"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы, "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссияларын тағайындау және босату қағидалары;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының төрағасына және мүшелеріне қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) "Мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссияларын тағайындау мен босату қағидаларын және Мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 190 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9945 болып тіркелген, 2014 жылғы 23 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) "Мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясын тағайындау және босату қағидаларын және Мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 190 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 қыркүйектегі № 241 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14424 болып тіркелген, 2016 жылғы 23 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Банктерді реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Халықаралық қатынастар және сыртқы коммуникациялар басқармасы осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы |
М. Абылкасымова |
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 25 мамырдағы № 57 қаулысына 1-қосымша |
Мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссияларын тағайындау және босату қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссияларын тағайындау және босату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы, "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) мәжбүрлеп таратылатын екінші деңгейдегі банктер, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары (бұдан әрі – қаржы ұйымы) тарату комиссияларының төрағасын және мүшелерін тағайындау және босату тәртібін айқындайды.
2. Мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымы тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелері:
1) мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының төрағасына немесе мүшесіне тағайындау үшін құжаттар ұсынған және осы қаулымен бекітілген Мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссиясының төрағасына және мүшелеріне қойылатын талаптарға (бұдан әрі – Талаптар) сәйкес келетін, тестілеуден оң нәтижелер алған, Қағидаларға сәйкес әңгімелесуден өткен кандидаттардың (бұдан әрі – кандидат);
2) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның Талаптарға сәйкес келетін қызметкерлерінің (мәжбүрлеп таратылатын банктің тарату комиссиясының төрағасы және мүшелері тағайындалған кезде);
3) сақтанушыларға (сақтандырылғандарға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдеріне жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның Талаптарға сәйкес келетін қызметкерлерінің (мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының төрағасы және мүшелері тағайындалған кезде);
4) уәкілетті орган қызметкерлерінің арасынан тағайындалады.
Уәкілетті органның қызметкерлері болып табылмайтын, мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымы тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелері Талаптарға мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының тарату комиссиясы қызметінің бүкіл кезеңі ішінде сәйкес келеді.
3. Мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымы тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелері уәкілетті орган қызметкерлерінің және (немесе) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның немесе сақтандыру төлемдерінің жүзеге асырылуына кепілдік беретін ұйымның (бұдан әрі – кепілдік беру жөніндегі ұйым) қызметкерлерінің арасынан кепілдік беру жөніндегі ұйымның өтінішхаты негізінде:
1) қаржы ұйымының тарату массасы болмаған не ол ағымдағы шығыстарды өтеу үшін жеткіліксіз болған;
2) бос лауазымға кандидаттар болмаған немесе кандидаттар Талаптарға сәйкес келмеген;
3) Қағидалардың 24-тармағында көзделген негіздер бойынша уәкілетті органның қызметкерін және (немесе) кепілдік беру жөніндегі ұйымның қызметкерін босатқан және (немесе) уәкілетті органның басқа қызметкеріне және (немесе) кепілдік беру жөніндегі ұйымның басқа қызметкеріне ауыстыру жолымен уәкілетті органның қызметкерін және (немесе) кепілдік беру жөніндегі ұйымның қызметкерін босату қажет болған жағдайда тағайындалады.
Кепілдік беру жөніндегі ұйымның өтінішхатына Қағидалардың 5-тармағының 6) тармақшасында көзделген құжат қоса беріледі.
4. Уәкілетті орган мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымы тарату комиссиясының төрағасы және (немесе) мүшесі лауазымының бос орнына алу туралы хабарландыруды уәкілетті орган қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы өтінішпен сотқа өтініш жасаған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында жариялайды.
Тарату комиссиясын құру қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап жүзеге асырылады.
Қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату барысында лауазымдық бос орындар болған кезде лауазымдық бос орынға алу туралы хабарландыру да уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланады.
2-тарау. Кандидат ұсынатын құжаттарды қарау
5. Қағидалардың 6-тармақтарында көзделген жағдайды қоспағанда, кандидат мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының атауын көрсете отырып және мынадай құжаттарды қоса бере отырып, уәкілетті органға өзін мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымы тарату комиссиясының төрағасы немесе мүшесі етіп тағайындау туралы өтінішін ұсынады:
1) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;
2) жоғары білімі туралы дипломның нотариат куәландырған көшірмесі;
3) еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының нотариат куәландырған көшірмесі;
4) кандидаттың бұрын тарату комиссиясының төрағасы не мүшесі болғанын куәландыратын құжаттардың көшірмелері (мұндай құжаттар болған жағдайда);
5) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;
6) Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша әрбір парағына қол қойылған және қол қойылған сауалнама;
7) ұсынылған құжаттардың тізімдемесі.
6. Мәжбүрлеп таратылатын өзге қаржы ұйымы тарату комиссиясының төрағасы немесе мүшесі болып табылатын не бос орынға өтініш берген күннің алдындағы бір жылдың ішінде мәжбүрлеп таратылатын өзге қаржы ұйымы тарату комиссиясының төрағасы немесе мүшесі болған кандидат мыналарды қоса бере отырып, өзін мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымы тарату комиссиясының төрағасы немесе мүшесі етіп тағайындау туралы өтінішін ұсынады:
1) кандидаттың мәжбүрлеп таратылатын өзге қаржы ұйымы тарату комиссиясының төрағасы не мүшесі болып табылатынын не бұрын болғанын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
2) Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша әрбір парағына қол қойылған және қол қойылған сауалнама;
3) соттылығының жоқ екені туралы анықтама.
7. Уәкілетті орган Қағидалардың 3, 5 және 6-тармақтарында көрсетілген құжаттар ұсынылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде кандидаттың тарату комиссиясының төрағасы немесе мүшесі етіп тағайындау туралы өтінішін (ұйымның кепілдік беру жөніндегі өтінішхатын) және құжаттарды олардың Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды. Кандидат (кепілдік беру жөніндегі ұйымның қызметкері) ұсынған құжаттарды тексеру үшін қажет болған кезде уәкілетті орган мемлекеттік органдарға және (немесе) өзге ұйымдарға сұратулар жібереді.
8. Уәкілетті органға ұсынылған, Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтін құжаттар кандидатқа (кепілдік беру жөніндегі ұйымға) қайтарылады. Қайтарылған құжаттардың көшірмелері кандидаттың іс қағаздарына қосып тіркеледі.
Қайта ұсынылған құжаттар жаңадан келіп түскен болып есептеледі және Қағидаларда белгіленген тәртіппен қаралады.
9. Уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – жауапты бөлімше) Талаптарға сәйкес келген кандидат бойынша тестілеуге жіберу туралы қорытынды дайындайды.
Мәжбүрлеп таратылатын немесе банкрот деп танылған өзге қаржы ұйымының немесе заңды тұлғаның бұрын басшы қызметкері болған кандидат бойынша қорытындыда оның көрсетілген лауазымдардағы қызметі туралы және ол жол берген бұзушылықтар туралы мәліметтер көрсетіледі.
Тестілеуге жіберу туралы қорытынды кандидат ұсынған құжаттар топтамасына қоса беріледі.
10. Кепілдік беру жөніндегі ұйым қызметкерінің Талаптарға және Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша кепілдік беру жөніндегі ұйымның қызметкері әрбір парағына қол қойған және қол қойған өзін мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымы тарату комиссиясының төрағасы не мүшесі етіп тағайындауға арналған кепілдік беру жөніндегі ұйым қызметкерінің сауалнамасы қоса берілген кепілдік беру жөніндегі ұйымның өтінішхатына сәйкес келуі кепілдік беру жөніндегі ұйым қызметкерінің мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымы тарату комиссиясының төрағасы не мүшесі лауазымына сауалнамасын жауапты бөлімшенің қарауы үшін негіз болып табылады.
Кепілдік беру жөніндегі ұйым қызметкерінің Талаптарға сәйкес келуін кепілдік беру жөніндегі ұйым қамтамасыз етеді. Кепілдік беру жөніндегі ұйымның өтінішхатында мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының тарату комиссиясының төрағасы не мүшесі лауазымына үміткер кепілдік беру жөніндегі ұйым қызметкерінің талаптарға сәйкес келетіндігі көрсетіледі.
Кепілдік беру жөніндегі ұйым қызметкерінің сауалнамасын және кепілдік беру жөніндегі ұйымның өтінішхатын қарау нәтижелері бойынша жауапты бөлімше кепілдік беру жөніндегі ұйым қызметкері бойынша қорытынды дайындайды.
11. Талаптарға сәйкес келмейтін кандидат немесе кепілдік беру жөніндегі ұйым қызметкері бойынша уәкілетті орган кандидаттың немесе кепілдік беру жөніндегі ұйым қызметкерінің Талаптарға сәйкес келмейтіндігі туралы негізделген жауап жібереді және ұсынылған құжаттарды қайтарады.
12. Тестілеу өткізгенге дейін 7 (жеті) жұмыс күні бұрын жауапты бөлімше кандидатқа тестілеудің өтетін күні және орны туралы жазбаша түрде хабарлайды.
Кандидат тестілеуден өту үшін дәлелді себептермен белгіленген мерзімде келмеген жағдайда кандидат бұл туралы уәкілетті органға келмеу себептерін көрсете отырып хабарлайды. Уәкілетті орган тестілеуден өту үшін оған жаңа мерзім белгілейді және тестілеу өткізуге дейін 3 (үш) жұмыс күні бұрын кандидатқа бұл туралы хабарлайды.
13. Кандидаттарды тестілеу 30 (отыз) сұрақ бойынша 45 (қырық бес) минут ішінде компьютерлік әдіспен жүргізіледі.
Тестілеуді жүргізу кезінде кандидаттың жазбаша, электрондық немесе басқа ақпараттық материалдарды пайдалануына жол берілмейді. Көрсетілген талаптардың бұзылуы тестілеудің теріс нәтижесіне теңестіріледі.
Кандидат тестілеуден өткеннен кейін дереу қол қойғызу жолымен тестілеу нәтижелерімен таныстырылуға тиіс.
Тестілеудің оң нәтижесін алған (кем дегенде 70 (жетпіс) пайыз дұрыс жауап жинаған) кандидат әңгімелесуге жіберіледі.
14. Әңгімелесуді уәкілетті органның біліктілік комиссиясы кандидат тестілеудің оң нәтижесін алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде өткізеді.
Әңгімелесудің мақсаты кандидаттардың кәсіби, іскерлік және жеке қасиеттерін бағалау болып табылады.
Әңгімелесу қорытындылары уәкілетті органның біліктілік комиссиясының хаттамасымен ресімделеді.
15. Уәкілетті орган мынадай жағдайларда:
1) ұсынылған құжаттарда дәйексіз ақпарат болса (кандидаттың қасақана жалған ақпарат пен құжаттарды ұсынуы);
2) кандидат Қағидаларда және Талаптарда белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
3) тестілеудің немесе әңгімелесудің нәтижесі теріс болса не дәлелді себептерсіз тестілеуге және (немесе) әңгімелесуге келмесе, кандидатты мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының тарату комиссиясының төрағасы немесе мүшесі етіп тағайындамайды.
16. Уәкілетті орган әңгімелесуден өтпей қалған кандидатқа уәкілетті органның біліктілік комиссиясының хаттамасына қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде тиісті жазбаша хабарлама жібереді.
3-тарау. Уәкілетті органның мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымы тарату комиссиясының құрамына қатысты шешімдер қабылдау тәртібі
17. Уәкілетті орган мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының тарату комиссиясы төрағасының және (немесе) мүшесінің кандидатты және (немесе) кепілдік беру жөніндегі ұйымның қызметкерін тағайындау туралы шешімін жауапты бөлімше дайындаған кандидат бойынша қорытынды, кепілдік беру жөніндегі ұйымның қызметкері жөніндегі қорытынды, уәкілетті органның бірінші басшысының (бірінші басшы орынбасарының) бұйрығы түрінде ресімделетін уәкілетті органның біліктілік комиссиясының хаттамасы негізінде қабылдайды.
18. Уәкілетті органның біліктілік комиссиясы уәкілетті органның бірінші басшысының (бірінші басшы орынбасарының) бұйрығы негізінде құрылады. Уәкілетті органның біліктілік комиссиясына төраға – уәкілетті органның бірінші басшысының орынбасары басшылық етеді.
Уәкілетті органның біліктілік комиссиясының құрамына уәкілетті органның мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері кіреді. Уәкілетті органның біліктілік комиссиясының шешімдері уәкілетті органның біліктілік комиссиясының отырысына қатысып отырған оның мүшелерінің жай көпшілік дауысымен қабылданады.
19. Мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымы тарату комиссиясының сандық құрамын уәкілетті органның біліктілік комиссиясы белгілейді.
20. Уәкілетті органның мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымы тарату комиссиясының төрағасын және (немесе) мүшесін тағайындау туралы бұйрығында мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының атауы, мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының тарату комиссиясы төрағасының және (немесе) мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), олардың жеке басын куәландыратын құжаттардың деректемелері көрсетіледі.
21. Уәкілетті органның кандидатты, кепілдік беру жөніндегі ұйымның қызметкерін мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының тарату комиссиясы төрағасының және (немесе) мүшесінің қызметіне тағайындау туралы бұйрығының көшірмесі бұйрыққа қол қойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде олардың жіберілуін тіркеуді қамтамасыз ететін байланыс құралдарымен жіберіледі немесе кандидаттың, кепілдік беру жөніндегі ұйымның өзіне тапсырылады.
22. Қағидаларда белгіленген құжаттарды ұсынбастан, тестілеуден және әңгімелесуден өтпестен:
1) мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының тарату комиссиясы төрағасының (тарату комиссиясы төрағасының орынбасары болмаған жағдайда) міндеттерін - мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының тарату комиссиясының мүшесіне немесе жұмысқа тартылған қызметкерге;
2) өңірдегі мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының тарату комиссиясы мүшесінің (аумақтық бөлімше басшысының) міндеттерін - мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының тарату комиссиясының басқа мүшесіне не жұмысқа тартылған қызметкерге 3 (үш) айға дейінгі мерзімге уақытша жүктеуге жол беріледі.
Уәкілетті органның мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының тарату комиссиясы төрағасының және (немесе) мүшесінің міндеттерін уақытша жүктеу туралы бұйрығы жауапты бөлімше дайындаған және біліктілік комиссиясының төрағасы мақұлдаған қорытынды негізінде шығарылады.
Уәкілетті органның біліктілік комиссиясының тарату комиссиясы төрағасының немесе мүшесінің міндеттерін уақытша жүктеу мәселесі жөніндегі отырысы өткізілмейді.
4-тарау. Мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымы тарату комиссиясының төрағасын және (немесе) мүшелерін босату тәртібі
23. Жауапты бөлімше мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымы тарату комиссиясының есептері, мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымы тарату комиссиясының қызметіне жүргізілген тексерулердің актілері, өтінішхаттар мен өзге де материалдар негізінде қорытынды дайындайды және мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымы тарату комиссиясының төрағасын және (немесе) мүшесін босату туралы мәселені уәкілетті органның біліктілік комиссиясының отырысына шығарады.
24. Уәкілетті орган мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымы тарату комиссиясының төрағасын және (немесе) мүшесін мынадай жағдайларда:
1) тарату комиссиясының төрағасы және (немесе) мүшесі уәкілетті органға өзінің кандидатурасын тарату комиссиясының төрағасы және (немесе) мүшесі қызметіне қарау кезінде қасақана жалған ақпаратты немесе құжаттарды ұсынғанда;
2) өз міндеттерін орындамағанда және (немесе) тиісінше орындамағанда;
3) Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, еңбек, банк заңнамасында, Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасында, Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы, міндетті сақтандыру туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, зейнетақымен қамсыздандыру туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасында белгіленген қаржы ұйымдарын және басқа заңды тұлғаларды тарату рәсімдерін жүргізу жөніндегі талаптарды бұзғанда;
4) уәкілетті орган Қағидалардың 3-тармағы бірінші бөлігіне сәйкес тарату комиссиясының төрағасын және (немесе) мүшелерін уәкілетті орган қызметкерлерінің арасынан тағайындау туралы шешім шығарғанда;
5) тарату комиссиясы тарату комиссиясының төрағасымен және (немесе) мүшесімен еңбек шартын және (немесе) өзге азаматтық-құқықтық шартты тоқтатқанда (бұзғанда);
6) атқарып отырған лауазымынан босату күніне дейін күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын ұсынылған кепілдік беру жөніндегі ұйымның мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының тарату комиссиясының төрағасы және (немесе) мүшесі лауазымынан өзінің қызметкерін босату туралы өтінішхаты болғанда;
7) жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты тарату комиссиясының мүшесі лауазымынан босату туралы уәкілетті орган шешім шығарғанда немесе мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының тарату комиссиясы төрағасының өтінішхаты болғанда;
8) уәкілетті органның қызметкерін мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымы тарату комиссиясының құрамынан шығарудың қызметтік қажеттілігі (лауазымдық міндеттерін қайта бөлу) болғанда;
9) тарату комиссиясы төрағасының немесе мүшесінің лауазымын атқаратын уәкілетті органның қызметкерімен еңбек шартын бұзғанда;
10) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзғанда босатады.
25. Уәкілетті орган мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымы тарату комиссиясының төрағасын және (немесе) мүшесін босату туралы шешімді жауапты бөлімше дайындаған мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымы тарату комиссиясының төрағасы және (немесе) мүшесі жөніндегі қорытынды, уәкілетті органның бірінші басшысының (бірінші басшы орынбасарының) бұйрығы түрінде ресімделетін уәкілетті органның біліктілік комиссиясының хаттамасы негізінде қабылдайды.
Уәкілетті органның қаржы ұйымы тарату комиссиясының төрағасын және (немесе) мүшесін босату туралы бұйрығында мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының атауы, Қағидалардың 24-тармағында көзделген тарату комиссиясының төрағасын және (немесе) мүшесін босату негіздемесі көрсетіледі.
Тарату комиссиясының төрағасын және (немесе) мүшесін Қағидалардың 24-тармағының 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша босатқан кезде уәкілетті органның біліктілік комиссиясының хаттамасы жасалмайды. Уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі дайындаған уәкілетті органның біліктілік комиссиясы төрағасының атына жазылған Қағидалардың 24-тармағында көзделген негіздер бойынша тарату комиссиясының төрағасы және (немесе) мүшесі лауазымынан босату туралы өтінішхат негізінде шешім қабылданады және уәкілетті органның бірінші басшысының (бірінші басшы орынбасарының) бұйрығы түрінде ресімделеді.
26. Уәкілетті органның мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымы тарату комиссиясының төрағасын және (немесе) мүшесін босату туралы бұйрығының көшірмесі бұйрыққа қол қойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде олардың жіберілуін тіркеуді қамтамасыз ететін байланыс құралдарымен жіберіледі немесе лауазымынан босатылған адамның өзіне тапсырылады.
Уәкілетті орган мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымы тарату комиссиясының төрағасы және (немесе) мүшесі болып табылатын уәкілетті органның қызметкерлерін және (немесе) кепілдік беру жөніндегі ұйымның қызметкерлерін қызметтік қажеттілік (лауазымдық міндеттерін қайта бөлу) туындаған кезде және (немесе) кепілдік беру жөніндегі ұйымның өтінішхаты болған жағдайда оларды уәкілетті органның басқа қызметкерлеріне және (немесе) кепілдік беру жөніндегі ұйымның қызметкерлеріне ауыстыру арқылы да босатуды жүзеге асырады.
Мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымы тарату комиссиясының төрағасы және (немесе) мүшесі болып табылатын уәкілетті органның қызметкерлерін және (немесе) кепілдік беру жөніндегі ұйымның қызметкерлерін уәкілетті органның басқа қызметкерлеріне және (немесе) кепілдік беру жөніндегі ұйымның қызметкерлеріне ауыстыру арқылы босату Қағидалардың 4-тармағында көзделген кандидаттарға қосымша іріктеу жүргізбестен (мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымы тарату комиссиясының төрағасы және (немесе) мүшесі лауазымының бос орнын иелену туралы хабарландыруды жарияламастан, тестілеуден және әңгімелесуден өтпестен) жүзеге асырылады.
Мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссияларын тағайындау мен босату қағидаларына қосымша |
|
Нысан | |
Сауалнама
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының толық атауы)
____________________________________________________________________
20 __ жылғы _____________________
(күні)
Бос орын атауы
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
1. Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)
____________________________________________________________________
(толық көрсету)
2. Тұратын жері
____________________________________________________________________
(индекс, қала (облыс), аудан, көше, үйдің (офис) нөмірі
____________________________________________________________________
(телефон, факс, электрондық пошта мекенжайы (бар болса)
3. Туған күні мен жері
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
4. Азаматтығы
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
5. Жеке басын куәландыратын құжаттың толық деректемелері, жеке сәйкестендіру нөмірі
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
6. Білімі туралы деректер (біліктілікті көтеру курстарын қоса алғанда)
№ | оқу орнының, факультеттің (бөлімшенің, мамандықтың) атауы) | оқу кезеңі | берілген біліктілік | білімі туралы дипломның сертификаттың, куәліктің деректемелері | оқу орнының орналасқан жері |
1. | |||||
2. | |||||
... |
7. Сіздің біліктілігіңізді және құзыреттігіңізді объективті түрде айқындау үшін
маңызды деп санайтын кез келген басқа да ақпарат
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
8. Өзге де қаржы ұйымдарының және заңды тұлғалардың жарғылық капиталында
(акцияларды иелену) тікелей және (немесе) жанама қатысу
№ | заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері | заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері | осы заңды тұлғаның жарғылық капиталында қатысу сома мен үлесі (кандидатқа тиесілі акциялар санының дауыс беруші акциялардың жалпы санына арақатынасы) |
1. | |||
2. | |||
9. Алынған қарыздар туралы мәліметтер
№ | қарыз берген тұлғаның атауы (адамның аты) және орналасқан жері | қарыз бойынша негізгі борыш сомасы | қарыз берілген күн |
1. | |||
2. | |||
кестенің жалғасы
қарыз өтелген күн | сауалнаманы толтыру күніне берешек сомасы | қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі (жылдық пайызбен) |
10. Сіз қаржы ұйымы қызметінің мәселесі бойынша сот талқылауларында жауапкер
ретінде қатыстыңыз ба?
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
11. Сіз бұрын өзге де қаржы ұйымын немесе заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату туралы
шешім қабылданғанға дейін (оның ішінде банкроттық негізі бойынша) 1 (бір) жылдан
аспайтын кезеңде өзге қаржы ұйымының немесе заңды тұлғаның атқарушы органының
немесе басқару органының бірінші басшысы (басқарма төрағасы), атқарушы орган
немесе басқару органы бірінші басшысының орынбасары, бас бухгалтері болдыңыз ба?
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі, тарату (банкроттық) туралы
соттың шешім шығарған күні, таратылу (банкрот болу) себебі)
12. Сіздің қаржы ұйымының басшы қызметкері лауазымына ие болу және өмір бойына
қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан айыру түріндегі
қылмыстық жазаны қолдану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуын қоса
алғанда, алынбаған немесе өтелмеген соттылығыңыз бар ма?
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
13. Сізге қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де қаржы ұйымдарын
және заңды тұлғаларды тарату рәсімдерін жүргізу жөніндегі талаптарын бұзу, өзге
қаржы ұйымдарын және заңды тұлғаларды тарату рәсімдерін жүзеге асырған кезде
міндеттерді орындамау немесе тиісінше орындамау, жекелеген кредиторлардың
мүдделеріне қысым жасайтын не жекелеген кредиторларға артықшылық беретін
әрекеттер (әрекетсіздік) жасау фактілері бар ма?
Осылар бар болса, қандай екенін көрсетіңіз
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі)
14. Сіздің соңғы 3 (үш) жыл ішінде 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан
Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 9), 12), 13), 15), 16), 17), 18)
және 21) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жұмыс берушінің
бастамасымен еңбек шартын бұзу фактілері болды ма?
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
15. Сіз бұрын мәжбүрлеп таратылатын немесе банкрот деп танылған өзге де қаржы
ұйымының немесе заңды тұлғаның басшы қызметкері болдыңыз ба?
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі, тарату (банкроттық) туралы
соттың шешім шығарған күні, таратылу (банкрот болу) себебі)
16. Сіз борышкердің немесе мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымы кредиторының
құрылтайшысы (қатысушысы, акционері) не лауазымды адамы болып табыласыз ба?
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
17. Сіз мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының дебиторы не кредиторы болып
табыласыз ба?
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
18. Сіз мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымына қатысты үлестес тұлға болып
табыласыз ба?
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
19. Сіздің өзге де лауазымды (қызметті) атқаруыңызға байланысты шектеулеріңіз бар
ма?
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
20. Еңбек қызметі туралы мәліметтер
№ | Жұмыс істеген кезеңі (күні, айы, жылы) | Жұмыс орны (қаржы ұйымы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болған жағдайда, қаржы ұйымының тіркелген елі көрсетіледі) | Лауазымы | Тәртіптік жаза қолданудың болуы | Жұмыстан шығу, лауазымнан босату себептері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Ұсынылған мәліметтерді тексергенімді және оның дәйекті және толық екенін растаймын.
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімімді беремін.
Қолы _______________ күні _________________
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 25 мамырдағы № 57 қаулысына 2-қосымша |
Мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының төрағасына және мүшелеріне қойылатын талаптар
1. Осы Мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының төрағасы және мүшесі лауазымына үміткер тұлғаларға қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы, "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және мәжбүрлеп таратылатын екінші деңгейдегі банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (бұдан әрі – қаржы ұйымы) тарату комиссиясының төрағасына және мүшелеріне қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымы тарату комиссиясының төрағасы немесе мүшесі болып тағайындалатын кандидатқа (бұдан әрі – кандидат), депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның немесе сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның қызметкеріне мынадай талаптар қойылады:
1) жоғары экономикалық немесе заң білімінің немесе бухгалтерлік есеп пен аудит саласында жоғары білімінің болуы;
2) Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік, еңбек заңнамаларын, Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы, міндетті сақтандыру туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасын, қаржы ұйымдарын және заңды тұлғаларды тарату тәртібін реттеу бөлігінде білуі;
3) соңғы 3 (үш) жыл ішінде 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 9), 12), 13), 15), 16), 17), 18) және 21) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шартын бұзу фактілерінің болмауы;
4) өзге қаржы ұйымдарын және заңды тұлғаларды тарату рәсімдерін жүргізу жөніндегі талаптарын бұзу фактілерінің болмауы;
5) өзге қаржы ұйымдарын және заңды тұлғаларды тарату рәсімдерін жүргізу кезінде міндеттерін орындамау немесе тиісінше орындамау фактілерінің болмауы;
6) жекелеген кредиторлардың мүдделеріне қысым жасайтын не жекелеген кредиторларға артықшылық беретін әрекеттер (әрекетсіздік) жасау фактілерінің болмауы (бұрын өзге қаржы ұйымдарының және заңды тұлғалардың тарату комиссиясының төрағасы немесе мүшесі болған адам үшін);
7) сақтандыру ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның немесе сақтанушыларға (сақтандырылғандарға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның лауазымды адамын қоспағанда, борышкердің немесе мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымы кредиторының құрылтайшысы (қатысушысы, акционері) не лауазымды адамы болып табылмауы;
8) мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының құрылтайшысы (акционері) болып табылмауы;
9) мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының дебиторы не кредиторы болып табылмауы;
10) мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымына қатысты үлестес тұлға болып табылмауы;
11) өзге лауазымды (қызметті) атқаруға байланысты шектеулері жоқ;
12) өзге қаржы ұйымын немесе заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылданғанға дейін (оның ішінде банкроттық негізі бойынша) 1 (бір) жылдан аспайтын кезеңде бұрын өзге қаржы ұйымының немесе заңды тұлғаның атқарушы органның немесе басқару органының бірінші басшысы (басқарма төрағасы), атқарушы органның немесе басқару органының бірінші басшысының орынбасары, бас бухгалтері болмауы. Көрсетілген талап өзге қаржы ұйымын немесе заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдаған күннен кейін 5 (бес) жыл бойы қолданылады (оның ішінде банкроттық негізі бойынша).