"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Ш.Т. Кариноваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
А. Аймагамбетов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 сәуірдегі № 164 бұйрығымен бекітілген |
"Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің - Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымдарының құжаттарды қабылдау тәртібін айқындайды.
2. "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің - Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2-тарау. "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің - Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
3. Құжаттарды қабылдау және үміткерлерді конкурстық іріктеуді өткізуді ұйымдастыру үшін педагогикалық қызметкерлер, әкімшілік-басқару және оқу-көмекші қызметкерлер қатарынан қабылдау комиссиясы құрылады
Қабылдау комиссиясының құрамына қабылдау комиссиясының төрағасы; техникалық хатшы, тіркеушілер, Зияткерлік мектептің сыртқы және ішкі аумағындағы кезекшілер, аудитория бойынша кезекшілер, аудитория бойынша әкімшілер, мейіргер, ақпараттық технология бойынша маман кіреді.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) 8-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесін қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш ұсынады.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар түскен күні құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен құжаттарды қабылдаған күні көрсетілген қолхат береді.
5. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті беруші конкурстық іріктеуге қатысу үшін үміткерлердің құжаттарын қабылдайды және бір күн ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсаттама береді
Конкурсқа қатысуға арналған рұқсаттаманың екі данасына және қолхатқа тіркеуші, заңды өкіл және/немесе үміткер алдын ала қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен/мөртабанымен расталады. Қол және мөр/мөртабан қойылмаған рұқсаттама жарамсыз болып табылады. Рұқсаттаманың бір данасы мен қолхатты тіркеуші үміткердің жеке ісіне тігеді, рұқсаттаманың екінші данасы үміткерге не оның заңды өкіліне тапсырылады.
Техникалық хатшы құжаттарды қабылдау кезінде осы Қағидаларға сәйкес ұсынылған құжаттар негізінде мәліметтерді енгізу жолымен бірыңғай ақпараттық білім беру ортасында (бұдан әрі - БАБО) үміткерлердің деректер базасын қалыптастырады және үміткерлерді БАБО-ға аудиториялар бойынша бөледі.
6. Қабылдау комиссиясының төрағасы емтихан материалдарын қалыптастыру және буып-түю үшін тестілеу аудиторияларындағы үміткерлердің саны туралы ақпаратты 7-сынып үшін конкурс өткізілгенге дейін 40 (қырық) күнтізбелік күн және 8, 9 және 11-сыныптар үшін конкурс өткізілгенге дейін 10 (он) күнтізбелік күн бұрын ұсынады.
7. Көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі.
8. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
9. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау және бағалау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілуі мүмкін.
10. Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау және бағалау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
12. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
Өтініш
Менің балам _________________________________________________ (Т.А.Ә., толық)
туған жылы __________________________, __________________________ қаласындағы
_____________________________________ бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқыту
__________ тілінде жүргізілетін ___ сыныбында оқу үшін өткізілетін конкурстық іріктеуге
қатысуына рұқсат беруіңізді сұраймын.
______________________ "____"_______________________
(қолы) (өтінішті тапсыру күні)
"Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ филиалдарында оқуға үміткердің сауалнамасы
__________________________________________________________________________
Тегі (туу туралы куәлігіне немесе жеке куәлігіне сәйкес)
__________________________________________________________________________
Аты/әкесінің аты( туу туралы куәлігіне немесе жеке куәлігіне сәйкес)
Азаматтығы | |
Туған күні | |
Ұлты | |
Сыныбы | (болжанып отырған оқу сыныбын көрсетіңіз) |
Оқыту тілі | (болжанып отырған оқыту тілін көрсетіңіз) |
Қай мектептен келді |
_________________________________ |
Байланыс деректері |
үй телефоны _________________________________ |
Аталған кестені құжат қабылдауға жауапты қызметкер толтырады
Ескертпелер:_______________________________________________________________ |
Табельдің жылдық орташа балы
Сыныбы | Орташа балы |
Оқу жетістіктері
№ | Қатысқан іс-шаралар атауы (олимпиадалар, зияткерлік марафондар, ғылыми жобалар, шығармашылық конкурстар және т.б.) | Іс-шараның өту деңгейі (мектепішілік, аудандық, облыстық т.с.с) | Қатысқан мерзімі | Пәні | Нәтижелері (алған орны) |
Қосымша жүктемелері (үйірмелер, секциялар және т.б.)
1.________________________________________________________________________
2.________________________________________________________________________
3.________________________________________________________________________
4.________________________________________________________________________
Ата-аналары, қамқоршылары туралы мәліметтер:
Туысқандық дәрежесі | Аты-жөні, туған жылы | Жұмыс/оқу орны, қызметі | Мекенжайы, Үй және жұмыс телефоны, тұратын жерінің/елді мекен/ коды |
Әкесі | |||
Анасы | |||
Қамқоршылары |
____________________________ Ата-анасының/заңды өкілдің қолы |
Тұрғылықты орнының толық мекенжайы (облыс, қала, аудан, ауыл, көше, үй, пәтер) |
Тіркелген орнының толық мекенжайы (облыс, қала, аудан, ауыл, көше, үй, пәтер) | ||||
Жатақхана қажет пе? (басқа жақта тұратын балаларға) | Иә | Жоқ |
* Байланыс деректері өзгерген жағдайда 5 күн ішінде қабылдау комиссиясының мүшелеріне ескерту қажет
Мен _____________________________________________________________________,
Ата-анасының/Заңды өкілінің тегі, аты, әкесінің аты
________________________________________________________________________________
Үміткердің тегі, аты, әкесінің аты (бұдан әрі - үміткер)
ата-анасы/заңды өкілі осы сауалнамада көрсетілген барлық ақпараттың толық және
нақты екенін растаймын.
Біле тұра жалған немесе толық емес деректерді беру үміткердің конкурстан шығып
қалуына, сондай-ақ "Өркен" білім беру гранты тағайындалған жағдайда гранттан айыруға
әкеп соғатыны маған мәлім.
Мен "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды
балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің -
Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерінің
талаптарымен таныстым.
Мен үміткердің сауалнамалық деректерін, конкурсқа қатысу барысында Зияткерлік
мектеп алған конкурстық іріктеу нәтижелерін конкурстық және апелляциялық комиссия
мүшелеріне, шетелдік әріптестерге, мемлекеттік органдарға, сарапшыларға және өзге де
мүдделі ұйымдарға беруге, сондай-ақ конкурстық іріктеу нәтижелерін көрсетілетін қызметті
берушінің интернет-ресурсында орналастыруға қарсылығым жоқ.
Мен үміткердің жеке және биометриялық деректерін жинауға, өңдеуге келісім беремін.
Күні________________________ Қолы _______________________
"Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну әдістері | Өтінішті қабылдауды және мемлекеттік қызметті беруді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап қызмет көрсету мерзімі 1 (бір) күнтізбелік күннен аспайды. |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Қағаз түрінде |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесi |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқуға арналған конкурсқа қатысу үшін үміткердің рұқсаттамасын беру не осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызмет көрсету кезінде алынатын төлемақы мөлшерін және оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (көрсетілетін қызметті алушыға) тегін көрсетіледі. |
7 | Көрсетілетін қызмет берушінің жұмыс кестесі |
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1) конкурсқа қатысуға өтініш және толтырылған сауалнама; |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарда дұрыс емес және (немесе) толық емес мәліметтердің (деректерді) анықталуы; |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар | Көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.nis.edu.kz интернет-ресурсында орналастырылған, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары: 1414,8 800 080 77777. |
Мектептің атауы ___________________________________________________________
сыныпта білім алу үшін конкурсқа қатысатын үміткердің рұқсаттамасы
ТАӘ:
ЖСН:
Туған күні:
Жеке куәлік/туу туралы куәлік №:
Сыныбы және оқу тілі:
Кабинет:
Үміткердің суреті
Конкурстың өту кезеңдері __________________.
Қазақ тілінде оқытылатын сыныптар үшін:
- тіркеу: ________________ (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша)
- нұсқама беру: ___________ (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша)
- тестілеудің басталуы: ____ (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша)
Орыс тілінде оқытылатын сыныптар үшін:
- тіркеу: _________________ (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша)
- нұсқама беру: ___________ (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша)
- тестілеудің басталуы: ____ (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша)
Тіркеушінің қолы_______________________________________
Күні __________________________________________________
Заңды өкілінің қолы_____________________________________
Үміткердің қолы________________________________________
м.о.
Қол және мөр/мөртабан қойылмаған рұқсаттама жарамсыз болып табылады.
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызметті көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету) құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жетіспейтін құжаттардың атауы:
1)________________________;
2) ________________________;
3) ________________________;
Осы қолхат әр тарапқа бір данадан 2 данада жасалды.
Орындаушы: Т.А.Ә._____________
Телефон __________
Алдым: Т.А.Ә. / көрсетілетін қызметті алушының қолы
20__жылғы "___"_________