оқшаулау кезінде қорытынды дезинфекция жүргізуге өтінімді COVID-9 жағдайын анықтаған медицина қызметкері береді.
11. Медициналық-әлеуметтік объектінің іргелес аумағын қорытынды өңдеу мекеменің өтініміне сәйкес ұйымдардың күшімен және қаражатымен жүргізіледі.
12. Пациенттер мен медицина қызметкерлері үшін көрнекі ақпараттық материалдарды (жаднамалар, нұсқаулықтар) ұсына отырып, COVID-19 профилактикасы бойынша санитариялық-ағарту жұмыстары жүргізіледі.
13. Объектіде COVID-19 кезінде карантиндік (эпидемияға қарсы) іс-шараларды жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспары, олардың орындалуын бақылаумен бекітіледі.
14. Күн сайын (әрбір ауысым алдында) режим талаптарының сақталуына нұсқама және мониторинг жүргізіледі.
15. Объектінің эпидемиологы (штатында эпидемиолог болмаған кезде жауапты медицина қызметкері) аптасына кемінде 1 рет қызметкерлерге сақ болу және COVID-19 кезінде эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу мәселелері бойынша оқыту жүргізеді.
16. Объектілерде тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде мыналар қамтамасыз етіледі:
1) белгіленген нормаларға сәйкес пациенттердің толыққанды тамақтануы, тамақ тарату, асхана ыдыстарын өңдеу кезінде гигиеналық ережелерді сақтау. Тамақтану тұру бөлмелерінде жүргізіледі;
2) пациенттердің асханалық ыдыстарын жуу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 23 сәуірдегі № 186 бұйрығымен бекітілген "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына және қоғамдық тамақтану объектілерінде, ас блоктарында және сауда объектілерінде санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтауға қойылатын талаптарға сәйкес буфеттерде жүзеге асырылады;
3) жуу және дезинфекциялау құралдарының төмендетілмейтін қорымен (үш айлық қажеттілікті айқындай отырып), арнайы киіммен, медициналық маскалармен, қолғаптармен, тері антисептиктерімен, бір реттік майлықтармен және жинау мүкәммалымен (шелектер, шүберек швабрлары).
17. Үй-жайларды тазалауды ұйымдастыру кезінде мынадай талаптар сақталады:
1) жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, ағымдағы жинау жүргізу үшін жауапты персонал айқындалады. Жауапты тұлғаларды бекітумен жинау кестесі жасалады;
2) барлық үй-жайларда күніне 3 реттен кем емес күнделікті ылғалды жинау есіктердің тұтқаларын, тұтқаларды, үстелдерді, орындықтардың арқалықтарын (креслолардың шынтақшаларын), қол жууға арналған раковиналарды, терезелер мен шырақтарды, терезе алды, есік ойықтарын, төсек жанындағы тумбочкаларды, қосқыштар мен розеткаларды, лифтілерді міндетті түрде өңдеу арқылы жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып жүргізіледі.
3) дезинфекциялау қолдану жөніндегі нұсқаулықтарда вирустық инфекциялар кезінде объектілерді зарарсыздандыру режимдері көрсетілген дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, мынадай еселікпен жүргізіледі:
- есіктердің тұтқаларын, тұтқаларды, үстелдерді, орындықтардың арқаларын (креслолардың шынтақ қойғыштарын), қосқыштар мен розеткаларды, лифт кнопкаларын өңдеу- әрбір 2 сағат сайын;
-санитариялық тораптар (еден, санитариялық-техникалық жабдықтар, оның ішінде крандардың вентильдері, унитаз бөшкелерін, перилалар) - күніне 3 рет.
18. Дезинфекциялау құралдарымен жұмыстың барлық түрлерін бір рет немесе бірнеше рет қолданылатын ылғал өткізбейтін герметикалық қолғаптармен орындау керек. Жинау мүкәммалы жинау жүргізілгеннен кейін міндетті дезинфекциялауға жатады.
19. Медициналық-әлеуметтік объектілердің барлық үй-жайларын күніне кемінде 15 минут 6 рет желдете отырып, ауаның температурасы мен ылғалдылығының оңтайлы жағдайларын қамтамасыз ету үшін ауа ортасын желдету және ауа баптау жүйелеріне (тазалау, жуу, дезинфекциялау, фильтрлерді ауыстыру және т. б.) тексеру жүргізіледі.
20. Үй-жайларда (холлдар, тамақ қабылдау залдары) күн сайын жабық үлгідегі ультракүлгін бактерицидті сәулелендіру құралдары немесе адамдардың қатысуымен тәулік бойы қолдану мүмкіндігі бар рециркуляторлар пайдаланылады. Рециркуляторлар үй-жайдың периметрі бойынша немесе оның нұсқаулығына сәйкес орнатылады. Сәулелендіру құралдарының қажеттілігі мен жұмыс режимі дайындаушы зауыттың нұсқаулығына сәйкес, олар орнатылатын үй-жайлардың ауданына қарай есептеледі.
21. Персонал бір рет қолданылатын медициналық маскаларды (маскаларды ауыстыру әрбір 2 сағатта кемінде 1 рет) пайдаланады, антисептиктерді пайдалана отырып, қолды гигиеналық өңдеу жүргізіледі, медициналық манипуляциялар жүргізу кезінде - бір рет қолданылатын стерильді қолғап пайдаланылады.
22. Кір жуу мекеме жанындағы кір жуу орындарында немесе мамандандырылған кәсіпорындармен шарт бойынша жүргізіледі. Кір жуатын орын болған жағдайда тұратындар мен қызметкерлер үшін әртүрлі технологиялық ағындар көзделеді.
23. Төсек жабдықтарын (матрацтар, жастықтар, көрпелер) камералық дезинфекциялау дезинфекциялау камерасының үй - жайында жүргізіледі, болмаған жағдайда-шарт бойынша жүргізіледі. Төсек жабдықтарын камералық дезинфекциялау пациент шығарылғаннан, басқа ұйымдарға ауыстырғаннан немесе қайтыс болғаннан кейін жүргізіледі.
24. Медициналық қалдықтарды жинау, уақытша сақтау, әкету және залалсыздандыру мамандандырылған ұйымдармен шарт бойынша жүргізіледі. COVID-19 байланысты медициналық қалдықтарды кәдеге жарату қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүргізіледі.
25. Үйде қызмет көрсететін ұйымдардың басшылығы мынаны қамтамасыз етеді:
1) қарттар мен мүгедектерге үйде қызмет көрсететін әлеуметтік қызметкерлердің жеке қорғану құралдарымен, оларға үйге бару үшін автокөлікпен;
2) қағаз немесе электрондық жеткізгіште тіркей отырып, әлеуметтік қызметкерлердің жағдайына күнделікті сауалнама жүргізу және термометриямен;
3) респираторлық инфекциялар симптомдары (дене қызуының көтерілуі, тамақтың ауыруы, әлсіздік, жөтел, ентігу) бар әлеуметтік қызметкерлерді жұмыстан шеттету.
26. Мүгедектер мен қарттардың тұрғын үй-жайларындағы ылғалды жинау Қазақстан Республикасының аумағында рұқсат етілген дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып жүргізіледі.
27. Уақытша болу ұйымдарына жаңадан келіп түскендер үшін (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар, тұрмыстық зорлық-зомбылық және адам саудасының құрбандары үшін) 14 күнге дейін болатын және жай-күйін сұрау жүргізу мен термометрия арқылы күніне кемінде 3 рет қағаз немесе электрондық жеткізгіште тіркеліп, жеке палата (немесе изолятор) бөлінеді.
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде фитнес, спорт кешендерінің қызметтерін көрсететін объектілердің қызметіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
1. Объектілердің жұмысын қайта бастауға санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, мынадай жағдайларды қамтамасыз еткен кезде жол беріледі:
1) Жұмыскерлерді жеткізу/тасымалдау қызметтік автобуспен/автокөлікпен жұмысқа және жұмыстан орталықтандырылған жеткізу кезінде жүргізушіні қолды өңдеуге арналған антисептикпен және қорғану құралдарымен (арнайы киім, маскалар мен қолғаптар), оларды міндетті түрде талап етілетін жиілікпен ауыстыра отырып қамтамасыз ету, сондай-ақ әрбір рейстің алдында автокөлік салонын дезинфекциялау және кейіннен желдетуді жүргізу;
2) жолаушылардың кіруі және шығуы үшін автобустардың/шағын автобустардың барлық есіктерін бір мезгілде ашу;
3) салонға отыратын орындардың санына сәйкес маскадағы жолаушыларды кіргізу.
2. Объектінің әкімшілігі:
1) объектіні ашар алдында дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күрделі жинау жүргізу;
2) қызметкерлердің күн сайынғы кіріс фильтрі кірген кезде және жұмыс күні ішінде термометриямен жұмыс ауысымының алдында (көрсетілімдер бойынша), респираторлық аурулар симптомдарының болуына, оның ішінде отбасы мүшелерінде, ЖРВИ және тұмау симптомдарымен қызметкерлерді жұмыстан шеттету мақсатында шетелден келгендермен байланыстың болуына, ал COVID-19 (құрғақ жөтел, жоғары температура, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т.б.) жоққа шығармайтын симптомдары бар адамдар үшін. Жедел медициналық жәрдем бригадасы келгенге дейін оқшауланады;
2) кіруде келушілер мен клиенттердің температурасын өлшеу;
3) ойын-сауық іс-шараларын өткізу кезінде жобалық қуаттың 50% - на дейін бір мезгілде жиналудан аспайтын келушілерді жіберу және қашықтық бойынша белгіленген талаптарды сақтай отырып көрермендерді залға жіберу (кресло арқылы отырғызу және т. б.);
4) аптасына 1 рет "санитариялық" күн өткізу;
5) көрінетін жерлерде және кіреберісте дозаторлары бар тері антисептиктерін орнату;
6) үй-жайлардың ауданына байланысты алдын ала жазылу бойынша жұмысты ұйымдастыру, персоналдың клиенттермен тікелей байланысын барынша азайту;
7) спорттық жабдықтарды, тренажерлерді кемінде 1,5 м қашықтықта орналастыру, топтық сабақ студияларында белгілеу арқылы әлеуметтік дистанциялау қағидаттарын сақтау;
8) жаттығу базаларында сабақ өткізу кезінде спортшылар топтарының өзара іс-қимылын барынша азайту;
9) сабақтар өткізу уақытын қоспағанда, спортшылар мен келушілердің спорт ұйымдарында маска киіп жүруі;
10) үй-жайларды жинауға және қызметкерлердің қолын өңдеуге, тыныс алу органдарының ЖҚҚ-ға арналған дезинфекциялайтын құралдардың төмендетілмейтін (кемінде бес күндік) қоры;
11) санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға жауапты адамды айқындау (жұмыс күні ішінде температураны өлшеу, персоналға нұсқау беру, жеке қорғану құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқаулық жүргізу журналын жүргізу, маскаларды, респираторларды, қолғаптарды, салфеткаларды кәдеге жарату, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу, үй-жайларды жинау);
12) қызметкерлер арасында нұсқама өткізу және келушілерді жеке/өндірістік гигиена ережелерін сақтау қажеттілігі, профилактикалық, әлеуметтік дистанциялау шараларын сақтау және олардың мүлтіксіз сақталуын бақылау туралы хабардар ету;
13) қызметкерлердің қолғаптарды, маскаларды/респираторларды жұмыс күні ішінде оларды уақтылы ауыстыру шартымен пайдалануы;
14) әрбір 2 сағат сайын оқу-жаттығу процесі мен сабақтар (жаттығулар) өткізілетін жұмыс орындары мен үй-жайларды желдету;
15) жұмыс үй-жайларында бактерицидті шамдарды (келушілер мен қызметкерлер болмаған жағдайда пайдаланылады) және (немесе) ауаны рециркуляторларды (адамдардың қатысуымен пайдаланылады) ауаны тұрақты зарарсыздандыру мақсатында қолдану;
16) есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, сүйеніштерді, тұтқаларды, жанасатын беттерді (спорт жабдықтары мен мүкәммалды, үстелдерді, орындықтарды), жалпы пайдалану орындарын (гардеробтар, тамақ ішетін, демалатын бөлмелер, санитариялық тораптар) міндетті түрде дезинфекциялай отырып, әрбір 3 сағат сайын вирусицидті әсер ететін құралдармен дезинфекциялай отырып, өндірістік және тұрмыстық үй-жайларға ылғалды жинау жүргізу);
17) профилактикалық тексеру жүргізе отырып, желдету жүйелері мен ауаны кондиционерлеу жүйелерінің үздіксіз жұмысы (фильтрлерді ауыстыруды, ауа өткізгіштерді дезинфекциялауды қоса алғанда);
18) Техникалық персоналдың (тазалаушының) жеке қорғану құралдарын (қолғап, медициналық маска) пайдалана отырып, арнайы киімде дезинфекция жүргізуі. Дезинфекциялау құралдарымен жұмыс істеуге денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ кәмелетке толған адамдар жіберіледі;
19) жинау мүкәммалын (шелектер, щеткалар, шүберектер) арнайы бөлінген орындарда пайдаланғаннан кейін сақтауды қамтамасыз етеді.
3. Тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде мынадай талаптар сақталады:
1) кейіннен жинау, зарарсыздандыру және жою арқылы бір реттік ыдыс пайдаланылады;
2) көп реттік ыдыстарды пайдаланған кезде – оны 65 градустан төмен емес температурада арнайы жуу машиналарында немесе сол температурада дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып қолмен өңдеу;
3) бөтелкедегі суды қоспағанда, спорт объектілеріне келушілерге дайын тағамдар мен сусындарды өткізуге жол берілмейді (толық күн болатын немесе тұрақты болатын спортшыларға арналған жаттығу базаларынан басқа);
4) жалпы тамақтану орындары үшін жалпы қабылданған санитариялық-эпидемиологиялық талаптар сақталады.
5) жұмыс орындарында тамақ ішуге жол берілмейді, тамақ арнайы бөлінген тамақ ішетін бөлмеде қабылданады. Тамақ ішетін бөлме болмаған кезде дезинфекциялау құралдарының көмегімен күнделікті жинауды қамтамасыз ете отырып, қол жууға арналған раковинасы бар (ыстық және суық су келтірілген) осы мақсаттарға арналған үй-жайлар бөлінеді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 17-қосымша |
Ескерту. 17-қосымшаның күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.08.2020 № ҚР ДСМ -96/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 18-қосымша |
Ескерту. 18-қосымшаның күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.08.2020 № ҚР ДСМ -96/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 19-қосымша |
Ескерту. 19-қосымшаның күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.08.2020 № ҚР ДСМ -96/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 20-қосымша |
Ескерту. 20-қосымшаның күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.08.2020 № ҚР ДСМ -96/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
1. Кіреберісте, сауда залдарының холлында, әрбір 50-100 м сайын дәліздерде, лифтілерге, санитариялық тораптарға кіреберісте тері антисептигі бар санитайзерлер орнатылады.
2. Ғимаратта және базар аумағында персонал, сатушылар мен келушілер медициналық маскаларда, сатушылар – маскаларда және қолғапта болуы жүзеге асырылады.
3. Базар әкімшілігі санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын бақылауды қамтамасыз етуге (температураны өлшеу, персоналға нұсқау беру, жеке қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқаулық жүргізу журналын жүргізу, маскалар мен сулықтарды кәдеге жарату, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу, үй-жайларды жинау) жауапты адамды тағайындайды.
4. Базардың әкімшілігі:
1) базарға кіреберісте (ресепшин, күзет пункті) қызметкерлер мен сатушыларды бақылауды (жай-күйін сұрау және термометрия);
2) жеке қорғаныш құралдарының (маскалар, қолғаптар), қолға арналған антисептиктердің, дезинфекциялау құралдарының азаймайтын қорының болуын;
3) қызметкерлер арасында жеке/өндірістік гигиена ережелерін сақтау және олардың мүлтіксіз сақталуын бақылау қажеттілігі туралы нұсқама өткізуді;
4) санитариялық тораптарда жеке гигиена құралдарының (сұйық сабын, антисептиктер) болуын;
5) халыққа (келушілермен тікелей байланысы бар персонал мен сатушылар) маскамен, бір рет қолданылатын қолғаптармен ауысымына кемінде екі рет ауыстыруға жататын және қолды антисептиктермен өңдеу бүтіндігі бұзылған кезде қызмет көрсетуін;
6) іргелес аумақты таза ұстауды, қоқысты уақытында шығаруды, аптасына 1 рет "санитариялық" күнін өткізуді;
7) желдету режимін сақтауды қамтамасыз ете отырып, үй-жайлардың ішінде профилактикалық тексеру (сүзгілерді ауыстыруды, ауа өткізгіштерді дезинфекциялауды қоса алғанда) жүргізе отырып, желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмысын;
8) үй-жайларды жинауға, персоналдың қолын өңдеуге, тыныс алу ағзаларын жеке қорғау құралдарына арналған дезинфекциялау және жуу құралдарының азаймайтын (кемінде бес күндік) қорын;
9) сатып алушылар арасында кемінде бір метр әлеуметтік қашықтықтың сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді.
5. Бір уақытта қызмет көрсетілетін келушілердің санын шектей отырып, 5 адамнан артық кезекте тұруға жол берілмейді.
6. Жинау мүкәммалы (шелектер, щеткалар, шүберектер) пайдаланғаннан кейін жуылады және арнайы бөлінген орындарда сақталады.
7. Әрбір 2 сағат сайын келушілерге арналған үй-жайларда жұмыс орындарын желдету жүргізіледі.
8. Өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды вирулицидті әсер ететін құралдармен дезинфекциялай отырып, ылғалды жинау есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, сүйеніштерді, байланыс беттерін (жабдықтарды, мүкәммалды, үстелдерді, орындықтарды), жалпы пайдаланылатын орындарды (киім ілетін орындар, тамақ ішетін, демалатын бөлмелер, санитариялық тораптар) міндетті түрде дезинфекциялай отырып, күніне кемінде 2 рет жүргізіледі.
9. Дезинфекциялау құралдары дайындаушының қаптамасында, балалардың қолы жетпейтін, арнайы бөлінген құрғақ, салқын және қараңғы жерде тығыз жабылып сақталады. Дезинфекциялау іс-шараларын және кездейсоқ улану кезіндегі алғашқы көмекті жүргізу кезіндегі сақтық шаралары әрбір нақты дезинфекциялау құралы үшін оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтарда жазылған.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 22-қосымша |
Ескерту. 22-қосымшаның күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.01.2021 № ҚР ДСМ-5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 23-қосымша |
Ескерту. 23-қосымшаның күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.01.2021 № ҚР ДСМ-5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 24-қосымша |
Ескерту. 24-қосымшаның күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.01.2021 № ҚР ДСМ-5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде қосымша білім беру ұйымдарындағы санитариялық-дезинфекциялау режиміне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
1. Қызметкерлерді жұмысқа жіберу жергілікті қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің келісімі бойынша жүзеге асырылады. Жіті респираторлық вирустық инфекциялар (жоғары температура, жөтел, мұрынның бітелуі) және басқа да инфекциялық аурулар белгілері бар персонал жұмысқа жіберілмейді.
2. Медицина қызметкері барлық қызметкерлерге күн сайынғы таңертеңгілік сүзгіні жүзеге асырады. Ауру белгілері анықталған жағдайда қызметкерлер жұмысқа жіберілмейді, балалар үйіне қайтарылады.
3. Қосымша білім беру ұйыдарына мынадай адамдарға қатысты жібермеу жүзеге асырылады:
COVID-19 расталған жағдайларымен байланыста болған адамдар;
соңғы 14 күннің ішінде жағдайлар тіркелген шет елден немесе өңірлерден келген адамдар;
жіті респираторлық аурулары бар адамдар.
4. Қосымша білім беру ұйымдарының штатында балалар санын ескере отырып, дәрігердің және (немесе) орта медицина қызметкерінің болуы қамтамасыз етіледі.
5. Қосымша білім беру ұйымдарының әкімшілігі инфеционист-дәрігері қызмет көрсету үшін жақын орналасқан емдеу мекемелерімен шарт жасасады.
6. Қосымша білім беру ұйымдарының басшысы санитариялық-гигиеналық, эпидемияға қарсы және дезинфекциялау іс-шараларын күшейту бойынша шаралар қабылдайды:
профилактикалық шаралар туралы жұмыс берушінің нормативтік актісін шығару;
санитариялық-тұрмыстық үй-жайларды дайындау және оларды дезинфекциялау құралдарымен жабдықтау;
тәрбиеленушілерге, тәлімгерлерге, басқа да қызметкерлерге, ата-аналарға (заңды өкілдерге) санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтау туралы нұсқама жүргізу;
гигиена құралдарын пайдалана отырып, үй-жайларды жинау және дезинфекциялау, желдету, ауысымды сақтау, ішуге арналған суды қамтамасыз ету;
қабаттарда, санитариялық тораптарда және жатын корпустарда қолдарға арналған дезинфекциялау құралдарын (санитайзерлер, сабын және т. б.) қамтамасыз ету;
балалардың, тәлімгерлердің және басқа да қызметкерлердің денсаулық жағдайына күнделікті мониторинг жүргізу және бақылау жасау;
балалардың, тәлімгерлердің және басқа да қызметкерлердің температурасын өлшеуді ұйымдастыру;
тәрбиелік іс-шараларды өткізу кезінде (маскалық режим, дезинфекция және т. б.) үй-жай ішінде қауіпсіздік шараларын сақтау;
желдету режимін сақтау: әрбір 40 минут сайын кемінде 10 минут желдету;
карантин жағдайында мінез-құлық ережелері туралы ақпараттық материалдарды, жаднамалар және нұсқаулықтарды жалпыға қолжетімді жерлерде орналастыру.
7. Қосымша білім беру ұйымдарының карантин режимінен шығу тәртібі өңірдегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдай ескеріле отырып жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша іске асырылады.
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде мектепке дейінгі балалар ұйымдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
1. Балалар секцияларындағы сабақтар топта бір мезгілде 15-тен артық емес адамның қатысуымен жүргізіледі.
2. Медицина қызметкерінің балабақшаның барлық жұмыскерлеріне және балаларға күнделікті таңертеңгілік сүзгі өткізуі.
3. Жіті респираторлық инфекциялар (жоғары температура, жөтел, мұрынның бітелуі) мен басқа да инфекциялық аурулар белгілері бар персонал және балалар жіберілмейді.
4. Учаскелік педиатрдан денсаулық жағдайы туралы анықтамалары бар балаларды қабылдау (3 жұмыс күнінен артық болмаған жағдайда).
5. Балаларды мектепке дейінгі балалар ұйымдарына мынадай адамдардың алып жүруі жүзеге асырылмайды:
COVID-19 расталған жағдайларымен байланысы бар;
соңғы 14 күн ішінде жағдайлар тіркелген шет елден немесе өңірлерден келгендер;
жіті респираторлық аурулардың белгілері бар адамдар.
6. Объектіде персонал мен келушілердің қолын өңдеу үшін қолжетімді орындарда тері санитайзері орнатылады.
7. Балалардың тамақ ішкенге дейін, көшеде серуендегеннен кейін, санитариялық торапқа барғаннан кейін және басқа да ластану жағдайларында қолын уақтылы жууы (сұйық сабынды пайдалана отырып қолды жуу) үшін тәрбиешінің жеке жауапкершілігі.
8. Кейіннен желдете отырып, балалар болмаған кезде топтардың үй-жайларын зарарсыздандыруды (кварцтауды) қамтамасыз ету. Желдету режимін сақтау: балалар топта болған әрбір сағат сайын 15 минуттан кем емес желдету, топта балалар болмаған жағдайда тура желдету. Желдету балалардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілген кезде тәрбиешінің бақылауымен жүзеге асырылады.
9. Топтарда дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, есіктің тұтқаларын, баспалдақ марштарының таяныштарын, горшоктарды, сантехника жабдықтарын екі рет өңдеу (топтық үй-жайларда балалар болмаған кезде дезқұралдарды пайдалану).
10. Дене шынықтыру сабақтарын және басқа да топтық сабақтарды далада (жылы уақытта) өткізу. Ойындар үшін оқшауланған алаң болмаған жағдайда (тұрғын кешен құрамында орналастыру) серуендеуді шектеуді қамтамасыз ету.
11. Ұйықтайтын үй-жайларда балалар арасындағы қашықтықты ұйқы кезінде кемінде 1 метр қашықтықты сақтау.
12. Термометрлердің, дезинфекциялау және жуу құралдарының, антисептиктердің, жеке қорғаныш құралдарының (маскалар, қолғаптар) жеткілікті санының болуы.
13. Ауыз су режимін сақтау (бір рет қолданылатын стакандар).
14. Балабақшада эпидемияға қарсы режимді сақтау, эпидемияға қарсы режимді сақтау мониторингі мәселелері бойынша балабақша қызметкерлерімен күнделікті нұсқама жүргізуге жауапты адамды тағайындау.
15. Нормативтік құқықтық актілерде белгіленген санитариялық-эпидемиялық талаптарды сақтау.
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде санаторлық-курорттық мақсаттағы объектілерге, демалыс үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
1. Санаторлық-курорттық мақсаттағы объектілерде, демалыс үйлерінде эпидемияға қарсы күшейтілген режимді қамтамасыз ету мақсатында:
1) COVID-19 бойынша профилактикалық іс-шаралар қатаң сақталады;
2) персонал қашықтықтан жұмыс істеу нысанына барынша ауыстырылады және өндірістік қажеттілікке байланысты жұмыс күнін барынша қысқартады;
3) санаторлық-курорттық ұйымдардың корпустарын толтыру жобалық қуаттан асырылмайды;
4) кіреберісте (ресепшн, күзет пункті) келушілердің дене температурасына бақылау жүргізіледі;
5) жүргізілген/алынған қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін барынша жағдай жасалады (карталар, телефондағы қосымша), емшараларды көрсету кезектерді құрмай жазу бойынша жүзеге асырылады;
6) адамдар көп жиналатын жерлерде, қозғалыс қарқындылығы байқалатын ресепшн алдында еденге сигналдық белгі қою арқылы немесе шектеу бағандары арқылы әлеуметтік қашықтық аймағы анықталады. Дивандар, орындықтар қонақ аймақтарында өзара 1,5 метр арақашықтықта орнатылады;
7) аптасына 1 рет "санитариялық" күнді өткізу;
8) санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға (температураны өлшеу, персоналға нұсқама беру, жеке қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқама жүргізу журналын жүргізу, маскаларды, респираторларды, сулықтарды кәдеге жарату, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу, үй-жайларды жинау және т. б.) жауапты адам тағайындалады;
9) мекемеде демалушыларға көлік қызметтерін көрсету (трансфер, экскурсиялар өткізу және т.б.) жүргізілетін жеке көлігі болған кезде. Бұл ретте жүргізушілер қолды өңдеуге арналған антисептикпен және оларды талап етілетін жиілікпен міндетті түрде ауыстыра отырып, қорғаныш құралдарымен (арнайы киім, маска және қолғаптар, бетке арналған маска) жабдықталады, сондай-ақ әрбір рейс алдында кейіннен желдете отырып автокөлік салонын дезинфекциялау;
10) әрбір келуші/клиент шыққаннан кейін дезинфекциялық құралдарды қолдана отырып, бөлмелерге күрделі тазалау жүргізу;
11) COVID 19-ға күдікті адамдарға арналған изолятор көзделеді (қонақтарға арналған үйлерден басқа).
2. Тамақтануды ұйымдастыру кезінде мынадай талаптар сақталады:
1) персоналдың жұмыс орындарында тамақтануы жүзеге асырылмайды. Тамақ ішу арнайы бөлінген бөлмеде - тамақ ішу бөлмесінде жүзеге асырылады. Тамақ ішетін бөлме болмаған кезде дезинфекциялау құралдарының көмегімен күнделікті жинауды қамтамасыз ете отырып, қол жууға арналған раковинасы бар (ыстық және суық су келтірілген) осы мақсаттар үшін үй-жай бөлу көзделеді;
2) "швед үстелі" типі бойынша тамақтануды ұйымдастыру жағдайында швед желісінде тағамдарды орналастыруды ортақ пайдаланылатын барлық орындарда демалушыларды ақпараттандыру жүйесін пайдалануды, сондай-ақ еденде сигналдық белгілеулерді салуды қоса алғанда, әлеуметтік қашықтық принципін сақтай отырып жүзеге асырады. Осындай талаптар тамақтандыруды тарату желісі принципі бойынша ұйымдастыруға да қойылады;
3) асханаларда демалушылар мен туристердің тамақтануын ұйымдастыру үстелдердің арасында 1 метрден кем емес қашықтық және 1 үстелге 1 адамнан асырмай отырғызу (демалуға және сауықтыруға келгендердің бір отбасының мүшелері болып табылатын немесе 1 нөмірде тұратын жағдайларды қоспағанда) және қонақтардың жиналуын болдырмайтын жағдайлар сақталған кезде жүзеге асырылады.
3. Санаторлық-курорттық мақсаттағы объектілердің, демалыс үйлерінің персоналы:
1) жабық үй-жайларда медициналық маскаларды міндетті түрде киюге;
2) әлеуметтік қашықтықты сақтауға қойылатын талаптарды сақтауды қамтамасыз етеді.
4. Ішкі қауіпсіздік қызметі мынадай сақтық шараларын қабылдай отырып, персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді:
1) персоналдың санитайзерлерді ғимаратқа кіру және шығу кезінде пайдалануы;
2) ғимарат ішіндегі адамдар арасындағы әлеуметтік қашықтықты сақтауды бақылайды;
3) ғимаратқа персонал жеке қорғаныш құралдарынсыз (медициналық маскаларсыз) кірмейді;
4) ғимаратқа кіру кезінде персоналдың температурасын өлшейді, ғимаратқа жоғары температура мен ЖРВИ белгілері бар персоналды жібермейді. Симптомдар анықталған немесе пайда болған жағдайда әкімшілікті хабардар етеді.
5. Бөлімше басшылары:
1) персонал бір үй-жайда әлеуметтік қашықтықты сақтайтын жағдайларды; санаторлық-курорттық мекемелердің аумағында демалушылардың жеке қорғаныш құралдарын сатып алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді;
2) алдын ала тексеру жүргізе отырып (сүзгілерді ауыстыруды, ауа өткізгіштерді дезинфекциялауды қоса алғанда) желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмысын, желдету режимін сақтауды;
3) болмау себептерін анықтай отырып, персоналдың жұмысқа шығуының күн сайынғы мониторингін, ЖРВИ, тұмау және басқа да вирустық аурулармен ауыратындарға қағаз немесе электрондық тасығышта тіркей отырып, ерекше назар аударуды;
4) жедел медициналық жәрдем бригадасы келгенге дейін температурасы жоғары және ЖРВИ белгілері бар персоналды оқшаулауды;
5) персоналдың жеке гигиенасын сақтауға арналған жағдайларды (санитариялық тораптардың жұмыс істеуі, жуу құралдарымен, санитайзерлермен, қағаз сүлгілермен қамтамасыз ету);
6) бір рет қолданылатын медициналық маскалардың (жұмыс ауысымы мен маскаларды ауыстыру ұзақтығына қарай 3 сағатта кемінде 1 рет) немесе көп рет қолданылатын қорғаныш маскаларының (келесі қолдану алдында кейіннен жуу және термиялық өңдеу арқылы), сондай-ақ бір рет қолданылатын немесе көп рет қолданылатын қолғаптардың (ауысымына кемінде 2 рет ауыстыруға жататын және тұтастығы бұзылған кезде), қолды өңдеуге арналған дезинфекциялайтын сулықтар немесе тері антисептиктерінің азаймайтын қорын. Бір рет қолданылатын маскаларды қайта пайдалануды болдырмауды. Пайдаланылған ЖҚҚ-ны шығару үшін арнайы бөлінген орындарда пакеттерге жинауды, одан әрі қатты тұрмыстық қалдықтар ретінде кәдеге жаратуды;
7) қызметкерлер арасында:
қонақтар келген кезде немесе болған кезде аурудың кез келген белгілері (жөтел, әлсіздік, жоғары температура және т.б.) байқалатын болса, ден қою жоспары туралы.
жеке/өндірістік гигиена ережелерін сақтау және олардың мүлтіксіз сақталуын бақылау қажеттілігі туралы нұсқама өткізуді;
8) қолды өңдеу үшін тері антисептиктерін орнату, коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша жаднамалар орналастыруды;
9) есептік қажеттілікке, ауданына және өңдеу жиілігіне қарай дезинфекциялау құралдарының азаймайтын қорын қамтамасыз етеді.
6. Нөмір қоры қызметінің бастығы мыналарды қамтамасыз етеді:
1) персоналдың ұялы телефондарын, гаджеттерді, компьютерлік техниканы, есік тұтқаларын, тұтқаларды, үстелдерді, орындықтардың арқалықтарын (креслолардың шынтақшаларын), жиһазды, қол жууға арналған раковиналарды, терезе алды, есік ойықтарын, қосқыштар мен розеткаларды, лифт батырмаларын міндетті түрде өңдеу арқылы күнделікті ылғалды жинау және дезинфекциялау жүргізуді қамтамасыз етеді. Кілем жабынын ылғалды жинау жуу химиялық құралдары бар кілем жуу машиналарымен орындалады, одан кейін кілемнің таза бетін шаю жүргізіледі. Дезинфекциялау үшін оларға қоса берілген нұсқаулықты қатаң сақтаған кезде вирусқа қарсы тиімділігі бар (әдістемелік нұсқауларға немесе нұсқаулыққа сәйкес), белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өткен құралдарды қолданады;
2) ылғалды жинау және дезинфекциялау орнына қағаз тұсқағаздары бар нөмірлерде қабырғалар мен төбелерді құрғақ жинауды пайдалану, содан кейін оларды пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес адамдар бар кезде қолдануға рұқсат етілген ауаны зарарсыздандыруға арналған жабдықпен өңдеу жүргізіледі;
3) үй-жайларды және жабдықтардың жекелеген түрлерін (үстелдер, панельдер, есіктер, терезелер, еден) жуу және өңдеу үшін жеке шүберекті пайдалану;
4) дезинфекциялау құралдарының жұмыс ерітінділерін арнайы бөлінген орында дайындау, өнім берушінің ыдысында (қаптамасында) заттың атауы, оның мақсаты, затбелгідегі жарамдылық мерзімін көрсетіп сақтау. Ыдыстық затбелгі дезинфекциялау құралын сақтаудың (пайдаланудың) барлық кезеңінде сақталады;
5) мынадай жеке қорғаныш құралдарын пайдалана отырып дезинфекция жүргізу: униформа, қолғап, медициналық маска;
6) денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ адамдарды дезинфекциялау құралдарымен жұмыс істеуге жіберу;
7) 15 минут ішінде күніне кемінде 2 рет желдету.
7. Қонақтарға арналған үйлердегі эпидемияға қарсы күшейтілген режимді қамтамасыз ету мақсатында әкімшілік:
1) персоналдың жеке қорғаныш құралдарын (маскаларды) киюін;
2) персоналдың температурасын қағаз немесе электрондық тасымалдағышта тіркей отырып, күн сайын өлшеуді қамтамасыз етеді. Температурасы жоғары және ЖРВИ белгілері бар персонал жұмысқа жіберілмейді.
3) персоналдың ұялы телефондарын, гаджеттерді, компьютерлік техниканы, есік тұтқаларын, тұтқаларды, үстелдерді, орындықтардың арқалықтарын (креслолардың шынтақшаларын), жиһазды, қол жууға арналған раковиналарды, терезе алды, есік ойықтарын, қосқыштар мен розеткаларды міндетті түрде өңдеу арқылы күнделікті ылғалды жинау және дезинфекциялау жүргізуді. Дезинфекциялау үшін оларға қоса берілген нұсқаулықты қатаң сақтаған кезде вирусқа қарсы тиімділігі бар (әдістемелік нұсқауларға немесе нұсқаулыққа сәйкес), белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өткен құралдарды қолданады;
4) үй-жайларды және жабдықтардың жекелеген түрлерін (үстелдер, панельдер, есіктер, терезелер, еден) жуу мен өңдеуге жеке шүберекті пайдалануды;
5) дезинфекциялау құралдарының жұмыс ерітінділерін арнайы бөлінген орында дайындау, өнім берушінің ыдысында (қаптамасында) заттың атауы, оның мақсаты, затбелгідегі жарамдылық мерзімін көрсетіп сақтауды;
6) мынадай жеке қорғаныш құралдарын пайдалана отырып дезинфекция жүргізу: униформа, қолғап, маска;
7) денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ адамдарды дезинфекциялау құралдарымен жұмыс істеуге жіберуді;
8) бір рет қолданылатын медициналық маскалардың (жұмыс ауысымы мен маскаларды ауыстыру ұзақтығына қарай 3 сағатта кемінде 1 рет) немесе көп рет қолданылатын қорғаныш маскаларының (келесі қолдану алдында кейіннен жуу және термиялық өңдеу арқылы), сондай-ақ бір рет қолданылатын немесе көп рет қолданылатын қолғаптардың (ауысымына кемінде 2 рет ауыстыруға жататын және тұтастығы бұзылған кезде), қолды өңдеуге арналған дезинфекциялайтын сулықтар немесе тері антисептиктерінің азаймайтын қорын. Бір рет қолданылатын маскаларды қайта пайдалануды болдырмауды. Пайдаланылған ЖҚҚны шығару үшін арнайы бөлінген орындарда пакеттерге жинауды, одан әрі қатты тұрмыстық қалдықтар ретінде кәдеге жаратуды;
9) көрінетін жерлерге қолды өңдеуге арналған тері антисептиктерін, коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі жаднамаларды орнатуды;
10) есептік қажеттілікке, өңдеу ауданы мен жиілігіне қарай дезинфекциялау құралдарының азаймайтын қорын;
11) COVID-19 кезінде жеке гигиенаны арттыру және қажетті шаралар мен іс-қимыл жоспарын іске асыру үшін персоналды мерзімді оқытуды қамтамасыз етеді.
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде меншік нысанына қарамастан (мектеп жанындағы, қала сыртындағы) балаларды сауықтыру лагерьлерінің қызметіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
1. Күн сайын жұмыс басталғанға дейін балаларды сауықтыру лагерінің (бұдан әрі – лагерь) персоналына жанаспайтын термометрия арқылы респираторлық аурулар симптомдарының бар-жоғына, оның ішінде отбасы мүшелерінде, шетелден келгендермен байланыстың болуына сауалнама жүргізіледі.
2. ЖРВИ және тұмау симптомдары, сондай-ақ COVID-19 (құрғақ жөтел, жоғары температура, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т.б.) жоққа шығармайтын симптомдары бар персонал жедел жәрдем келгенше оқшауланады.
3. Персоналды жұмысқа жіберу лагерь жұмысы басталғанға дейін 72 сағаттан кешіктірмей жүргізілген коронавирустық инфекцияға зертханалық зерттеуден кейін жүзеге асырылады. Тізімдер мен тексеру кестелерін лагерь әкімшілігі санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен бірлесіп жасайды.
4. Лагерьге кіру кезінде журналдарда нәтижелерді рәсімдеу арқылы әрбір балаға және алып жүретін ересектерге жанаспайтын термометрлермен термометрия жүргізіледі.
5. Лагерь аумағына бөгде адамдардың кіруіне және автокөліктің кіруіне жол берілмейді. Лагерь аумағына автокөлік кіру жабдықталған арнайы алаң (дезкедергі) арқылы жүзеге асырылады.
6. Тауарларды қойма үй-жайларына орналастырғанға дейін олардың қаптамасының сыртқы бетін дезинфекциялау құралдарымен сүрту жүргізіледі.
7. Балаларды қабылдауға, тамақ өнімдері мен тауарларды қабылдап-беруге қатысатын персонал жеке қорғаныш құралдарында (маскалар, қолғаптар) болады.
8. Мектеп жанындағы лагерьлер мен қосымша білім беру объектілерін ашу карантин кезеңінде санитариялық қағидалар талаптары және санитариялық-эпидемияға қарсы талаптар қамтамасыз етіле отырып, короновирустық инфекция бойынша қолайлы аумақтарда жүргізіледі.
9. Әр ауысым басталғанға дейін дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күрделі жинау жүргізіледі.
10. Ғимаратқа кіреберісте және асханаға кіру алдында және санитариялық тораптарда қолды өңдеуге арналған тері антисептиктері бар дозаторлар орнатылады.
11. Лагерьдің әкімшілігі мыналарды қамтамасыз етеді:
1) ауыз су режимінің ұйымдастырылуын, бір рет қолданылатын ыдыспен қамтамасыз етілуін және кулерлер мен дозаторларға өңдеудің жүргізілуін бақылау;
2) санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға (температураны өлшеу, персоналға нұсқама беру, жеке қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқама жүргізу журналын жүргізу, маскаларды, респираторларды, сулықтарды кәдеге жарату, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу, үй-жайларды жинау) жауапты адамды анықтайды;
3) жанасатын беттерді, есік тұтқаларын, тұтқаларды, үстелдерді, орындықтардың арқалықтарын, жиһазды, қол жууға арналған раковиналарды, терезе алды, есік ойықтарын, қосқыштар мен розеткаларды және т. б. міндетті түрде өңдей отырып, жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, үй-жайларды күнделікті ылғалды жинау және дезинфекциялау жүргізу;
5) респираторлық аурулардың белгілері бар және дене температурасы жоғары балаларды заңды өкілдері (ата-аналары, қамқоршылары) немесе "жедел жәрдем" бригадасы келгенге дейін изоляторға немесе арнайы бөлінген үй-жайға дереу оқшаулау;
6) есептік қажеттілікке, ауданына және өңдеу жиілігіне қарай дезинфекциялау құралдарының азаймайтын қоры;
7) алдын ала тексеру жүргізе отырып (сүзгілерді ауыстыруды, ауа өткізгіштерді дезинфекциялауды қоса алғанда) желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмысы, желдету режимін сақтау;
8) гигиеналық тәрбие, жеке гигиена ережелерін сақтау қажеттілігі, профилактика шараларын сақтау, әлеуметтік қашықтық туралы ақпараттандыру бойынша жұмыс.
12. Үй-жайларды толассыз желдету балалар болмаған жағдайда жүргізіледі.
13. Тәулігіне бір рет (таңертеңгі немесе кешкі сағаттарда) ашық кеңістіктерді дезинфекциялау жүргізіледі.
14. Күркелер, орындықтар, ойын алаңдары, кіре берістердің жанындағы алаңдар, сыртқы есіктер, жанасатын қоршау конструкциялары, тұтқалар, урналар дезинфекциялауға жатады.
15. Дезинфекциялау үшін вирусқа қарсы тиімділігі бар құралдар қолданылады (әдістемелік нұсқауларға немесе нұсқаулыққа сәйкес).
16. Лагерьге инфекцияның әкелінуіне жол бермеу мақсатында:
1) ауысым жұмысы кезінде персоналды лагерьден тыс жерлерге ауыстыруға (оның ішінде қоса атқарылатын жұмысқа) жол берілмейді;
2) барлық балалардың лагерьге бір мезетте келуі (бір күнде), сондай-ақ ауысым арасында 2 күннен кем емес үзіліспен бір мезетте шығуы (қорытынды дезинфекция жүргізу үшін) жүзеге асырылады;
3) ауысым кезінде балалардың келген күнінен кейін балаларды қабылдауға және уақытша кетуіне жол берілмейді;
4) топтардың толуы жобалық қуаттың 50%-нан аспауы тиіс;
5) әрбір балада келу кезінде денсаулық жағдайы туралы құжаттар (086/У нысаны) және инфекциялық аурулармен, оның ішінде COVID-19 бойынша байланыстың жоқтығы туралы анықтамалар болуы тиіс;
6) балалар саны есебінен медицина қызметкерлерінің (дәрігер және (немесе) мейіргер) тәулік бойы болуы қамтамасыз етіледі;
7) COVID-19-ға күдікті адамдар үшін изолятор көзделеді.
17. Лагерьде жағажай бар болған жағдайда жағажай жабдықтарын орналастыру (шезлонг, аяқ жуу, суға арналған кулерлер және т.б.) әлеуметтік қашықтықты есепке ала отырып, мүмкіндік бойынша сигналдық белгілерді салу, кіретін жерде әлеуметтік қашықтықты сақтау қажеттілігі туралы ақпаратты көрсете отырып жүргізіледі.
18. Балаларды тасымалдауға арналған автокөлік салоны (отырғызғанға дейін) дезинфекцияланып, кейіннен желдетіледі. Жүргізушілерді рейс алдында тексеру міндетті түрде термометрия және жол парағында нәтижелерді ресімдеу арқылы жүргізіледі, жүргізушілер мен еріп жүретін адамдар маскада және қолғапта болады. Жүргізушілер қорғаныш құралдарымен (маскалар, қолғаптар, антисептиктер) қамтамасыз етіледі.
19. Балаларды көліктің басқа түрлерімен (теміржол, авиа) тасымалдау кезінде ұйымдасқан топтарды бөтен адамдармен қарым-қатынастан барынша оқшаулауды қамтамасыз ету, алдын ала дайындалған маршруттар бойынша жеткізуді жүзеге асыру.
20. Қызметкерлердің жұмыс орындарында тамақ ішуі жүзеге асырылмайды, тамақ дезинфекциялау құралдарының көмегімен күнделікті жинауды қамтамасыз ете отырып, қол жууға арналған раковинамен (ыстық және суық су келтірілген) жабдықталған арнайы бөлінген тамақ ішетін бөлмеде ғана қабылданады.
21. Балалардың бөлмелерде тамақтануы жүзеге асырылмайды.
22. Асханаларда балалардың тамақтануын ұйымдастыру үстелдердің арасында 1 метрден кем емес қашықтық сақталған жағдайда жүзеге асырылады.
23. Балалардың жұмыс режимі мен бос уақытын ұйымдастыру отрядтарды барынша оқшаулау жағдайында (үйірмелер, қызығушылықтары бойынша сабақтар) жүзеге асырылады.
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде ұйымдастыралған ұжымдардағы, ас блоктарындағы және сауда объектілеріндегі қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. COVID-19 бойынша карантин кезінде объектілерде қағаз немесе электрондық тасығышта тіркеу арқылы күніне кемінде 3 рет жай-күйіне сауалнама жүргізу және термометрия жүргізу арқылы персоналды медициналық бақылау жүргізіледі.
2. Жіті респираторлық инфекциялар (жоғары температура, жөтел, мұрынның бітелуі) және басқа да инфекциялық аурулар белгілері бар персонал жұмысқа кіріспейді.
3. Персонал келушілермен жұмыс істеу кезінде пайдалану үшін бір рет қолданылатын медициналық маскалар қорымен (жұмыс ауысымының ұзақтығы мен 2 сағатта 1 реттен кем емес маскалардың ауысуын ескере отырып), сондай-ақ дезинфекциялау сулықтарымен, қолды өңдеуге арналған тері антисептиктерімен, дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз етіледі. Бір рет қолданылатын маскаларды қайталап пайдалануға, сондай-ақ ылғалданған маскаларды пайдалануға жол берілмейді.
4. Объектіде келушілердің қолын өңдеуге арналған тері антисептиктері қарастырылады, олар көрінетін және қолжетімді орындарда орнатылады.
5. Бір рет қолданылатын ыдысты қолдану кезінде пайдаланылған бір рет қолданылатын ыдысты бір рет қолданылатын тығыз жабылатын пластикалық пакеттерге жинау жүргізіледі.
2-тарау. Үй-жайлардағы ауаны зарарсыздандыру
6. Объекті әкімшілігі ауа температурасы мен ылғалдылығының оңтайлы жағдайларын қамтамасыз ету үшін ауа ортасын желдету және ауа баптау жүйелеріне (тазалау, жуу, дезинфекциялау, сүзгілерді ауыстыру және т.б.) тексеру жүргізеді. Барлық үй-жайларды кемінде 15 минут күніне 3 рет жиілікпен желдету жүргізіледі.
Үй-жайлардағы ауаны зарарсыздандыру мақсатында күн сайын адамдар болған кезде (холлдар, тамақтану залдары) тәулік бойы қолдануға болатын жабық үлгідегі ультракүлгін бактерицидті сәулелегіштерді немесе рециркуляторларды пайдаланылады. Рециркуляторларды орнату және саны дайындаушы зауыттың қолдану нұсқаулығына сәйкес есептеледі.
7. Желдету және ауаны баптау жүйелерін тазарту және дезинфекциялау жоспарлы профилактикалық жұмыстар кестесіне сәйкес жүргізіледі.
3-тарау. Үй-жайларды жинауға қойылатын талаптар
8. Залдарда күн сайын рұқсат етілген дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып жинау жүргізіледі. Дезинфекциялау құралдарымен жұмыстың барлық түрлерін ылғал өткізбейтін, бүтіндігі бұзылмаған қолғаптарда орындау керек.
9. Дезинфекциялау жүргізу үшін белгіленген тәртіппен тіркелген және қолдануға рұқсат етілген, қолдану жөніндегі нұсқаулықтарында вирустық инфекциялар кезінде объектілерді зарарсыздандыру режимдері көрсетілген дезинфекциялау құралдары мынадай жиілікпен қолданылады:
- тамақтану залының едендері, сауда сөрелері – күніне 2 рет таңертең және кешке;
- подностар, тамақ тарату лентасы, есік тұтқалары, касса аппараттары, банк терминалы – сағат сайын;
- қоғамдық санитариялық тораптар (еден, санитариялық-техникалық жабдықтар, соның ішінде крандардың вентильдері, унитаз бактарының су ағызатын жері), таяныштар, лифт батырмалары – күніне 3 рет;
Жинауға арналған мүкәммал жинау жүргізілгеннен кейін міндетті түрде дезинфекциялауға жатады.
10. Дезинфекциялау үшін белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың аумағында тіркелген және қолдануға рұқсат етілген және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізіліміне енгізілген құралдар қолданылады.
11. Дезинфекция жүргізген кезде препараттың нұсқаулығына сәйкес дезинфекциялау құралының экспозиция уақытын (яғни дезинфекциялау құралының жұмыс ерітіндісінің өңделетін объектінің бетінде болу уақыты) және жұмыс ерітіндісінің шоғырлануын қатаң сақтау керек.
12. Өңдеуден кейін бетті сумен жуады және қағаз сүлгілердің немесе бір рет қолданылатын сулықтардың (шүберектер) көмегімен кептіреді. Дезинфекциялау құралын пайдалану регламенті жекелеген дезинфекциялау құралдарын қолдану жөніндегі нұсқаулықта белгіленген, онда дезинфекциялау құралын экспозициясынан кейін жуу қажеттілігі немесе қажеттілігінің жоқтығы түсіндіріледі.
13. Жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін (немесе кемінде 6 сағаттан кейін) есіктердің тұтқаларын, тұтқаларды, үстелдерді, орындықтардың арқаларын (креслолардың шынтақтарын), тамақтанатын залға (асханаға) кіретін жердегі қол жууға арналған раковиналарды, өзіне-өзі қызмет көрсету сөрелерін дезинфекциялау сулықтарымен (немесе дезинфекциялау құралдарының ерітінділерімен) сүрту арқылы дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, үй-жайларды ылғалды жинауды жүргізеді.
14. Әрбір объектіде есепті қажеттілікке қарай шүберектің, жинау мүкәммалының, дезинфекциялау құралдарының азаймайтын қоры жасалады.
15. Дезинфекциялау құралдарын дайындаушының қаптамасында балалардың қолы жетпейтін арнайы бөлінген құрғақ, салқын және қараңғыланған жерде, тығыз жауып сақтайды. Дезинфекциялық іс-шараларды жүргізу кезіндегі сақтық шаралары және кездейсоқ улану кезіндегі алғашқы көмек әрбір нақты дезинфекциялау құралдары үшін оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтарда жазылған.
4-тарау. Ұйымдастырылған ұжымдардағы қоғамдық тамақтану объектілерінде жедел сипаттағы алдын алу шаралары
16. Үстелдердің, орындықтардың және өзге де мүкәммалдың орналасуын үстелдер мен келушілердің арасындағы арақашықтықты кемінде 1 метр қамтамасыз етуді ескере отырып жүргізеді.
17. Тамақ өнімдерін асханаларда өткізуді кесілмеген көкөністер мен жемістерді қоспағанда, өлшеп-оралған түрде жүргізеді.
18. Сатып алушылардың өздері алатын нан-тоқаш, кондитерлік және өзге де өнімдерді сатуды тек оралған түрде жүзеге асырады.
19. Асхана жұмыскерлері (сатушылар, аспаздар, даяшылар, кассирлер және тамақ өнімдерімен тікелей байланысы бар басқа да қызметкерлер) жұмысшыларға өз қызметтерін ауысымына кемінде екі рет және бүтіндігі бұзылған кезде ауыстыруға жататын бір рет қолданылатын қолғаппен көрсетеді, персоналдың жұмыс кезінде бір рет қолданылатын маскаларды пайдалануы ұсынылады (маскаларды ауыстыру 2 сағатта 1 реттен сиретпей).
20. Асханаларда өзіне-өзі қызмет көрсету түрі бойынша тарату жүргізілмейді.
21. Қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатылады немесе бір рет қолданылатын қолғаптар беруді қамтамасыз етеді.
22. Араларында кемінде 1 метр қашықтық сақтала отырып, 5 адамнан артық кезек құрылмайды, бір мезгілде қызмет көрсетілетін келушілердің санын шектейді.
23. Жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін (немесе кемінде 6 сағаттан кейін) есіктердің тұтқаларын, тұтқаларды, үстелдерді, орындықтардың арқаларын (креслолардың шынтақтарын), тамақтанатын залға (асханаға) кіретін жердегі қол жууға арналған раковиналарды, өзіне-өзі қызмет көрсету сөрелерін дезинфекциялау сулықтарымен (немесе дезинфекциялау құралдарының ерітінділерімен) сүрту арқылы дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, үй-жайларды желдету және ылғалды жинау жүргізіледі.
24. Күшейтілген дезинфекциялау режимін жүргізеді: әр сағат сайын арнайы дезинфекциялау құралдарымен үстелдер, орындықтар өңделеді.
25. Жоғарыда көрсетілген тармақтардың сақталуын қамтамасыз ететін жауапты жұмыскерлерді бекітеді.
5-тарау. Сауда объектілері
26. Объектіде дезинфекциялау және жуу құралдарын қолдана отырып, әрбір 2-3 сағат сайын ылғалды жинау жүргізіледі.
27. Ғимаратқа кіреберісте қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатылады.
28. Осы қағидалардың талаптарына сәйкес үй-жайларда ауаны зарарсыздандыру және желдету жүргізіледі.
29. Ғимараттардағы ішке сору-сыртқа тарту желдеткішіне тексеру және тазалау жүргізіледі.
30. Әрбір 3 сағат сайын арнайы дезинфекциялау құралдарымен тоңазытқыштардың тұтқаларын, есіктерді, таразыларды, сөрелерді, витриналарды, себеттер мен арбаларды, сатып алушыларға арналған шкафтарды, едендерді, келушілердің қолымен жанасатын өзге де беттерді өңдейді.
31. Сатып алушымен жақын қарым-қатынасты азайту бойынша шаралар қабылдайды.
32. Келушілермен байланыста болатын сатушылар мен басқа да қызметкерлердің жұмысы тыныс алу органдарын қорғау құралдарында және қолғаппен жүзеге асырылады. Кассадан сатып алушыларға және кіре берісте COVID-19 алдын алу бойынша жаднамалар таратылады.
33. Жауапты адамдар санитариялық қағидалары талаптарын орындау мақсатында, сондай-ақ респираторлық аурулар белгілері бар, дене температурасы жоғары және соңғы 2 апта ішінде COVID ауруының жоғары деңгейі бар елдерден оралған адамдарды жұмысқа жібермеу мақсатында персоналмен жұмыс жүргізеді.
34. Көкөністер мен жемістерді қоспағанда, тамақ өнімдерін қабылдау, сату және сақтау тек өлшеп-оралған және буып-түйілген түрде жүзеге асырылады.
35. Объекті әкімшілігі санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар мен нормаларды қамтамасыз ете отырып және тапсырыс берушімен тікелей (жақын) байланысты болдырмай, онлайн сатуға көшіру және үйге жеткізу арқылы тауарларға ақы төлеу бойынша жұмысты ұйымдастырады.
36. Тамақ пен тауарлардың онлайн-саудасы және оларды байланыссыз жеткізу Тамақ жеткізуді жүзеге асыратын қоғамдық тамақтану ұйымдарына арналған уақытша қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
37. Келушілердің сауда объектілерінің үй-жайларына кіруі медициналық маскамен, кезектер құрылған кезде - кезекпен, өткізу қабілетін ескере отырып, сатып алушылардың барлық кассалардың алдында 1 метр қашықтықты сақтай отырып, жүзеге асырылады.
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде тамақ жеткізуді жүзеге асыратын қоғамдық тамақтану ұйымдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
1-тарау. Жалпы талаптар
1. Әрбір тапсырыс тағамның атауы, дайындалған күні мен сағаты көрсетіле отырып, тамақтану объектісінің есептік құжаттамасында тіркеледі.
2. Қоғамдық тамақтану ұйымынан тыс өткізуге арналған салат өнімдеріне, бірінші, екінші тағамдарға тұздықтар салуға жол берілмейді. Тағамға тұздықтар жеке тұтыну ыдысында, қаптамада жеткізіледі.
3. Өнімді жеткізу тамақ дайындау күні мен уақытын көрсете отырып, өнімнің екінші рет ластануын болдырмайтын бір рет қолданылатын ыдыста жүзеге асырылады.
4. Объектінің персоналы арнайы санитариялық киіммен (халаттар, орамал бас киімдері, шашқа арналған, сақалға арналған таңғыштар немесе торлар), сондай-ақ жеке қорғаныш құралдарымен (медициналық маска, әрбір 2 сағат сайын ауыстырылатын бір рет қолданылатын қолғап), антисептикалық құралдармен және қол жууға арналған құралдармен қамтамасыз етіледі.
5. Өнімді жеткізушілер (курьерлер) жеке қорғаныш құралдарымен (медициналық маска, медициналық қолғап немесе әр 2 сағат сайын ауыстырылып, дезинфекциялау құралдарымен өңдеуге жататын басқалары), антисептикалық құралдармен, бір рет қолданылатын ылғалды майлықтармен және сулықтармен қамтамасыз етіледі.
6. Көлік құралын өңдеу, желдету әрбір 2 сағат сайын және өнімді тасу егер салонда орындықтар мен қаптар өңделмейтін болса, жүк салғышта ғана жүргізіледі. Көлік құралы таза ұсталады.
7. Объектінің барлық үй-жайларында мақсатына қарамастан экспозициясы кемінде 30 мин бактерицидті шамдар пайдаланылады, әрбір 2 сағат сайын тоңазытқыш және технологиялық жабдықтарды өңдеу жүргізіледі. Персонал жұмыс орындарында қолғаппен болады.
8. Объектінің әкімшілігі персоналға күнделікті термометрияны ұйымдастырады. Ауысым аяқталғаннан кейін арнайы киім суланады және өңделеді, арнайы киімді ауыстыру күн сайын жүргізіледі.
9. Жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін (немесе кем дегенде 6 сағаттан кейін) үй-жайларды желдету және есік тұтқаларын, технологиялық жабдықтарды, үстелдерді, персонал мен келушілерге арналған санитариялық тораптарды дезинфекциялау сулықтарымен (немесе дезинфекциялау құралдарының ерітінділерімен) сүрту жолымен дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, ылғалды жинау, кварцтау жүргізіледі.
10. Өнімді жеткізу кезінде тұтынушымен байланыс барынша болмайды.
11. Жіті респираторлық инфекциялар (жоғары температура, жөтел, мұрынның бітелуі) белгілері бар персонал жұмысқа кіріспейді.
12. Персонал және өнім жеткізушілер өнімге түсіп кетуі мүмкін әшекейлерді (сақиналар, сағаттар, басқа да заттар) киюді жүзеге асырмайды, егер мұндай әшекейлерді шешу мүмкін болмаса, оларды бүтін, таза және санитариялық күйде ұстай алатын және өнімдерді, беттерді және буып-түю материалдарын ластанудан тиімді қорғайтын материалдың көмегімен оқшауланады.
13. Су өткізбейтін материалдан жасалған, бүтін және таза күйдегі қолғаптарды кию жүзеге асырылады.
2-тарау. Қолды қашан жуу және дезинфекциялау керек
16. Дененің жалаңаш бөліктерін, лас заттарды ұстағаннан кейін.
17. Жөтелуден, түшкіруден кейін, қол орамалын немесе бір рет қолданылатын сулықты пайдаланғаннан кейін.
18. Лас жабдықпен немесе ыдыспен жұмыс істегеннен кейін.
19. Өнімдермен тікелей жұмыс істеуге кірісу алдында.
20. Дәретханадан келгеннен кейін және өндірістік цехқа кіру алдында.
21. Тамақ жеткізуге тапсырыс алу алдында (курьерлерге, жеткізушілерге).
22. Клиенттерге тамақты жеткізуге кірісудің тікелей алдында қолғаптағы қол әрбір жеткізу алдында дезинфекцияланады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 31-қосымша |
Ескерту. 31-қосымшаның күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 25.12.2020 № ҚР ДСМ-331/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, мемлекеттік органдарға (ұйымдарға), ұлттық компанияларға, басқа да кеңселерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
1. Объектіге кіруге рұқсат:
кіретін жерде (өткізу пункті) жұмыскерлердің дене температурасын бақылау;
ауру белгілері жоқ қызметкерлер;
кіреберісте, холлдарда, лифттерге кіреберісте, санитариялық тораптарда тері антисептигі бар санитайзерлер орнату.
2. Жұмыс процесін ұйымдастыру:
санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға жауапты адамды анықтау (дене температурасын өлшеу, персоналға нұсқама беру, жеке қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқама жүргізу журналын жүргізу, маскаларды, респираторларды, сулықтарды кәдеге жарату, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу, үй-жайларды тазалау);
мүмкіндігінше қызметтік автобуста/автокөлікпен жұмысқа және жұмыстан орталықтандырылған жеткізуді ұйымдастыру;
санитариялық тораптарды жеке гигиена құралдарымен (сұйық сабын, антисептика) қамтамасыз ету;
қолғаптарды, маскаларды/респираторларды жұмыс күні ішінде оларды уақтылы ауыстыру шартымен пайдалану;
қызметкерлер бір үй-жайда бір-бірінен 1 метрден кем емес қашықтықта болатын жағдайларды қамтамасыз ету (әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып);
жұмыс орындарын антисептиктермен қамтамасыз ету;
жұмыскерлер арасында жеке/өндірістік гигиена қағидаларын сақтау және олардың мүлтіксіз сақталуын бақылау қажеттілігі туралы нұсқама жүргізу.
3. Аумақты және үй-жайларды күтіп ұстау:
объектілердің аумағы мен барлық үй-жайлар таза ұсталады, күн сайын қоқыс пен ластан тазартылады;
барлық үй-жайларды жинау жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күн сайын ылғалды тәсілмен жүргізіледі және желдетіледі.
4. СОVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай күрделенген кезеңде асханалар, буфет және дәретханалар күн сайын дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып жиналады.
5. Жиһазды, терезенің алдын, шкафтарды, есіктің тұтқаларын, компьютерлердің клавиатураларын (жиі жанасатын орындар) кемінде 2 рет дезинфекциялау құралымен сүртеді.
6. Дезинфекциялау жүргізу үшін белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың аумағында тіркелген және қолдануға рұқсат етілген және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерінің бірыңғай тізіліміне енгізілген құралдар қолданылады.
7. Дезинфекциялау үшін вирусқа қарсы тиімділігі бар құралдар қолданылады.
8. Дезинфекциялау құралдары вирустық инфекциялар кезінде дезинфекциялау режимі көрсетілген оларға қоса берілген нұсқаулықтарды қатаң сақтаған кезде қолданылады.
9. Үй-жайларды және жабдықтардың жекелеген түрлерін (тамақтанатын үстелдер, ыдыс-аяқ, панельдер, есіктер, терезелер, еден) жуу және өңдеу үшін бөлек шүберек көзделеді.
10. Дезинфекциялау құралдарының жұмыс ерітінділерін дайындау арнайы бөлінген орында жүзеге асырылады. Дезинфекциялау құралдары өнім берушінің ыдысында (қаптамасында) заттың атауы, оның мақсаты, заттаңбадағы жарамдылық мерзімі көрсетіле отырып сақталады. Ыдыстың заттаңбасы дезинфекциялау құралын сақтаудың (пайдаланудың) барлық кезеңіде сақталады.
11. Дезинфекциялау құралдарын бөгде адамдарға беруге және оларды қараусыз қалдыруға жол берілмейді.
12. Беттерді дезинфекциялау үшін кейіннен жабатын қақпағы бар қоқыс контейнеріне кәдеге жарата отырып, бір рет қолданылатын сулықтарды (үстелдер, есік тұтқалары, кушеткалар және т. б.) пайдалану керек.
13. Техникалық персонал (жинаушылар) дезинфекциялауды жеке қорғаныш құралдарын: халат, қолғап, медициналық маска пайдалана отырып жүргізеді.
14. Дезинфекциялау құралдарымен жұмыс істеуге денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімі жоқ кәмелетке толған адамдар жіберіледі.
15. Жинау мүкаммалы (шелектер, щеткалар, шүберектер) пайдаланғаннан кейін жақсы жуылады және арнайы бөлінген орындарда сақталады.