Сауда саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 51-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 18 наурызда № 20135 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Жекелеген тауар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру" мемлекеттiк қызмет көрсету қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының аумағында тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына рұқсат беру" мемлекеттiк қызмет көрсету қағидалары;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Тауар биржалары қызметімен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттiк қызметті көрсету қағидалары бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Ішкі сауда департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
сауда және интеграция министрі
Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрінің
2020 жылғы 16 наурыздағы
№ 51-НҚ бұйрығына
1-қосымша

"Жекелеген тауар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру" мемлекеттiк қызметті көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Жекелеген тауар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру" мемлекеттiк қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағына және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі әзірлеген және жекелеген тауар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру тәртібін айқындайды (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер).

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) Бiрыңғай байланыс орталығы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша – ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;

      2) мемлекеттік қызмет көрсету стандарты – мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;

      3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;

      4) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) – төлемдерді электрондық нысанда көрсетілетін өтеулі қызметтер көрсету шеңберінде жүргізу туралы ақпарат беру процестерін автоматтандыратын ақпараттық жүйе;

      5) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;

      6) лицензия – лицензиар жеке немесе заңды тұлғаға қауіптіліктің жоғары деңгейіне байланысты лицензияланатын қызмет түрін не лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрін жүзеге асыруға беретін бірінші санаттағы рұқсат;

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) портал арқылы көрсетеді.

      Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыларға ақылы негізде көрсетіледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсеткені үшін алым 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 554-бабының 4-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге сәйкес және тәртіппен республикалық бюджетке төленеді.

      Алым сомасын төлеу үшін екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда немесе ЭҮТШ арқылы жүзеге асырылады.

      4. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы:

      1) осы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 1 және 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      2) сыртқы сауда шартының (келісімшартының) электрондық көшірмесі, қосымшалары және (немесе) оған толықтырулар (біржолғы лицензия үшін), ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда – тараптардың ниеттерін растайтын өзге де құжаттың электрондық көшірмесі;

      3) егер қызмет түрі Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында лицензиялау енгізілген тауар айналымына байланысты болса, лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыруға лицензияның электрондық көшірмесі немесе лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыруға лицензияның болуы туралы мәліметтер (егер бұл Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген болса);

      4) лицензиялық алымның төленгені туралы мәліметтер жолдайды.

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркеуі немесе жеке кәсіпкер ретінде қызмет бастауы туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті алушыдан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі құжаттар тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты нысанында баяндалған.

      Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      5. "Е-лицензиялауда" көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша 1 (бір) жұмыс күні ішінде, көрсетілетін қызметті берушінің қатысуынсыз "Е-лицензиялау" сақталған көрсетілетін қызметті берушінің басшысының ЭЦҚ қою арқылы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін толық автоматты түрде өңдейді және қалыптастырады.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" Қағидаларға 5 және 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес жіберіледі.

      7. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың негіздері:

      1) көрсетілетін қызметті алушы лицензия алу үшін ұсынған құжаттарда мәліметтердің толық емес немесе анық емес болуы;

      2) 2014 жылғы 14 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартпен бекітілген Тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар және рұқсаттар беру қағидаларының 10, 11 және 12 - тармақтарында көзделген талаптардың сақталмауы;

      3) лицензия беруге негіз болатын бір немесе бірнеше құжаттар қолданысының тоқтатылуы немесе тоқтатыла тұруы;

      4) іске асыру үшін лицензия сұралатын шартты (келісімшартты) орындау салдарынан туындауы мүмкін мүше мемлекеттердің халықаралық міндеттемелерінің бұзылуы;

      5) квотаның, сондай-ақ тарифтік квотаның бітуі не олардың болмауы (квоталанатын тауарларға лицензия ресімделген жағдайда);

      6) қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның енгізілмеуі.

      8. Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда көрсетілетін қызметті беруші техникалық ақау анықталған сәттен бастап дереу "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы, өтініш бойынша әкімшілік құжаттың нөмірі және коды, немесе өтініштің бірегей сәйкестендіру нөмірі, әкімшілік құжаттың нөмірі және коды, немесе рұқсат құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі, көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі бойынша ақпаратты міндетті түрде көрсету арқылы, авторизациялау сәтінен бастап қатенің нақты уақытын көрсете отырып, қате пайда болған сәтке дейінгі қадамдық скриншоттарды қоса бере отырып бірыңғай қолдау қызметі sd@nitec.kz электрондық поштасына сұрау салуды жіберу арқылы хабардар етеді.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      9. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      10. Мемлекеттiк көрсетілген қызметтiң нәтижелерiмен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

  "Жекелеген тауар түрлерінің
импортына және (немесе)
экспортына лицензия беру"
мемлекеттiк қызметті
көрсету қағидаларына
1-қосымша
  нысан

Жекелеген тауар түрлерінің экспортына лицензия беру туралы өтініш

1. № өтініш

2. Қолданылу кезеңі
КК.АА.ЖЖЖЖ дан бастап
КК.АА.ЖЖЖЖ қоса алғанда

3. Лицензияның типі
| ЭКСПОРТ

4. № КК.АА.ЖЖЖЖ
келісімшарт

5. Өтініш беруші |

6. Сатып алушы

7. Жөнелту елі |

8. Сатып алушының елі |

9. Келісімшарт валютасы |

10. Құны

11. Статистикалық құны

12. Шығарылған елі |

13. Саны

14. Өлшем бірлігі

15. СЭҚ БТН бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы |

16. Қосымша ақпарат

17. Лицензия беру үшін негіз

18. Өтініш берушінің уәкілетті адамы
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Лауазымы
Телефоны
Қолы және мөрі (болған жағдайда)
Күні

      ___ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін 20__ж. "__"__(қолы)

      Ескертпе. Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына лицензия беру туралы өтінішті көрсетілетін қызметті алушы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2014 жылғы 6 қарашадағы № 199 шешімімен бекітілген Тауарлардың жекелеген түрлерінің

      экспортына және (немесе) импортына лицензия беруге өтініш ресімдеу туралы және осындай лицензияны ресімдеу туралы нұсқаулыққа қатаң сәйкестікте толтырады.

      КК.АА.ЖЖЖЖ – КК – күн, АА – ай, ЖЖ – жыл.

      СЭҚ БТН – Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасы.

  "Жекелеген тауар түрлерінің
импортына және (немесе)
экспортына лицензия беру"
мемлекеттiк қызметті
көрсету қағидаларына
2-қосымша
  нысан

Жекелеген тауар түрлерінің импортына лицензия беру туралы өтініш

1. № өтініш

2. Қолданылу кезеңі
КК.АА.ЖЖЖЖ дан бастап
КК.АА.ЖЖЖЖ қоса алғанда

3. Лицензияның типі
| ЭКСПОРТ

4. № КК.АА.ЖЖЖЖ
келісімшарт

5. Өтініш беруші |

6. Сатып алушы

7. Жөнелту елі |

8. Сатып алушының елі |

9. Келісімшарт валютасы |

10. Құны

11. Статистикалық құны

12. Шығарылған елі |

13. Саны

14. Өлшем бірлігі

15. СЭҚ БТН бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы |

16. Қосымша ақпарат

17. Лицензия беру үшін негіз

18. Өтініш берушінің уәкілетті адамы
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Лауазымы
Телефоны
Қолы және мөрі (болған жағдайда)
Күні

      ___ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін 20__ж. "__"__ (қолы)

      Ескертпе. Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына лицензия беру туралы өтінішті көрсетілетін қызметті алушы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2014 жылғы 6 қарашадағы № 199 шешімімен бекітілген Тауарлардың жекелеген түрлерінің

      экспортына және (немесе) импортына лицензия беруге өтініш ресімдеу туралы және осындай лицензияны ресімдеу туралы нұсқаулыққа қатаң сәйкестікте толтырады.

      КК.АА.ЖЖЖЖ – КК – күн, АА – ай, ЖЖ – жыл.

      СЭҚ БТН – Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасы.

  "Жекелеген тауар түрлерінің
импортына және (немесе)
экспортына лицензия беру"
мемлекеттiк қызметті
көрсету қағидаларына
3-қосымша

"Жекелеген тауар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет нәтижесін беру "электрондық үкіметтің" веб-порталы www. egov. kz, www. eli cens e. kz арқылы жүзеге асырылады




3

Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзімі

Мемлекеттiк қызмет тіркелген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнін құрайды.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - жекелеген тауар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы электрондық құжат нысанындағы уәжделген жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызмет алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін алым 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мөлшерлемелер және тәртіппен жүзеге асырылады.
Алым ставкалары:
лицензия беру үшін – 10 (он) айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Алым сомасын төлеу қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы немесе "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады".

7

Жұмыс кестесі

1) Порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, құжаттарды қабылдау тәулік бойы жүзеге асырылады (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштер қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) Көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған: www. beta. egov. kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер"

8

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 1 және 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) сыртқы сауда шартының (келісімшартының) электрондық көшірмесі, қосымшалары және (немесе) оған толықтырулар (біржолғы лицензия үшін), ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда – тараптардың ниеттерін растайтын өзге де құжаттың электрондық көшірмесі;
3) егер қызмет түрі Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында лицензиялау енгізілген тауар айналымына байланысты болса, лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыруға лицензияның электрондық көшірмесі немесе лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыруға лицензияның болуы туралы мәліметтер (егер бұл Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген болса);
4) лицензиялық алымның төленгені туралы мәліметтер жолдайды.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз

1) көрсетілетін қызметті алушы лицензия алу үшін ұсынған құжаттарда толық емес немесе анық емес мәліметтердің болуы;
2) 2014 жылғы 14 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартпен бекітілген Тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар және рұқсаттар беру қағидаларының 10, 11 және 12 - тармақтарында көзделген талаптардың сақталмауы;
3) лицензия беруге негіз болатын бір немесе бірнеше құжаттар қолданысының тоқтатылуы немесе тоқтатыла тұруы;
4) іске асыру үшін лицензия сұралатын шартты (келісімшартты) орындау салдарынан туындауы мүмкін мүше мемлекеттердің халықаралық міндеттемелерінің бұзылуы;
5) квотаның, сондай-ақ тарифтік квотаның бітуі не олардың болмауы (квоталанатын тауарларға лицензия ресімделген жағдайда);
6) қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның енгізілмеуі;

10

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

1) Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттiк қызмет көрсетудің мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға және бiрыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777 арқылы алуға мүмкіндігі бар.
2) мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері туралы анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында көрсетілген www. beta. egov. kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі.

  "Жекелеген тауар түрлерінің
импортына және (немесе)
экспортына лицензия беру"
мемлекеттiк қызметті
көрсету қағидаларына
4-қосымша
  нысан



  "Жекелеген тауар түрлерінің
импортына және (немесе)
экспортына лицензия беру"
мемлекеттiк қызметті
көрсету қағидаларына
5-қосымша
  нысан



  "Жекелеген тауар түрлерінің
импортына және (немесе)
экспортына лицензия беру"
мемлекеттiк қызметті
көрсету қағидаларына
6-қосымша
  нысан



  Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрінің
2020 жылғы 16 наурыздағы
№ 51-НҚ бұйрығына
2-қосымша

"Қазақстан Республикасының аумағында тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына рұқсат беру" мемлекеттiк қызметті көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Қазақстан Республикасының аумағында тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына рұқсат беру" мемлекеттiк қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі әзірлеген және Қазақстан Республикасының аумағында тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына рұқсат беру тәртібін айқындайды (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер).

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) Бiрыңғай байланыс орталығы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша – ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;

      2) мемлекеттік қызмет көрсету стандарты – мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;

      3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;

      4) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;

      5) рұқсат – автоматты түрде лизенциялау (байқау) белгіленген тауар нысанасы болып табылатын сыртқы сауда шартының (келісімшартының) негізінде сыртқы сауда қызметіне қатысушыға берілетін арнайы құжат.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) портал арқылы көрсетеді.

      Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.

      4. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаға сәйкес ресімделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына рұқсат беру жобасының электрондық көшірмесі бар сұрау жолдайды.

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркеуі немесе жеке кәсіпкер ретінде қызмет бастауы туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті алушыдан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі құжаттар тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты нысанында баяндалған.

      Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      5. "Е-лицензиялау" көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша 1 (бір) жұмыс күні ішінде, көрсетілетін қызметті берушінің қатысуынсыз "Е-лицензиялауда" сақталған көрсетілетін қызметті берушінің басшысының ЭЦҚ қою арқылы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін толық автоматты түрде өңдейді және қалыптастырады.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" Қағидаларға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      7. Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда көрсетілетін қызметті беруші техникалық ақау анықталған сәттен бастап дереу "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы, өтініш бойынша әкімшілік құжаттың нөмірі және коды, немесе өтініштің бірегей сәйкестендіру нөмірі, әкімшілік құжаттың нөмірі және коды, немесе рұқсат құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі, көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі бойынша ақпаратты міндетті түрде көрсету арқылы, авторизациялау сәтінен бастап қатенің нақты уақытын көрсете отырып, қате пайда болған сәтке дейінгі қадамдық скриншоттарды қоса бере отырып бірыңғай қолдау қызметі sd@nitec.kz электрондық поштасына сұрау салуды жіберу арқылы хабардар етеді.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      9. Мемлекеттiк көрсетілген қызметтiң нәтижелерiмен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

  "Қазақстан Республикасының
аумағына жекелеген тауарлар
түрлерін экспорттауға және
(немесе) импорттауға рұқсат
беру" мемлекеттiк қызметті
көрсету қағидаларына
1-қосымша
  нысан

Жекелеген тауарлар түрлерiнiң экспортына рұқсат беру жобасы

Уәкілетті орган

1. № рұқсат

2. Қолданылу кезеңі
ЖЖЖ.КК.АА-дан бастап
ЖЖЖ.КК.АА. қоса алғанға дейін

3. Рұқсаттың типі
| ЭКСПОРТ

4. № келісімшарт

5. Өтініш беруші |

6. Сатып алушы

7. Шығарылған елі |

8. Сатып алушының елі |

9. Келісімшарт валютасы |

10. Құны

11. Статистикалық құны

12. Шығарылған елі |

13. Саны

14.Өлшем бірлігі

15. СЭҚ БТН бойынша тауар коды және оның сипаттамасы |

16. Қосымша ақпарат

17. Өтініш берушінің уәкiлетті адамы
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Лауазымы
Телефоны

18. Уәкілетті адам
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Лауазымы

      Ескертпе. Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына лицензия беру туралы өтінішті көрсетілетін қызметті алушы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 6 қарашадағы № 199 шешімімен бекітілген Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына рұқсатты ресімдеу туралы нұсқаулығына қатаң сәйкестікте толтырады.

      КК.АА.ЖЖЖЖ – КК – күн, АА – ай, ЖЖ – жыл.

      СЭҚ БТН – Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасы.

  "Қазақстан Республикасының
аумағына жекелеген тауарлар
түрлерін экспорттауға және
(немесе) импорттауға рұқсат
беру" мемлекеттiк қызметті
көрсету қағидаларына
2-қосымша
  нысан

Жекелеген тауарлар түрлерiнiң импортына рұқсат беру жобасы

Уәкілетті орган

1. № рұқсат

2. Қолданылу кезеңі бастап қоса алғанға дейін

3. Рұқсаттың типі
| ИМПОРТ

4. дейін № келісімшарт

5. Өтініш беруші |

6. Сатушы

7. Жөнелту елі |

8. Сатушының елі |

9. Келісімшарт валютасы |

10. Құны

11. Статистикалық құны

12. Шығарылған елі |

13. Саны

14.Өлшем бірлігі

15. СЭҚ БТН бойынша тауар коды және оның сипаттамасы |

16. Қосымша ақпарат

17. Өтініш берушінің уәкiлетті адамы
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Лауазымы
Телефоны

18. Уәкілетті адам
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Лауазымы

      Ескертпе. Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына лицензия беру туралы өтінішті көрсетілетін қызметті алушы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 6 қарашадағы № 199 шешімімен бекітілген Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына рұқсатты ресімдеу туралы нұсқаулығына қатаң сәйкестікте толтырады.

      КК.АА.ЖЖЖЖ – КК – күн, АА – ай, ЖЖ – жыл.

      СЭҚ БТН – Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасы.

  "Қазақстан Республикасының
аумағына жекелеген тауарлар
түрлерін экспорттауға және
(немесе) импорттауға рұқсат
беру" мемлекеттiк қызметті
көрсету қағидаларына
3-қосымша

"Қазақстан Республикасының аумағына жекелеген тауарлар түрлерін экспорттауға және (немесе) импорттауға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет нәтижесін беру "электрондық үкіметтің" веб-порталы www. egov. kz, www. eli cens e. kz. арқылы жүзеге асырылады.




3

Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзімдері

Мемлекеттiк қызмет тіркелген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнін құрайды.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - Қазақстан Республикасының аумағына жекелеген тауарлар түрлерін экспорттауға және (немесе) импорттауға рұқсат.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызмет алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

1) Порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, құжаттарды қабылдау тәулік бойы жүзеге асырылады (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштер қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) Көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған: www. beta. egov. kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер".

8

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 1 немесе 2-қосымшаға сәйкес рәсімделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына рұқсат беру жобасының электрондық көшірмесі бар сұрау жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алған күні көрсетіле отырып, өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

9

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттiк қызмет көрсетудің мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға және бiрыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777 арқылы алуға мүмкіндігі бар.
2) мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері туралы анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Сауда жән интеграция министрлігінің интернет-ресурсында көрсетілген www. beta. egov. kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі.

  "Қазақстан Республикасының
аумағына жекелеген тауарлар
түрлерін экспорттауға және
(немесе) импорттауға рұқсат
беру" мемлекеттiк қызметті
көрсету қағидаларына
4-қосымша
  нысан



  "Қазақстан Республикасының
аумағына жекелеген тауарлар
түрлерін экспорттауға және
(немесе) импорттауға рұқсат
беру" мемлекеттiк қызметті
көрсету қағидаларына
5-қосымша
  нысан



  Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрінің
2020 жылғы 16 наурыздағы
№ 51-НҚ бұйрығына
3-қосымша

"Тауар биржалары қызметімен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттiк қызметті көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Тауар биржалары қызметімен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттiк қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағына және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі әзірлеген және тауар биржалары қызметімен айналысу құқығына лицензия беру тәртібін айқындайды (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер).

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) Бiрыңғай байланыс орталығы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша – ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;

      2) мемлекеттік қызмет көрсету стандарты – мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;

      3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;

      4) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) – төлемдерді электрондық нысанда көрсетілетін өтеулі қызметтер көрсету шеңберінде жүргізу туралы ақпарат беру процестерін автоматтандыратын ақпараттық жүйе;

      5) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;

      6) лицензия – лицензиар жеке немесе заңды тұлғаға қауіптіліктің жоғары деңгейіне байланысты лицензияланатын қызмет түрін не лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрін жүзеге асыруға беретін бірінші санаттағы рұқсат.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) портал арқылы көрсетіледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыларға ақылы негізде көрсетіледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсету үшін алым 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мөлшерлемелер және тәртіппен жүзеге асырылады.

      Алым сомасын төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда немесе ЭҮТШ арқылы жүзеге асырылады.

      4. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы:

      лицензия алу үшін:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, электрондық құжат нысанындағы, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) лицензиялық алымның төленгені туралы мәліметтер;

      3) Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2019 жығы 3 қыркүйектегі № 31 бұйрығымен бекітілген тауар биржаларының қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтердің электрондық нысаны (бұдан әрі – біліктілік талаптар).

      лицензияны қайта ресімдеу үшін:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландандырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      2) лицензиялық алымның төленгені туралы мәліметтер;

      3) алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың электрондық көшірмесі.

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті алушыдан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі құжаттар тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты нысанында баяндалған.

      Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      5. "Е-лицензиялау" көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша 1 (бір) жұмыс күні ішінде, көрсетілетін қызметті берушінің қатысуынсыз "Е-лицензиялауда" сақталған көрсетілетін қызметті берушінің басшысының ЭЦҚ қою арқылы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін толық автоматты түрде өңдейді және қалыптастырады.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес жіберіледі.

      7. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың негіздері:

      1) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңымен жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін тыйым салынған қызмет түрімен айналысу;

      2) лицензиялық алым енгізілмеген;

      3) өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;

      4) лицензиар тиісті келісуші мемлекеттік органнан өтініш берушінің лицензиялау кезінде қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні туралы жауап алған;

      5) өтініш берушіге қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар болған;

      6) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш беруші-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған жағдайлар.

      8. Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда көрсетілетін қызметті беруші техникалық ақау анықталған сәттен бастап дереу "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы, өтініш бойынша әкімшілік құжаттың нөмірі және коды, немесе өтініштің бірегей сәйкестендіру нөмірі, әкімшілік құжаттың нөмірі және коды, немесе рұқсат құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі, көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі бойынша ақпаратты міндетті түрде көрсету арқылы, авторизациялау сәтінен бастап қатенің нақты уақытын көрсете отырып, қате пайда болған сәтке дейінгі қадамдық скриншоттарды қоса бере отырып бірыңғай қолдау қызметі sd@nitec.kz электрондық поштасына сұрау салуды жіберу арқылы хабардар етеді.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      9. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      10. Мемлекеттiк көрсетілген қызметтiң нәтижелерiмен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының сотқа жүгінуге құқығы бар.

  "Тауар биржалары қызметімен
айналысу құқығына лицензия
беру" мемлекеттiк қызметті
көрсету қағидаларына
1-қосымша
  нысан

Лицензияны алуға арналған өтiнiш

      ________________________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      ________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы,

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған

      жағдайда - шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру

      нөмірі)

      ________________________________________________________________________

      (қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері) толық атауы көрсетiлсiн)

      ________________________________________________________________________

      _________________________ жүзеге асыруға лицензияны және (немесе)

      лицензияға қосымшаны қағаз тасығышта ______ (лицензияны қағаз тасығышта

      алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек) беруiңiздi сұраймын.

      Заңды тұлғаның мекенжайы ________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      (шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді

      мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      Электрондық пошта________________________________________________________

      Телефондары

      Факс _____________________________________________________________________

      Банк шоты ________________________________________________________________

      (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы

      __________________________________________________________________________

      (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат

      (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      ______ парақта қоса беріліп отыр.

      Осымен:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;

      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;

      өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;

      өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлық қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда).

      Басшы________ _________________________________________________

      (қолы)       (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      Мөр орны (болған жағдайда)

      Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _________________

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      ____________20__ж."__"________(қолы)

  "Тауар биржалары қызметімен
айналысу құқығына лицензия
беру" мемлекеттiк қызметті
көрсету қағидаларына
2-қосымша
  нысан

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған өтiнiш

      _________________________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      __________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы,

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған

      жағдайда - шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру

      нөмірі)

      __________________________________________________ жүзеге асыруға (қызметтiң

      түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері) толық атауы)

      20___ жылғы " " ___________ № ____________, ______________ берілген, (лицензияны

      және (немесе) лицензияға қосымшаның(лардың) нөмірі(лері), берілген күні,

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды) берген лицензиардың

      атауы) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (керектің асты сызылсын)

      қағаз тасығышта ___ (лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда

      Х белгісін қою керек) мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті жолға Х қою қажет):

      1) заңды тұлға-лицензиат "Рұқсаттар және хабарламалар туралы"

      Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес

      (тиісті жолға Х қою қажет):

      бірігу ____

      қайта құру ____

      қосылу ____

      бөліп шығару ____

      бөліну ____ жолымен қайта ұйымдастырылуы

      2) заңды тұлға-лицензиат атауының өзгеруі _____________________________________

      3) заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жерінің өзгеруі ________________________

      4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы "Рұқсаттар және хабарламалар

      туралы" Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда,

      лицензиат үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "объектілерге берілетін

      рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы

      _____________________________________________

      5) "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензия үшін немесе

      лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей

      оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі ____________________________________

      6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған

      жағдайларда ______________________________________________________________

      7) қызмет түрінің атауы өзгеру _______________________________________________

      8) қызметтің кіші түрінің атауы өзгеруі ______________ қайта ресімдеуіңізді сұраймын.

      Заңды тұлғаның мекенжайы _________________________________________________

      _____________________________________________________________ _____________

      (заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, бизнес-

      сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда

      - шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      Электрондық пошта _______________________________________________________

      Телефондары ______________________________________________________________

      Факс _____________________________________________________________________

      Банк шоты ________________________________________________________________

      (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы

      __________________________________________________________________________

      (шетелдік заңды тұлға үшін - елі, пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы,

      елдімекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі) ______ парақта

      қоса беріліп отыр.

      Осымен:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;

      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;

      өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;

      өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлық қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда).

      Басшы _______ ___________________________________________________

      (қолы)       (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      Мөр орны (болған жағдайда)

      Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _________________

  "Тауар биржалары қызметімен
айналысу құқығына лицензия
беру" мемлекеттiк қызметті
көрсету қағидаларына
3-қосымша

"Тауар биржалары қызметімен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет нәтижесін беру "электрондық үкіметтің" веб-порталы www. egov. kz, www. eli cens e. kz. арқылы жүзеге асырылады




3

Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзімдері

Мемлекеттiк қызмет тіркелген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнін құрайды.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - жекелеген тауар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы электрондық құжат нысанындағы уәжделген жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызмет алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін алым 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мөлшерлемелер және тәртіппен жүзеге асырылады.
Алым ставкалары:
лицензия беру үшін – 10 (он) айлық есептік көрсеткішті;
қайта рәсімдеу үшін – 1 (бір) айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Алым сомасын төлеу қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы немесе "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады".

7

Жұмыс кестесі

1) Порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, құжаттарды қабылдау тәулік бойы жүзеге асырылады (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштер қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) Көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған: www. beta. egov. kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер"

8

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

Мемлекеттік қызметті алу үшін заңды тұлға лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, электрондық құжат нысанындағы, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) лицензиялық алымның төленгені туралы мәліметтер;
3) Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2019 жығы 3 қыркүйектегі № 31 бұйрығымен бекітілген тауар биржаларының қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтердің электрондық нысаны.
Мемлекеттік қызметті алу үшін заңды тұлға лицензияны қайта ресімдеу үшін көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысаны бойынша өтініш;
2) лицензиялық алымның төленгені туралы мәліметтер;
3) алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың электрондық көшірмесін жолдайды.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз

1) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңымен жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін тыйым салынған қызмет түрімен айналысу;
2) лицензиялық алым енгізілмеуі;
3) өтініш беруші Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2019 жылғы 3 қыркүйектегі №31 бұйрығымен бекітілген тауар биржаларының қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
4) лицензиар тиісті келісуші мемлекеттік органнан өтініш берушінің лицензиялау кезінде қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні туралы жауап алған;
5) өтініш берушіге қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар болған;
6) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш беруші-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған жағдайлар.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттiк қызмет көрсетудің мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға және бiрыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777 арқылы алуға мүмкіндігі бар.
2) мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері туралы анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Сауда жән интеграция министрлігінің интернет-ресурсында көрсетілген www. beta. egov. kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі.

  "Тауар биржалары қызметімен
айналысу құқығына лицензия
беру" мемлекеттiк қызметті
көрсету қағидаларына
4-қосымша
  Нысан



  "Тауар биржалары қызметімен
айналысу құқығына лицензия
беру" мемлекеттiк қызметті
көрсету қағидаларына
5-қосымша
  нысан



  Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрінің
2020 жылғы 16 наурыздағы
№ 51-НҚ бұйрығына
4-қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 347 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 19 мамырда № 11079 тіркелді, 2015 жылғы 22 мамырда "Әділет" құқықтық жүйеде жарияланған);

      2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 мамырдағы № 396 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11298 тіркелді, 2015 жылғы 23 маусымда "Әділет" құқықтық жүйеде жарияланған);

      3. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 347 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 29 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 23 ақпанда № 13177 болып тіркелді), 2016 жылғы 10 наурызда "Әділет" құқықтық жүйеде жарияланған);

      4. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 20 мамырдағы № 396 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 26 ақпандағы № 107 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 24 наурызда № 13519 болып тіркелді, 2016 жылғы 6 сәуір "Әділет" құқықтық жүйеде жарияланған);

      5. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 347 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 20 маусымдағы № 269 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 20 шілдеде № 13948 болып тіркелді, 2016 жылғы 1 тамызда "Әділет" құқықтық жүйеде жарияланған);

      6. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 мамырдағы № 396 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 20 маусымдағы № 247 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 19 шілдеде № 15349 болып тіркелді, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің анықтамалық бақылау банкінде 2017жылғы 31 шілдеде жарияланған);

      7. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 347 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 2 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 16 қаңтарда № 18199 болып тіркелді, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің анықтамалық бақылау банкінде 2019 жылғы 23 қаңтарда жарияланған);

      8. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 мамырдағы № 396 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 наурыздағы № 20 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 2 сәуірде № 18448 болып тіркелді, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің анықтамалық бақылау банкінде 2019 жылғы 9 сәуірде жарияланған).