"Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігін (уақытша әкiмшісін) тағайындау және оның өкілеттіктері қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 147 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 25 мамырдағы № 58 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 мамырда № 20765 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігін (уақытша әкімшісін) тағайындау және оның өкілеттіктері қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 147 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9711 болып тіркелген, 2014 жылғы 3 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігін (уақытша әкімшісін) тағайындау және оның өкілеттіктері қағидаларында:

      кіріспесі алып тасталсын;

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігін (уақытша әкімшісін) тағайындау және оның өкілеттіктері қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) банк және өзге де операцияларды жүргізуге, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензиядан (бұдан әрі – лицензия) айыруға байланысты банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (бұдан әрі – ұйым) уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау тәртібін, ұйымның жұмыс тәртібін және ұйымның уақытша әкімшілігінің өкілеттіктерін айқындайды.";

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) уақытша әкімшілік (уақытша басқарушы) – уәкілетті орган мүліктің сақталуын қамтамасыз ету және ұйымды басқаруды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру үшін тағайындайтын орган (бұдан әрі – уақытша әкімшілік);

      2) уақытша әкімшіліктің басшысы – уәкілетті орган өз қызметкерлерінің ішінен не өзінің қызметкерлері болып табылмайтын адамдардың ішінен тағайындайтын адам;

      3) уақытша әкімшіліктің мүшесі – уәкілетті орган өз қызметкерлерінің ішінен не өзінің қызметкерлері болып табылмайтын адамдардың ішінен тағайындайтын адам;

      4) уәкілетті органның қызметкерлері болып табылмайтын адамдар – депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның және Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қызметкерлері.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Уақытша әкімшілікті тағайындау тәртібі және оның құрамы";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын және депозиттерге міндетті кепілдік беру объектісі болып табылатын жеке тұлғалардың депозиттері бойынша міндеттемелері бар банктің уақытша әкімшілігінің құрамына депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның өкілдері кіреді.

      Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінің құрамына Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының өкілдері кіреді.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Уақытша әкімшіліктің өкілеттіктері";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Уақытша әкімшіліктің жұмыс істеу мерзімі ішінде ұйымның ағымдағы міндеттемелерін орындауымен байланысты мәмілелерді, уақытша әкімшіліктің шығыстар сметасын және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, ұйымның мүлкімен мәмілелер жасасуға және орындауға, оның ішінде ұйымның кредиторлық берешекті өтеуді қоса алғанда, кез келген нысанда міндеттемелерді орындауына, ыңғайлас біркелкі талаптарды есепке жатқызуды жүзеге асыруға жол берілмейді.

      Уақытша әкімшіліктің жұмыс істеу мерзімі ішінде "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы заң) сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беру объектісі болып табылатын депозит сомасын және депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын және депозиторға қатысты кредитор немесе кепілгер болатын банктің қарсы талаптарының сомасын есепке жатқызуды жүзеге асыруға да жол беріледі.";

      16-тармақтың 2), 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) тағайындалған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде:

      Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14422 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 қаулысымен (бұдан әрі – № 207 қағидалар) бекітілген Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларының талаптарына сәйкес ресімделген, қол қою үлгілері мен мөр бедерлері бар жаңа құжаттарды банктерге және банктің корреспонденттік шоттары бар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынады;

      банктік шоттардағы (оның ішінде шетелдік банктердегі) қалдықтарды ұйымның бухгалтерлік есеп деректерімен салыстырады және салыстыру қорытындысы бойынша акт жасайды;

      мүлікті және олармен жасалған мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын органдарға, сондай-ақ "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" (бұдан әрі – орталық депозитарий), "Қазақстан қор биржасы" және кредиттік бюроларға уәкілетті органның ұйымды лицензиядан айыру және ұйым мүлкінің сақталуын және ұйымды басқаруды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктер өтетін уақытша әкімшілікті тағайындау туралы шешімдері жайында хабарлайды;

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына және мемлекеттік кірістер органдарына ұйымды лицензиядан айыру және уақытша әкімшілікті тағайындау туралы хабарлайды;

      3) ұйымның акционерлеріне, кредиторларына және дебиторларына уәкілетті органның лицензиядан айыру және уақытша әкімшілікті тағайындау туралы шешімдерін ұйымның интернет-ресурсында уақытша әкімшілік тағайындалған күннен бастап Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 10:00-ден кешіктірмей хабарландыру жариялау арқылы жібереді;

      4) банктің мүлкін сәйкестендіру үшін мамандарды және (немесе) сарапшыларды тарта отырып активтерге, міндеттемелерге (баланстағы және баланстан тыс), ұйымның құжаттарына түгендеу жүргізеді, олардың сақталуын қамтамасыз етеді және Қағидалардың 6-тарауында белгіленген тәртіп бойынша мүлік пен құжаттарды қабылдау-өткізу актісі бойынша өткізеді;";

      17-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы заңның 13-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға кепілдік берілетін депозиттер бойынша депозиторлардың тізімін, сондай-ақ банкті барлық банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиядан айыру күні қабылдау-өткізу актісі жасала отырып қағаз және электрондық тасымалдағыштарда жасалған кепілдік берілетін депозиттер бойынша кепілдік өтемақысының есебін жібереді;";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) лицензиядан айырылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18303 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 9 қаулысымен бекітілген Банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің (банкті уақытша басқарушының) төлемге қабілетсіз банктің активтері мен міндеттемелерін сатып алушы-банкке, сондай-ақ соттың мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енгенге дейін банктің уақытша әкімшілігінің (уақытша басқарушының) барлық банк операциялары мен өзге де операциялар жүргізуге арналған лицензиядан айырылған банктің активтері мен міндеттемелерін сатып алушы-банкке беруді жүзеге асыру қағидаларында белгіленген тәртіппен банктің активтерін және жеке және (немесе) заңды тұлғалардың алдындағы міндеттемелерінің бір бөлігімен не толық көлемде басқа банкке (банктерге) бірмезгілде беру операциясын жүргізу туралы шешім қабылдайды;";

      4) тармақша алып тасталсын;

      18-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын лицензиядан айырған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Сақтандыру туралы заңның 54-1-бабында және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17885 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 262 қаулысымен бекітілген Сақтандыру портфелін беру қағидаларында және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күнінен бастап, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау немесе лицензиядан айыру кезінде сақтандыру портфелін берудің ерекшеліктерінде көзделген тәртіппен сақтандыру портфелін беру туралы шешім қабылдайды;";

      18-1-тармақ алып тасталсын;

      4, 5 және 6-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Уақытша әкімшіліктің шығыстарын жүзеге асыру, уәкілетті органға ақпарат ұсыну

      5-тарау. Ұйымның ақша қаражатын және басқа құндылықтарын тексеру (ревизия), ұйымның мүлкін және құжаттарын түгендеу, қабылдау-өткізу

      6-тарау. Уақытша әкімшілік қызметінің аяқталуы";

      Қосымшаға сәйкес нысан бойынша уақытша әкімшілік шығыстарының сметасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Банктерді реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Халықаралық қатынастар және сыртқы коммуникациялар басқармасы осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
Басқармасының
2020 жылғы 25 мамырдағы
№ 58 қаулысына
қосымша
  Банктің, сақтандыру
(қайта сақтандыру)
ұйымының уақытша әкімшілігін
(уақытша басқарушысын)
тағайындау және олардың
өкілеттіктері қағидаларына
қосымша
  Нысан
  "Бекітілді"
Уақытша әкімшілік басшысы
____________________________
(қолы)
20___ жылғы "____" _________

жылы _____ айы____________ ____________________________________________________ ұйымның атауы уақытша әкімшілігі шығыстарының сметасы

Шығыстар баптарының атауы

Жоспарланған шығыстар сомасы (мың теңгемен)

1

2

3

1

Қызметкерлерге еңбекақы төлеу


1.1

Ұйымның еңбек шарттары негізінде жұмыс істейтін қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу


1.1.1

Лауазымдық жалақы


1.1.2

Табыс салығы


1.1.3

Міндетті зейнетақы жарналары


1.2

Өтеулі қызмет көрсету шарттары бойынша қызмет көрсететін тұлғаларға еңбекақы төлеу


1.2.1

көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеу


1.2.2

жеке табыс салығы


1.2.3

міндетті зейнетақы жарналары


2

Бюджетке аударымдар


2.1

Әлеуметтік аударымдар және салықтар, оның ішінде әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар


2.2

Салықтар


2.3

Төлемдер


2.4

Өзге де аударымдар және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдер


3

Әкімшілік шығыстар


3.1

Қызметтік және шаруашылық қажеттікке арналған көлікті жалдау қызметтері


3.2

Байланыс қызметтері (телекоммуникация шығыстары, телефон, телеграф пайдаланғаны үшін абоненттік төлем, қалааралық және халықаралық сөйлесу шығыстары, пошта және анықтамалық қызметтері көрсететін қызметтер)


3.3

Үйлер мен ғимараттарды (меншікті және кепілге қойылған) күзету және сигнализация қызметтері


3.4

Көлікті күзету қызметтері


3.5

Көліктерге арналған тұрақтар ұсыну қызметтері


3.6

Көлік тіркеу қызметтері


3.7

Көлікті техникалық бақылаудан өткізу қызметтері


3.8

Көлікті сақтандыру қызметтері


3.9

Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеу қызметтері


3.10

Коммуналдық қызметтер


3.11

Мердігерлік тәсілмен жүзеге асырылатын негізгі құрал-жабдықтарды және тауар-материалдық құндылықтарды ағымдағы жөндеу, техникалық, сервистік қызмет көрсету (қарап тексеру) жұмыстары


3.12

Үй-жайды жалдау


3.13

Жылжымайтын мүлік құқығын тіркеу қызметтері


3.14

Мүлікті бағалау қызметтері


3.15

Бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау қызметтері


3.16

Жылыту жүйесін іске қосуға дайындау қызметтері


3.17

Сантехникалық жұмыстар


3.18

Мүлікті сақтау қызметтері


3.19

Құжаттарды нотариаттық куәландыру және апостильдеу қызметтері


3.20

Мүлікті тасымалдау, тиеу, түсіру қызметтері


3.21

Аукциондарды (сауда-саттықты) ұйымдастыру және өткізу қызметтері


3.22

Инкассациялау қызметтері


3.23

Сараптама жүргізу қызметтері


3.24

Аудит жүргізу қызметтері


3.25

Құжаттарды аудару қызметтері


3.26

Телефон нөмірлерін орнату, ауыстыру және аудару


3.27

Орталық депозитарий қызметтері


3.28

Банк шотына қызмет көрсету, банк шотын ашпай жүзеге асырылған төлемдер мен ақша аударымдары бойынша қызметтер


3.29

Құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу және оларды мұрағатқа өткізу қызметтері


3.30

Жеке сот орындаушыларының қызметтері


3.31

Коллекторлық қызметтер


4

Тауар-материалдық құндылықтарды сатып алу шығыстары


4.1

Офистік жабдықты жұмыс күйінде ұстау шығыстары


4.2

Көлік құралдарын күтіп-ұстау шығыстары


4.3

Үй-жайларды күтіп-ұстау шығыстары


4.4

Қағаз және бланк өнімдерін сатып алу шығыстары


4.5.

Кеңсе тауарларын сатып алу шығыстары


4.6

Жанар-жағар май материалдарын сатып алу шығыстары


5

Іссапар шығыстары


6

Қате нұсқау бойынша келіп түскен ақшаны қайтару шығыстары


7

Банктің активтері мен міндеттемелерін басқа банкке (банктерге) бірмезгілде беру бойынша операцияларды жүргізуге арналған банк шығыстары


8

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін толық көлемде басқа сақтандыру ұйымына беру бойынша шығыстары


9

Көзделмеген шығыстар


Бір айдағы жиынтығы


      Бас бухгалтер ________________________________________________

                        (тегі, аты, әкесінің аты (ол болса)                  (қолы)

      Орындаушы __________________________________________________

                        (тегі, аты, әкесінің аты (ол болса)                   (қолы)

      Телефон нөмірі __________________________________