Ескерту. Күші жойылды – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 14.04.2020 № 140/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 534 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11320 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 25 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған;
2) лицензиялық алым енгізілмеген;
3) өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;
4) өтініш берушіге қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған;
5) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш беруші-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған;
6) өтініш беруші лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайларда мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан бас тарту үшін негіздер болып табылады.";
11-тармақтың бірінші бөлігі мыналай редакцияда жазылсын:
"11. Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, "Министрліктер үйі" әкімшілік ғимараты, 12-кіреберіс, 349-кабинет мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына, не көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жіберіледі.";
осы стандартқа 1, 2, 4 және 5-қосымшалар осы бұйрықтың 1, 2, 3 және 4-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияларда жазылсын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 16.04.2020 № 143/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялауға Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
Лицензияны алуға арналған жеке тұлғаның өтініші
_____________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
_____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда),
жеке сәйкестендіру нөмірі)
Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензияны беруіңізді сұраймын.
Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы
____________________________________________
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елдімекені, көше атауы,
үй/ғимарат нөмірі)
Электрондық пошта ___________ Тел/Факс ____________ Банк шоты _________
(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы
__________________________________________________________________________
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елдімекені, көше атауы,
үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
___ парақта қоса беріліп отыр.
Осымен: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы; өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады; өтініш беруші лицензияны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.
Жеке тұлға ______________ _____________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _________
Лицензияны алуға арналған заңды тұлғаның өтініші
________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
___________________________________________________________________
(заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы,
бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), заңды тұлғаның БСН болмаған жағдайда –
шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің БСН)
Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензияны беруіңізді сұраймын.
Заңды тұлғаның мекенжайы__________________________________________________
(шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы,
елдімекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
Электрондық пошта _______ Тел/Факс _________ Банк шоты ____________
(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы
__________________________
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елдімекені, көше атауы,
үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
___ парақта қоса беріліп отыр.
Осымен: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы; өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады; лицензияны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.
Басшы ______________ _________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _________
Лицензияны қайта ресімдеуге арналған жеке тұлғаның өтініші
__________________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
__________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)
Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға
20___ жылғы " " ________ № ____________, _______________ берілген,
(лицензияның нөмірі, берілген күні, лицензияны берген лицензиардың атауы)
лицензияны мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті жолға Х қою қажет):
1) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгеруі _______
2) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы өзгеруі ______
3) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның заңды мекенжайы өзгеруі _______
4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы"
Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда,
лицензиат үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "объектілерге берілетін рұқсаттар"
класы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы ________
5) "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензия үшін объектілерді
көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі _______
6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда _______
7) қызмет түрінің атауы өзгеруі ________ қайта ресімдеуіңізді сұраймын.
Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы
_____________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елдімекені, көше атауы,
үй/ғимарат нөмірі)
Электрондық пошта _______ Тел/Факс _________ Банк шоты _________
(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы
__________________________________________________________________________
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елдімекені, көше атауы,
үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар нөмірі)
______ парақта қоса беріліп отыр.
Осымен: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы; өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады; өтініш беруші лицензияны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.
Жеке тұлға ____________ _______________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _________________
Лицензияны қайта ресімдеуге арналған заңды тұлғаның өтініші
_____________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
__________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы,
бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), заңды тұлғаның БСН болмаған жағдайда –
шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің БСН)
Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға
20___ жылғы " " ___________ № ____________, ______________________ берілген,
(лицензияның нөмірі, берілген күні, лицензияны берген лицензиардың атауы)
лицензияны мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті жолға Х қою қажет):
1) заңды тұлға-лицензиат "Рұқсаттар және хабарламалар туралы"
Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес (тиісті жолға Х қою қажет):
бірігу ____ қайта құру ____ қосылу ____ бөліп шығару ____ бөліну ____ жолымен қайта ұйымдастырылуы
2) заңды тұлға-лицензиат атауының өзгеруі ____
3) заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жерінің өзгеруі ____
4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы"
Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, лицензиат үшінші
тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша
берілген лицензияны иеліктен шығаруы ____
5) "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензия үшін объектілерді көрсете отырып,
объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі ____
6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда ____
7) қызмет түрінің атауы өзгеруі ____ қайта ресімдеуіңізді сұраймын.
Заңды тұлғаның мекенжайы_______________________________________
(заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, БСН,
заңды тұлғаның БСН болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының
немесе өкілдігінің БСН)
Электрондық пошта _______ Тел/Факс _________ Банк шоты __________
(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы
_______________________________________________
(шетелдік заңды тұлға үшін-елі, пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы,
елдімекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
______ парақта қоса беріліп отыр.
Осымен: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы; өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады; өтініш беруші лицензияны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.
Басшы ______________ __________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _________________
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 25 шілдедегі № 175/НҚ бұйрығына 5-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 16.04.2020 № 143/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.