Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқаратын шетелдік ұйымдарға қойылатын талаптарды қоса алғанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару үшін қажетті іс-қимылдар жасау өздеріне тапсырылған кезде, оларды таңдау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 15 маусымдағы № 78 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 маусымда № 20909 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқарудың тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқаратын шетелдік ұйымдарға қойылатын талаптарды қоса алғанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару үшін қажетті іс-қимылдар жасау өздеріне тапсырылған кезде, оларды таңдау қағидалары бекітілсін.

      2. "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқаратын шетелдік ұйымдарға қойылатын талаптарды қоса алғанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару үшін қажетті іс-қимылдар жасау өздеріне тапсырылған кезде, оларды таңдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 қыркүйектегі № 173 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15947 болып тіркелген, 2017 жылғы 9 қарашада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Монетарлық операциялар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Ақпарат және коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
Е. Досаев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2020 жылғы 15 маусымдағы
№ 78 қаулысымен
бекітілді

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқаратын шетелдік ұйымдарға қойылатын талаптарды қоса алғанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару үшін қажетті іс-қимылдар жасау өздеріне тапсырылған кезде, оларды таңдау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқаратын шетелдік ұйымдарға қойылатын талаптарды қоса алғанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару үшін қажетті іс-қимылдар жасау өздеріне тапсырылған кезде, оларды таңдау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (бұдан әрі – Қор) зейнетақы активтерін басқаратын шетелдік ұйымдарға қойылатын талаптарды қоса алғанда, оларға Қордың зейнетақы активтерін инвестициялық басқару үшін қажетті іс-қимылдарды жасау тапсырылған кезде, оларды таңдау тәртібін айқындайды.

      2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) активтерді жетілдірілген индексті басқару – кірістілік ауытқуы өзгермелілігінің мәні (tracking error) 0,5 (нөл бүтін оннан бес) пайыздан 2 (екі) пайызға дейін қоса алғанда болатын басқару түрі. Активтерді жетілдірілген индексті басқару кезінде эталондық портфельдің негізгі көрсеткіштерінен қалыпты ауытқу күтіледі;

      2) ақпараттық коэффициент (information ratio) – үстеме кірістілік деңгейінің кірістілік ауытқуының өзгермелілігіне (tracking error) қатынасы;

      3) арнайы жүйе – сыртқы басқарушылардың қызметін талдауға қажетті инвестициялық және (немесе) талдамалық деректер базасы бар бағдарламалық қамтамасыз ету және (немесе) арнайы интернет-ресурс;

      4) арнайы мандат – активтердің жекелеген сыныптары, басқару түрлері, елдер мен өңірлер деңгейінде бірегей инвестициялық тәсілдерді болжайтын, инвестициялау стратегиясын қолдану арқылы активтерді әртараптандыру мақсатында сыртқы басқаруға берілетін мандат;

      5) әртараптандыру – активтердің нақты сыныбына тән тәуекелдерді төмендету мақсатында оларды қаржы құралдарына және өзге мүлікке орналастыру;

      6) басқарушылық бақылау – бір заңды тұлғаның шешімдерді тікелей және (немесе) жанама түрде айқындау және (немесе) осындай заңды тұлғаға қатысуына (иеленуіне) байланысты басқа заңды тұлға қабылдайтын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі;

      7) биржа нарығы – сауда-саттықты ұйымдастырушылық және техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйелері пайдаланылатын қатынастар жиынтығы;

      8) жаһандық мандат – инвестициялары бір елдің (нарықтың, өңірдің) шеңберінен шығатын портфель;

      9) инвестициялық дью-дилидженс – сыртқы басқарушының инвестициялық қызметінің тиімділігін жан-жақты тексеруге және бағалауға бағытталған талдамалық іс-шаралар кешені;

      10) институционалдық инвестор – ақшаны қаржы құралдарына инвестициялауды жүзеге асыратын заңды тұлға;

      11) компаниялар тобы – бір заңды тұлғаның басқару бақылауындағы заңды тұлғалар немесе біреуінің басқа заңды тұлғаға басқарушылық бақылауы бар заңды тұлғалар;

      12) консультациялық қызмет көрсетудегі активтер – сыртқы басқарушы активтерді инвестициялық басқару бөлігінде клиентке консультация беретін сыртқы басқарушының басқаруындағы активтер;

      13) мандат – белгілі бір инвестициялық сипаттамалары бар портфель;

      14) маржалық шот – клиринг ұйымында ашылатын және мәмілелер бойынша қамтамасыз етуді орналастыру және туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша есеп айырысуларды жүргізу мақсатында пайдаланылатын, туынды қаржы құралдарымен операцияларды жүргізуге арналған шот;

      15) операциялық дью-дилидженс – сыртқы басқарушының операциялық процесінің тиімділігін жан-жақты тексеруге және бағалауға бағытталған талдамалық іс-шаралар кешені;

      16) өңірлік мандат – инвестициялары бір елдің (нарықтың, өңірдің) шеңберінде шоғырландырылған портфель;

      17) портфельдік менеджер – клиенттердің активтерін басқаруға жауап беретін тұлға;

      18) сыртқы басқарушы – шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған банк немесе клиенттердің активтерін инвестициялық басқаруды арнайы жүргізетін және өз қызметін халықаралық қаржы нарықтарында жүзеге асыратын ұйым;

      19) сыртқы басқару – зейнетақы активтері инвестициялық басқаруға сыртқы басқарушыға берілетін зейнетақы активтерін басқару түрі;

      20) сыртқы транзиттік басқару – сыртқы басқарушыны таңдағанға және (немесе) оған тиісті мандат бойынша активтерді бергенге дейін берілетін активтердің құрылымындағы өзгерістерге байланысты тәуекелдерді азайту мақсатында зейнетақы активтері сыртқы транзиттік басқарушыға берілетін кездегі активтерді басқару түрі;

      21) сыртқы транзиттік басқарушы – шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған банк немесе клиенттердің активтерін сыртқы транзиттік басқаруды арнайы жүргізетін және өзінің қызметін халықаралық қаржы нарықтарында жүзеге асыратын ұйым;

      22) транзиттік кезең – инвестициялық басқару келісімінде белгіленген өлшемдерге сәйкес келтіру мақсатында, Қағидаларға сәйкес белгіленетін портфельге қолданылатын уақыт кезеңі;

      23) уәкілетті бөлімше – Қор активтерін басқаруды және мониторингін жүзеге асыратын Ұлттық Банктің бөлімшесі;

      24) Ұлттық Банк басшылығы – Ұлттық Банк Төрағасы, Ұлттық Банк Төрағасының уәкілетті бөлімшеге жетекшілік ететін орынбасары;

      25) үстеме кірістілік деңгейі – нақты қол жеткізілген кірістілік деңгейі мен эталондық портфель кірістілігінің деңгейі арасындағы айырма;

      26) форекс операциялары – биржа және биржадан тыс нарықтарда шетел валютасын сатып алу және (немесе) сату.

      3. Қордың бір сыртқы басқарушыға сыртқы басқаруына берілетін зейнетақы активтерінің жалпы рұқсат етілген көлемі Қордың шетел валютасындағы зейнетақы активтері портфелінің көлемінен 10 (он) пайыз аспайды.

      4. Қағидалардың 3-тармағында көзделген лимиттен асқан кезде, оның ішінде жұмыс істеп тұрған екі сыртқы басқарушы қосылған жағдайда, уәкілетті бөлімше осы асып кету туындаған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде сәйкессіздікті жояды.

      5. Қордың зейнетақы активтері сыртқы басқаруға:

      1) басқару түрлерімен байланысты тәуекелдер деңгейін төмендету;

      2) сыртқы басқарушының тәжірибесін, талдамалық материалдарын, зерттеулері мен техникалық ресурстарын пайдалану арқылы Қордың зейнетақы активтерін басқарудың кірістілігін ұлғайту;

      3) сыртқы басқарушылардан алынған активтерді басқару саласындағы сараптама мен консультацияларды қолдану арқылы Қордың зейнетақы активтерін басқарудың тиімділігін арттыру;

      4) активтерді дербес басқаруда тәжірибе жоқ активтердің жаңа сыныптарын енгізу мақсатында беріледі.

      6. Сыртқы басқарушы үшін басқарудың түрін (активтік, жетілдірілген индекстік немесе пассивтік (индекстік)) және эталондық портфельді таңдау Қордың зейнетақы активтерін басқару мақсаттарына және нарықтағы жағдайға байланысты Қордың инвестициялық декларациясында көзделген шектеулерге сәйкес жүзеге асырылады.

      7. Инвестициялық басқару туралы келісімге сәйкес сыртқы басқарушыға немесе сыртқы транзиттік басқарушыға сыртқы басқаруға немесе сыртқы транзитті басқаруға берілген Қордың зейнетақы активтерін басқару нәтижелеріне байланысты белгіленген комиссиялық сыйақы және (немесе) басқару нәтижелеріне байланысты комиссиялық сыйақы төленеді.

2-тарау. Қордың зейнетақы активтерін басқару үшін қажетті іс-қимылдарды жасау тапсырылған кезде сыртқы басқарушыларға қойылатын талаптарды қоса алғанда, Қордың зейнетақы активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау тәртібі

      8. Сыртқы басқарушыларды таңдау рәсімін ұйымдастыруды уәкілетті бөлімше өткізеді.

      9. Уәкілетті бөлімше Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында, сондай-ақ әлеуетті сыртқы басқарушылар үшін қолжетімді басқа да ақпараттық-талдамалық ресурстарда жоспарланып отырған сыртқы басқарушыларды таңдау туралы ақпаратты жариялайды, әлеуетті сыртқы басқарушылардың тізімін жасайды, әлеуетті сыртқы басқарушыларға ақпаратты жібереді.

      Әлеуетті сыртқы басқарушының Қағидалардың 24-тармағында көзделген талаптарды инвестициялық басқару туралы келісімге енгізу жөніндегі келісімі оның ұсынысын қараудың міндетті талабы болып табылады.

      10. Әлеуетті сыртқы басқарушы Ұлттық Банкке әлеуетті сыртқы басқарушыдан Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес сұратылатын ең аз ақпаратты электрондық түрде және (немесе) қағаз тасымалдағышта ұсынады. Уәкілетті бөлімшеге ақпаратты арнайы жүйеден алуға рұқсат етіледі.

      11. Уәкілетті бөлімше Қағидалардың 12 және (немесе) 13-тармақтарында көзделген әлеуетті сыртқы басқарушыларға зейнетақы активтерін басқару үшін қажетті іс-қимылды жасау тапсырылған кезде оларға қойылатын міндетті талаптарды ескере отырып, әлеуетті сыртқы басқарушылардың келіп түскен барлық ұсыныстарына салыстырмалы талдау жүзеге асырады.

      Егер әлеуетті сыртқы басқарушы Қағидалардың 12 және (немесе) 13-тармақтарында көзделген міндетті талаптарға сәйкес келсе, уәкілетті бөлімше әлеуетті сыртқы басқарушылардың ұзақ тізімін (бұдан әрі – ұзақ тізім) қалыптастыру үшін оларға зейнетақы активтерін басқару үшін қажетті іс-қимылды жасау тапсырылған кезде Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес әлеуетті сыртқы басқарушылардың ұсыныстарына салыстырмалы талдауды жүзеге асыру үшін бағалау өлшемшарттарына (бұдан әрі – Бағалау өлшемшарттары) сәйкес әлеуетті сыртқы басқарушылардың ұсыныстарына салыстырмалы талдау жүзеге асырады.

      Әлеуетті сыртқы басқарушылардың ұсыныстарына салыстырмалы талдау жүзеге асырылған кезде жұмыс істеп тұрған Ұлттық Банктің алтын валюта активтері мен Ұлттық Банктің сенімгерлік басқаруындағы активтерді сыртқы басқарушылар бойынша Ұлттық Банктің меншікті деректерін пайдалануға рұқсат етіледі.

      Әлеуетті сыртқы басқарушы ұсынған ақпаратты нақтылау мақсатында уәкілетті бөлімшенің осындай әлеуетті сыртқы басқарушыға қосымша сұратуды жіберуіне рұқсат етіледі. Әлеуетті сыртқы басқарушы қосымша сұратылатын ақпаратты ұсынбаған жағдайда, Бағалау өлшемшарттарында тиісті өлшемшарт бойынша балл есепке алынбайды.

      12. Жаһандық мандаттар бойынша сыртқы басқарушыларды таңдау үшін оларға зейнетақы активтерін басқару үшін қажетті іс-қимылды жасау тапсырылған кезде міндетті талаптар:

      1) Қордың активтерін инвестициялау болжанатын қаржы құралдарымен жұмыс тәжірибесі – кемінде 10 (он) жыл, оның кемінде 5 (бес) жылы жарияланған мандат бойынша жұмыс тәжірибесі, немесе егер әлеуетті сыртқы басқарушының басқаруында осыған ұқсас өңірлік мандаттар ғана болса – жаһандық мандаттың кемінде 75 (жетпіс бес) қамту пайызын құрайтын өңірлік мандаттар бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесі.

      Әлеуетті сыртқы басқарушының жұмыс тәжірибесін онымен компаниялар тобына кіретін және заңды тұлғалардың жұмыс тәжірибесін ескере отырып есептеуге рұқсат етіледі;

      2) әлеуетті сыртқы басқарушының басқаруындағы клиенттер активтерінің (оның ішінде консультациялық қызмет көрсетудегі активтердің) жиынтық мөлшері – кемінде 25 (жиырма бес) миллиард Америка Құрама Штаттарының (бұдан әрі – АҚШ) доллары баламасы;

      3) әлеуетті сыртқы басқарушының басқаруындағы қарастырылып отырған мандат бойынша клиенттер активтерінің жиынтық мөлшері – кемінде 1 (бір) миллиард АҚШ доллары баламасын, не егер әлеуетті сыртқы басқарушының басқаруында осыған ұқсас өңірлік мандаттар ғана болса – жаһандық мандаттың кемінде 75 (жетпіс бес) қамту пайызын құрайтын өңірлік мандаттар бойынша кемінде 1 (бір) миллиард АҚШ доллары баламасы болады.

      13. Арнайы мандаттар бойынша сыртқы басқарушыларды таңдау үшін зейнетақы активтерін басқару үшін қажетті іс-қимылды жасау тапсырылған кезде оларға қойылатын міндетті талаптар:

      1) әлеуетті сыртқы басқарушының Қордың активтерін инвестициялау болжанатын қаржы құралдарымен жұмыс тәжірибесі – кемінде 5 (бес) жыл, оның кемінде 3 (үш) жылы жарияланған мандат бойынша жұмыс тәжірибесі, не егер әлеуетті сыртқы басқарушының басқаруында осыған ұқсас өңірлік мандаттар ғана болса – жаһандық мандаттың кемінде 75 (жетпіс бес) қамту пайызын құрайтын өңірлік мандаттар бойынша кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесі міндетті өлшемшарттар болады.

      Әлеуетті сыртқы басқарушының жұмыс тәжірибесін әлеуетті сыртқы басқарушымен компаниялар тобына кіретін заңды тұлғалардың жұмыс тәжірибесін ескере отырып есептеуге рұқсат етіледі;

      2) әлеуетті сыртқы басқарушының басқаруындағы клиенттер активтерінің (оның ішінде консультациялық қызмет көрсетудегі активтердің) жиынтық мөлшері – кемінде 1 (бір) миллиард АҚШ доллары баламасы;

      3) әлеуетті сыртқы басқарушының басқаруындағы қарастырылып отырған мандат бойынша клиент активтерінің жиынтық мөлшері – кемінде 150 (бір жүз елу) миллион АҚШ доллары баламасы болады.

      Бұл ретте бір сыртқы басқарушыға берілетін активтердің көлемі осындай сыртқы басқарушының басқаруындағы қарастырылып отырған мандат бойынша инвестициялық басқарудағы активтер көлемінің 50 (елу) пайызынан аспайды.

      14. Уәкілетті бөлімшенің әлеуетті сыртқы басқарушының клиенттеріне клиенттердің активтерін басқарудың нәтижелері мен сапасы туралы сұратумен өтініш беруіне рұқсат етіледі.

      15. Әлеуетті сыртқы басқарушылар ұсыныстарының салыстырмалы талдауы және оларды таңдау жөніндегі ұсынымдар қамтылатын ұзақ тізім бойынша уәкілетті бөлімше дайындаған қорытынды Ұлттық Банк Төрағасына қарау үшін ұсынылады, ол қарау нәтижелері бойынша уәкілетті бөлімшенің қорытындысына бұрыштама қою арқылы әлеуетті сыртқы басқарушылардың барынша тиімді ұсыныстары бар әлеуетті сыртқы басқарушылардың қысқа тізімін (бұдан әрі – қысқа тізім) мақұлдайды.

      Уәкілетті бөлімше сыртқы басқарушылар ұсыныстарының талаптарын жақсарту мақсатында қысқа тізімдегі әлеуетті сыртқы басқарушылармен келіссөздер жүргізеді.

      16. Уәкілетті бөлімше Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес инвестициялық және операциялық дью-дилидженс шеңберінде қысқа тізімдегі Әлеуетті сыртқы басқарушылардың ұсыныстарын салыстырмалы талдауды жүзеге асыру үшін бағалау өлшемшарттарына сәйкес қысқа тізімдегі әлеуетті сыртқы басқарушылардың ұсыныстарына қосымша бағалау жүргізеді.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.12.2020 № 144 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      17. Инвестициялық шешімдер тәртібі және тәуекелдерді бақылау туралы қосымша ақпарат алу үшін инвестициялық және операциялық дью-дилидженс рәсімдерін өткізген кезде уәкілетті бөлімшенің әлеуетті сыртқы басқарушылармен кездесулер өткізулеріне және олардың кеңселеріне баруларына рұқсат етіледі.

      18. Егер бұрын Ұлттық Банкпен шарттық қатынастарда болмаған әлеуетті сыртқы басқарушы сыртқы басқарушы ретінде таңдау үшін ұсынылған жағдайда, оның кеңсесіне бару міндетті болып табылады.

      19. Сыртқы басқарушыларды таңдау туралы шешімді Ұлттық Банктің Басқармасы қабылдайды.

      Инвестициялық басқару туралы келісімнен туындайтын құқықтар мен міндеттер осы сыртқы басқарушының қайта құрылуына байланысты сыртқы басқарушының заңды мұрагеріне берілген жағдайларда, сондай-ақ сыртқы басқарушы инвестициялық басқару туралы келісімнен туындайтын өз құқықтары мен міндеттерін басқа заңды тұлғаға (компанияға) берген жағдайларда, мұндай тұлғаларды сыртқы басқарушы ретінде таңдау Қағидалардың 9, 10 және 11-тармақтарында көзделген рәсімдерді жүргізбей жүзеге асырылады.

      20. Егер 3 (үш) жылдан кем емес кезеңде үстеме кірістілігінің оң деңгейі бар осындай мандат бойынша Ұлттық Банктің алтынвалюта активтерінің бір бөлігін және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқаруды жүзеге асыратын сыртқы басқарушы Қағидалардың 12 және (немесе) 13-тармақтарында белгіленген оған зейнетақы активтерін басқару үшін қажетті іс-қимылды жасау тапсырылған кезде оған қойылатын талаптарға сәйкес келсе, онда Ұлттық Банк Төрағасының шешімі бойынша оның кандидатурасы Қағидалардың 9, 10 және 11-тармақтарында көзделген рәсімдерді өткізбестен, сыртқы басқарушы ретінде Ұлттық Банк Басқармасының қарауына шығарылады.

      21. Бір мандат шеңберінде (алайда басқарудың бір түрі емес) сыртқы басқарудағы активтердің шоғырлану тәуекелдерін азайту үшін жұмыс істейтін сыртқы басқарушылар саны кемінде 2 (екі) сыртқы басқарушы болады.

      22. Сыртқы басқарушыларды таңдау, жұмыс істейтін сыртқы басқарушыларды ауыстыру және сыртқы басқарушылар арасында бәсекелестікті арттыру процесін жылдамдату мақсатында уәкілетті бөлімше одан әрі Ұлттық Банк Басқармасының бекітуі үшін қысқа тізімдегі әлеуетті сыртқы басқарушылар қатарынан әлеуетті сыртқы басқарушылардың резервтік тізімін (бұдан әрі – резервтік тізім) қалыптастыруға рұқсат етеді.

      Уәкілетті бөлімше резервтік тізімде тұрған сыртқы басқарушылардың қызметіне мониторинг жүргізеді және жыл сайын инвестициялық және операциялық дью-дилидженс шеңберіндегі ақпаратты жаңартады.

      Бекітілген резервтік тізімдегі сыртқы басқарушыға Қордың зейнетақы активтерін беру Қағидалардың 9, 10 және 11-тармақтарында көзделген рәсімдерді жүргізбей Ұлттық Банк Басқармасы сыртқы басқарушы ретінде оны таңдау туралы шешімді қабылдағаннан кейін жүзеге асырылады.

      23. Уәкілетті бөлімше инвестициялық басқару туралы келісімді жасауға байланысты шараларды және оның талаптарының орындалуына одан әрі мониторингті жүзеге асырады.

      24. Инвестициялық басқару туралы келісімде мына талаптар қамтылады:

      1) Ұлттық Банктің мына:

      сыртқы басқарушы эталондық портфельмен салыстырғанда портфельді басқару бойынша үстеме кірістілікке қол жеткізбеген жағдайда;

      сыртқы басқарушы Қордың инвестициялық декларациясында белгіленген шектеулерді бұзған жағдайда;

      Қордың инвестициялық декларациясына өзгерістер енгізген жағдайда;

      сыртқы басқарушыға жазбаша хабарламаны ұсына отырып және инвестициялық келісімді бұзу күнін көрсете отырып, Ұлттық Банк Басқармасының қаулысы болған жағдайда, инвестициялық басқару туралы келісімді мерзімінен бұрын бұзу құқығының болуы туралы;

      2) Ұлттық Банктің өзінің қалауы бойынша сыртқы басқарудағы Қордың зейнетақы активтерін кез келген уақытта толықтыру (кері қайтарып алу) құқығының болуы туралы;

      3) сыртқы басқарушының сыртқы басқаруға берілген Қордың зейнетақы активтерін басқаруға жауапты өз қызметкерлерінің орнын ауыстыруы туралы ақпаратты беруі туралы;

      4) шот бойынша операцияларды тексеру, сондай-ақ сыртқы басқарушы, инвестициялық шешімдер қабылдау тәртібі және тәуекелдер мониторингі рәсімдері туралы қосымша ақпарат алу мақсатында Ұлттық Банк қызметкерлерінің және тәуелсіз аудиторлардың сыртқы басқарушыға баруы туралы;

      5) сыртқы басқаруға берілген Қордың зейнетақы активтерімен мәмілелер бойынша сыртқы басқарушымен үлестес тұлғаларды брокерлер немесе контрәріптестер ретінде тартуға тыйым салу туралы;

      6) инвестициялық басқару туралы келісімде белгіленген кірістілік ауытқуының күтілетін өзгермелілігінің (ex-ante tracking error) лимитін бұзғаны үшін сыртқы басқарушының жауапкершілігі туралы;

      7) ұқыпсыздық, міндеттемелерді қасақана орындамау немесе сыртқы басқарушы тарапынан алаяқтық салдарынан Қорға келтірілген ықтимал зияндар үшін сыртқы басқарушының жауапкершілігі туралы;

      8) Қордың зейнетақы активтерін басқаруды және мониторингін жүзеге асыратын Ұлттық Банктің қызметкерлеріне консультациялар беру, оқыту немесе тағылымдамадан өткізу міндеті туралы;

      9) сыртқы басқарушының тұрақты негізде Ұлттық Банкке инвестициялық басқару туралы келісімге сәйкес мынадай есептіліктерді ұсыну міндеттері туралы:

      алдыңғы жұмыс күні жасалған операциялар бойынша күн сайынғы негіздегі есептілік;

      портфельді бағалау (активтерді түрлі сыныптар және валюта түрлері бойынша бөлу, портфельдің есепті айдың соңындағы құрамы, активтердің есепті айдың соңындағы нарықтық құны);

      портфельдегі қозғалыс (есепті тоқсанда жасалған, түрлі сыныптар және валюталар, өтеу мерзімі, дивидендтерді төлеу және жинақталған пайыздар бойынша сұрыпталған барлық мәмілелердің тізбесі);

      портфельді басқару нәтижелерін талдау (қол жеткізген кірістілік бөлігінде портфельді басқару бойынша ай сайынғы, тоқсандық және жалпы нәтижелер, эталондық портфельмен салыстырғанда портфель тәуекелінің және кірістіліктің ауытқу өзгермелілігі (tracking error) деңгейінің көрсеткіштері);

      тиісті нарықтардың жай-күйі және олардың портфельге және (немесе) макроэкономикалық шолуға ықпалы туралы есеп;

      стратегияға шолу және портфель құрылымындағы неғұрлым маңызды өзгерістерді түсіндіру;

      инвестициялаудың ағымдағы стратегиясы;

      активтерді активті басқару үшін түрлі факторлардың портфель кірістілігіне қосқан үлесі;

      10) сыртқы басқарушының сыртқы басқаруға берілген портфельдің құрамын инвестициялық басқару туралы келісімге сәйкес кастодиан банктің (кастодиан банктердің) деректерімен әрбір айдың соңында немесе транзиттік кезең аяқталған күні салыстырып тексеруді жүзеге асыруы туралы;

      11) сыртқы басқарушының сыртқы басқарушы мен брокердің арасындағы мәмілелерді келіскеннен кейін және растау рәсімдері аяқталғаннан кейін жүргізілген операциялар туралы ақпаратты шоғырландырылған есепке жауапты кастодиан банкке барынша қысқа мерзімде беруі туралы;

      12) сыртқы басқарушының сыртқы басқарушы брокерлерін, сондай-ақ агенттерін және контрәріптестерін бекіту рәсімдері туралы ақпаратты, құжаттарды ұсынуы туралы;

      13) сыртқы басқарушының асыра пайдалану мен мүдделер қақтығысы тәуекелін төмендететін, оның ішінде клиенттердің портфельдері арасында мәмілелерді тең құқылы бөлуді қамтамасыз ететін сыртқы басқарушының ішкі саясаттары мен тәуекелдерді басқару рәсімдерінің болуы туралы ақпаратты ұсынуы туралы;

      14) сыртқы басқарушының Қордың зейнетақы активтерін басқару нәтижелерін ұсыну үшін уәкілетті бөлімшемен жылына бір рет кезеңділікпен кездесулер өткізуі туралы, инвестициялық шектеулерді сақтау, нарықтық жағдайды бағалау және оның портфельге және Қордың зейнетақы активтерімен инвестициялық операцияларды жүзеге асыруға ықтимал әсері туралы;

      15) сыртқы басқарушының қадағалау органдары қолданған шаралары және сот талқылауларына қатысуы бойынша ақпарат беруі туралы;

      16) сыртқы басқарушының Ұлттық Банкке кастодиан банкпен (банктермен) салыстырып тексерілген инвестициялық басқару туралы келісімді бұзу күніне портфель бойынша толық есептілікті ұсынуы туралы;

      17) қазақ, орыс және тараптардың келісімі бойынша айқындалған тілде инвестициялық басқару туралы келісімге қол қоюы туралы;

      18) тараптардың келісімі бойынша инвестициялық басқару туралы келісімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу мүмкіндігі туралы талаптарды қамтиды.

      25. Ұлттық Банк инвестициялық басқару туралы келісімге сәйкес Қордың зейнетақы активтерін Ұлттық Банктің кастодиан банктегі (банктердегі) сыртқы басқаруға арналған шоттарына ақшаны және (немесе) бағалы қағаздарды аудару арқылы сыртқы басқаруға беруді жүзеге асырады.

      26. Қордың зейнетақы активтерін сыртқы басқаруға берген кезде Ұлттық Банк белгілеген нысаналы өлшемдерге сәйкес портфельді қалыптастыру үшін транзиттік кезең есепке алынады. Транзиттік кезеңнің ұзақтығы 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайды.

      27. Сыртқы басқаруға берілетін Қордың зейнетақы активтері Ұлттық Банктің кастодиан банктегі (банктердегі) шоттарында және клирингтік брокердің маржалық шотында сақталады.

      28. Қордың зейнетақы активтерін сыртқы басқаруға берген күннен бастап уәкілетті бөлімше инвестициялық басқару туралы келісімде белгіленген шектеулердің сақталуын тексеру, сыртқы басқарушы жасайтын мәмілелердің мониторингін жүзеге асыру, сыртқы басқарудағы тәуекел және портфель кірістілігінің көрсеткіштерін бағалау арқылы сыртқы басқарушы қызметіне күн сайынғы мониторинг жүргізеді.

      29. Уәкілетті бөлімше жылына бір реттен жиі емес инвестициялық басқару туралы келісімге сәйкес сыртқы басқарушымен кездесу өткізеді немесе бейне не телеконференция ұйымдастырады, онда сыртқы басқарушы басқару нәтижелері туралы, инвестициялық шектеулерді сақтау туралы есеп береді, нарықтық жағдайға және оның портфельге және Қордың зейнетақы активтерімен инвестициялық операцияларды жүзеге асыруға ықтимал әсерін бағалайды.

      30. Жұмыс істеп тұрған сыртқы басқарушылар жұмысының тиімділігін бағалау Қағидаларға 4-қосымшада келтірілген сыртқы басқарушы жұмысының тиімділігін бағалау әдістемесі негізінде жүзеге асырылады. Ұлттық Банктің басшылығы алынатын комиссиялық сыйақыны ескере отырып, сыртқы басқарушының жалпы алғанда және активтер сыныптары бойынша соңғы 3 (үш), 5 (бес) және одан астам жылдардағы басқару күнінен бастап жұмысының тиімділігіне жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша Қордың зейнетақы активтерін толықтыру (алу) немесе осы сыртқы басқарушымен жұмысты жалғастыру (тоқтату), не осы мәселені Ұлттық Банк Басқармасының қарауына шығару туралы тиісті шешім қабылдайды.

      31. Ұлттық Банк басшылығының шешімі бойынша Қордың зейнетақы активтерін алу немесе сыртқы басқарушымен Қордың зейнетақы активтерін сыртқы басқарушыға беру туралы келісімді мерзімінен бұрын бұзу Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген рәсімдерсіз жүргізіледі.

      32. Сыртқы басқарушылардың басқару нәтижелері туралы есеп уәкілетті бөлімшемен Ұлттық Банк Басқармасының қарауына жылына бір реттен жиі емес шығарылады.

3-тарау. Қордың зейнетақы активтерін сыртқы транзиттік басқарушыны таңдау тәртібі, оның ішінде оған Қордың зейнетақы активтерін басқару үшін қажетті іс-әрекет жасауға тапсырма берілген кезде қойылатын талаптарды қоса

      33. Сыртқы транзиттік басқарушыны таңдау үшін уәкілетті бөлімше әлеуетті сыртқы транзиттік басқарушыларға қамту нарықтары, транзиттік басқару стратегиялары және құралдар мен нарықтар сыныптары бөлігінде қызметтер құны бойынша ақпарат ұсынуы туралы сұратуларды жібереді және келіп түскен ұсыныстарға талдау жасайды.

      34. Сыртқы басқарушыларды таңдау үшін, транзиттік басқарылуы тиіс қаржы құралдары портфельдерін транзиттік басқару кемінде 5 (бес) жылы жұмыс тәжірибесі оған зейнетақы активтерін басқару үшін қажетті іс-әрекет жасауға тапсырма берілген кезде қойылатын талап болып табылады.

      Сыртқы транзиттік басқарушыны таңдау туралы шешімді Ұлттық Банктің Төрағасы қабылдайды.

      35. Уәкілетті бөлімше инвестициялық басқару туралы келісім жасаумен байланысты іс-шараларды және оның талаптарының орындалуына одан әрі мониторингін жүзеге асырады.

      36. Инвестициялық басқару туралы келісімде мына талаптар қамтылады:

      1) Ұлттық Банктің мына:

      сыртқы транзиттік басқарушы инвестициялық басқару туралы келісімнің талаптарын бұзған жағдайда;

      Ұлттық Банк Төрағасының шешімі болған жағдайда инвестициялық басқару туралы келісімді мерзімінен бұрын бұзу құқығының болуы туралы;

      2) егер мұндай іс-қимылдар Қордың зейнетақы активтерінің кез келген аяқталмаған сыртқы транзиттік басқаруын қозғамаса Ұлттық Банктің өз қалауы бойынша кез келген уақытта сыртқы транзиттік басқарудағы Қордың зейнетақы активтерін толықтыру (кері қайтарып алу) құқығының болуы туралы;

      3) сыртқы транзиттік басқарушының сыртқы транзиттік басқаруға берілген Қордың зейнетақы активтерін басқаруға жауапты қызметкерлерінің қозғалысы туралы ақпаратты беруі туралы;

      4) Ұлттық Банк қызметкерлерінің және тәуелсіз аудиторлардың шот бойынша операцияларды тексеру, сондай-ақ сыртқы транзиттік басқарушы, инвестициялық шешімдер қабылдау тәртібі және тәуекелдерге мониторинг жүргізу рәсімдері туралы қосымша ақпарат алу мақсаттары үшін сыртқы транзиттік басқарушыға баруы туралы;

      5) ұқыпсыздық, міндеттемелерді қасақана орындамау немесе сыртқы транзиттік басқарушы тарапынан алаяқтық салдарынан келтірілген ықтимал шығыстар үшін сыртқы транзиттік басқарушының жауапкершілігі туралы;

      6) сыртқы транзиттік басқарушының сыртқы транзиттік басқарушы мен брокердің арасындағы мәмілелерді келіскеннен кейін және растау рәсімдері аяқталғаннан кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізілген операциялар туралы ақпаратты шоғырландырылған есепке жауапты банк-кастодианға беруі туралы;

      7) сыртқы транзиттік басқарушының сыртқы транзиттік басқарушы брокерлерін, сондай-ақ агенттерін және контрәріптестерін бекіту рәсімдері туралы ақпаратты, құжаттарды ұсынуы туралы;

      8) сыртқы транзиттік басқарушының асыра пайдалану және мүдделер қақтығысы тәуекелін төмендететін, оның ішінде клиенттердің портфельдері арасында мәмілелерді тең құқылы бөлуді қамтамасыз ететін сыртқы транзиттік басқарушының ішкі саясаттары мен тәуекелдерді басқару рәсімдерінің болуы туралы ақпаратты ұсынуы туралы;

      9) сыртқы транзиттік басқарушының Ұлттық Банкке транзиттік кезең аяқталған соң 10 (он) жұмыс күні ішінде сыртқы транзиттік басқарушының инвестициялық басқару туралы келісімге сәйкес мынадай есептілік ұсыну міндеті туралы:

      транзиттік кезең бойына сыртқы транзиттік басқарушы және оның үлестес брокерлері (дилерлері) және фьючерлік мәмілелер бойынша брокерлері жасаған бағалы қағаздармен барлық мәмілелер бойынша есептілік;

      мәмілені орындау құнындағы айырманы, брокерлердің комиссиялық сыйақысын, нарықтың ықпалын, форекстік операциялар бойынша валюталарды сатып алу және сату бағамдарының айырмасын, транзиттік кезең аяқталған күнгі салықтарды және жіберіп алған пайданы қоса алғанда, Қордың зейнетақы активтерін кез келген сыртқы транзиттік басқаруды орындау нәтижелері туралы есеп;

      тиісті нарықтардың жай-күйі және олардың портфельге ықпалы туралы есеп;

      стратегияға шолу және портфель құрылымындағы ең маңызды өзгерістерді түсіндіру;

      10) сыртқы транзиттік басқарушының қадағалау органдары қабылдаған шаралары бойынша ақпаратты ұсынуы және сот талқылауларына қатысуы туралы;

      11) транзиттік кезең аяқталған сәтте сыртқы транзиттік басқарушының инвестициялық басқару туралы келісімге сәйкес кастодиан банкпен (кастодиан банктермен) салыстырып тексерілген транзиттік кезең аяқталған күнгі портфель бойынша толық есептілікті ұсынуы туралы;

      12) қазақ, орыс тілдерінде және тараптардың келісімі бойынша айқындалған тілде инвестициялық басқару жайлы келісімге қол қою туралы;

      13) тараптардың келісімі бойынша инвестициялық басқару туралы келісімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу мүмкіндігі туралы.

      37. Ұлттық Банк инвестициялық басқару туралы келісімге сәйкес Қордың зейнетақы активтерін Ұлттық Банктің кастодиан банктегі (кастодиан банктердегі) сыртқы транзиттік басқаруға арналған шоттарына ақшаны және (немесе) бағалы қағаздарды аудару арқылы сыртқы транзиттік басқаруға беруді жүзеге асырады.

      Қордың зейнетақы активтерін сыртқы транзиттік басқарушыға беру 12 (он екі) айдан аспайтын мерзімге жүзеге асырылады.

      38. Қордың зейнетақы активтерін сыртқы транзиттік басқаруға берген кезде Ұлттық Банк белгілеген нысаналы өлшемдеріне сәйкес портфельді қалыптастыру үшін транзиттік кезең есепке алынады. Транзиттік кезеңнің ұзақтығы 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайды.

      39. Сыртқы транзиттік басқаруға берілетін Қордың зейнетақы активтері Ұлттық Банктің кастодиан банктегі (кастодиан банктердегі) шоттарында және клирингтік брокердің маржалық шотында сақталады. Қордың зейнетақы активтерін Ұлттық Банк пен сыртқы транзиттік басқарушының арасында маржалық шот бойынша операцияларды өткізу талаптары туралы келісім немесе инвестициялық басқару туралы келісімде осындай шот бойынша операцияларды жүргізу талаптары болған кезде үшінші тұлғада ашылған сыртқы транзиттік басқарушының маржалық шотында орналастыруға рұқсат беріледі.

      40. Қордың зейнетақы активтерін сыртқы транзиттік басқаруға берген күннен бастап уәкілетті бөлімше сыртқы транзиттік басқарушының қызметіне күн сайын мониторинг жүргізеді: Инвестициялық басқару туралы келісімде белгіленген шектеулердің сақталуын тексеру, сыртқы транзиттік басқарушы жасайтын мәмілелерге мониторингті жүзеге асыру арқылы.

  Бірыңғай жинақтаушы
зейнетақы қорының зейнетақы
активтерін басқаратын шетелдік
ұйымдарға қойылатын
талаптарды қоса алғанда,
бірыңғай жинақтаушы
зейнетақы қорының зейнетақы
активтерін басқару үшін қажетті
іс-қимылдар жасау өздеріне
тапсырылған кезде, оларды
таңдау қағидаларына
1-қосымша

Әлеуетті сыртқы басқарушыдан сұралатын ең аз ақпарат

      1. Қаралатын мандат түрі бойынша әлеуетті сыртқы басқарушының жұмыс тәжірибесі.

      2. Соңғы 5 (бес) жылдағы әлеуетті сыртқы басқарушының басқаруындағы (басқаруында болған) клиенттер активтерінің көлемі, оның ішінде:

      1) басқарудағы (басқаруында болған) жалпы активтердің көлемі;

      2) қаралатын мандат түрі бойынша активтердің көлемі;

      3) институционалдық клиенттер активтерінің көлемі (орталық банктердің активтерін қоса алғанда);

      4) сегменттелген шоттар бойынша активтер көлемі.

      3. Портфельдік менеджерлер мен сыртқы басқаруға берілген активтерге жауапты болатын клиенттермен байланыс жөніндегі менеджерлер туралы ақпарат.

      4. Соңғы 10 (он) жылда әлеуетті сыртқы басқарушының инвестициялық блогының қызметкерлері (портфельдік менеджерлер, талдаушылар және трейдерлер) арасында персоналдың қозғалысы туралы ақпарат.

      5. Инвестициялық процестің, портфельді басқару әдістерінің, нарықты зерттеудің, пайдаланылатын ақпарат көздерінің және қаржы құралдарын бағалау моделінің егжей-тегжейлі сипаттамасы.

      6. Белсенді нарықтық тәуекелді модельдеу, мониторингтеу және басқару қалай жүзеге асырылады (егер қарастырылып отырған мандат түрі белсенді басқаруға жататын жағдайда).

      7. Тәуекелді мониторингтеу және басқару бойынша арнайы бағдарламалық қамтамасыз етудің болуы.

      8. Эталондық портфель типі бойынша ұқсас немесе соған жақын соңғы 5 (бес) жылдағы ұқсас мандат бойынша портфельді басқарудың тарихи нәтижелері.

      9. Қаржылық және талдамалық есептілікте қолданылатын кірістілікті, тәуекелді есептеу үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамтамасыз етудің сипаттамасы.

      10. Ішкі корпоративтік басқарудың қысқаша сипаттамасы.

      11. Инвестициялық басқару туралы келісімнің талаптары бұзылған жағдайда сыртқы басқарушының Ұлттық Банк алдындағы жауапкершілігі.

      12. Клиентті сыртқы басқарушының қателерінен қорғау үшін пайдаланылатын сақтандыру түрлері туралы ақпарат.

      13. Оқытуды ұйымдастыру талаптары.

      14. Сыртқы басқару үшін комиссиялық сыйақының болжамды деңгейі туралы ақпарат.

      15. Соңғы қаржы жылындағы ықтимал сыртқы басқарушының аудиттелген қаржылық есебі.

      16. Сыртқы басқарушының ішкі саясаты мен асыра пайдалану тәуекелін және мүдделер қақтығысын төмендету мәселелерін регламенттейтін рәсімдері, оның ішінде клиенттердің портфельдері арасында мәмілелерді тең құқылы және әділ бөлуді қамтамасыз ету, тізімдерді тексеру рәсімдері және сыртқы басқарушының брокерлеріні, агенттерін және контрәріптестерін бекіту рәсімдері.

  Бірыңғай жинақтаушы
зейнетақы қорының зейнетақы
активтерін басқаратын шетелдік
ұйымдарға қойылатын
талаптарды қоса алғанда,
бірыңғай жинақтаушы
зейнетақы қорының зейнетақы
активтерін басқару үшін қажетті
іс-қимылдар жасау өздеріне
тапсырылған кезде, оларды
таңдау қағидаларына
2-қосымша

Әлеуетті сыртқы басқарушылардың ұсыныстарын салыстырмалы талдауды жүзеге асыру үшін бағалау өлшемшарттары

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.12.2020 № 144 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Бағалау өлшемшарттары

Өлшемшарттарға берілетін балл (көрсеткіштің мәні пайызбен анықталды)

Жаһандық мандат

Арнайы мандат

Өңірлік мандат

1.

Портфельді басқарудың тарихи нәтижелері (өңірлік мандатпен маманданған және жаһандық мандат бойынша басқарушыны таңдауға қатысатын әлеуетті сыртқы басқарушылардың ұсыныстарын салыстырмалы талдауды жүзеге асыру кезінде көрсеткіштер тиісті мандатпен қамтуға байланысты нормаланады)

35 балл

35 балл

35 балл

соңғы 3 (үш) – 5 (бес) жылдағы жылдық геометриялық үстеме кірістілік (егер кезеңдегі үстеме кірістілік көрсеткіші 5 (бес) жылдан аз оң болған жағдайда, көрсеткіш 5 (бес) жылдағы кезеңге қатысты нормаланады)

40 пайыз

40 пайыз

40 пайыз

ақпараттық коэффициенттің соңғы 3 (үш) – 5 (бес) жылдағы орташа арифметикалық көрсеткіші (егер кезеңдегі ақпараттық коэффициенттің көрсеткіші 5 (бес) жылдан кем оң болған жағдайда, көрсеткіш 5 (бес) жылдағы кезеңге қатысты нормаланады)

60 пайыз

60 пайыз

60 пайыз

2.

Ұйым және Активтер

15 балл

15 балл

15 балл

қызметкерлердің ұйым капиталының құрылымына қатысуы (employee owned)

25 пайыз

25 пайыз

25 пайыз

басқарудағы активтердің орташа жылдық өзгеруі (пайызбен) (соңғы 3 (үш) – 5 (бес) жыл аралығындағы немесе басқарудың басынан бастап әкетілулер мен әкелінулер)

25 пайыз

25 пайыз

25 пайыз

басқарудағы жалпы активтерге қатысты осы қаралатын мандат бойынша активтер көлемінің пайызы (өңірлік мандатпен маманданған және жаһандық мандат бойынша басқарушыны таңдауға қатысатын әлеуетті сыртқы басқарушылардың ұсыныстарын салыстырмалы талдауды жүзеге асыру кезінде өңірлік мандаттар бойынша активтердің көлемі пайдаланылады. Бұл мән тиісті мандаттың қамтылуына байланысты нормаланады)

25 пайыз

25 пайыз

25 пайыз

басқарудағы жалпы активтерге институционалдық инвесторлардың активтері көлемінің үлесі

25 пайыз

25 пайыз

25 пайыз

3.

Команда

15 балл

15 балл

15 балл

тиісті мандат бойынша активтерді басқаруға жауапты портфельдік менеджерлер мен талдаушылардың орташа жұмыс тәжірибесі

50 пайыз

50 пайыз

50 пайыз

жалпы компания бойынша инвестициялық блок қызметкерлерінің (портфельдік менеджерлер, талдаушылар, трейдерлер) арасында қызметкерлердің қозғалысы (ең аз мәні ескеріледі)

50 пайыз

50 пайыз

50 пайыз

4.

Сыртқы басқарушының іс-әрекетінен немесе әрекетсіздігінен клиенттердің мүдделерін сақтандыру түрінің болуы

5 балл

5 балл

5 балл

5.

Басқарғаны үшін комиссиялық сыйақы деңгейі

18 балл

20 балл

20 балл

базалық комиссиялық сыйақының деңгейі (ең аз мәні ескеріледі)

75 пайыз

75 пайыз

75 пайыз

сыртқы басқарушының басқаруды бастаған күнінен бастап (net new high basis since inception) өткен кезеңдердегі ұқсас көрсеткіштерден асатын оң үстеме кірістілікке қол жеткізілген жағдайда сыртқы басқару нәтижелері бойынша комиссиялық сыйақы төлеу қағидатын қабылдау

10 пайыз

10 пайыз

10 пайыз

сыртқы басқару нәтижелері бойынша комиссиялық сыйақыны есептеу басталатын үстеме кірістіліктің ең төменгі шегі бойынша базалық комиссиялық сыйақыдан төмен емес талапты қабылдау

10 пайыз

10 пайыз

10 пайыз

бірнеше жыл ішінде сыртқы басқару нәтижелері бойынша комиссиялық сыйақыны бөліп төлеу талаптарын белгілеуді қабылдау

5 пайыз

5 пайыз

5 пайыз

6.

Ұлттық Банкінің қызметкерлерін оқыту

5 балл

10 балл

10 балл

ұзақтығы 1 (бір) – 2 (екі) апта қысқа мерзімді оқыту

50 пайыз

50 пайыз

50 пайыз

ұзақтығы 1 (бір) айдан бастап тағылымдамадан және (немесе) секондменттен өту мүмкіндігін ұсыну

50 пайыз

50 пайыз

50 пайыз

7.

Тиісті қаржылық қызметті жүзеге асыру мақсатында "Астана" халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында заңды тұлға құру немесе "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу туралы міндеттеме-хатты ұсыну не "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушысы ретінде әлеуетті сыртқы басқарушының қаржылық қызметті жүзеге асыруы туралы растау-хатты ұсыну

7 балл

0 балл

0 балл

      Ескертпе:

      1. Әлеуетті сыртқы басқарушының ұсынысын бағалау олардың маңыздылығына сәйкес барлық бағалау өлшемшарттары бойынша балдардың сомасы болып табылады.

      2. Балдарды есептеу үшін әрбір көрсеткіш барлық әлеуетті сыртқы басқарушылар бойынша қарастырылатын өлшемшарттардағы ең жақсы көрсеткішке қатысты нормалануға тиіс.

      Бұл ретте әлеуетті сыртқы басқарушының нормаланған көрсеткіші – бұл сыртқы басқарушы көрсеткішінің қаралатын өлшемшарт бойынша көрсеткіштің ең жоғары мәніне қатынасы.

      3. Егер сыртқы басқарушы басқа мандат шеңберінде жарияланған мандат бойынша активтерді басқарса, онда басқа мандат шеңберінде осы активтерді басқарудың тарихи нәтижелерін бағалау жүзеге асырылады.

      4. Ұлттық Банкінің қызметкерлерін оқытуды бағалау кезінде көрсеткіштердің мынадай жүйесі пайдаланылады:

Көрсеткіш (қызметкерлерді оқыту талаптары)

Көрсеткішке берілетін балл

Сыртқы басқарушы ұшу, тұру, тамақтану ақысын төлейді

1

Сыртқы басқарушы тұру, тамақтану ақысын төлейді

0,5

Сыртқы басқарушы тамақтану ақысын төлейді

0,2

  Бірыңғай жинақтаушы
зейнетақы қорының зейнетақы
активтерін басқаратын шетелдік
ұйымдарға қойылатын
талаптарды қоса алғанда,
бірыңғай жинақтаушы
зейнетақы қорының зейнетақы
активтерін басқару үшін қажетті
іс-қимылдар жасау өздеріне
тапсырылған кезде, оларды
таңдау қағидаларына
3-қосымша

Инвестициялық және операциялық дью-дилидженс шеңберінде қысқа тізімдегі әлеуетті сыртқы басқарушылардың ұсыныстарына салыстырмалы талдауды жүзеге асыру үшін бағалау өлшемшарттары

1-кесте. Сандық талдау

Бағалау өлшемшарттары

Өлшемшарттарға берілетін балдар
(көрсеткіштің мәні пайызбен анықталады)

Активтік басқару

Жетілдірілген индекстік басқару

Пассивтік (индекстік) басқару

1.

Тәуекел есепке алынған тарихи кірістілік көрсеткіштері

40 балл

50 балл


соңғы 3 (үш) – 5 (бес) жылдағы жылдық геометриялық үстеме кірістілік (егер үстеме кірістілік көрсеткіші 5 (бес) жылдан кем кезеңде оң болған жағдайда, көрсеткіш 5 (бес) жылдағы кезеңге қатысты нормаланады)

15 пайыз

20 пайыз

30 пайыз


соңғы 3 (үш) – 5 (бес) жылдағы ақпараттық коэффициенттің орташа арифметикалық көрсеткіші (егер үстеме кірістілік көрсеткіші 5 (бес) жылдан кем кезеңде оң болған жағдайда, көрсеткіш 5 (бес) жылдағы кезеңге қатысты нормаланады)

30 пайыз

30 пайыз

50 пайыз


Шарп коэффициенті

15 пайыз

25 пайыз

20 пайыз


Сортино коэффициенті

40 пайыз

25 пайыз

-

2.

Тарихи нәтижелердің тұрақтылығын бағалау көрсеткіштері

30 балл


Кірістіліктің ауытқу өзгермелілігі (tracking error) деңгейі

20 пайыз

40 пайыз

50 пайыз


Эталоннан асу коэффициенті

30 пайыз

40 пайыз

50 пайыз


Эксцесс коэффициенті (kurtosis)

10 пайыз

-

-


Үстеме кірістілік көрсеткішінің ауқымы
(абсолютті)

20 пайыз

-

-


Эталонға қарсы портфель нәтижелерінің асып кету ұзақтығы (айлармен)

20 пайыз

20 пайыз

-

3.

Төмендеу тәуекелінің көрсеткіштері

30 балл

20 балл


Кірістіліктің ауытқу өзгермелілігі (tracking error) ең төменгі шекті мәннен де төмен

10 пайыз

10 пайыз

-


Орташа шығын

10 пайыз

15 пайыз

25 пайыз


Эталонға қарсы портфельдің қанағаттанарлықсыз нәтижелерінің ұзақтығы (айлар бойынша)

25 пайыз

15 пайыз

-


Ең көп шығын

15 пайыз

20 пайыз

25 пайыз


Портфель құнының неғұрлым төмен түсуі

30 пайыз

20 пайыз

25 пайыз


Портфель нәтижелерін қалпына келтіру ұзақтығы

10 пайыз

20 пайыз

25 пайыз

2-кесте. Сапалық талдау

Бағалау өлшемшарттары

Қанағаттанарлық (қанағаттанарлықсыз)

1.Инвестициялық процесс

1.1. Инвестициялық портфельді құру

ұсынылып отырған инвестициялық өнімнің инвестициялық стратегиясының тиісті шектеулерін және лимиттерін бағалау


талдамалық зерттеулерді пайдалану және инвестициялық идеяларды енгізу


портфельді басқару нәтижелерінің мәлімделген стильге сәйкесуін бағалау


1.2. Қаржы құралдарын сатып алу немесе сату бойынша шешімдер қабылдау барысы

шешімдер қабылдау моделі


қаржы құралдарын сату кезінде түсінікті және жүйелі тәртіптің, сондай-ақ шығындардың шектеулерін белгілеу бойынша рәсімдердің болуы (stop-loss)


2.Мониторинг жүргізу мен бақылаудың ішкі рәсімдері

2.1. Тәуекелдерді басқару барысы

портфель тәуекелдерін басқару бойынша сыртқы басқарушы жұмысының ішкі тәртібі немесе регламенті


портфель тәуекелдеріне мониторинг жүргізу және оларды басқару бойынша арнайы бағдарламалық қамтамасыз етудің болуы


2.2. Сауда мәмілелерін жүзеге асыру барысы

Контрәріптестерді және сауда алаңдарын таңдау мен бекіту рәсімдерін қоса алғанда, мәмілелерді неғұрлым жақсы орындау саясатының (Best Execution Policy) болуы


комплаенс және деректерді салыстырып тексеру рәсімдерінің болуы


бағалы қағаздармен мәмілелер бойынша есеп айырысуларды жүргізу


      Ескертпе:

      1. Қысқа тізімдегі әлеуетті сыртқы басқарушылардың ұсыныстарын бағалау олардың маңыздылығына сәйкес 1-кестеде келтірілген барлық өлшемшарттар бойынша балдардың сомасымен анықталады.

      2. Балдарды есептеу мақсатында әрбір көрсеткіш қысқа тізімдегі барлық әлеуетті сыртқы басқарушылар бойынша қарастырылып отырған өлшемшарттардағы неғұрлым жақсы көрсеткішке қатысты нормалануға тиіс. Бұл ретте нормаланған көрсеткіш – қысқа тізімдегі сыртқы басқарушы көрсеткішінің қарастырылып отырған өлшемшарттар бойынша көрсеткіштің ең жоғары мәніне қатынасы.

      3. Сапалық талдау шеңберінде инвестициялық процесті және әлеуетті сыртқы басқарушыны бақылау мен мониторингтің ішкі рәсімдерін бағалау кезінде көрсеткіштердің мынадай жүйесі пайдаланылады, олардың өлшемшарттары 2-кестеде келтірілген:

Көрсеткіш

Көрсеткішке берілетін балл

Қанағаттанарлық – әлеуетті сыртқы басқарушының процесі және (немесе) рәсімдері мәлімделген мәртебеге сәйкес келеді, түсінікті әрі жеңіл түсіндіріледі.

1

Қанағаттанарлықсыз – әлеуетті сыртқы басқарушының процесі және (немесе) рәсімдері мәлімделген мәртебеге сәйкес келмейді, тиімді, бірақ шешімдерді компания ішінде іске асыру бөлігінде проблемалар бар

0

  Бірыңғай жинақтаушы
зейнетақы қорының зейнетақы
активтерін басқаратын шетелдік
ұйымдарға қойылатын
талаптарды қоса алғанда,
бірыңғай жинақтаушы
зейнетақы қорының зейнетақы
активтерін басқару үшін қажетті
іс-қимылдар жасау өздеріне
тапсырылған кезде, оларды
таңдау қағидаларына
4-қосымша

Сыртқы басқарушы жұмысының тиімділігін бағалау әдістемесі

      1. Сыртқы басқарушы жұмысының тиімділігін бағалау осы Әдістемеде көзделген сандық және сапалық көрсеткіштерге сәйкес сыртқы басқарушыға балл белгілеу арқылы жүзеге асырылады.

      2. Сандық көрсеткіштер:

      ақпараттық коэффициент (Information ratio)

Ақпараттық коэффициент
(Information ratio)

Белгіленген балл

>1

3 балл

0,5 - 1

2 балл

0 - 0,5

1 балл

0

0 балл

(-) 0,5- 0

(-) 1 балл

(-) 1 - (-) 0,5

(-) 2 балл

<(-) 1

(-) 3 балл

      3. Сапалық көрсеткіштер:

      1) қызметкерді ауыстыру (Staff turnover)

Қызметкердің орнын ауыстыру
(Staff turnover) пайызбен

Белгіленген балл

> 30

(-) 0,5 балла

5 - 30

(-) 0,25 балл

0 - 5

0 балл

      2) операциялық тәуекел (Operational risk).

      Сыртқы басқарушы үшін инвестициялық басқару туралы келісімде белгіленген инвестициялық стратегияда көзделген шектеулерді операциялық қате салдарынан бұзудың әр фактісі үшін бағадан 0,2 (нөл бүтін оннан екі) балл алып тасталады;

      3) іскерлік этиканы сақтау (compliance with a Code of Business Ethics).

      Сыртқы басқарушының іскерлік этиканы әрбір бұзу фактісі үшін бағадан 0,5 (нөл бүтін оннан бес) балл алып тасталады.

      Клиенттің тапсырмаларын жүйелі түрде уақтылы орындамаған кезде бағадан 0,5 (нөл бүтін оннан бес) балл алып тасталады.

      4. Тиімділіктің қорытынды бағасы сандық және сапалық көрсеткіштер бойынша балдар сомасы ретінде есептеледі.