"Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/149 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы"

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 21 мамырдағы № 115 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 22 мамырда № 20698 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      "Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/149 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10865 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 15 мамырда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
М. Мирзагалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрінің
2020 жылғы 21 мамырдағы
№ 115 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 18-04/149 бұйрығымен
бекітілген

Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидалары (бұдан әрі − Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының (бұдан әрі − Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңы) 10-бабының 1) тармақшасына және "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының (бұдан әрі − Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы Заңы) 9-бабының 1-тармағының 56) тармақшасына сәйкес әзірленді және аңшылық және балық шаруашылығы субъектілерінің арасында квоталарды бөлу тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) аңшылық шаруашылығы субъектісі – бекітіліп берілген аңшылық алқаптарда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аңшылық шаруашылығын жүргізетін жеке немесе заңды тұлға;

      2) аумақтық бөлімшелер – Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциялары;

      3) балық шаруашылығы субъектісі – қызметінің негізгі бағыты балық шаруашылығын жүргізу болып табылатын жеке және заңды тұлға;

      4) балықтар және басқа да су жануарларын алып қою квотасы – жануарлар дүниесін пайдаланушылар үшін балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары белгілейтін балық және басқа да су жануарларын алып қою лимитінің бір бөлігі;

      5) балықтар және басқа да су жануарларын алып қою лимиті – балық және басқа да су жануарларын олардың табиғи өсімі мен саны сақталатын жағдайда алып қоюдың жол берілетін шекті көлемі;

      6) ведомство – Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті;

      7) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі.

      8) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе.

      9) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

      3. Аңшылық және балық аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алып қою квоталарын бөлу ағымдағы жылдың 1 шілдесінен келесі жылдың 1 шілдесіне дейінгі кезеңге арналған жануарлар дүниесі объектілерін алуға арналған лимиттердің негізінде, Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы Заңының 29-бабының 1-тармағының төртінші бөлігіне сәйкес жүзеге асырылады.

      4. Аңшылық шаруашылығы субъектілерінің арасында, балық ресурстарын және басқа да жануарларын қоспағанда, жануарлардың аңшылық объектісі болып табылатын түрлерін алып қою квоталарын бөлу аңшылық алқаптарының өнімділігін және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің жануарлар түрлерін аулауға арналған өтінімдерін ескере отырып жүзеге асырылады.

      5. Балық шаруашылығы субъектілерінің арасында балық ресурстарын және басқа да су жануарларының түрлерін алып қою квоталарын бөлу өтінілген квота және рейтингтік бағалау қорытындысын ескере отырып жүзеге асырылады.

      6. "Бекітілген лимиттер негізінде жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға квоталар бөлу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің, сондай-ақ балықшылар мен балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанда мемлекеттік қызмет стандартында беріледі.

2-тарау. Аңшылық және балық шаруашылығы субъектілерінің арасында аңшылық және балық аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алып қою квоталарын бөлу тәртібі

      8. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және (немесе) заңды тұлғалар (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмметті алушы) орналасқан жері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорация және (немесе) портал арқылы өтінім береді:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ағымдағы жылдың 10 маусымына дейін аңшылық шаруашылығы үшін аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлері бойынша алып қоюға квоталарын алуға;

      2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ағымдағы жылдың 10 маусымына дейін балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою квоталарын алуға.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) құжаттардың қолдану мерзімі өтіп кеткен жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінімді:

      Мемлекеттік корпорацияға тапсырған кезде – қағаз тасығыштағы өтініштің қабылданғанын тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат растайды;

      портал арқылы тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

      Қалыптастырылған өтінімдерді Мемлекеттік корпорация курьерлік және (немесе) почталық байланыс арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды, оларға көрсетілетін қызметті берушінің алғаны туралы белгі қойылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін немесе демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей жеткізуді қамтамасыз етеді.

      9. Көрсетілетін қызметті беруші аңшылық шаруашылығы үшін аңшылық объектілері болып табылатын жануарлар түрлері бойынша алып қою квотасын алуға өтінім немесе балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою квоталарын алуға өтінім түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және жауапты қызметкерге орындауға береді.

      Жауапты қызметкер 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтінімді осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды және жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюдың бекітілген лимиттер негізінде жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға квоталарды бөлу туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды қалыптастырады.

      10. Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) жеке басын куәландыратын құжат көрсетілген жағдайда жүзеге асырылады.

      Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасы ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында оның "жеке кабинетіне" осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға бекітілген лимиттер негізінде жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға квоталар бөлу туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту жіберіледі.

      11. Көрсетілетін қызметті беруші жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға арналған лимиттер бекітілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде аңшылық және балық шаруашылығы субъектілері бөлінісінде аң аулау және балық аулау объектілері болып табылатын, жануарлар түрлерін алып қоюға арналған квоталарды бөлуді жүзеге асырады.

      12. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады:

      1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті, ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айрылған соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы.

      13. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      14. "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 18-03/271а бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11005 болып тіркелген), жануарлар түрлерін алып қоюға өтінім берілген квота белгіленген тәртіппен бекітілген аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алып қою нормативтеріне сәйкес анықталады.

      15. Қолайсыз табиғат құбылыстары (жұт, ауру) салдарынан жануарлар түрлерінің саны азайған жағдайда жануарлардың түрлерін алып қоюға арналған квота жануарлар түрлерінің нақты ресурстарына сүйене отырып белгіленеді.

      16. Егер жануарлар түрлерінің ресурстары оларды алып қоюға мүмкіндік бермесе, онда жануарлар түрлерін алып қоюға арналған квота бөлінбейді.

      17. Уәкілетті орган балық аулау лимиттерін Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы Заңының 29-бабына сәйкес бекіткеннен кейін (бұдан әрі – балық аулау лимиттері) мемлекеттік қызметті көрсетуші 5 жұмыс күні ішінде әрбір балық шаруашылығы су айдынының жалпы лимитінің 10% шегінде әуесқойлық (спорттық) балық аулау, ғылыми-зерттеу, бақылау мақсаттарында аулау, су айдындарын балықтандыру бойынша өсімін молайту мақсатында квота белгілейді.

      18. Бір балық шаруашылығы субъектісінің атына толықтай тіркелген балық шаруашылығы су айдындарында рейтингтік бағалау есебі жүргізілмейді.

      19. Егер осы балық шаруашылығы су айдынында балық аулаудың лимиті берілген өтінімдердің жиынтық көлемінен асқан жағдайда балықшылар қауымдастығы, осы балық шаруашылығы су айдынында балық аулаудың лимиті берілген өтінімдердің жиынтық көлемінен аспаған жағдайларды қоспағанда, осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес рейтингтік бағалау парағы (бұдан әрі – есептеу парағы) негізінде балық аулау объектілері болып табылатын балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою квоталарын бөледі. Бұл ретте балық ресурстарын алып қою өтінімдері өтінім берілген квотаға сәйкес қанағаттандырылады.

      Ескертпе: Балық, шаян және су омыртқасыздарын алып қою квоталарын бөлу үшін рейтингтік бағалауды есептеу парағы бөлек толтырылады.

      20. Балық шаруашылығы субъектісінің рейтингтік бағасы келесідей анықталады:

      1) 100 пайызға теңестірілген және балық шаруашылығы субъектісінің көрсеткіші бойынша пайыздық маңыздылыққа бөлінген ең жоғары бағалау көрсеткіші;

      2) ең көп (ең үздік) көрсеткіші бар балық шаруашылығы субъектісіне тиісті тармақ бойынша 20 баллдық жүйемен ең жоғарғы баға қойылады;

      3) балық шаруашылығы субъектісінің рейтингтік бағасы (бұдан әрі – Р) есептеу парағының 3-бағанының көрсеткішін (ең жоғарғы бағалау көрсеткіші) Есептеу парағының 5-бағанына (20 баллдық жүйедегі баға) көбейту және 100-ге бөлу жолымен айқындалады.

      21. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып кою квоталары осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып кою квоталарын бөлу нәтижесі бойынша балық аулау лимитінің түрлік құрамының пайыздық арасалмағындағы рейтингте балық шаруашылығы субъектілері жинаған баллдар нәтижесінде пропорционалдық тұрғыдан бөлінеді.

      22. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып кою квоталары әрбір балық шаруашылығы субъектілері келесі формула бойынша анықталады

      Л = К х Р

      мұнда:

      Л –бөлінетін квота;

      К – балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюдың коэффициенті;

      Р - балық шаруашылығы субъектісінің рейтингтік коэффициенті.

      23. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою коэффициенті (бұдан әрі – К) формуласы бойынша есептеледі,

      К = У/С

      мұнда:

      У – балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюдың бекітілген лимиті;

      С – балық шаруашылығы субъектілерінің рейтингтік коэффициентерінің сомасы.

      24. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алу квоталарын бөлу қорытындылары осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша балық аулау лимиттері бекітілгеннен кейін күнтізбелік бес күн ішінде шығарылады және тиісті жергілікті атқарушы органдарға аумақтық бөлімшелерге және ведомстваға жіберіледі.

      25. Егер, балық шаруашылығы субъектісінің ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін балық ресурсы және басқа да су жануарларын аулауға лимиттердің игерілмеген 25%-дық бөлігіне жануарлар дүниесін пайдалану туралы шешім болмаған жағдайда, балықшылар қауымдастығы квотаның қалған бөлігін қосымша өтінім бойынша, сондай-ақ балық шаруашылығы учаскелерінің резервтік қорының квоталарын осы балық шаруашылығы су айдынында учаскелері бар балық шаруашылығы субъектілері арасында бөлінеді.

      26. Игерілмеген квотаның бөлігін алу үшін балық шаруашылығының мүдделі субъектісі балық аулау қауымдастығына осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті жылдың 10 желтоқсанына дейін балық ресурстарын алып қоюға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қосымша өтінімді береді.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану

      27. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

  Жануарлар дүниесі
объектілерін алып қою
квоталарын бөлу қағидаларына
1-қосымша

"Бекітілген лимиттер негізінде жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға квоталар бөлу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Аңшылардың және аңшылық шаруашылық субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары, сондай-ақ балықшылардың және балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілі (қатынау арнасы)

1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация)
2) "электрондық үкіметтің" www.e.gov.kz, веб-порталы (бұдан әрі – портал).

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 5 (бес) жұмыс күні;
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттар қабылданған күн мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны

электрондық/қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюдың бекітілген лимиттері негізінде жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға квоталар бөлу туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық/қағаз түрінде.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

1) Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, түскі үзіліссіз, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, "электрондық" кезек тәртібімен көрсетеді, электрондық кезекті "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы броньдауға болады.
3) Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Заңның 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары порталда орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

Аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алып қоюға квоталар бөлу кезінде:
Мемлекеттік корпорацияға:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аңшылық шаруашылығы үшін аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлері бойынша алып қою квотасын алуға өтінім;
жеке басын куәландыратын құжат (не сенімхат бойынша оның өкілі) (сәйкестендіру үшін);
порталға:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы аңшылық шаруашылығы үшін аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлері бойынша алып қою квотасын алуға өтінім ұсыну қажет.
Көрсетілетін қызметті алушы өтінімді алдыңғы жылдың 1 наурызына дейін ұсынады.
Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюға квоталар бөлу кезінде:
Алып қоюға квоталар бөлу кезінде-балық ресурстарын және басқа да су жануарларын, қажет:
Мемлекеттік корпорацияға:
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою квоталарын алуға өтінім;
жеке басын куәландыратын құжат (не сенімхат бойынша оның өкілі) (сәйкестендіру үшін);
порталға:
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою квоталарын алуға өтінім ұсыну қажет.
Көрсетілетін қызметті алушы өтінімді ағымдағы жылдың 10 маусымына дейін ұсынады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Көрсетілетін қызметті берушілер мынадай негіздер:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің және деректердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті электронды нысан түрінде ЭЦҚ болған жағдайда ала алады.
Заңмен белгіленген тәртіпте өзі өзіне қызмет жасауға, өз бетімен қозғалуға, беймделуге жағдайы және толық немесе жартылай қабілетін жоғалтқан болса көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарын қабылдауды бірыңғай байланыс орталығына 1414, 8 800 080 7777 жүгіну арқылы көрсетілетін қызметті беруші олардың тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметі, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

  Жануарлар дүниесі
объектілерін алып қою
квоталарын бөлу қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Аңшылық шаруашылығы үшін аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлері бойынша алып қою квоталарын алуға өтінім

Аңшылық шаруашылығының атауы

Жануардың түрі

Үстіміздегі жылғы (дарақтар) саны

Бекітілген (дарақтар) алып қою квотасы

Сұралып отырған алу квотасы (дарақтар)

Оның ішінде
(тұяқтылар үшін)

аталықтары

ұрғашылары

төлі









































      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Өтінімді берген күн "__"___________20___жыл.

      __________________________________________________________________________

      (аңшылық шаруашылығы субъектісі басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы,

  мөрдің орны
(жеке кәсіпкерлер
болып табылатын
тұлғаларды қоспағанда)
  Жануарлар дүниесі
объектілерін алып қою
квоталарын бөлу қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою квоталарын алуға арналған өтінім

      Бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің атауы __________________________________________________

      Жергілікті атқарушы органмен жасалған балық шаруашылығын жүргізуге арналған ______ жылғы "___" _____________ № ______шарт.

      Өткен жылы балық ресурстарының өсімін молайтуға (балық жіберуге) жұмсалған қаражат көлемі _____________мың теңге.

      Жылына ______ тонна балық ресурстарын өңдеу жөніндегі технологиялық жабдықтың болуы.

      Өткен жылы бөлінген квотаның нақты игерілгені _____________тонна.

      Балық аулау қағидаларына сәйкес келетін балық ресурстарын аулау және басқа да су жануарларын олжалау құралдарының саны, сүзекі ____ дана, құрма ау ____ дана.

      Балық шаруашылығы субъектісінің атына тіркелген балық аулау флоты, өздігінен жүретін (40 ат күшінен жоғары) ______ бірлік, шағын көлемді _______ бірлік.

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік жайында хабардармын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Өтінімнің берілген күні 20___жылғы "__"___________

      _____________________________________________________________

      (балық шаруашылығы субъектісі басшысының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Қолы_____________ Мөр орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын

      тұлғаларды қоспағанда)

  Жануарлар дүниесі объектілерін
алып қою квоталарын бөлу
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Өтінімді қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) филиалының №____ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) Сіздің осы Қағидалардың 8 тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға және (немесе) құжаттардың қолдану мерзімі өтіп кеткен жағдайда, атап айтқанда:

      жоқ құжаттардың атауы:

      _________________________________________________

      _________________________________________________

      _________________________________________________

      ұсынбауыңызға байланысты, "Бекітілген лимиттер негізінде жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға квоталар бөлу" мемлекеттік қызметін көрсетуге арналған өтінімді қабылдаудан бас тартады.

      Осы қолхат, әрбір тарап үшін бір-бірден 2 (екі) данада жасалды.

      _____________________________________________________________

      (Мемлекеттік корпорация жұмыскерінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)

      Орындаушы: _________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)

      Телефоны: ___________________________________________________

      Алдым: ______________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)

      20___жылғы "_"_____________

  Жануарлар дүниесі
объектілерін алып қою
квоталарын бөлу қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюдың бекітілген лимиттері негізінде жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға квоталар бөлу туралы хабарлама

      Құрметті _____________________________________________________

                        (көрсетілетін қызметті алушы)

      Жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға арналған квоталар сізге осы Қағидада айқындалған тәртіппен жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюдың бекітілген лимиттері негізінде бөлінетінін және көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылатын хабардар етеміз.

      Сұрақтар туындаған жағдайда___________________________________

      _____________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті берушінің атауы, мекенжайы және ресми сайты)

      ____________________________________________________________

      жүгінуді сұраймыз.

      ____________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)

      Мөр орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғаларды қоспағанда)

      Байланыс телефондары: _______________________________________

      Күні 20 ____ жылғы " _" ______________.

  Жануарлар дүниесі
объектілерін алып қою
квоталарын бөлу қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

Рейтингтік бағалауды есептеу парағы

      Балық шаруашылығы субъектісі _________________________________

      Балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі_____________

Р/с №

Көрсеткіштің атауы

Пайыздық жоғарғы бағалау көрсеткіші

Өтінімге сәйкес көрсеткіш саны

20 балдық жүйе бойынша баға

Балық шаруашылығы субъектісінің рейтингтік бағасы

1

2

3

4

5

6

1.

Балық өсімін молайту іс-шараларына алдыңғы жылы жұмсалған қаражат көлемі, мың теңгемен

20




2.

Көліктік (балық аулайтын) флоттың болуы, оның ішінде:

20




1) өздігінен жүретін (стационарлық қозғалтқышы бар), 40 ат күші бар және одан жоғары (бірлік)

13




2) шағын көлемді, оның ішінде өздігінен жүрмейтін, аспалы қозғалтқышы бар (бірлік)

7




3.

Балық пен басқа да су жануарларға алып қоюға бөлінген квотаның игерілуі (тонна)

20




4.

Балық аулайтын құралдардың бар-жоғы

15




1) сүзекі

6




2) құрма ау

4




3) ащы-тұзды балық шаруашылығы су айдындарына арналған торлы дорба

5




5.

Балық ресурстарын және балық өнімдерін өңдейтін технологиялық жабдықтар (тонна/жылына)

15




6.

Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және ұтымды пайдалану үшін ғылымды қамтамасыз етуге бағытталған қаражат көлемі

10




Қорытынды

100




  Жануарлар дүниесі
объектілерін алып қою
квоталарын
бөлу қағидаларына
7-қосымша
  Нысан

Балық ресурстарын және басқа су жануарларын алып қою квоталарын бөлу қорытындылары

№ р/с

Балық шаруашылығы субъектісі

Рейтингтік коэффициенті (Р)

Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою коэффициенті (К)

Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою квотасы (Л = Р х К)

1

2

3

4

5






Қорытынды: