ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бірлескен бұйрық 06.05.2020 бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Астық нарығын реттеу, мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 259 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 63 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 19025 болып тіркелген, 2019 жылғы 19 шілдеде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
6) тармақша алып тасталсын;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) осы бірлескен бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес мақта сапасын сараптау жөніндегі аккредиттелген сынақ зертханалары (орталықтар) үшін мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы тексеру парағы бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы тәуекел дәрежелерін бағалау өлшемшарттарында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Тәуекелдің жоғары дәрежелеріне жатқызылмағандарға мақта сапасын сараптау жөніндегі аккредиттелген сынақ зертханалары (орталықтар) жатады.";
көрсетілген бірлескен бұйрыққа 7-қосымша осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық ресми жариялауға жатады және 2020 жылғы 6 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Ұлттық экономика министрі | __________Р. Даленов |
Қазақстан Республикасының | |
Ауыл шаруашылығы министрі | __________С. Омаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасы Құқықтық
статистика және арнайы есепке
алу жөніндегі комитеті
Мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы тексеру парағы
мақта сапасын сараптау жөніндегі аккредиттелген сынақ зертханалар (орталықтар) үшін:
__________________________________________________________________________
(бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы)
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган _____________________________________
__________________________________________________________________________
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып тексеру/профилактикалық бақылау
тағайындау туралы акт
__________________________________________________________________________
(№, күні)
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы ______________________________________
__________________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы ______________________________________________
№ | Талаптар тізбесі | Талап етіледі | Талап етілмейді | Қойылатын талаптарға сәйкес келеді | Қойылатын талаптарға сәйкес келмейді |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | Сынамаларды іріктеу актілерінің болуы | ||||
2 | Шитті мақта сынамаларын тіркеу журналының болуы | ||||
3 | Шитті мақта сапасы туралы куәліктерді тіркеу журналының болуы | ||||
4 | Шитті мақта сапасы туралы куәліктердің ресімделуін жүзеге асыру | ||||
5 | Шитті мақта сапасы туралы берілген куәліктердің көшірмелерін бір жыл бойы сақтау | ||||
6 |
Тиеп-жөнелтілген және сақталынатын партияларға шитті мақта сынамаларын мынадай мерзім ішінде сақтау: | ||||
7 | Сапа жөнінде келіспеушіліктер кезінде, келіспеушіліктерді қарау толық аяқталғанға дейін тиеп-жөнелтілген және сақталынатын партияларға шитті мақта сынамаларының сақталуы |
Лауазымды адам (-дар)________________________________ ___________
(лауазымы) (қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
________________________________________________________ ________
(лауазымы) (қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Бақылау субъектісінің (объектісінің) басшысы
________________________________________________________________
(лауазымы) (қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)