"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің мынадай бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 222 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11340 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) "Қызметтік тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін есепке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" 2015 жылғы 17 маусымдағы № 349 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11725 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскерлерді пәтерлерге орналастыру бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі | Н. Ермекбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
__________________________
2020 жылғы "___"_________
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 232 бұйрығымен бекітілген |
"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің аудандық пайдалану бөлімдері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) көрсетілетін қызметті беруші тұрғын үй бөлімінің (бөлімшесінің) жауапты орындаушысы - тұрғын үй комиссиясының хатшысы;
2) тұрғын үй комиссиясы - әскери қызметшілерді қызметтік тұрғын үйге мұқтаж деп тану мәселелерін және тұрғын үй қатынастары бойынша басқа да мәселелерді қарау үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі аудандық пайдалану бөлімдері басшысының шешімімен құрылатын комиссия.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баянатпен көрсетілетін қызметті берушіге не www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы өтініш жасайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де мәліметтер Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі - Стандарт) мазмұндалған.
Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі Стандарттың 8-тармағында айқындалған.
5. Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімшесі көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған күні оның баянатын қабылдайды және тіркейді. Тіркелгеннен кейін баянаттың көшірмесі мөртаңбаны, кіріс нөмірі мен тіркелген күнін қоюмен көрсетілетін қызметті алушыға беріледі. Портал арқылы өтініш жасаған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салуды қабылдау туралы белгі жолданады.
Көрсетілетін қызметті алушы Қағидалардың 4-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші баянатты қабылдаудан бас тартады, ал көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы өтініш жасаған кезде 2 (екі) жұмыс күні ішінде оның "жеке кабинетіне" баянатты қабылдаудан бас тарту туралы белгі жолданады.
6. Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімшесі тұрғын үй комиссиясының хатшысына қоса берілген құжаттармен бірге көрсетілетін қызметті алушының баянатын ол тіркелген күні береді.
7. Тұрғын үй комиссиясының хатшысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде қоса берілген құжаттармен бірге көрсетілетін қызметті алушының баянатын тұрғын үй комиссиясы отырысының қарауына шығарады.
8. Тұрғын үй комиссиясы ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары саласындағы заңнамасына сәйкес келуін қарайды және көрсетілетін қызметті алушының баянаты тіркелген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей қызметтік тұрғын үйге мұқтаждарды есепке қою не есепке қоюдан бас тарту туралы хаттамалық шешім қабылдайды.
9. Тұрғын үй комиссиясы хаттамалық шешім қабылдағаннан кейін тұрғын үй комиссиясының хатшысы көрсетілетін қызметті алушыны қызметтік тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қою не есепке қоюдан бас тарту туралы анықтаманы жасайды.
Қағазда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімшесі арқылы Қағидаларға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша анықтама беру, ал электрондық түрде - портал арқылы Қағидаларға 5 және 6-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша анықтамалар беру болып табылады.
Портал арқылы өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту Стандарттың 9-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
10. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсетуді мониторингтеудің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету кезеңі туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым:
1) көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімшесі арқылы қолма-қол;
2) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында www.mod.gov.kz мекенжайы бойынша, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде беріледі.
Шағымда тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде), пошталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі.
Қолма-қол, сондай-ақ пошта арқылы келіп түскен шағымның қабылданғанын растау оны көрсетілетін қызметті берушінің құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімшесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері журналында тіркеу (шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні қойылады) болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушыға оның шағымының қабылданғанын растау үшін шағымды қабылдаған адам нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі және инициалдары, байланыс деректері мен жауап алатын орны көрсетілген талон береді.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Портал арқылы өтініш жасаған кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы алуға болады.
Шағымды портал арқылы жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеу барысында жаңартылып отырады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен өтініш жасай алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
13. Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қолжетімділік режимінде көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметі, Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары арқылы мемлекеттік қызмет көрсету белгісі туралы ақпаратты алуға мүмкіндігі бар.
14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.mod.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
15. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.mod.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған телефон арқылы алуға болады.
Баянат
Сізден мені және менің отбасы мүшелерімді (отбасы құрамының өзгеруіне байланысты) "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 101-2-бабында көзделген тұрғын үйге өз құқығымды іске асыру үшін ________________________ гарнизоны бойынша қызметтік тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қоюыңызды сұраймын.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Қосымша _____ парақта:
Қоса берілетін құжаттардың атауы:
1) _________________________;
2) _________________________;
3) ....
___________________________________________
(күні, көрсетілетін қызметті алушының қолы)
"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 2-қосымша |
"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің аудандық пайдалану бөлімдері |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері |
1)көрсетілетін қызметті беруші; |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | күнтізбелік 30 (отыз) күн |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | электрондық/қағазда |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Есепке қою күнін және кезектің реттік нөмірін көрсетумен қызметтік тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қою туралы анықтама не қызметтік тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қоюдан бас тарту туралы анықтама беру. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін. |
7 | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті берушіде - 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұмаға дейін белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін. |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1) мемлекеттік мекеменің кадр бөлімшесі (жасақтау бөлімшесі) берген отбасы құрамы және өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына өтемақы алу туралы мәліметтер көрсетілген қызмет орнынан анықтама; |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1)көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) нақты еместігін анықтау; |
"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 3-қосымша |
|
Нысан |
__________________________ гарнизонында қызметтік тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қою туралы анықтама
Әскери қызметші __________________________________________________________,
(көрсетілетін қызметті алушының әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
ол және оның отбасы мүшелері ________________________________ бойынша ____________
(гарнизонның атауы) (кезектегі нөмірі)
болып қызметтік тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрғаны туралы берілді:
1)______________________________________________________________________________;
(туыстық дәрежесі, көрсетілетін қызметті алушы отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған кезде)
2)______________________________________________________________________________;
(туыстық дәрежесі, көрсетілетін қызметті алушы отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған кезде)
3)______________________________________________________________________________;
(туыстық дәрежесі, көрсетілетін қызметті алушы отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған кезде)
4)….
Тұрғын үй комиссиясының 20 __ жылғы "____" ___________ № ____ хаттамасымен
әскери қызметші ________________________________________ және оның отбасы мүшелері
(тегі және инициалдары) _____________________ бастап тұрғын үйге мұқтаж деп танылды.
(күні, айы, жылы)
Осы анықтама әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі _______________________________________
аудандық пайдалану бөлімі тұрғын үй комиссиясының төрағасы
________________________________________________________________________________
(әскери атағы) (инициалдары және тегі)
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі _______________________________ аудандық
пайдалану бөлімі тұрғын үй комиссиясының хатшысы
________________________________________________________________________________
(әскери атағы (ол бар болған кезде) (инициалдары, тегі)
елтаңбалы мөр
Орындаушы: ___________________
(тегі және инициалдары)
Тел.:___________
Алдым: ___________________________ көрсетілетін қызметті алушының қолы
(тегі және инициалдары)
20__ж. "___" ____________
"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 4-қосымша |
|
Нысан |
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) ____________________________ (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы) |
________________ гарнизонында қызметтік тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қоюдан бас тарту туралы анықтама
"Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы
Заңының ___ бабы ___ тармағының ___ тармақшасын басшылыққа ала отырып, мемлекеттік
қызмет көрсетуден бас тартады _____________________________________________________
(Қағидаларға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету)
Осы анықтама әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі____________________ аудандық
пайдалану бөлімі тұрғын үй комиссиясының төрағасы
_____________________________________________________
(әскери атағы) (инициалдары және тегі)
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі ____________________ аудандық
пайдалану бөлімі тұрғын үй комиссиясының хатшысы
____________________________________________________
(әскери атағы (ол болған кезде) (инициалдары, тегі)
елтаңбалы мөр
Орындаушы: ___________________
(тегі және инициалдары)
Тел.: ___________
Алдым: ___________________________ (көрсетілетін қызметті алушының қолы)
(тегі және инициалдары)
20__ж. "___"____________
"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 5-қосымша |
|
Нысан |
__________________________ гарнизонында қызметтік тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қою туралы анықтама
Әскери қызметші __________________________________________________________,
(көрсетілетін қызметті алушының әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
ол және оның отбасы мүшелері ________________________________ бойынша ____________
(гарнизонның атауы) (кезектегі нөмірі)
болып қызметтік тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрғаны туралы берілді:
1)______________________________________________________________________________;
(туыстық дәрежесі, көрсетілетін қызметті алушы отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған кезде)
2)______________________________________________________________________________;
(туыстық дәрежесі, көрсетілетін қызметті алушы отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған кезде)
3)______________________________________________________________________________;
(туыстық дәрежесі, көрсетілетін қызметті алушы отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған кезде)
4)….
Тұрғын үй комиссиясының 20 __ жылғы "____" ___________ № ____ хаттамасымен
әскери қызметші ________________________________________ және оның отбасы мүшелері
(тегі және инициалдары)
_____________________ бастап тұрғын үйге мұқтаж деп танылды. (күні, айы, жылы)
Анықтама талап етілетін орны бойынша ұсыну үшін берілді.
Анықтама берілген күні__________ "Берілген күні".
Анықтама жарамды: мерзімсіз.
АПБ атауы: ________________________________________________ "Орындаушының ТАӘ"
Деректер Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ақпараттық жүйесінен ұсынылды.
Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы
7 қаңтардағы ҚРЗ 7-бабына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатқа тең.
________________ гарнизонында қызметтік тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қоюдан бас тарту туралы анықтама
"Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы
Заңының ___ бабы ___тармағының ___ тармақшасын басшылыққа ала отырып, мемлекеттік
қызмет көрсетуден бас тартады _____________________________________________________
(стандартқа сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету)
Анықтама берілген күні__________ "Берілген күні".
Анықтама жарамды: мерзімсіз.
АПБ атауы: ___________________________________ "Орындаушының ТАӘ"
Деректер Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ақпараттық жүйесінен ұсынылды
Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы
7 қаңтардағы ҚРЗ 7-бабына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатқа тең.