"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің (банкті уақытша басқарушының) төлемге қабілетсіз банктің активтері мен міндеттемелерін сатып алушы-банкке, сондай-ақ соттың мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енгенге дейін банктің уақытша әкімшілігінің (уақытша басқарушының) барлық банк операциялары мен өзге де операциялар жүргізуге арналған лицензиядан айырылған банктің активтері мен міндеттемелерін сатып алушы-банкке беруді жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) "Банктік операцияларды жүргізуге берілген лицензиядан айырылған банктің активтерін және міндеттемелерін бір мезгілде басқа банкке (банктерге) беру операциясын жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы № 176 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5770 болып тіркелген, 2009 жылғы 2 қазанда "Заң газеті" газетінде № 150 (1573) жарияланған);
2) "Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау мәселелері жөніндегі кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 27 мамырдағы № 93 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11670 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі 3-тармағының күші жойылды деп танылсын.
3. Қаржы нарығының әдіснамасы департаменті (Сәлімбаев Д.Н.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы |
Д. Ақышев |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 9 қаулысымен бекітілді |
Банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің (банкті уақытша басқарушының) төлемге қабілетсіз банктің активтері мен міндеттемелерін сатып алушы-банкке, сондай-ақ соттың мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енгенге дейін банктің уақытша әкімшілігінің (уақытша басқарушының) барлық банк операциялары мен өзге де операциялар жүргізуге арналған лицензиядан айырылған банктің активтері мен міндеттемелерін сатып алушы-банкке беруді жүзеге асыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің (банкті уақытша басқарушының) төлемге қабілетсіз банктің активтері мен міндеттемелерін сатып алушы-банкке, сондай-ақ соттың мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енгенге дейін банктің уақытша әкімшілігінің (уақытша басқарушының) барлық банк операциялары мен өзге де операциялар жүргізуге арналған лицензиядан айырылған банктің активтері мен міндеттемелерін сатып алушы-банкке беруді жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Банктер туралы заң) сәйкес әзірленді және банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің (банкті уақытша басқарушының) төлемге қабілетсіз банктің активтері мен міндеттемелерін сатып алушы-банкке, сондай-ақ соттың мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енгенге дейін банктің уақытша әкімшілігінің (уақытша басқарушының) барлық банк операциялары мен өзге де операциялар (бұдан әрі – беру жөніндегі операция) жүргізуге арналған лицензиядан айырылған банктің активтері мен міндеттемелерін сатып алушы-банкке беруді жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2. Қағидаларда қолданылатын ұғымдар:
1) активтер мен міндеттемелерді беру жөніндегі операция - төлемге қабілетсіз банктің не барлық банк операциялары мен өзге де операциялар жүргізуге арналған лицензиядан айырылған банктің активтері мен міндеттемелерін соттың мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енгенге дейін сатып алушы банкке бір мезгілде беру жөніндегі операция;
2) әлеуетті сатып алушы банк - банктің активтері мен міндеттемелерінің барлығын немесе бөлігін беру жөніндегі операцияға қатысу туралы ұсынысты қабылдаған екінші деңгейдегі банк;
3) уақытша әкімшілік - консервациялау кезеңіндегі банктi басқару жөнiндегi уақытша әкiмшiлiк (банкті уақытша басқарушы) не соттың мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енгенге дейінгі банктің уақытша әкімшілігі (уақытша басқарушысы);
4) уәкілетті орган - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2-тарау. Уақытша әкімшіліктің төлемге қабілетсіз банктің активтері мен міндеттемелерін сатып алушы-банкке беруін жүзеге асыру тәртібі
3. Уақытша әкімшілік активтер мен міндеттемелерді беру жөніндегі операцияны уәкілетті органның шешімі бойынша жүзеге асырады.
4. Уақытша әкімшілік активтер мен міндеттемелерді беру жөніндегі операцияны жүргізу үшін Қағидалардың 7-тармағының талаптарына сәйкес келетін екінші деңгейдегі банктерге "Қатаң конфиденциалды" деген грифті қоя отырып, активтер мен міндеттемелерді беру жөніндегі операцияны жүргізуге қатысу туралы ұсыныс хатты жіберу арқылы әлеуетті сатып алушы-банк іздеуді жүзеге асырады.
Хатта төлемге қабілетсіз банктің берілетін активтер мен міндеттемелерінің болжамды мөлшері көрсетіледі.
5. Уақытша әкімшіліктен активтер мен міндеттемелерді беру жөніндегі операцияны жүргізуге қатысу туралы ұсыныс хат алған екінші деңгейдегі банктер оны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде "Қатаң конфиденциалды" деген грифті қойып, қарау және жауап беру мерзімін көрсете отырып, активтер мен міндеттемелерді беру жөніндегі операцияны жүргізуге қатысу туралы ұсыныс хатты уақытша әкімшілікке жібереді.
Активтер мен міндеттемелерді беру жөніндегі операцияны жүргізуге қатысуға келісім берген кезде әлеуетті сатып алушы-банктер қабылданатын активтердің қабылданатын міндеттемелерге пайыздық арақатынасын жауапта көрсетеді.
6. Уақытша әкімшілік банктердің жауап беру мерзімі аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей әлеуетті сатып алушы-банктер еркін нысанда ұсынған активтер мен міндеттемелерді беру жөнінде операция жүргізуге қатысуға өтінімдерді (бұдан әрі – өтінім) қарайды және оларды қарау нәтижелері бойынша:
1) Қағидалардың 7-тармағының талаптарына сәйкес банктің активтері мен міндеттемелерін сатып алушы-банкті (сатып алушы-банктерді) таңдауды жүзеге асырады, ол хаттамалық шешіммен ресімделеді;
2) әлеуетті сатып алушы-банкпен (сатып алушы-банктермен) бірлесіп активтер мен міндеттемелерді беру жөніндегі операцияны жүргізуге қатысу мүмкіндігін қарауға байланысты алынған ақпараттың конфиденциалдылығын сақтау және жария етпеу туралы келісімге (міндеттемеге) қол қояды.
7. Әлеуетті сатып алушы-банк мынадай талаптарға сәйкес келеді:
1) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылады;
2) уәкілетті органның жеке, заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банктік шоттарын ашуға және жүргізуге, банктік қарыз операцияларын, кассалық операцияларды жүргізуге берілген лицензиясы бар;
3) банктер үшін соңғы есепті күнге және алдағы уақытта жүзеге асырылатын активтер мен міндеттемелерді беру жөніндегі операция ескеріле отырып белгіленген пруденциялық нормативтердің және (немесе) сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттердің орындалуын қамтамасыз етеді;
4) төлемге қабілетсіз банктің клиенттеріне қызмет көрсету үшін филиалдары болады;
5) өтінім берген күні уәкілетті орган қолданған 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 213-бабының алтыншы, сегізінші бөліктерінде, 227-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін қолданыстағы әкімшілік жазалары, қадағалап ден қою шаралары (қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларынан басқа) және санкциялар болмайды.
Ескерту. 7-тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.8. Бір өтінім болған кезде Қағидалардың 7-тармағының талаптарына сәйкес әлеуетті сатып алушы-банк сатып алушы-банк болып танылады.
Екі және одан көп өтінім болған кезде уақытша әкімшілік қабылданатын міндеттемелер мен активтер арасындағы барынша төмен пайыздық арақатынасты ұсынған әлеуетті сатып алушы-банкті жеңімпаз деп таниды.
Қабылданатын міндеттемелер мен активтер арасындағы барынша төмен пайыздық арақатынасты ұсынған екі және одан көп әлеуетті сатып алушы-банк болған жағдайда уақытша әкімшілік активтерінің соңғы есепті күнгі мөлшері ең үлкен әлеуетті сатып алушы-банкті таңдайды.
Егер таңдалған әлеуетті сатып алушы-банк міндеттемелердің бір бөлігін ғана қабылдауға мүмкіндігінің болуы туралы хабарласа, онда уақытша әкімшілік соңғы есепті күнге азаю ретімен активтер мөлшерінің шамасына қарай, таңдалған әлеуетті сатып алушы-банктен кейін келетін басқа әлеуетті сатып алушы-банктердің арасынан таңдайды.
Міндеттемелердің тек бір бөлігін қабылдау мүмкіндігі туралы хабарлаған әлеуетті сатып алушы-банкке, бір мезгілде осы сатып алушы-банктің активтері болып табылатын міндеттемелер берілмейді.
9. Әлеуетті сатып алушы-банк әлеуетті сатып алушы-банкті қосымша таңдаудан бас тартқан жағдайда уақытша әкімшілік хаттамалық шешім ресімдейді.
Екі және одан көп әлеуетті сатып алушы-банкті таңдау туралы шешім уақытша әкімшіліктің хаттамалық шешімімен ресімделеді.
10. Дебиторлық берешек бойынша берілетін талап ету құқықтарының құны баланстық және баланстан тыс шоттарда есепте тұрған берешек сомасы ретінде айқындалады.
Активтер мен міндеттемелерді беру жөніндегі операцияны жүзеге асырған кезде төлемге қабілетсіз банк активтерінің құны мен міндеттемелерінің мөлшері уақытша әкімшілікпен және сатып-алушы банкпен (сатып-алушы банктермен) келісілген активтер мен міндеттемелерді беру күні бойынша есептеледі.
Егер кепілдік берілген депозиттер бойынша берілетін міндеттемелердің мөлшері төлемге қабілетсіз банктің мүлкінің мөлшерінен асып кеткен жағдайда, онда уақытша әкімшілік Банктер туралы заңның 61-11-бабының 3-тармағына сәйкес туындаған айырманы толықтыру үшін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға уақытша әкімшілік белгілеген мерзімде өтініш жасайды.
11. Сатып-алушы банк (сатып-алушы банктер) бағалаушының қызметіне ақы төлей отырып, сатып-алушы банктің (сатып-алушы банктердің) бастамасы бойынша төлемге қабілетсіз банктің берілетін активтеріне бағалау жүргізіледі.
12. Активтер мен міндеттемелерді беру жөніндегі операцияларды жүргізуге байланысты шығыстар сатып-алушы банктің (сатып-алушы банктердің) қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
13. Уақытша әкімшілік және сатып алушы-банк 4 (төрт) дана (2 (екі) дана қазақ және 2 (екі) дана орыс тілдерінде) активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру жөніндегі шартқа қол қояды.
14. Өткізу актісін ресімдеу кезінде активтер мен міндеттемелерді беру жөніндегі операцияны жүзеге асырған күні онда мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1) атауы, түгендеу нөмірі (бар болса), баланстық құны, төлемге қабілетсіз банк активтері есепке алынған банктік шоттардың нөмірлері, төлемге қабілетсіз банктің меншік құқығын растайтын құжаттар көрсетілген төлемге қабілетсіз банктің берілетін активтерінің мөлшері және тізбесі;
2) қарыз алушы - жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), қарыз алушы - заңды тұлғаның атауы, қарыздар бойынша негізгі борыш, банктік қарыз шарттарының жасалған күндері және нөмірлері, банктік қарыз шарттарының қолданылу мерзімі, банктік қарыз шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемелері, банктің банктік қарыздар бойынша есептеген және алған сыйақы сомалары көрсетілген банктік қарыздар бойынша берілетін талап ету құқықтарының құны және тізбесі;
3) берілетін міндеттемелердің мөлшері, оның ішінде депозитор - жеке тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), депозитор - заңды тұлғалардың атауы, депозиттер сомасы есепке алынған банктік шоттардың нөмірлері, депозит сомасы, банктік шот және (немесе) банктік салым шартын жасасу күні және нөмірі, шарттың қолданылу мерзімі, салым бойынша сыйақы мөлшерлемесі көрсетілген депозиттер тізбесі;
4) кредитор - жеке және заңды тұлғалар бойынша ақпарат көрсетілген өзге де кредиторлар алдындағы міндеттемелердің мөлшері және тізбесі;
5) клиенттер, олардың операциялары және төлемге қабілетсіз банктің операциялары туралы ақпарат, бастапқы құжаттар, клиенттермен өзара қарым-қатынастар тарихы және қабылданатын активтер мен міндеттемелер бойынша құқықтар мен міндеттемелерді тиісінше орындау үшін қажетті өзге де ақпарат бар берілетін дерекқордың (оның ішінде қағаз нысандағы құжаттарды мұрағаттық сақтау орындарының) тізбесі.
15. Уақытша әкімшілік активтер мен міндеттемелерді беру жөніндегі операцияларды жүргізген соң бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органға сатып алушы-банкпен (сатып алушы - банктермен) жасалған шарттың, өткізу актісінің көшірмелерін ұсынады.
16. Активтер мен міндеттемелерді беру туралы хабарландыруды уақытша әкімшілік, төлемге қабілетсіз банк, сатып алушы-банк, уәкілетті орган Банктер туралы заңның 61-11-бабының 7-тармағына сәйкес активтер мен міндеттемелерді беру жөніндегі операцияларды жүргізген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей жариялайды.
17. Уақытша әкімшілік басқа банкке (банктерге) активтер мен міндеттемелерді беру жөніндегі операцияларды жүзеге асыру мүмкін болмаған жағдайда, уәкілетті органға банктің активтері мен міндеттемелерін тұрақтандыру банкіне беру жөніндегі операцияларды жүргізу туралы ұсыныс енгізеді.
3-тарау. Уақытша әкімшіліктің барлық банк операциялары мен өзге де операциялар жүргізуге лицензиясынан айырылған банктің активтері мен міндеттемелерін сатып алушы-банкке беруді жүзеге асыру тәртібі
18. Барлық банк операциялары және өзге де операциялар жүргізуге лицензиясынан айырылған банктің активтері мен міндеттемелерін беру жөніндегі операцияларды жүргізу туралы шешімді уақытша әкімшілік қабылдайды.
19. Уақытша әкімшілік банкті барлық банк операциялары және өзге де операциялар жүргізуге лицензиясынан айырған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде активтер мен міндеттемелерді беру жөніндегі операцияларды жүргізу туралы шешім қабылдайды және төмендегі ақпаратты бере отырып активтер мен міндеттемелерді беру жөніндегі операцияларды жүргізу туралы мәселені келісу үшін уәкілетті органға өтініш жасайды:
1) барлық банк операциялары мен өзге де операциялар жүргізуге арналған лицензиядан айырылған банктің беруге ұйғарылған міндеттемелері мен активтерінің мөлшері, дебиторлық берешек бойынша міндеттемелерді, талап ету құқығын растайтын құжаттарды көрсетумен олардың сипаттамасы, сондай-ақ барлық банк операциялары мен өзге де операциялар жүргізуге арналған лицензиядан айырылған банктің беруге ұйғарылған активтерге меншік құқығы;
2) барлық банк операциялары мен өзге де операциялар жүргізуге арналған лицензиядан айырылған банктің активтері мен міндеттемелерін бір мезгілде беру шартының жобасы;
3) берілетін активтердің берілетін міндеттемелерге арақатысының ең жоғарғы рұқсат етілген мөлшері.
Беру үшін көзделген барлық банк операциялары мен өзге де операциялар жүргізуге арналған лицензиядан айырылған банктің активтері мен міндеттемелерінің тізбесіне бұрын оның клиенттері болған тұлғалардың шоттарын жабуға, сондай-ақ Банктер туралы заңның 48-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес оны барлық банк операциялары мен өзге де операциялар жүргізуге арналған лицензиядан айырғаннан кейін барлық банк операциялары мен өзге де операциялар жүргізуге арналған лицензиядан айырылған банк клиентінің шотына түскен ақша енгізілмейді.
Уәкілетті органның сұрау салуы бойынша уақытша әкімшілік активтер мен міндеттемелерді беру жөніндегі операциялар жүргізумен байланысты қолда бар құжаттарды ұсынады.
20. Уақытша әкімшіліктің барлық банк операциялары мен өзге де операциялар жүргізуге арналған лицензиядан айырылған банктің активтері мен міндеттемелерін беру жөніндегі операциялар жүргізуі жөніндегі мәселені уәкілетті органмен келісу не келісуден бас тарту мерзімі 10 (он) жұмыс күнінен аспайды.
21. Қағидалардың 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16 және 17-тармақтарының ережелері уақытша әкімшіліктің барлық банк операциялары мен өзге де операциялар жүргізуге арналған лицензиядан айырылған банктің активтері мен міндеттемелерін беру жөніндегі операциялар жүргізуі жағдайларына қолданылмайды.