"Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 16 сәуірдегі № 208 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 20 сәуірде № 20435 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Б. Атамкулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
Инфрақұрылымдық даму
министрінің
2020 жылғы 16 сәуірдегі
№ 208 бұйрығымен
бекітілген

"Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат беру тәртібін айқындайды.

      2. Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат беру қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға заңды тұлғалардың құқықтылығын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ресми тану мақсатында жүргізіледі.

      3. "Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылады (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) және оны Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғалар не уәкілетті өкілінің (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) өтіну арқылы көрсетілетін қызметті берушімен көрсетіледі:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);

      2) www.egov.kz. "электрондық үкімет" веб-порталға (бұдан әрі - портал).

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі - стандарт) баяндалған.

      5. Мемлекеттік корпорацияға өтіну арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация қызметкеріне:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушы электрондық-цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті;

      2) сараптама қорытындысының электрондық көшірмесін ұсынады.

      Сараптама қорытындысы осы стандартының қосымшасында көзделген талаптарды қамтуы тиіс.

      Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушы не заңды тұлғаның өкілеттілігін растайтын құжат бойынша уәкілетті өкілі жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жүгіне алады.

      Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушының ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда өтінішті тіркеуден бас тартады және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушы деректерін мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - ақпараттық жүйе) енгізеді.

      Бұл ретте Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттарын оларды сканерлеу жолымен (PDF форматында) ақпараттық жүйеге енгізеді.

      6. Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті;

      2) сараптама қорытындысының электрондық көшірмесін жолдайды.

      Сараптама қорытындысы осы стандартының қосымшасында көзделген талаптарды қамтуы тиіс. Ұсынылған құжаттар көшірмелерінің әр беттері көрсетілетін қызметті алушының қойған қолды және мөріне (бар болған жағдайда) куәландыру болу керек, не құжаттар көшірмелері тігілген болу керек және олардың соңғы беттеріне көрсетілетін қызметті алушының қойған қолды және мөріне (бар болған жағдайда) куәландырулы.

      Көрсетілетін қызметті алушының барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрауды қабылдау туралы мәртебесі мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін корсете отырып көрсетіледі.

      Құжаттарды қарау және мемлекеттік көрсетілетін қызметі нәтижесін берудің жалпы мерзімі 7 (жеті) жұмыс күнін құрайды.

      Бұл ретте өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттар мен мәліметтерді олар түскен күні тіркеуді жүзеге асырады және жауапты орындаушы тағайындалатын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды.

      Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      7. Жауапты орындаушы екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның ЭЦҚ-мен куәландырылған осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәлелді бас тартуды дайындайды және оны көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы электрондық құжат нысанында жолдайды.

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған құжаттар мен оларда көрсетілген мәліметтердің Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді және бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсатты не осы Қағидаларға 4 немесе 5-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша бас тарту туралы дәлелді жауапты рәсімдейді.

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздері осы Қағидаларға 1-қосымшада баяндалған.

      Көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның ЭЦҚ-мен куәландырылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі және сақталады.

      8. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер Мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.

      9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын (бұдан әрі - Оператор) sd@nitec.kz электрондық пошта бойынша бірыңғай қолдау қызметіне сұрау жіберу арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы, өтініштің әкімшілік құжатының нөмірі мен коды немесе өтініштің бірегей сәйкестендіру нөмірі (УИНЗ), әкімшілік құжаттың нөмірі мен коды (РД НИКАД) немесе рұқсат беру құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі (УИНРД), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) немесе көрсетілетін қызметті алушының бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) бойынша ақпаратты міндетті түрде ұсына отырып, авторландыру сәтінен бастап қатенің нақты уақытын көрсете отырып, қате пайда болған сәтке дейін қадамдық скриншоттарды қоса бере отырып хабардар етеді.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) атына, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      11. Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының шағымы:

      көрсетілетін қызметті берушімен, уәкілетті органмен - тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен - тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      12. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) қызметкерлерінің Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсету кезіндегі әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына не ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.

      13. Көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайда, он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      14. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

  "Қауіпті өндірістік
объектілерде қолданылатын
технологияларды, техникалық
құрылғыларды, материалдарды,
қауіпті техникалық
құрылғыларды қолдануға рұқсат
беру" мемлекеттік қызметті
көрсету қағидаларына
1-қосымша

"Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілі

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) және www.egov.kz. "электронды үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

7 (жеті) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрде

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат беру не "Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына (бұдан әрі - қағидалар) 3 немесе 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі және онда сақталады.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

1) Көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) Мемлекеттік корпорацияда - Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
2) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады).
Мемлекеттік корпорациямен мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеделдетілген қызмет көрсетусіз "электрондық" кезек тәртібінде көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы броньдауға болады;
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті берушінің - www.comprom.gov.kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі;
2) Мемлекеттік корпорацияның - www.gov4c.kz интернет-ресурсы;
3) www.egov.kz порталы.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1. Мемлекеттік корпорацияға:
1) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
3) сараптама қорытындысының электрондық көшірмесі.
Сараптама қорытындысы осы "Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) қосымшасында көзделген талаптарды қамтуы тиіс.
Заңды тұлғаның жеке басын, мемлекеттік тіркелуін (қайта тіркелуін) куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
2. Порталға:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) сараптама қорытындысының электрондық көшірмесі.
Сараптама қорытындысы осы Стандарттың қосымшасында көзделген талаптарды қамтуы тиіс.
Заңды тұлғаның жеке басын, мемлекеттік тіркелуін (қайта тіркелуін) куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) осы Стандарттың 8-жолында көрсетілген құжаттарды ұсынбау;
2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
3) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе аталған мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777 арқылы алуға мүмкіндігі бар.

  "Қауіпті өндірістік
объектілерде қолданылатын
технологияларды, техникалық
құрылғыларды, материалдарды,
қауіпті техникалық
құрылғыларды қолдануға рұқсат
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
қосымша

Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың, қауіпті техникалық құрылғылардың талаптарына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысының құрамы

      1. Технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысы мыналарды:

      1) сараптама қорытындысының атауын;

      2) сараптама жүргізу үшін негіздемені, сараптама ұйымы туралы мәліметтерді, өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізген мамандар туралы мәліметтерді, өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша мамандардың білімін тексеру хаттамасының көшірмелерді қамтитын, өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу құқығына аттестаттың болуы туралы мәліметті қамтитын кіріспе бөлігін;

      3) сараптама қорытындысының күші қолданылатын сараптама объектілерінің тізбесін;

      4) ұйым туралы деректерді;

      5) сараптама мақсатын;

      6) сараптама объектісіне байланысты сараптама процесінде қаралған құжаттар (жобалық, конструкторлық, пайдалану, жөндеу), сәйкестендіру үшін қажетті шығарылған жылы, дайындаушы мен елі, маркасы, моделі, типі, зауыт (сәйкестендіру) нөмірі немесе басқа да ақпаратты көрсете отырып, қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялар, техникалық құрылғылар және материалдар қауіпті техникалық құрылғылар туралы мәліметтерді;

      7) өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу кезінде пайдаланылған жабдықтар туралы мәліметтерді;

      8) сараптама объектісіне қысқаша сипаттамасы мен мақсатын;

      9) жүргізілген сараптама нәтижелерін;

      10) негізделген қорытындысы, техникалық шешімдері мен іс-шаралары бойынша ұсыныстары бар қорытынды бөлігін;

      11) сараптама кезінде пайдаланылған нормативтік құқықтық, техникалық және әдістемелік құжаттама тізбесін, жүргізілген сынақтардың актілерін қамтитын қосымшаларды;

      12) зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың өндірістік персоналға, халыққа, қоршаған ортаға әсер ету мүмкіндігі, олардың пайдалану процесіндегі, авария, оқыс-оқиғалар жағдайындағы зақымдау әсерінің деңгейі туралы мәліметтерді;

      13) сараптама нәтижесінде алынған деректердің Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы нормаларға сәйкестігі туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.

      2. Технологиялардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысы қосымша мыналарды:

      1) осы технология бойынша технологиялық процесті жүзеге асыру кезінде пайда болатын зиянды қауіпті өндірістік факторлар, олардың шекті мәні туралы мәліметтерді;

      2) зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың шекті мәндерінің Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы нормативтік көрсеткіштерге сәйкестігі туралы мәліметтерді;

      3) зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың мәндерін рұқсат етілген параметрлерге дейін жеткізуді қамтамасыз ететін техникалық шаралар, олардың сенімділік деңгейі туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.

      3. Техникалық құрылғылардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысы қосымша мыналарды:

      1) техникалық құрылғының жұмысы кезінде туындайтын барлық зиянды және қауіпті факторлардың шекті параметрлері туралы мәліметтерді;

      2) зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың мәндерін рұқсат етілген параметрлерге дейін жеткізуді қамтамасыз ететін құрылымдық шешімдер, олардың сенімділік деңгейі туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.

      4. Материалдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысы қосымша мыналарды:

      1) осы материалды қолдану кезінде туындайтын зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың шекті параметрлері туралы мәліметтерді;

      2) зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың көрсеткіштерін рұқсат етілген деңгейге дейін жеткізуді қамтамасыз ететін техникалық шешімдер, олардың сенімділік деңгейі туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.

      5. Сараптама қорытындысы өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізген күннен бастап бір жыл бойы қолданыста болады.

      Сараптама қорытындысына сараптама ұйымының басшысы қол қояды, сараптама ұйымының мөрімен расталады, тігілген беттердің санын көрсете отырып тігіледі.

  "Қауіпті өндірістік
объектілерде қолданылатын
технологияларды, техникалық
құрылғыларды, материалдарды,
қауіпті техникалық
құрылғыларды қолдануға рұқсат
беру" мемлекеттік қызметті
көрсету қағидаларына
2-қосымша
нысан

Заңды тұлғаның деректемелері (мекен-жайы, Жеке сәйкестендіру номері / Бизнес сәйкестендіру номері, телефоны және басқалар)

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрлігі Индустриялық даму
және өнеркәсіптік қауіпсіздік
комитетінің төрағасы
____________________________
Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда)
(бұдан әрі - Т.А.Ә.)

Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат беруге өтініш

      _______________________________________ "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы

      (заңды тұлғаның атауы) 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабын басшылыққа

      ала отырып, Сізден _______________________________________________________________

      (ұйым атауы)

      қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын мынадай:________________________________

      (технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың атауы)

      ________________________ технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды,

      қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат беруіңізді сұрайды.

      Қысқаша сипаттама: ______________________________________________________________

      (технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың мақсаты туралы

      ________________________________________________________________________________

      қысқаша ақпарат және оларды қолдану саласы көрсетіледі)

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісім беремін _______________________________________________________

      (ұйым басшысының лауазымы)

      _____________________________________________________ (ұйым басшының Т.А.Ә, қолы)

  "Қауіпті өндірістік
объектілерде қолданылатын
технологияларды, техникалық
құрылғыларды, материалдарды,
қауіпті техникалық
құрылғыларды қолдануға рұқсат
беру" мемлекеттік қызметті
көрсету қағидаларына
3-қосымша
нысан

      ________________________________________________________________________________

      (Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      (бұдан әрі - Т.А.Ә.) немесе ұйымының атауы)

      _______________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан

      Республикасы Заңының 20-бабының 2-і тармағын басшылыққа алып, "Азаматтарға арналған

      үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының

      № _________ бөлімі (мекенжайы: __________________________________________________)

      Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1) ________________________________________________________________________

      2) ________________________________________________________________________

      3) ________________________________________________________________________

      толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты, мемлекеттік қызметті көрсетуге

      құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данадан жасалған.

      _____________________________________________ _______________

      Т.А.Ә. (Мемлекеттік корпорацияның қызметкері)      (қолы)

      Орындаушы. Т.А.Ә._____________

      Телефон__________

      Алды: ___________________________________ _____________________

      көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә.                  (қолы)

      20__ ж. "___" _________

  "Қауіпті өндірістік
объектілерде қолданылатын
технологияларды, техникалық
құрылғыларды, материалдарды,
қауіпті техникалық
құрылғыларды қолдануға рұқсат
беру" мемлекеттік қызметті
көрсету қағидаларына
4-қосымша
нысан

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі
 
Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан Республиканское государственное учреждение "Комитет индустриального развития и промышленной безопасности"



Нұр-Сұлтан қ.
г. Нур-Султан
 
Дата: [Беру датасы] ж. [Ұйымның атауы] Нөмір: [Құжат нөмірі] [Мекенжайы]
Дәлелді бас тарту
"Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі Сіздің [Дата] ж. № [Кіріс құжаттың нөмірі] өтінішіңізді және [сараптама қорытындысының датасы] ж. [Сараптама қорытындысын берген ұйымының атауы] [сараптама қорытындысының нөмірі] № сараптама қорытындысын қарап, мынаны хабарлайды:
[Бас тартудың негізі]
[Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының Т.А.Ә.]

  "Қауіпті өндірістік
объектілерде қолданылатын
технологияларды, техникалық
құрылғыларды, материалдарды,
қауіпті техникалық
құрылғыларды қолдануға рұқсат
беру" мемлекеттік қызметті
көрсету қағидаларына
5-қосымша
нысан

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі

 
Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан Республиканское государственное учреждение "Комитет индустриального развития и промышленной безопасности"



Нұр-Сұлтан қ.
г. Нур-Султан
 
Нөмір: [Құжат нөмірі] [Ұйымның атауы] Кіріс нөмір: [Кіріс құжаттың нөмірі] ж. [Мекенжайы]
Дата: [Беру датасы]
Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға
РҰҚСАТ [қажеттігін анықтау]
"Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі, Сіздің [Дата] ж. № [Кіріс құжаттың нөмірі] өтінішіңізді және оған техникалық құжаттаманың топтамасын қарап, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабына сәйкес және Сараптама қорытындысын берген ұйымының атауы] [сараптама қорытындысының датасы] ж. [сараптама қорытындысының нөмірі] № сараптама қорытындысын ескере отырып, қауіпті өндірістік объектілерде мынадай технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды:
[технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың тізбесі]
қолдануға рұқсат етеді.
Әзірлеушінің техникалық құжаттамасы нормаларын, Қазақстан Республикасының аумағындағы қолданыстағы өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша заңнама және өзге де нормативтік актілер талаптарын міндетті сақтау кезінде рұқсаттың күші бар
[Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының Т.А.Ә.]