Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 08.02.2023 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктерге жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің мынадай бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасына уақытша келетін шетелдіктерге жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 3 қаңтардағы № 966 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18157 болып тіркелген, 2019 жылғы 15 қаңтарда "Қазақстан Республикасы НҚА эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде электронды түрде жарияланған);
2) "Қазақстан Республикасына уақытша келетін шетелдіктерге жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 20 ақпандағы № 144 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18345 болып тіркелген, 2019 жылғы 6 наурызда "Қазақстан Республикасы НҚА эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде электронды түрде жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне (М.Т. Қабденов) жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрі |
Е. Тургумбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 258 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және түзету" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 08.02.2023 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ереже
1. Осы "Қазақстан Республикасына уақытша келетін шетелдіктерге жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және түзету" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және "Қазақстан Республикасына уақытша келетін шетелдіктерге жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру және түзету" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - көрсетілетін мемлекеттік қызмет) тәртібін айқындайды;
Мемлекеттік қызмет көрсетуді аумақтық полиция органдары "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамдары немесе "электрондық үкімет" веб - порталы арқылы жүзеге асырады.
Көші-қон саласындағы уәкілетті орган осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығына тиісті нормативтік құқықтық актіні әділет органдарында мемлекеттік тіркегеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде жолдайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 08.02.2023 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) әкімшілік рәсім (мемлекеттік қызмет көрсету рәсімі) - әкімшілік органның, лауазымды адамның әкімшілік істі қарау, ол бойынша шешімді қабылдау және орындау жөніндегі өтініш жолданым негізінде немесе өз бастамасы бойынша жасалатын қызметі, сондай-ақ оңайлатылған әкімшілік рәсім тәртібімен жүзеге асырылатын қызмет;
2) арыз иесі (көрсетілетін қызметті алушы) - әкімшілік рәсімді жүзеге асыру үшін әкімшілік органға, лауазымды адамға өтініш берген адам, сондай-ақ оған қатысты әкімшілік акт қабылданатын, әкімшілік әрекет жасалатын (әрекетсіздік танылатын) адам (әкімшілік актінің адресаты);
3) әкімшілік акті (мемлекеттік қызметкөрсету нәтижесі) - жария-құқықтық қатынастарда әкімшілік орган, лауазымды адам қабылдайтын, белгілі бір адамның немесе жеке-дара айқындалған адамдар тобының Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құқықтары мен міндеттерін іске асыратын шешім;
4) әкімшілік орган (көрсетілетін қызметті беруші) – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік актіні қабылдау, әкімшілік әрекет жасау (әрекетсіздік таныту) жөнінде өкілеттіктер берілген мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы, мемлекеттік заңды тұлға, сондай-ақ өзге ұйым;
5) Бiрыңғай байланыс орталығы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;
6) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) - жеке тұлғаға бір рет және өмір бойы берілетін он екі таңбалы цифрлық код;
7) тіркеу куәлігі - берілген жеке сәйкестендіру нөмірінің болуын растайтын, қағаз тасымалдағыштағы құжат немесе электрондық құжат;
8) Ішкі істер министірлігінің операторы – Ішкі істер министрлігінің "Ақпараттық-өндірістік орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының қызметкері.";
9) "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы (бұдан әрі - АКИ операторы) – берілген "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының оған жұмысын істеуі қамтамасыз ету міндеті жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға.
10) Көші-қон полициясының ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - КҚП АЖ) - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетінің ведомстволық ақпараттық жүйесі;
11) халыққа қызмет көрсету орталықтарының біріктірілген ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - ХҚКО БАЖ) - Қазақстан Республикасының Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы халыққа (жеке және заңды тұлғаларға) қызмет көрсету процесін автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе;
12) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы, (бұдан әрі - портал) - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне және электрондық нысанда көрсетілетін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қолжетімділіктің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе.
13) құжаттың электрондық көшірмесі - электрондық цифрлық нысанда түпнұсқа құжаттың түрі мен ақпаратын (деректер) толық бейнелейтін құжат;
14) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың шынайылығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы;
15) цифрлық құжаттар сервисі – операторға бекітілген және электрондық нысанда мемлекеттік қызметтерді және өзге де қызметтерді іске асыру мақсатында электрондық құжаттар мен құжаттардың электрондық көшірмелерін жасауға, сақтауға және пайдалануға арналған "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектісі.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 08.02.2023 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
3. ЖСН қалыптастыру үшін жеке тұлға (немесе оның заңды өкілі) көрсетілетін қызмет берушіге, келген жері бойынша Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы осы қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қоса бере отырып, өтініш беру жолымен жүгінеді.
Қазақстан Республикасы сотының үкімі бойынша бас бостандығынан айыруға сотталған шетелдіктерің, азаматтығы жоқ адамдардың және реттелмеген мәртебесі бар адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған кезде мемлекеттік қызметті алу үшін негіздеме осы қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өтініш болып табылады.
ЖСН-ды түзету үшін жеке тұлға (немесе оның заңды өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге, келген жері бойынша Мемлекеттік корпорация арқылы осы қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қоса бере отырып, өтініш беру жолымен жүгінеді.
"Қазақстан Республикасына уақытша келетін шетелдіктерге жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және түзету" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын, оның ішінде процестің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және қызмет көрсету нәтижесін қамтитын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшелігі ескеріле отырып, өзге де мәліметтер осы қағидаларға 3-қосымшада жазылған.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 08.02.2023 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінген күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
5. Егер көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес пакетін және (немесе) қолдану мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, құжаттарды қабылдаудан бас тартылады, және берген күнін көрсете отырып, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қолхат беріледі.
6. Егер көрсетілетін қызметті алушыда бұрын тіркелген ЖСН табылса, көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес дәлелді бас тарту беріледі.
7. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде Мемлекеттік корпорация қызметкері:
1) онда көрсетілген мәліметтердің шынайылығына, сондай-ақ осы Қағидалардың 3-қосымшада көрсетілген тізбеге сәйкестігіне құжаттарды тексеруді;
2) өтінімді ХҚКО БАЖ-да тіркеуді жүзеге асырады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 26.01.2022 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Порталда мемлекеттік қызметті алу үшін ЭЦҚ болуы талап етіледі. ЭЦҚ-сы бар шетелдіктің өкілі:
1) порталда авторизацияланады және "Азаматтық, көші-қон және иммиграция - Шетелдіктерге: Қазақстан Республикасына кіру және азаматтығы" бөлімінде "Қазақстан Республикасында уақытша болу үшін шетелдіктерге жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін таңдайды және көрсетілетін қызметке тапсырыс береді.
2) шетелдіктердің құжаттарына сәйкес өтінімді ресімдейді, осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттардың электрондық көшірмелерін салады, өтінімге ЭЦҚ қояды және өтінімді орындауға жібереді.
9. ХҚКО БАЖ-дан және порталдан ЖСН қалыптастыруға және түзетуге өтінімдер КҚП АЖ-ға орындауға келіп түседі.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 08.02.2023 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. ІІМ операторы келіп түскен өтінімдердің дұрыстығын тексереді және өтінім дұрыс болған жағдайда ЖСН қалыптастыру не түзету рәсімін жүзеге асырады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 08.02.2023 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Егер ЖСН қалыптастыруға немесе түзетуге арналған өтінім ХҚКО БАЖ-дан келіп түскен жағдайда, КҚП АЖ ХҚКО БАЖ-ға қалыптастырылған не түзетілген ЖСН туралы мәліметтерді жібереді және Мемлекеттік корпорация операторы осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес тіркеу куәлігін басып шығарады.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 08.02.2023 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11-1. Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде дайын құжаттарды беру жеке басты куәландыратын құжаттарды не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжатты не өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетілетін, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжат негізінде әрекет ететін оның өкілін көрсеткен кезде Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 2-тарау 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ішкі істер министрінің 26.01.2022 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Егер ЖСН қалыптастыру туралы өтінім порталдан келіп түскен жағдайда, КҚП АЖ порталға қалыптастырылған ЖСН туралы мәліметтерді жолдайды және Тіркеу куәлігі осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес порталдағы өтінім берушінің жеке кабинетінде жасалады.
13. Егер келіп түскен өтінім, өтінімге құжаттардың сапасыз көшірмелері қоса тіркелген немесе осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген негіздер бойынша көрсетілетін қызметті алушының анықтау деректеріне сәйкес келмеген жағдайда, ІІМ операторы қате туралы тиісті хабарлама жасайды, ол ХҚКО БАЖ-ға және порталға жіберіледі.
14. Көрсетілетін қызметті беруші 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтерді көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.
15. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) шынайы еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті деректер мен мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыда бұрын тіркелген ЖСН анықталған жағдайда (ЖСН түзету жағдайларын қоспағанда).
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 08.02.2023 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.16. Ақпараттық жүйенің істен шығуы, байланыс арнасы болмаған жағдайда немесе хабарламалардың жіберілуіне кедергі келтіретін басқа жағдайлар болған кезде, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті бөлінісі техникалық ақаулардың туындауы анықталған сәттен бастап, осы себептерді анықтау және жою бойынша шаралар қолданады (жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін). Хабарламаларды жіберуді бір сағаттан астам уақытқа кешіктіруге әкелетін авариялық ахуалдың әрбір жағдайы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті бөлінісінің жауапты орындаушысы арнайы журналға тіркейді.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
17. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жолдайды.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жолдамауға құқылы.
18. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
19. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
20. Мемлекеттік корпорация арқылы қызметтер көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына не ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.
21. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіпте шағымданғаннан кейін жол беріледі.
Ескерту. 3-тарау жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 26.01.2022 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Өтініш
Маған жеке сәйкестендіру нөмірін беруді сұраймын
___________________________________________________________________________ үшін
Аты латын транскрипциясында _____________________________________________________
кириллица транскрипциясында_____________________________________________________
Тегі латын транскрипциясында _____________________________________________________
кириллица транскрипциясында_____________________________________________________
Әкесінің аты (бар болған жағдайда)
латын транскрипциясында ________________________________________________________
кириллица транскрипциясында_____________________________________________________
Туған күні _________________________ Жынысы
_____________________________________ Азаматтығы
_____________________________ Ұлты_________________________
Келген елі ______________ Жеке басын куәландыратын құжат түрі _______________________
Жеке басын куәландыратын құжат нөмірі ____________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжатты берген күні ______________________________________
Жеке басын куәландыратын құжаттың қолданылу мерзімі_______________________________
Жеке басын куәландыратын құжатты берген ел ________________________________________
Туған жері
Ел _________________________Облыс_______________________________________________
Аудан ________________________________Мекенжайы________________________________
Ақпараттық жүйелерде заңмен қорғалатын құпияны тұратын мәліметтерді пайдалануға келісемін
(қолы) (күні)
Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктерге жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 2-қосымша |
Өтініш
Сотталғанға жеке сәйкестендіру нөмірін беруді сұраймын
_______________________________________________________________________________
Аты латын транскрипциясында _____________________________________________________
кириллица транскрипциясында_____________________________________________________
Тегі латын транскрипциясында _____________________________________________________
кириллица транскрипциясында_____________________________________________________
Әкесінің аты (бар болған жағдайда)
латын транскрипциясында _________________________________________________________
кириллица транскрипциясында_____________________________________________________
Туған күні _________________________ Жынысы
_____________________________________ Азаматтығы
_____________________________Ұлты_________________________
Келген елі ______________
Жеке басын куәландарытан құжат түрі _____________
Жеке басын куәландыратын құжат нөмірі ____________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжатты берген күні ______________________________________
Жеке басын куәландыратын құжаттың қолданылу мерзімі_______________________________
Жеке басын куәландыратын құжатты берген ел ________________________________________
Туған жері
Ел _________________________Облыс_______________________________________________
Аудан ________________________________Мекенжайы________________________________
ҚАЖ мекемесінің атауы
мекеме бастығының ТАӘ _____________________________________________________ (МО)
(мекеме бастығының қолы)
"Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және түзету" қағидаларына 2-1-қосымша кімге_______________________ (лауазымы, тегі және аты-жөні) азаматы (- шасы)______________________ (қай мемлекеттің) кімнен______________________ (Т.А.Ә. (болған кезде) |
Өтініш
Ескерту. 2-1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 08.02.2023 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ұлттық тізілімдерде _______________________________________________________
(Т.А.Ә. (болған кезде), туған күні, ЖСН)
айқындамалық деректеріне төменде көрсетілген параметрлерге сәйкес түзету жүргізуді сұраймын:
№ | Параметрлер | ІІМ деректер базасындағы ағымдағы мәліметтер | Өзгерту |
1 | Тегі | ||
2 | Аты | ||
3 | Әкесінің аты | ||
4 | Туған күні | ||
5 | Туған жері | ||
6 | Азаматтығы | ||
7 | Жынысы | ||
8 | Құжат нөмірі | ||
9 | Құжат берілген күн | ||
10 | Құжаттың жарамдылық мерзімі | ||
11 | Құжатты берген ел |
*кестеде тек түзету қажет параметрлерді көрсету
"Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және түзету қағидаларына 3-қосымша |
"Қазақстан Республикасына уақытша келетін шетелдіктерге жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру және түзету" мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 08.02.2023 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасының аумақтық полиция органдары |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері |
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Қажетті құжаттар пакетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияға немесе портал арқылы тапсырған күннен бастап - 1 (бір) жұмыс күні; |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электронды (толық автоматтандырылған)/ қағаз түрінде. |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | Тіркеу куәлігін беру не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту. Порталға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі жіберіледі және электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" сақталады |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа (сенбі, жексенбі) дүйсенбіден бастап жұма аралығында (сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін). |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорация арқылы ЖСН қалыптастыруға жүгінген кезде: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) шынайы еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге талаптар | Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне өзі қызмет көрсетуді, өз бетімен қозғалуды, бағдар алуды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін кызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорация қызметкері 1414, 8 800 080 7777 бірыңғай байланыс орталығына жүгіну арқылы тұрғылықты жері бойынша шыға отырып, жүргізеді. Порталда мемлекеттік қызметті алу үшін ЭЦҚ болуы талап етіледі. |
Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және түзету қағидаларына 4-қосымша |
Ескерту. 4-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 08.02.2023 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыруға құжаттарды қабылдау туралы қолхат
________________________________________________________________________________
Өтініш берушінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда).
Қабылданған құжаттар тізбесі:
1. ______________________________________________________________________________
2. ______________________________________________________________________________
3. ______________________________________________________________________________
Қабылдады:
______________________________ / __________ / _____________________________________
(ПД КҚҚБ қызметкерінің лауазымы) (қолы) Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
20__ жылғы "__"________
Берген уақыты мен күні: ____ сағ __ мин 20__ жылғы "__" ____________
"Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және түзету қағидаларына 5-қосымша __________________________ __________________________ __________________________ (Т.А.Ә. (болған кезде), __________________________ __________________________ __________________________ (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы) |
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 08.02.2023 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 19-бабын және 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорация (мекенжайы көрсетілсін) мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес Сіздің құжаттардың толық топтамасын және (немесе) жарамдылық мерзімі өткен құжаттарды ұсынуыңызға байланысты "Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және түзету" мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттар қабылдаудан бас тартады.
Ұсынылмаған құжаттардың атауы:
1) ________________________________________;
2) ________________________________________;
3) ________________________________________
Осы қолхат 2 данада әрбір тарап үшін бір данадан жасалды.
Көрсетілетін қызметті берушінің Т.А.Ә. (болған кезде) _______ (қолы)
Орындаушы: Т.А.Ә (болған кезде) _____________
Телефон __________
Алдым: көрсетілетін қызметті алушының қолы/Т.А.Ә (болған кезде)
20__ жылғы "___" _________
Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және түзету қағидаларына 6-қосымша |
Ескерту. 6-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 08.02.2023 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастырудан бас тарту туралы ХАБАРЛАМА
Тегі |
Фамилия |
Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және түзету қағидаларына 7-қосымша |
Ескерту. 7-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 08.02.2023 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Тіркеу куәлігі 22827418847 Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН): 123456789101 Тегі < Тегі> Аты <Аты> Әкесінің аты <Әкесінің аты> Туған күні <туған күні> Туған жері <туған жері> Берген орган Қазақстан Республикасының Ішкі Істер министрлігі Берілген күні <берілген күні> Жеке басты куәландыратын құжатты ұсынған кезде ғана жарамды |
Регистрационное свидетельство 22827418847 Индивидуальный идентификационный номер (ИИН): 123456789101 Фамилия <Фамилия> Имя <Имя> Отчество <Отчество> Дата рождения <дата рождения> Место рождения <место рождения> Орган выдачи Министерство внутренних дел РК Дата выдачи <дата выдачи> Действительно только при предъявлении документа, удостоверяющего личность |
---|