"Мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясын тағайындау және босату қағидаларын және Мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне қойылатын

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 қыркүйектегі № 241 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 15 қарашада № 14424 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 25 мамырдағы № 57 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 25.05.2020 № 57 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясын тағайындау және босату қағидаларын және Мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 190 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9945 тіркелген, 2014 жылғы 23 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссияларын тағайындау мен босату қағидаларын және Мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы";

      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссияларын тағайындау мен босату қағидалары;";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясын тағайындау мен босату қағидаларында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссияларын тағайындау мен босату қағидалары";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссияларын тағайындау мен босату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы, "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – уәкілетті орган) мәжбүрлеп таратылатын екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының (бұдан әрі – қаржы ұйымы) тарату комиссияларының төрағасы мен мүшелерін тағайындау мен босату тәртібін айқындайды.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелері уәкілетті органның қызметкерлері арасынан мынадай:

      1) қаржы ұйымының тарату массасы болмаған не ол ағымдағы шығыстарды жабу үшін жеткіліксіз болған;

      2) бос орынға кандидаттар болмаған немесе кандидаттар Талаптарға сәйкес келмеген;

      3) Қағидалардың 22-тармағында көзделген негіздер бойынша уәкілетті органның қызметкерін тарату комиссиясының төрағасы немесе мүшесі міндеттерін орындаудан босатқан және оны ауыстыру қажет болған жағдайда тағайындалады.

      Уәкілетті органның қызметкерлері Қағидалардың 5 және 6-тармақтарында көзделген құжаттарды ұсынбайды және тестілеу мен әңгімелесуден өтпейді.";

      мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:

      "17-1. Мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының тарату комиссиясының сандық құрамын уәкілетті органның біліктілік комиссиясы белгілейді.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Уәкілетті орган мынадай жағдайларда:

      1) тарату комиссиясының төрағасы және (немесе) мүшесі уәкілетті органға өзінің кандидатурасын тарату комиссиясының төрағасы және (немесе) мүшесі қызметіне қарау кезінде көрінеу жалған құжаттар немесе мәліметтер ұсынғанда;

      2) өз міндеттерін орындамағанда және (немесе) тиісінше орындамағанда;

      3) Қазақстан Республикасы заңнамасының қаржы ұйымдарын және басқа заңды тұлғаларды тарату рәсімдерін жүргізу жөніндегі талаптарын бұзғанда;

      4) уәкілетті орган Қағидалардың 3-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес тарату комиссиясының төрағасын және (немесе) мүшелерін уәкілетті орган қызметкерлерінің арасынан тағайындау туралы шешім шығарғанда;

      5) міндеттерін атқарудан босату күніне дейін күнтізбелік 20 (жиырма) күн бұрын өз қалауы бойынша міндеттерін атқарудан босату туралы өтініш берілгенде;

      6) міндеттерін атқарудан босату күніне дейін күнтізбелік 20 (жиырма) күн бұрын ұсынылған кепілдік беретін ұйымның мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының тарату комиссиясы төрағасының және (немесе) мүшесінің міндеттерін атқарудан өзінің қызметкерін босату туралы өтінішхаты болғанда;

      7) жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты тарату комиссиясының мүшесін міндеттерін атқарудан босату туралы уәкілетті орган шешім шығарғанда немесе мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының тарату комиссиясы төрағасының өтінішхаты болғанда;

      8) уәкілетті органның қызметкерін мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының тарату комиссиясының құрамынан шығарудың қызметтік қажеттілігі болғанда (лауазымдық міндеттерін қайта бөлу);

      9) тарату комиссиясы төрағасының немесе мүшесінің міндеттерін атқаратын уәкілетті органның қызметкерімен еңбек шартын бұзғанда мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының тарату комиссиясының төрағасын және (немесе) мүшесін міндеттерін орындаудан босатады.";

      қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне қойылатын талаптарда:

      3-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) соңғы 3 (үш) жыл ішінде Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 54-бабы 1-тармағының 7), 9), 10), 13), 15) және 18) тармақшаларында және (немесе) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 9), 12), 13), 16), 17) және 21) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шартын бұзу фактілері бар.".

      2. Банктерді қадағалау департаменті (Қизатов О.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Д. Ақышев


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 241 қаулысына
қосымша
  Мәжбүрлеп таратылатын банктердің,
сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымдарының тарату комиссияларын
тағайындау мен босату
қағидаларына қосымша

      Нысан

3 х 4 фотосурет

Кандидаттың мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының тарату
комиссиясының төрағасы не мүшесі етіп тағайындауға арналған
сауалнама

      _____________________________________________________________________

      (мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының толық атауы)

      _____________________________________________________________________

      20__ жылғы ___________________

      (күні)

      Бос орын атауы

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

Өмірбаян деректері

      1. Тегі, аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын

      құжатта көрсетілген болса)

      _____________________________________________________________________

      (толық көрсетіңіз)

      2. Тұрғылықты жерінің мекенжайы (оның ішінде почта индексін

      көрсету)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      3. Туған күні мен жері

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      4. Азаматтығы

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      5. Жеке басын куәландыратын құжаттың толық деректемелері

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      6. Тұрғылықты жері бойынша тіркелуі

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      7. Байланыс телефонының нөмірі

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      8. Білімі туралы деректер (біліктілікті көтеру курстарын қоса

      алғанда)

оқу орнының, факультеттің (бөлімшенің, мамандықтың) атауы)

оқу кезеңі

берілген біліктілік

білімі туралы дипломның, сертификаттың, куәліктің деректемелері

оқу орнының орналасқан жері

1.






2.






....







      9. Сіздің біліктілігіңізді және құзыреттігіңізді объективті

      түрде айқындау үшін маңызды деп санайтын кез келген басқа ақпарат

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      10. Өзге қаржы ұйымдарының және заңды тұлғалардың жарғылық

      капиталында тікелей және (немесе) жанама қатысу

заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жері

заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері

Сіздің осы заңды тұлғаның жарғылық капиталында қатысу сомаңыз бен үлесіңіз

1.




2.








      11. Алынған қарыздар туралы мәліметтер

қарыз берген тұлғаның атауы (адамның аты) мен орналасқан жері

қарыз бойынша негізгі борыш сомасы

қарыз берілген күн

қарыз өтелген күн

ағымдағы сәттегі берешек сомасы

қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі (жылдық %-бен)

1.







2.







...








      12. Қаржы саласында әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік

      жауапкершілікке тартылдыңыз ба?

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      13. Сіз бұрын өзге қаржы ұйымын немесе заңды тұлғаны мәжбүрлеп

      тарату туралы шешім қабылданғанға дейін (оның ішінде банкроттық

      негізі бойынша) бір жылдан аспайтын кезеңде өзге қаржы ұйымының

      немесе заңды тұлғаның бірінші басшысы (басқарма төрағасы), бірінші

      басшының орынбасары, бас бухгалтері болдыңыз ба?

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі, тарату (банкроттық) туралы

      соттың шешім шығарған күні, таратылу (банкрот болу) себебі)

      14. Сіздің өтелмеген соттылығыңыз бар ма?

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      15. Сізге қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге

      қаржы ұйымдарын және заңды тұлғаларды тарату рәсімдерін жүргізу

      жөніндегі талаптарын бұзу, өзге қаржы ұйымдарын және заңды тұлғаларды

      тарату рәсімдерін жүзеге асырған кезде міндеттерді орындамау немесе

      тиісінше орындамау, жекелеген кредиторлардың мүдделеріне қысым

      жасайтын не жекелеген кредиторларға артықшылық беретін әрекеттер

      (әрекетсіздік) жасау фактілері бар ма?

      Осылар бар болса, қандай екенін көрсетіңіз

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі)

      16. Сіздің соңғы 3 (үш) жыл ішінде 2007 жылғы 15 мамырдағы

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 54-бабы 1-тармағының 7), 9), 10), 13), 15) және 18) тармақшаларында және (немесе) 2015 жылғы 23

      қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы

      1-тармағының 9), 12), 13), 16), 17) және 21) тармақшаларында

      көзделген негіздер бойынша жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шартын

      бұзу фактілері бар ма?

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      17. Сіз бұрын мәжбүрлеп таратылатын немесе банкрот деп танылған

      өзге қаржы ұйымының немесе заңды тұлғаның басшы қызметкері болдыңыз

      ба?

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі, тарату (банкроттық) туралы

      соттың шешім шығарған күні, таратылу (банкрот болу) себебі)

      18. Сіз борышкердің немесе мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымы

      кредиторының құрылтайшысы (қатысушысы, акционері) не лауазымды адамы

      болып табыласыз ба?

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      19. Сіз мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының құрылтайшысы

      (акционері) болып табыласыз ба?

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      20. Сіз мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының дебиторы не

      кредиторы болып табыласыз ба?

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      21. Сіз "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы

      Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабына сәйкес мәжбүрлеп таратылатын

      қаржы ұйымына қатысты үлестес тұлға болып табыласыз ба?

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      22. Сіздің өзге лауазымды (қызметті) атқаруыңызға байланысты

      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген

      шектеулеріңіз бар ма?

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Қолы _______________ күні _________________