ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабы 16-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды және әлеуметтік төлемдерді есепке алуды қамтамасыз ететін заңды тұлғаның жеке тұлғалар туралы қолда бар мәліметтерді ұсыну нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды және әлеуметтік төлемдерді есепке алуды қамтамасыз ететін заңды тұлғаның жеке тұлғалар туралы қолда бар мәліметтерді ұсыну мерзімдері және қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) "Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды және әлеуметтік төлемдерді есепке алуды қамтамасыз ететін заңды тұлғаның жеке тұлғалар туралы мәліметтерді ұсыну нысанын, мерзімдерін және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 22 тамыздағы № 451 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14290 болып тіркелген, 2016 жылғы 17 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) "Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды және әлеуметтік төлемдерді есепке алуды қамтамасыз ететін заңды тұлғаның жеке тұлғалар туралы мәліметтерді ұсыну нысанын, мерзімдерін және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 22 тамыздағы № 451 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 8 ақпандағы № 90 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15015 болып тіркелген, 2017 жылғы 28 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілер эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
| Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 539 бұйрығына 1-қосымша |
|
| нысан |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды және әлеуметтік төлемдерді есепке алуды қамтамасыз ететін заңды тұлғаның жеке тұлғалар туралы қолда бар мәліметтер*
№ р/с | Жеке тұлға бойынша мәлімет | Жарналарды, аударымдарды, төлемдерді жүзеге асырған тұлға | Төлем белгілеу кодтары | Жарна, аударым, төлем және (немесе) олар бойынша өсімпұл төленген күні | Кезеңі | Жарна, аударым, төлем және (немесе) олар бойынша өсімпұл сомасы, теңгемен | ||
Жеке сәйкестендіру нөмірі | Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) | Жеке/бизнес-сәйкестендіру нөмірі | Атауы/ Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Ескертпе: * жеке тұлғалар туралы ұсынылатын мәліметтерге мынадай деректер жатады:
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және (немесе) олар бойынша өсімпұл бойынша, сондай-ақ зейнетақы төлемдері бойынша;
мемлекет Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын сақтау бойынша зейнетақы төлемдерін алушыларына зейнетақы төлемдеріне құқықты алған сәтіне инфляцияның деңгейін ескере отырып іс жүзінде енгізілген міндетті және (немесе) кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде алушыға кепілдік берген төленген сомалар бойынша;
"Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуметтік аударымдары және (немесе) олар бойынша өсімпұл бойынша, сонымен қатар әлеуметтік төлемдер бойынша;
мынадай әлеуметтік төлемдер (жәрдемақылар) бойынша:
мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;
мемлекеттік арнаулы жәрдемақылар;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген зейнеткерлерді, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін, мемлекеттік жәрдемақы алушыларды жерлеуге арналған біржолғы төлем;
бала тууына байланысты тағайындалатын және төленетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы;
бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
экологиялық апат аймақтарында тұратын адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген әлеуметтік көмек;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген саяси қуғын-сүргін құрбандары мен зардап шеккендерге әлеуметтік төлемдер;
құрамында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қамқоршыға (қорғаншыға) тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтімі бойынша тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
банкроттық нәтижесінде жойылған заңды тұлғалардың қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу үшін төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлем.
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды және әлеуметтік төлемдерді есепке алуды қамтамасыз ететін заңды тұлғаның жеке тұлғалар туралы қолда бар мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды және әлеуметтік төлемдерді есепке алуды қамтамасыз ететін заңды тұлғаның жеке тұлғалар туралы қолда бар мәліметтер" нысаны (бұдан әрі – нысан) мынадай деректерді қамтиды:
1-бағанда – реті бойынша нөмірі көрсетіледі;
2-бағанда – пайдасына зейнетақы жарнасы, әлеуметтік аударым, әлеуметтік төлем жүзеге асырылған жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
3-бағанда – пайдасына зейнетақы жарнасы, әлеуметтік аударым, әлеуметтік төлем жүзеге асырылған жеке тұлғаның Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі;
4-бағанда – зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, әлеуметтік төлемді жүзеге асырған тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
5-бағанда – зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, әлеуметтік төлемді жүзеге асырған заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі;
6-бағанда – "Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 203 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14365 болып тіркелген) сәйкес төлем мақсатының тиісті коды көрсетіледі;
7-бағанда – жарналар, аударымдар, төлемдер және (немесе) олар бойынша өсімпұл төленген күні көрсетіледі;
8-бағанда – жарналар, аударымдар, төлемдер және (немесе) олар бойынша өсімпұл жүргізілген кезең (ай, тоқсан, жыл) көрсетіледі;
9-бағанда – жарналар, аударымдар, төлемдер және (немесе) олар бойынша өсімпұл сомасы көрсетіледі, теңгемен.
Нысанды ұсынған кезде зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және әлеуметтік төлемдер туралы мәліметтер бөлек ұсынылады.
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 20__ жылғы "__" ___ № __ бұйрығына 2-қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды және әлеуметтік төлемдерді есепке алуды қамтамасыз ететін заңды тұлғаның жеке тұлғалар туралы қолда бар мәліметтерді ұсыну мерзімдері және қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды және әлеуметтік төлемдерді есепке алуды қамтамасыз ететін заңды тұлғаның жеке тұлғалар туралы қолда бар мәліметтерді ұсыну мерзімдері және қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабы 16-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды және әлеуметтік төлемдерді есепке алуды қамтамасыз ететін заңды тұлғаның (бұдан әрі – Заңды тұлға) жеке тұлғалар туралы қолда бар мәліметтерді (бұдан әрі – Мәліметтер) ұсыну тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.
2-тарау. Мәліметтерді ұсыну тәртібі мен мерзімдері
2. Заңды тұлға мәліметтерді осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша желі бойынша берілетін деректердің қорғалуын, түпнұсқалығын растауды, тұтастығын тексеруді және шифрленуін қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне (бұдан әрі – Комитет) ұсынады.
Мәліметтер есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірілмей ұсынылады.
3. Күнтізбелік жыл есепті кезең болып табылады.
4. Салықтық бақылау шеңберінде мемлекеттік кірістер органы осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Заңды тұлға сұрау салуды жібереді.
Заңды тұлға мәліметтерді сұрау салуды жіберген мемлекеттік кірістер органына сұрау салуды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде ұсынады.
5. Ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша Мәліметтерді ұсыну мүмкін болмаған жағдайда, сондай-ақ техникалық қателер туындаған жағдайда Мәліметтер электрондық түрде "Mіcrosoft Excel" не "Mіcrosoft Access" форматында ұсынылады.
6. Комитет осы Қағидалардың шеңберінде алынған ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді.
Мәліметтерді ұсыну үшін мемлекеттік кірістер органының сұрау салуы
_________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы)
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабы 16-тармағына сәйкес жеке тұлғалардың зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдары және әлеуметтік төлемдері бойынша қолда бар мәліметтерді ұсынуды сұрайды
жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) _________________
жеке сәйкестендіру нөмірі _________________________________________
20 __ жылғы __ бастап 20 __ жылғы __ дейінгі кезеңі үшін
Сұрау салуды жолдау себептері _____________________________________
________________________________________________________________
Мемлекеттік кірістер органының
Басшысы (орынбасары) ____________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), қолы, мөрі)