Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 798 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 30 шілдеде № 19121 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың күшін жою көзделген - ҚР Қаржы министрінің 15.08.2024 № 546 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 14.03.2022 № 275 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.

      2. "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 28 ақпандағы № 154 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18364 болып тіркелген, 2019 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу заңнамасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және Тізбенің 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағын, сондай-ақ Тізбенің 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 4 және 5-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары -
Қазақстан Республикасы Қаржы министрі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 29 шілдедегі
№ 798 бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 07.12.2023 № 1263 (01.02.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілі

1.

Сенім білдірілген бағдарламалық қамтамасыз ету және электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізіліміне енгізілген бағдарламалық қамтамасыз ету және электрондық өнеркәсіп өнімдері санаттарына (ақпараттандыру объектілерінің сыныптауышына сәйкес) жататын тауарлар және осы тауарларды уақытша пайдалану жөніндегі ақпараттық-коммуникациялық қызметтер.

Алдын ала біліктілік іріктеумен жүргізілетін конкурс

2.

Құрылыс-монтаждау жұмыстары.

Рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурсы

3.

Жобалау-сметалық (үлгілік жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеу жөніндегі жұмыстар

Рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурсы

4.

Техникалық-экономикалық негіздеме мен қала құрылысы жобаларын әзірлеу жөніндегі жұмыстар.

Конкурс

5.

Объектілер құрылысы жобаларына кешенді ведомстводан тыс сараптама бойынша жұмыстар.

Конкурс

6.

Техникалық қадағалау және (немесе) жобаларды басқару жөніндегі инжинирингтік қызметтер

Рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурсы