ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 10 қарашадағы № 1061 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12452 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 желтоқсандағы "Егемен Қазақстан" газетінің №249 (28727) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 41-31) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және оған сертификат беру қағидалары:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1.Осы Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және оған сертификат беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.";
2, 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қағида сертификаттау және "Пайдаланушы сертификатын беру" мемлекеттік қызметті көрсетуді (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет), сондай-ақ жолаушылардың, багаждың, жүктің және почта жөнелтілімдерінің коммерциялық тасымалдарын (әуе тасымалдарын) жүзеге асыратын авиакомпаниялардың азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы сертификатын (бұдан әрі - пайдаланушы сертификаты) тоқтата тұру және кері қайтарып алу тәртібін айқындайды.
"3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым (бұдан әрі - уәкілетті ұйым) атқарады.";
4-тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Тіркеу уәкілетті ұйым ИКАО-ға жіберетін сұрау салу арқылы жүзеге асырылады.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5.Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты түрінде осы Қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес көрсетілген.";
8-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушының сертификаты - уәкілетті ұйым берген сертификаттау талаптарына және осы Қағидаларға сәйкестiгiн куәландыратын құжат;
2-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Сертификаттауды жүргізу тәртібі және мемлекеттік қызмет көрсету";
11, 12, 13, 14, 15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Өтінім беруші ұшуларды орындауды бастаудың жоспарланған күніне дейін 64 (алпыс төрт) жұмыс күні мерзімінде Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пайдаланушы сертификатын алу үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорацияға (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) коммерциялық емес акционерлік қоғамына, "электрондық үкіметтің" www.egov.kz (бұдан әрі - портал) веб-порталына өтінімді жібереді.
12. Өтінімге Қағидаларға 1-қосымшада келтірілген "Пайдаланушы сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) 9-бағанында көрсетілген құжаттар қоса беріледі.
Жүгінген кезде өтініш берушінің Мемлекеттік корпорация қызметкері Мемлекеттік корпорациясының ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Тапсырылған жағдайда, өтініш беруші құжаттардың толық емес пакетін тізбеге сәйкес және (немесе) құжаттардың қолданылу мерзімі аяқталған қызметкері Мемлекеттік корпорациясының өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдағаннан кейін өтініш берушіге мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-бағанында көрсетілген құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
13. Кезекті пайдаланушы сертификатын алу үшін өтініш беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-бағанында көрсетілген өзгерістер болған және/немесе толықтырулар енгізілген құжаттармен бірге өтінімді береді.
14. Порталға жүгінген кезде өтініш берушінің "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметке сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе жолданады.
Уәкілетті ұйым құжаттарды келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады, сонымен қатар ұсынылған құжаттарды қарайды, олар бойынша Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес "Пайдаланушы сертификатын алуға арналған өтінім бойынша шешім" нысан бойынша тиісті шешім қабылдайды.
Қараудың барынша ұзақ мерзімі жиырма жұмыс күнін құрайды, өтінім мен қоса берілген құжаттар Қағидалардың талаптарына сәйкессіздіктер анықталған жағдайда өтініш берушіге анықталған сәйкессіздіктерді жою мүмкіндігі беріледі, бұл ретте жою мерзімі он жұмыс күніне белгіленеді.";
15. Қағидалардың 14-тармағымен белгіленген мерзімде өтініш беруші анықталған сәйкессіздіктерді жоймаған жағдайда, өтініш берушіге бас тарту себептері көрсетіліп, өтінімді қараудан бас тарту туралы шешім жіберіледі.
16. Өтінім мен құжаттар Қағидалардың талаптарына сәйкес келген жағдайда, уәкілетті ұйым өтініш берушіге сертификаттық тексеру кезеңіне көшу туралы шешім жібереді және оны өткізу үшін 4 (төрт) жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйымның авиация инспекторлары қатарынан Комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады.";
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Пайдаланушы сертификатын беру үшін пайдаланушы сертификатын беру туралы қорытындымен бірге сертификаттық тексеру актісі негіз болып табылады.
Уәкілетті ұйым үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пайдаланушы сертификатын ресімдеуді қамтамасыз етеді.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жеткізуді қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжатты (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілінің) көрсеткен кезде жүзеге асырылады.
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген жағдайларда пайдаланушының сертификатын беруден бас тарту туралы қорытындысы бар сертификаттық тексеру актісі пайдаланушының сертификатын беруден бас тарту үшін негіз болып табылады.";
мынадай мазмұндағы 26-1-тармақпен толықтырылсын:
26-1. Уәкілетті ұйым мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға (бұдан әрі-уәкiлеттi орган), Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым берілу мүмкін.
Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес қаралуға жатады:
уәкілетті орган оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган - ол тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде.
Уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайда он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.";
1, 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2-қосымшаларға сәйкес жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кейбір бұйрықтарының күші осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жойылсын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
Б. Атамкулов |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"Пайдаланушы сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) |
Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
құжаттар топтамасы бар өтінімді көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде: |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде. |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
сертификатты (сертификат телнұсқасын) беру немесе Қағидаларының 25-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі беруден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
7. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген |
Мемлекеттік қызмет ақылы негізде заңды тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы). |
7. | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін. |
8. | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенімхат бойынша уәкілетті өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: |
9 | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздері |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналасқан: |
Электрондық немесе қағаз құжат нысанындағы пайдаланушы сертификатын (ПС) алуға өтінім
Кандидат толтырады
Алғашқы беру
Кезекті беру
1. Жалпы ақпарат | |||||||||||||||||
1. Компанияның ресми атауы және саудалық атауы (егер ерекшеленсе): | 2. Телефон, факс және электрондық пошта мекенжайын қоса алғанда, негізгі қызмет орнының мекенжайы. | ||||||||||||||||
Көрсетілетін қызметті алушы | |||||||||||||||||
Пайдаланушы | |||||||||||||||||
Компанияның мекенжайы: | Қосымша қызметтік мекенжайы: | ||||||||||||||||
телефон, факс | Қызмет түрі: | ||||||||||||||||
электрондық пошта мекенжайы: | |||||||||||||||||
3. Болжамды жұмысты бастау күні: | 4. Айрықша тәртіпте ұшу-пайдалану агенттігі үшін сұрау салынған шартты белгілер (алғашқы беру): | ||||||||||||||||
a) | b) | c) | |||||||||||||||
5. ИКАО/ИАТА коды (3 әріпті код/егер болса, 2 әріпті) | |||||||||||||||||
6. Басшылар және негізгі қызметкерлер | |||||||||||||||||
Тегі | Лауазымы | Телефон, факс, электрондық поштасы | |||||||||||||||
1) Пайдаланушының басшысы | |||||||||||||||||
2) Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі инспекциясының басшысы немесе тағайындалған жауапты тұлға | |||||||||||||||||
3) Ұшу қызметінің басшысы | |||||||||||||||||
4) Ұшуға жарамдылықты қолдау жөніндегі басшысы | |||||||||||||||||
5) Жер үсті қызмет көрсету жөніндегі басшы немесе тағайындалған жауапты тұлға | |||||||||||||||||
6) Персоналды даярлау жөніндегі қызметтің басшысы немесе тағайындалған жауапты тұлға | |||||||||||||||||
7) Авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы немесе тағайындалған жауапты тұлға | |||||||||||||||||
8) Бортсеріктер қызметінің басшысы (жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын пайдаланушылар үшін) | |||||||||||||||||
9) Сапаны бақылау қызметінің басшысы немесе тағайындалған жауапты тұлға | |||||||||||||||||
2. Көрсетілетін қызметті алушының техникалық қызмет көрсету және тасымалдар түрлері | |||||||||||||||||
7. Пайдаланушы техникалық қызмет көрсетуді өз бетімен жүзеге асыруды/техникалық қызмет көрсетуді шарттар негізінде орындауды жоспарлап отыр | |||||||||||||||||
8. Ұсынылатын тасымалдар түрлері: | |||||||||||||||||
Жолаушылар және жүк ☐ | |||||||||||||||||
3. Әуе кемелері және болжанатын ұшу аудандары туралы ақпарат | |||||||||||||||||
9. Әуе кемелері туралы деректер (жеке, жалданған): |
10. Болжанатын географиялық ұшу ауданы(-дары): | ||||||||||||||||
1) Түрі, моделі және версиясы бойынша әуе кемелерінің саны: | 2) Жолаушылар креслосының саны және/немесе пайдалы жүктеме (кг., тонн) | ||||||||||||||||
ӘК ұлттық айырым және тіркеу белгілері: | ӘК ең жоғары рұқсат етілген ұшып көтерілу массасы (MTOW): | ||||||||||||||||
ӘК жалдау |
|
| |||||||||||||||
Әуе кемелері иесінің атауы: | |||||||||||||||||
4. Ұшу түрлері, арнайы шектеулер мен рұқсат беру туралы ақпарат | |||||||||||||||||
Ұшу түрлері: |
| ||||||||||||||||
Арнайы шектеулер: | |||||||||||||||||
Арнайы рұқсат берулер/Мақұлдау: | |||||||||||||||||
|
|
| |||||||||||||||
Кеңейтілген пайдалану мүмкіндіктер | |||||||||||||||||
|
|
|
| ||||||||||||||
|
|
|
| ||||||||||||||
|
|
|
| ||||||||||||||
EDTO: Бастапқы уақыт |
| ара қашықтығы |
| ||||||||||||||
Қосалқы әуеайлаққа дейін ең ұзақ ұшу уақыты | |||||||||||||||||
non-EDTO |
| GPS Approach | |||||||||||||||
EFB | Қауіпті жүктер | ||||||||||||||||
5. Авиациялық персоналды дайындау туралы ақпарат | |||||||||||||||||
Ұсынылатын персонал дайындығы (ұшу персоналына арналған пилотажды тренажерлер және/немесе кабиналық персоналға арналған тренажерлық қондырғылар): | |||||||||||||||||
Қолы: | Күні: | Тегі және лауазымы: | |||||||||||||||
6. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым толтырады | |||||||||||||||||
Мынадай құжаттар қоса берілген өтінім түскен күн: | |||||||||||||||||
Тіркеу нөмірі: | |||||||||||||||||
Жауапты лауазымды адам: |
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға келісемін___________________ 20 __ жылғы "___" _____________
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 23 сәуірдегі № 220 бұйрығына 3-қосымша |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ұшуға пайдалану саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуі мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 561 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11742 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
2. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 951 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18109 болып тіркелген, 2019 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізілетін тізбесінің 4-тармағы.
3. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ұшуға пайдалану саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуі мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 561 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 31 шілдедегі № 589 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19171 болып тіркелген, 2019 жылғы 5 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
4. "Ұшуды пайдалану саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1182 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12826 болып тіркелген, 2016 жылғы 25 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
5. "Ұшуды пайдалану саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1182 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы"Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 159 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18462 болып тіркелген, 2019 жылғы 15 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).