Аудиторлық есепке немесе қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есепке, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға қарсылықтарды және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдануды қарау жөніндегі апелляциялық комиссияның құрамын және ол туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 302 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 26 наурызда № 20171 болып тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 30.07.2021 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 58-1-бабына және 58-2-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 30.07.2021 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес аудиторлық есепке немесе қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есепке, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға қарсылықтарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссияның құрамы;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Аудиторлық есепке немесе қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есепке, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға қарсылықтарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссия туралы ереже бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі апелляция басқармасына заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Бірінші Орынбасары- Қаржы министрі
А. Смаилов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары-
Қаржы министрінің
2020 жылғы 20 наурыздағы
№ 302 бұйрығына
1-қосымша

Аудиторлық есепке немесе қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есепке, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға қарсылықтарды және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдануды қарау жөніндегі апелляциялық комиссияның құрамы

      Ескерту. Құрамның тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 30.07.2021 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Құрамға өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің м.а. 30.07.2021 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Аудиторлық есепке немесе қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есепке, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою жою туралы хабарламаға қарсылықтарды және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдануды қарау жөніндегі апелляциялық комиссияның (бұдан әрі – апелляциялық комиссия) құрамына 7 (жеті) адам кіреді:

      Апелляциялық комиссияның Төрағасы;

      Апелляциялық комиссия Төрағасының орынбасары;

      Апелляциялық комиссия мүшелері саны 5 (бес) адам.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары-
Қаржы министрінің
2020 жылғы 20 наурыздағы
№ 302 бұйрығына
2- қосымша

Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның аудиторлық есебіне немесе қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есебіне, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламасына қарсылықтарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссия туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Аудиторлық есепке немесе қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есепке, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою жою туралы хабарламаға қарсылықтарды және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдануды қарау жөніндегі апелляциялық комиссияның туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік аудит туралы заң) 58-1-бабына және 58-2-бабының 1-1-тармағына сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 30.07.2021 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Аудиторлық есепке немесе қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есепке, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою жою туралы хабарламаға қарсылықтарды және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдануды қарау жөніндегі апелляциялық комиссия (бұдан әрі – Апелляциялық комиссия) өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Мемлекеттік аудит туралы заңды, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерін және өзге де құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 30.07.2021 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Осы Ереженің мақсаттары үшін мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – уәкілетті органның ведомствосы) – құзыреті шегінде ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, мемлекеттік сатып алу, аудиторлық қызмет, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласында іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомствосы.

      2) қарсылық – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 392 бұйрығымен бекітілген Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16689 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12599 болып тіркелген) айқындалған нысан бойынша берілген ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның аудиторлық есебімен немесе қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есебімен, камералдық бақылау нәтижелері бойынша айқындалған бұзушылықтарды жою туралы хабарламасымен мемлекеттік аудит объектісінің келіспеуі;

      3) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, мемлекеттік сатып алу, аудиторлық қызмет, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

      4) Апелляциялық комиссияның жұмыс органы (бұдан әрі – жұмыс органы) – Апелляциялық комиссия жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз ететін уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі немесе уәкілетті органның ведомствосының құрылымдық бөлімшесі;

      4. Осы Ережеде пайдаланылатын басқа ұғымдар Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінде, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік аудит туралы заңында, "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында айқындалатын мәндерде қолданылады.

2-тарау. Апелляциялық комиссия жұмысын ұйымдастыру

      5. Апелляциялық комиссия уәкілетті органның және уәкілетті органның ведомствосының жанынан құрылады.

      6. Қарсылық, шағым Мемлекеттік аудит туралы Заңның 11-1-тарауында айқындалған тәртіппен және мерзімдерде және осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес аудиторлық есепке немесе қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есепке, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға қарсылықтарды және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдануды қарау тәртібіне сәйкес қаралады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 30.07.2021 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Жұмыс органы қажет болған жағдайда уәкілетті органның ведомствосына, уәкілетті органның ведомствосының аумақтық бөлімшесіне, мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарға туындаған мәселелер бойынша ақпаратты, анықтамаларды, құжаттарды, түсіндірмелерді және (немесе) ұстанымдарды жазбаша нысанда беру туралы сұрау салуды жібереді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген сұрау салуға жауапты уәкілетті органның ведомствосы және (немесе) уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі осындай сұрау салуды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде жұмыс органына ұсынады.

      8. Уәкілетті орган ведомствосының жанындағы жұмыс органы осы Ереженің 7-тармағында көзделген барлық мәліметтерді алғаннан кейін апелляциялық комиссия органдарының аудиторлық есепке немесе қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есепке, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға қарсылықтарды және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдануды қарау тәртібінде осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес осы Ережеге 2 немесе 3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша қарсылықты, шағымды қарау нәтижелері бойынша алдын ала қорытынды жасайды.

      Қарсылықты, шағымды қарау нәтижелері бойынша алдын ала қорытындыға уәкілетті орган ведомствосының басшысы қол қояды.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 30.07.2021 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Жұмыс органы апелляциялық комиссияның отырысы басталғанға дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей апелляциялық комиссияның мүшелеріне қарсылықты, шағымды қарау нәтижелері бойынша алдын ала қорытындыны және шағым жасалатын мәселелерге қатысты материалдардың көшірмелерін жібереді.

      Көрсетілген құжаттар Апелляциялық комиссия мүшелерінің:

      мемлекеттік органдардың қызметкерлері болып табылатын қызметкерлер – мемлекеттік органдардың интранет-порталында бірыңғай электрондық пошта жүйесінде;

      мемлекеттік органдардың қызметкерлері болып табылмайтын қызметкерлер – олар жұмыс органына берген электрондық поштасына жіберіледі.

      Мемлекеттік аудит объектісі қосымша материалдарды қарсылыққа, шағымға қоса берген жағдайда, Апелляциялық комиссияның мүшелері қажет болған кезде мұндай материалдармен жұмыс органында таныстырылады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 30.07.2021 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Апелляциялық комиссияның мүшелері өздерінің атына жіберілген материалдарды қарайды және жұмыс органына шағым жасалған мәселелер бойынша негіздемелермен өз ұстанымдарын, оның ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасына сәйкес электрондық Ішкі мемлекеттік аудит жүргізу жөніндегі ұсыныстарды жұмыс органы материалдарды жіберген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде, қарсылыққа толықтыру бойынша – жұмыс органы материалдарды жіберген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.

      Апелляциялық комиссия мүшелерінің сұрау салулары бойынша жұмыс органы Апелляциялық комиссияның мұндай мүшелеріне қарсылықты, шағымды қарау үшін қажетті, қарсылық берген мемлекеттік аудит объектісіне қатысты, оның ішінде "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Мемлекеттік құпиялар туралы Заң) сәйкес қорғалатын құпияға жататын мәліметтерді береді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 30.07.2021 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Жұмыс органы Апелляциялық комиссия мүшелері ұсынған ұстанымдарды зерделеуді және талдауды жүргізеді.

      Қажет болған кезде жұмыс органы уәкілетті органның ведомствосына, уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне туындаған мәселелер бойынша түсіндірмелерді және (немесе) ұстанымды жазбаша нысанда ұсыну туралы сұрау салуды жібереді.

      Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген сұрау салуға жауап осындай сұрау салуды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жұмыс органына беріледі.

      12. Жұмыс органы шағым жасалған мәселелерді, Апелляциялық комиссия мүшелерінің позицияларын және уәкілетті орган ведомствосының, уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің, мемлекеттік органдардың және басқа да ұйымдардың алынған жауаптарын зерделеу негізінде Апелляциялық комиссияның отырысына шығару үшін материалдар дайындайды.

      13. Осы Ереженің 12-тармағында көрсетілген материалдар Апелляциялық комиссияның отырысы өткізілгенге дейін 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей Апелляциялық комиссияның төрағасына танысу үшін ұсынылуға жатады.

      14. Апелляциялық комиссияның отырыстары келіп түскен құжаттардың санына байланысты өткізіледі.

      15. Қажет болған жағдайда отырысқа уәкілетті органның бейінді құрылымдық бөлімшелерінің, уәкілетті орган ведомствосының, жұмыс органының өкілдері шақырылады.

      16. Мемлекеттік аудит объектісінің өкілдері қажет болған кезде Апелляциялық комиссияның отырысына қатысады.

      17. Егер отырысқа Апелляциялық комиссияның барлық қатысушылары келмеген жағдайда, мұндай отырыс кворум болған жағдайда заңды болып есептеледі.

      Апелляциялық комиссияның отырысын өткізу мақсаттары үшін кворум дауыс беруге құқығы бар Апелляциялық комиссияның төрағасын қоса алғанда, Апелляциялық комиссия мүшелері санының кемінде жартысын құрайды.

      18. Апелляциялық комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы отырысқа қатысып отырған жай көпшілік дауыспен қабылданады.

      Дауыстар тең болған жағдайда Апелляциялық комиссияның төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 30.07.2021 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Апелляциялық комиссия қарсылықты, шағымды қарау нәтижелері бойынша мына шешімдердің бірін шығарады:

      1) қарсылықты, шағымды толық немесе ішінара қанағаттандыру туралы;

      2) осындай шешім қабылдауды негіздей отырып, қарсылықты, шағымды қанағаттандырудан бас тарту туралы.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 30.07.2021 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Қарсылықтарды, шағымдарды қарау нәтижелері бойынша апелляциялық комиссия шығарған шешімдер осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша апелляциялық комиссия отырысының хаттамасында (бұдан әрі – хаттама) көрсетіледі.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 30.07.2021 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Апелляциялық комиссияның отырысында екі және одан да көп қарсылықтар, шағымдар бойынша мәселелер қаралған жағдайда, әрбір қарсылық, шағым бойынша жеке хаттама ресімделеді.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 30.07.2021 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Хаттама тиісті қарсылықтың, шағымның материалдарына қоса тіркеледі.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 30.07.2021 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23. Апелляциялық комиссия отырысының нәтижелері бойынша күн тәртібіне енгізілген қарсылықты, шағымды қарауды Апелляциялық комиссияның келесі отырыстарына ауыстыру туралы шешім қабылданған жағдайда, осы қарсылық, шағым бойынша дауыс беру парақтары мен Хаттама толтырылмайды.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 30.07.2021 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Қорытынды ережелер

      24. Апелляциялық комиссияның шешімі жазбаша нысанда шығарылады және мемлекеттік аудит объектісінің орындауы үшін міндетті болып табылады.

      Қарсылықты, шағымды қарау нәтижелері апелляциялық комиссия шешім шығарған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ресімделеді.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 30.07.2021 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. Бұрын шағым берген және уәкілетті орган немесе уәкілетті органның ведомствосы ол бойынша шешім шығарған аудиторлық есепке немесе қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есепке, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға қайта қарсылық келіп түскен кезде уәкілетті орган және уәкілетті органның ведомствосы осындай қарсылықты қараусыз, сондай-ақ Апелляциялық комиссияның отырысына шығарусыз қалдырады.

      26. Мемлекеттік аудит объектісі немесе өтініш беруші қарсылықты, шағымдарды қарауды тоқтату туралы өтінішхатпен жүгінген жағдайда, мұндай қарсылықты, шағымды уәкілетті орган немесе уәкілетті органның ведомствосы Апелляциялық комиссия мүшелеріне жазбаша хабарлай отырып, қараусыз қалдырады.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 30.07.2021 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      27. Апелляциялық комиссия мүшелері өз функцияларын жүзеге асыру кезінде алған Мемлекеттік құпиялар туралы Заңға сәйкес коммерциялық құпияны, қызметтік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпарат жария етуге жатпайды.

  Аудиторлық есепке немесе
қаржылық есептілік жөніндегі
аудиторлық есепке, Ішкі
мемлекеттік аудит жөніндегі
уәкілетті органның камералдық
бақылау нәтижелері бойынша
анықталған бұзушылықтарды
жою және ішкі мемлекеттік
аудит жөніндегі уәкілетті
органның және (немесе) оның
лауазымды адамдарының
шешімдеріне, әрекеттеріне
(әрекетсіздігіне) шағым жасау
туралы хабарламаға
қарсылықтарды қарау жөніндегі
апелляциялық комиссияның
құрамын және ол
туралы ережеге
1-қосымша
  Нысан

Апелляциялық комиссия органдарының аудиторлық есепке немесе қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есепке, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға қарсылықтарды қарау тәртібі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 30.07.2021 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

р/с №

Шағым жасалған құжаттың атауы

Қарсылықты қарайтын органның атауы

Өлшемшарт

Қарау мерзімі *

Апелляциялық комиссия органдарының өзара іс-қимыл тәртібі

1.

Уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің аудиторлық есебі немесе қаржылық есептілігі бойынша аудиторлық есебі

Уәкілетті органның ведомствосы жанындағы Апелляциялық комиссия


Қарсылықты қарау мерзімдерін тоқтата тұру және (немесе) ұзарту жағдайларын қоспағанда, аудиторлық есепке немесе қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепке қарсылық алынған күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде

Уәкілетті органның ведомствосы жанындағы Апелляциялық комиссияның жұмыс тәртібін уәкілетті органның ведомствосы айқындайды.

2.

Уәкілетті орган ведомствосының аудиторлық есебі немесе қаржылық есептілігі бойынша аудиторлық есебі

Апелляциялық комиссия төрағасы орынбасарының төрағалығымен уәкілетті орган жанындағы Апелляциялық комиссия


Қарсылықты қарау мерзімдерін тоқтата тұру және (немесе) ұзарту жағдайларын қоспағанда, аудиторлық есепке немесе қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепке қарсылық алынған күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде

Уәкілетті орган ведомствосының жанындағы Жұмыс органы қарсылықты алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде оны қарайды, қарсылықты қарау нәтижелері бойынша алдын ала қорытынды дайындайды және Апелляциялық комиссияның отырысына шығару үшін уәкілетті органның жанындағы Жұмыс органына Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның аудиторлық есебіне немесе қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есебіне, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламасына қарсылықтарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссия туралы ережеге (бұдан әрі – Ереже) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық және қағаз тасығышта жібереді.

3.

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама

Уәкілетті органның ведомствосы жанындағы Апелляциялық комиссия

Мемлекеттік сатып алу сомасы 2 (екі) миллиард теңгеге дейін

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға қарсылық алынған күннен кейінгі күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде

Уәкілетті органның ведомствосы жанындағы Апелляциялық комиссияның жұмыс тәртібін уәкілетті органның ведомствосы айқындайды.

4.

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама

Апелляциялық комиссия төрағасы орынбасарының төрағалығымен уәкілетті орган жанындағы Апелляциялық комиссия

Мемлекеттік сатып алу сомасы 2 (екі) миллиард теңгеден астам және 3 (үш) миллиард теңгеге дейін

Жұмыс органының тиісті алдын ала қорытындысын алған күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде, бірақ камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға тиісті қарсылық алынған күннен кейінгі күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей

Уәкілетті орган ведомствосының жанындағы Жұмыс органы қарсылықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны қарайды, қарсылықты қарау нәтижелері бойынша алдын ала қорытынды дайындайды және Апелляциялық комиссияның отырысына шығару үшін уәкілетті органның жанындағы Жұмыс органына Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық және қағаз тасығышта жібереді.

5.

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама

Апелляциялық комиссия төрағасының төрағалық етуімен уәкілетті орган жанындағы Апелляциялық комиссия

Мемлекеттік сатып алу сомасы 3 (үш) миллиард теңгеден астам

Уәкілетті орган ведомствосы жанындағы Апелляциялық комиссияның жұмыс органының тиісті алдын ала қорытындысын алған күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде, бірақ тиісті қарсылықты алған күннен кейінгі күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей

Уәкілетті орган ведомствосының жанындағы Жұмыс органы қарсылықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны қарайды, қарсылықты қарау нәтижелері бойынша алдын ала қорытынды дайындайды және Апелляциялық комиссияның отырысына шығару үшін уәкілетті органның жанындағы Жұмыс органына Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық және қағаз тасығышта жібереді.

      Ескертпе:

      * - қарсылықты қарау мерзімі мемлекеттік органдарға, лауазымды және өзге де жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ шет мемлекеттердің құзыретті органдарына сұрау салу жіберілген жағдайда жауап алынған сәтке дейін тоқтатыла тұрады, бұл туралы қарау мерзімі тоқтатыла тұрған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік аудит объектісіне хабарланады.

      Мемлекеттік аудит объектісі қарсылыққа толықтырулар ұсынған жағдайда, "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 58-4-бабының 1-тармағында белгіленген қарсылықты қарау мерзімі он бес жұмыс күніне ұзартылады, бұл туралы қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік аудит объектісіне хабарланады.

  Аудиторлық есепке немесе
қаржылық есептілік жөніндегі
аудиторлық есепке, Ішкі
мемлекеттік аудит жөніндегі
уәкілетті органның камералдық
бақылау нәтижелері бойынша
анықталған бұзушылықтарды
жою және ішкі мемлекеттік
аудит жөніндегі уәкілетті
органның және (немесе) оның
лауазымды адамдарының
шешімдеріне, әрекеттеріне
(әрекетсіздігіне) шағым жасау
туралы хабарламаға
қарсылықтарды қарау жөніндегі
апелляциялық комиссияның
құрамын және ол
туралы ережеге
2-қосымша
  Нысан

Қарсылықты қарау нәтижелері бойынша алдын ала қорытынды

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 30.07.2021 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Нұр-Сұлтан қаласы                               20__ жылғы "__" _______ № __

      Уәкілетті орган ведомствосы жанындағы Апелляциялық комиссияның жұмыс органы

      __________________________________________________________________________

      (Жұмыс органының атауы)

      қарсылықты қарау қорытындылары бойынша:

      __________________________________________________________________________

      (Мемлекеттік аудит объектісінің атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      20__ жылғы "__" _______ № __, қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепке немесе аудиторлық есепке

      _________________________________________________________________________

      (Мемлекеттік аудиторлары аудиторлық есепті немесе қаржылық есептілік бойынша

      аудиторлық есепті жасаған Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі органның атауы)

      20__ жылғы "__" _______ № __, келесі анықталды:

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________ .

      (Қазақстан Республикасы заңнамасының тиісті нормаларына сілтеме жасай отырып,

      бұзушылықтар мен кемшіліктердің болуы немесе болмауы көрсетіледі)

      Уәкілетті органның ведомствосы жанындағы Апелляциялық комиссияның жұмыс

      органы мемлекеттік аудит объектісі даулайтын мәселелер шегінде қарсылықты алдын

      ала қарау нәтижелері бойынша уәкілетті органның жанындағы

      Апелляциялық комиссияға мынадай шешімді ұсынады:

      __________________________________________________________________________

      (мемлекеттік аудит объектісі даулайтын мәселелер шегінде қарсылықты толық немесе

      ішінара қанағаттандыру туралы, қарсылықты қанағаттандырудан бас тарту туралы)

      Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі

      уәкілетті орган ведомствосының басшысы

      ___________________________________            ___________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))             (Қолы)

  Аудиторлық есепке немесе
қаржылық есептілік жөніндегі
аудиторлық есепке, Ішкі
мемлекеттік аудит жөніндегі
уәкілетті органның камералдық
бақылау нәтижелері бойынша
анықталған бұзушылықтарды
жою және ішкі мемлекеттік
аудит жөніндегі уәкілетті
органның және (немесе) оның
лауазымды адамдарының
шешімдеріне, әрекеттеріне
(әрекетсіздігіне) шағым жасау
туралы хабарламаға
қарсылықтарды қарау жөніндегі
апелляциялық комиссияның
құрамын және ол
туралы ережеге
3-қосымша
  Нысан

Қарсылықты қарау нәтижелері бойынша алдын ала қорытынды

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 30.07.2021 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Нұр-Сұлтан қаласы

20__ жылғы "__" _______ № __

      Уәкілетті орган ведомствосы жанындағы Апелляциялық комиссияның жұмыс органы

      __________________________________________________________________________

      (Жұмыс органының атауы) қарсылықты қарау қорытындылары бойынша:

      __________________________________________________________________________

      (Мемлекеттік аудит объектісінің атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      20__ жылғы "__" _______ № __, хабарламаға

      __________________________________________________________________________

      (Хабарламаны жіберген ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі органның атауы)

      20__ жылғы "__" _______ № __, келесі анықталды:

Мемлекеттік аудит объектісі даулайтын хабарламаға сәйкес бұзушылық тармағының нөмірі

Тәуекел бейіні

Хабарламада көрсетілген ережелері бұзылған нормативтік құқықтық актілердің баптарына, тармақтарына және тармақшаларына сілтеме жасай отырып, бұзушылық сипатының сипаттамасы

Мемлекеттік аудит объектісінің хабарламада көрсетілген бұзушылықпен келіспеген негіздемелері

Мемлекеттік аудит объектісінің қарсылығын алдын ала қарау нәтижелері (қарсылық қабылданған / қарсылық ішінара қабылданған / қарсылық қабылданған жоқ)

Қабылданған шешімнің негіздемесі



















      Уәкілетті органның ведомствосы жанындағы Апелляциялық комиссияның жұмыс органы мемлекеттік аудит объектісі даулайтын мәселелер шегінде қарсылықты алдын ала қарау нәтижелері бойынша уәкілетті органның жанындағы

      Апелляциялық комиссияға мынадай шешімді ұсынады:

      ____________________________________________________________________

      (мемлекеттік аудит объектісі даулайтын мәселелер шегінде қарсылықты толық немесе

      ішінара қанағаттандыру туралы, қарсылықты қанағаттандырудан бас тарту туралы)

      Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі

      уәкілетті орган ведомствосының басшысы

      _________________________________             ___________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))             (Қолы)

      Ескертпе:

      * - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12599 болып тіркелген), Апелляциялық комиссияның Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға қарсылықты қарау нәтижелері бойынша камералдық бақылау жүргізу қағидаларында белгіленген нысан бойынша қарсылықты қарау нәтижелері бойынша қорытынды мемлекеттік аудит объектісіне веб-портал арқылы автоматты түрде тіркеледі және жіберіледі.


  Аудиторлық есепке немесе
қаржылық есептілік жөніндегі
аудиторлық есепке, Ішкі
мемлекеттік аудит жөніндегі
уәкілетті органның камералдық
бақылау нәтижелері бойынша
анықталған бұзушылықтарды
жою және ішкі мемлекеттік
аудит жөніндегі уәкілетті
органның және (немесе) оның
лауазымды адамдарының
шешімдеріне, әрекеттеріне
(әрекетсіздігіне) шағым жасау
туралы хабарламаға
қарсылықтарды қарау жөніндегі
апелляциялық комиссияның
құрамын және ол
туралы ережеге
4-қосымша
  Нысан

Апелляциялық комиссия отырысының № ___ ХАТТАМАСЫ

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 30.07.2021 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Нұр-Сұлтан қаласы

202_ жылғы "_" _____ № __

      ҚАТЫСҚАНДАР:

      Комиссия Төрағасы: ________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

      Апелляциалық комиссия мүшелері: ___________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

      ___________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

      ____________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

      __________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

      __________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

      _________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

      Апелляциялық комиссия хатшысы: ____________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

      ШАҚЫРЫЛҒАНДАР:

      ______________________________________________________

      ________________________________________________________

      (шақырылған адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі)

      Қарсылық _________________________________________________________________

      (мемлекеттік аудит, камералдық бақылау нәтижелері бойынша қабылданған шағым

      жасалатын құжаттың нөмірі мен күні немесе ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті

      органның шешімі өтініш берушінің атауы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)),

      ЖСН (БСН) көрсетіледі)

      Шағым жасалатын аудиторлық есепті немесе қаржылық есептілік бойынша

      аудиторлық есепті, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған

      бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны шығарған органның атауы

      ______________________________________________.

      Қатысқан Апелляциялық комиссия мүшелерінің саны: ______.

      Апелляциялық комиссия мүшелерінің дауыс беру нәтижелері:

Сұрақ мәні/ Апелляциялық комиссия мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Апелляциялық комиссия мүшесінің шешімі

Қарсылықты толық қанағаттандыру (дауыс саны) (қолдаймын /қарсы)

Қарсылықты ішінара қанағаттандыру (дауыс саны) (қолдаймын /қарсы)

Қарсылықты қанағаттандырудан бас тарту (қолдаймын /қарсы)

Апелляциялық комиссия мүшесінің негіздемесі

1.

Сұрақ мәні






Апелляциялық комиссия мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)






Апелляциялық комиссия мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)






....






ЖИЫНЫ:





2.

Сұрақ мәні






Апелляциялық комиссия мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)






Апелляциялық комиссия мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)






....






ЖИЫНЫ:





3.






...






      Апелляциялық комиссия мүшелерінің дауыс беру нәтижелері негізінде шешім қабылданды:

      __________________________________________________________________________

      (мемлекеттік аудит объектісі даулайтын мәселелер шегінде осындай шешім қабылдау

      негіздемесімен қарсылықты толық немесе ішінара қанағаттандыру туралы,

      қарсылықты қанағаттандырудан бас тарту туралы)

      Апелляциялық комиссияның төрағасы: _______ _________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Апелляциалық комиссия мүшелері: _______ ___________________________________

                                          (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      _______ ____________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      _______ ____________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      _______ ____________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      _______ ____________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      _______ ____________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Апелляциялық комиссияның хатшысы: _______ ________________________________

                                          (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))