ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген "Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму, Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсiн.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
А. Жумагалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 140/НҚ бұйрығымен бекітілген |
"Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 18.02.2022 № 56/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң күшіне енеді) бұйрығымен.1. Осы "Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 1-тармағы 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларды мынадай негізгі түсініктер пайдаланылады:
1) Бiрыңғай байланыс орталығы - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша - ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;
2) біліктілік талаптары - өтініш берушінің және лицензиаттың жекелеген лицензияланатын қызмет түрімен және (немесе) лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрімен айналысу қабілетін сипаттайтын, лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру кезінде де, оның жарамдылығы уақытының бүкіл кезеңінде де қойылатын сандық және сапалық нормативтер мен көрсеткіштер жиынтығы;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты - мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;
4) лицензия - жеке немесе заңды тұлғаға қауіптіліктің жоғары деңгейіне байланысты лицензияланатын қызмет түрін не лицензияланатын қызметтің кіші түрін жүзеге асыруға лицензиар беретін бірінші санаттағы рұқсат;
5) рұқсаттық бақылау - рұқсат беру органдарының рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгенге дейін өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеруге бағытталған қызметі, сондай-ақ, олар берілгеннен кейін лицензиаттардың және екінші санаттағы рұқсатты иеленушілердің Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету;
6) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - портал) - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
7) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) келтірілген.
Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
4. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы:
1) осы Қағидаларға 2-5-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия (бұдан әрі - лицензия) алу немесе қайта рәсімдеу үшін жеке және заңды тұлғалардың өтінішін (бұдан әрі - өтініш);
2) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызмет үшін біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесіне мәліметтер нысанын жолдайды.
Көрсетілетін қызметті беруші порталға жүгінген сәттен бастап құжаттарды қарау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін берудің мерзімі:
лицензия беру кезінде 7 (жеті) жұмыс күнін;
қайта рәсімдеу лицензиясын беру кезінде 3 (үш) жұмыс күнін құрайды.
5. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі лицензия алу үшін құжаттар түскен күні оларды қабылдайды және тіркейді.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы, дара кәсіпкердің мемлекеттік тіркелгені туралы, бюджетке лицензиялық алымның төленгені туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды тапсырғаннан кейін "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салудың қабылдағаны туралы мәртебе көрінеді, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жолданады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
6-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 18.02.2022 № 56/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң күшіне енеді) бұйрығымен.6. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері) осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттар тіркелген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар және (немесе) мәліметтердің толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын және (немесе) мәліметтерді толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті одан әрі қараудан белгіленген мерзімде дәлелденген бас тарту береді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын және (немесе) мәліметтерді толық ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері бес жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушылар ұсынған құжаттарды Қазақстан Респубикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 84 бұйрығымен бекітілген Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызмет үшін біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесіне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10603 болып тіркелген) сәйкестігін тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын тексеру нәтижесінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелденген бас тарту туралы шешім рәсімделеді және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады.
"Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының 1-тармағы 5) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушілер нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптарға сәйкестiгiн тексерудi жүргiзуге және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда рұқсат беруден бас тартуға уәкiлеттi болады.
7. Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия мынадай:
1) жеке тұлға-көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгерген;
2) дара кәсіпкер - көрсетілетін қызметті алушының қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы өзгерген;
3) заңды тұлға - көрсетілетін қызметті алушының қайта ұйымдастырылған;
4) заңды тұлға - көрсетілетін қызметті алушының атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген (лицензияда мекенжай көрсетілген жағдайда);
5) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда қайта ресімделуге жатады.
Көрсетілетін қызметті беруші лицензияны қайта рәсімдеуді осы Қағидаларға 4 немесе 5-қосымшаларға сәйкес жеке немесе заңды тұлғалардың лицензияны қайта рәсімдеуге арналған өтініші негізінде жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі лицензияны қайта рәсімдеуге құжаттар түскен күні оларды қабылдайды және тіркейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері жеке немесе заңды тұлғалардың лицензияны қайта рәсімдеуге арналған өтініш тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде лицензияны қайта рәсімдеу үшін ұсынылған мәліметтер мен негіздердің толықтығын тексереді, нәтижесінде лицензияны қайта рәсімдейді, не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелденген бас тартуды қалыптастырады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжаты нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолдайды.
8. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған;
2) лицензиялық алым енгізілмеген;
3) көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған;
5) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот көрсетілетін қызметті алушы-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған;
6) көрсетілетін қызметті алушы лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болып табылады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қағида 8-1-тармақпен толықтыру көзделген – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 18.02.2022 № 56/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң күшіне енеді) бұйрығымен.9. Көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторингі ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар және хабарламалар мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде, оның көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге мониторинг ақпараттық жүйесіне автоматты түрде түседі.
3-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілер және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
10-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 18.02.2022 № 56/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң күшіне енеді) бұйрығымен.10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, жоғары тұрған органның, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын бағалау және бақылау уәкілетті органның атына жолдауға болады.
Мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін мемлекеттік органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес оның тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағыммен жүгіне алады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1-қосымша жаңа редакцияда көзделген – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 18.02.2022 № 56/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң күшіне енеді) бұйрығымен."Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 1-қосымша |
"Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну амалдары | Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер қабылдау және нәтижелерін ұсыну www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы (бұдан әрі - портал) жүзеге асырылады. |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері |
Лицензия беру кезінде 7 (жеті) жұмыс күні; |
4 | Көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжделген бас тарту туралы жауап. |
6 | Төлем мөлшері |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төленеді, ол "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) сәйкес: |
7 | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің - 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттар тізбесі |
1) лицензия алу үшін: |
9 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан бас тарту үшін негіздер |
1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған; |
10 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
1. Мемлекеттік қызметті көрсету мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің www.gov.egov.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. |
"Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 2-қосымша |
Лицензияны алуға арналған жеке тұлғаның өтініші
________________________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)
________________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)
Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензияны беруiңiздi сұраймын.
Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы ______________________
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елдімекені, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)
Электрондық пошта ______ Тел (Факс) _________ Банк шоты _________
(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы
________________________________________________________________________________
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елдімекені, көше атауы, үй немесе ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
___ парақта қоса беріліп отыр.
Осымен: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы
және оларға лицензияны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген
ақпаратты жіберуге болатындығы; көрсетілетін қызметті алушыға қызметтің
лицензияланатын түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; қоса берілген құжаттардың
барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;
көрсетілетін қызметті алушы лицензияны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған,
заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.
Жеке тұлға _________ _______________________________________________________
(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _________
"Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 3-қосымша |
Лицензияны алуға арналған заңды тұлғаның өтініші
________________________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)
________________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы,
бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), заңды тұлғаның БСН болмаған жағдайда - шетелдік
заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің БСН)
Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензияны беруiңiздi сұраймын.
Заңды тұлғаның мекенжайы __________________________________________________
(шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы,
елдімекені, көше атауы, үй немесе ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
Электрондық пошта _______ Тел(Факс)_________ Банк шоты __________
(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы _
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елдімекені, көше атауы, үй немесе ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
___ парақта қоса беріліп отыр.
Осымен: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы
және оларға лицензияны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген
ақпаратты жіберуге болатындығы; көрсетілетін қызметті алушыға қызметтің
лицензияланатын түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; қоса берілген құжаттардың
барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;
лицензияны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.
Басшы _________ __________________________________________________________
(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _________
"Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 4-қосымша |
Лицензияны қайта ресімдеуге арналған жеке тұлғаның өтініші
________________________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)
________________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)
Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға 20___ жылғы " "
________ № ____________, _______________ берілген,
(лицензияның нөмірі, берілген күні, лицензияны берген көрсетілетін қызметті берушінің атауы)
лицензияны мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті жолға Х қою қажет):
1) жеке тұлға - көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгеруі _______
2) дара кәсіпкер - көрсетілетін қызметті алушының қайта тіркелген, оның атауы өзгеруі ______
3) дара кәсіпкер - көрсетілетін қызметті алушының қайта тіркелген, оның заңды мекенжайы өзгеруі _______
4) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда _______
5) қызмет түрінің атауы өзгеруі ________ қайта ресімдеуіңізді сұраймын.
Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы_________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елдімекені, көше атауы, үй немесе ғимарат нөмірі)
Электрондық пошта _______ Тел (Факс) _________ Банк шоты _________
(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы
________________________________________________________________________________
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елдімекені, көше атауы, үй немесе ғимарат (стационарлық үй-жайлар нөмірі)
______ парақта қоса беріліп отыр.
Осымен: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы
және оларға лицензияны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген
ақпаратты жіберуге болатындығы; көрсетілетін қызметті алушыға қызметтің
лицензияланатын түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; қоса берілген құжаттардың
барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;
көрсетілетін қызметті алушы лицензияны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған,
заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.
Жеке тұлға _________ _______________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _________________
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
5-қосымша жаңа редакцияда көзделген – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 18.02.2022 № 56/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң күшіне енеді) бұйрығымен."Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 5-қосымша |
Лицензияны қайта ресімдеуге арналған заңды тұлғаның өтініші
________________________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)
________________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы,
бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), заңды тұлғаның БСН болмаған жағдайда –
шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің БСН)
Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға 20___ жылғы " "
___________ № ____________, _________________ берілген,
(лицензияның нөмірі, берілген күні, лицензияны берген көрсетілетін қызметті берушінің атауы)
лицензияны мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті жолға Х қою қажет):
1) заңды тұлға-көрсетілетін қызметті алушы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы"
2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңының 34-бабында
айқындалған тәртіпке сәйкес (тиісті жолға Х қою қажет):
бірігу ____ қайта құру ____ қосылу ____ бөліп шығару ____ бөліну ____ жолымен қайта ұйымдастырылуы
2) заңды тұлға - көрсетілетін қызметті алушы атауының өзгеруі ____
3) заңды тұлға - көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жерінің өзгеруі ____
4) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда ____
5) қызмет түрінің атауы өзгеруі ____ қайта ресімдеуіңізді сұраймын.
Заңды тұлғаның мекенжайы_______________________________________
(заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, БСН, заңды
тұлғаның БСН болмаған жағдайда - шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің БСН)
Электрондық пошта _______ Тел (Факс)________ Банк шоты __________
(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы
________________________________________________________________________________
(шетелдік заңды тұлға үшін - елі, пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елдімекені, көше атауы,
үй немесе ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
______ парақта қоса беріліп отыр.
Осымен: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы
және оларға лицензияны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген
ақпаратты жіберуге болатындығы; көрсетілетін қызметті алушыға қызметтің
лицензияланатын түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; қоса берілген құжаттардың
барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;
көрсетілетін қызметті алушы лицензияны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған,
заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.
Басшы __________ _________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _________________
"Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 6-қосымша |
Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызмет үшін біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесіне мәліметтер нысаны
1. Жеке тұлғалар (дара кәсіпкерлер) үшін:
1. Лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімінің және тиісті
салада кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуы туралы ақпарат:
1) мамандығы және біліктілігі ________________________________________________;
2) лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі туралы дипломның
нөмірі және берілген күні _________________________________;
шетелдік ұйымдары берген білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау
бойынша мәлімет__________________________________;
3) білім туралы құжатты берген ұйымның атауы, берген күні ______________________;
4) жұмыс орны ____________________________________________________________;
5) кезеңі, атқаратын лауазымдары ____________________________________________;
6) жұмысқа қабылданғаны және жұмыстан босатылғаны туралы бұйрықтың нөмірі мен
күні және (немесе) еңбек шартының нөмірі және күні ____________;
7) сертификаттың, жеке куәліктің, куәліктің нөмірі, берілген күні және оны берген
ұйымның атауы, сондай-ақ оқу курсының тақырыбы (болған жағдайда)
_______________________________________________________________________________;
2. Меншік құқығында немесе өзге заңды негізде техникалық-өндірістік базасының
(үй-жайлардың немесе арнайы зертханалық немесе стенділік немесе өндірістік немесе
технологиялық немесе сынақтық және өлшегіш жабдықтың немесе бақылау-тексеру
аппаратурасының) болуы туралы ақпарат:
1) техникалық-өндірістік базаны сатып алу-сату немесе сыйға тарту немесе мүліктік
жалға алу (жалдау) немесе ақысыз пайдалану немесе сенімгерлік басқару немесе тапсыру
туралы шарттың нөмірі__________________________;
2) техникалық-өндірістік базаның немесе үй-жайдың орналасқан жері
_______________________________________________________________________________;
3) шарт жасасқан күн _______________________________________________________;
4) шарт кіммен жасалды ____________________________________________________;
5) арнайы зертханалық немесе стендтік немесе өндірістік немесе технологиялық немесе
сынақтық және өлшегіш жабдық немесе бақылау-тексеру аппаратурасы паспортының нөмірі және күні ___________________;
6) паспорт берген орган _____________________________________________________;
7) жабдықтың тағайындалуы ________________________________________________;
8) сертификаттың нөмірі, күні, берген орган, салыстырып тексеру (калибрлеу) туралы
сертификаттың қолданыс мерзімі (болған жағдайда) ______________;
3. Бекітілген техникалық жобаның болуы туралы ақпарат:
1) техникалық жобаның атауы _______________________________________________;
2) жобаның негізгі мақсатының қысқаша мазмұны ______________________________;
3) технологиялық процестің сипаттамасы ______________________________________;
4) өндіріс өрістетілетін немесе қызметтер көрсетілетін аумақ ______________________;
5) техникалық жобаны кім бекіткен ___________________________________________;
6) техникалық жобаның бекітілген күні ________________________________________.
2. Заңды тұлғалар үшін:
1. Ұйым басшысында жоғары білімінің және басшы лауазымында кемінде үш жыл
жұмыс өтілінің болуы туралы ақпарат:
1) мамандығы және біліктілігі ________________________________________________;
2) жоғары білімі туралы дипломның нөмірі және берілген күні ____________________;
3) жоғары білімі туралы диплом берген оқу мекемесінің атауы ____________________;
4) жұмыс орны ____________________________________________________________;
5) лауазымы ______________________________________________________________;
6) ұйымның орналасқан жері _________________________________________________;
7) жұмысқа қабылданғаны және жұмыстан босатылғаны туралы бұйрықтың нөмірі мен
күні және (немесе) еңбек шартының нөмірі және күні
_______________________________________________________________________________;
8) сертификаттың, жеке куәліктің, куәліктің нөмірі, берілген күні және оны берген
ұйымның атауы, сондай-ақ оқу курсының тақырыбы (болған жағдайда)
_______________________________________________________________________________.
2. Штатта тиісті салада кемінде үш жыл жұмыс өтілімен лицензияланатын қызмет
түрінің бейіні бойынша жоғары білімі бар мамандардың кемінде 10% болуы туралы ақпарат:
1) штаттық кесте бойынша мамандардың жалпы саны (бірлік) ____________;
2) лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі бар мамандар саны
_______________________________________________________________________________;
3) лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі бар мамандардың
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), олардың мамандықтары және біліктілігі
_______________________________________________________________________________;
4) лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі бар әрбір маманның
жұмыс орны ____________________________________________________________________;
5) лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі бар әрбір маманның
лауазымы ______________________________________________________________________;
6) лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі бар әрбір маманның
жұмысқа қабылданғаны және жұмыстан босатылғаны туралы бұйрықтың нөмірі және күні
және (немесе) еңбек шартының нөмірі мен күні
_______________________________________________________________________________;
7) сертификаттың, жеке куәліктің, куәліктің нөмірі, берілген күні және оны берген
ұйымның атауы, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі
бар әрбір маманның оқу курсының тақырыбы (болған жағдайда)
_______________________________________________________________________________.
3. Меншік құқығында немесе өзге заңды негізде техникалық-өндірістік базасының
(үй-жайлардың немесе арнайы зертханалық немесе стенділік немесе өндірістік немесе
технологиялық немесе сынақтық және өлшегіш жабдықтың немесе бақылау-тексеру
аппаратурасының) болуы туралы ақпарат:
1) техникалық-өндірістік базаны сатып алу - сату немесе сыйға тарту немесе мүліктік
жалға алу (жалдау) немесе ақысыз пайдалану немесе сенімгерлік басқару немесе тапсыру
туралы шарттың нөмірі _______________________;
2) техникалық-өндірістік базаның немесе үй-жайдың орналасқан жері
_______________________________________________________________________________;
3) шарт жасасқан күн _______________________________________________________;
4) шарт кіммен жасалды ____________________________________________________;
5) арнайы зертханалық немесе стендтік немесе өндірістік немесе технологиялық немесе
сынақтық және өлшегіш жабдық немесе бақылау-тексеру аппаратурасы паспортының нөмірі және күні ___________________;
6) паспорт берген орган _____________________________________________________;
7) жабдықтың тағайындалуы ________________________________________________;
8) сертификаттың нөмірі, күні, берген орган, салыстырып тексеру (калибрлеу) туралы
сертификаттың қолданыс мерзімі (болған жағдайда) _______________.
4. Бекітілген техникалық жобаның болуы туралы ақпарат:
1) техникалық жобаның атауы _______________________________________________;
2) жобаның негізгі мақсатының қысқаша мазмұны ______________________________;
3) технологиялық процестің сипаттамасы ______________________________________;
4) өндіріс өрістетілетін немесе қызметтер көрсетілетін аумақ ______________________;
5) техникалық жобаны кім бекіткен ___________________________________________;
6) техникалық жобаның бекітілген күні ________________________________________.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 140/НҚ бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму, Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің кейбір күші жойылған бұйрықтарының тізбесі
1. "Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 534 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11320 болып тіркелген, 2015 жылғы 25 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
2. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 534 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № 114/НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15407 болып тіркелген, 2017 жылғы 17 тамызда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түріндегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).
3. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 534 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі м.а. 2018 жылғы 3 қаңтардағы № 1/НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16280 болып тіркелген, 2018 жылғы 7 ақпанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түріндегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).
4. "Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 16 наурыздағы № 42/НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16674 болып тіркелген, 2018 жылғы 4 сәуірде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түріндегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).
5. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 534 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 98/НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17136 болып тіркелген, 2018 жылғы 11 шілдеде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түріндегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).
6. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту және кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 16 наурыздағы № 42/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 7 тамыздағы № 138/НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17412 болып тіркелген, 2018 жылғы 29 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түріндегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).
7. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 534 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 25 шілдедегі № 175/НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19108 болып тіркелген, 2019 жылғы 7 тамызда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түріндегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).
8. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту және кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 16 наурыздағы № 42/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 26 қыркүйектегі № 246/НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19431 болып тіркелген, 2019 жылғы 3 қазанда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түріндегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).