"Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға және нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғаларға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 26 наурыздағы № 110 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 134 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 15 сәуірде № 20399 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 Жарлығының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға және нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғаларға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 26 наурыздағы № 110 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20174 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылы 30 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға және нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғаларға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру қағидаларында:

      3-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) дара кәсіпкерлерге және шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген жұмыскерлеріне;";

      3) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының күші ұлттық басқарушы холдингтердің, басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың қызметкерлеріне қолданылмайды.";

      6-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) төтенше жағдай енгізілген күнге дейін он екі ай ішінде жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуының бір де бір ай өтілі жоқ АҚС бойынша кіріс алатын жеке тұлғаларға;";

      мынадай мазмұндағы 4), 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:

      "4) еңбек немесе кәсіпкерлік қызметті (оның ішінде қашықтан) жалғастырған немесе ақылы еңбек демалысы берілген немесе жұмыс орындарының бірінде тоқтап тұру болған жағдайда, кәсіпкерлік қызметті қоса алғанда, екі немесе одан да көп жұмысты қоса атқаратын адамдарға;

      5) егер бір мезгілде республикалық бюджеттен немесе қордан төленетін ай сайынғы зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді алушылар болып табылса, төтенше жағдай енгізілгеннен кейін БЖТ-ны алғаш рет төлеген адамдарға,

      6) Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты ішкі істер органдарында тіркеуден шығарылған адамдарға тағайындалмайды.";

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Бұл ретте әлеуметтік төлем тағайындау үшін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілін айқындау кезінде "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа толған адамдардың бірыңғай жиынтық төлем төлеу кезеңдері ескеріледі.";

      4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Әлеуметтік төлемдерді тағайындау туралы өтінішті жұмыскерлер немесе жеке кәсіпкерлер өздері берген жағдайларды қоспағанда, осы Қағидалардың 3-тармағының 1), 2) және 7) тармақшаларында көрсетілген адамдардың тізімін құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасының өңірлік кәсіпкерлер палатасының және кәсіподақтардың аумақтық бірлестіктерінің өкілдері кіретін жұмыспен қамтудың аудандық (қалалық) басқармасы (бұдан әрі – аудандық (қалалық) штаб) әлеуметтік аударымдарды төлеушілер ұсынған ақпарат негізінде айқындайды.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Әлеуметтік төлемдерді тағайындау туралы өтінішті жұмыскерлер немесе жеке кәсіпкерлер өздері берген жағдайларды қоспағанда, осы Қағидалардың 3-тармағының 1), 2) және 7) тармақшаларында көрсетілген адамдарға төтенше жағдай кезеңінде кірісінен айырылуына байланысты әлеуметтік төлем осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аудандық (қалалық) штаб берген қорытынды негізінде айқындалады.

      Осы Қағидалардың 3-тармағының 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдарға, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер тағайындау туралы өтінішті жұмыскердің немесе дара кәсіпкердің өзі берген жағдайда осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төтенше жағдай кезеңінде қызметтің шектелуіне байланысты кірістен айырылуға байланысты әлеуметтік төлемді тағайындауға өтініш беру әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін негіз болып табылады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) бөлімшесіне осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік төлем тағайындау туралы өтінішті осы Қағидалардың 3-тармағының 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдар, сондай-ақ, әлеуметтік төлемдер тағайындау туралы өтінішті жұмыскер немесе жеке кәсіпкер өзі үшін берген жағдайда береді.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Әлеуметтік төлемдерді тағайындау туралы өтініш келесі тәсілдердің бірі арқылы:

      1) "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы;

      2) осы Қағидалардың 3-тармағының 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдар, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер тағайындауға өтінішті жұмыскердің өзі берген жағдайда ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы.

      Бұл ретте осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініште көзделген ақпарат диалог форматында ұсынылады;

      3) Enbek.kz. порталы арқылы;

      4) осы Қағидалардың 3-тармағының 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін проактивті қызмет арқылы беріледі. Бұл жағдайда әлеуметтік төлемдерді тағайындау туралы өтініш талап етілмейді.

      Осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес берілген өтінішке SMS арқылы жіберілген бір реттік парольмен қол қойылады.

      Бұл ретте, осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген бір немесе бірнеше шарттар болған жағдайда осы Қағидалардың 3-тармағының 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдарға, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер тағайындау туралы өтініш берген жағдайда жұмыскерлер мен дара кәсіпкерлерге уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде автоматтандырылған режимде өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы хабарламалар қалыптастырады.

      Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген адамдардың төтенше жағдай кезінде жарамдылық мерзімі аяқталған жеке басын куәландыратын құжаттарын ауыстыру мүмкін болмаған жағдайда олар әлеуметтік төлемдерді тағайындау кезінде ескеріледі.";

      мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:

      "10-1. Егер өтініште төлемдер жүргізу үшін банк және банк шотының нөмірі туралы мәліметтер болмаса, осы Қағидалардың 3-тармағының 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдар төтенше жағдай немесе оның жойылу мерзімі аяқталғаннан кейін бір айдан кешіктірілмейтін мерзімде Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген тәсілдер арқылы жетіспейтін мәліметтерді ұсынады.

      Төлемдерді жүзеге асыру үшін банк және банк шотының нөмірі туралы мәліметтер автоматтандырылған режимде бұрын қалыптастырылған ІЭМ-ге енгізіледі, ІЭМ-ді көрсетілген мәліметтермен толықтыру туралы ақпарат автоматты түрде қордың филиалы мен Мемлекеттік корпорацияға жіберіледі.";

      мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:

      "15-1. Төлемдерді жүзеге асыру үшін банк және банк шотының нөмірі туралы мәліметтер ұсынылмаған жағдайда, төтенше жағдай немесе оның жойылу мерзімі аяқталғаннан кейін бір ай өткеннен кейін әлеуметтік төлемдерді тағайындау туралы шешімнің күшін жою туралы шешім жобасы жасалады.

      Қордың филиалы 1 жұмыс күні ішінде әлеуметтік төлемдер тағайындау туралы шешімнің күшін жою туралы шешім жобасымен ІЭМ-ді қарап, шешім қабылдайды және мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияға береді.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Өтініште төлемдерді жүзеге асыру үшін банк және банк шотының нөмірі туралы мәліметтер ұсынбаған алушыларға тағайындалған әлеуметтік төлемдердің сомаларын қоспағанда, Мемлекеттік корпорация қордың филиалы бекіткен әлеуметтік төлемдерді тағайындау туралы шешімдердің негізінде 1 жұмыс күні ішінде тағайындалған әлеуметтік төлемдердің сомасын әлеуметтік төлемдерге қаражат қажеттілігіне қосуды қамтамасыз етеді.

      Өтініште төлемдерді жүзеге асыру үшін банк және банк шотының нөмірі туралы мәліметтер ұсынбаған алушыларға тағайындалған әлеуметтік төлемдердің сомаларын Мемлекеттік корпорация осы Қағидалардың 10-1-тармағының екінші бөлігінде көзделген ақпаратты алған күннен бастап 1 жұмыс күні ішінде әлеуметтік төлемдерге қаражат қажеттілігіне қосады.

      Әлеуметтік төлемдерге қаражат қажеттілігін Мемлекеттік корпорация күн сайын қалыптастырады.";

      20-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі әлеуметтік төлем тағайындалған адамдардың ұялы телефон нөміріне SMS хабарлама жолдау арқылы оларға банк шоты туралы мәліметтер ұсынбауына байланысты әлеуметтік төлемдерді тағайындау туралы шешімнің күшін жою жөнінде қабылданған шешім туралы автоматты режимде хабарлайды.";

      мынадай мазмұндағы 21-тармақпен толықтырылсын:

      "21. Мыналар:

      1) әлеуметтік төлем алушының жоғалған кірісінің қалпына келтірілуі;

      2) әлеуметтік төлем алушының қайтыс болуы;

      3) әлеуметтік төлемдерді алушының осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген тәсілдермен осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік төлемдер сомаларын қайтару туралы өтініші әлеуметтік төлемдерді тоқтатуға негіз болып табылады.

      Бұл ретте, осы тармақтың 3) тармақшасында көзделген өтініш Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаралады.";

      осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 2-қосымша жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 2 және 3-қосымшаларға сәйкес 6 және 7-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік сақтандыру, базалық әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қоғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі А.Ә. Сарбасовқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 2 сәуірден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Б. Нурымбетов

  Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2020 жылғы 15 сәуірдегі
№ 134 бұйрығына
1-қосымша
  Төтенше жағдай кезеңінде
міндетті әлеуметтік сақтандыру
жүйесіне қатысушыларға және
нысанасы жұмыстарды орындау
(қызметтерді көрсету) болып
табылатын азаматтық-құқықтық
сипаттағы шарттар бойынша
кіріс алатын, салық агенттері
олар үшін міндетті зейнетақы
жарналарын төлеген жеке
тұлғаларға әлеуметтік
төлемдерді жүзеге асыру
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Төтенше жағдай кезеңінде қызметтің шектелуіне байланысты кірістен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ___________________________________

      ЖСН _______________________

      Банктің атауы (бар болса) ______________________________________

      Банк шотының нөмірі (бар болса)__________________________________

      Пошта мекенжайы (көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты мекенжайы)

      _____________________________________

      Телефон ____________________ E-mail ________________________________

      Маған төтенше жағдай кезеңінде қызметтің шектелуіне байланысты кірістен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындауды сұраймын.

      Осы арқылы қоса атқарылатын жұмыстан (кәсіпкерлік қызметтен) алынатын кірісті қоса алғанда, төтенше жағдай кезеңінде қызметтің шектелуіне байланысты кірістен айырылу фактісін растаймын.

      Әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін қажетті дербес деректерімді Қазақстан Республикасының заңнамасында жол берілетін кез келген тәсілмен жинауға, өңдеуге, сақтауға және пайдалануға келісім беремін.

      Банк және банк шотының нөмірі туралы мәліметтер ұсынбаған жағдайда, төтенше жағдай немесе оның жойылу мерзімі аяқталғаннан кейін бір айдан кешіктірмейтін мерзімде әлеуметтік төлем тағайындау туралы шешімнің күшін жою туралы, сондай-ақ жалған ақпарат пен дәйексіз (жалған) құжаттарды беру үшін жауапкершілік туралы ескертілдім.

      Өтінім берушінің қолы____________________________________________

      (SMS арқылы жіберілген бір реттік парольмен қол қойылады)

  Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2020 жылғы 15 сәуірдегі
№ 134 бұйрығына
2-қосымша
  Төтенше жағдай кезеңінде
міндетті әлеуметтік сақтандыру
жүйесіне қатысушыларға және
нысанасы жұмыстарды орындау
(қызметтерді көрсету) болып
табылатын азаматтық-құқықтық
сипаттағы шарттар бойынша
кіріс алатын, салық агенттері
олар үшін міндетті зейнетақы
жарналарын төлеген жеке
тұлғаларға әлеуметтік
төлемдерді жүзеге асыру
қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

      Код _______________________

      Облыс (қала) _______________

"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ ______________________ облысы (қаласы) бойынша филиалының төтенше жағдай кезеңінде қызметтің шектелуіне байланысты кірістен айырылу жағдайына әлеуметтік төлемді тағайындау туралы шешімнің күшін жою туралы 20____ жылғы "___" ___________ № ___ ШЕШІМІ

      Әлеуметтік төлем тағайындау туралы шешімнің күші жойылсын

      Шешімнің №___________________ бекітілген күні_____________________

      Істің №___________________________________________________________

      Тегі__________________________________________________________

      Аты______________________________________________________________

      Әкесінің аты (бар болса)___________________________________________

      Туған күні __________________ жынысы _________________________________

      (күні, айы, жылы)                   (әйел, ер)

      Жүгінген күні: _________________________________________ 20___ ж.

      Төлемдер жүзеге асыру үшін банк және банк шотының нөмірі туралы мәліметтер

      ұсынбауына байланысты.

      Филиал басшысы___________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Филиал маманы __________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

  Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2020 жылғы 15 сәуірдегі
№ 134 бұйрығына
3-қосымша
  Төтенше жағдай кезеңінде
міндетті әлеуметтік сақтандыру
жүйесіне қатысушыларға және
нысанасы жұмыстарды орындау
(қызметтерді көрсету) болып
табылатын азаматтық-құқықтық
сипаттағы шарттар бойынша
кіріс алатын, салық агенттері
олар үшін міндетті зейнетақы
жарналарын төлеген жеке
тұлғаларға әлеуметтік
төлемдерді жүзеге асыру
қағидаларына
7-қосымша
  Нысан

Өтініш

      Тегі, аты, әкесінің аты (әкесінің аты) ________________________________

      ЖСН _______________________

      Қайтару мерзімі _________________________

      Қайтару сомасы ___________________________

      Менің банк шотыма аударылған әлеуметтік төлемдердің сомасын қайтарып беруіңізді сұраймын Пошта мекен-жайы (көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты мекен-жайы)

      _____________________________________________________________________

      Телефон ____________________ E-mail ________________________________

      Өтініш берушінің қолы _______________________________________________

      (SMS арқылы жіберілген бір реттік парольмен қол қойылады)