"Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктерге жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 258 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 наурызда № 20201 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктерге жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің мынадай бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын:

      1) "Қазақстан Республикасына уақытша келетін шетелдіктерге жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 3 қаңтардағы № 966 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18157 болып тіркелген, 2019 жылғы 15 қаңтарда "Қазақстан Республикасы НҚА эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде электронды түрде жарияланған);

      2) "Қазақстан Республикасына уақытша келетін шетелдіктерге жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 20 ақпандағы № 144 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18345 болып тіркелген, 2019 жылғы 6 наурызда "Қазақстан Республикасы НҚА эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде электронды түрде жарияланған).

      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне (М.Т. Қабденов) жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрі
Е. Тургумбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2020 жылғы 27 наурыздағы
№ 258 бұйрығына қосымша

"Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктерге жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ереже

      1. Осы "Қазақстан Республикасына уақытша келетін шетелдіктерге жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және "Қазақстан Республикасына уақытша келетін шетелдіктерге жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - көрсетілетін мемлекеттік қызмет) тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) әкімшілік рәсім (мемлекеттік қызмет көрсету рәсімі) - әкімшілік органның, лауазымды адамның әкімшілік істі қарау, ол бойынша шешімді қабылдау және орындау жөніндегі өтініш жолданым негізінде немесе өз бастамасы бойынша жасалатын қызметі, сондай-ақ оңайлатылған әкімшілік рәсім тәртібімен жүзеге асырылатын қызмет.

      2) арыз иесі (көрсетілетін қызметті алушы) - әкімшілік рәсімді жүзеге асыру үшін әкімшілік органға, лауазымды адамға өтініш берген адам, сондай-ақ оған қатысты әкімшілік акт қабылданатын, әкімшілік әрекет жасалатын (әрекетсіздік танылатын) адам (әкімшілік актінің адресаты);

      3) әкімшілік акті (мемлекеттік қызметкөрсету нәтижесі) - жария-құқықтық қатынастарда әкімшілік орган, лауазымды адам қабылдайтын, белгілі бір адамның немесе жеке-дара айқындалған адамдар тобының Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құқықтары мен міндеттерін іске асыратын шешім;

      4) әкімшілік орган (көрсетілетін қызметті беруші) – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік актіні қабылдау, әкімшілік әрекет жасау (әрекетсіздік таныту) жөнінде өкілеттіктер берілген мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы, мемлекеттік заңды тұлға, сондай-ақ өзге ұйым;

      5) Бiрыңғай байланыс орталығы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;

      6) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) - жеке тұлғаға бір рет және өмір бойы берілетін он екі таңбалы цифрлық код;

      7) тіркеу куәлігі - берілген жеке сәйкестендіру нөмірінің болуын растайтын, қағаз тасымалдағыштағы құжат немесе электрондық құжат;

      8) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты - мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын, оның ішінде процестің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және қызмет көрсету нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын негізгі талаптардың тізбесі.

      9) "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы (бұдан әрі - АКИ операторы) – берілген "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының оған жұмысын істеуі қамтамасыз ету міндеті жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға.

      10) Көші-қон полициясының ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - КҚП АЖ) - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетінің ведомстволық ақпараттық жүйесі;

      11) халыққа қызмет көрсету орталықтарының біріктірілген ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - ХҚКО БАЖ) - Қазақстан Республикасының Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы халыққа (жеке және заңды тұлғаларға) қызмет көрсету процесін автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе;

      12) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы, (бұдан әрі - портал) - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне және электрондық нысанда көрсетілетін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қолжетімділіктің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе.

      13) құжаттың электрондық көшірмесі - электрондық цифрлық нысанда түпнұсқа құжаттың түрі мен ақпаратын (деректер) толық бейнелейтін құжат;

      14) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың шынайылығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы;

      15) цифрлық құжаттар сервисі – операторға бекітілген және электрондық нысанда мемлекеттік қызметтерді және өзге де қызметтерді іске асыру мақсатында электрондық құжаттар мен құжаттардың электрондық көшірмелерін жасауға, сақтауға және пайдалануға арналған "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектісі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 26.01.2022 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке тұлға (немесе оның заңды өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге, келген жері бойынша Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қоса бере отырып өтініш беру жолымен жүгінеді.

      Қазақстан Республикасы сотының үкімі бойынша бас бостандығынан айыруға сотталған шетелдіктерің, азаматтығы жоқ адамдардың және реттелмеген мәртебесі бар адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған кезде мемлекеттік қызметті алу үшін негіздеме осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өтініш болып табылады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын, оның ішінде процестің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және қызмет көрсету нәтижесін қамтитын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшелігін ескере отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 3-қосымша нысанындағы "Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында жазылған.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 26.01.2022 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінген күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

      5. Егер көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес пакетін және (немесе) қолдану мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, құжаттарды қабылдаудан бас тартылады, және берген күнін көрсете отырып, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қолхат беріледі.

      6. Егер көрсетілетін қызметті алушыда бұрын тіркелген ЖСН табылса, көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес дәлелді бас тарту беріледі.

      7. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде Мемлекеттік корпорация қызметкері:

      1) онда көрсетілген мәліметтердің шынайылығына, сондай-ақ осы Қағидалардың 3-қосымшада көрсетілген тізбеге сәйкестігіне құжаттарды тексеруді;

      2) өтінімді ХҚКО БАЖ-да тіркеуді жүзеге асырады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 26.01.2022 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Порталда мемлекеттік қызметті алу үшін ЭЦҚ болуы талап етіледі. ЭЦҚ-сы бар шетелдіктің өкілі:

      1) порталда авторизацияланады және "Азаматтық, көші-қон және иммиграция - Шетелдіктерге: Қазақстан Республикасына кіру және азаматтығы" бөлімінде "Қазақстан Республикасында уақытша болу үшін шетелдіктерге жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін таңдайды және көрсетілетін қызметке тапсырыс береді.

      2) шетелдіктердің құжаттарына сәйкес өтінімді ресімдейді, осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттардың электрондық көшірмелерін салады, өтінімге ЭЦҚ қояды және өтінімді орындауға жібереді.

      9. ХҚКО БАЖ-дан және порталдан ЖСН қалыптастыруға өтінімдер КҚП АЖ-не орындауға келіп түседі.

      10. ІІМ операторы келіп түскен өтінімдердің дұрыстығын тексереді және өтінім дұрыс болған жағдайда ЖСН қалыптастыру рәсімін жүргізеді.

      11. ЖСН қалыптастыру туралы өтінім ХҚКО БАЖ-дан келіп түскен жағдайда, КҚП АЖ қалыптастырылған ЖСН туралы мәліметтерді ХҚКО БАЖ-ға жібереді, ал Мемлекеттік корпорация операторы осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес тіркеу куәлігін басып шығарады.

      11-1. Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде дайын құжаттарды беру жеке басты куәландыратын құжаттарды не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжатты не өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетілетін, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжат негізінде әрекет ететін оның өкілін көрсеткен кезде Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 2-тарау 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ішкі істер министрінің 26.01.2022 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Егер ЖСН қалыптастыру туралы өтінім порталдан келіп түскен жағдайда, КҚП АЖ порталға қалыптастырылған ЖСН туралы мәліметтерді жолдайды және Тіркеу куәлігі осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес порталдағы өтінім берушінің жеке кабинетінде жасалады.

      13. Егер келіп түскен өтінім, өтінімге құжаттардың сапасыз көшірмелері қоса тіркелген немесе осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген негіздер бойынша көрсетілетін қызметті алушының анықтау деректеріне сәйкес келмеген жағдайда, ІІМ операторы қате туралы тиісті хабарлама жасайды, ол ХҚКО БАЖ-ға және порталға жіберіледі.

      14. Көрсетілетін қызметті беруші 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтерді көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.

      15. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады:

      1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын, заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіде көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес пакетін және (немесе) қолдану мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады;

      2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) шынайы еместігінің анықталуы;

      3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті мәліметтер мен ақпараттардың Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      4) көрсетілетін қызметті алушыда бұрын тіркелген ЖСН анықталған жағдайда.

      16. Ақпараттық жүйенің істен шығуы, байланыс арнасы болмаған жағдайда немесе хабарламалардың жіберілуіне кедергі келтіретін басқа жағдайлар болған кезде, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті бөлінісі техникалық ақаулардың туындауы анықталған сәттен бастап, осы себептерді анықтау және жою бойынша шаралар қолданады (жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін). Хабарламаларды жіберуді бір сағаттан астам уақытқа кешіктіруге әкелетін авариялық ахуалдың әрбір жағдайы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті бөлінісінің жауапты орындаушысы арнайы журналға тіркейді.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      17. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жолдайды.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жолдамауға құқылы.

      18. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      19. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      20. Мемлекеттік корпорация арқылы қызметтер көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына не ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.

      21. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіпте шағымданғаннан кейін жол беріледі.

      Ескерту. 3-тарау жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 26.01.2022 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасында
уақытша болатын шетелдіктерге
жеке сәйкестендіру нөмірлерін
қалыптастыру мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
1-қосымша
  кімге _______________________
  ____________________________
  (лауазымы, тегі және аты-жөні)
кімнен ______________________
  (Т.А.Ә)
  азамат (ша) _________________
  ____________________________
  (қандай мемлекеттен)

Өтініш

      Маған жеке сәйкестендіру нөмірін беруді сұраймын

      ___________________________________________________________________________ үшін

      Аты латын транскрипциясында _____________________________________________________

      кириллица транскрипциясында_____________________________________________________

      Тегі латын транскрипциясында _____________________________________________________

      кириллица транскрипциясында_____________________________________________________

      Әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      латын транскрипциясында ________________________________________________________

      кириллица транскрипциясында_____________________________________________________

      Туған күні _________________________ Жынысы

      _____________________________________ Азаматтығы

      _____________________________ Ұлты_________________________

      Келген елі ______________ Жеке басын куәландыратын құжат түрі _______________________

      Жеке басын куәландыратын құжат нөмірі ____________________________________________

      Жеке басын куәландыратын құжатты берген күні ______________________________________

      Жеке басын куәландыратын құжаттың қолданылу мерзімі_______________________________

      Жеке басын куәландыратын құжатты берген ел ________________________________________

      Туған жері

      Ел _________________________Облыс_______________________________________________

      Аудан ________________________________Мекенжайы________________________________

      Ақпараттық жүйелерде заңмен қорғалатын құпияны тұратын мәліметтерді пайдалануға келісемін

      (қолы)                                                                        (күні)

  Қазақстан Республикасында
уақытша болатын шетелдіктерге
жеке сәйкестендіру нөмірлерін
қалыптастыру мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
2-қосымша

Өтініш

      Сотталғанға жеке сәйкестендіру нөмірін беруді сұраймын

      _______________________________________________________________________________

      Аты латын транскрипциясында _____________________________________________________

      кириллица транскрипциясында_____________________________________________________

      Тегі латын транскрипциясында _____________________________________________________

      кириллица транскрипциясында_____________________________________________________

      Әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      латын транскрипциясында _________________________________________________________

      кириллица транскрипциясында_____________________________________________________

      Туған күні _________________________ Жынысы

      _____________________________________ Азаматтығы

      _____________________________Ұлты_________________________

      Келген елі ______________

      Жеке басын куәландарытан құжат түрі _____________

      Жеке басын куәландыратын құжат нөмірі ____________________________________________

      Жеке басын куәландыратын құжатты берген күні ______________________________________

      Жеке басын куәландыратын құжаттың қолданылу мерзімі_______________________________

      Жеке басын куәландыратын құжатты берген ел ________________________________________

      Туған жері

      Ел _________________________Облыс_______________________________________________

      Аудан ________________________________Мекенжайы________________________________

      ҚАЖ мекемесінің атауы

      мекеме бастығының ТАӘ _____________________________________________________ (МО)

      (мекеме бастығының қолы)

  Қазақстан Республикасында
уақытша болатын шетелдіктерге
жеке сәйкестендіру нөмірлерін
қалыптастыру мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
3-қосымша

      Ескерту. 3-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 26.01.2022 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Қазақстан Республикасына уақытша келетін шетелдіктерге жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының аумақтық полиция органдары

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
2) "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал): www.egov.kz. арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Қажетті құжаттар пакетін көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияға тапсырған күннен бастап - 1 (бір) жұмыс күні;
Мемлекеттік корпорацияға құжаттар пакетін тапсыру үшін рұқсат етілетін барынша ұзақ күту уақыты - 15 (он бес) минут;
Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің рұқсат етілетін барынша ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минут

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электронды (толық автоматтандырылған)/ қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Тіркеу куәлігін беру не болмаса мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.
Порталға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі жіберіледі және электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" сақталады.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа (сенбі, жексенбі) дүйсенбіден бастап жұма аралығында (сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін).
Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
2) Мемлекеттік корпорация - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа (сенбі, жексенбі) дүйсенбіден бастап жұма аралығында (сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін).
Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру "электрондық кезек тәртібінде", жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы броньдауға болады.
3) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері, жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушының өтініші кезінде, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің интернет-ресурсында - www.mvd.gov.kz "Министрлік туралы" бөлімінде "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары" бөлімшесінде;
2) Мемлекеттік корпорацияның интернет-ресурсында - www.gov4c.kz;
3) порталда - www.egov.kz орналасқан.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге және Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат. Егер шетелдіктің жеке басын куәландыратын құжатта кириллицада немесе латынша нақтылау деректері (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), туған жері) болмаған жағдайда, құжаттың аудармасының тиісінше көшірмесін қоса беру қажет;
3) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат.
Портал арқылы жүгінген кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушы өкілінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық сұрау салу;
2) шетелдіктің жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшермесі. Егер шетелдіктің жеке басын куәландыратын құжатта кириллицада немесе латынша нақтылау деректері (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), туған жері) болмаған жағдайда, құжаттың аудармасының тиісінше көшірмесін қоса беру қажет;
3) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын, заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіде көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес пакетін және (немесе) қолдану мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады;
2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) шынайы еместігін анықтау;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті мәліметтер мен ақпараттардың Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
4) көрсетілетін қызметті алушыда бұрын тіркелген ЖСН анықталған жағдайда.

10

Мемлекеттік қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге талаптар

Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне өзі қызмет көрсетуді, өз бетімен қозғалуды, бағдар алуды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін кызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметтері 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығына жүгіну арқылы тұрғылықты жері бойынша шыға отырып, жүргізеді.
Порталда мемлекеттік қызметті алу үшін ЭЦҚ болуы талап етіледі.

  Қазақстан Республикасында
уақытша болатын шетелдіктерге
жеке сәйкестендіру нөмірлерін
қалыптастыру мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
4-қосымша

Жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыруға құжаттарды қабылдау туралы қолхат

      ________________________________________________________________________________

      Өтініш берушінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда).

      Қабылданған құжаттар тізбесі:

      1. ______________________________________________________________________________

      2. ______________________________________________________________________________

      3. ______________________________________________________________________________

      Қабылдады:

      ______________________________ / __________ / _____________________________________

      (ПД КҚҚБ қызметкерінің лауазымы) (қолы) Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      20__ жылғы "__"________

      Берген уақыты мен күні: ____ сағ __ мин 20__ жылғы "__" ____________

  Қазақстан Республикасында
уақытша болатын шетелдіктерге
жеке сәйкестендіру нөмірлерін
қалыптастыру мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
5-қосымша
  __________________________
__________________________
__________________________
(Т.А.Ә. (бар болса),
__________________________
__________________________
__________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып, көрсетілетін қызметті беруші не болмаса Мемлекеттік корпорация (мекенжайы көрсетілсін) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес Сіздің құжаттардың толық пакетін ұсынбауыңызға байланысты "Қазақстан Республикасына уақытша келетін шетелдіктерге жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру" мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттар қабылдаудан бас тартады.

      Ұсынылмаған, тізбеде жоқ құжаттардың атауы:

      1)_______________________________________;

      2)________________________________________;

      Осы қолхат 2 (екі ) данада жасалды, әрбір тарап үшін бір-бірден.

      _____________________________________ _________________________

      (Мемлекеттік корпорация қызметкерінің Т.А.Ә. (бар болған кезде) (қолы)

      Телефон ________________________________

      ___________________________________________ ____________________________________

      (көрсетілетін қызметті берушінің Т.А.Ә. (бар болған кезде)            (қолы)

      Алдым: ___________________________ ___________________________ __________________

      (көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. (бар болған кезде)            (қолы)

  Қазақстан Республикасында
уақытша болатын шетелдіктерге
жеке сәйкестендіру нөмірлерін
қалыптастыру мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
6-қосымша

Жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастырудан бас тарту туралы ХАБАРЛАМА

Тегі
Аты
Әкесінің аты
Туған күні
Туған жері
Берген мекеме Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
Берілген күні <дата выдачи>
<Бас тарту себебі>

Фамилия
Имя
Отчество
Дата рождения
Место рождения
Орган выдачи Министерство внутренних дел РК
Дата выдачи <дата выдачи>
<Причина отказа>



  Қазақстан Республикасында
уақытша болатын шетелдіктерге
жеке сәйкестендіру нөмірлерін
қалыптастыру мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
7-қосымша

Тіркеу куәлігі
22827418847
Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН): 123456789101
Тегі < Тегі>
Аты <Аты>
Әкесінің аты <Әкесінің аты>
Туған күні <туған күні>
Туған жері <туған жері>
Берген орган Қазақстан Республикасының Ішкі Істер министрлігі
Берілген күні <берілген күні>
Жеке басты куәландыратын құжатты ұсынған кезде ғана жарамды
Регистрационное свидетельство
22827418847
Индивидуальный идентификационный номер (ИИН): 123456789101
Фамилия <Фамилия>
Имя <Имя>
Отчество <Отчество>
Дата рождения <дата рождения>
Место рождения <место рождения>
Орган выдачи Министерство внутренних дел РК
Дата выдачи <дата выдачи>
Действительно только при предъявлении документа, удостоверяющего личность