"Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын және ғарыш объектілері тіркелімінің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 484 бұйрығына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму, Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің кейбір бұйрықтарының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 16 сәуірдегі № 143/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 20 сәуірде № 20434 болып тіркелді

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын және ғарыш объектілері тіркелімінің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 484 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11382 болып тіркелген, 2015 жылғы 9 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ғарыш қызметі туралы" 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 11) және 14) тармақшаларына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      аталған бұйрықпен бекітілген Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму, Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің кейбір бұйрықтарының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсiн.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
А. Жумагалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің
2020 жылғы 16 сәуірдегі
№ 143/НҚ бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 484 бұйрығына
1-қосымша

Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Ғарыш қызметі туралы" 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 11) және 14) тармақшаларына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу тәртібін айқындайды.

      2. Мынадай:

      1) Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғаларына тиесiлi ғарыш объектілері, сондай-ақ осы ғарыш объектiлерiне құқықтар;

      2) ғарыш кеңiстiгiне Қазақстан Республикасының аумағынан ұшырылатын шетелдік жеке немесе заңды тұлғаларға тиесiлi ғарыш объектiлерi мемлекеттiк тiркеуге жатады.

      3. Осы Қағидалардың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу деп ғарыш объектілерін есепке алу, мемлекеттің Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ғарыш объектісіне құқықтардың (құқықтар ауыртпалығының) туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын тану және растау актісі түсініледі.

      Осы Қағидалардың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген ғарыш объектілерін мемлекеттік тіркеу деп оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеместен, ғарыш объектілері тіркеліміндегі жазба түсініледі.

      4. Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеуді Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырады.

      5. Ғарыш объектiлерiн және оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалатын тәртіппен және мөлшерлерде алым алынады.

2-тарау. Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеудің тәртібі

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.

      Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушылар) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы (бұдан әрі - портал) мына құжаттарды:

      осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ғарыш объектісін мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті (бұдан әрі - өтініш);

      ғарыш объектісіне құқық белгілейтін құжаттың электрондық нұсқасын жолдайды.

      7. Осы Қағидалардың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:

      1) Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар түскен күні оларды қабылдайды және тіркейді.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы, көрсетілетін қызметті алушының дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы, тіркеу алымының төленгені туралы, ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензиясы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды тапсырғаннан кейін "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салудың қабылдағаны туралы мәртебе көрінеді, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жолданады.

      Көрсетілетін қызметті беруші жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері) осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттар тіркелген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар және (немесе) мәліметтердің толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын және (немесе) мәліметтерді толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті одан әрі қараудан белгіленген мерзімде дәлелді бас тарту береді.

      2) құжаттар толық болған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құжаттарды тексеруді, осы ғарыш объектісіне мәлімделетін құқықтар мен тіркелген құқықтар арасында қайшылықтардың жоқ екендігін, сондай-ақ мемлекеттік тiркеуден бас тарту үшiн негiздiң болмауын анықтауды жүзеге асырады.

      3) осы Қағидалардың 7-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мәліметтерді тексеру қорытындысы бойынша көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес ғарыш объектісін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті рәсімдейді не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанындағы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін жолдайды.

      8. Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу, ғарыш объектілері тіркеліміне ғарыш объектісінің жойылған немесе кәдеге жаратылған фактісін растайтын жазба енгізу көрсетілетін қызметті берушіге өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күніне дейінгі мерзімде жүзеге асырылады.

      9. Мемлекеттік органдар және өзге де уәкілетті тұлғалар салатын құқық ауыртпалықтарын мемлекеттік тіркеу көрсетілетін қызметті берушіге тиісті құжат түскен сәттен бастап дереу жүргізіледі.

      Құқықтар (құқық ауыртпалықтары) нотариалдық тәртіппен куәландырылатын мәміле негізінде туындаған жағдайларда тіркеу мәміленің кез келген тарапының (қатысушысының) өтініші бойынша, ғарыш объектісіне берілетін құқық ауыртпалықтарынан тұратын (салыстыру үшін түпнұсқа берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) құжаттың көшірмесімен бірге жүзеге асырылады.

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында, 61-4-бабында көзделген операцияны жүргізу кезінде ғарыш объектісіне құқықтарды өзгертуді (құқықтар ауыртпалығын) мемлекеттік тіркеу үшін мынадай құжаттар қоса береді:

      1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес ғарыш объектісіне құқықтардың (құқықтар ауыртпалығының) өзгеруін мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;

      2) активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның активтер мен талап ету құқықтарын сатып алуын көздейтін шарттың (тапсыру актісі немесе одан үзінді-көшірме қоса беріле отырып), талап ету құқықтарын (талаптарын) басқаға беру туралы талапты қамтитын шарттың нотариат куәландырған көшірмелері;

      3) ғарыш объектісін және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат.

      10. Осы Қағидалардың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ғарыш объектілеріне берілетін құқық ауыртпалықтарын мемлекеттік тіркеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:

      1) Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес ғарыш объектісіне құқықтардың (құқық ауыртпалығының) өзгеруін мемлекеттік тіркеу туралы өтініш түскен күні оларды қабылдайды және тіркейді.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы, көрсетілетін қызметті алушының дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы, тіркеу алымының төленгені туралы, ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензиясы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті беруші жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері) осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттар тіркелген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар және (немесе) мәліметтердің толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын және (немесе) мәліметтерді толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті одан әрі қараудан белгіленген мерзімде дәлелді бас тарту береді.

      2) құжаттар толық болған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құжаттарды тексеруді, осы ғарыш объектісіне мәлімделетін құқықтар мен тіркелген құқықтар арасында қайшылықтардың жоқ екендігін, сондай-ақ мемлекеттік тiркеуден бас тарту үшiн негiздiң болмауын анықтауды жүзеге асырады.

      3) осы Қағидалардың 10-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мәліметтерді тексеру қорытындысы бойынша көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері ғарыш объектілер тіркеліміне жазба енгізеді және осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес ғарыш объектісіне құқық ауыртпалығы тіркелгенін растайтын ғарыш объектілерінің тіркелімінен үзіндісін рәсімдейді не құқықтар ауыртпалығын мемлекеттік тіркеуден дәлелді бас тарту дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін жолдайды.

      11. Осы Қағидалардың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген ғарыш объектілерін мемлекеттік тіркеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:

      1) осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген құжаттарды қабылдау, оларды алу кезінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты тұлғасы кіріс құжаттарын есепке алу кітабына тиісті жазба енгізеді;

      2) мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құжаттарды тексеру, мемлекеттік тiркеуден бас тарту үшiн негiздiң болмауын анықтау;

      3) мемлекеттік тiркеуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде ғарыш объектілері тіркеліміне жазбалар енгізу;

      4) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес ғарыш объектісін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауап беру.

      12. Ғарыш объектісін және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттардың толық емес топтамасын ұсынуы;

      2) көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынуы;

      3) ғарыш объектісіне билік етуді шектейтін немесе жоятын ғарыш объектісіне берілетін құқық ауыртпалығының болуы;

      4) ғарыш объектісіне билік ету құқығын шектейтін немесе жоятын заңды күшіне енген сот шешімі.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасының талабы "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында, 61-4-бабында көзделген операцияны жүргізген жағдайда ғарыш объектісін және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу кезінде қолданылмайды.

      13. Мемлекеттік тіркеуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті беруші өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей бас тартудың себептерін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушыға дәлелді жауап жібереді.

      14. Мемлекеттiк тiркеуден бас тартуға негiздер жойылған кезде мемлекеттiк тiркеуге өтiнiштi қайтадан беруге болады.

      15. Ғарыш объектісін ғарыш объектілерінің тіркеліміне енгізген кезде оған ғарыш объектілерінің тіркелімінде ғарыш объектісі туралы мәліметтер жазбасының реттік нөмірі болып табылатын мемлекеттік тіркеу нөмірі беріледі.

      16. Ғарыш объектісі жойылған немесе кәдеге жаратылған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші мүддесінде ғарыш объектісінің мемлекеттік тіркелуін жүзеге асырған тұлғаның өтініші негізінде ғарыш объектілерінің тіркеліміне тиісті жазба енгізеді.

      17. Ғарыш объектілері тіркеліміне ғарыш объектісінің жойылған немесе кәдеге жаратылған фактісін растайтын жазба енгізу үшін көрсетілетін қызметті алушылар ғарыш объектісінің жойылған немесе кәдеге жаратылған фактісін растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса берумен портал арқылы осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті берушіге өтінішті ұсынады.

      Ғарыш объектілер тіркеліміне жазбаны енгізгеннен кейін көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ғарыш объектілер тіркелімінен үзіндіні көрсетілетін қызметті алушыға береді.

      18. Көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторингі ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар және хабарламалар мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде, оның көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге мониторинг ақпараттық жүйесіне автоматты түрде түседі.

      19. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, жоғары тұрған органның, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын бағалау және бақылау уәкілетті органның атына жолдауға болады.

      Мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін мемлекеттік органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес оның тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағыммен жүгіне алады.

  Ғарыш объектілерін және оларға
құқықтарды мемлекеттік тіркеу
қағидаларына
1-қосымша

"Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну амалдары

Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер қабылдау және нәтижелерін ұсыну www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы (бұдан әрі - портал) жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері

Көрсету мерзімі - 5 (бес) жұмыс күні.
Көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық емес факті анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті бұдан әрі қараудан дәлелді бас тарту береді.

4

Көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Ғарыш объектісінің мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік, ғарыш объектісіне құқық ауыртпалығының тіркелгенін растайтын ғарыш объектілер тіркелімінен үзінді, ғарыш объектісінің жойылған немесе кәдеге жаратылған фактін растайтын ғарыш объектілер тіркелімінен үзінді, не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелденген бас тарту туралы жауап.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады және сақталады.

6

Төлем мөлшері

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін тіркеу алымы төленеді, ол "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) сәйкес ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін - 14 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК), республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алымды төлеу күні қолданыстағы АЕК мөлшеріне қарай құрайды.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің - 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) порталдың - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерден басқа, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызметті көрсету мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті берушінің www.gov.egov.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде;
2) порталда орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттар тізбесі

1) ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы ғарыш объектісін мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
ғарыш объектісіне құқық белгілейтін құжаттың электрондық нұсқасы.
2) ғарыш объектісіне құқықтардың өзгергенін (құқықтардың ауыртпалығын) мемлекеттік тіркеу үшін:
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы ғарыш объектісіне құқықтардың (құқықтар ауыртпалығының) өзгеруін мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның активтер мен талап ету құқықтарын сатып алуын көздейтін шарттың (тапсыру актісі немесе одан үзінді-көшірме қоса беріле отырып), талап ету құқықтарын (талаптарын) басқаға беру туралы талапты қамтитын шарттың нотариат куәландырған көшірмелері;
ғарыш объектісін және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат.
3) ғарыш объектілері тіркеліміне ғарыш объектісінің жойылған немесе кәдеге жаратылған фактісін растайтын жазба енгізу үшін:
осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
ғарыш объектісінің жойылған немесе кәдеге жаратылған фактісін растайтын құжаттардың көшірмелері.

9

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттардың толық емес топтамасын ұсынуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынуы;
3) ғарыш объектісіне билік етуді шектейтін немесе жоятын ғарыш объектісіне берілетін құқық ауыртпалығының болуы;
4) ғарыш объектісіне билік ету құқығын шектейтін немесе жоятын заңды күшіне енген сот шешімі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасының талабы "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында, 61-4-бабында көзделген операцияны жүргізген жағдайда ғарыш объектісін және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу кезінде қолданылмайды.

10

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

1. Мемлекеттік қызметті көрсету мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің www.gov.egov.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.
2. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі бар.
3. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
4. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көзі нашар көретіндерге арналған нұсқаға қолжетімді.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www.gov.egov.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

  Ғарыш объектілерін және оларға
құқықтарды мемлекеттік тіркеу
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің

      Аэроғарыш комитеті

Ғарыш объектісін мемлекеттік тіркеу туралы өтініш

      _________________________________________________________________________ тиесілі

      (мүддесінде мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылатын тұлға және оның тіркелген жері)

      ________________________________________________________________ ғарыш объектісін

      (ғарыш объектісінің тағайындалуы мен оның жалпы мақсаты)

      Ғарыш объектілерінің тіркеліміне және ________________________________________

      ________________________________________________________________________ негізінде

      (құқық белгілейтін құжаттың атауы)

      оған құқықты* тіркеуіңізді сұраймын.

      Ғарыш объектісінің ұшырылатын (болжамды ұшырылатын) күні және жері:

      _________________________ "___"_________________________________________________

      Орбитаның негізгі параметрлері: апогей, км _________ перигей, км _____ еңіс

      бұрышы, град._________________ айналу кезеңі, сек. _____________

      Қосымша мәліметтер: _______________________________________________________

      Өтінішке келесі құжаттарды қоса беремін:

      ________________________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушы)            (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты) (бар болса)

      20___ ж. "___" ___________

      Ескертпе: * Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына тиесілі ғарыш объектісіне қатысты толтырылады

  Ғарыш объектілерін және оларға
құқықтарды мемлекеттік тіркеу
қағидаларына
3-қосымша

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің

      Аэроғарыш комитеті

Ғарыш обьектісін мемлекеттік тіркеу туралы №_____ куәлік

1. Ғарыш объектісінің тағайындалуы және оның жалпы мақсаты

2. Ғарыш обьектісінің тіркеу нөмірі

3. Ұшырылған күні және орны

4. Орбитаның негізгі параметрлері





      5. Тіркелген құқық түрі: *____________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (құқық белгілейтін құжаттың атауын көрсете отырып)

      6. Мүддесінде мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылатын тұлға ______________________

      ________________________________________________________________________________

      7. Осы арқылы ғарыш обьектісінің белгіленген тәртіппен Ғарыш обьектілерінің

      тіркелімінде тіркелгендігі расталады

      _________________________________ _______ _______________________________________

      (көрсетілетін қызметті берушінің басшысы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты) (бар болса)

      20___ж. "___" _________

      Ескертпе: * Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына тиесілі ғарыш объектісіне қатысты толтырылады

  Ғарыш объектілерін және оларға
құқықтарды мемлекеттік тіркеу
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің

      Аэроғарыш комитеті

Ғарыш объектісіне құқықтардың (құқықтар ауыртпалығының) өзгеруін мемлекеттік тіркеу туралы өтініш

      _________________________________________________________________________ тиесілі

      (мүддесінде мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылатын тұлға және оның тіркелген жері)

      ________________________________________________________________ ғарыш объектісін

      (ғарыш объектісінің тағайындалуы мен оның жалпы мақсаты)

      Ғарыш объектілерінің тіркеліміне және

      ________________________________________________________________________ негізінде

      (құқық белгілейтін құжаттың атауы)

      оған құқықты* тіркеуіңізді сұраймын.

      Ғарыш объектісінің ұшырылатын (болжамды ұшырылатын) күні және жері:

      __________________________________________ "___"_______________

      Орбитаның негізгі параметрлері: апогей, км _____ перигей, км __________

      еңіс бұрышы, град._________________ айналу кезеңі, сек. ______________

      Қосымша мәліметтер: _______________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Өтінішке келесі құжаттарды қоса беремін:

      ________________________________________________________________________________

      _________________________ ______ ___________________________

      (көрсетілетін қызметті алушы) (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      20___ ж. "___" ___________

      Ескертпе: * Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына тиесілі ғарыш объектісіне қатысты толтырылады

  Ғарыш объектілерін және оларға
құқықтарды мемлекеттік тіркеу
қағидаларына
5-қосымша

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің

      Аэроғарыш комитеті

Ғарыш объектілерінің тіркелімінен үзінді

      № ____________________                                    "___" ______ _______

      ________________________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты, туған күнi және ЖСН (бар болса);

      ________________________________________________________________________________

      заңды тұлғаның атауы және БСН (бар болса), оның өкілінің тегi, аты, әкесiнiң аты) (бар болса)

      1. Төмендегі ғарыш объектiсіне:

Ғарыш объектісінің тағайындалуы және жалпы мақсаты

Ғарыш обьектісінің тіркеу нөмірі

Ұшырылған күні және орны

Орбитаның негізгі параметрлері





      мынадай құқық тiркелгенін:

Құқық түрi

Мазмұны

Құқық иесi

Ортақ меншiк нысаны, үлесi

Құқықтың туындау негiздемесi

Тiркелген күнi, уақыты

      мынадай құқық ауыртпалығы тiркелгенін:

Ауыртпалықтың түрi

Мазмұны

Құқық иесi немесе уәкiлеттi орган (мүдделi тұлға)

Ортақ меншiк нысаны, үлесi

Ауыртпалықтың пайда болуының негiздемесi

Тiркелген күнi, уақыты







      растау үшін берілді.

      2. Жоғарыда көрсетілген ғарыш объектісі көрсетілетін қызметті алушының өтініші негізінде жойылғанын (кәдеге жаратылғанын) растау үшін берілді.

      Басшы: ____________ _______________________________________________________

      (қолы)                  (тегi, аты, әкесiнiң аты) (бар болса)

  Ғарыш объектілерін және оларға
құқықтарды мемлекеттік тіркеу
қағидаларына
6-қосымша

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің

      Аэроғарыш комитеті

Өтініш

      Ғарыш объектілерінің тіркеліміне ____________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (мүддесі үшін мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылатын тұлға және оның мекенжайы)

      _________________________________________________________________________ тиесілі

      ________________________________________________________________________________

      (ғарыш объектісінің тағайындалуы мен оның жалпы мақсаты)

      20__ ж. "__"______ тіркеу №____ ғарыш объектісінің жойылғаны

      (кәдеге жаратылғаны) туралы тиісті жазба енгізуіңізді сұраймын.

      Өтінішке келесі құжаттарды қоса беремін: _____________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (өтініште көрсетілген жайттарды растайтын құжаттар)

      ________________________________________ _____ __________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушы және оның мекенжайы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты) (бар болса)

      20___ ж. "___" __________

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің
2020 жылғы 16 сәуірдегі
№ 143/НҚ бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму, Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің кейбір күші жойылған бұйрықтарының құрылымдық элементтерінің тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 534 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11320 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 25 маусымда жарияланған) 1-тармағының 2) тармақшасы.

      2. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 534 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № 114/НҚ бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15407 болып тіркелген, 2017 жылғы 17 тамызда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түріндегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) отыз төртінші, отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші, отыз тоғызыншы, қырқыншы, қырық бірінші, қырық екінші, қырық үшінші, қырық төртінші, қырық бесінші, қырық алтыншы, қырық жетінші, қырық сегізінші, қырық тоғызыншы, елуінші, елу бірінші, елу екінші, елу үшінші, елу төртінші, елу бесінші, елу алтыншы, елу жетінші, елу сегізінші, елу тоғызыншы, алпысыншы, алпыс бірінші, алпыс екінші абзацтары.

      3. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 534 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі міндетін атқарушысының 2018 жылғы 3 қаңтардағы № 1/НҚ бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16280 болып тіркелген, 2018 жылғы 7 ақпанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түріндегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қырық екінші, қырық үшінші, қырық төртінші, қырық бесінші, қырық алтыншы, қырық жетінші, қырық сегізінші, қырық тоғызыншы, елуінші, елу бірінші, елу екінші, елу үшінші, елу төртінші, елу бесінші, елу алтыншы, елу жетінші, елу сегізінші, елу тоғызыншы, алпысыншы, алпыс бірінші, алпыс екінші, алпыс үшінші, алпыс төртінші, алпыс бесінші, алпыс алтыншы, алпыс жетінші, алпыс сегізінші, алпыс тоғызыншы, жетпісінші, жетпіс бірінші, жетпіс екінші абзацтары.

      4. "Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 16 наурыздағы № 42/НҚ бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16674 тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түріндегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 4 сәуірде жарияланған) 1-тармағының 2) тармақшасы.

      5. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 534 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 98/НҚ бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17136 болып тіркелген, 2018 жылғы 11 шілдеде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түріндегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші абзацтары.

      6. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 534 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 25 шілдедегі № 175/НҚ бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19108 болып тіркелген, 2019 жылғы 7 тамызда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түріндегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы абзацтары.

      7. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту және кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 16 наурыздағы № 42/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 26 қыркүйектегі № 246/НҚ бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19431 болып тіркелген, 2019 жылғы 3 қазанда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түріндегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) сегізінші, тоғызыншы, оныншы абзацтары.