"Су айдындарына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 18-05/928 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 25 маусымдағы № 154 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 маусымда № 20904 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Су айдындарына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 18-05/928 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12267 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Су айдындарына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Су айдындарына балық жіберу жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібі";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Су айдындарына балық жіберу – өз өсімін өзі молайтатын популяцияларды жасау, балықтардың бағалы, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін сақтау және (немесе) тауарлы өнім алу мақсатында су айдындарына және (немесе) учаскелерге балық өсіру материалы мен балықтар жіберу.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Кәсіпорындар немесе жеке және (немесе) заңды тұлғалар жүргізетін су айдындарына балық жіберу жөніндегі жұмыстарды балық ресурстарының өсімін молайту жөніндегі мемлекеттік тапсырысты ұйымдастырушыға байланысты аумақтық бөлімше немесе жергілікті атқарушы орган құрған комиссия қабылдайды.

      "Комиссияны аумақтық бөлімше құрған жағдайда оның құрамына аумақтық бөлімшенің (комиссияның төрағасы), жергілікті атқарушы органның, балық аулаушылардың және балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы және ғылыми ұйымның өкілдері кіреді.

      Комиссияны жергілікті атқарушы орган құрған жағдайда оның құрамына жергілікті атқарушы органның (комиссияның төрағасы), аумақтық бөлімшенің, балық аулаушылардың және балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы және ғылыми ұйымның өкілдері кіреді.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібі";

      көрсетілген Қағидаларға 1, 2, 3 және 4-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
М. Мирзагалиев

  Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
2020 жылғы 25 маусымдағы
№ 154 бұйрығына
1-қосымша
  Су айдындарына балық жіберу,
су объектілерін балық
шаруашылық мелиорациялау
жөніндегі жұмыстарды жүргізу
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Су айдындарына балық жіберу орнын келісу актісі

      Келісілген күн __________________________________________________

      1. Су айдынының (учаскенің) атауы:________________________________

      ____________________________________________________________________

      (атауы, орналасқан ауданы және басқа да деректер)

      2. Балық ресурстарының өсімін молайтуды жүзеге асыратын кәсіпорынның,

      жеке және (немесе) заңды тұлғаның атауы: _______________________________

      ____________________________________________________________________

      3. Жоспарланған балық отырғызу материалы туралы мәліметтер ________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      4. Су айдынындағы нақты балық жіберу орны________________________

      ____________________________________________________________________

      (схемада жіберу нүктесін көрсете отырып, отырғызу орнының (учаскесінің) толық сипаттамасы)

      Актіге қол қойғандар:

_________________
Лауазымы

__________________________
Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)

_____________________________
қол, мөр орны (жеке кәсіпкерлік
субъектісі болып табылатын
адамдарды қоспағанда)

_________________
Лауазымы

__________________________
Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)

_____________________________
қол, мөр орны (жеке кәсіпкерлік
субъектісі болып табылатын
адамдарды қоспағанда)

_________________
Лауазымы

__________________________
Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)

_____________________________
қол, мөр орны (жеке кәсіпкерлік
субъектісі болып табылатын
адамдарды қоспағанда)

  Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
2020 жылғы 25 маусымдағы
№ 154 бұйрығына
2-қосымша
  Су объектілерін балық жіберу,
су обьектілерін балық
шаруашылық мелиорациялау
жөніндегі жұмыстарды жүргізу
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Су айдындарына балық жіберу актісі

      Осы акт 20 __ жылы "__"_______________ жасалынды

      Су айдындарына балық жіберу бойынша жұмыстарды жүргізетін кәсіпорынның, жеке

      және (немесе) заңды тұлғалардың, жануарлар дүниесін пайдаланушылардың,

      субъектінің атауы _________________________________

      ____________________________________________________________________

      Су айдындарына балық жіберу ____________________________________

      ____________________________________________________________________

      (мемлекеттік тапсырысты орындау, орман, балық және аңшылық шаруашылықтары

      жоспарлары бойынша міндеттемелер, зиянды өтеу және басқа да мақсаттар)

      Балық отырғызу материалының отырғызу орны (орналасқан облысы және

      ауданы көрсетілген су айдынының атауы) ________________________________

      ____________________________________________________________________

      Су айдынына жіберілетін балық отырғызу материалының жас мөлшерлік және түрлік

      құрамы __________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Су айдынына жіберілетін балық отырғызу материалының саны және

      данасының орташа салмағы ___________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Отырғызу материалының жай-күйі _________________________________

      ____________________________________________________________________

      Су айдындарына балық жіберу бойынша жұмыстарды жүргізу бойынша

      басқа да мәліметтер (жеткізу маршруты және тәсілі, балық жіберудің басталу

      және аяқталу уақыты, судың температурасы, ауаның температурасы, жеткізу

      кезіндегі балық отырғызу материалының шығыны) ________________________

      Актіге қол қойғандар:

_________________
Лауазымы

__________________________
Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)

_____________________________
қол, мөр орны (жеке кәсіпкерлік
субъектісі болып табылатын
адамдарды қоспағанда)

_________________
Лауазымы

__________________________
Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)

_____________________________
қол, мөр орны (жеке кәсіпкерлік
субъектісі болып табылатын
адамдарды қоспағанда)

_________________
Лауазымы

__________________________
Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)

_____________________________
қол, мөр орны (жеке кәсіпкерлік
субъектісі болып табылатын
адамдарды қоспағанда)

  Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
2020 жылғы 25 маусымдағы
№ 154 бұйрығына
3-қосымша
  Су айдындарына балық жіберу,
су объектілерін балық
шаруашылық мелиорациялау
жөніндегі жұмыстарды жүргізу
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Су айдындарына балық жіберудің жиынтық актісі

р/с

Балық жіберу уақыты және акт №

Балықтардың түрлері

Жас құрамы және орташа салмақ

Жалпы саны (мың дана)

Жіберу орны (су айдынының aтауы)

дернәсілдер (мың дана)

бір жазғылар (мың дана)

орташа салмақ (грамм)

екіжылдықтар (мың дана)

орташа салмақ (грамм)

1.










2.










Жиыны









      Комиссия мүшелерінің қолдары:

_________________
Лауазымы

__________________________
Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)

_____________________________
қол, мөр орны (жеке кәсіпкерлік
субъектісі болып табылатын
адамдарды қоспағанда)

_________________
Лауазымы

__________________________
Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)

_____________________________
қол, мөр орны (жеке кәсіпкерлік
субъектісі болып табылатын
адамдарды қоспағанда)

_________________
Лауазымы

__________________________
Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)

_____________________________
қол, мөр орны (жеке кәсіпкерлік
субъектісі болып табылатын
адамдарды қоспағанда)

  Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
2020 жылғы 25 маусымдағы
№ 154 бұйрығына
4-қосымша
  Су айдындарына балық жіберу,
су объектілерін балық
шаруашылық мелиорациялау
жөніндегі жұмыстарды жүргізу
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Су объектілері балық шаруашылығын мелиорациялау жөніндегі жұмыстардың аяқталуы туралы акті

      Су объектілері балық шаруашылығын мелиорациялау жөніндегі

      жұмыстарды жүргізетін ұйымның атауы _________________________________

      ____________________________________________________________________

      Су объектілері балық шаруашылығын мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды

      жүргізу орны (орналасқан облысы және ауданы көрсетілген су айдынының

      атауы ____________________________________________________

      Су объектілеріне балық шаруашылығын мелиорациялау жөніндегі келесі

      жұмыс түрлері жүргізілді:______________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Аумақтық бөлімшенің лауазымды адамының қолы:

_________________
Лауазымы

__________________________
Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)

_____________________________
қол, мөр орны (жеке кәсіпкерлік
субъектісі болып табылатын
адамдарды қоспағанда)

      Су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізетін ұйымның лауазымды адамының қолы:

_________________
Лауазымы

__________________________
Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)

_____________________________
қол, мөр орны (жеке кәсіпкерлік
субъектісі болып табылатын
адамдарды қоспағанда)

      Жергілікті атқарушы орган өкілінің қолы:

_________________
Лауазымы

__________________________
Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)

_____________________________
қол, мөр орны (жеке кәсіпкерлік
субъектісі болып табылатын
адамдарды қоспағанда)