"Астық нарығын реттеу, мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 259 және Қазақстан Республика

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 19 ақпандағы № 56 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 24 ақпандағы № 10 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 27 ақпанда № 20074 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бірлескен бұйрық 06.05.2020 бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Астық нарығын реттеу, мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 259 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 63 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 19025 болып тіркелген, 2019 жылғы 19 шілдеде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақта:

      6) тармақша алып тасталсын;

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) осы бірлескен бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес мақта сапасын сараптау жөніндегі аккредиттелген сынақ зертханалары (орталықтар) үшін мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы тексеру парағы бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы тәуекел дәрежелерін бағалау өлшемшарттарында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Тәуекелдің жоғары дәрежелеріне жатқызылмағандарға мақта сапасын сараптау жөніндегі аккредиттелген сынақ зертханалары (орталықтар) жатады.";

      көрсетілген бірлескен бұйрыққа 7-қосымша осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық ресми жариялауға жатады және 2020 жылғы 6 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі __________Р. Даленов
      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі __________С. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасы Құқықтық

      статистика және арнайы есепке

      алу жөніндегі комитеті

  Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің
2020 жылғы 19 ақпандағы"
№ 56 және Қазақстан
Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2020 жылғы 24 ақпандағы
№ 10 бірлескен бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2019 жылғы 10 шілдедегі
№ 259 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 12 шілдедегі
№ 63 бірлескен бұйрығына
7-қосымша

Мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы тексеру парағы

      мақта сапасын сараптау жөніндегі аккредиттелген сынақ зертханалар (орталықтар) үшін:

      __________________________________________________________________________

      (бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы)

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган _____________________________________

      __________________________________________________________________________

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып тексеру/профилактикалық бақылау

      тағайындау туралы акт

      __________________________________________________________________________

      (№, күні)

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы ______________________________________

      __________________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы ______________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Қойылатын талаптарға сәйкес келеді

Қойылатын талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1

Сынамаларды іріктеу актілерінің болуы





2

Шитті мақта сынамаларын тіркеу журналының болуы





3

Шитті мақта сапасы туралы куәліктерді тіркеу журналының болуы





4

Шитті мақта сапасы туралы куәліктердің ресімделуін жүзеге асыру





5

Шитті мақта сапасы туралы берілген куәліктердің көшірмелерін бір жыл бойы сақтау





6

Тиеп-жөнелтілген және сақталынатын партияларға шитті мақта сынамаларын мынадай мерзім ішінде сақтау:
1) тиеп-жөнелтілген және сақталынатын партияларға - шитті мақтаның сапасы туралы куәліктің қолданылуы мерзімі ішінде;
2) сапа бойынша келіспеушіліктер болған жағдайда - келіспеушіліктерді қарау толығымен аяқталғанға дейін





7

Сапа жөнінде келіспеушіліктер кезінде, келіспеушіліктерді қарау толық аяқталғанға дейін тиеп-жөнелтілген және сақталынатын партияларға шитті мақта сынамаларының сақталуы





      Лауазымды адам (-дар)________________________________ ___________

      (лауазымы) (қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      ________________________________________________________ ________

      (лауазымы) (қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) басшысы

      ________________________________________________________________

      (лауазымы) (қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)