"Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 10 қарашадағы № 1061 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру ен

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 23 сәуірдегі № 220 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 сәуірде № 20523 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 10 қарашадағы № 1061 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12452 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 желтоқсандағы "Егемен Қазақстан" газетінің №249 (28727) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 41-31) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және оған сертификат беру қағидалары:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1.Осы Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және оған сертификат беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.";

      2, 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қағида сертификаттау және "Пайдаланушы сертификатын беру" мемлекеттік қызметті көрсетуді (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет), сондай-ақ жолаушылардың, багаждың, жүктің және почта жөнелтілімдерінің коммерциялық тасымалдарын (әуе тасымалдарын) жүзеге асыратын авиакомпаниялардың азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы сертификатын (бұдан әрі - пайдаланушы сертификаты) тоқтата тұру және кері қайтарып алу тәртібін айқындайды.

      "3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым (бұдан әрі - уәкілетті ұйым) атқарады.";

      4-тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тіркеу уәкілетті ұйым ИКАО-ға жіберетін сұрау салу арқылы жүзеге асырылады.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5.Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты түрінде осы Қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес көрсетілген.";

      8-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушының сертификаты - уәкілетті ұйым берген сертификаттау талаптарына және осы Қағидаларға сәйкестiгiн куәландыратын құжат;

      2-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Сертификаттауды жүргізу тәртібі және мемлекеттік қызмет көрсету";

      11, 12, 13, 14, 15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Өтінім беруші ұшуларды орындауды бастаудың жоспарланған күніне дейін 64 (алпыс төрт) жұмыс күні мерзімінде Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пайдаланушы сертификатын алу үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорацияға (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) коммерциялық емес акционерлік қоғамына, "электрондық үкіметтің" www.egov.kz (бұдан әрі - портал) веб-порталына өтінімді жібереді.

      12. Өтінімге Қағидаларға 1-қосымшада келтірілген "Пайдаланушы сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) 9-бағанында көрсетілген құжаттар қоса беріледі.

      Жүгінген кезде өтініш берушінің Мемлекеттік корпорация қызметкері Мемлекеттік корпорациясының ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Тапсырылған жағдайда, өтініш беруші құжаттардың толық емес пакетін тізбеге сәйкес және (немесе) құжаттардың қолданылу мерзімі аяқталған қызметкері Мемлекеттік корпорациясының өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдағаннан кейін өтініш берушіге мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-бағанында көрсетілген құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.

      13. Кезекті пайдаланушы сертификатын алу үшін өтініш беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-бағанында көрсетілген өзгерістер болған және/немесе толықтырулар енгізілген құжаттармен бірге өтінімді береді.

      14. Порталға жүгінген кезде өтініш берушінің "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметке сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе жолданады.

      Уәкілетті ұйым құжаттарды келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады, сонымен қатар ұсынылған құжаттарды қарайды, олар бойынша Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес "Пайдаланушы сертификатын алуға арналған өтінім бойынша шешім" нысан бойынша тиісті шешім қабылдайды.

      Қараудың барынша ұзақ мерзімі жиырма жұмыс күнін құрайды, өтінім мен қоса берілген құжаттар Қағидалардың талаптарына сәйкессіздіктер анықталған жағдайда өтініш берушіге анықталған сәйкессіздіктерді жою мүмкіндігі беріледі, бұл ретте жою мерзімі он жұмыс күніне белгіленеді.";

      15. Қағидалардың 14-тармағымен белгіленген мерзімде өтініш беруші анықталған сәйкессіздіктерді жоймаған жағдайда, өтініш берушіге бас тарту себептері көрсетіліп, өтінімді қараудан бас тарту туралы шешім жіберіледі.

      16. Өтінім мен құжаттар Қағидалардың талаптарына сәйкес келген жағдайда, уәкілетті ұйым өтініш берушіге сертификаттық тексеру кезеңіне көшу туралы шешім жібереді және оны өткізу үшін 4 (төрт) жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйымның авиация инспекторлары қатарынан Комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Пайдаланушы сертификатын беру үшін пайдаланушы сертификатын беру туралы қорытындымен бірге сертификаттық тексеру актісі негіз болып табылады.

      Уәкілетті ұйым үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пайдаланушы сертификатын ресімдеуді қамтамасыз етеді.

      Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жеткізуді қамтамасыз етеді.

      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжатты (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілінің) көрсеткен кезде жүзеге асырылады.

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген жағдайларда пайдаланушының сертификатын беруден бас тарту туралы қорытындысы бар сертификаттық тексеру актісі пайдаланушының сертификатын беруден бас тарту үшін негіз болып табылады.";

      мынадай мазмұндағы 26-1-тармақпен толықтырылсын:

      26-1. Уәкілетті ұйым мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға (бұдан әрі-уәкiлеттi орган), Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым берілу мүмкін.

      Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес қаралуға жатады:

      уәкілетті орган оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган - ол тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде.

      Уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайда он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.";

      1, 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2-қосымшаларға сәйкес жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кейбір бұйрықтарының күші осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жойылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Б. Атамкулов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2020 жылғы 23 сәуірдегі
№ 220 бұйрығына
1-қосымша
  Азаматтық әуе кемелерін
пайдаланушыны сертификаттау
және оған сертификат беру
қағидаларына
1-қосымша

"Пайдаланушы сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қағамы (бұдан әрі - мемлекеттік корпорациясы);
2) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал)

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

құжаттар топтамасы бар өтінімді көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:
пайдаланушы сертификатын (бұдан әрі - сертификат) беру - 64 (алпыс төрт) жұмыс күні;
пайдаланушы сертификатының телнұсқасын (бұдан әрі - сертификат телнұсқасы) беру - 2 (екі) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

сертификатты (сертификат телнұсқасын) беру немесе Қағидаларының 25-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі беруден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе ол уәкілетті берген лауазымды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетке" жіберіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу үшін қағаз тасығышта жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, бастырып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысының немесе ол уәкілетті берген лауазымды адамның қолымен куәландырылады.

7.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген

Мемлекеттік қызмет ақылы негізде заңды тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы).
Пайдаланушыны сертификаттау үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 554-бабының 7-тармағының 1) тармақшасымен айқындалатын тәртіпте және мөлшерде алым алынады куәландырылады.
Пайдаланушыны сертификаттау үшін алым мөлшерлемелері штат санына байланысты мыналарды құрайды:
50 адамды қоса алғанға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 1144 айлық есептік көрсеткіш;
51 адамнан 200 адамды қоса алғанға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 1232 айлық есептік көрсеткіш;
201 адамнан 400 адамды қоса алғанға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 1272 айлық есептік көрсеткіш;
401 адамнан 600 адамды қоса алғанға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 1319 айлық есептік көрсеткіш;
601 адамнан 1200 адамды қоса алғанға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 1363 айлық есептік көрсеткіш;
1201 адамнан 2000 адамды қоса алғанға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 1407 айлық есептік көрсеткіш;
2001 адамнан астам - алым төленетін күні қолданыстағы 1458 айлық есептік көрсеткіш.
Алым төлемі екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.
Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық сұрау салу жіберілген жағдайда, төлемді "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы жүзеге асыруға болады.

7.

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.
2) Мемлекеттік корпорация - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, түскі үзіліссіз сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін.
3) порталдың - тәулік бойы жөндеу жұмыстарын жүргізу мен байланыстағы техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс күндері және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мереке күндері жүгінген кезде өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады);

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенімхат бойынша уәкілетті өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
Мемлекеттік корпорацияға:
пайдаланушы сертификатын бастапқы алу үшін:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;
2) ЭҮТШ арқылы осындай төлем жағдайын қоспағанда, мемлекеттік қызметті көрсету үшін төлем жүргізілгенін растайтын құжат;
3) пайдаланушының бірінші басшысы қол қойған қызметтің сертификаттау талаптарына, Пайдаланушы нұсқауларының ережелеріне сәйкестігі туралы декларация және осы сәйкестікті тұрақты түрде қолдап тұру міндеттемесі;
4) көрсетілетін қызметті алушы жарғысының көшірмесі және құрылтай шартының көшірмесі;
5) көрсетілетін қызметті алушының мынаны:
көрсетілетін қызметті алушының негізгі деректері мен құрылтайшысын;
жоспарланатын коммерциялық әуе тасымалдарының/жұмыстардың түрлерін;
ұшу жұмысын ұйымдастыруын;
ұшуға жарамдылықты қолдау жүйесін;
ұшуды қамтамасыз етуін;
ұшу персоналы мен техникалық персоналдың әзірлігін;
техникалық қызмет көрсету объектілерінің әзірлігін;
әуе кемелерінің әзірлігін;
авариялық эвакуацияны демонстрациялау және демонстрациялық ұшуды өткізу жоспарын қамтитын ақпараты;
6) ұйымдастырушылық құрылымы, басқару құрылымы мен лауазымы, тегі аты әкесінің аты (бар болса), білімі, біліктілігі және жұмыс тәжірибесі көрсетілген жауапты тұлғалар;
7) мынадай басшылардың және/немесе жауапты тұлғалардың тағайындалғанын растайтын құжаттар:
ұшу қауіпсіздігі жөніндегі қызмет;
ұшу қызметі;
ұшуға жарамдылықты қолдау жөніндегі қызмет;
жер үсті қамтамасыз ету жөніндегі;
персоналды даярлау жөніндегі;
авиациялық қауіпсіздік жөніндегі;
бортсеріктер қызметі (бар болса);
сапаны бақылау жөніндегі;
8) типі, моделі, сериясы, ұлттық және тіркеу белгілері көрсетілген әуе кемелерінің тізімі;
9) авиациялық персонал бойынша ақпарат;
10) ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқау;
11) сертификатталған ең ауыр ұшып көтерілу салмағы бес мың жеті жүз килограммнан асатын әуе кемелерін пайдаланатын пайдаланушылар үшін ұшу қауіпсіздігін басқару бойынша нұсқау;
12) техникалық қызмет көрсетуді реттеу бойынша пайдаланушының нұсқауы;
13) әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бағдарламасы (регламент);
14) Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері туралы заңдарына сәйкес пайдаланушының оның қызметкерлері алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың сақтандыру полистерінің көшірмелері;
15) пайдаланушының басшысы бекітетін әуе кемелерін бояу үлгілері мен мәтіндік сипаттамасы;
16) пайдаланушының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасы;
17) ұшуды жер үстінде қамтамасыз ету бойынша ақпарат;
18) жұмыс түрлері көрсетілген сыртқы ұйымдармен жасалған техникалық қызмет көрсету шарттарының тізбесі;
19) сыртқы ұйымдармен жасалған ұшуға жарамдылықты қолдау шарттарының тізбесі.
Жоғарыда көрсетілген құжаттардың барлық көшірмелері көрсетілетін қызметті алушының қолымен куәландырылады.
пайдаланушы сертификатын кезекті алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушы өзгерістер мен жаңартулар орын алған осы тармақта көрсетілген құжаттармен бірге өтінімді ұсынады.
Жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу, пайдаланушы сертификаты, азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу, орындағы шу бойынша сертификат, радиостанция сертификаты туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Сертификаттың телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге қажетті негіздемені және бұрын берілген пайдаланушы сертификатын қоса бере отырып, еркін нысандағы өтінімді ұсынады.
Порталға:
сертификат алу үшін көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінімді мыналарды қоса бере отырып ұсынады:
1) электрондық көшірмелері:
ЭҮТШ арқылы осындай төлем жағдайын қоспағанда, мемлекеттік қызмет көрсету үшін төлем жүргізілгенін растайтын құжат;
пайдаланушының бірінші басшысы қол қойған, қызметтің сертификаттау талаптарына, Пайдаланушы нұсқауларының ережелеріне сәйкестігі туралы декларация және осы сәйкестікті тұрақты түрде қолдап тұру міндеттемесі;
көрсетілетін қызметті алушының жарғысы және құрылтай шарты;
ұйымдастырушылық құрылымы, басқару құрылымы мен лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), білімі, біліктілігі және жұмыс тәжірибесі көрсетілген жауапты тұлғалар;
мынадай басшылардың және/немесе жауапты тұлғалардың тағайындалғанын растайтын құжаттар:
ұшу қауіпсіздігі жөніндегі қызмет;
ұшу қызметі;
ұшуға жарамдылықты қолдау жөніндегі қызмет;
жер үсті қамтамасыз ету жөніндегі;
персоналды даярлау жөніндегі;
авиациялық қауіпсіздік жөніндегі;
бортсеріктер қызметі (бар болса);
сапаны бақылау жөніндегі;
Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері туралы заңдарына сәйкес пайдаланушының оның қызметкерлері алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың сақтандыру полистері;
әуе кемелерін бояу үлгілері мен мәтіндік сипаттамасы;
сыртқы ұйымдармен жасалған ұшуға жарамдылықты қолдау шарттары;
бекіту мен келісудің титул парақтары:
ұшуларды жүргізу жөніндегі нұсқау;
сертификатталған ең ауыр ұшып көтерілу салмағы бес мың жеті жүз килограммнан асатын әуе кемелерін пайдаланатын пайдаланушылар үшін ұшу қауіпсіздігін басқару бойынша нұсқау;
техникалық қызмет көрсетуді реттеу бойынша пайдаланушының нұсқауы;
әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бағдарламасы (регламент);
пайдаланушының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасы;
2) көрсетілетін кызметті алушының электронды түрдегі ақпараты, ол мынаны қамтиды:
көрсетілетін қызметті алушының негізгі деректері мен құрылтайшысы;
жоспарланатын коммерциялық әуе тасымалының / жұмыстардың түрлері;
ұшу жұмысын ұйымдастыру;
ұшуға жарамдылықты қолдау жүйесі;
ұшуды қамтамасыз ету;
ұшу персоналы мен техникалық персоналдың даярлығы;
техникалық қызмет көрсету объектілерінің даярлығы;
әуе кемелерінің даярлығы;
авариялық эвакуацияны демонстрациялау және демонстрациялық ұшуды өткізу жоспары;
типі, моделі, сериясы, ұлттық және тіркеу белгілері көрсетілген әуе кемелерінің тізімі;
авиациялық персонал;
ұшуды жер үстінде қамтамасыз ету;
жұмыс түрлері көрсетілген сыртқы ұйымдармен жасалған техникалық қызмет көрсету шарттарының тізбесі;
пайдаланушы сертификатың телнұсқасын алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының қажетті негіздемені және бұрын берілген пайдаланушы сертификатының электрондық көшірмесін қоса берген еркін нысандағы өтінімі.

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздері

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 7-тармағымен көзделген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы болып табылады.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналасқан:
1) Министрліктің - www.miid.gov.kz, www.mid.gоv.kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" деген бөлімінде;
2) Мемлекеттік корпорацияның: www.gov4c.kz орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі болады.
Көрсетілетін қызметті алушының порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414 және 8 800 080 7777 не Министрліктің мынадай телефондары бойынша 8 (7172) 75-48-41, 75-45-89.

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2020 жылғы 23 сәуірдегі
№ 220 бұйрығына
2-қосымша
  Азаматтық әуе кемелерін
пайдаланушыны сертификаттау
және оған сертификат беру
қағидаларына 2-қосымша
  Нысан
  Көрсетілетін қызметті берушінің
  басшысына ________________________________
  (көрсетілетін қызметті берушінің атауы)

Электрондық немесе қағаз құжат нысанындағы пайдаланушы сертификатын (ПС) алуға өтінім

      Кандидат толтырады

      Алғашқы беру


      Кезекті беру


1. Жалпы ақпарат

1. Компанияның ресми атауы және саудалық атауы (егер ерекшеленсе):

2. Телефон, факс және электрондық пошта мекенжайын қоса алғанда, негізгі қызмет орнының мекенжайы.

Көрсетілетін қызметті алушы
ПС №





Пайдаланушы



Компанияның мекенжайы:
пошталық мекенжайы:

Қосымша қызметтік мекенжайы:





телефон, факс



Қызмет түрі:

электрондық пошта мекенжайы:





3. Болжамды жұмысты бастау күні:

4. Айрықша тәртіпте ұшу-пайдалану агенттігі үшін сұрау салынған шартты белгілер (алғашқы беру):



a)

b)

c)

5. ИКАО/ИАТА коды (3 әріпті код/егер болса, 2 әріпті)



6. Басшылар және негізгі қызметкерлер

Тегі

Лауазымы

Телефон, факс, электрондық поштасы


1) Пайдаланушының басшысы



2) Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі инспекциясының басшысы немесе тағайындалған жауапты тұлға



3) Ұшу қызметінің басшысы



4) Ұшуға жарамдылықты қолдау жөніндегі басшысы



5) Жер үсті қызмет көрсету жөніндегі басшы немесе тағайындалған жауапты тұлға



6) Персоналды даярлау жөніндегі қызметтің басшысы немесе тағайындалған жауапты тұлға



7) Авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы немесе тағайындалған жауапты тұлға



8) Бортсеріктер қызметінің басшысы (жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын пайдаланушылар үшін)



9) Сапаны бақылау қызметінің басшысы немесе тағайындалған жауапты тұлға


2. Көрсетілетін қызметті алушының техникалық қызмет көрсету және тасымалдар түрлері

7. Пайдаланушы техникалық қызмет көрсетуді өз бетімен жүзеге асыруды/техникалық қызмет көрсетуді шарттар негізінде орындауды жоспарлап отыр

8. Ұсынылатын тасымалдар түрлері:

Жолаушылар және жүк ☐
Жүк ☐
Пошта жөнелтілімдері ☐

3. Әуе кемелері және болжанатын ұшу аудандары туралы ақпарат

9. Әуе кемелері туралы деректер (жеке, жалданған):

10. Болжанатын географиялық ұшу ауданы(-дары):
EUR AFI
NAT NAM
CAR SAM
MID ASIA
PAC AUS
POLAR

1) Түрі, моделі және версиясы бойынша әуе кемелерінің саны:

2) Жолаушылар креслосының саны және/немесе пайдалы жүктеме (кг., тонн)

ӘК ұлттық айырым және тіркеу белгілері:

ӘК ең жоғары рұқсат етілген ұшып көтерілу массасы (MTOW):


ӘК жалдау
шарт №


 
-ден


 
дейінгі лизинг

Әуе кемелері иесінің атауы:
Заңды мекенжайы:



4. Ұшу түрлері, арнайы шектеулер мен рұқсат беру туралы ақпарат

Ұшу түрлері:

тұрақты ішкі
тұрақты халықаралық
тұрақты емес ішкі
тұрақты емес халықаралық


Арнайы шектеулер:

Арнайы рұқсат берулер/Мақұлдау:


 
RVR (m)


 
DH (м/ft)


 
LVTO RVR (m)



Кеңейтілген пайдалану мүмкіндіктер


 
MNPS


 
P-RNAV


 
BRNAV


 
RNP


 
RVSM


 
TCAS


 
EGPWS


 
GNSS


 
LRNS


 
VOR


 
IRU/IRS


 
DME

EDTO: Бастапқы уақыт


 
Min

ара қашықтығы


 
NM

Қосалқы әуеайлаққа дейін ең ұзақ ұшу уақыты



non-EDTO


 
Min

GPS Approach

EFB



Қауіпті жүктер





5. Авиациялық персоналды дайындау туралы ақпарат

Ұсынылатын персонал дайындығы (ұшу персоналына арналған пилотажды тренажерлер және/немесе кабиналық персоналға арналған тренажерлық қондырғылар):

Қолы:

Күні:

Тегі және лауазымы:

6. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым толтырады

Мынадай құжаттар қоса берілген өтінім түскен күн:


Тіркеу нөмірі:


Жауапты лауазымды адам:


      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға келісемін___________________ 20 __ жылғы "___" _____________

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2020 жылғы 23 сәуірдегі № 220
бұйрығына 3-қосымша

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ұшуға пайдалану саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуі мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 561 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11742 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 951 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18109 болып тіркелген, 2019 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізілетін тізбесінің 4-тармағы.

      3. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ұшуға пайдалану саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуі мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 561 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 31 шілдедегі № 589 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19171 болып тіркелген, 2019 жылғы 5 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      4. "Ұшуды пайдалану саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1182 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12826 болып тіркелген, 2016 жылғы 25 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      5. "Ұшуды пайдалану саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1182 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы"Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 159 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18462 болып тіркелген, 2019 жылғы 15 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).