Денсаулық сақтау саласындағы кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № ҚР ДСМ-21/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 27 наурызда № 20182 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 Жарлығының негізінде БҰЙЫРАМЫН:

      1. Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін денсаулық сақтау саласындағы кейбір бұйрықтардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаеваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
Е. Биртанов

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы 27 наурыздағы
№ ҚР ДСМ-21/2020 бұйрығына
қосымша

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін денсаулық сақтау саласындағы кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің жұмыскерлерін көтермелеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 429 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11526 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 шілдесінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің жұмыскерлерін көтермелеу қағидаларында:

      2-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:

      "2. Денсаулық сақтау субъектісінің қызметкерлерін көтермелеу:

      сараланған қосымша ақы түрінде бюджеттік және бюджеттен тыс қаражаттың қалыптасқан үнемдеуінің (бұдан әрі – қаражатты үнемдеу) есебінен;

      тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінде (бұдан әрі – МСАК субъектісі) кешенді жан басына шаққандағы нормативтің ынталандырушы компонентінің (бұдан әрі – КЖНЫК) қаражаты есебінен жүзеге асырылады;

      тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі есебінен ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы түрінде.";

      мынадай мазмұндағы тараумен толықтырылсын:

      "4-тарау. СОVID-19 коронавирусы таралуының алдын алу және (немесе) СОVID-19 коронавирусы бар науқастарды емдеу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру кезінде ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы төлеу тәртібі.

      52. COVID-19 коронавирусы таралуының алдын алу және (немесе) COVID-19 коронавирусы бар науқастарды емдеу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру кезінде ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы төлеу – COVID-19 коронавирусы таралуының алдын алу және (немесе) COVID-19 коронавирусы бар науқастарды емдеу жөніндегі іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау субъектісінің немесе медициналық емес ұйымның медицина және медициналық емес қызметкерлерін көтермелеу.

      53. COVID-19 коронавирусы таралуының алдын алу және (немесе) COVID-19 коронавирусы бар науқастарды емдеу жөніндегі іс-шараларға тартылған бір қызметкерге қосымша ақы төлеу жалақының он еселенген ең төменгі мөлшерін құрайды.

      COVID-19 коронавирусы таралуының алдын алу және (немесе) COVID-19 коронавирусы бар науқастарды емдеу жөніндегі іс-шаралар үшін төлем нақты жұмыс істеген кезең үшін жүзеге асырылады.

      54. COVID-19 коронавирусы таралуының алдын алу және (немесе) COVID-19 коронавирусы бар науқастарды емдеу жөніндегі іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау субъектісінің немесе медициналық емес ұйымның жұмыскерлерін көтермелеу жұмыскерлердің жұмыс уақытын есепке алу деректерінің негізінде жүзеге асырылады.

      Жұмыскерлерді көтермелеудің есептелген сомалары туралы ақпаратты денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органының келісімі бойынша денсаулық сақтау субъектісінің комиссиясы осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қорға ұсынады.

      55. COVID-19 коронавирусы таралуының алдын алу және (немесе) COVID-19 коронавирусы бар науқастарды емдеу жөніндегі іс-шараларға медициналық қызметкерлерінің тікелей қатысуы көтермелеу үшін негіз болып табылады.";

      осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес 10-қосымшамен толықтырылсын.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2-тармақтың күшін жою көзделген – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 08.12.2020 № ҚР ДСМ-242/2020 (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс) бұйрығымен.

      2. "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 591 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15604 болып тіркелген, 2017 жылғы 6 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы органмен келісім бойынша жергілікті атқарушы орган айқындаған тізбе бойынша COVID-19 коронавирусы таралуының алдын алу және (немесе) COVID-19 коронавирусы бар науқастарды емдеу бойынша қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектісінен немесе медициналық емес ұйымнан көрсетілетін қызметтерді сатып алуды қор конкурстық рәсімдерді өткізбей жүзеге асырады.

      COVID-19 коронавирусының таралуын болдырмау және (немесе) COVID-19 коронавирусы бар науқастарды емдеу жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған қызметтерді сатып алу шартының қолданылуы COVID-19 коронавирусының таралуын алдын-алу және (немесе) COVID-19 коронавирусы бар науқастарды емдеу жөніндегі қызметтерді көрсету басталған күннен бастап кезеңге қолданылады.";".

      43 және 44-тармақтар мынадай мазмұнда жазылсын:

      "43. ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемі мынадай:

      1) уәкілетті органның шешімі бойынша пилоттық жобалар іске асырылған;

      2) денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген және осы Қағидалардың нормаларына сәйкес келетін жаңадан пайдалануға берілетін денсаулық сақтау объектісі бар денсаулық сақтау субъектісі көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бірінші рет қатысқан. Бұл ретте, енгізілетін денсаулық сақтау объектісі бюджеттік қаражат есебінен немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде және денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарына сәйкес салынған, қалпына келтірілген және жаңғыртылған;

      3) 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіне сәйкес қайта ұйымдастырылатын медициналық қызметтерді сатып алу шартын жасаған денсаулық сақтау субъектісі қормен медициналық қызметтерді сатып алу шартын жасасқан денсаулық сақтау субъектісіне міндеттемелерінің құқық мирасқорлығы жағдайларында денсаулық сақтау субъектісін қайта ұйымдастырған;

      4) МСАК көрсететін денсаулық сақтау субъектісіне бекітілген халықтың саны ұлғайған және (немесе) жастық-жыныстық құрылымы өзгерген;

      5) кешенді тариф бойынша немесе жан басына шаққандағы норматив бойынша төленетін медициналық көмек көрсеткен кезде науқастардың саны өскен;

      6) амбулаториялық-емханалық көмектің жан басына шаққандағы кешенді нормативіне кіретін қызметтердің немесе қаражаттың, сондай-ақ ақы төлеуі кешенді тариф бойынша немесе жан басына шаққандағы норматив бойынша жүзеге асырылатын, нақты шығындар бойынша төленетін қызметтердің көлемі ұлғайған;

      7) бюджет қаражатының есебінен Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелде және шетелдік мамандарды тарта отырып шеберлік класс шеңберінде отандық медициналық ұйымдарында медициналық көмек көрсетуге қызметтерді сатып алған;

      8) 2010 жылғы 31 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясының "Байқоңыр" кешенін жалға алу жағдайында Байқоңыр ғарыш айлағының персоналына, Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерінің тұрғындарына медициналық қызмет көрсету тәртібі туралы келісімге (бұдан әрі – Үкімет аралық келісім) сәйкес Ресей Федерациясының федералдық медициналық ұйымдары Байқоңыр қаласында, Төретам және Ақай кенттерінде тұратын, "Байқоңыр" кешені ресей ұйымдарының жұмыскерлері болып табылмайтын, сондай-ақ "Байқоңыр" кешені аумағында уақытша болатын Қазақстан Республикасының азаматтарына қызметтерді көрсеткен жағдайларда сатып алу жоспарының шеңберінде денсаулық сақтау субъектілерін таңдау рәсімдерін өткізбей орналастырылады.

      9) COVID-19 коронавирусы таралуының алдын алу және (немесе) COVID-19 коронавирусы бар науқастарды емдеу бойынша қызметтер көрсету.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 8) тармақшаларында көзделген жағдайларда ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемін комиссияның шешімі негізінде орналастырады.

      44. ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсетуге арналған қаражаттың көлемі:

      1) Денсаулық туралы кодекстің 23-бабы 2-тармағының екінші бөлігіне сәйкес уәкілетті орган бекіткен тарифтер (бұдан әрі – уәкілетті орган бекіткен тариф) өзгерген;

      2) уәкілетті органның шешімі бойынша нысаналы сипаттағы шығындарға, оның ішінде дәрілік заттарды сатып алуға, жұмыскерлердің жалақысын арттыруға бюджет қаражатының көлемін бөлген жағдайларда сатып алу жоспары шеңберінде денсаулық сақтау субъектілерін таңдау рәсімдерін өткізбей орналастырылады.

      3) COVID-19 коронавирусы таралуының алдын алу және (немесе) COVID-19 коронавирусы бар науқастарды емдеу бойынша қызметтер көрсетілген жағдайларда жүргізіледі.".

      3. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.11.2020 № ҚР ДСМ-210/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 5 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-10 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17353 болып тіркелген, 2018 жылғы 12 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған):

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 23) тармақшамен толықтырылсын:

      "23) ақы төлеуі осы бұйрыққа 23-қосымшаға сәйкес жаңа COVID-19 коронавирусының пандемиясына байланысты төтенше жағдайда медициналық және медициналық емес ұйымдарға жүзеге асырылатын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызметтерге арналған тарифтер."

      осы тізбеге 10-қосымшаға сәйкес 23-қосымшамен толықтырылсын.".

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін денсаулық сақтау
саласындағы кейбір
бұйрықтардың тізбесіне
1-қосымша
  Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемі
шеңберінде және міндетті
әлеуметтік медициналық
сақтандыру жүйесінде
медициналық қызметтер
көрсететін денсаулық сақтау
субъектілерінің жұмыскерлерін
көтермелеу қағидаларына
10-қосымша

Жұмыскерлерді көтермелеудің есептелген сомалары туралы ақпарат ҚР-да коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі іс- шараларға тікелей қатысқан қызметкерлердің үлесін бағалау жөніндегі комиссияның 2020 жылғы № _________________ шешімімен

      __________________________________________________

      (Денсаулық сақтау субъектісінің атауы)

      __________________________________________________

      (Комиссия төрағасы)

      20 __ жылғы "____" ________ бастап 20 __ жылғы "____" ______ дейінгі кезеңде жұмыскерлерді көтермелеу есептелді:

      Бір айда бір жұмыскерге көтермелеу мөлшері: ________(10 ЕТЖ)

р/с №

Тегі,
аты, әкесінің аты

Лауазымы

Жұмыс уақытының айлық балансы, сағат

Нақты жұмыс істеген, сағат

Жұмыс істеген сағаттардың үлесі, %

Ақы төлеуге көтермелеу сомасы, теңге

1

2

3

4

5

6

9

Бөлімшенің атауы ________________

1







2













Бөлімшенің атауы ________________

1







2














барлығы






      Денсаулық сақтау субъектісінің басшысы (уәкілетті лауазымды тұлға):

      _______________/_________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)/қолы)

      (қағаз жеткізгіштегі құжат үшін)

      Медицина қызметкерлерінің қызметін бағалау жөніндегі комиссияның төрағасы:

      _________________ /_________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)/қолы)

      (қағаз жеткізгіштегі құжат үшін)

      Денсаулық сақтау субъектісінің бас бухгалтері:

      ______________________________________ /________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)/қолы) (қағаз жеткізгіштегі құжат үшін)

      Келісілді:

      (Облыстың/ республикалық маңызы бар қаланың/астананың)

      Жергілікті мемлекеттік денсаулық сақтау органының басшысы

      _________________________ /________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)/қолы)

      (қағаз жеткізгіштегі құжат үшін)

      Мөрдің орны (болған жағдайда) / (қағаз жеткізгіштегі құжат үшін)

      Күні 20___ жылғы "_____"_________

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін денсаулық сақтау
саласындағы кейбір
бұйрықтардың тізбесіне
2-қосымша
  Денсаулық сақтау
субъектілерінің қызметтеріне
ақы төлеу қағидаларына
6-1-қосымша
  Нысан

CОVID-19 коронавирусы таралуының алдын алу және (немесе) CОVID-19 коронавирусы бар науқастарды емдеу бойынша қызметтер көрсеткені үшін шот-тізілім 20 ___ жылғы "___" _______________ №___ 20 __ жылғы "___" ___________ бастап 20 ___ жылғы "___" ___________ дейінгі кезең үшін шот-тізілім

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.11.2020 № ҚР ДСМ-210/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін денсаулық сақтау
саласындағы кейбір
бұйрықтардың тізбесіне
3-қосымша
  Денсаулық сақтау
субъектілерінің көрсетілетін
қызметтеріне ақы төлеу
қағидаларына
16-1- қосымша
  Нысан

CОVID-19 коронавирусы таралуының алдын алу және (немесе) CОVID-19 коронавирусы бар науқастарды емдеу бойынша қызметтер көрсеткені үшін көрсетілген қызметтер актісі 20 ___ жылғы "___" _____________№_______ кезең: 20 ___ жылғы "___" ____________ бастап 20 ___ жылғы "___" ___________ дейін 20 ___ жылғы "___" _________ № ____ шарты бойынша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.11.2020 № ҚР ДСМ-210/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін денсаулық сақтау
саласындағы кейбір
бұйрықтардың тізбесіне
4-қосымша
  Денсаулық сақтау
субъектілерінің көрсетілетін
қызметтеріне ақы төлеу
қағидаларына
25-1- қосымша
  Нысан

COVID-19 коронавирусы таралуының алдын алу және (немесе) COVID-19 коронавирусы бар науқастарды емдеу бойынша қызметтер көрсетуге арналған шартты орындау хаттамасы 20 ___ жылғы "___" _______________ №___ 20 __ жылғы "___" ___________ бастап 20 ___ жылғы "___" ___________ дейінгі кезең үшін

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.11.2020 № ҚР ДСМ-210/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін денсаулық сақтау
саласындағы кейбір
бұйрықтардың тізбесіне
5-қосымша
  Денсаулық сақтау
субъектілерінің қызметтеріне
ақы төлеу қағидаларына
48-1-қосымша
  Нысан

CОVID-19 коронавирусы таралуының алдын алу және (немесе) CОVID-19 коронавирусы бар науқастарды емдеу бойынша қызметтер көрсеткені үшін шот-тізілім 20 ___ жылғы "___" _______________ №___ 20 __ жылғы "___" ___________ бастап 20 ___ жылғы "___" ___________ дейінгі кезең үшін

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.11.2020 № ҚР ДСМ-210/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін денсаулық сақтау
саласындағы кейбір
бұйрықтардың тізбесіне
6-қосымша
  Денсаулық сақтау
субъектілерінің қызметтеріне
ақы төлеу қағидаларына
48-2-қосымша
  Нысан

COVID-19 коронавирусы таралуының алдын алу және (немесе) COVID-19 коронавирусы бар науқастарды емдеу бойынша қызметтер көрсетуге арналған шартты орындау хаттамасы 20 ___ жылғы "___" _______________ №___ 20 __ жылғы "___" ___________ бастап 20 ___ жылғы "___" ___________ дейінгі кезең үшін

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.11.2020 № ҚР ДСМ-210/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін денсаулық сақтау
саласындағы кейбір
бұйрықтардың тізбесіне
7-қосымша
  Денсаулық сақтау
субъектілерінің қызметтеріне
ақы төлеу қағидаларына
48-3-қосымша
  Нысан

COVID -19 коронавирусы таралуының алдын алу және (немесе) COVID-19 коронавирусы бар науқастарды емдеу бойынша көрсетілген қызметтер актісі 20 ___ жылғы "___" _______________ №___ 20 __ жылғы "___" ___________ бастап 20 ___ жылғы "___" ___________ дейінгі кезең үшін 20 ___ жылғы "___" _______________ №___ шарт бойынша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.11.2020 № ҚР ДСМ-210/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін денсаулық сақтау
саласындағы кейбір
бұйрықтардың тізбесіне
8-қосымша
  Денсаулық сақтау
субъектілерінің қызметтеріне
ақы төлеу қағидаларына
61-1-қосымша
  Нысан

COVID -19 коронавирусы таралуының алдын алу және (немесе) COVID-19 коронавирусы бар науқастарды емдеу бойынша қызметтер көрсеткені үшін шот-тізілім 20 ___ жылғы "___" _______________ №___ 20 __ жылғы "___" ___________ бастап 20 ___ жылғы "___" ___________ дейінгі кезең үшін

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.11.2020 № ҚР ДСМ-210/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін денсаулық сақтау
саласындағы кейбір
бұйрықтардың тізбесіне
9-қосымша
  Денсаулық сақтау
субъектілерінің қызметтеріне
ақы төлеу қағидаларына
61-2-қосымша
  Нысан

COVID-19 коронавирусы таралуының алдын алу және (немесе) COVID-19 коронавирусы бар науқастарды емдеу бойынша көрсетілген қызметтер актісі 20 ___ жылғы "___" _______________ №___ 20 __ жылғы "___" ___________ бастап 20 ___ жылғы "___" ___________ дейінгі кезең үшін 20 ___ жылғы "___" _______________ №___ шарт бойынша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.11.2020 № ҚР ДСМ-210/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін денсаулық сақтау
саласындағы кейбір
бұйрықтардың тізбесіне
10-қосымша

      Ескерту. Қосымшаның күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 30.10.2020 № ҚР ДСМ-170/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.