Жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен оларды қолданылып жасалған бұйымдар саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы және "Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 350 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 27 сәуірдегі № 234 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 4 мамырда № 20561 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен оларды қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттiк қызмет көрсету қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды тұрақты қолдануға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.

      2. "Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 350 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10273 болып тіркелген, 2015 жылғы 27 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-2-бабы 17) тармақшасына сәйкес және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидалары осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Б. Атамкулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2020 жылғы 27 сәуірдегі № 234
бұйрығына 1-қосымша

"Жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттiк қызметті көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттiк қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағына сәйкес (бұдан әрі - Заң) әзірленген және жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидалардың күші жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олардың негізіндегі бұйымдарға өнеркәсіптік мақсаттарда пайдалану үшін қолданылады.

      3. Осы Қағидалардың күші қорғаныс және азаматтық өнімге жататын жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олардың негізіндегі бұйымдарға қолданылмайды.

      4. "Жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      5. Жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияға қызметтің келесі кіші түрлері кіреді:

      1) жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу;

      2) жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды өндіру;

      3) жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу және өткізу;

      4) жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды өздерінің өндірістік мұқтаждары үшін сатып алу;

      5) жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау.

      6. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) мемлекеттік қызмет көрсету стандарты - Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;

      2) лицензия - лицензиар жеке немесе заңды тұлғаға қауіптіліктің жоғары деңгейіне байланысты лицензияланатын қызмет түрін не лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрін жүзеге асыруға беретін бірінші санаттағы рұқсат;

      3) рұқсат беру бақылауы - рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгенге дейін өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеруге бағытталған рұқсат беру органдарының қызметі, сондай-ақ лицензиаттардың және екінші санаттағы рұқсаттар иелерінің Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасын олар берілгеннен кейін сақтауын қамтамасыз ету;

      4) біліктілік талаптары - өтініш беруші мен лицензиаттың жекелеген лицензияланатын қызмет түрімен және (немесе) лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрімен айналысу қабілетін сипаттайтын, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде де, оның жарамдылық уақытының бүкіл кезеңі ішінде де қойылатын сандық және сапалық нормативтер мен көрсеткіштердің жиынтығы;

      5) жарылғыш зат - белгілі бір жағдайларда сыртқы әсерлердің әсерінен жылу мен газ тәрізді өнімдердің көп мөлшерін бөле отырып, тез өздігінен таралатын химиялық айналуға (жарылысқа) қабілетті конденсацияланған химиялық зат немесе осындай заттардың қоспасы;

      6) жарылғыш зат негізіндегі бұйым - өздігінен немесе басқа жарылғыш заттармен бірге дайындалған түрде пайдалануға арналған қабықшаға немесе онсыз жасалған соңғы мөлшердегі жарылғыш заттың жинақы салмағы;

      7) пиротехникалық бұйым - пиротехникалық құрамның жануын (жарылысын) қолдана отырып, қажетті әсер алуға арналған бұйым. Пиротехникалық құрамдардың қасиеттеріне және олардың химиялық түрленуі кезінде өтетін процестердің сипатына байланысты пиротехникалық бұйымдар өрт қауіпті және жарылыс қауіпті болып бөлінеді. Пиротехникалық бұйымдар тағайындалуы бойынша тұрмыстық мақсаттағы пиротехникалық бұйымдарға және техникалық мақсаттағы пиротехникалық бұйымдарға бөлінеді. Пиротехникалық бұйымдар сақтау процесінде техникалық қызмет көрсетуді және пайдалану кезінде энергия шығынын жүргізуді талап етпейді.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      7. Заңды немесе жеке тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі - портал) келелесіні жолдайды:

      1) лицензия алу үшін:

      осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын мәліметтер;

      жарылғыш және пиротехникалық (азаматтық) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінің толтырылған мәліметтер нысаны Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылдың 9 желтоқсанындағы № 843 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14742 болып тіркелген) (бұдан әрі - біліктілік талаптары);

      2) лицензияға қосымша алу үшін:

      осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      біліктілік талаптарына толтырылған мәліметтер нысаны;

      3) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның қайта ресімдеу үшін:

      осы Қағидаларға 3 және 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын мәліметтер;

      мемлекеттік ақпараттық жүйелерде ақпараты бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың электрондық көшірмесі;

      4) көрсетілетін қызметті алушы бөлініп шығу немесе бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:

      біліктілік талаптарына мәліметтердің толтырылған нысаны.

      Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі құжаттар тізбесі осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты нысанында баяндалған.

      Мемлекеттік қызметті көрсету жалпы мерзімі келесіні құрайды:

      1) лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алу кезінде - 10 (он) жұмыс күні;

      2) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде - 3 (үш) жұмыс күні;

      3) көрсетілетін қызметті алушы бөлініп шығу немесе бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде - 10 (он) жұмыс күні.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттар мен мәліметтерді олар түскен күні тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды, ол жауапты орындаушыны тағайындайды.

      Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      9. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды тіркеген сәттен бастап:

      1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде:

      2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын және дәйектілігін тексереді және ұсынылған құжаттардың толық болмау және (немесе) дәйексіздік фактісі белгіленген жағдайда осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жібереді;

      ұсынылған құжаттар толық және сенімді болған жағдайда, сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін алу үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне портал арқылы сұрау салу жібереді;

      өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 13-тарауына сәйкес 7 (жеті) жұмыс күні ішінде алдын алу бақылау арқылы көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігіне рұқсат беру бақылауын бақылау субъектісіне (объектісіне) баруымен жүзеге асырады, оның нәтижесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды жасайды және көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушының қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытындыны алған сәттен бастап көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 6 және (немесе) 7-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша жарылғыш және пиротехникалық (азаматтық пиротехникалық заттарды қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны не осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес қалыптастырады.

      2) қайта ресімделген лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде:

      2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын және дәйектілігін тексереді және ұсынылған құжаттардың толық болмау және (немесе) дәйексіздік фактісі белгіленген жағдайда осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жібереді;

      ұсынылған құжаттардың мәліметтері толық және шынайы болған жағдайда 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 6 және (немесе) 7-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны ресімдейді.

      3) көрсетілетін қызметті алушы бөлініп шығу немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда қайта ресімделген лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде беру осы Қағидалардың 9-тармағының 1) тармақшасына сәйкес тәртіппен жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы бөлініп шығу немесе бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін, сондай-ақ лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіздер "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 33 және 34-баптарында айқындалған.

      Қазақстан Республикасының заңдарымен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз осы Қағидарларға 5-қосымшада көрсетілген.

      Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлемдер туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      10. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің басшысының немесе оны алмастырушы тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті" арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      11. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

      12. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер Мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      13. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында басшылық ететін уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес:

      уәкілетті органның көрсетілетін қызметті берушісімен - ол тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен - ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      15. Уәкілетті органның көрсетілетін қызметті берушісінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      16. Көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

  "Жарылғыш және
пиротехникалық (азаматтықты
қоспағанда) заттар мен олар
қолданылып жасалған
бұйымдарды әзірлеу, өндіру,
сатып алу, өткізу, сақтау
жөніндегі қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру"
мемлекеттiк қызметті
көрсету қағидаларына
1-қосымша
  нысан

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған заңды тұлғаның өтiнiші

      ______________________________________________________________.

      (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

      ______________________________________________________________.

      (заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы, бизнес-

      сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда -

      шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      Сізге лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны енгізуді сұраймын

      _______________________________________________________________________________.

      (қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің (-лері) толық атауы көрсетiлсiн)

      Заңды тұлғаның мекенжайы _______________________________________________.

      (шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше

      атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      Электрондық пошта ______________________________________________________.

      Телефондары ____________________________________________________________.

      Факс ____________________________________________________________________.

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы

      _________________________________________________________________________.

      (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені,

      көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      ______ парақта қоса беріліп отыр.

      Осымен:

      1) көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуг болатындығы;

      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;

      3) қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;

      4) ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.

      Ұсынылған мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығына көрсетілетін қызметті алушы жауапты болады.

  ___________________________
(ұйым басшысының қолы, тегі,
аты, әкесінің аты (болған
жағдайда), электрондық
цифрлық қолтаңбасы)
  "Жарылғыш және
пиротехникалық (азаматтықты
қоспағанда) заттар мен олар
қолданылып жасалған
бұйымдарды әзірлеу, өндіру,
сатып алу, өткізу, сақтау
жөніндегі қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру"
мемлекеттiк қызметті
көрсету қағидаларына
2-қосымша
  нысан

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға жеке тұлғаның өтініші

      ___________________________________________________________________.

      (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

      ___________________________________________________________________.

      (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Сізге лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны енгізуді сұраймын

      _______________________________________________________________________________.

      (қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің (-лері) толық атауы көрсетiлсiн)

      Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы _________________________.

      (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы үй/ғимарат)

      Электрондық пошта ________________________________________________________.

      Телефондары _____________________________________________________________.

      Факс _____________________________________________________________________.

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы

      _________________________________________________________________________.

      (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені,

      көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      ______ парақта қоса беріліп отыр.

      Осымен:

      1) көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуг болатындығы;

      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;

      3) қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;

      4) ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.

      Ұсынылған мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығына көрсетілетін қызметті алушы жауапты болады.

  ___________________________
(ұйым басшысының қолы, тегі,
аты, әкесінің аты (болған
жағдайда), электрондық
цифрлық қолтаңбасы)
  "Жарылғыш және
пиротехникалық (азаматтықты
қоспағанда) заттар мен олар
қолданылып жасалған
бұйымдарды әзірлеу, өндіру,
сатып алу, өткізу, сақтау
жөніндегі қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру"
мемлекеттiк қызметті
көрсету қағидаларына
3-қосымша
  нысан

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған заңды тұлғаның өтiнiші

      ____________________________________________________________.

      (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

      ____________________________________________________________.

      (заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы,

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған

      жағдайда - шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      _____________________________________________________________ жүзеге асыруға

      (қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің (-лері) толық атауы)

      20___ жылғы __________ № ____________, ________________ берілген

      (лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның(лардың) нөмірі(лері),

      берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды) берген лицензиардың атауы)

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны мынадай негіз (дер) бойынша:

      1) заңды тұлға-көрсетілетін қызметті алушы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы"

      Қазақстан Республикасы 2014 жылғы 16 мамырдағы Заңының 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес:

      бірігу ____________________________________________________________________;

      қайта құру ________________________________________________________________;

      қосылу ___________________________________________________________________;

      бөліп шығару _____________________________________________________________;

      бөліну __________________________ жолымен қайта ұйымдастырылуы;

      2) заңды тұлға - көрсетілетін қызметті алушы атауының өзгеруі ______;

      3) заңды тұлға - көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жерінің өзгеруі

      _________________________________________________________________________;

      4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы _________;

      5) "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі _____________;

      6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда

      _________________________________________________________________________;

      7) қызмет түрінің атауы өзгеруі _______________________________________________;

      8) қызметтің кіші түрінің атауы өзгеруі __ қайта ресімдеуіңізді сұраймын.

      Заңды тұлғаның мекенжайы __________________________________________________

      (заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, бизнес-

      сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда

      - шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      Электрондық пошта ________________________________________________________.

      Телефондары _____________________________________________________________.

      Факс _____________________________________________________________________.

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы

      _______________________________________________________________________________.

      (шетелдік заңды тұлға үшін-елі, пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      ______ парақта қоса беріліп отыр.

      Осымен:

      1) көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;

      3) қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;

      4) ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.

      Ұсынылған мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығына көрсетілетін қызметті алушы жауапты болады.

  ___________________________
(ұйым басшысының қолы, тегі,
аты, әкесінің аты (болған
жағдайда), электрондық
цифрлық қолтаңбасы)
  "Жарылғыш және
пиротехникалық (азаматтықты
қоспағанда) заттар мен олар
қолданылып жасалған
бұйымдарды әзірлеу, өндіру,
сатып алу, өткізу, сақтау
жөніндегі қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру"
мемлекеттiк қызметті
көрсету қағидаларына
4-қосымша
  нысан

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған жеке тұлғаның өтiнiші

      _______________________________________________________________.

      (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

      _______________________________________________________________.

      (жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)

      ________________________________________________ жүзеге асыруға

      (қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің (-лері) толық атауы) 20___ жылғы

      __________ № ____________, ________________ берілген (лицензияны және (немесе)

      лицензияға қосымшаның(лардың) нөмірі(лері), берілген күні, лицензияны және

      (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды) берген лицензиардың атауы)

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны мынадай негіз (дер) бойынша:

      1) жеке тұлға-көрсетілетін қызметті алушының аты, тегі, әкесінің атының өзгеруі

      _________________________________________________________________________;

      2) жеке кәсіпкерді қайта тіркеу - көрсетілетін қызметті алушының, оның атауының өзгеруі

      _________________________________________________________________________;

      3) жеке кәсіпкерді қайта тіркеу - көрсетілетін қызметті алушының, оның заңды мекен жайының өзгеруі

      _________________________________________________________________________;

      4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы ________;

      5) "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі _____________;

      6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда

      _________________________________________________________________________;

      7) қызмет түрінің атауы өзгеруі _______________________________________________;

      8) қызметтің кіші түрінің атауы өзгеруі __ қайта ресімдеуіңізді сұраймын.

      Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы____________________.

      (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)

      Электрондық пошта ________________________________________________________.

      Телефондары _____________________________________________________________.

      Факс _____________________________________________________________________.

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы

      ________________________________________________________________________________

      (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені,

      көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      ______ парақта қоса беріліп отыр.

      Осымен:

      1) көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;

      3) қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;

      4) ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.

      Ұсынылған мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығына көрсетілетін қызметті алушы жауапты болады.

  ___________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған
жағдайда), электрондық
цифрлық қолтаңбасы
  "Жарылғыш және
пиротехникалық (азаматтықты
қоспағанда) заттар мен олар
қолданылып жасалған
бұйымдарды әзірлеу, өндіру,
сатып алу, өткізу, сақтау
жөніндегі қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру"
мемлекеттiк қызметті
көрсету қағидаларына
5-қосымша

"Жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті.

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elіcense.kz веб-порталы.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде - 10 (он) жұмыс күні;
2) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде - 3 (үш) жұмыс күні;
3) көрсетілетін қызметті алушы бөлініп шығу немесе бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде - 10 (он) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық түрде (толық автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, қайта ресімделген лицензия және (немесе) лицензияға қосымша не болмаса "Жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

1) қызметтің осы түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезінде - 22 айлық есептік көрсеткіш;
2) лицензияны қайта ресімдегені үшін - лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10% (пайызын) құрайды.
Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол емес нысанда жүзеге асырылады.
Төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші - 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.
2) портал - техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) лицензия алу үшін:
осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын мәліметтер;
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 843 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14742 болып тіркелген) жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарына (бұдан әрі - біліктілік талаптары) мәліметтер нысаны;
2) лицензияға қосымшаны алу үшін:
осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
біліктілік талаптарына мәліметтер нысаны;
3) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:
осы Қағидаларға 3 және 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын мәліметтер;
мемлекеттік ақпараттық жүйелерде ақпараты бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың электрондық көшірмесі;
4) көрсетілетін қызметті алушы бөлініп шығу немесе бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:
осы Қағидаларға 3 және 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын мәліметтер;
мемлекеттік ақпараттық жүйелерде ақпараты бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың электрондық көшірмесі;
біліктілік талаптарына мәліметтер нысаны.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) Қағиданың 7-тармағында көрсетілген құжаттар толық түрде ұсынылмаған жағдайда;
2) өтініш беруші лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынуы;
4) лицензиялық алым енгізілмеген;
5) көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;
6) көрсетілетін қызметті беруші өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның келісуші аумақтық бөлімшесінен көрсетілетін қызметті алушының лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес еместігі туралы жауап алды;
7) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған;
8) сот орындаушысының ұсынымы негізінде сот көрсетілетін қызметті алушы - борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған жағдайларда тоқтатылады.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Мемлекеттік қызметті көрсету орындардың мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда:
1) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің - www.mііd.gov.kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің - www.comprom.mііd.gov.kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8-800-080-7777.

  "Жарылғыш және
пиротехникалық (азаматтықты
қоспағанда) заттар мен олар
қолданылып жасалған
бұйымдарды әзірлеу, өндіру,
сатып алу, өткізу, сақтау
жөніндегі қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру"
мемлекеттiк қызметті
көрсету қағидаларына
6-қосымша
  нысан

ЛИЦЕНЗИЯ

Берiлген күнi: […] жыл

Лицензияның нөмiрі: […]

Берілді

[…]
(заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда - шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес - сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның толық тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)

Айналысуға

[…]
("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына 2014 жылғы 16 мамырдағы сәйкес лицензияланатын қызмет түрінің атауы)

Ерекше шарттары

[…]
("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2014 жылғы 16 мамырдағы 36-бабына сәйкес)

Ескерту

[…]
(иеліктен шығарылатындығы, рұқсаттың класы)

Лицензиар

[…]
(лицензиардың толық атауы)

Басшы (уәкiлеттi тұлға)

[…]
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

Алғашқы берілген күні

[…]

Лицензияның қолданылу кезеңі

[…]

Берілген жер

Нұр-Сұлтан қаласы

  "Жарылғыш және
пиротехникалық (азаматтықты
қоспағанда) заттар мен олар
қолданылып жасалған
бұйымдарды әзірлеу, өндіру,
сатып алу, өткізу, сақтау
жөніндегі қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру"
мемлекеттiк қызметті
көрсету қағидаларына
7-қосымша
  нысан

ЛИЦЕНЗИЯҒА ҚОСЫМША

Лицензияның нөмiрі: […]

Лицензияның берiлген күнi: […] жыл

Лицензияланатын қызмет түрінің кіші қызметтері:
[…]
("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына 2014 жылғы 16 мамырдағы сәйкес лицензияланатын қызметтің кіші түрінің атауы")

Лицензиат

[…]
(заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес - сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда - шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның толық тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)

Өндiрiстік база

[…]
(орналасқан жерi)

Лицензияның
қолданылуының
ерекше шарттары

[…]
("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына сәйкес)

Лицензиар

[…]
(лицензияға қосымшаны берген органның толық атауы)

Басшы (уәкiлеттi тұлға)

[…]
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

Қосымшаның нөмірі

[…]

Қолданылу мерзiмi

[…]

Қосымшаның берілген күні

[…]

Берілген орны

Нұр-Сұлтан қаласы

  "Жарылғыш және
пиротехникалық (азаматтықты
қоспағанда) заттар мен олар
қолданылып жасалған
бұйымдарды әзірлеу, өндіру,
сатып алу, өткізу, сақтау
жөніндегі қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру"
мемлекеттiк қызметті
көрсету қағидаларына
8-қосымша
  нысан

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі

Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан Республиканское государственное учреждение "Комитет индустриального развития и промышленной безопасности"

Нұр-Сұлтан қ.

г. Нур-Султан

Нөмірі: […]

Берілген күні: […] жыл

[Мекеме атауы, заңды мекен-жайы, БСН/ЖСН]

ДӘЛЕЛДІ БАС ТАРТУ

"Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі, Сіздің [Күні] жылғы № [Құжаттың кіріс нөмірі] хатыңызды қарап, мынаны хабарлайды:
[Бас тартудың негізі]

[Қол қоюшының лауазымы]

[Қол қоюшының ТАӘ]

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2020 жылғы 27 сәуірдегі № 234
бұйрығына 2-қосымша

"Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды тұрақты қолдануға рұқсат беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды тұрақты қолдануға рұқсат беру" мемлекеттiк қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағына сәйкес (бұдан әрі - Заң) әзірленген және жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды тұрақты қолдануға рұқсат беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидалардың күші жарылғыш заттар мен олардың негізіндегі бұйымдарға өнеркәсіптік мақсаттарда пайдалану үшін қолданылады.

      3. Осы Қағидалардың күші қорғаныс және азаматтық өнімге жататын жарылғыш заттар мен олардың негізіндегі бұйымдарға қолданылмайды.

      4. "Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды тұрақты қолдануға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      5. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты - мемлекеттік қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;

      2) рұқсат - лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімі арқылы рұқсат беру органдары жүзеге асыратын қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруға жеке немесе заңды тұлғаның құқығын растау;

      3) жарылғыш зат - конденсацияланған химиялық зат немесе сыртқы әсерлердің әсерінен белгілі бір жағдайларда жылу мен газ тәрізді өнімдердің көп мөлшерін бөле отырып, тез өздігінен таралатын химиялық айналуға (жарылысқа) қабілетті осындай заттардың қоспасы;

      4) жарылғыш заттың негізіндегі бұйым - қабықшаға немесе онсыз жасалған, өздігінен немесе басқа да жарылғыш заттармен бірге дайындалған күйінде пайдалануға арналған соңғы мөлшердегі жарылғыш заттың жинақы салмағы.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      6. Заңды тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы келесі құжаттарды жолдайды:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      2) құрамында өкілдер, дайындаушының, әзірлеушінің, сынақтар жүргізілетін ұйымның, аттестатталған (сараптама) ұйымның және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның өкілдері бар комиссия жүргізген тәжірибелік партияның бақылау және қабылдау сынақтары актісінің электрондық көшірмесі;

      3) жарылыс жұмыстары саласында сараптама жүргізу құқығына аттестатталған ұйымның жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдардың сәйкестігі туралы сараптамалық қорытындысының электрондық көшірмесі.

      Сараптамалық қорытынды осы Қағидаларға 3-қосымшада көзделген талаптарды қамтуы, сондай-ақ оларды дайындауға және қолдануға арналған техникалық құжаттамада белгіленген талаптарға, оның ішінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуі тиіс.

      Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі құжаттар тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты нысанында баяндалған.

      Мемлекеттік қызметті көрсету жалпы мерзімі 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.

      7. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттар мен мәліметтерді олар түскен күні тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды, ол жауапты орындаушыны тағайындайды.

      Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі белгіленген жағдайда осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жолдайды.

      Ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар мәліметтерінің дұрыстығын тексереді және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды тұрақты қолдануға рұқсатты не осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді.

      Қазақстан Республикасының заңдарымен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз осы Қағидарларға 2-қосымшада көрсетілген.

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      9. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің басшысының немесе оны алмастырушы тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті" арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      10. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

      11. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер Мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      12. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында басшылық ететін уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      13. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес:

      уәкілетті органның көрсетілетін қызметті берушісімен - ол тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен - ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      14. Уәкілетті органның көрсетілетін қызметті берушісінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      15. Көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

  "Жарылғыш заттар мен олардың
негізінде жасалған бұйымдарды
тұрақты қолдануға рұқсат беру"
мемлекеттік қызметті көрсету
қағидаларына
1-қосымша
  нысан
  Заңды тұлғаның деректемелері
(мекенжайы, ЖСН/БСН,
телефоны және т.б.)
Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрлігі
Индустриялық даму және
өнеркәсіптік қауіпсіздік
комитетінің төрағасы
____________________________
Тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда)

Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды тұрақты қолдануға рұқсат беруге арналған Өтініш

      ________________________________ Сізден ұсынылған құжаттар тізімін қарауды және

      (ұйым атауы)

      _________________________ жарылыс заттар және олардың негізінде жасалған

      бұйымдарды тұрақты қолдануға рұқсат беруді сұрайды. (жарылыс заттар және олардың

      негізінде жасалған атауы)

      Техникалық шарттардың (стандарттың) нөмірі _________________________________.

      Әзірлеуші ________________________________________________________________.

      Дайындаушы (дайындаушылар) ______________________________________________.

      Оның (олардың) мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі ______________________________.

      Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасының коды

      _________________________________________________________________________.

      Көлік қауіптілігінің класы ___________________________________________________.

      Көлік қауіптілігініңкіші класы _______________________________________________.

      Үйлесімділік тобы _________________________________________________________.

      Біріккен ұлттар ұйымының сериялық нөмірі ____________________________________.

      Жедел шаралар коды _______________________________________________________.

      Тағайындауы, аясы және қолдану шарты _______________________________________.

      Қосымшалар:

      1) құжаттың электрондық көшірмесі түріндегі тәжірибелі партиядағы қабылдау сынақтары актісінің электрондық көшірмесі;

      2) құжаттың электрондық түріндегі жарылыс жұмыстары саласында сараптама жүргізу құқығына аттестатталған ұйымның жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптамалық қорытындысының электрондық көшірмесі.

      Осымен:

      1) қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;

      2) ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.

      Ұсынылған мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығына көрсетілетін қызметті алушы жауапты болады.

  ___________________________
(ұйым басшысының қолы, тегі,
аты, әкесінің аты (болған
жағдайда), электрондық
цифрлық қолтаңбасы
  "Жарылғыш заттар мен олардың
негізінде жасалған бұйымдарды
тұрақты қолдануға рұқсат беру"
мемлекеттік қызметті көрсету
қағидаларына
2-қосымша

"Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды тұрақты қолдануға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті.

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elіcense.kz веб-порталы.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

5 (бес) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық түрде (толығымен автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды тұрақты қолдануға рұқсат беру не болмаса "Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды тұрақты қолдануға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) 4 және 5-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші - 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.
2) портал - техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) құрамында өкілдер, дайындаушының, әзірлеушінің, сынақтар жүргізілетін ұйымның, аттестатталған (сараптама) ұйымның және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның өкілдері бар комиссия жүргізген тәжірибелік партияның бақылау және қабылдау сынақтары актісінің электрондық көшірмесі;
3) жарылыс жұмыстары саласында сараптама жүргізу құқығына аттестатталған ұйымның жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдардың сәйкестігі туралы сараптамалық қорытындысының электрондық көшірмесі.
Сараптамалық қорытынды осы Қағидаларға 3-қосымшада көзделген талаптарды қамтуы, сондай-ақ оларды дайындауға және қолдануға арналған техникалық құжаттамада белгіленген талаптарға, оның ішінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуі тиіс.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) Қағиданың 6-тармағында көрсетілген құжаттар толық түрде ұсынылмаған жағдайда;
2) өтініш беруші лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;
3) көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Кеден одағының "Жарылғыш заттар және олар негізіндегі өнімдердің қауіпсіздігі туралы" 2012 жылғы 20 шілдедегі № 57 техникалық регламентімен, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңымен, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 343 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10244 болып тіркелген) Қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларымен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Мемлекеттік қызметті көрсету орындардың мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда:
1) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің - www.mііd.gov.kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің - www.comprom.mііd.gov.kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8-800-080-7777.

  "Жарылғыш заттар мен олардың
негізінде жасалған бұйымдарды
тұрақты қолдануға рұқсат беру"
мемлекеттік қызметті көрсету
қағидаларына
3-қосымша

Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы жарылыс жұмыстары саласында сараптама жүргізу құқығына аттестатталған ұйымның сараптамалық қорытындысының мазмұны

      1. Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысы:

      1) сараптама қорытындысының атауын;

      2) сараптама жүргізу үшін негіздемені, сараптамалық ұйым туралы мәліметтерді және өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізген мамандар және өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу құқығына аттестаттың болуы туралы мәліметті қамтитын кіріспе бөлігін;

      3) сараптама қорытындысының күші қолданылатын сараптама объектілерінің тізбесін;

      4) ұйым туралы деректерді;

      5) сараптама мақсатын;

      6) сараптама объектісіне байланысты сараптама процесінде қаралған, оның ішінде бақылау және қабылдау сынақтарының бағдарламалары мен әдістемеліктері, сәйкестендіруге қажетті шығарған зауыты мен елі, шифрі, нөмірі, маркасы немесе өзге ерекшелігін көрсете отырып, торылғыш заттар және бұйымдар туралы мәліметтерді;

      7) өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу кезінде пайдаланылған жабдықтар туралы мәліметтерді;

      8) сараптама объектісіне қысқаша сипаттамасы мен мақсатын;

      9) жүргізілген сараптама, жүргізілген сынау, оның ішінде жарылғыш заттардың оларды әзірлеу кезіндегі қауіпсіздігін бағалауға қажетті көрсеткіштер бойынша нәтижелерін;

      10) негізделген қорытындыларын, техникалық шешімдер мен шаралар бойынша ұсыныстарды, жарылыс заттарының және оның негізіндегі бұйымдардың атауын, жарылыс затын немесе оның негізіндегі бұйымды әзірлеуші мен жасаушы туралы мәліметтерді, олардың мемлекеттік тіркелуі туралы куәлік нөмірі, берілген күні, куәлік берген органның атауы), жарылыс затының немесе оның негізіндегі бұйымның техникалық шарттарының (стандартының) нөмірлерін, Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасының кодын, көлік қауіптілігінің санаты мен шағын санатын, сәйкестілік тобын, Біріккен ұлттар ұйымының сериялық нөмірін, шұғыл шаралар кодын, жарылыс заттарын немесе бұйымдарының белгіленуін, қолдану саласы мен шарттарын, қосымша талаптарды (қажет болған жағдайда);

      11) сараптама кезінде пайдаланылған нормативтік құқықтық актілерді, техникалық және әдістемелік құжаттама тізбесін, өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша мамандардың білімін тексеру хаттамасының көшірмелерін, жүргізілген бақылау және қабылдау сынақтардың актілерін, бақылау және қабылдау сынақтарының бағдарламалары мен әдістемеліктерін қамтитын қосымшаларды;

      12) зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың өндірістік персоналға, халыққа, қоршаған ортаға әсер ету мүмкіндігі, олардың пайдалану процесіндегі, авария, оқыс оқиғалар жағдайындағы зақымдау әсерінің деңгейі туралы мәліметтерді.

      2. Сараптамалық қорытынды өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізген күннен бастап бір жыл бойы қолданыста болады.

      Сараптамалық қорытындыға жарылыс жұмыстары саласында сараптама жүргізу құқығына аттестацияланған ұйымының басшысы қол қояды, сараптама ұйымының мөрімен расталады, тігілген беттердің санын көрсете отырып тігіледі.

  "Жарылғыш заттар мен олардың
негізінде жасалған бұйымдарды
тұрақты қолдануға рұқсат беру"
мемлекеттік қызметті көрсету
қағидаларына
4-қосымша
  нысан

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі

Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан Республиканское государственное учреждение "Комитет индустриального развития и промышленной безопасности"

Нұр-Сұлтан қ.

г. Нур-Султан

Берілген күні: […] жыл

[Мекеме атауы, заңды мекен-жайы, БСН/ЖСН]

Нөмірі: […]

ЖАРЫЛҒЫШ ЗАТТАР МЕН ОЛАРДЫҢ
НЕГІЗІНДЕ ЖАСАЛҒАН БҰЙЫМДАРДЫ ТҰРАҚТЫ ҚОЛДАНУҒА
РҰҚСАТ

Жарылғыш заттың немесе бұйымның атауы:

[…]

Техникалық шарттардың (стандарттың) нөмірі:

[…]

Әзірлеуші:

[…]

Дайындаушы (дайындаушылар):

[…]

Оны (оларды) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік:

[…]
(№ және берілген күні, куәлік берген органның атауы)

КО СЭҚ ТН коды

[…]

Рұқсат беру үшін негіздеме

[…]

Көлік қауіптілігінің сыныбы

Көлік қауіптілігінің ішкі сыныбы

Үйлесімділік тобы

БҰҰ сериялық нөмірі

Шұғыл шаралар коды (ШШК)

[…]

[…]

[…]

[…]

[…]

Қолдану мақсаты, саласы және шарттары:

[…]

Қосымша талаптар:

[…]

[Қол қоюшының лауазымы]

[Қол қоюшының ТАӘ]

  "Жарылғыш заттар мен олардың
негізінде жасалған бұйымдарды
тұрақты қолдануға рұқсат беру"
мемлекеттік қызметті көрсету
қағидаларына
5-қосымша
  нысан

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі

Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан Республиканское государственное учреждение "Комитет индустриального развития и промышленной безопасности"

Нұр-Сұлтан қ.

г. Нур-Султан

Нөмірі: […]

Берілген күні: […] жыл

[Мекеме атауы, заңды мекен-жайы, БСН/ЖСН]

ДӘЛЕЛДІ БАС ТАРТУ

"Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі, Сіздің [Күні] жылғы № [Құжаттың кіріс нөмірі] хатыңызды қарап, мынаны хабарлайды:
[Бас тартудың негізі]

[Қол қоюшының лауазымы]

[Қол қоюшының ТАӘ]

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2020 жылғы 27 сәуірдегі № 234
бұйрығына 3-қосымша

Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 12-2-бабының 17) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі - Заң) әзірленіп жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру тәртібін және жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидалардың қолданысы жарылғыш заттар мен олардың негізіндегі бұйымдарға өнеркәсіптік мақсаттарда пайдалану үшін қолданылады.

      3. Осы Қағидалардың қолданысы қорғаныс және азаматтық өнімге жататын жарылғыш заттар мен олардың негізіндегі бұйымдарға қолданылмайды.

      4. "Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы Қағидаларға сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің аумақтық бөлімшесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      5. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты - мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;

      2) рұқсат - лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімі арқылы рұқсат беру органдары жүзеге асыратын қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруға жеке немесе заңды тұлғаның құқығын растау;

      3) жарылғыш зат - белгілі бір жағдайларда сыртқы әсерлердің әсерінен жылу мен газ тәрізді өнімдердің көп мөлшерін бөле отырып, тез өздігінен таралатын химиялық айналуға (жарылысқа) қабілетті конденсацияланған химиялық зат немесе осындай заттардың қоспасы;

      4) жарылғыш зат негізіндегі бұйым - өздігінен немесе басқа жарылғыш заттармен бірге дайындалған түрде пайдалануға арналған қабықшаға немесе онсыз жасалған соңғы мөлшердегі жарылғыш заттың жинақы массасы.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      6. Заңды тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге "Электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) келесі құжаттарды жолдайды:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      2) құрамында өкілдер, дайындаушының, әзірлеушінің, сынақтар жүргізілетін ұйымның, аттестатталған (сараптама) ұйымның және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның өкілдері бар комиссия жүргізген тәжірибелік партияның бақылау және қабылдау сынақтары актісінің электрондық көшірмесі;

      3) жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде:

      жер бетінде жарылыс жұмыстарын жүргізу орны, қауіпті аймақ шекарасы, қауіпті аймақты күзету бекеттерін және оның шегіндегі тұрғын және өндірістік ғимараттарды, құрылыстарды, темір жолдарды, автомобиль жолдарын, арналарды, құбырларды, электр беру желілерін қою орындары көрсетілген жергілікті жердің жоспары бар электрондық құжат;

      жер асты жағдайларында жарылыс жұмыстарын жүргізу орнын, қауіпті аймақтың шекарасын, қауіпті аймақты қорғау бекеттерін қою орнын көрсете отырып, тау-кен жұмыстарының жоспарын, сондай-ақ шахтаның (кеніштің, геологиялық барлау жұмыстары объектісінің) газ бен шаң бойынша қауіптілігі туралы мәліметтерді қамтитын электрондық құжат.

      Жарылғыш материалдарды пайдалана отырып сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізу кезінде жұмыс бейіндері мен қауіпті аймақты қорғау схемалары бар электрондық құжат ұсынылады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі құжаттар тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты нысанында баяндалған.

      Мемлекеттік қызметті көрсету жалпы мерзімі 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.

      7. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттар мен мәліметтерді олар түскен күні тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды, ол жауапты орындаушыны тағайындайды.

      Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі белгіленген жағдайда осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды.

      Ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар мәліметтерінің дұрыстығын тексереді және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсатты не осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді.

      Қазақстан Республикасының заңдарымен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз осы Қағидарларға 2-қосымшада көрсетілген.

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      9. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің басшысының немесе оны алмастырушы тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті" арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      10. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

      11. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер Мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      12. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында басшылық ететін уәкілетті органның аймақтық бөлімшесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      13. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес:

      уәкілетті органның көрсетілетін қызметті берушісімен - ол тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен - ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      14. Уәкілетті органның көрсетілетін қызметті берушісінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      15. Көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

  Жарылыс жұмыстарын
жүргізуге рұқсат беру
қағидаларына
1-қосымша
  нысан
  Заңды (жеке) тұлғаның
деректемелері
(мекенжайы, ЖСН/БСН,
телефоны және т.б.)
Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрлігінің
Индустриялық даму және
өнеркәсіптік
қауіпсіздік комитетінің
аумақтық (облыстар,
республикалық маңызы бар
қалалардың және астананың)
департамент басшысына
___________________________
Тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда)

Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беруге арналған өтініш

      ________________________________________________________ Сізден қарауды және

      (ұйымның атауы)

      _______________________________________________________________ мақсатында

      _____________ жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беруді сұрайды.

      (жарылыс жұмыстары жүргізілетін жердің атауы)

      Жарылыс жұмыстарына басшылық жасау ______________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, жарушының бірыңғай кітапшасының нөмірі, берілген күні)

      _________________________________________________________________ жүктелді.

      Жарылыс материалдарын сақтау орны_________________________________________

      (атауы, орналасқан жері)

      Осымен:

      1) қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;

      2) ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.

      Ұсынылған мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығына көрсетілетін қызметті алушы жауапты болады.

  ___________________________
(ұйым басшысының қолы, тегі,
аты, әкесінің аты (болған
жағдайда), электрондық
цифрлық қолтаңбасы
  Жарылыс жұмыстарын
жүргізуге рұқсат беру
қағидаларына
2-қосымша

"Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің аумақтық бөлімшесі.

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elіcense.kz веб-порталы.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

5 (бес) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық түрде (толығымен автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру не болмаса "Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) 3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші - 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.
2) портал - техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) жарылыс жұмыстарын қауіпсіз орындау шарттарын, кесектердің ұшуы бойынша қауіпсіз қашықтықтарды, соққы ауа толқынының әсерін, жарылыс кезінде улы газдардың әсерін, сейсмикалық әсерді нақтылайтын есептеулері көрсетілген мәліметтері бар электрондық құжат;
3) жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде:
жер бетінде жарылыс жұмыстарын жүргізу орны, қауіпті аймақ шекарасы, қауіпті аймақты күзету бекеттерін және оның шегіндегі тұрғын және өндірістік ғимараттарды, құрылыстарды, темір жолдарды, автомобиль жолдарын, арналарды, құбырларды, электр беру желілерін қою орындары көрсетілген жергілікті жердің жоспары бар электрондық құжат ұсынылады;
жер асты жағдайларында жарылыс жұмыстарын жүргізу орны, қауіпті аймақ шекарасы, қауіпті аймақты қорғау бекеттерін қою орны көрсетілген тау-кен жұмыстарының жоспары, сондай-ақ шахтаның (кеніштің, геологиялық барлау жұмыстары объектісінің) газ бен шаң бойынша қауіптілігі туралы мәліметтер бар электрондық құжат ұсынылады.
Жарылғыш материалдарды пайдалана отырып сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізу кезінде жұмыс бейіндері мен қауіпті аймақты қорғау схемалары бар электрондық құжат ұсынылады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) Қағиданың 6-тармағында көрсетілген құжаттар толық түрде ұсынылмаған жағдайда;
2) өтініш беруші рұқсат алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;
3) көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 343 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10244 болып тіркелген) Қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларымен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындардың мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда:
1) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің - www.mііd.gov.kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің - www.comprom.mііd.gov.kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8-800-080-7777.
Егер негізгі қызмет түрі лицензиялауға жатпайтын болса, онда жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат алу үшін 3-тармақта көрсетілген лицензияның болуы жеткілікті.
1. Мұнай; газ; газ конденсаты және айдау ұңғымаларында атқылау-жару жұмыстары қызметінің кіші түрінің лицензиясына қосымша ұсыну - мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, көмірсутектер саласындағы магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға арналған лицензия; жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия және оған мына кіші қызмет түрлерін қосымша ұсыну:
1) жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды өздерінің өндірістік мұқтаждары үшін сатып алу;
2) жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау.
2. Пайдалы қазбаларды өндіру үшін жарылыс жұмыстарын жүргізу - қызметтің кіші түріне арналған лицензияға қоса берілген тау-кен және химия өндірістерін пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия және қызметтің кіші түрлеріне арналған лицензияға қоса берілген жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия және оған мына кіші қызмет түрлерін қосымша ұсыну:
1) жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды өздерінің өндірістік мұқтаждары үшін сатып алу;
2) жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау.
3. Қызметтің кіші түрлеріне арналған лицензияға қоса беріле отырып, жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия:
1) жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды өздерінің өндірістік мұқтаждары үшін сатып алу;
2) жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау.

  Жарылыс жұмыстарын
жүргізуге рұқсат беру
қағидаларына
3-қосымша
  нысан

"Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің [облыстар, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың] бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі

Республиканское государственное учреждение "Департамент Комитета индустриального развития и промышленной безопасности [областей, городов республиканского значения и столицы]"

Нөмірі: [...]

ЖАРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУГЕ
РҰҚСАТ

Берілген:

[...]
(өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің атауы)

Кімге:

[…]
(ұйымның атауы)

[…]
(жарылыс жұмыстары жүргізілетін жердің атауы)

Мақсатында

[…]

Жарылыс жұмыстарына басшылық жасау жүктелді

[…]
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, жарушының бірыңғай кітапшасының нөмірі, берілген күні)

Жарылғыш материалдарды сақтау орны

[…]
(атауы, орналасуы)

Берілген күні:

[…] жыл

Осы рұқсаттың қолданылу мерзімі - берілген күнінен бастап 1 жыл.

[Қол қоюшының лауазымы]

[Қол қоюшының ТАӘ]

  Жарылыс жұмыстарын
жүргізуге рұқсат беру
қағидаларына
4-қосымша
  нысан

"Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің [облыстар, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың] бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі

Республиканское государственное учреждение "Департамент Комитета индустриального развития и промышленной безопасности [областей, городов республиканского значения и столицы]"

Нұр-Сұлтан қ.

г. Нур-Султан

Нөмірі: […]

Берілген күні: […] жыл

[Мекеме атауы, заңды мекен-жайы, БСН/ЖСН]

ДӘЛЕЛДІ БАС ТАРТУ

"Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің [облыстар, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың] бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі, Сіздің [Күні] жылғы № [Құжаттың кіріс нөмірі] хатыңызды қарап, мынаны хабарлайды:
[Бас тартудың негізі]

[Қол қоюшының лауазымы]

[Қол қоюшының ТАӘ]