Кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі шешімдерді қабылдау қағидаларын, сондай-ақ жиналыс хаттамаларының үлгілік нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 30 наурыздағы № 163 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 2 сәуірде № 20283 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі шешімдерді қабылдау қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Жиналыс хаттамаларының үлгілік нысандары бекітілсін.

      2. "Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналысы хаттамасының және үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелеріне жазбаша сауалнама жүргізу кезінде дауыс беру парағының, кондоминиум объектісін басқару жөніндегі есептің үлгі нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 243 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10573 болып тіркелген, 2015 жылғы 29 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамамен бекітілген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің міндетін атқарушы
К. Ускенбаев

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің м.а
2020 жылғы 30 наурыздағы
№ 163 бұйрығына
1-қосымша

Кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі шешімдер қабылдау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп - ұстау жөніндегі шешімдер қабылдау қағидалары, сондай-ақ жиналыс хаттамаларының үлгілік нысандары (бұдан әрі – Қағидалар) "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-2-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленді және кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі шешімдер қабылдау процесінде пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жиналысында туындаған қатынастарын реттейді

      2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) дауыс беру – келу тәртібімен немесе жазбаша сауалнама арқылы өткізілетін жиналыста ерік-қалауын ашық білдіру жолымен жүзеге асырылатын, пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға байланысты шешімдерді қабылдау процесі. Дауыс беру тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілері арқылы жүзеге асырылуы мүмкін;

      2) көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігі (бұдан әрі – мүліктің меншік иелері бірлестігі) – коммерциялық емес ұйым болып табылатын, бір көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері құрған, кондоминиум объектісін басқаруды жүзеге асыратын, оны күтіп-ұстауды қаржыландыратын және оның сақталуын қамтамасыз ететін заңды тұлға;

      3) көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналысы (бұдан әрі – жиналыс) – пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға байланысты шешімдерді ұжымдық талқылауын және дауыс беру арқылы қабылдауын қамтамасыз ететін кондоминиум объектісін басқарудың жоғары органы;

      4) көппәтерлі тұрғын үй кеңесі (бұдан әрі – үй кеңесі) – пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері қатарынан сайланатын кондоминиум объектісін басқару органы.

2-тарау. Жиналыс жүргізу тәртібі

      3. Жиналыс мынадай нысандарда:

      1) келу тәртібімен өткізілетін ашық ерік білдіру жолымен;

      2) жазбаша сауалнама арқылы;

      3) ақпараттандыру объектілері арқылы талқылау және дауыс беру жолымен өткізілуі мүмкін.

      4. Жиналыс жылына бір реттен сиретпей өткізіледі. Жиналыс үй кеңесінің, жай серіктестіктің сенім білдірілген адамының бастамасы бойынша не ревизиялық комиссияның талап етуі бойынша, не пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің кемінде он пайызының талап етуі бойынша не тұрғын үй инспекциясының бастамасы бойынша шақырылады.

      5. Алдағы жиналыс туралы пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жиналыстың өткізілетін күні туралы кемінде он күн бұрын жеке, сондай-ақ электрондық пошта немесе ұялы байланыс арқылы және жалпыға қолжетімді жерлерде хабарландыру орналастыру жолымен хабарландырылады.

      6. Жиналысты өткізу туралы хабарламаларда:

      1) осы жиналысты өткізу күні, орны, уақыты;

      2) осы жиналыстың күн тәртібі;

      3) бастама бойынша осы жиналыс шақырылатын адам туралы мәліметтер;

      4) осы жиналысты өткізу нысаны (келу тәртібімен өткізілетін жиналыста ашық ерік білдіру немесе жазбаша сұрау салу жолымен);

      5) осы жиналыста ұсынылатын ақпаратпен және (немесе) материалдармен танысу тәртібі және олармен танысуға болатын орын немесе мекенжай көрсетіледі.

      Жиналысқа материалдарды бастамашы пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелеріне, сондай-ақ пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері өтініш жасаған кезде жиналысқа қатысуға құқығы бар тұлғаларға танысу үшін жиналысты өткізу басталғанға дейін ұсынады.

      Пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің кемінде он пайызының бастамасы бойынша жиналыс шақырылған кезінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес хабарлама рәсімделеді.

      7. Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жиналысқа өзі немесе өз өкілдері арқылы қатысады. Пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің өкілдері олардың тиісті өкілеттіктерін растайтын құжаттарды (кондоминиум объектісін басқаруға қатысды және дауыс бере алатын жалдаушы (қосымша жалдаушы) мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шартын) көрсетеді. Пәтер, тұрғын емес үй-жай меншік иесінің өкіліне берілген сенімхатта мүддені білдіретін өкіл (тегі, аты, әкесінің аты) туралы мәліметтер болады және ол заңнама талаптарына сәйкес ресімделеді.

      8. Жиналыстың заңдылығын анықтау үшін алдымен осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жиналысқа қатысатын көппәтерлі тұрғын үйлердегі пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің тіркеу парағына тіркелу талап етіледі.

      Пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің тіркеу парағында мынадай ақпарат болады:

      1) пәтер, тұрғын емес үй-жай меншік иесінің сәйкестендіру деректері (тегі, аты, әкесінің аты) немесе пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың меншік иесі өкілінің сәйкестендіру деректері (тегі, аты, әкесінің аты), оның өкілеттігі негізделген құжат туралы мәліметтер, осындай өкілеттік мерзімі;

      2) пәтердің немесе тұрғын емес үй-жайдың нөмірі (пәтер, тұрғын емес үй-жай меншік иесінің ұялы байланыс нөмірі, электрондық мекенжайы, жалпы жиналыс өткізу туралы хабарлама жолдау үшін).

      Егер пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың меншік иесіне бірнеше пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар тиесілі болса, ол әр пәтер, тұрғын емес үй-жай бойынша бөлек тіркеледі.

      9. Пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің келу тәртібімен өткізілетін жиналысын өткізу туралы хабарламада көрсетілген уақытта жиналыстың бастамашысы ашылады.

      10. Жиналысты өткізудің ұйымдастырушылық және рәсімдік мәселелерін кворум болған жағдайда жиналысқа төрағалық етуші келу тәртібі жолымен шешеді.

      Мұндай жиналысты жүргізудің рәсімдік және ұйымдастырушылық мәселелеріне мынадай:

      1) жиналысты жүргізу тәртібі және басқа да рәсімдік мәселелер;

      2) жиналыста төрағалық етушіні сайлау;

      3) жиналыс хатшысын сайлау;

      4) келуді анықтау және кворумның болуы;

      5) көппәтерлі тұрғын үйдің кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау мәселелері бойынша жиналыс өткізумен және шешім қабылдаумен байланысты басқа да мәселелер жатады.

      Келу тәртібі жолымен өткізілетін жиналыста пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша ғана емес, сондай-ақ өткізілетін жиналыс барысында туындаған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

3-тарау. Шешім қабылдау тәртібі

      11. Егер жиналысқа пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысса, жиналыс шешім қабылдауға құқылы.

      Шешім мынадай мәселелер бойынша дауыс беруге тікелей қатысқан пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының көпшілігі келіскен кезде қабылданады.

      1) үй кеңесінің мүшелерін сайлау, қайта сайлау, сондай-ақ олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату;

      2) тексеру комиссиясын (тексерушіні) сайлау, қайта сайлау, сондай-ақ олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату;

      3) кондоминиум объектісін басқару нысанын таңдау не үй кеңесіне басқару нысанын таңдау туралы өкілеттіктерді беру туралы шешім қабылдау;

      4) көппәтерлі тұрғын үйді басқарушыны немесе басқарушы компанияны таңдау не үй кеңесіне осындай өкілеттіктерді беру туралы шешім қабылдау;

      5) мүліктің меншік иелері бірлестігінің жарғысын бекіту немесе жай серіктестік шартын жасасу;

      6) күнтізбелік бір жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын бекіту, сондай-ақ оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

      7) күнтізбелік бір жылға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасының орындалуы туралы кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі жылдық есепті бекіту;

      8) пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың меншік иесіне кондоминиум объектісі ортақ мүлкінің бір бөлігін мүліктік жалдауға (жалға) беру туралы шешім қабылдау;

      9) қажет болған кезде, есепті кезеңдегі қызметінің қорытындысы бойынша үй кеңесіне және ревизиялық комиссияға (ревизорға) сыйақы мөлшерін келісу;

      10) мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасына, жай серіктестіктің сенім білдірілген адамына еңбекақы төлеу мөлшерін келісу;

      11) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға байланысты өзге де мәселелер.

      12. Жиналыс мынадай мәселелер бойынша пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының үштен екісінен астамы келіскен кезде шешім қабылдайды:

      1) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін айқындау, сондай-ақ оның құрамын өзгерту;

      2) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың мөлшерін бекіту;

      3) орынтұрақ орнын күтіп-ұстау үшін ақы төлеу мөлшерін бекіту;

      4) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу (жаңғырту, реконструкциялау, реставрациялау) туралы, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге арналған шығыстар сметасын бекіту туралы шешім қабылдау;

      5) нысаналы жарналар жинау және олардың мөлшері туралы шешім қабылдау;

      6) жинақ шотында жинақталған ақшаны жұмсау туралы, сондай-ақ кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге тұрғын үй қарызын алу туралы шешім қабылдау.

      Шешім пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының үштен екісінен астамы келіскен кезде қабылданады.

      13. Жиналыс хаттамасын жиналыстың сайланған хатшысы жүргізеді және осы бұйрыққа 2-қосымшаның 1-нысанына сәйкес хаттаманың үлгі нысанына сәйкес ресімделеді.

      14. Пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар иелерінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың нөмірлері көрсетіле отырып, дауыс беру парағы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ресімделеді. Талқылау үшін енгізілген әрбір сұраққа жеке дауыс беру парағы толтырылады. Дауыс беру парақтары жиналыс хаттамасының ажырамас бөлігі болып табылады, тігіледі және нөмірленеді.

      15. Егер бұрын жарияланған жиналыс кворум болмағандықтан келу тәртібімен өткізілмеген болса, жиналыс жазбаша сұрау арқылы жүргізілуі мүмкін. Жазбаша сауалнама жүргізу және оның мерзімі туралы шешімді үй кеңесі қабылдайды.

      16. Үй кеңесі жазбаша сауалнама жүргізу арқылы жиналысты ұйымдастыру үшін пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері арасынан бастамашы топты айқындауға құқылы.

      17. Жиналыс жазбаша сұрау арқылы өткізілген жағдайда, күн тәртібін көрсете отырып, мұндай жиналысты өткізу туралы хабарламамен қатар жазбаша сұрау парағы пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың әрбір меншік иесіне жазбаша сұрау жарияланған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде қолма-қол не электрондық пошта арқылы жіберіледі. Жазбаша сауалнама парақтары осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда болады және жиналыс хаттамасының ажырамас бөлігі болып табылады, тігіледі және нөмірленеді.

      18. Пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың меншік иесі жазбаша сұрау парағында тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың нөмірін көрсетеді, дауыс беруге шығарылған әрбір мәселе бойынша өз қолымен пікір толтырады және жазбаша сұрау парағына қол қояды. Жазбаша сауалнама жиналыс жарияланған күннен бастап бір айдан аспайтын мерзімде жүргізіледі.

      19. Үй кеңесі немесе бастамашы топ жазбаша сауалнаманы есепке алу және оның хаттамасын жасау үшін жазбаша сауалнама парақтарын қолма-қол не электрондық пошта арқылы жинауды және қабылдауды жүзеге асырады.

      20. Дауыс беру қорытындыларын шығару үй кеңесінің мүшелері, мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы немесе жай серіктестіктің сенім білдірілген адамы не басқарушы компанияның өкілі не көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы (олар болған кезде) құрамында алқалы түрде жүзеге асырылады.

      21. Жазбаша сауалнама арқылы дауыс беру қорытындылары осы бұйрыққа 2-қосымшаның 2-нысанына сәйкес хаттамамен ресімделеді және жалпыға қолжетімді орындарда орналастырылады.

      22. Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілері арқылы дауыс беруді өткізу кезінде дауыс беруге шығарылған мәселе бойынша пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың меншік иесін жазбаша сауалнама парақтары электрондық форматта жіберілуі мүмкін, онда пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың меншік иесі электрондық сұрау парағын толтырады және электрондық цифрлық қолтаңбамен немесе Қазақстан Республикасы электрондық Үкіметінің мобильдік нөмірлері базасында тіркелген нөмірге смс арқылы растайды.

      Электрондық дауыс беру қорытындылары тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілері арқылы тіркеледі.

      23. Қағаз тасымалдағышта жазбаша сұрау салу, сондай-ақ сұрау салудың электрондық парағы арқылы дауыс беру қорытындылары хаттаманың үлгі нысандарына сәйкес хаттамамен жинақталады және ресімделеді және Ақпаратты электрондық нысанда қалыптастыру, өңдеу, сондай-ақ орталықтандырылған түрде жинау және сақтау, оның ішінде тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілерінің жұмыс істеу қағидаларына сәйкес тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілерінде орналастырылады.

      24. Хаттама электрондық түрде ресімделген жағдайда төраға, хатшы, үй кеңесінің мүшелері электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қояды.

      25. Қағаз түріндегі хаттамамен немесе басып шығарылған электрондық хаттамамен ресімделген жиналыс қабылдаған шешімдер сотта, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдардақабылдаған шешімдер сотта, өзге де мемлекеттік оргалер, тұрғын емес үй-жайлар иелерінің еркін білдіруі ретінде құжат болып табылады, сондай-ақ тұрғын үй көмегін есептеуге негіз болады.

      26. Пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың әрбір меншік иесі басқа пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар иелерінің қалай дауыс бергенін білуге құқылы.

  Кондоминиум объектісін
басқару және кондоминиум
объектісінің ортақ мүлкін күтіп-
ұстау жөніндегі шешімдер
қабылдау қағидаларына
1-қосымша

20___ жылы "___"__________ жиналысқа қатысатын көппәтерлі тұрғын үйлердегі пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің тіркеу парағы

      Көппәтерлі тұрғын үйдің орналасқан жері: _______________

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

пәтердің №

тұрғын емес үй-жай

Қолы

1





2





3





      Жиналыс төрағасы: _______________                               ____________

      (Т.А.Ә.)                                     (қолы)

      Жиналыс хатшысы: _______________                               ____________

      (Т.А.Ә.)                                     (қолы)

      Үй кеңесінің мүшесі: ______________                               ___________

      (Т.А.Ә.)                                     (қолы)

      Үй кеңесінің мүшесі: _____________                               ___________

      (Т.А.Ә.)                                     (қолы)

      Үй кеңесінің мүшесі: ____________                              ___________

      (Т.А.Ә.)                                     (қолы)

  Кондоминиум объектісін
басқару және кондоминиум
объектісінің ортақ мүлкін күтіп-
ұстау жөніндегі шешімдер
қабылдау қағидаларына
2-қосымша

Жиналыста (келу тәртібі арқылы өткізілетін) дауыс берген пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің дауыс беру парағы

      20___ жылғы "__"_________

      уақыты ________

      Көппәтерлі тұрғын үйдің орналасқан жері: ________________________

      Талқылауға шығарылған мәселе:_________________________________

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

пәтердің №

тұрғын емес үй-жай

Дауыс беремін

"жақтағандар"
(қолы)

"қарсылар"
(қолы)

"қалыс
қалғандар"
(қолы)

1.







2.







3.







      Жиналыс төрағасы: _______________                              _____________

      (Т.А.Ә.)                                    (қолы)

      Жиналыс хатшысы: _______________                              ____________

      (Т.А.Ә.)                                    (қолы)

      Үй кеңесінің мүшесі: ______________                               ___________

      (Т.А.Ә.)                                     (қолы)

      Үй кеңесінің мүшесі: _____________                               ___________

      (Т.А.Ә.)                                     (қолы)

  Кондоминиум объектісін
басқару және кондоминиум
объектісінің ортақ мүлкін күтіп-
ұстау жөніндегі шешімдер
қабылдау қағидаларына
3-қосымша

Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелеріне жазбаша сауалнама жүргізу кезінде дауыс берудің № ___ парағы

  _________ 20___ жылғы
"__"_________
уақыты ________

      Көппәтерлі тұрғын үйдің орналасқан жері: ____________________________________

      Жауапты тұлғалар:__________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері қатарынан

      тағайындалатындар)

Талқылауға енгізілген мәселелер:

Дауыс беремін

"жақтағандар"
(қолы)

"қарсылар"
(қолы)

"қалыс қалғандар"
(қолы)

1.





2.





3.





      Пәтер, тұрғын емес үй-жай меншік иесінің Т.А.Ә._________________________

      _________________________________________\_________________________

      Пәтер, тұрғын емес үй-жай меншік иесінің мекенжайы____________________

      Қолы______________________________________________________________

      (пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың меншік иесі)

      Қолы______________________________________________________________

      жауапты тұлғалар)

      Қолы______________________________________________________________

      (үй кеңесінің мүшесі)

      Қолы______________________________________________________________

      (үй кеңесінің мүшесі)

  Кондоминиум объектісін
басқару және кондоминиум
объектісінің ортақ мүлкін күтіп-
ұстау жөніндегі шешімдер
қабылдау қағидаларына
4-қосымша

Бастамашыл топтың жиналысты шақыру туралы хабарламасы

      _______________                                    "__"_________ 20___ жыл

      уақыты ________

      Көппәтерлі тұрғын үйдің орналасқан жері: _________________________________

      _________________________________________________________________________

                              (мекенжайы)

      Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың жалпы саны ___________________________

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 42-1-бабына сәйкес жиналыс көппәтерлі тұрғын үйдің пәтер, тұрғын емес үй-жайлары иелерінің кемінде он пайызының талап етуі бойынша шақырылады.

      Пәтер, тұрғын емес үй-жайлар иелерінің _________ (жазбаша) санындағы бастамашыл топ көппәтерлі тұрғын үйдің пәтер, тұрғын емес үй-жайлары иелерінің жиналысын шақыруға бастамашылық жасайды.

      Күн тәртібі:

      1.________________________________________________________________________

      2. ________________________________________________________________________

      3. ________________________________________________________________________

      Жиналысты өткізу орны, уақыты және күні: ___________________________________

      Жиналысты өткізу нысаны: _________________________________________________

Жинал бастамашылардың Т.А.Ә.

Пәтер нөмірі

Байланыс телефоны

Қолы




































  Көппәтерлі тұрғын үйдің пәтер,
тұрғын емес үй-жайлары иелері
бастамашыларының жалпы
саны: __________________
(жазбаша).
  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің м.а
2020 жылғы 30 наурыздағы
№ 163 бұйрығына
2-қосымша
  1-нысан

Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жиналысының (келу тәртібі арқылы өткізілетін) № __ хаттамасы

      _____________________________ бастама бойынша

      уақыты _____                                    20___ жылғы "__"_____________

      1. Көппәтерлі тұрғын үйдің орналасқан жері: _____________________________

      2. Пәтер меншік иелерінің жалпы саны:_____________________________________

      3. Тұрғын емес үй-жай меншік иелерінің жалпы саны:_________________________

      4. Жиналысқа қатысушылардың саны (хаттамаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша):

      5. Шақырылған тұлғалар: (Т.А.Ә.) _______________________________

      6. Жиналыс нысаны ________________________________________________

      Жиналыстың күн тәртібі:

      1. _____________________________________________________________

      2. _____________________________________________________________

      Сөз сөйлеген адамдар: (Т.А.Ә.)________________________

      Дауыс беру нәтижелері:

      Дауыс беруге шығарылған мәселелер:

      1. _____________________________________________________________

      Қарсы ________ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ Қалыс қалды__________

      2. _____________________________________________________________

      Қарсы________ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ Қалыс қалды __________

      Жиналыста дауыс беру қорытындысы:_____________

      Дауыс беру арқылы қабылданған шешім:

      1. ____________________________________________________________

      2. ____________________________________________________________

      Жиналыс төрағасы: _______________                   _____________

      (Т.А.Ә.)                        (қолы)

      Жиналыс хатшысы: _______________                  ____________

      (Т.А.Ә.)                        (қолы)

      Үй кеңесінің мүшесі: ______________                   ___________

      (Т.А.Ә.)                         (қолы)

  2-нысан

Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жиналысының (жазбаша сұрау салу арқылы өткізілетін) № __ хаттамасы

      __________                                    20___ жылғы "__"_____________

      уақыты _____

      1. Көппәтерлі тұрғын үйдің орналасқан жері: _____________________________

      2. Пәтер меншік иелерінің жалпы саны:_____________________________________

      3. Тұрғын емес үй-жай меншік иелерінің жалпы саны:__________________________

      4. Жазбаша сауалнамаға қатысқандардың саны (хаттамаға жазбаша сауалнама

      парағының нысаны бойынша):

      5. Жиналыс нысаны _________________________________________

      Жиналыстың күн тәртібі:

      1. _____________________________________________________________

      2. _____________________________________________________________

      Дауыс беру нәтижелері:

      Дауыс беруге шығарылған сұрақтар:

      1. _____________________________________________________________

      Қарсы ________ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ Қалыс қалды__________

      2. _____________________________________________________________

      Қарсы________ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ Қалыс қалды __________

      Жазбаша сауалнама жүргізу арқылы өткізілетін дауыс беру қорытындылары (қағаз тасымалдағышта):_____________

      Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілері арқылы электрондық сауалнама парағы арқылы өткізілетін дауыс беру қорытындысы):____________

      Дауыс беру арқылы қабылданған шешім:

      1. ____________________________________________________________

      2. ____________________________________________________________

      Жиналыс төрағасы: ________________                         ____________

      (Т.А.Ә.)                               (қолы)

      Жиналыс хатшысы: ________________                         ____________

      (Т.А.Ә.)                               (қолы)

      Үй кеңесінің мүшесі ____________                         ___________

      (Т.А.Ә.)                               (қолы)

      Үй кеңесінің мүшесі ____________                         ___________

      (Т.А.Ә.)                               (қолы)