Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның аудиторлық есебіне немесе қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есебіне, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламасына қарсылықтарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссияның құрамы мен ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 302 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 26 наурызда № 20171 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 58-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес аудиторлық есепке немесе қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есепке, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға қарсылықтарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссияның құрамы;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Аудиторлық есепке немесе қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есепке, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға қарсылықтарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссия туралы ереже бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі апелляция басқармасына заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Бірінші Орынбасары- Қаржы министрі
А. Смаилов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары-
Қаржы министрінің
2020 жылғы 20 наурыздағы
№ 302 бұйрығына
1-қосымша

Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның аудиторлық есебіне немесе қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есебіне, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламасына қарсылықтарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссияның құрамы

      Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның аудиторлық есебіне немесе қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есебіне, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламасына қарсылықтарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссияның (бұдан әрі – Апелляциялық комиссия) құрамына 7 (жеті) адам кіреді:

      Апелляциялық комиссияның Төрағасы;

      Апелляциялық комиссия Төрағасының орынбасары;

      Апелляциялық комиссия мүшелері саны 5 (бес) адам.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары-
Қаржы министрінің
2020 жылғы 20 наурыздағы
№ 302 бұйрығына
2- қосымша

Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның аудиторлық есебіне немесе қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есебіне, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламасына қарсылықтарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссия туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның аудиторлық есебіне немесе қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есебіне, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламасына қарсылықтарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссия туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік аудит туралы Заң) 58–1-бабына сәйкес әзірленді.

      2. Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның аудиторлық есебіне немесе қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есебіне, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламасына қарсылықтарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссия (бұдан әрі – Апелляциялық комиссия), өз қызметінде 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясын, Мемлекеттік аудит туралы заңын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерін және өзге де құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      3. Осы Ереженің мақсаттары үшін мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – уәкілетті органның ведомствосы) – құзыреті шегінде ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, мемлекеттік сатып алу, аудиторлық қызмет, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласында іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомствосы.

      2) қарсылық – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 392 бұйрығымен бекітілген Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16689 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12599 болып тіркелген) айқындалған нысан бойынша берілген ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның аудиторлық есебімен немесе қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есебімен, камералдық бақылау нәтижелері бойынша айқындалған бұзушылықтарды жою туралы хабарламасымен мемлекеттік аудит объектісінің келіспеуі;

      3) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, мемлекеттік сатып алу, аудиторлық қызмет, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

      4) Апелляциялық комиссияның жұмыс органы (бұдан әрі – жұмыс органы) – Апелляциялық комиссия жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз ететін уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі немесе уәкілетті органның ведомствосының құрылымдық бөлімшесі;

      4. Осы Ережеде пайдаланылатын басқа ұғымдар Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінде, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік аудит туралы заңында, "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында айқындалатын мәндерде қолданылады.

2-тарау. Апелляциялық комиссия жұмысын ұйымдастыру

      5. Апелляциялық комиссия уәкілетті органның және уәкілетті органның ведомствосының жанынан құрылады.

      6. Қарсылық Мемлекеттік аудит туралы заңның 11-1-тарауында және апелляциялық комиссия органдарының аудиторлық есепке немесе қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есепке, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға қарсылықтарды қарау тәртібімен осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес тәртіппен және мерзімде қаралады.

      7. Жұмыс органы қажет болған жағдайда уәкілетті органның ведомствосына, уәкілетті органның ведомствосының аумақтық бөлімшесіне, мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарға туындаған мәселелер бойынша ақпаратты, анықтамаларды, құжаттарды, түсіндірмелерді және (немесе) ұстанымдарды жазбаша нысанда беру туралы сұрау салуды жібереді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген сұрау салуға жауапты уәкілетті органның ведомствосы және (немесе) уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі осындай сұрау салуды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде жұмыс органына ұсынады.

      8. Уәкілетті орган ведомствосының жанындағы жұмыс органы осы Ереженің 7-тармағында көзделген барлық мәліметтерді алғаннан кейін апелляциялық комиссия органдарының аудиторлық есепке немесе қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есепке, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға қарсылықтарды қарау тәртібінде осы Ережеге 1-қосымшада белгіленген мерзімде осы Ережеге 2 немесе 3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша қарсылықты қарау нәтижелері бойынша алдын ала қорытынды жасайды.

      Қарсылықты қарау нәтижелері бойынша алдын ала қорытындыға уәкілетті орган ведомствосының басшысы қол қояды.

      Бастапқы құжаттардың қалыптастырылуына уәкілетті орган ведомствосының жанындағы жұмыс органы жауапты болады.

      9. Жұмыс органы Апелляциялық комиссияның отырысы басталғанға дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей Апелляциялық комиссияның мүшелеріне қарсылықты қарау нәтижелері бойынша алдын ала қорытындыны және шағым жасалған мәселелерге қатысты материалдардың көшірмелерін жібереді.

      Көрсетілген құжаттар Апелляциялық комиссия мүшелерінің:

      мемлекеттік органдардың қызметкерлері болып табылатын қызметкерлер – мемлекеттік органдардың интранет-порталында бірыңғай электрондық почта жүйесінде;

      мемлекеттік органдардың қызметкерлері болып табылмайтын қызметкерлер – олар жұмыс органына берген электрондық поштасына жіберіледі.

      Мемлекеттік аудит объектісі қосымша материалдарды қарсылыққа қоса берген жағдайда, Апелляциялық комиссияның мүшелері қажет болған кезде мұндай материалдармен жұмыс органында таныстырылады.

      10. Апелляциялық комиссияның мүшелері өздерінің атына жіберілген материалдарды қарайды және жұмыс органына шағым жасалған мәселелер бойынша негіздемелермен өз ұстанымдарын, оның ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасына сәйкес электрондық Ішкі мемлекеттік аудит жүргізу жөніндегі ұсыныстарды жұмыс органы материалдарды жіберген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде, қарсылыққа толықтыру бойынша – жұмыс органы материалдарды жіберген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.

      Апелляциялық комиссия мүшелерінің сұрау салулары бойынша жұмыс органы Апелляциялық комиссияның мұндай мүшелеріне қарсылықты қарау үшін қажетті, қарсылық берген мемлекеттік аудит объектісіне қатысты, оның ішінде "Мемлекеттік құпиялар туралы" 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңға (бұдан әрі – Мемлекеттік құпиялар туралы Заң) сәйкес қорғалатын құпияға жататын мәліметтерді береді.

      11. Жұмыс органы Апелляциялық комиссия мүшелері ұсынған ұстанымдарды зерделеуді және талдауды жүргізеді.

      Қажет болған кезде жұмыс органы уәкілетті органның ведомствосына, уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне туындаған мәселелер бойынша түсіндірмелерді және (немесе) ұстанымды жазбаша нысанда ұсыну туралы сұрау салуды жібереді.

      Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген сұрау салуға жауап осындай сұрау салуды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жұмыс органына беріледі.

      12. Жұмыс органы шағым жасалған мәселелерді, Апелляциялық комиссия мүшелерінің позицияларын және уәкілетті орган ведомствосының, уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің, мемлекеттік органдардың және басқа да ұйымдардың алынған жауаптарын зерделеу негізінде Апелляциялық комиссияның отырысына шығару үшін материалдар дайындайды.

      13. Осы Ереженің 12-тармағында көрсетілген материалдар Апелляциялық комиссияның отырысы өткізілгенге дейін 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей Апелляциялық комиссияның төрағасына танысу үшін ұсынылуға жатады.

      14. Апелляциялық комиссияның отырыстары келіп түскен құжаттардың санына байланысты өткізіледі.

      15. Қажет болған жағдайда отырысқа уәкілетті органның бейінді құрылымдық бөлімшелерінің, уәкілетті орган ведомствосының, жұмыс органының өкілдері шақырылады.

      16. Мемлекеттік аудит объектісінің өкілдері қажет болған кезде Апелляциялық комиссияның отырысына қатысады.

      17. Егер отырысқа Апелляциялық комиссияның барлық қатысушылары келмеген жағдайда, мұндай отырыс кворум болған жағдайда заңды болып есептеледі.

      Апелляциялық комиссияның отырысын өткізу мақсаттары үшін кворум дауыс беруге құқығы бар Апелляциялық комиссияның төрағасын қоса алғанда, Апелляциялық комиссия мүшелері санының кемінде жартысын құрайды.

      18. Апелляциялық комиссияның ұсынысы отырысқа қатысып отырған жай көпшілік дауыспен ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

      Дауыстар тең болған жағдайда Апелляциялық комиссияның төрағасы дауыс берген ұсыныс қабылданды деп есептеледі.

      19. Қарсылықтарды қарау нәтижелері бойынша Апелляциялық комиссия ұсынымдардың мынадай түрлерін қабылдайды:

      1) қарсылықты толық немесе ішінара қанағаттандыру туралы;

      2) мұндай шешім қабылдауды негіздей отырып, қарсылықты қанағаттандырудан бас тарту туралы шешімдердің бірін қабылдайды.

      20. Қарсылықтарды қарау нәтижелері бойынша Апелляциялық комиссия шығарған ұсынымдар осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Апелляциялық комиссия отырысының хаттамасында (бұдан әрі – Хаттама) көрсетіледі.

      21. Апелляциялық комиссияның отырысында әр қарсылық бойынша екі және одан да көп қарсылықтар бойынша мәселелер қаралған жағдайда жеке Хаттама ресімделеді.

      22. Хаттама тиісті қарсылықтың материалдарына қоса тігіледі.

      23. Апелляциялық комиссия отырысының нәтижелері бойынша күн тәртібіне енгізілген қарсылықты қарауды Апелляциялық комиссияның келесі отырыстарына көшіру туралы шешім қабылданған жағдайда, дауыс беру парақтары және осы қарсылық бойынша Хаттама толтырылмайды.

3-тарау. Қорытынды ережелер

      24. Уәкілетті орган мен уәкілетті органның ведомствосы Апелляциялық комиссияның ұсынымдарын ескере отырып, жазбаша нысанда шешімдер шығарады.

      Қарсылықты қарау нәтижелері бойынша шешім Мемлекеттік аудит туралы заңның 58–4-бабының 1-тармағына сәйкес шешім қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде шығарылады.

      25. Бұрын шағым берген және уәкілетті орган немесе уәкілетті органның ведомствосы ол бойынша шешім шығарған аудиторлық есепке немесе қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есепке, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға қайта қарсылық келіп түскен кезде уәкілетті орган және уәкілетті органның ведомствосы осындай қарсылықты қараусыз, сондай-ақ Апелляциялық комиссияның отырысына шығарусыз қалдырады.

      26. Мемлекеттік аудит объектісі қарсылықты қарауды тоқтату туралы өтінішпен жүгінген жағдайда, уәкілетті орган немесе уәкілетті органның ведомствосы мұндай қарсылықты Апелляциялық комиссияның мүшелерін жазбаша хабардар ете отырып, қараусыз қалдырады.

      27. Апелляциялық комиссия мүшелері өз функцияларын жүзеге асыру кезінде алған Мемлекеттік құпиялар туралы Заңға сәйкес коммерциялық құпияны, қызметтік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпарат жария етуге жатпайды.

  Ішкі мемлекеттік аудит
жөніндегі уәкілетті органның
аудиторлық есебіне немесе
қаржылық есептілік бойынша
аудиторлық есебіне, камералдық
бақылау нәтижелері бойынша
анықталған бұзушылықтарды
жою туралы хабарламасына
қарсылықтарды қарау жөніндегі
апелляциялық комиссия
туралы ережеге
1-қосымша
  Нысан

Апелляциялық комиссия органдарының аудиторлық есепке немесе қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есепке, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға қарсылықтарды қарау тәртібі

р/с №

Шағым жасалған құжаттың атауы

Қарсылықты қарайтын органның атауы

Өлшемшарт

Қарау мерзімі *

Апелляциялық комиссия органдарының өзара іс-қимыл тәртібі

1.

Уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің аудиторлық есебі немесе қаржылық есептілігі бойынша аудиторлық есебі

Уәкілетті органның ведомствосы жанындағы Апелляциялық комиссия


Қарсылықты қарау мерзімдерін тоқтата тұру және (немесе) ұзарту жағдайларын қоспағанда, аудиторлық есепке немесе қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепке қарсылық алынған күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде

Уәкілетті органның ведомствосы жанындағы Апелляциялық комиссияның жұмыс тәртібін уәкілетті органның ведомствосы айқындайды.

2.

Уәкілетті орган ведомствосының аудиторлық есебі немесе қаржылық есептілігі бойынша аудиторлық есебі

Апелляциялық комиссия төрағасы орынбасарының төрағалығымен уәкілетті орган жанындағы Апелляциялық комиссия


Қарсылықты қарау мерзімдерін тоқтата тұру және (немесе) ұзарту жағдайларын қоспағанда, аудиторлық есепке немесе қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепке қарсылық алынған күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде

Уәкілетті орган ведомствосының жанындағы Жұмыс органы қарсылықты алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде оны қарайды, қарсылықты қарау нәтижелері бойынша алдын ала қорытынды дайындайды және Апелляциялық комиссияның отырысына шығару үшін уәкілетті органның жанындағы Жұмыс органына Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның аудиторлық есебіне немесе қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есебіне, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламасына қарсылықтарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссия туралы ережеге (бұдан әрі – Ереже) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық және қағаз тасығышта жібереді.

3.

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама

Уәкілетті органның ведомствосы жанындағы Апелляциялық комиссия

Мемлекеттік сатып алу сомасы 2 (екі) миллиард теңгеге дейін

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға қарсылық алынған күннен кейінгі күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде

Уәкілетті органның ведомствосы жанындағы Апелляциялық комиссияның жұмыс тәртібін уәкілетті органның ведомствосы айқындайды.

4.

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама

Апелляциялық комиссия төрағасы орынбасарының төрағалығымен уәкілетті орган жанындағы Апелляциялық комиссия

Мемлекеттік сатып алу сомасы 2 (екі) миллиард теңгеден астам және 3 (үш) миллиард теңгеге дейін

Жұмыс органының тиісті алдын ала қорытындысын алған күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде, бірақ камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға тиісті қарсылық алынған күннен кейінгі күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей

Уәкілетті орган ведомствосының жанындағы Жұмыс органы қарсылықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны қарайды, қарсылықты қарау нәтижелері бойынша алдын ала қорытынды дайындайды және Апелляциялық комиссияның отырысына шығару үшін уәкілетті органның жанындағы Жұмыс органына Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық және қағаз тасығышта жібереді.

5.

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама

Апелляциялық комиссия төрағасының төрағалық етуімен уәкілетті орган жанындағы Апелляциялық комиссия

Мемлекеттік сатып алу сомасы 3 (үш) миллиард теңгеден астам

Уәкілетті орган ведомствосы жанындағы Апелляциялық комиссияның жұмыс органының тиісті алдын ала қорытындысын алған күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде, бірақ тиісті қарсылықты алған күннен кейінгі күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей

Уәкілетті орган ведомствосының жанындағы Жұмыс органы қарсылықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны қарайды, қарсылықты қарау нәтижелері бойынша алдын ала қорытынды дайындайды және Апелляциялық комиссияның отырысына шығару үшін уәкілетті органның жанындағы Жұмыс органына Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық және қағаз тасығышта жібереді.

      Ескертпе:

      * - қарсылықты қарау мерзімі мемлекеттік органдарға, лауазымды және өзге де жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ шет мемлекеттердің құзыретті органдарына сұрау салу жіберілген жағдайда жауап алынған сәтке дейін тоқтатыла тұрады, бұл туралы қарау мерзімі тоқтатыла тұрған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік аудит объектісіне хабарланады.

      Мемлекеттік аудит объектісі қарсылыққа толықтырулар ұсынған жағдайда, "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 58-4-бабының 1-тармағында белгіленген қарсылықты қарау мерзімі он бес жұмыс күніне ұзартылады, бұл туралы қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік аудит объектісіне хабарланады.

  Ішкі мемлекеттік аудит
жөніндегі уәкілетті органның
аудиторлық есебіне немесе
қаржылық есептілік бойынша
аудиторлық есебіне, камералдық
бақылау нәтижелері бойынша
анықталған бұзушылықтарды
жою туралы хабарламасына
қарсылықтарды қарау жөніндегі
апелляциялық комиссия
туралы ережеге
2-қосымша
  Нысан

Қарсылықты қарау нәтижелері бойынша алдын ала қорытынды

Нұр-Сұлтан қаласы

20__ жылғы "__" _______ № __

      Уәкілетті орган ведомствосы жанындағы Апелляциялық комиссияның жұмыс органы

      __________________________________________________________________________

      (Жұмыс органының атауы)

      қарсылықты қарау қорытындылары бойынша:

      __________________________________________________________________________

      (Мемлекеттік аудит объектісінің атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      20__ жылғы "__" _______ № __, қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепке немесе

      аудиторлық есепке

      _________________________________________________________________________

      (Мемлекеттік аудиторлары аудиторлық есепті немесе қаржылық есептілік бойынша

      аудиторлық есепті жасаған Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі органның атауы)

      20__ жылғы "__" _______ № __, келесі анықталды:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________________ .

      (Қазақстан Республикасы заңнамасының тиісті нормаларына сілтеме жасай отырып,

      бұзушылықтар мен кемшіліктердің болуы немесе болмауы көрсетіледі)

      Уәкілетті органның ведомствосы жанындағы Апелляциялық комиссияның жұмыс органы мемлекеттік аудит объектісі даулайтын мәселелер шегінде қарсылықты алдын ала қарау нәтижелері бойынша уәкілетті органның жанындағы Апелляциялық комиссияға мынадай шешімді ұсынады:

      _______________________________________________________________________________

      (мемлекеттік аудит объектісі даулайтын мәселелер шегінде қарсылықты толық немесе ішінара

      қанағаттандыру туралы, қарсылықты қанағаттандырудан бас тарту туралы)

      Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі

      уәкілетті орган ведомствосының басшысы

      ___________________________________                        ___________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))                         (Қолы)

  Ішкі мемлекеттік аудит
жөніндегі уәкілетті органның
аудиторлық есебіне немесе
қаржылық есептілік бойынша
аудиторлық есебіне, камералдық
бақылау нәтижелері бойынша
анықталған бұзушылықтарды
жою туралы хабарламасына
қарсылықтарды қарау жөніндегі
апелляциялық комиссия туралы
ережеге
3-қосымша
  Нысан

Қарсылықты қарау нәтижелері бойынша алдын ала қорытынды

Нұр-Сұлтан қаласы

20__ жылғы "__" _______ № __

      Уәкілетті орган ведомствосы жанындағы Апелляциялық комиссияның жұмыс органы

      __________________________________________________________________________

      (Жұмыс органының атауы)

      қарсылықты қарау қорытындылары бойынша:

      ________________________________________________________________________________

      (Мемлекеттік аудит объектісінің атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      20__ жылғы "__" _______ № __, хабарламаға

      ________________________________________________________________________________

      (Хабарламаны жіберген ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі органның атауы)

      20__ жылғы "__" _______ № __, келесі анықталды:

Мемлекеттік аудит объектісі даулайтын хабарламаға сәйкес бұзушылық тармағының нөмірі

Тәуекел бейіні

Хабарламада көрсетілген ережелері бұзылған нормативтік құқықтық актілердің баптарына, тармақтарына және тармақшаларына сілтеме жасай отырып, бұзушылық сипатының сипаттамасы

Мемлекеттік аудит объектісінің хабарламада көрсетілген бұзушылықпен келіспеген негіздемелері

Мемлекеттік аудит объектісінің қарсылығын алдын ала қарау нәтижелері (қарсылық қабылданған / қарсылық ішінара қабылданған / қарсылық қабылданған жоқ)

Қабылданған шешімнің негіздемесі



















      Уәкілетті органның ведомствосы жанындағы Апелляциялық комиссияның жұмыс органы мемлекеттік аудит объектісі даулайтын мәселелер шегінде қарсылықты алдын ала қарау нәтижелері бойынша уәкілетті органның жанындағы Апелляциялық комиссияға мынадай шешімді ұсынады:

      ____________________________________________________________________

      (мемлекеттік аудит объектісі даулайтын мәселелер шегінде қарсылықты толық

      немесе ішінара қанағаттандыру туралы, қарсылықты

      қанағаттандырудан бас тарту туралы)

      Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі

      уәкілетті орган ведомствосының басшысы

      _________________________________                               ___________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))                               (Қолы)

      Ескертпе:

      * - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12599 болып тіркелген), Апелляциялық комиссияның Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға қарсылықты қарау нәтижелері бойынша камералдық бақылау жүргізу қағидаларында белгіленген нысан бойынша қарсылықты қарау нәтижелері бойынша қорытынды мемлекеттік аудит объектісіне веб-портал арқылы автоматты түрде тіркеледі және жіберіледі.

  Ішкі мемлекеттік аудит
жөніндегі уәкілетті органның
аудиторлық есебіне немесе
қаржылық есептілік бойынша
аудиторлық есебіне, камералдық
бақылау нәтижелері бойынша
анықталған бұзушылықтарды
жою туралы хабарламасына
қарсылықтарды қарау жөніндегі
апелляциялық комиссия
туралы ережеге
4-қосымша
  Нысан

Апелляциялық комиссия отырысының № ___ ХАТТАМАСЫ

Нұр-Сұлтан қаласы

202_ жылғы "_" _____ № __

      ҚАТЫСҚАНДАР:

      Комиссия Төрағасы: ________________________________________________________

                              (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

      Апелляциалық комиссия мүшелері: ___________________________________________

                                          (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

                                    __________________________________________________

                                          (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

                                    __________________________________________________

                                          (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

                                    __________________________________________________

                                          (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

                                    __________________________________________________

                                          (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

                                    _________________________________________________

                                          (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

      Апелляциялық комиссия хатшысы: ____________________________________________

                                          (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

      ШАҚЫРЫЛҒАНДАР: ______________________________________________________

                              ________________________________________________________

                        (шақырылған адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі)

      Қарсылық _________________________________________________________________

      (мемлекеттік аудит, камералдық бақылау нәтижелері бойынша қабылданған шағым

      жасалатын құжаттың нөмірі мен күні немесе ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті

      органның шешімі өтініш берушінің атауы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)),

      ЖСН (БСН) көрсетіледі)

      Шағым жасалатын аудиторлық есепті немесе қаржылық есептілік бойынша

      аудиторлық есепті, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған

      бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны шығарған органның атауы

      ______________________________________________.

      Қатысқан Апелляциялық комиссия мүшелерінің саны: ______.

      Апелляциялық комиссия мүшелерінің дауыс беру нәтижелері:

Сұрақ мәні/ Апелляциялық комиссия мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Апелляциялық комиссия мүшесінің шешімі

Қарсылықты толық қанағаттандыру (дауыс саны) (қолдаймын /қарсы)

Қарсылықты ішінара қанағаттандыру (дауыс саны) (қолдаймын /қарсы)

Қарсылықты қанағаттандырудан бас тарту (қолдаймын /қарсы)

Апелляциялық комиссия мүшесінің негіздемесі

1.

Сұрақ мәні






Апелляциялық комиссия мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)






Апелляциялық комиссия мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)






....






ЖИЫНЫ:





2.

Сұрақ мәні






Апелляциялық комиссия мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)






Апелляциялық комиссия мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)






....






ЖИЫНЫ:





3.






...






      Апелляциялық комиссия мүшелерінің дауыс беру нәтижелері негізінде шешім қабылданды:

      ________________________________________________________________________________

      (мемлекеттік аудит объектісі даулайтын мәселелер шегінде осындай шешім қабылдау

      негіздемесімен қарсылықты толық немесе ішінара қанағаттандыру туралы,

      қарсылықты қанағаттандырудан бас тарту туралы)

      Апелляциялық комиссияның төрағасы: _______ ______________________________________

                                    (қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Апелляциалық комиссия мүшелері: _______ _____________________________________

                                    (қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      _______ ____________________________________

      (қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      _______ ____________________________________

      (қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      _______ ____________________________________

      (қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      _______ ____________________________________

      (қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      _______ ____________________________________

      (қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Апелляциялық комиссияның хатшысы: _______ ________________________________

                                                (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))