"Геология және су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 501 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 442 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 14 шілдеде № 13926 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2020 жылғы 22 мамырдағы № 117 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 22.05.2020 № 117 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағынына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      "Геология және су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылы 28 сәуірдегі № 501 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11452 болып тіркелген, 2015 жылы 10 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақта:

      1), 2), 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларын келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Бұрғылау және басқа тау жұмыстарын жүргізуге арналған жобалық құжаттаманы келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін объектілерді салу, реконструкциялау (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, қайта бейіндеу), пайдалану, консервациялау, жою (кейіннен кәдеге жарату) қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты";

      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес "Кеден одағы аумағының шегінде Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерге геологиялық ақпаратты шығаруға келісім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты";

      7) және 13) тармақшалар алынып тасталсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жерасты су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларына арналған рұқсатты келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларын келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларын келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).";

      2-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні;

      2) күтудің барынша рұқсат етілетін уақыты 30 (отыз) минутты құрайды;

      3) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға қызметті көрсетудің барынша рұқсат етілетін уақыты 15 (он бес) минутты құрайды.

      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларын келісу.

      Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижілерін беру сағат 9.00–ден 17.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек күту тәртібімен алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) еркін нысандағы өтініш;

      2) жерасты су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларының бағдарламасы;

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың бәрін тапсырған кезде (қолма-қол немесе пошта байланысы арқылы) қағаз тасығыштағы өтініштің қабылданғанын растау көшірмесіне құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты белгі көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы болып табылады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Бұрғылау және басқа тау-кен жұмыстарын жүргізуге жобалық құжаттаманы, жерасты су объектілері арқылы коммуникация құрылысың жобаларын келіс" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұрғылау және басқа тау жұмыстарын жүргізуге арналған жобалық құжаттаманы келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Бұрғылау және басқа тау жұмыстарын жүргізуге арналған жобалық құжаттаманы келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні;

      2) күтудің барынша рұқсат етілетін уақыты 30 (отыз) минутты құрайды;

      3) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілетін уақыты 15 (он бес) минутты құрайды.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – бұрғылау және басқа тау жұмыстарын жүргізуге арналған жобалық құжаттаманы келісу.

      Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде";

      9-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) бұрғылау және басқа тау жұмыстарын жүргізуге арналған жобалық құжаттаманы келісу";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жерасты су объектілерінің жай-күйіне, сондай-ақ орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау кезінде жерасты су объектілерінен тікелей жерасты су объектілерін жинауға әсер ететін кәсіпорындар мен басқа ғимараттарды салуға, реконструкциялауға, пайдалануға, консервациялауға, жоюға қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін объектілерді салу, реконструкциялау (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, қайта бейіндеу), пайдалану, консервациялау, жою (кейіннен кәдеге жарату) қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін объектілерді салу, реконструкциялау (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, қайта бейіндеу), пайдалану, консервациялау, жою (кейіннен кәдеге жарату) қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні;

      2) күтудің барынша рұқсат етілетін уақыты 30 (отыз) минутты құрайды;

      3) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға қызметті көрсетудің барынша рұқсат етілетін уақыты 15 (он бес) минутты құрайды.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін объектілерді салу, реконструкциялау (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, қайта бейіндеу), пайдалану, консервациялау, жою (кейіннен кәдеге жарату) қорытынды беру.

      Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Кеден одағы аумағының шегінде Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерге геологиялық ақпаратты шығаруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кеден одағы аумағының шегінде Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерге геологиялық ақпаратты шығаруға келісім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Кеден одағы аумағының шегінде Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерге геологиялық ақпаратты шығаруға келісім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Кеден одағы аумағының шегінде Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерге геологиялық ақпаратты шығаруға келісім беру.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру нысаны: электрондық.

      Қағаз тасығышта рұқсат алуға өтініш берілген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының мөрімен және қолымен расталады.

      Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетке" жіберіледі".

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті (Б.Қ.Нұрабаев):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму министрі

Ә. Исекешев

      "КЕЛІСІЛГЕН":

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      ______________ Д. Абаев

      2016 жылғы 13 маусым

      "КЕЛІСІЛГЕН":

      Қазақстан Республикасының

      Ұлтық экономика министрі

      ___________ Қ. Бишімбаев

      2016 жылғы "___" _______

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлтық экономика министрінің м.а.

      ______________ М. Құсайынов

      2016 жылғы 2 маусым