"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары бекiтiлсiн.
3. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбiр бұйрықтардың күшi жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң Көшi-қон қызметі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1)осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауға;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрiнiң жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң Көшi-қон қызметі комитетіне (М.Т.Қабденовке) жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрі |
Е. Тургумбаев |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурызы № 259 бұйрығымен бекітілген |
"Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеу тәртібін айқындайды.
2-тарау. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу қағидасы
2. Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кете алады және Қазақстан Республикасына кедергiсiз қайта оралады. Кету және қайта оралу Қазақстан Республикасы азаматының паспорты бойынша жүзеге асырылады.
3. Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасынан кетуіне рұқсат беруден уақытша бас тартылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелге кетуі мемлекеттік құпияларға рұқсатты ресімдеу кезінде еңбек шартында (келісімшартта) көзделген мерзімге уақытша шектелуі мүмкін.
4. Мемлекеттік құпияларға рұқсаты болуына байланысты өзiнiң Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кетуін шектеу мүмкiндiгi бойынша өзiне мiндеттемелер алған және шетелге кетуге ниет бiлдiрген Қазақстан Республикасының азаматтары (бұдан әрi – құпия тасығыштар), көрсетiлген мiндеттемелерге өздерi қол қойған мемлекеттiк органдардың немесе басқа ұйымдардың (бұдан әрi – ұйымдар) басшыларынан шығуға алдын ала рұқсат алуға міндетті.
Ұйымдар қайта ұйымдастырылған жағдайда, құпия тасығыштардың Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кету мүмкiндiгi туралы шешiмдi олардың құқықтық мұрагерлерi болып табылатын ұйымдардың басшылары қабылдайды.
Құпия тасығыштардың кетуіне рұқсат беру туралы шешiмдi құпия тасығыштар алған мiндеттемелердi және олардың мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтермен нақты хабарланғанын ескере отырып, ұйымдардың басшылары дербес қабылдайды. Бұл ретте ол адамның мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәліметтермен нақты хабарланғаны туралы қорытынды ұлттық қауiпсiздiк органдарына жiберiледi.
Ұйымдар жойылған (тартылған) кезде кету мүмкiндiгi туралы шешiмдi құпия тасығыштардың тұрғылықты жері бойынша аумақтық ұлттық қауiпсiздiк органдарының басшылары қабылдайды.
Қазақстан Республикасынан тыс жерге кетуге рұқсат немесе дәлелді бас тарту азаматтардың өтініштерін қарау үшін заңнамада белгіленген мерзімде беріледі.
Қазақстан Республикасынан тыс жерге рұқсатсыз кеткен жағдайда құпия тасығыш Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiптiк немесе өзге де жауапкершілікке тартылады.
5. Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кету ішкі істер органдары шығуға арналған құжаттарды ресімдегеннен кейін жүзеге асырылады.
6. Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кету туралы өтiнiштi он сегіз жасқа толған адамдар, ал некеде тұрған адамдар он алты жастан бере алады. Балалардың және сот әрекетке қабiлетсіз деп таныған азаматтардың құжаттарын олардың заңды өкiлдерi (ата-аналары, қамқоршылары, қорғаншылары) бередi.
7. Өтініш берушінің тұрақты тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кету туралы өтiнiш бiлдiрген азаматтарда Қазақстан Республикасының шегінен тыс кетуіне бас тарту үшін негiздердiң жоқ екендігіне тексеру жүргiзедi.
Мүдделi мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кету туралы өтiнiш бiлдiрген азаматтарға қатысты ішкі істер органдарының сұрау салуларын мемлекеттік органдарға сұрау салу түскен сәттен бастап күнтізбелік он күн ішінде қарайды.
8. Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеу туралы шешім осы Қағидалардың 7-тармағында тізбеленген барлық құжаттар берілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей қабылданады.
Қазақстан Республикасының азаматына елімізден тұрақты тұруға кетуге рұқсат беруден бас тарту үшін негіз болған жағдайда тиісті құжаттар ресімделмейді.
Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кетуіне құқықты шектеудің барлық жағдайларында ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының азаматына хабарлама береді, онда шектеудің негізі мен мерзімі және осы шешімге шағым жасау тәртібі көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кететін Қазақстан Республикасының азаматтарына олардың жасына қарамастан, Қазақстан Республикасы азаматының паспорты ресімделеді. Олардың жеке куәліктері Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеген ішкі істер органдарына тапсырылады.
9. Қазақстан Республикасынан тыс жерге уақытша жұмыстармен кеткен және сол жерде тұрақты тұрғылықты тұруға ниет білдірген Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне өтініш білдіреді. Өтінішке осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген құжаттар қоса беріледі.
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі болмаған, жоғалған немесе қолданылу мерзімі өткен жағдайда өтініш беруші түсініктеме береді.
Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері құжаттар, паспорттың және балалардың туу туралы куәлігінің көшірмелері қоса берілген өтінішті Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеу үшін өтініш берушінің Қазақстан Республикасындағы соңғы тіркелген жері бойынша ішкі істер органдарына жібереді.
Ішкі істер органдары келіп түскен құжаттарды қарайды және өтініш берген сәтте Қазақстан Республикасының аумағында өтініш берушінің тұрақты тіркеуінің болуына қарамастан, Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге рұқсатты ресімдеу туралы шешім қабылдайды.
3-тарау Мемлекттік қызмет көрсетудің тәртібі
Параграф 1 Қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібінің сипаттамасы
10. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) басталуы үшін негіз көрсетілетін қызметті алушының стандарттың 8-тармағында көзделген құжаттарды құжат (бұдан әрі – құжаттар) ұсынуы болып табылады.
11. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге берген не Мемлекеттік корпорациядан келіп түскен құжаттарды онда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығына, сондай-ақ стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес келуін тексеру-он минут ішінде;
2) мемлекеттік қызметті алуға өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу-он минут ішінде;
3) басшылықтын орындаушыны таңдауы-он минут ішінде;
4) орындаушының көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігінің Көші-қон қызметі ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – КҚҚ АЖ) және "Бүркіт" бірыңғай ақпараттық жүйесіндегі "Бүркіт-ІІМ" кіші жүйесіне (бұдан әрі – "Бүркіт-ІІМ") енгізуі-отыз минут ішінде;
5) орындаушының өтінішті және құжаттардың толық тізбесін (бұдан әрі - сұрау салу) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі істер департаментінің Көші-қон қызметі басқармасына (бұдан әрі – ПД КҚҚБ) жолдауы-күнтізбелік екі күні ішінде;
6) ПД КҚҚБ кеңсесі қызметкерінің көрсетілетін қызметті берушіден келіп түскен сұрау салуды тіркеуі-он минут ішінде;
7) ПД КҚҚБ басшысының орындаушыны таңдауы-он минут ішінде;
8) ПД КҚҚБ орындаушысының сұрау салуда ұсынылған құжаттарды мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздердің болмауы мәніне қарауы-күнтізбелік бір күні ішінде;
9) сұрау салуды мемлекеттік органдарға, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі – ҰҚКД), Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (бұдан әрі – ҚАжАЕ), Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің (бұдан әрі – ӘдД), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі – СД) және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің (бұдан әрі – ҚіД) аумақтық бөліністерімен келісуге жолдауы-күнтізбелік бір күні ішінде.
Материалдарды ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу "Бүркіт-ІІМ" арқылы жүзеге асырылады;
10) мемлекеттік органдардың жауаптары негізінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу туралы шешімді дайындау не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны беру-күнтізбелік бір күні ішінде;
11) "Бүркіт-ІІМ" арқылы ПД КҚҚБ орындаушысының Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу туралы шешімнің қабылданған туралы ақпаратты не мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті берушіге жолдауы-күнтізбелік бір күні ішінде;
12) күнтізбелік бір күн ішінде:
мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тартқан жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың түпнұсқаларын және мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді хабарламаны қайтарады. Осы жағдайда істің материалдарына құжаттардың көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы растаған көшірмелері қоса тігіледі;
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу туралы оң шешім болған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыға Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуды растайтын құжатты беру:
әскери есептен шығу және әскери билетті тапсыру (әскери міндетке қатысы болған жағдайда);
Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрақты тұрғылықты орны бойынша тіркеуден шығу үшін жолдама береді;
13) көрсетілетін қызметті алушы әскери есептен шыққаны туралы анықтаманы ұсынғаннан және тұрақты тұрғылықты орны бойынша тіркеуден шығу фактісін тексергеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкіліне) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу туралы шешімді-он минут ішінде.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) өзара-іс-қимыл жасасу тәртібінің сипаттамасы
12. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің және мемлекеттік органдардың құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын орындаушы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
3) көрсетілетін қызметті берушінің бастығы;
4) ПД КҚҚБ кеңсе қызметкері;
5) ПД КҚҚБ бастығы (бастықтың орынбасары);
6) ПД КҚҚБ өтінішті қарайтын орындаушысы;
7) мемлекеттік органдардың қызметкерлері.
13. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөліністер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің ұсынылған құжаттардың толықтығы мен шынайылығын тексеруі-алған күні
2) көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті алуға арналған өтінішті тіркеуі-келіп түскен күні;
3) көрсетілетін қызметті берушінің ПД КҚҚБ-ға сұрау салуды мемлекеттік органдармен келісу үшін жолдауы-күнтізбелік бір күн ішінде;
4) ПД КҚҚБ кеңсесінде сұрау салуды тіркеу және ПД КҚҚБ бастығының (бастық орынбасарының) жауапты орындаушыны тағайындауы-сұрау салу келіп түскен күні;
5) ПД КҚҚБ орындаушысының сұрау салуда ұсынылған құжаттардың мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздердің бар-жоғы болмауы мәніне тексеру-күнтізбелік бір күн ішінде;
6) ПД КҚҚБ орындаушысының сұрау салуды мемлекеттік органдармен келісу үшін жолдауы-күнтізбелік бір күн ішінде;
7) ПД КҚҚБ орындаушысының мемлекеттік органдардың жауаптарын өңдеуі және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу туралы шешім шығаруы не мемлекеттік органдардың жауаптары негізінде мемлекеттік қызметті ұсынудан дәлелді бас тарту туралы хабарлауы-күнтізбелік бір күн ішінде;
8) ПД КҚҚБ бастығының (бастық орынбасарының) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу туралы шешімге не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы хабарламаға қол қоюы-он минут ішінде;
9) көрсетілетін қызметті берушіге ресімделген құжаттарды жолдауы- күнтізбелік бір күн ішінде;
10) көрсетілетін қызметті берушінің ПД КҚҚБ-дан келіп түскен құжаттарды сол күні тіркеуі және мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының әскери есептен шығуы (әскери міндетті болса) және Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрақты тұру орны бойынша тіркеуден шығуы үшін Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуын растайтын құжатты беруі, не мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тартылған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың түпнұсқаларын және мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді хабарламаны береді-күнтізбелік бір күн ішінде;
11) көрсетілетін қызметті алушы әскери есептен шыққаны туралы анықтаманы ұсынғаннан және көрсетілетін қызметті берушіні тұрақты тұрғылықты орны бойынша тіркеуден шығу фактісін тексергеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкіліне) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу туралы шешім беруі-он минут ішінде.
14. Мемлекттік қызмет көрсету "Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығу" осы Қағидаға қосымша ауыстырылған.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның не Министрліктің лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар және телефондар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына не 010000, Астана қаласы Тәуелсіздік даңғылы 1, мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына телефон: 8 (172) 71-40-33, 71-40-03 беріледі.
Шағым жазбаша түрде пошта не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма қол беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушының шағымында:
жеке тұлғаның – оның тегі, аты, әкесінің аты (еркі бойынша), жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН), пошталық мекенжайы көрсетіледі;
заңды тұлғаның – оның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
Шағымның қабылданғанын растау шағымды қабылдаған адамның тегін және аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесіне оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап пошта бойынша көрсетілетін қызметті алушыға жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесіне қолма қол беріледі.
Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша Мемлекеттік корпорация басшысына жолданады.
Мемлекеттік корпорацияға қолма қол, сондай-ақ пошта арқылы түскен шағымның қабылданғанын растау оны тіркеу болып табылады (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады).
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты 1414 бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы алуға болады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" өтініш білдіргені туралы ақпарат қолжетімді, ол көрсетілетін қызметті беруші өтінішті пысықтау барысында жаңартады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту жауап).
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы шағыммен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгіне алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
16. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
Приложение к приказу Министра внутренних дел Республики Казахстан от "__" _________ 2019 года № _____ |
"Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты | ||
1 | Қызметтің атауы | Мемлекеттік қызметті Министрліктің аумақтық бөліністері |
2 | Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру |
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электронды және қағаз түрінде |
5 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі |
Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу туралы шешім не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3 және 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді хабарлама. |
6 | Размер оплаты, взимаемой с услугополучателя при оказании государственной услуги, и способы ее взимания в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан |
Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттiк қызмет көрсетiлгенi үшiн мемлекеттiк баж алынады, ол Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" кодексiнiң (Салық кодексi) 613-бабына сәйкес – 1 айлық есептiк көрсеткiш. |
7 | Жұмыс кестесі |
Жұмыс кестесі: |
8 | Мемлекетік қызметі көрсету үшін қажетті құжаттар |
Көрсетілетін қызметті алушы (балалар және сот әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтар үшін олардың заңды өкiлдерi (ата-анасы, қамқоршылары, қорғаншылары) жеке өтініш білдірген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі. Ата-аналар, қамқоршылар, қорғаншылар өкілдікке өкілеттікті растайтын құжаттар (балалар және сот әрекетсіз деп таныған азаматтар үшін) ұсынады: |
9 | Основания для отказа в оказании государственной услуги, установленные законодательством Республики Казахстан |
Егер: |
10 | Мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар |
Тіршілік-тынысы шектелген организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушы қажет болған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері көрсетілетін қызметті алушының Бірыңғай байланыс-орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы жүгінуі арқылы тұрғылықты жері бойынша шыға отырып жүргізеді. |
"Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша |
|
нысан |
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу туралы шешiм
____________________ тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеуге
байланысты азамат (ша)_________________________________________________________
(шығу елі көрсетілсін) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілсін) Қазақстан
Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға рұқсат етілді.
Онымен бірге балалары: _____________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туған күні көрсетілсін) барады.
Ескертпе: Қазақстан Республикасының азаматтары тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығарған сәттен бастап шығуды 10 күн ішінде жүзеге асыруы қажет. Кері жағдайда Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 492-бабына сәйкес тіркеусіз тұрғаны үшін жауапкершілік басталады. Көрсетілген мерзімде шығу мүмкін болмаған жағдайда тұрғылықты жері бойынша тіркеуді қалпына келтіру қажет.
________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)/көші-қон қызметі бөлінісі лауазымды адамының қолы)
М.О.
Орындаушы: _________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Телефоны __________ 20__ жылғы "___" _________
Алдым:_____________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)/ көрсетілетін қызметті алушының қолы)
20__ жылғы"___" _________
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-1-қосымша |
|
нысан |
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу туралы шешiм
____________________ тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеуге байланысты азамат (ша)____________________________________ (шығу елікөрсетілсін) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілсін) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға рұқсат етілді.
Онымен бірге балалары: ______________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туған күні көрсетілсін) барады.
Ескертпе: Қазақстан Республикасының азаматтары тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығарған сәттен бастап шығуды 10 күн ішінде жүзеге асыруы қажет. Кері жағдайда Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 492-бабына сәйкес тіркеусіз тұрғаны үшін жауапкершілік басталады. Көрсетілген мерзімде шығу мүмкін болмаған жағдайда тұрғылықты жері бойынша тіркеуді қалпына келтіру қажет.
<Дата выдачи уведомления>
СПРАВКА |
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымша |
|
Нысан |
Мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы хабарлама
Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген негіздерге, атап атқанда:
1.________________________________________-_________________дейiн;
2.________________________________________-_________________дейiн;
3.________________________________________-_________________дейiн.
байланысты "Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылғаны туралы ________________________________________хабарлаймыз.
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілсін)
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
Хабарлама әр тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалған
_________________________________________________________________(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)/көші-қон қызметі
бөлінісі лауазымды адамының қолы) М.О.
Орындаушы:_________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Телефоны __________
Алдым:_____________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)/ көрсетілетін қызметті алушының қолы)
20__ жылғы "___" _________
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымша |
|
Нысан |
Мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы хабарлама
Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген негіздерге, атап атқанда:
1.________________________________________-_________________дейiн;
2.________________________________________-_________________дейiн;
3.________________________________________-_________________дейiн.
байланысты "Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылғаны туралы ________________________________________хабарлаймыз.
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілсін)
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
<Дата выдачи уведомления>
СПРАВКА ДЕЙСТВИТЕЛЬНА ПРИ ПРЕДЪЯВЛЕНИИ НАЦИОНАЛЬНОГО ПАСПОРТА |
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымша |
|
Нысан |
САУАЛНАМА–ӨТІНІШ
Ел / Страна | |
Облыс / Республикалық маңызы бар қала / Область / Город республиканского значения | |
Аудан / Республикалық маңызы бар қаладағы аудан/ Облыстық маңызы бар қала / | |
Округ / Аудандық маңызы бар қала/ Облыстық маңызы бар қаладағы аудан / | |
Елді мекен / Населенный пункт |
10. Қайдан кетеді/Откуда выбывает |
11. Қайда кетеді / Куда выбывает |
12. Кету мақматы/ | 2. Жұмысқа байланысты/В связи с работой | 3. Оқуға байланысты / В связи с учебой | 4. Отбасы жағдайыма байланыста/ Семейные обсоятельства | 9. Басқа / Другое | |||||||||||||
В дальнейших разделах необходимо заполнить лицам в возрасте 16 лет и старше. Пожалуйста, выберите один из указанных вариантов | |||||||||||||||||
13. Қоғамдық санаты / Общественная категория | 1. Жалдамалы (ақы төленетін) қызметкер (ұйымда, мекемеде, жеке тұлғаларда, шаруа немесе фермер қожалығында) / Наемный (оплачиваемый) работник (в организации, предприятии, у отдельных физических лиц, крестьянском или фермерском хозяйстве) | ||||||||||||||||
2. Өз бетінше жұмыспен қамтылған қызметкер (жұмыс беруші, өз бетінше жұмыс істейтін (өз есебінен жұмыс істейтін), отбасы кәсіпорнының көмекші (ақы төленбейтін) қызметкері, кооперативтің мүшесі және жеке ауласында жұмыс істейтін / Самозанятый работник (работодатель, самостоятельные работники (работающие за свой счет), помогающие не оплачиваемые работники семейных предприятий, члены кооперативов и занятые в личном подсобном хозяйстве) | |||||||||||||||||
3. Жұмыссыз / Безработный | |||||||||||||||||
4. Студент / Студент | |||||||||||||||||
5. Зейнеткер / Пенсионер | |||||||||||||||||
9. Өзгелер (оқушылар, үй шаруашылығындағы әйелдер және т.б.) / | |||||||||||||||||
14.Білім деңгейі / Уровень образования (Тіркеу сәтіне ең жоғары жеткізген білімінің деңгейін көрсету қажет / Необходимо указать максимально достигнутый уровень образования на момент регистрации) | 15. Білімі бойынша мамандығы / Специальность по образованию | ||||||||||||||||
1.Сәулеттік-құрылыстық /Архитектурно-строительная | |||||||||||||||||
1.Жоғары / Высшее | 2.Медициналық / Медицинская | ||||||||||||||||
3.Педагогикалық / Педагогическая | |||||||||||||||||
2.Орта техникалық және кәсіптік/ Среднее техническое и профессиональное | 4.Техникалық / Техническая | ||||||||||||||||
5.Экономикалық / Экономическая | |||||||||||||||||
3.Жалпы орта / Общее среднее | 6.Заңгерлік / Юридическая | ||||||||||||||||
7.Ауылшаруашылық / Сельскохозяйственная | |||||||||||||||||
4.Жалпы негізгі /Основное среднее | 8.Басқа / Другая | ||||||||||||||||
16. Неке жағдайы / Состояние в браке | |||||||||||||||||
1. Ешқашан некеде тұрмаған / Никогда не состоял (а) в браке | 2. Некеде тұрады / Состоит в браке | 3. Тұл еркек (жесір әйел) /Вдовец (вдова) | 4. Ажырасқан / Разведен (а) | ||||||||||||||
Біруақытта менің кәмелетке толмаған балаларыма шығуға құжаттарды ресімдеуді сұраймын/
Одновременно прошу оформить документы на выезд моим несовершеннолетним детям
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) /Фамилия, имя, отчество (при его наличии) | ЖСН/ИИН |
Туған күні / |
Паспорт №/ | Жынысы/Пол |
17. Жақын туыстары туралы мәліметтер / Сведения о близких родственниках
(ата-аналары, жұбайлары (оның ішінде бұрынғы), балалары) /родители, супруги (в т.ч. бывшие), дети)
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)/ |
ЖСН/ |
Туыстық дәрежесі (егер қайтыс болса қайтыс болғаны туралы куәлік қоса беру) |
Туған жылы мен жері / |
Мекенжайы мен баратын жері / |
Жұмыс орны / |
Неке (лерді) тіркеу орны тіркелген некесі (лері) бар адамдар үшін / |
18. Мемлекет соңғы 5 жыл ішіндегі қызметі / Трудовая деятельность за последние 5 лет
Түскен және босаған жылы /Год поступления и увольнения | Кәсіпорының, мекеменің атауы /Наименование предприятия, учреждения | Кәсіпорының, мекеменің мекенжайы /Адрес предприятия, учреждения | Жұмыс орны /Место работы | Лауазымы /Занимаемая должность | Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына рұқсаты бар/жоқ, оның ішінде бұрынғы жұмыс (қызмет) орындары бойынша)/Наличие допуска к государственным секретам Республики Казахстан, в том числе по прежним местам работы (службы) |
Сауалнама-өтініште көрінеу жалған деректер көрсеткен үшін жауапкершілік туралы ескертілдім (Негіз: "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңы).
Предупрежден (-а) об ответственности за заведомо ложные данные в заявлении-анкете (основание: Закон Республики Казахстан "О миграции населения").
_______________________________ "______" ___________ 20 __ года
(көрсетілетін қызметті алушының қолы/подпись услугополучателя)
Ақпараттың жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға және статистика органдарына беруге келісім беремін.
Согласен (-на) на использование и передачу в органы статистики сведений, составляющих охраняемую законом тайну, содержащихся в информационных системах.
_____________________________ "_____" ___________ 20 __ года
________________________________________________
(ішкі істер органдарының атауы көрсетілсін)
азамат (ша)_______________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілсін)
_________________________________________________
(тұрғылықты жерінің тіркелген мекенжайы көрсетілсін)
Өтініш
Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеуге байланысты "Жеке тұлғалар" Мемлекеттік деректер базасының мәліметтері негізінде азамат (ша) ____
_____________________________________________________________________
(толық тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туыстық байланысы көрсетілсін)
Қазақстан Республикасының аумағында тіркеу туралы ақпаратты хабарлауды сұраймын.
20____жылғы "______" __________ ______________________ қолы
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 7-қосымша |
|
Нысан |
Көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдау туралы қолхат
Осы қолхат _____________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілсін) берілді және "Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен бекітілген тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеу үшін құжаттарды қабылдағанын растайды.
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуды растайтын құжатты алу үшін, әскери есептен шығару (әскери міндетке қатысы болса) және Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұру орны бойынша тіркеуден есептен шығару үшін, не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама беру үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге 20 ___ "___" _________келуі қажет.
Осы қолхат әр тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.
Орындаған: ________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Телефоны ___________________
Алдым: ___________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)/
көрсетілетін қызметті алушының қолы)
20 ___ жылғы "_____"__________
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 8-қосымша |
|
Нысан |
Әскери есептен шығаруға және тіркеуден шығаруға арналған Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуды растайтын құжат
Осы _________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілсін)
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды оң қарауға байланысты:
әскери есептен шығару (әскери міндетке қатысы болса);
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын орны бойынша тіркеуден шығу үшін жолдама береді.
Мерзімі 20__ жылғы "___" __________________ дейін
Ескертпе: Егер мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы күнтізбелік 7 күн ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге әскери есептен (әскери міндетті болса) шыққаны туралы анықтаманы ұсынбаған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы хабарлама шығарады.
Әр тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.
М.О.
Орындаушы:
_______________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Телефоны _______________________________
Алдым:___________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)/көрсетілетін қызметті алушының қолы)
20__ жылғы "___" __________________
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 9-қосымша |
|
Нысан |
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы филиалының № ____ бөлімі
_____________________________________________________________________
(мекенжайы көрсетілсін)
Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты, "Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге шығуға арналған құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1) _____________________________________;
2) _____________________________________;
3) ______________________________________.
Осы қолхат әр тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды._______________________________________________________________________________
(Мемлекеттік корпорация қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Орындаушы: ___________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Телефоны _______________________________
Алдым: ________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)/көрсетілетін қызметті алушының қолы)
20__ жылғы "___" __________________