ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуін;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткенен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі |
А. Раимкулова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсіп
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының Ұлттық
экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 156 бұйрығымен бекітілген |
"Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10 - бабының 1) тармақшасына сәйкес "Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін, көрсетілетін қызметті алушылар www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 8-тармағында көрсетілген құжаттарды жолдайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Стандарттарда баяндалған.
4. Лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті алушының өтініш нысандары, туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкестік туралы мәліметтер нысаны осы Қағидалардың 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшаларына сәйкес порталға ұсынылады.
5. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесіне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері) орындауға береді.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда еңбек заңнамасына сәйкес, өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттарды тіркеген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу туралы) туралы, лицензия туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері осы тармақтың үшінші бөлігінде белгіленген мерзімде көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға порталдың жеке кабинетіне жібереді.
6. Лицензияны алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 8-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын ұсынады. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері 6 (алты) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 79 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10484 болып тіркелген) бекітілген біліктілік талаптарына (бұдан әрі – біліктілік талаптары) сәйкестігін растайтын құжаттарды қарастырады. Біліктілік талаптарына сәйкестігі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері көрсетілген мерзімде лицензияны әзірлейді, талаптарға сәйкес болмаған жағдайда және Стандарттың 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды көрсетілетін қызметті берушінің басшысының ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанында әзірлейді және өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жібереді.
7. Бөліп шығару және бөлу нысандарында қайта ұйымдастырылу жағдайларында лицензияны қайта рәсімдеу үшін Стандарттың 8-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын толық ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері 6 (алты) жұмыс күні ішінде құжаттардың талаптарға сәйкестігін қарастырады, талаптарға сәйкестігі расталған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілген мерзімде лицензияны қайта ресімдейді, талаптарға сәйкес болмаған жағдайда және Стандарттың 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша бас тартуды көрсетілетін қызметті берушінің басшысының ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанында әзірлейді және көрсетілетін қызметті алушыға порталдың жеке кабинетіне жібереді.
Бөліп шығару және бөлу нысандарында қайта ұйымдастырылу жағдайларынан басқа, лицензияны қайта рәсімдеу үшін жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері талаптарға сәйкестігін растауды тексермейді және 3 (үш) жұмыс күні ішінде лицензияны қайта ресімдейді.
8. Лицензияны қайта ресімдеу мынадай:
1) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгерген;
2) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы өзгерген;
3) заңды тұлға-лицензиат бірігу, қайта құру, заңды тұлға-лицензиатты басқа заңды тұлғамен қосылу, бөліп шығару және бөлу нысандарында қайта ұйымдастырылған;
4) заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген (лицензияда мекенжай көрсетілген жағдайда) жағдайларда жүзеге асырылады.
9. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді Заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік қызметті рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілген кезде, оны көрсетудің сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.
10. Берілген рұқсаттарды тіркеу және есепке алу автоматты режимде рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде жүргізіледі.
3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Шағымды қабылдауды растау шағымды қабылдаушы адамның тегін және аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінде оны тіркеу болып табылады.
Шағымда көрсетіледі:
1) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), пошта мекенжайы (жеке тұлға үшін);
2) атауы, пошта мекенжайы (жеке тұлға үшін).
Шағымның шығыс нөмірі және күні көрсетілетін қызметті алушымен қол қойылады.
Шағым тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі
Портал арқылы көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Шағымды портал арқылы "жеке кабинетінен" жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып тұрады.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бағалау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасай алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уакілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмысы күні ішінде қаралуға жатады.
12. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
"Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру" қағидаларына 1-қосымша |
"Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты | ||
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | облыстардың, Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары |
2. | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы |
3. | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Порталға жүгінген сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: |
4. | Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны | Электрондық |
5. | Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі |
туристік операторлық қызметке (туроператорлық қызметке) лицензия, лицензияны қайта рәсімдеу, немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі. |
7. | Жұмыс кестесі |
көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
8. | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
лицензия алу үшін: |
9. | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері |
1) Қазақстан Республикасының заңдарында қызметті алушының осы санаты үшін туроператорлық қызметпен айналысуға тыйым салынуы; |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алу мүмкіндігі бар. |
Заңды тұлғаның лицензия алуға өтініші
____________________________________________________ жүзеге асыру үшін
(қызмет түрінің атауын көрсету)
лицензия беруіңізді сұраймын
Заңды тұлғаның мекенжайы______________________________________________
_______________________________________________________________________
(пошта индексі, ел (шетелдік заңды тұлға үшін) облыс, қала, аудан, елді мекен,
көшенің атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жай) нөмірі)
Электрондық пошта___________________________________________________
Телефон_____________________________________________________________
Факс ________________________________________________________________
Банк шоты___________________________________________________________
(шот нөмірі, банк атауы және орналасқан жері)
Қызметті жүзеге асыру мекенжайы______________________________________
____________________________________________________________________
(пошта индексі, облыс, қала,аудан, елді мекен, көшенің атауы, үйдің/ғимараттың
(стационарлық үй-жай) нөмірі
Қоса беріледі ___________ парақ.
Осымен:
барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылатыны және оларға кез келген лицензия беру немесе бас тарту мәселелері бойынша ақпаратты жіберуге болатыны;
көрсетілетін қызметті алушыға сотпен лицензияланатын қызмет түрімен сотпен айналысуға тыйым салынбағаны;
қоса берілген барлық құжаттар шындыққа жанасатындығы және қолданыста болып табылатындығы;
лицензия беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, қол жетімділігі шектелген дербес деректерді пайдалануға келісім беретіндігі расталады;
Өтініш ЭЦҚ-мен расталған:
_______________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Жеке тұлғаның лицензия алуға өтініші
____________________________________________________ жүзеге асыру үшін
(қызмет түрінің атауын көрсету)
лицензия беруіңізді сұраймын
Жеке тұлғаның мекенжайы__________________________________________________
_________________________________________________________________________
(пошта индексі, ел (шетелдік заңды тұлға үшін) облыс, қала, аудан, елді мекен,
көшенің атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жай) нөмірі)
Электрондық пошта___________________________________________________
Телефон_____________________________________________________________
Факс ________________________________________________________________
Банк шоты___________________________________________________________
(шот нөмірі, банк атауы және орналасқан жері)
Қызметті жүзеге асыру мекенжайы______________________________________
____________________________________________________________________
(пошта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің атауы, үйдің/ғимараттың
нөмірі)
Қоса беріледі ___________ парақ.
Осымен:
барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылатыны және оларға кез келген лицензия беру немесе бас тарту мәселелері бойынша ақпаратты жіберуге болатыны;
көрсетілетін қызметті алушыға сотпен лицензияланатын қызмет түрімен сотпен айналысуға тыйым салынбағаны;
қоса берілген барлық құжаттар шындыққа жанасатындығы және қолданыста болып табылатындығы;
лицензия беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, қол жетімділігі шектелген дербес деректерді пайдалануға келісім беретіндігі расталады;
Өтініш ЭЦҚ-мен расталған:
_______________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
"Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 4-қосымша |
|
Нысан |
Туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкестік туралы мәліметтер
1. Қалыптастырылған туристік өнім:
1) қалыптастырылған туристік өнімге кіретін жекелеген туристік
қызметтерді көрсетуге арналған үшінші тұлғалармен жасалған шарттың нөмірі
___________________________________________________________________;
2) шарт жасалған күні ________________________________________________.
2. Еңбек өтілі бір жылдан кем емес, туристік білімі бар кемінде
бір қызметкердің болуы;
1) мамандығы мен біліктілігі _________________________________________;
2) лицензияланатын қызмет түрінің бейімі бойынша жоғары білімі туралы дипломның нөмірі
__________________________________________________________________;
3) дипломның берілген күні ____________________________________________;
4) оқу орнының атауы _________________________________________________;
5) туристік білімі бар қызметкердің еңбек өтілі ___________________________;
3. Меншік құқығындағы немесе өзге заңды негіздегі кеңсеге арналған үй-жай
____________________________________________________________________.
(кеңсеге арналған үй-жайға құқық белгілейтін құжаттың атауы, нөмірі және күні)
Заңды тұлғаның лицензияны қайта рәсімдеуге өтініші
_________________________________________________________________
(қызмет түрінің атауы)
жүзеге асыру үшін берілген 20___ жылғы №___ "___" лицензияны
____________________________________________________________________
(лицензия нөмері, берілген күні, лицензияны берген лицензиардың атауы)
келесідей негіздемелерге байланысты (тиісті торда Х белгісін көрсетіңіз) қайта рәсімдеуіңізді сұраймын:
1) "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34–тармағымен белгіленген тәртіпке сәйкес лицензиатты – заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру (қажетті ұяшықта Х белгісін қойыңыз):
бірігу ____
қайта құру ____
қосылу ____
бөліну ____
бөлу ____
2) лицензиат – заңды тұлға атауының өзгеруі __________________________;
3) лицензиат – заңды тұлғаның тұрған жерінің өзгеруі __________________;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта рәсімдеу туралы талаптың болуы
_________________________________________________________________;
5) қызмет түрі атауының өзгеруі ______________________________________;
Заңды тұлғаның мекенжайы_________________________________________
__________________________________________________________________
(пошта индексі, ел (шетелдік заңды тұлға үшін) облыс, қала, аудан, елді мекен,
көшенің атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жай) нөмірі)
Электрондық пошта__________________________________________________
Телефон____________________________________________________________
Факс _______________________________________________________________
Банк шоты__________________________________________________________
(шот нөмірі, банк атауы және орналасқан жері)
Қызметті жүзеге асыру мекенжайы______________________________________
____________________________________________________________________
(пошта индексі, облыс, қала,аудан, елді мекен, көшенің атауы, үйдің/ғимараттың
(стационарлық үй-жай) нөмірі
Қоса беріледі___________парақ.
Осымен:
барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылатыны және оларға кез келген лицензия беру немесе бас тарту мәселелері бойынша ақпаратты жіберуге болатыны;
көрсетілетін қызметті алушыға сотпен лицензияланатын қызмет түрімен сотпен айналысуға тыйым салынбағаны;
қоса берілген барлық құжаттар шындыққа жанасатындығы және қолданыста болып табылатындығы;
лицензия беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, қол жетімділігі шектелген дербес деректерді пайдалануға келісім беретіндігі расталады;
Өтініш ЭЦҚ-мен расталған:
_______________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Жеке тұлғаның лицензияны қайта рәсімдеуге өтініші
_________________________________________________________________
(қызмет түрінің атауы)
жүзеге асыру үшін берілген 20___ жылғы №___ "___" лицензияны
____________________________________________________________________
(лицензия нөмері, берілген күні, лицензияны берген лицензиардың атауы)
келесідей негіздемелерге байланысты (тиісті торда Х белгісін көрсетіңіз) қайта рәсімдеуіңізді сұраймын:
1) дара тұлға-көрсетілетін алушының тегінің, атының, әкесінің атының (бар болса) өзгеруі _______;
2) дара кәсіпкер-көрсетілетін алушының қайта тіркелуі, оның атауының өзгеруі _______;
3) жеке кәсіпкер-көрсетілетін алушының қайта тіркелуі, оның заңды мекен-жайының өзгеруі _________;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта рәсімдеу туралы талаптардың болуы _________;
5) қызмет түрінің атауының өзгеруі _________.
Жеке тұлғаның тұратын жерінің мекенжайы ____________________________________
__________________________________________________________________________
(пошта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің атауы, үйдің/ғимараттың
нөмірі)
Электрондық пошта___________________________________________________
Телефон_____________________________________________________________
Факс _______________________________________________________________
Банк шоты___________________________________________________________
(шот нөмірі, банк атауы және орналасқан жері)
Қызметті жүзеге асыру мекенжайы______________________________________
____________________________________________________________________
(пошта индексі, облыс, қала,аудан, елді мекен, көшенің атауы, үйдің/ғимараттың
(стационарлық үй-жай) нөмірі
Қоса беріледі___________парақ.
Осымен:
барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылатыны және оларға кез келген лицензия беру немесе бас тарту мәселелері бойынша ақпаратты жіберуге болатыны;
көрсетілетін қызметті алушыға сотпен лицензияланатын қызмет түрімен сотпен айналысуға тыйым салынбағаны;
қоса берілген барлық құжаттар шындыққа жанасатындығы және қолданыста болып табылатындығы;
лицензия беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, қол жетімділігі шектелген дербес деректерді пайдалануға келісім беретіндігі расталады;
Өтініш ЭЦҚ-мен расталған:
_______________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 156 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 495 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11578 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 24 шілдеде жарияланған).
2. "Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 қарашадағы № 1112 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 495 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12865 болып тіркелген "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 28 қаңтарда жарияланған).
3. "Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 78 "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 495 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13292 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 14 наурызда жарияланған).
4. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 5 шілдедегі № 204 бұйрығы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16031 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 13 желтоқсанда жарияланған).
5. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 11 қаңтардағы № 13 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16628 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 28 наурызда жарияланған).
6. "Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 14 қаңтардағы № 6 "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 495 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18204 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 28 қаңтарда жарияланған).
7. "Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 105 "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 495 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18599 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 4 мамырда жарияланған).
8. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 196 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19070 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 2 тамызда жарияланған).