ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларын келісу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін объектілерді салу, реконструкциялау (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, қайта бейіндеу), пайдалану, консервациялау, жою (кейіннен кәдеге жарату) қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Отын-энергетикалық және минералды шикізат аудандары мен кен орындары бойынша жер қойнауы туралы ақпараттың экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензияны беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес тізім бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күнінің ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушы |
А. Примкулов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2020 жылғы 22 мамырдағы № 117 бұйрығына 1-қосымша |
"Су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларын келісу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларын келісу" мемлекеттік қызмет көрсету Қағидалары (бұдан әрі – Қағида) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және "Су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларын келісу" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Геология комитетiнiң өңiраралық департаменттерi (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3. Қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы өтініш жолдайды.
Өтінішке келесі құжат қоса беріледі: су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларының бағдарламасы.
Өтініш беру үшін көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін) талап етіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес "Су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларын келісу" мемлекеттік қызмет стандартында (бұдан әрі – Стандарт) көрсетілген.
5. Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.
Құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, сондай-ақ әрекет ету мерзімі өтіп кеткен құжаттар ұсынған жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оны қабылдауды, тіркеуді және орындауға жолдауды жүзеге асырады.
Жауапты орындаушы су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шаралары бағдарламасының қойылатын талаптарға сәйкестігін және толықтығын 7 (жеті) жұмыс күнінде тексереді.
Жауапты орындаушы 2 (екі) жұмыс күнінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келісім-хатты немесе Стандарттың 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды.
Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация 30 күнтізбелік күн ішінде құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді.
6. Көрсетілетін қызметті беруші Стандарттың 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
7. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
8. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік басқару және бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті орган басшысының атына, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына не ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
Өтініш
Сізден жерасты су объектілерінің сарқылуын болдырмауға бағытталған қорғау іс-шараларын келісуіңізді сұраймын.
Объектінің орналасқан жері: _________________________ (облыс)
Қосымша:
______________________________________________________________
______________________________________________________________
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
"Су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларын келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Геология комитетiнiң өңiраралық департаменттерi (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) | Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүзеге асырылады (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация). |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | Қызмет көрсету мерзімі – 10 жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Қағаз түрінде |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Су объектілерінің сарқылуын болғызбауға бағытталған су қорғау іс-шараларын келісім-хат немесе мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін негізде көрсетіледі |
7 | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті берушілер – Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде: |
9 |
Мемлекеттік қызмет |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де талаптар: мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда және заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсету, өз бетінше жүріп-тұру, бағдарлану қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтуы бар көрсетілетін қызметті алушыларға бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 777 арқылы өтініш беру арқылы тұрғылықты жеріне барып жүргізеді. |
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № ____ бөлімі (мекенжайы: ___________________________________) Сіздердің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға, атап айтқанда:
___________________________________________:
Жоқ құжаттардың атауы:
1) __________________________________________________________;
2) __________________________________________________________;
3)… ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Осы қолхат тараптардың әрқайсысына бір данадан берілетін 2 данада жасалды.
___________________________________________ ________________
Т.А.Ә. (Мемлекеттік корпорация қызметкерінің) (қолы)
Орындаушы. Т.А.Ә. _____________
Телефоны __________
Алдым: ______________________ _______________________________
Т.А.Ә. көрсетілетін қызметті алушының қолы
20 ___ жылғы "___" ___________
Өңіраралық департаменттің қарауына ұсынылды:
1) "Су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларын келісу" мемлекеттік қызмет көрсету Қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) Су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларының бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) - 1 дана.
Бағдарлама әзірленіп қарастыруға және келісуге ұсынылды _________________
Бағдарлама ___________________сәйкес құрастырылған.
Бағдарлама _______________________үшін әзірленген.
Бағдарламадакөзделген: __________________
Қорытынды: Бағдарлама келісілді/
Департамент келесі негіздер бойынша келісуден бас тартады (себебін көрсету)_________________________________________
Келіспеген жағдайда "Су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларын келісу" мемлекеттік қызмет көрсету Қағидаларының 9-тармағына сәйкес Сіз мемлекеттік қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) жоғары тұрған органға немесе сотқа шағымдануға құқылысыз.
Департаменттің басшысы
Орындаушы (Т.А.Ә., телефон)
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2020 жылғы 22 мамырдағы № 117 бұйрығына 2-қосымша |
"Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін объектілерді салуға, реконструкциялауға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, қайта бейіндеуге), пайдалануға, консервациялауға, жоюға (кейіннен кәдеге жаратуға) қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін объектілерді салуға, реконструкциялауға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, қайта бейіндеуге), пайдалануға, консервациялауға, жоюға (кейіннен кәдеге жаратуға) қорытынды беру" Қағидалары (бұдан әрі – Қағида) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және "Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін объектілерді салуға, реконструкциялауға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, қайта бейіндеуге), пайдалануға, консервациялауға, жоюға (кейіннен кәдеге жаратуға) қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Геология комитетiнiң өңiраралық департаменттерi (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3. Қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы өтініш жолдайды.
Өтінішке келесі құжат қоса беріледі: жобалық құжаттама.
Өтініш беру үшін көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін) талап етіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес "Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін объектілерді салуға, реконструкциялауға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, қайта бейіндеуге), пайдалануға, консервациялауға, жоюға (кейіннен кәдеге жаратуға) қорытынды беру" мемлекеттік қызмет стандартында (бұдан әрі – Стандарт) көрсетілген.
5. Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.
Құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері және көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, сондай-ақ әрекет ету мерзімі өтіп кеткен құжаттар ұсынған жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне берген кезде оның көшірмесіндегі құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы белгі қағаз түріндегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оны қабылдауды, тіркеуді және орындауға жолдауды жүзеге асырады.
Жауапты орындаушы жобалық құжаттаманың қойылатын талаптарға сәйкестігін және толықтығын 7 (жеті) жұмыс күнінде тексереді.
Жауапты орындаушы 2 (екі) жұмыс күнінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытындыны немесе Стандарттың 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі қол қойылған қорытындыны тіркеуді және көрсетілетін қызметті алушыға (сенімхат бойынша оның өкіліне) беруді жүзеге асырады.
Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация 30 күнтізбелік күннің ішінде құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді.
6. Көрсетілетін қызметті беруші Стандарттың 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
7. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
8. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік басқару мен бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті орган басшысының атына, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына не ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
Өтініш
Сізден Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін объектілерді салуға, реконструкциялауға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, қайта бейіндеуге), пайдалануға, консервациялауға, жоюға (кейіннен кәдеге жаратуға) қорытынды беруді сұраймын.
Объектінің орналасқан жері: _________________________
Қосымша:
______________________________________________________________
______________________________________________________________
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
"Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін объектілерді салуға, реконструкциялауға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, қайта бейіндеуге), пайдалануға, консервациялауға, жоюға (кейіннен кәдеге жаратуға) қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Геология комитетiнiң өңiраралық департаменттерi (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) |
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | Қызмет көрсету мерзімі – 10 жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Қағаз түрінде |
5 | Результат оказания государственной услуги | Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін объектілерді салуға, реконструкциялауға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, қайта бейіндеуге), пайдалануға, консервациялауға, жоюға (кейіннен кәдеге жаратуға) қорытынды немесе мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін негізде көрсетіледі |
7 | График работы |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) Мемлекеттік корпорацияға немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жүгінген кезде: |
9 | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де талаптар: мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда және заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсету, өз бетінше жүріп-тұру, бағдарлану қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтуы бар көрсетілетін қызметті алушыларға бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 777 арқылы өтініш беру арқылы тұрғылықты жеріне барып жүргізеді. |
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № ____ бөлімі (мекенжайы: ___________________________________) Сіздердің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға, атап айтқанда:
___________________________________________:
Жоқ құжаттардың атауы:
1) __________________________________________________________;
2) __________________________________________________________;
3)… ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Осы қолхат тараптардың әрқайсысына бір данадан берілетін 2 данада жасалды.
___________________________________________ ________________
Т.А.Ә. (Мемлекеттік корпорация қызметкерінің) (қолы)
Орындаушы Т.А.Ә. _____________
Телефоны __________
Алдым: ______________________ _______________________________
Т.А.Ә. көрсетілетін қызметті алушының қолы
20 ___ жылғы "___" ___________
Қорытынды
Өңіраралық департаменттің қарауына ұсынылды:
3) "Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін объектілерді салуға, реконструкциялауға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, қайта бейіндеуге), пайдалануға, консервациялауға, жоюға (кейіннен кәдеге жаратуға) қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету Қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
4) Жобалық құжаттама – 1 дана.
Жоба әзірленіп қарастыруға және келісуге ұсынылды _________________
Жоба ___________________сәйкес құрастырылған.
Жоба_______________________үшін әзірленген.
Жобада көзделген: __________________
Қорытынды:Жоба келісілді/
Департамент келесі негіздер бойынша келісуден бас тартады (себебін көрсету)_________________________________________
Келіспеген жағдайда "Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін объектілерді салуға, реконструкциялауға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, қайта бейіндеуге), пайдалануға, консервациялауға, жоюға (кейіннен кәдеге жаратуға) қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету Қағидаларының 9-тармағына сәйкес Сіз мемлекеттік қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) жоғары тұрған органға немесе сотқа шағымдануға құқылысыз.
Департаменттің басшысы
Орындаушы (Т.А.Ә., телефон)
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2020 жылғы 22 мамырдағы № 117 бұйрығына 3-қосымша |
"Отын-энергетикалық және минералды шикізат аудандары мен кен орындары бойынша жер қойнауы туралы ақпараттың экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Отын-энергетикалық және минералды шикізат аудандары мен кен орындары бойынша жер қойнауы туралы ақпараттың экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету Қағидалары (бұдан әрі – Қағида) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және "Су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларын келісу" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Геология комитетi (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3. Қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал) өтініш береді.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) сыртқы сауда шартының (келісімшартының), оған қосымша және (немесе) толықтырудың (бір жолғы лицензия үшін )электрондық көшірмесі, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда – тараптардың ниетін растайтын басқа құжаттың көшірмесі;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 67 "Тауарлар экспорты мен импортын лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініштердің нысандарын, лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаның нысандарын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11074 болып тіркелген) тауарлар экспорты мен импортын лицензиялау жөніндегі қызметкеқойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы құжаттардың электрондық көшірмесі.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
Жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес "Отын-энергетикалық және минералды шикізат аудандары мен кен орындары бойынша жер қойнауы туралы ақпараттың экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет стандартында (бұдан әрі – Стандарт) көрсетілген.
5. Берілген лицензиялар сыртқы сауда қызметінің басқа қатысушыларына қайта ресімдеуге жатпайды.
Берілген лицензияларға өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
Көрсетілетін қызметті беруші бір жолғы лицензия береді.
6. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.
Құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды.
Көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту өтініш берушіге электрондық құжат нысанында жіберіледі.
7. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері оларды Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексереді және аудандар мен отын-энергетикалық және минералдық шикізаттың кен орындары бойынша жер қойнауы туралы ақпаратты экспорттауға лицензия береді не Стандарттың 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап береді.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетіне" жіберіледі.
8. Көрсетілетін қызметті беруші Стандарттың 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
9. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік басқару және бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті орган басшысының атына, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
"Отын-энергетикалық және минералды шикізат аудандары мен кен орындары бойынша жерқойнауы туралы ақпараттың экспортына лицензия беру" мемлекеттiк қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысан |
Отын-энергетикалық және минералды шикізат аудандары мен кен орындары бойынша жерқойнауы туралы ақпараттың экспортына лицензия беруге арналған өтініш
1. Өтініш № |
2. Қолданылу кезеңі | |
3. Лицензияның типі |ЭКСПОРТ |
4. Келісімшарт | |
5. Көрсетілетін қызметті алушы| | 6. Сатып алушы | |
7. Тағайындалған елі| | 8. Сатып алушының елі| | |
9. Келісімшарт валютасы| | 10. Құны | 11. Статистикалық құны |
12. Шығарылған елі| | 13. Саны | 14. Өлшем бірлігі |
15. Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасына бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы | ||
16. Қосымша ақпарат | ||
17. Лицензия беру үшін негіздеме |
18. Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасы |
Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия алуға арналған өтінішке қосымша |
____жылғы _________ №___ лицензияға қосымша | |||
Р/с № | Тауардың сипаттамасы | саны | өлшем бірлігі |
құны | |||
Р/с № | Тауардың сипаттамасы | саны | өлшем бірлігі |
құны | |||
Р/с № | Тауардың сипаттамасы | саны | өлшем бірлігі |
құны | |||
Р/с № | Тауардың сипаттамасы | саны | өлшем бірлігі |
құны | |||
Р/с № | Тауардың сипаттамасы | саны | өлшем бірлігі |
құны | |||
Р/с № | Тауардың сипаттамасы | саны | өлшем бірлігі |
құны | |||
Р/с № | Тауардың сипаттамасы | саны | өлшем бірлігі |
құны | |||
Р/с № | Тауардың сипаттамасы | саны | өлшем бірлігі |
Құны | |||
Барлық парақ__ Парақ №__ |
18. Уәкілетті тұлға |
"Отын-энергетикалық және минералды шикізат аудандары мен кен орындары бойынша жер қойнауы туралы ақпараттың экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 2- қосымша |
"Отын-энергетикалық және минералды шикізат аудандары мен кен орындары бойынша жер қойнауы туралы ақпараттың экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) | Өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады (бұдан әрі – портал). |
3 | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімі | Көрсету мерзімі – 15 (он бес) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық |
5 | Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi | Отын-энергетикалық және минералды шикізат аудандары мен кен орындары бойынша жер қойнауы туралы ақпараттың экспортына лицензия және (немесе) оған қосымша, не осы мемлекеттік қызмет стандартының 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттiк қызмет көрсету заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы түрде көрсетiледi. Мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде көрсетiлетiн қызметтi алушының орналасқан жері бойынша бюджетке жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алым төленедi: |
7 | Жұмыс кестесі |
Жұмыс кестесі: |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; |
9 | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы лицензия алу үшін ұсынған құжаттарында толық емес және дұрыс емес мәліметтердің болуы; |
10 | Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады. |
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2020 жылғы 22 мамырдағы № 117 бұйрығына 4-қосымша |
"Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензияны беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының (бұдан әрі – Заң) 10 бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3. Қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы осы Қағидаларға 1 - қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш жолдайды.
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
осы Қағидалардың 2 – қосымшаға сәйкес "Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия беру" мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1 және 2-тармақтарында көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері;
өтініш берген кезде өтініш берушінің атынан әрекет ететін тұлғаның өкілеттігін растайтын құжат, егер мұндай тұлға өтініш беруші болып тағайындалса;
"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 252-бабы 1-тармағының 3-бөлігіне сәйкес мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алған, жерасты құрылысжай объектісінің сипаттамасын, оны оқшаулау сипаттамасын, тау-кен жыныстарының типін, коллектор қаттарының жерасты тереңдігін және тиімді қуатын, оның алаңын, кеуектілік коэффициентін, төселетін және жабылатын су тірегінің сипаттамасын, жерасты суларының табиғи ағысының жылдамдығын, көмудің, қоймаға жинап қою мен ағызудың сапалық және сандық көрсеткіштерін, тау-кен техникалық, арнаулы инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық және экологиялық шарттарын қамтитын, "Геологиялық есептің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 мамырдағы № 418 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17069 болып тіркелген) нысан бойынша геологиялық есеп;
өнімнің атауы, ол түзілетін техникалық өндіріс немесе процесс, оның физикалық сипаттамасы, толық химиялық құрамы, уытты құрауыштардың болуы, өрт қаупі, жарылыс қаупі, ерігіштігі, сақтау кезінде басқа заттармен үйлесімділігі, негізгі ластаушы радионуклидтер, олардың белсенділігі, сондай-ақ тасымалдау жүйесінің сипаттамасы көрсетіле отырып, зиянды, улы заттардың, қатты және сұйық қалдықтардың, сарқынды және өнеркәсіптік сулардың сипаттамасы;
кодекстің 257-бабының 2-тармағында және 260-бабының 4-тармағында көзделген сараптамаларды және келісуді қоса бере отырып, жер қойнауы кеңістігін пайдалану жобасы мен тарату жоспары;
Өтініш және оған қоса берілетін құжаттар қазақ және орыс тілдерінде жасалуға тиіс. Егер өтінішті шетелдік немесе шетелдік заңды тұлға берсе, оған қоса берілетін құжаттар әрбір құжатқа дұрыстығын нотариус куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасы міндетті түрде қоса беріле отырып, өзге тілде жасалуы мүмкін.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Стандартта баяндалған.
5. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттарды қабылдайды және өтініштің дұрыс толтырылуын және ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық Қағидалардың 4-тармағына сәйкес қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне берген кезде оның көшірмесіндегі құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы белгі қағаз түріндегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.
6. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және орындауға жібереді.
Жауапты орындаушы 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін жер қойнауы кеңістігін пайдалануға лицензия алу үшін құжаттар топтамасының қойылатын талаптарға сәйкестігін және толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық еместігі және (немесе) қолданылу мерзімі өткендігі анықталған жағдайда орындаушы өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын және (немесе) мәліметтерді ұсынған жағдайда жауапты орындаушы 2 (екі) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындайды, қол қояды және кеңсеге жолдайды.
Кеңсе мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға (сенімхат бойынша оның өкіліне) береді.
Берілген өтініш туралы мәліметтер мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында: www.gov.kz "Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі" бөлімінде өтініш берілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішіндеорналастырылуға жатады және мыналарды қамтиды:
1) өтініш берушінің атауы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда);
2) өтініш беруші пайдалануға сұрастырылып отырған жер қойнауы учаскесін айқындайтын аумақтың координаттары;
3) өтініштің келіп түскен күні мен уақыты.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.
7. Лицензия келесі жағдайларда қайта ресімдеуге жатады:
жер қойнауын пайдаланушы туралы мәліметтерді өзгерту: жеке тұлғалар үшін-тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда) және (немесе) азаматтығын өзгерту;
заңды тұлғалар үшін – атауын немесе орналасқан жерін өзгерту;
жер қойнауын пайдалану құқығының және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің ауысуы;
лицензия мерзімін ұзарту;
жер қойнауы учаскесі аумағының шекараларын өзгерту.
Лицензияны қайта ресімдеу көрсетілетін қызметті алушының осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қағидалардың 4-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша берілетін өтініші бойынша жүргізіледі.
Лицензияны қайта ресімдеу кезінде өтінішке құжаттардың түпнұсқалары немесе нотариалды куәландырылған көшірмелері онда көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттармен қоса беріледі.
8. Көрсетілетін қызметті беруші Стандарттың 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
9. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға лицензия беру туралы өтініш
"__"_________20__жыл |
Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға лицензия беруді сұраймын
№ | Өтініш беруші туралы мәліметтер | |
1 | жеке тұлғалар үшін – өтініш берушінің тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда), тұрғылықты жері, азаматтығы, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер | |
2 | заңды тұлғалар үшін-өтініш берушінің атауы, орналасқан жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер (сауда тізілімінен үзінді немесе өтініш беруші шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа да заңдастырылған құжат) | |
3 | өтініш беруші пайдалануға беруді өтінген жер қойнауының тиісті учаскесін анықтайтын аумаққа нұсқау (жер қойнауы учаскесінің алаңы мен географиялық координаттары) | |
4 | сұратылған жер қойнауы учаскесін пайдалану мерзімін көрсету | |
5 | "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 249-бабына сәйкес жер қойнауы кеңістігін пайдалану мақсатын көрсету |
Қоса берілетін құжаттардың тізбесі:
1)___________________________________________________________________
2)___________________________________________________________________
3)___________________________________________________________________
4)___________________________________________________________________
(құжаттардың атауы және парақтар саны)*
Қолы: ________________
Мөр орны (дара кәсіпкерлік субъектілеріне болып табылатын адамдарды қоспағанда)
20__ жылғы "____"_____________
Ескертулер:
* құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері қоса беріледі
"Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензияны беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 2-қосымша |
"Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензияны беру" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Экология, Геология және минералдық ресурстар министрлігінің Геология комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері | Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметкөрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 5 (бес) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Қағаз түрінде |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензияны беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Көрсетілетін қызметті алушы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 726 – бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес 400 (төрт жүз) айлық есептік көрсеткіш қол қойылатын бонус төлейді. |
7 | Жұмыс кестесі |
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-жұма аралығында, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес Нұр-Сұлтан қаласы уақыты бойынша сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі, түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1) лицензия алу үшін: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту кезінде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға бас тарту себептерін көрсете отырып жауап жолдайды. |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар | Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777 арқылы алуға мүмкіндік бар. |
"Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензияны беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 3-қосымша |
|
нысан |
Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға лицензия
№_______________ күні "___" ___________ 20___жыл
1. Берілген______________________________________________________
_______________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және жеке тұлғаның азаматтығы/заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері) (жер қойнауын пайдалану құқығын жалпы иеленген жағдайда мәліметтерді толық көрсете отырып, барлық иелері аударылады) (бұдан әрі-жер қойнауын пайдаланушы) және "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу мақсатында жер қойнауы учаскесін пайдалану құқығын береді"
Жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес мөлшері:
_______________________________________________
(әрбір иеленуші бойынша пайыздық мәндегі мөлшері)
2. Лицензия шарттары:
1) лицензияның мерзімі (жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензияның мерзімін ұзарту кезінде мерзім ұзарту мерзімін ескере отырып көрсетіледі): ____________ оны берген күннен бастап;
2) алаңы жер қойнауы учаскесі аумағының шекаралары __________ шаршы километр,
келесі географиялық координаттары бар:_____________________
(географиялық координаталар нүктелерін көрсету)
3) жер қойнауын пайдаланудың өзге де шарттары:
Жер қойнауы учаскесі аумағының схемалық орналасуы осы лицензияға қоса беріледі.
3. Жер қойнауын пайдаланушының міндеттемелері:
1) қол қойылатын бонусты төлеу _________________ "___"_________20__ жылға дейін;
2) лицензия мерзімі ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мөлшерде және тәртіппен жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді (жалдау төлемдерін) төлеу.
4. Жер қойнауы кеңістігін пайдаланудың нысаналы мақсаты:
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
(Кодекстің 249-бабына сәйкес операциялардың кіші түрлерінің бірі)
5. Лицензияны қайтарып алу негіздері:
1) осы лицензияның 3 және 4-тармақтарында көзделген лицензиялардың шарттарын бұзу;
2) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген қызметке тыйым салынған жағдайда.
6. Лицензияны берген мемлекеттік орган
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________ (лицензияны берген мемлекеттік органның атауы)
_____________________ басшының (уәкілетті тұлғаның) қолы (қағаз жеткізгіштегі лицензиялар үшін)
Мөр орны (қағаз жеткізгіштегі лицензиялар үшін)
Берілген орны: Қазақстан Республикасы Нұр-Сұлтан қаласы,
Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензияны қайта ресімдеуге өтініш
"__"_________20__жыл |
Лицензияны қайта ресімдеуді сұраймын
№ | Өтініш беруші туралы мәліметтер | |
1 | жеке тұлғалар үшін-өтініш берушінің тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда), азаматтығы, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі және берілген күні, Өтініш берушінің салық төлеуші ретінде тіркелгені туралы мәліметтер | |
2 | заңды тұлғалар үшін-өтініш берушінің атауы, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер | |
3 | лицензияның нөмірін (лерін), лицензияны берілген күнін, берушіні көрсету | |
4 | қызмет түрінің толық атауын көрсету | |
5 | лицензияны қайта ресімдеу негіздемесі немесе себептерін көрсету |
Қоса берілетін құжаттардың тізбесі:
1)______________________________________________________________
2)______________________________________________________________
3)______________________________________________________________
4)______________________________________________________________ (құжаттардың атауы және беттер саны)*
Қолы: ________________ Мөр орны (дара кәсіпкерлік субъектілеріне болып табылатын тұлғаларды қоспағанда) 20__ жылғы "____"___________ |
Ескертулер:
* құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері қоса беріледі
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2020 жылғы 22 мамырдағы № 117 бұйрығына 5-қосымша |
Күші жойылды деп тануға жататын кейбір нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 501 "Геология және су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекiту туралы" бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 11452, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 10 шілдесінде жарияланған);
2. "Геология және су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 657 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 11582, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 22 шілдесінде жарияланған);
3. "Геология және су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 501 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 442 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 13926, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылдың 25 шілдесінде жарияланған);
4. "Геология және су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 657 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 22 тамыздағы № 625 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 14282, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылдың 17 қарашада жарияланған);
5. "Геология және су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 501 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № 274 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 18656, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер Эталондық бақылау банкінде 2016 жылдың 16 маусымда жарияланған).