Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 28 ақпандағы № 205 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 28 ақпанда № 20080 болып тіркелді.

Жаңартылған

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.03.2020 бастап қолданысқа енгізіледі.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторының сатып алу әдіснамасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық ресми жариялануға тиіс және 2020 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші Орынбасары -
Қаржы министрі
А. Смаилов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 28 ақпандағы
№ 205 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12590 болып тіркелген, 2015 жылғы 31 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):

      45-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "45-1. Баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде енгізіледі.

      Баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға бірнеше лот бойынша қатысу жағдайында әлеуетті өнім беруші өтінімді қамтамасыз етуді әрбір лот бойынша жеке ұсынады.

      Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің сәйкестігін әлеуетті өнім беруші баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінім берген кезде Веб-портал автоматты түрде айқындайды.";

      113-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "113. Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде енгізіледі.

      Конкурста бірнеше лот бойынша қатысу жағдайында әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді әрбір лот бойынша жеке-жеке ұсынуға құқылы.

      Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің сәйкестігін әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінім берген кезде Веб-портал автоматты түрде айқындайды.";

      144-тармақ алынып тасталсын;

      147, 148 және 149-тармақтар алынып тасталсын;

      311-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "311. Аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету аукцион тәсілімен тауарларды сатып алу үшін бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде енгізіледі.

      Аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің сәйкестігін әлеуетті өнім беруші аукционға қатысуға өтінім берген кезде Веб-портал автоматты түрде айқындайды.";

      339-тармақ алынып тасталсын;

      342 және 343-тармақтар алынып тасталсын;

      367-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "367. Конкурс (аукцион) тәсілімен қайта мемлекеттік сатып алу осы конкурсқа (аукционға) қатысуға ұсынылған өтінімдердің болмауы себебінен жүргізілмеді деп танылған жағдайда, ұйымдастырушы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде веб-портал арқылы тапсырыс беруші осы Қағидалардың 378-1, 378-2 және 378-3-тармақтарының қағидалары бойынша айқындаған әлеуетті өнім берушіге шақыру жібереді.";

      445-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "445. Әлеуетті өнім берушінің қаржылық тұрақтылығы түріндегі біліктілік талабы құны республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен асатын жұмыстардың барлық түрлері бойынша алдын ала біліктілік іріктей отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушілерге қойылады.";

      447-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "447. Құны республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен асатын жұмыстардың барлық түрлері бойынша алдын ала біліктілік іріктеумен конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім беруші, егер ол жиынтығында мынадай шарттарға сәйкес келсе, қаржылық орнықты деп танылады:

      1) әлеуетті өнім берушінің кірістері өткен жылдың алдындағы үш жылдың ішінде мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманың кемінде екіден бір бөлігін құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына бекітілген айлық есептік көрсеткіштің төрт жүз мың еселенген мөлшерінен аспайды;

      2) төленген салықтардың көрсеткіші мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректері бойынша есептелетін алдыңғы жылдың алдындағы үш жылдың ішінде әлеуетті өнім берушінің кірісінен кемінде үш пайызды құрайды.

      Осы Қағидалардың мақсаттары үшін төленген салықтар көрсеткішінің есебі мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің мәліметіне сәйкес мынадай формула бойынша айқындалады:

      ТСК = ТС / КС х 100%,

      мұнда:

      ТСК - төленген салықтардың көрсеткіші;

      ТС-есептелетін үш жылдық кезең үшін төленген салықтарының сомасы;

      КС-есептелетін үш жылдық кезең үшін әлеуетті өнім берушінің кіріс сомасы;

      3) әлеуетті өнім берушінің негізгі құралдарының орташа құны өткен жылдың алдындағы үш жылдың ішінде мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманың кемінде он бестен бір бөлігін құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына бекітілген айлық есептік көрсеткіштің төрт жүз мың еселенген мөлшерінен аспайды;

      4) әлеуетті өнім берушінің қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қоры өткен жылдың алдындағы үш жылдың ішінде мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманың кемінде он бестен бір бөлігін құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына бекітілген айлық есептік көрсеткіштің төрт жүз мың еселенген мөлшерінен аспайды.";

      Қағидаларға 4-қосымшада:

      55-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "55. Веб-портал конкурсқа қатысушылардың бастапқы бағаларын бағалау мен салыстыруды автоматы түрде жүргізеді:

      Қағидаларға сәйкес айқындалатын демпингтік баға есептеледі;

      конкурсқа қатысушылардың шартты бағалары салыстырылады, ең төмен шартты бағаның негізінде конкурс жеңімпазы, ең төмен шартты бағадан кейінгі бағаның негізінде екінші орын алған әлеуетті өнім беруші айқындалады;

      конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес веб-портал автоматты түрде айқындайтын, төленген салықтардың үлкен көрсеткіші бар конкурсқа қатысушы жеңімпаз деп танылады;

      төленген салықтардың көрсеткіштері тең болған кезде қатысуға өтінім басқа әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерінен бұрын түскен конкурсқа қатысушы жеңімпаз деп танылады.";

      Қағидаларға 4-1-қосымша, білікті әлеуетті өнім берушілер тізбесіне енгізу шарттары Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының тізбесіне 1-қосымшаға (бұдан әрі - Тізбесі) сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Қағидаларға 19-қосымшаның 5.1.-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Егер Тауар Қазақстанда шығарылған жағдайда, онда белгіленген үлгіде "СТ-KZ" Тауардың шығарылуы туралы сертификаттың түпнұсқасы немесе көшірмесі, не уәкілетті ұйым растаған көшірмесі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 155 бұйрығымен бекітілген Тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою жөніндегі қағидалармен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10947 болып тіркелген) (бұдан әрі - Тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою жөніндегі қағидалары ) сәйкес беріледі

      Бұл ретте, егер жеткізілетін қазақстандық тауарлардың көлемі екі және одан көп бірлікті құраса, онда белгіленген үлгідегі түпнұсқасы немесе көшірмесі не жеткізілетін көлемге (үлгіге берілген сертификатты қоспағанда) немесе сериялық өндіріс өніміне тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою жөніндегі қағидаларға сәйкес берілген "СТ-KZ" тауардың шығу тегі туралы сертификаттың Уәкілетті ұйым куәландырған көшірмесі ұсынылады.

      Егер Тауар шетелде шығарылған болса, онда шығарған елдің тиісті органы белгілеген тәртіппен берген Тауардың шығуы туралы тиісті сертификаттың тұпнұсқасы немесе нотариалды расталған көшірмесі беріледі.".

      2. "Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 521 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18768 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 15 маусымда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      осы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі жаңа редакцияда жазылсын.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      3-тармақтың күшін жою көзделген - ҚР Қаржы министрінің 15.08.2024 № 546 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 798 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізімінде № 19121 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 6 тамызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      осы Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі жаңа редакцияда жазылсын.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша
  Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
4-1-қосымша

Білікті әлеуетті өнім берушілердің тізбесіне қосу шарттары

Тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің атауы

Тізбеге қосу шарттары

Ескерту

1

Құны республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен асатын жұмыстар

Қаржылық орнықты болу

Әлеуетті өнім берушінің көрсетілген талапқа сәйкестігі осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен веб-порталда автоматты түрде айқындалады

2

Жиһаз өнімдері

"Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жиһаз өнімдерінің тауарларын өндірушілеріне беретін тиісті индустриалдық сертификатының бар болуы

Әлеуетті өнім берушінің көрсетілген талапқа сәйкестігі "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының деректерінің негізінде веб-порталда автоматты түрде айқындалады

3

Жеңіл өнеркәсіп тауарлары

"Атамекен" Қазақстан РеспубликасыныңҰлттықкәсіпкерлерпалатасыныңжеңілөнеркәсіптауарларыныңөндірушілерінеберетінтиістіиндустриалдықсертификатының бар болуы

Әлеуетті өнім берушінің көрсетілген талапқа сәйкестігі "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының деректерінің негізінде веб-порталда автоматты түрде айқындалады

4

Сенім білдірілген бағдарламалық қамтамасыз етудің және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне енгізілген, бағдарламалық қамтамасыз етуге және электрондық өнеркәсіп өнімінің санатына (ақпараттандыру объектілерінің сыныптауыштарына сәйкес) жататын тауарлар

Әлеуетті өнім берушінің тауары ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган қалыптастыратын сенім білдірілген бағдарламалық қамтамасыз етудің және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімінде болуы

Әлеуетті өнім берушінің көрсетілген талапқа сәйкестігі сенім білдірілген бағдарламалық қамтамасыз етудің және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімін қалыптастыратын, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның деректерінің негізінде веб-порталда автоматты түрде айқындалады

5

Ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту жөніндегі қызметтер

"Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы берген тиісті индустриалдық сертификатының бар болуы

Әлеуетті өнім берушінің көрсетілген талапқа сәйкестігі "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының деректерінің негізінде веб-порталда автоматты түрде айқындалады

6

Жеңiл автомобильдер және жүк-жолаушы автомобильдер-фургондарды және жарыс автомобильдерін қоса алғанда, негiзiнен адамдарды тасымалдауға арналған өзге де моторлы көлiк құралдары (8702 тауар позициясының моторлы көлік құралдарынан басқа)

"Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен берілген тиісті индустриалдық сертификатының бар болуы

Әлеуетті өнім берушінің көрсетілген талапқа сәйкестігі "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының деректерінің негізінде веб-порталда автоматты түрде айқындалады

7

Электр трансформаторлары, статикалық электр өзгерткіштері, түзеткіштер, индуктивтілік орауыштар және дроссельдер

"Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен берілген тиісті индустриалдық сертификатының бар болуы

Әлеуетті өнім берушінің көрсетілген талапқа сәйкестігі "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының деректерінің негізінде веб-порталда автоматты түрде айқындалады

8

Оқшауланған сымдар (эмальданғандарын немесе анодталғандарын қоса алғанда), кабельдер (коаксиальды кабельдерді қоса алғанда) мен басқа да жалғағыш тетіктері бар немесе жоқ оқшауланған электр өткізгіштер; олардың электр өткізгіштермен немесе жалғағыш тетіктермен бірге болғанына немесе болмағанына қарамастан, жеке қабыршағы бар талшықтардан құралған талшықты-оптикалық кабельдер

"Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен берілген тиісті индустриалдық сертификатының бар болуы

Әлеуетті өнім берушінің көрсетілген талапқа сәйкестігі "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының деректерінің негізінде веб-порталда автоматты түрде айқындалады

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 31 мамырдағы
№ 521 бұйрығымен
бекітілген

Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі

Атауы

1.

Құны республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен асатын жұмыстар

2.

ЖиҺаз өнімі

3.

Жеңіл өнеркәсіп тауарлары

4.

Сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету және электрондық өнеркәсіп өнімі тізіліміне енгізілген бағдарламалық қамтамасыз ету және электрондық өнеркәсіп өнімдері санаттарына жататын тауарлар (ақпараттандыру объектілерінің сыныптауышына сәйкес)

5.

Ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту жөніндегі қызметтер

6.

Жеңiл автомобильдер және жүк-жолаушы автомобильдер-фургондарды және жарыс автомобильдерін қосаалғанда, негiзiнен адамдарды тасымалдауға арналған өзге де моторлы көлiк құралдары (8702 тауар позициясының моторлы көлік құралдарынан басқа)

7.

Электр трансформаторлары, статикалық электрөзгерткіштері, түзеткіштер, индуктивтілік орауыштар және дроссельдер

8.

Оқшауланғансымдар (эмальданғандарын немесе анодталғандарын қосаалғанда), кабельдер (коаксиальды кабельдерді қосаалғанда) мен басқа да жалғағыштетіктері бар немесе жоқоқшауланған электрөткізгіштер; олардың электрөткізгіштермен немесе жалғағыш тетіктермен бірге болғанына немесе болмағанынақарамастан, жекеқабыршағы бар талшықтардан құралғанталшықты-оптикалық кабельдер

      Ескертпе:

      1. "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 31-бабының 1-тармағына сәйкес олар бойынша мемлекеттік сатып алу алдын ала біліктілікті іріктей отырып конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша мемлекеттік сатып алуды өткізу Заңның 39-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды;егер біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылса, тапсырыс беруші осындай мемлекеттік сатып алуды жалпы негізде жүзеге асыруға құқылы.

      2. Осы тізбенің 2-8 - тармақтары бойынша алдын ала біліктілік іріктеуі бар конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда, тапсырыс берушілер мұндай мемлекеттік сатып алуды Заңның 13-бабында айқындалған өзге де тәсілдермен жүзеге асыруға құқылы.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 29 шілдедегі
№ 798 бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі

Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілі

1.

Құны республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен асатын жұмыстар

Алдын ала біліктілік іріктеумен жүргізілетін конкурс

2.

ЖиҺаз өнімі

Алдын ала біліктілік іріктеумен жүргізілетін конкурс

3.

Жеңіл өнеркәсіп тауарлары

Алдын ала біліктілік іріктеумен жүргізілетін конкурс

4.

Сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету және электрондық өнеркәсіп өнімі тізіліміне енгізілген бағдарламалық қамтамасыз ету және электрондық өнеркәсіп өнімдері санаттарына жататын тауарлар (ақпараттандыру объектілерінің сыныптауышына сәйкес)

Алдын ала біліктілік іріктеумен жүргізілетін конкурс

5.

Ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту жөніндегі қызметтер

Алдын ала біліктілік іріктеумен жүргізілетін конкурс

6.

Жеңiл автомобильдер және жүк-жолаушы автомобильдер-фургондарды және жарыс автомобильдерін қоса алғанда, негiзiнен адамдарды тасымалдауға арналған өзге де моторлы көлiк құралдары (8702 тауар позициясының моторлы көлік құралдарынан басқа)

Алдын ала біліктілік іріктеумен жүргізілетін конкурс

7.

Электр трансформаторлары, статикалық электр өзгерткіштері, түзеткіштер, индуктивтілік орауыштар және дроссельдер

Алдын ала біліктілік іріктеумен жүргізілетін конкурс

8.

Оқшауланған сымдар (эмальданғандарын немесе анодталғандарын қоса алғанда), кабельдер (коаксиальды кабельдерді қоса алғанда) мен басқа да жалғағыш тетіктері бар немесе жоқ оқшауланған электр өткізгіштер; олардың электр өткізгіштермен немесе жалғағыш тетіктермен бірге болғанына немесе болмағанына қарамастан, жеке қабыршағы бар талшықтардан құралған талшықты-оптикалық кабельдер

Алдын ала біліктілік іріктеумен жүргізілетін конкурс

      Ескертпе:

      1. "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 31-бабының 1-тармағына сәйкес олар бойынша мемлекеттік сатып алу алдын ала біліктілікті іріктей отырып конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша мемлекеттік сатып алуды өткізу Заңның 39-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды; егер біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылса, тапсырыс беруші осындай мемлекеттік сатып алуды жалпы негізде жүзеге асыруға құқылы.

      2. Осы тізбенің 2-8 - тармақтары бойынша алдын ала біліктілік іріктеуі бар конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда, тапсырыс берушілер мұндай мемлекеттік сатып алуды Заңның 13-бабында айқындалған өзге де тәсілдермен жүзеге асыруға құқылы.