БҰЙЫРАМЫН:
1. "Салықтық және кедендік әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 146 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16450 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 13 наурызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген салықтық тексеру жүргізу туралы хабарландыру нысаны осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары- Қаржы министрі |
А. Смаилов |
Салықтық тексеру жүргізу туралы хабарландыру
20__ жылғы "___" ________ № _______
__________________________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 147-бабына сәйкес Сізді тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін салықтық тексерулер бойынша келесі нысанда:
1) салықтар, бюджетке төленетін төлемдер мен әлеуметтік төлемдердің барлық түрлері бойынша салықтық міндеттемелерді орындау мәселесі бойынша кешенді тексеріс жүргізу туралы;
2) келесі сұрақтар бойынша:
cалықтардың және (немесе) бюджетке төленетін төлемдердің жекелеген түрлері бойынша салықтық міндеттемені орындау;
әлеуметтік төлемдерді есептеудің, ұстап қалу мен аударудың толықтығы және уақытылы болуы;
банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың Салық кодексінде, сондай-ақ 2019 жылғы 26 желтоқсандағы "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" және 2013 жылғы 21 маусымдағы "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы", 2015 жылғы 16 қарашадағы "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген міндеттерді орындауы;
трансферттік баға белгілеу;
акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірісі мен айналымын, сондай-ақ авиациялық отынның, биоотынның, мазуттың айналымын мемлекеттік реттеу;
салық төлеуші мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуларды айқындау;
сот жасалуын іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жүзеге асырылды деп таныған шот-фактура жазып беру жөніндегі әрекет (әрекеттер) бойынша салықтық міндеттемені айқындау;
халықаралық шарттардың (келісімдердің) ережелерін қолдаудың құқыққа сыйымдылығы;
қосылған құн салығының асып кету сомаларының, оның ішінде қайтару ұсынылған соманың анықтығын растау;
бейрезидент қосарланған салық салуды болғызбау және салықтарды төлеуден жалтаруға жол бермеу мәселелерін реттейтін халықаралық шартың ережелерін қолдануға байланысты бюджеттен қайтаруды ұсынған табыс салығын растау;
Салық кодексінің 115-бабында айқындалған тәртіппен камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы мемлекеттік кірістер органдарының хабарламасын салық төлеушінің (салық агентінің) орындамауы мәселелері бойынша тақырыптық тексеру жүргізілетіні туралы хабарлайды.
Салық тексеруін жүргізу үшін Сіз мынадай құжаттарды: бухгалтерлік құжаттамаларды, салық нысандарын, салықтық есепке алу саясатын, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін, сондай-ақ салық міндеттемелерін есептеу үшін негіз болып табылатын өзге де құжаттарды беруіңіз қажет.
Салық тексеруін жүргізу кезінде Сіз Салық кодексінде көзделген құқықтарға иесіз және салық төлеушінің (салық агентінің) міндеттерін орындауға міндеттісіз.
Салық кодексінің 187-бабына сәйкес осы хабарландырумен келіспеген жағдайда, салық төлеуші және салық агенті мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған мемлекеттік кірістер органына немесе сотқа шағымдануға құқылы.
Мемлекеттік органның басшысы (басшының орынбасары)
__________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағыдайда), қолы, мөрі
Хабарландыруды алдым
__________________________________________________________________________
(салық төлеушінің (салық агентінің) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда),
қолы, күні
Хабарландыру салық төлеушіге (салық агентіне тапсырылды
__________________________________________________________________________
(мемлекеттік органның лауазымды тұлғасының тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда), қолы, күні
Хабарландыру салық төлеушіге (салық агентіне) жіберілді
__________________________________________________________________________
(жіберу және (немесе) алу фактісін растайтын құжат)
Ескерту:
салық төлеушіні (салық агентін) тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін салықтық тексерулер кешенді және (немесе) тақырыптық тексеру жүргізу туралы хабарландыру кезінде торкөзде тиісті тексеру жүргізу мәселесі белгіленеді.