"Аумақты аймақтарға бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 767 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 қаңтардағы № 25 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 ақпанда № 19990 болып тіркелді.

Қолданыстағы
      БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Аумақты аймақтарға бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 767 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6027 болып тіркелген, 2010 жылы 7 шілдеде Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағының № 10 санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Өңірлендіру, аумақты аймақтарға, компартментке бөлу қағидаларын бекіту туралы";
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қоса беріліп отырған Өңірлендіру, аумақты аймақтарға, компартментке бөлу қағидалары бекітілсін.";
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аумақты аймақтарға бөлу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
С. Омаров

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2020 жылғы 30 қаңтары
№ 25 бұйрығына қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының
2009 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 767 бұйрығымен
бекітілген

Өңірлендіру, аумақты аймақтарға, компартментке бөлу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Өңірлендіру, аумақты аймақтарға, компартментке бөлу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабы 24) тармақшасына сәйкес әзірленді және өңірлендіру, аумақты аймақтарға, компартментке бөлудің тәртібін айқындайды.
      2. Қағидалар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына, ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосына (бұдан әрі – ведомство), сондай-ақ қызметтерi белгіленген аймақтар, компартмент және өңірлендіру аумағында жүзеге асырылатын жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) өңір – жануарлардың субпопуляциясы ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауға жататын объектілерді бақылау (қадағалау), олардың профилактикасы, жойылуы және биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ветеринариялық-санитариялық шаралары қабылданатын жұқпалы ауру бойынша белгілі бір зоосанитариялық мәртебеге ие әкімшілік-аумақтық бірлік аумағының әкімшілік шекараларымен шектелген бөлігі;
      2) өңірлендіру – жануарлардың субпопуляциясы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауға жататын объектілерді ветеринариялық бақылау мен қадағалау, олардың профилактикасы, жойылуы және биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қолданылатын жұқпалы ауру бойынша белгілі бір зоосанитариялық мәртебеге ие болатын мемлекеттің немесе оның әкімшілік-аумақтық бірлігінің (ауыл, кент, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс) мәртебесін айқындау процесі;
      3) компартмент – сауда мақсатында ветеринариялық бақылау мен қадағалау, профилактика және биологиялық қауіпсіздік шаралары қолданылатын бір немесе бірнеше ауру бойынша белгілі бір зоосанитариялық мәртебеге ие, биологиялық қауіпсіздікті басқарудың бірыңғай жүйесі бар бір немесе бірнеше мал өсіру шаруашылығы жануарларының субпопуляциясы.
      Компартментке жануарлардан алынатын өнімнің залалсыздандырылуына кепілдік беретін технологиялық сатылардан өткен, жануарлардан алынатын өнім ғана сақталатын немесе өңделетін объектілерді қоспағанда, аумақтарында көрсетілген мал өсіру шаруашылықтарында күтіп-бағылатын жануарларды сою, сондай жануарлардан алынатын өнімді өңдеу мен сақтау жүзеге асырылатын объектілер жатуы мүмкін;
      4) компартменттеу – мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауға жататын объектілердің биологиялық қауіпсіздігін басқару жүйесін бағалау үшін жүзеге асырылатын рәсім.
      4. Өңірлендіру, аумақты аймақтарға, компартментке бөлу "Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 9891 болып тіркелген) бекітілген Профилактикасы, диагностикасы және жойылуы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) енгізілген аса қауіпті аурулар бойынша жүзеге асырылады.
      5. Өңірлендіру, аумақты аймақтарға, компартментке бөлу:
      1) басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуының алдын алу;
      2) ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау;
      3) халықаралық сауданы жүзеге асыру үшін жүргізіледі.
      6. Жануарлардың жұқпалы ауруларының таралуына (туындауына) және өткізілетін ветеринариялық іс-шараларға қарай аймақтардың мынадай типтері анықталады:
      1) саламатты аймақ;
      2) бақылау аймағы;
      3) буферлік (қорғаныш) аймақ;
      4) саламатсыз аймақ;
      5) Қазақстан Республикасымен ратификацияланған халықаралық шарттарға сәйкес айқындалған өзге де аймақтар.

2-тарау. Жануарлардың аса қауіптi аурулары таралған (туындаған) кезде аумақты аймақтарға бөлу тәртібі

      7. Жануарлардың Тізбеге енген аса қауіптi аурулары таралған (туындаған) жағдайда аумақты аймақтарға бөлу:
      1) індет ошағын эпизоотиялық зерттеп-қарау (ауруға шалдығу деңгейі, инфекция көздерінің, тасымалдау факторларының, ауруға бейім жануарлардың болуы, індет ошағының шекарасын зерттеп-қарау, аурудың таралу дәрежесі және барысы, инфекция қоздырғышының таралу тәуекелі, жануарлардың немесе ауруға шалдығу мәртебесі әртүрлі жануарлардың немесе табынның аймақтар маңында топтануы);
      2) географиялық ерекшеліктер (өсімдіктер, ландшафт және басқа да географиялық ерекшеліктер);
      3) басқа факторлар (елді мекеннің, мал шаруашылығы объектілерінің, жануарлардың орналасу тығыздығы, инфрақұрылымның дамығандығы, жергілікті және республикалық маңызы бар трассалардың, темір жолдардың, порттардың, әуежайлардың, сауда жолдарының, өңдеу кәсіпорындарының болуы және басқа факторлар) негізінде жүзеге асырылады.
      8. Аймақтардың радиусы инфекция қоздырғышының түріне қарай белгіленеді, бірақ эпизоотиялық ошақ тіркелген жердің айналасынан 3 (үш) километрден кем болмауы тиіс.
      Аймақтардың радиусы осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген аймақтардың типтеріне байланысты өзгереді.
      9. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы аумақты бөлу туралы шешімді:
      1) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 7-1/86 бұйрығымен бекітілген Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10414 болып тіркелген) (бұдан әрі – Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидалары) сәйкес қабылданған тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдарының (әкімдерінің) шектеу іс-шараларын немесе карантинді белгілеу туралы шешімінің;
      2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас ветеринариялық-санитариялық инспекторы осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген аймақтардың типтерін есепке ала отырып анықтаған аса қауіпті инфекцияның таралу масштабының негізінде шығарады.
      10. Жануарлардың аса қауіпті ауруы тараған (туындаған) жағдайда, аумақты аймақтарға бөлуге Дүниежүзілік жануарлар саулығы ұйымының Жерүсті жануарларының саулығы кодексінің (бұдан әрі – ХЭБ кодексі) ұсынымдарына және (немесе) талаптарына, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 10 қарашадағы № 79 шешімімен бекітілген Жануарлардың аса қауіпті, карантиндік және зооноздық ауруларының профилактикасы, диагностикасы, оқшаулау және жою және өңірлендіру мен компартменттеу жүргізу кезінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара әрекеттесу тәртібіне (бұдан әрі – Тәртіп) сәйкес жүзеге асырылатын компартмент ескеріле отырып жол беріледі.
      Компартменттеуді есепке алу кезінде аумақты аймақтарға бөлу туралы шешімде ақпарат көрсетіледі.
      11. Аумақты аймақтарға бөлу туралы шешімде белгіленетін аймақтардың радиусы және аймақтардағы ауылдық округтер (елді мекендер) атаулары көрсетіледі.
      12. Аймақтар екі және одан көп облыстардың аумағын қамти отырып белгіленген кезде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдарының аумақты аймақтарға бөлу туралы шешімі қабылданады.
      13. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары аймақтарды белгілеуге қажетті негізгі параметрлерді көрсете отырып географиялық карта жасайды.
      14. Белгіленген аймақтан тыс жерде жаңа ауру ошағы пайда болған жағдайда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес белгіленген аймақтың шекарасын өзгерту туралы шешім қабылдайды.
      15. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік ведомствосының өңірлік бөлімшелері аумақты аймақтарға бөлу жүргізіліп жатқан инфекцияның түріне қарай және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11940 болып тіркелген) бекітілген Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға (бұдан әрі – Ветеринариялық-санитариялық қағидалар) сәйкес әрбір белгіленген аймаққа арналған арнайы ветеринариялық іс-шараларды әзірлейді.
      16. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының аумақты аймақтарға бөлу туралы шешімі тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органының (әкімдерінің) Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларына сәйкес қабылданған шектеу іс-шараларын немесе карантинді алып тастау туралы шешімі негізінде алынады.
      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органының аумақты аймақтарға бөлу туралы шешімі Заңның 27-бабы 4-тармағына сәйкес ведомство белгілеген шектеу іс-шаралары алып тасталған соң алынады.
      17. Республика аумағының міндетті түрде декларациялауға жататын аурулар тізіміне енгізілген аурулар бойынша саламаттылығын тану ХЭБ кодексінің ұсынымдарына және (немесе) талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

3-тарау. Жануарлардың аса қауіпті ауруларынан таза аумақты аймақтарға бөлу тәртібі

      18. Жануарлардың аса қауіпті ауруларынан таза әкімшілік-аумақтық бірліктерде оларда жүргізілетін ветеринариялық іс-шараларға (жануарларды вакциналау) қарай вакциналанатын саламатты аймақ және (немесе) вакциналанбайтын саламатты аймақ бөлінеді.
      19. Ведомство аумақты вакциналанатын саламатты аймаққа және (немесе) вакциналанбайтын саламатты аймаққа бөлу үшін:
      1) әкімшілік-аумақтық бірліктерде жануарлар ауруларының эпизоотологиясын және өткізілетін ветеринариялық іс-шараларды (жануарларды вакциналауды) зерделейді;
      2) жануарлардың аса қауіпті және экзотикалық ауруларының енуінің, туындауының және таралуының әлеуетті және орын алған қауіпті-қатерлерін талдайды.
      20. Аумақты вакциналанатын саламатты аймаққа және (немесе) вакциналанбайтын саламатты аймаққа бөлуге ХЭБ кодексінің ұсынымдарына және (немесе) талаптарына сәйкес жүзеге асырылатын компартмент ескеріле отырып жол беріледі.
      Компартменттеуді есепке алу кезінде аумақты аймақтарға бөлу туралы шешімде ақпарат көрсетіледі.
      21. Ведомство осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген іс-шараларды өткізгеннен кейін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына вакциналанатын саламатты аймаққа және (немесе) вакциналанбайтын саламатты аймаққа бөлу туралы ұсыныс енгізеді.
      Аумақты вакциналанатын саламатты аймаққа және (немесе) вакциналанбайтын саламатты аймаққа бөлу туралы шешімді облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары қабылдайды.
      22. Егер вакциналанатын саламатты аймақ және (немесе) вакциналанбайтын саламатты аймақ:
      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасымен;
      2) көлік инфрақұрылымы объектілерімен (жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты тиеу және түсіру жүргізілетін теңіз порттары, аэропорттар, сондай-ақ теміржол станциялары);
      3) вакциналанатын саламатты аймаққа және (немесе) вакциналанбайтын саламатты аймаққа бөлу жүргізілетін ауру қоздырғыштарымен жұмыс істейтін өзге де объектілермен шектессе, ондағы іс-шараларды ведомство айқындайды.
      23. Осы Қағидалардың 22-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, вакциналанатын саламатты аймақтағы және (немесе) вакциналанбайтын саламатты аймақтағы ветеринариялық іс-шараларды айқындауды тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.
      24. Вакциналанатын саламатты аймақтағы және (немесе) вакциналанбайтын саламатты аймақтағы ветеринариялық іс-шаралар ХЭБ кодексінің ұсыныстары және (немесе) талаптары, Тәртіп, Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптары (бұдан әрі – Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар), Ветеринариялық-санитариялық қағидалар, тиісті ауру және оның қоздырғышының қасиеттері туралы ғылыми деректер, сондай-ақ қауіп-қатер бағасы ескеріле отырып, айқындалады.

4-тарау. Өңірлендіруді жүргізу тәртібі

      25. Өңірлендіру Халықаралық эпизоотиялық бюроның Жерүсті жануарларының саулығы кодексінің (бұдан әрі – ХЭБ кодексі) ұсынымдарына және осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылатын аумақты аймақтарға бөлу деректері ескеріле отырып жүргізіледі.
      26. Өңірлендіру туралы шешімді ведомство қабылдайды.
      27. Өңірлендіру әрбір жұқпалы ауру бойынша компартменттеу деректерін есепке ала отырып немесе есепке алмай жеке жүргізіледі.
      28. Өңірдің мәртебесі оның аумағында жұқпалы ауру қоздырғышының болуы (болмауы) бойынша, өңірде жұқпалы ауруға қарсы вакциналау жүргізу бойынша, сондай-ақ ауру қоздырғышының әкеліну қаупінің деңгейі бойынша өңірдің сипаттамасы болып табылады.
      29. Өңірдің мәртебесін белгілеу осы өңірдің шекарасын белгілеумен бір мезгілде жүзеге асырылады.
      30. Өңірдің мәртебесін белгілеу ХЭБ кодексінің ұсынымдарына және осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
      31. Саламатты өңірдің және (немесе) мәртебесі белгіленбеген өңірдің аумағында буферлік (қорғаныш) аймақ белгіленуі мүмкін. Өңірде буферлік (қорғаныш) аймақтың болуы оның мәртебесіне әсер етпейді.
      32. Саламатты өңірдің немесе мәртебесі белгіленбеген өңірдің аумағында эпизоотиялық ошақ пайда болған жағдайда, осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген аймақтарды белгілеуден тұратын аумақты аймақтарға бөлу жүргізіледі.
      33. Аумақты аймақтарға бөлу барысында белгіленген аймақтарда ХЭБ Кодексінің ұсынымдарына, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде жасалған халықаралық шарттарға, Еуразиялық экономикалық одақтың құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілерге және нақты ауру бойынша ветеринария саласындағы заңнамаға сәйкес ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізіледі.
      34. Өңірлер мен ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізу аймақтарының шекараларын ведомство айқындайды.
      35. Өңірлендіруді жүргізу осы Қағидаларға сәйкес ведомствоны өңірлендіру туралы шешіммен ресімделеді.
      36. Тиісті өңірлер мен аймақтарда ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды жүргізу тәртібін регламенттейтін жоспар және олардың шекараларының сипаттамасы осы Қағидалардың 35-тармағында көрсетілген шешімге қоса беріледі. Өңірлер мен аймақтардың шекаралары картамен немесе жергілікті жерлерде осы өңірлер мен аймақтардың шекараларын дәл анықтауға мүмкіндік беретін басқа да тәсілмен расталады.
      37. Белгіленген аймақтан тыс жерлерде ауру өршуінің жаңа жағдайлары туындаған кезде, ведомство тиісті өңірдің мәртебесін өзгерту туралы шешім қабылдайды.
      38. Ведомствоның тиісті өңірдің мәртебесін немесе аймақтардың шекараларын өзгерту туралы шешімі осындай өзгерістердің қажеттілігін растайтын фактілер негізінде, сондай-ақ ХЭБ кодексінің ұсынымдарына, Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға және Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасына сәйкес ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар кешенін орындау қорытындылары бойынша қабылданады. Өңірдің және (немесе) аймақтың тиісті шекаралары мен атаулары белгіленеді.
      Өңірлендіруді жүргізу, аумақты аймақтарға бөлу нәтижелері туралы жиынтық ақпарат осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ветеринария саласындағы уәкілетті органның ресми сайтында орналастырылады.
      39. ХЭБ кодексінің ұсынымдары, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілері мен ветеринария саласындағы ұлттық нормативтік құқықтық актілері жоқ эмердженттік аурулар туындаған жағдайда, ведомство осы Қағидаларға сәйкес ауру туралы білімдердің негізінде өңірлер мен аймақтардың шекаралары мен атауларын дербес белгілейді.
      40. Аймақта өндірілген орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің қандай да бір үшінші елге экспортын қолдау мақсатында ауруға қатысты ХЭБ кодексінің ұсынымдары болмаған жағдайда, ведомство ветеринария саласындағы заңнаманың және импорттаушы елдің заңнамасының талаптарын сақтайды.
      Егер Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) аумағында ауру бойынша өңірлендіру ХЭБ кодексінің ұсынымдарына сәйкес жүргізілсе, оның нәтижелерін барлық мүше мемлекеттер әдеттегі қалыппен таниды. Егер мүше мемлекет ХЭБ кодексінде тиісті ұсынымдары жоқ ауру бойынша өңірлендіруді жүргізсе, бірақ оны жүргізу Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарда көзделсе, мұндай өңірлендіру нәтижелері оны қабылдау үшін тиісті түсіндірмелерімен барлық мүше мемлекеттерге жіберіледі.

5-тарау. Компартментке бөлу тәртібі

      41. Компартментке бөлу ХЭБ кодексінің ұсынымдарына, осы Қағидаларға, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде жасалған халықаралық шарттарға, Еуразиялық экономикалық одақ құқығын құрайтын халықаралық шарттарға және актілерге және нақты ауру бойынша ветеринария саласындағы заңнамаға сәйкес жүргізіледі. Компартментке бөлу ерікті түрде жүргізіледі.
      42. Жеке қосалқы шаруашылықтарды қоса алғанда, аумақтарында жануарларды күтіп-бағу және өсіру жүзеге асырылатын объектілер, сондай-ақ оны залалсыздандыруға кепілдік беретін технологиялық сатыдан өткен жануарлардан алынатын өнім сақталатын немесе өңделетін объектілерді қоспағанда, көрсетілген мал өсіру шаруашылықтарында күтіп-бағылатын жануарларды сою, жануарлардан алынатын өнімді өңдеу және сақтау жүзеге асырылатын объектілер (бұдан әрі – объектілер) компартментке бөлінеді.
      Егер республиканың, әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында аумақтарында жануарларды күтіп-бағу және өсіру жүзеге асырылатын объектілерге ғана компартменттеу жүргізілсе, пайда болуы жануарлармен сауда жасауды және республиканың, бір әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағынан басқа мемлекеттің, басқа әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағына жануарларды тасымалдауды, орнын ауыстыруды тоқтата тұруға әкелетін аурудың өршу немесе эпизоотия жағдайлары туындағанда, осындай жағдайлар тіркелген компартменттерден немесе аурудың өршу немесе эпизоотия жағдайлары тіркелген компартменттермен салыстырғанда биологиялық қауіпсіздік деңгейі төмен компартменттерде жануарлармен сауда жасау және жануарларды тасымалдау, орнын ауыстыру тоқтатыла тұрады. Басқа компартменттерде жануарлармен сауда жасау және тасымалдау тоқтатылмайды.
      Егер республиканың, әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында аумақтарында жануарларды күтіп-бағу және өсіру жүзеге асырылатын объектілерге ғана емес, сондай-ақ аумақтарында жануарларды сою, жануарлардан алынатын өнімдерді өңдеу және сақтау жүзеге асырылатын объектілерге де компартменттеу жүргізілсе, пайда болуы жануарлармен сауда жасауды және республиканың, бір әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағынан басқа мемлекеттің, басқа әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағына жануарларды тасымалдауды, орнын ауыстыруды тоқтата тұруға әкелетін аурудың өршу немесе эпизоотия жағдайлары туындағанда, аумақтарында осындай жағдайлар тіркелген компартменттерден және аурудың өршу немесе эпизоотия жағдайлары тіркелген компартменттермен салыстырғанда биологиялық қауіпсіздік деңгейі неғұрлым төмен компартменттерден жануарлар мен жануарлардан алынатын өнімдермен сауда жасау және жануарлар мен жануарлардан алынатын өнімдерді тасымалдау тоқтатыла тұрады. Басқа компартменттерден жануарлар мен жануарлардан алынатын өнімдермен сауда жасау және жануарлар мен жануарлардан алынатын өнімдерді тасымалдау тоқтатылмайды.
      43. Компартменттеу кезінде объектілерді мына компартменттерге жатқызады:
      1) I-компартмент – компартменттеу жүргізілмеген объектілер;
      2) II-компартмент – қорғаныш деңгейі төмен объекті;
      3) III-компартмент – қорғаныш деңгейі орташа объекті;
      4) IV-компартмент – қорғаныш деңгейі жоғары объектілер.
      II, III және IV-компартменттер бойынша компартменттеу осы Қағидалардың 46-тармағына сәйкес объект басшысының немесе оның өкілінің ведомствоға жазбаша өтініші негізінде жүргізіледі.
      44. Объектіні белгілі бір компартментке жатқызу оның жұқпалы аурулардың кез келген қоздырғыштарының енуінен инженерлік-техникалық және технологиялық қорғалуын (келіп түсетін жануарлар мен жануарлардан алынатын өнімдер туралы құжаттаманы жүргізу жүйесін қоса алғанда) сипаттайды. Объектіні белгілі бір компартментке жатқызу осы Қағидаларға 2-қосымшада айқындалған объектілердің биологиялық қауіпсіздігін басқару жүйесін бағалау өлшемшарттарын ескере отырып, объектілердің биологиялық қауіпсіздігін басқару жүйесін бағалау нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
      45. Компартменттеу эпизоотиялық ошақты қоспағанда, саламатты және саламатсыз аймақта жүргізілуі мүмкін.
      46. Объектіні белгілі бір компартментке жатқызу мақсатында сол объектінің басшысы немесе оның өкілі ведомствоға мынадай құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша объектіні белгілі бір компартментке жатқызу туралы өтініш ұсынады:
      1) аурудың пайда болуы, әкелінуі және таралуы тұрғысынан оның зоосанитариялық мәртебесіне әсер ететін компартменттің физикалық және географиялық параметрлері;
      2) объектінің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейіне әсер ететін объектінің инфрақұрылымы элементтерінің сипаттауы;
      3) ветеринариялық бақылау мен қадағалаудың бақылауындағы тауарларды өндіру және осындай жүйені басқару жүйесінің ерекшеліктерін, технологиясын ескере отырып жасалған объектінің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспары;
      4) объектіде жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты қадағалаудың қолданылатын жүйесі туралы мәліметтер (еркін нысанда);
      5) объектінің картасы.
      47. Осы Қағидалардың 46-тармағында көзделген құжаттар ХЭБ кодексінің ұсынымдарына және осы Қағидаларға сәйкес жасалады.
      48. Ведомство 15 жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 46-тармағында көзделген ұсынылған құжаттардың жиынтығына тексеру жүргізеді. Ұсынылған құжаттар бойынша ескертулер болған кезде, ведомство объектінің басшысына немесе оның өкіліне жазбаша түрде тиісті хат жібереді.
      Ескертулер 30 жұмыс күні ішінде жойылмаған жағдайда, өтініш берілмеген болып есептеледі және осы Қағидалардың 46-тармағында көзделген құжаттар объектінің басшысына қайтарылады.
      49. Ескертулер болмаған жағдайда, ведомство өкілдері объектіге көшпелі зерттеп-қарау жүргізеді.
      50. Объектінің басшысы компартменттеу жүргізу бойынша қабылданған шешім туралы объектіге көшпелі зерттеп-қарау жүргізу күніне дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етіледі.
      51. Объектіні көшпелі зерттеп-қарау оның осы Қағидалардың 46-тармағында көзделген құжаттарға сәйкестігі тұрғысынан жүзеге асырылады. Объектіні көшпелі зерттеп-қарау мерзімі 5 жұмыс күнінен аспайды.
      52. Объектіні көшпелі зерттеп-қараудың және объектінің басшысы ұсынған ақпаратты талдаудың нәтижелері бойынша ведомство объектіге көшпелі зерттеп-қарау аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде осы объектіні белгілі бір компартментке жатқызу туралы шешім қабылдау үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11898 болып тіркелген) бекітілген Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларына және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 2 (екі) данада ветеринариялық-санитариялық қорытынды жасайды. Ветеринариялық-санитариялық қорытындының бірінші данасы ведомствода қалады, екінші данасы объектінің басшысына (оның өкіліне) қол қойғызып беріледі.
      53. Объектіні белгілі бір компартментке жатқызу туралы шешім қабылданғаннан кейін ведомство объектінің басшысы әзірлеген және бекіткен осы объектінің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспарын келіседі.
      54. Ведомство объектінің биологиялық қауіпсіздігін басқару жүйесін бағалау өлшемшарттарына сәйкес келген кезде ветеринариялық-санитариялық қорытынды жасалған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде аумақты компартментке бөлу туралы шешімді ресімдейді және объектінің басшысына немесе оның өкіліне жібереді. Шешімге осы Қағидалардың 46-тармағында көзделген құжаттар қоса беріледі.
      Объектінің биологиялық қауіпсіздігіне теріс әсер ететін объектідегі өзгерістердің болу фактісі және бұрын жүргізілген компартменттеу нәтижелері не осындай фактілердің болуы туралы ведомство хабардар етілген кезде ведомство 1 (бір) жұмыс күні ішінде аумақты компартментке бөлу туралы бұрын берілген шешімнің қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылдайды.
      Аумақты компартментке бөлу туралы шешімнің қолданылуы тоқтатылған саламатты компартмент мәртебесін қалпына келтіру осы тарауда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      Ведомство объектінің биологиялық қауіпсіздігін басқару жүйесін бағалау өлшемшарттарына сәйкес келмеген жағдайда, ветеринариялық-санитариялық қорытынды жасалған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде объектінің басшысына немесе оның өкіліне уәжді бас тарту жібереді.
      Компартменттеуді жүргізу нәтижелері туралы жиынтық ақпарат осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ветеринария саласындағы уәкілетті органдардың ресми сайтында орналастырылады.
      55. Биологиялық қауіпсіздік деңгейі неғұрлым төмен компартментке жатқызылған объектідегі орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді биологиялық қауіпсіздік деңгейі неғұрлым жоғары компартментке жатқызылған объектіге ауыстыру кезінде соңғы объектіге орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні берушінің биологиялық қауіпсіздік деңгейіне сәйкес келетін биологиялық қауіпсіздік деңгейі белгіленуі тиіс.
      56. Биологиялық қауіпсіздік деңгейі неғұрлым жоғары компартментке жатқызылған объектідегі орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді биологиялық қауіпсіздік деңгейі неғұрлым төмен компартментке жатқызылған объектіге ауыстыру кезінде объектілердің биологиялық қауіпсіздігінің белгіленген деңгейлері өзгеріссіз қалады.
      57. Компартментке бөлу туралы шешімі бар объектілерге осы тарауда белгіленген тәртіппен оны неғұрлым жоғары мәртебесі бар компартментке жатқызу туралы өтініш беруге жол беріледі.

  Өңірлендіру, аумақты аймақтарға, компартментке
бөлу қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Өңірлендіру және аумақты аймақтарға бөлу нәтижелері туралы жиынтық ақпарат

Р/с №

Өңірлендіруді жүргізу, аумақты аймақтарға бөлу туралы актінің деректемелері

Өңірлендіру, аумақты аймақтарға бөлу жүргізілген аурудың атауы

Өңірлендіру, аумақты аймақтарға бөлу нәтижелері бойынша белгіленген өңірлер мен аймақтар

Өңір мен аймақтардың мәртебесін өзгерту туралы актінің деректемелері

саламатты аймақ

бақылау аймағы

буферлік (қорғаныш) аймағы

саламатсыз аймақ

Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес белгіленген өзге де аймақтар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
 
 

  Өңірлендіру, аумақты
аймақтарға, компартментке
бөлу қағидаларына
2-қосымша

Объектілердің биологиялық қауіпсіздігін басқару жүйесін бағалау өлшемшарттары

1-тарау. Ауыл шаруашылығы жануарларын күтіп-бағу және өсіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын объектілердің биологиялық қауіпсіздігін басқару жүйесін бағалау өлшемшарттары

      1. I-компартментке басқа компартменттерге жатқызылмаған немесе оларды көшпелі зерттеп-қарау жүргізгенге дейінгі ауыл шаруашылығы жануарларын күтіп-бағу және өсіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын объектілер жатады.
      2. II-компартментке мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін объектілер жатады:
      1) объектіге әкелінбейді және көшпелі зерттеп-қарауға дейінгі 3 (үш) ай бойы І-компартменттен ауыл шаруашылығы жануарлары, олардың өнімдері және тірі жануарлардан алынған шикізат, генетикалық материал әкелінбейді;
      2) осы объектіден І-компартмент объектісіне ауыл шаруашылығы жануарларын, олардың өнімдері мен жануарлардан алынатын шикізатты, генетикалық материалды жеткізуді қоспағанда, I-компартментпен технологиялық тұрғыдан (көлік, персонал, ыдыс, ветеринариялық мамандар) байланыспаған объект;
      3) объектіде күтіп-бағылатын ауыл шаруашылығы жануарларын осы объектіде күтіп-бағылатын өзге жануарлармен байланыспайтын арнайы бөлінген жайылымдарда жаю мен суаруды қоспағанда, объект аумағынан тыс жерлерде серуендету жүзеге асырылмайды;
      4) объектінің аумағы құстар мен ұсақ кеміргіштерді қоспағанда, жабайы жануарлардың өтіп кетуіне кедергі келтіретін тәсілмен қоршалған;
      5) объектінің аумағына бөгде адамдардың (ветеринария саласындағы мамандарды, ведомствоның және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарын қоспағанда) кіруі және бөгде көліктің кіруі жүзеге асырылмайды;
      6) объектіде ауыл шаруашылығы жануарларының азығына тамақ қалдықтарын пайдаланбайды.
      3. III-компартментке мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін объектілер жатады:
      1) компартментке бөлу жүргізілетін ауыл шаруашылығы жануарлары түрлерінен басқа ешқандай жануар объектіде күтіп-бағылмайды және көшпелі зерттеп-қарау жүргізілгенге дейін кемінде 3 ай күтіп-бағылмаған, объектіге әкелінбейді және көшпелі зерттеп-қарау жүргізілгенге дейін кемінде 3 ай бойы әкелінбеген;
      2) компартментке бөлу жүргізілетін ауыл шаруашылығы жануарлары, олардың өнімдері және жануарлардан алынған шикізат, I және II-компартменттерге жатқызылған объектілерден алынған генетикалық материал объектіге әкелінбейді және көшпелі зерттеп-қарау жүргізілгенге дейін 3 ай бойы әкелінбеген;
      3) осы объектіден I және II-компартменттерге жатқызылған объектілерге жануарларды, жануарлардан алынған олардың өнімдері мен шикізаттарын, генетикалық материалды әкелуді қоспағанда, объект I және II-компартменттерге жатқызылған, ауыл шаруашылығы жануарлары күтіп-бағылатын, сою жүзеге асырылатын объектілермен технологиялық тұрғыдан (көлік, персонал, ыдыс, ветеринариялық мамандар) байланыспайды және 3 ай бойы байланыспаған;
      4) жұмыскерлердің I және II-компартменттерге жатқызылған, ауыл шаруашылығы жануарлары күтіп-бағылатын, жұмыскерлердің өзге объектілерде күтіп-бағылатын ауыл шаруашылығы жануарларымен, басқа да үй немесе жабайы жануарлармен байланысқа түсу мүмкіндігі жойылған объектілерге баруына жол берілмейді;
      5) І және ІІ-компартменттерге жататын объектілерге, эпизоотиялық ошақтарға келген немесе эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге қатысқан адамдардың (алдыңғы 2 апта бойы үй және (немесе) жабайы жануарлармен (аңшылық шаруашылықтарына баруды, жабайы жануарларға аң аулауға қатысуды қоса алғанда) байланыста болған ведомствоның және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарын қоса алғанда) объектінің өндірістік үй-жайларына баруы жүзеге асырылмайды;
      6) ауыл шаруашылығы жануарларын объект аумағынан тыс жерлерде серуендету жүзеге асырылмайды;
      7) 500 метр радиуста компартментке бөлу жүргізілетін ауыл шаруашылығы жануарлары күтіп-бағылатын I және II-компартменттерге жататын объектілер жоқ;
      8) объектінің өндірістік құрылыстары жануарлардың (құстар мен кеміргіштерді қоса алғанда) өтіп кетуінен, атмосфералық жауын-шашыннан және жерасты суларынан қорғалған;
      9) объектінің өндірістік үй-жайларына кіру киім мен аяқ киімді толық ауыстыра отырып жүзеге асырылады;
      10) ауыл шаруашылығы жануарларының азығына тек қана Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9891 болып тіркелген) бекітілген Жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты міндетті түрде алып қою және жою жүргізілетін кездегі жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесіне (бұдан әрі – Жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесі) енгізілген жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша саламатты аумақтарында дайындалған және жеткізілген өнеркәсіптік өндірістің құрамажемдері және азықтық қоспалары (премикстер), ірі және шырынды азықтар пайдаланылады;
      11) объектіде келіп түскен азықтарды дайындалған (әзірленген) күнін, орнын және дайындаушының атауын және дайындау режимін көрсете отырып, есепке алу жүргізіледі;
      12) объектіде жануарларға қатысты жүргізілетін барлық ветеринариялық іс-шаралар мен рәсімдер есепке алынады;
      13) объектіде Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптармен (бұдан әрі – Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар) көзделген, жануарлардың жұқпалы ауруларының пайда болу жағдайлары болмаған компартментке бөлу жүргізілетін ауыл шаруашылығы жануарларының түріне қарамай объекті жануарларының басы арасында және Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарда көзделген мерзімдерде жұқпалы аурулардан таза объектідегі жануарлар басы арасында ауыл шаруашылығы жануарларының аса қауіпті аурулары бойынша жоспарлы профилактикалық ветеринариялық іс-шаралар жүргізіледі;
      14) объектіде жұмыс істейтін персоналдың объектінің аумағына тамақ өнімдерін және эпизоотиялық (эпидемиялық) қауіп төндіретін басқа да заттар мен материалдарды алып өту мүмкіндігі жоқ;
      15) бір өндірістік алаңда күтіп-бағылатын жануарлардың әрбір технологиялық тобына ветеринариялық мамандар мен жануарларды күту жөніндегі персоналдың жеке штаты бекітіледі;
      16) объектіде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11127 болып тіркелген) Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларына сәйкес мал басы бірдейлендіріледі;
      17) объектінің аумағы құстар мен ұсақ кеміргіштерді қоспағанда, жабайы жануарлардың енуіне кедергі келтіретін тәсілмен қоршалған;
      18) объектінің аумағына бөгде адамдардың (ветеринария саласындағы мамандарды, ведомствоның және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарынан басқа) кіруі және бөгде көліктің кіруі жүзеге асырылмайды;
      19) объектіде ауыл шаруашылығы жануарларының азығына тамақ қалдықтары қолданылмайды.
      4. IV-компартментке мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін объектілер жатады:
      1) компартментке бөлу жүргізілетін ауыл шаруашылығы жануарлары түрлерінен басқа ешқандай жануар объектіде күтіп-бағылмайды және көшпелі зерттеп-қарау жүргізілгенге дейін кемінде 3 ай күтіп-бағылмаған, объектіге әкелінбейді және көшпелі зерттеп-қарау жүргізілгенге дейін кемінде 3 ай бойы әкелінбеген;
      2) компартментке бөлу жүргізілетін ауыл шаруашылығы жануарлары, олардың өнімдері және жануарлардан алынған шикізат, I және II-компартменттерге жатқызылған объектілерден алынған генетикалық материал объектіге кемінде 12 ай бойы әкелінбейді және көшпелі зерттеп-қарау жүргізілгенге дейін 12 ай бойы әкелінбеген;
      3) осы объектіден I, II және ІII-компартменттерге жатқызылған объектілерге жануарларды, жануарлардан алынған олардың өнімдері мен шикізаттарын, генетикалық материалды әкелуді қоспағанда, объект I, II және ІII-компартменттерге жатқызылған, ауыл шаруашылығы жануарлары күтіп-бағылатын, сою жүзеге асырылатын объектілермен технологиялық тұрғыдан байланыспайды және 12 ай бойы байланыспаған;
      4) жұмыскерлердің I, II және ІII-компартменттерге жатқызылған, ауыл шаруашылығы жануарлары күтіп-бағылатын объектілерге баруына жол берілмейді, объект жұмыскерлерінің өзге объектілерде күтіп-бағылатын ауыл шаруашылығы жануарларымен, басқа да үй немесе жабайы жануарлармен байланысқа түсу мүмкіндігіне жол берілмейді;
      5) I, II және ІII-компартменттерге жататын объектілерге, эпизоотиялық ошақтарға келген немесе эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге қатысқан адамдардың (ветеринариялық мамандарды, ведомствоның және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарын қоса алғанда) алдыңғы 2 апта бойы үй және (немесе) жабайы жануарлармен (аңшылық шаруашылықтарына баруды, жабайы жануарларға аң аулауға қатысуды қоса алғанда) байланыста болған объектінің өндірістік үй-жайларына баруы жүзеге асырылмайды;
      6) объект жұмыскерлерінің алдыңғы 12 ай ішінде үй және (немесе) жабайы жануарлармен байланысу мүмкіндігі немесе объект жұмыскерлерінің компартментке бөлу жүргізілетін ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері күтіп-бағылатын I, II және III-компартменттерге жататын объектілерге бару мүмкіндігіне жол берілмейді;
      7) объектіде ауыл шаруашылығы жануарларын серуендету жүзеге асырылмайды;
      8) 2 километр радиуста компартментке бөлу жүргізілетін ауыл шаруашылығы жануарлары күтіп-бағылатын I, II және III-компартменттерге жататын объектілер жоқ;
      9) объектінің өндірістік құрылыстары жануарлардың (құстар мен кеміргіштерді қоса алғанда) өтіп кетуінен, атмосфералық жауын-шашыннан және жерасты суларынан қорғалған;
      10) объектінің өндірістік үй-жайларына кіру санитариялық өткізгіш арқылы жүзеге асырылады, онда объектінің жұмыскерлері өздерінің жеке киімдері мен аяқ киімдерін шешіп, оларды гардеробта (әрбір қызметкерге бекітілген шкафта) қалдырады, душ қабылдайды, жұмыс киіміне арналған гардеробта таза дезинфекцияланған арнайы киім мен арнайы аяқ киім киеді. Санитариялық өткізгіштен шыққан кезде (жұмыс аяқталғаннан кейін) жұмыскерлер арнайы киімді шешеді, душ қабылдайды, жеке киім мен аяқ киімін киеді. Объектіге келушілер санитариялық өткізу үй-жайында жеке киімдері мен аяқ киімдерін шешеді, душ қабылдайды және арнайы киіммен және аяқ киіммен қамтамасыз етіледі;
      11) объектідегі жұмыс киімі объектінің таза өндірістік аймағында күн сайын өңделеді және (немесе) жуылады;
      12) ауыл шаруашылығы жануарларының азығына тек қана құрамажем және өнеркәсіптік өндірістің азықтық қоспалары (премикстер), Жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесіне енгізілген жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша саламатты аумақтарда дайындалған және саламатты аумақтардан жеткізілетін ірі және шырынды азықтар пайдаланылады;
      13) объектіде келіп түскен азықтарды дайындалған (әзірленген) күнін, орнын және дайындаушының атауын және дайындау режимін көрсете отырып, есепке алу жүргізіледі;
      14) объектіде жануарларға қатысты жүргізілетін барлық ветеринариялық іс-шаралар мен рәсімдер есепке алынады;
      15) объектіде Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптармен көзделген, жануарлардың жұқпалы ауруларының пайда болу жағдайлары болмаған компартментке бөлу жүргізілетін ауыл шаруашылығы жануарларының түріне қарамай объекті жануарларының басы арасында және Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарда көзделген мерзімдерде жұқпалы аурулардан таза объектідегі жануарлар басы арасында ауыл шаруашылығы жануарларының аса қауіпті аурулары бойынша жоспарлы профилактикалық ветеринариялық іс-шаралар жүргізіледі;
      16) объектіде жұмыс істейтін персоналдың объектінің аумағына тамақ өнімдерін және эпизоотиялық (эпидемиялық) қауіп төндіретін басқа да заттар мен материалдарды алып өту мүмкіндігі жоқ;
      17) бір өндірістік алаңда күтіп-бағылатын жануарлардың әрбір технологиялық тобына ветеринариялық мамандар мен жануарларды күту жөніндегі персоналдың жеке штаты бекітіледі;
      18) азық жеткізуге арналған көлік I, II және III-компартменттерге жататын объектілерге азық жеткізуге пайдаланылмайды;
      19) объектінің аумағы құстар мен ұсақ кеміргіштерді қоспағанда, жабайы жануарлардың енуіне кедергі келтіретін тәсілмен қоршалған;
      20) объектінің аумағына бөгде адамдардың (ветеринария саласындағы мамандарды, ведомствоның және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарынан басқа) кіруі және бөгде көліктің кіруі жүзеге асырылмайды;
      21) объектіде ауыл шаруашылығы жануарларының азығына тамақ қалдықтары қолданылмайды.

2-тарау. Ауыл шаруашылығы жануарларын союды жүзеге асыратын объектілердің биологиялық қауіпсіздігін басқару жүйесін бағалау өлшемшарттары

      5. I-компартментке басқа компартменттерге жатқызылмаған немесе оларға көшпелі зерттеп-қарау жүргізілгенге дейінгі объектілер жатады.
      6. II-компартментке Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын союды жүзеге асыратын және мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін объектілер жатады:
      1) объектіде I-компартментке жатқызылған объектілерде өсірілген ауыл шаруашылығы жануарларын сою жүзеге асырылмайды;
      2) көлік I-компартментке жатқызылған объектілерде өсірілетін ауыл шаруашылығы жануарларын тасымалдау үшін пайдаланылмайды.
      7. III-компартментке мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін объектілер жатады:
      1) I және II-компартменттерге жатқызылған объектілерде өсірілген ауыл шаруашылығы жануарларын сою жүзеге асырылмайды;
      2) көлік I және II-компартменттерге жатқызылған объектілерде өсірілетін ауыл шаруашылығы жануарларын тасымалдау үшін пайдаланылмайды;
      3) объектілер сою өнімдерінің І және ІІ-компартменттерге жатқызылған объектілерге орын ауыстыруын қоспағанда, I және II-компартменттермен технологиялық тұрғыда (көлік, персонал, ыдыс, ветеринариялық мамандар) байланыспайды;
      4) объект жұмыскерлерінің үй және (немесе) жабайы жануарлармен байланысу немесе жұмыскерлердің I және II-компартменттерге жататын объектілерге бару мүмкіндігіне жол берілмейді;
      5) объектілердің аумағы жабайы жануарлардың өтіп кетуін болдырмайтын тәсілмен қоршалған;
      6) 500 метр радиуста ауыл шаруашылығы жануарларын күтіп-бағу жүзеге асырылатын объектілер жоқ;
      7) объектілердің аумағына бөгде адамдардың (ветеринария саласындағы мамандарды, ведомствоның және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарынан басқа) кіруі және бөгде көліктің кіруі жүзеге асырылмайды;
      8) жануарлар күтіп-бағылатын өндірістік үй-жайларға өткен 2 апта ішінде үй және (немесе) жабайы жануарлармен (аңшылық шаруашылықтарына баруды, аң аулауға қатысуды қоса алғанда) байланыста болған, І және ІІ-компартменттерге жататын объектілерге, эпизоотиялық ошақтарға барған немесе ауруларға қатысты эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге қатысқан адамдардың (ветеринария саласындағы мамандарды және ведомствоның және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарын қоса алғанда) баруы жүзеге асырылмайды.
      8. IV-компартментке осы Объектілердің биологиялық қауіпсіздігін басқару жүйесін бағалау өлшемшарттарының 7-тармағында санамаланған өлшемшарттарға, сондай-ақ мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін объектілер жатады:
      1) кемінде 12 ай бойы I, II және III-компартменттерге жатқызылған объектілерде өсірілген жануарларды сою жүзеге асырылмайды;
      2) көлік кемінде 12 ай ішінде I, II және III-компартменттерге жатқызылған объектілерде өсірілетін жануарларды тасымалдау үшін пайдаланылмайды;
      3) объектілер сою өнімдерінің І, ІІ және ІІІ-компартменттерге жатқызылған объектілерге орын ауыстыруын қоспағанда, І, ІІ және ІІІ компартменттермен технологиялық тұрғыда (көлік, персонал, ыдыс, ветеринариялық мамандар) байланыспайды;
      4) объект жұмыскерлерінің үй және (немесе) жабайы жануарлармен байланысу немесе жұмыскерлердің І, ІІ және ІІІ-компартменттерге жататын объектілерге бару мүмкіндігіне жол берілмейді;
      5) объектілердің аумағы жабайы жануарлардың өтіп кетуін болдырмайтын тәсілмен қоршалған;
      6) 500 метр радиуста ауыл шаруашылығы жануарларын күтіп-бағу және сою жүзеге асырылатын, І, ІІ және ІІІ-компартменттерге жатқызылған объектілер жоқ;
      7) объектілерде кемінде өткен 12 ай ішінде шектеу іс-шаралары немесе карантин енгізілмеген;
      8) объектілердің аумағына бөгде адамдардың (ветеринария саласындағы мамандардан, ведомствоның және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарынан басқа) кіруі және бөгде көліктің кіруі жүзеге асырылмайды;
      9) жануарлар күтіп-бағылатын өндірістік үй-жайларға өткен 2 апта ішінде үй және (немесе) жабайы жануарлармен (аңшылық шаруашылықтарына баруды, аң аулауға қатысуды қоса алғанда) байланыста болған, І, ІІ және ІІІ-компартменттерге жататын объектілерге, эпизоотиялық ошақтарға барған немесе ауруларға қатысты эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге қатысқан адамдардың (ветеринария саласындағы мамандарды және ведомствоның және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарын қоса алғанда) баруы жүзеге асырылмайды.

3-тарау. Ауыл шаруашылығы жануарларынан алынған өнімді өңдеуді жүзеге асыратын объектілердің биологиялық қауіпсіздігін басқару жүйесін бағалау өлшемшарттары

      9. I-компартментке басқа компартменттерге жатқызылмаған немесе көшпелі зерттеп-қарау жүргізілгенге дейінгі объектілер жатады.
      10. II-компартментке Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жануарлардан алынған өнімді өңдеуді жүзеге асыратын және мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін объектілер жатады:
      1) объектіде I-компартментке жатқызылған объектілерде өсірілген және (немесе) I-компартментке жатқызылған объектілерде сойылған жануарлардан алынған өнімдерді әкелу де, өңдеу де жүзеге асырылмайды;
      2) көлік жануарларды тасымалдау үшін пайдаланылмайды;
      3) өңдеу өнімдерін әкету жүзеге асырылатын көлік объектіге кірер алдында жуылады және дезинфекцияланады немесе:
      І-компартментке жатқызылған объектілерде күтіп-бағылған жануарлардан алынған өнімдерді;
      I-компартментке жатқызылған объектілерде дайындалған жануарлардан алынған өнімдерді;
      I-компартментке жатқызылған объектілерде сақталған жануарлардан алынған өнімдерді тасымалдау үшін пайдаланылмайды;
      4) шикізатты әкелуді жүзеге асыратын көлік жеткізілетін шикізатты тиеу алдында жуылады және дезинфекцияланады немесе:
      І-компартментке жатқызылған объектілерде ұсталған жануарлардан алынған өнімдерді;
      I-компартментке жатқызылған объектілерде дайындалған жануарлардан алынатын өнімдерді;
      I-компартментке жатқызылған объектілерде сақталған жануарлардан алынатын өнімдерді тасымалдау үшін пайдаланылмайды;
      5) I-компартментке жатқызылған объектілерге өңдеу өнімдерін әкетуді қоспағанда, I-компартментпен технологиялық (көлік, персонал, ыдыс, ветеринарлық мамандар) тұрғыдан байланысты емес объектілер;
      6) объектінің аумағы жабайы жануарлардың өтіп кетуін болдырмайтын тәсілмен қоршалған.
      11. III-компартментке Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жануарлардан алынған өнімді өңдеуді жүзеге асыратын және мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін объектілер жатады:
      1) объектіде І және ІІ-компартменттерге жатқызылған объектілерде өсірілген немесе І және ІІ-компартменттерге жатқызылған объектілерде сойылған жануарлардан алынған өнімдерді әкелу де, өңдеу де жүзеге асырылмайды;
      2) көлік жануарларды тасымалдау үшін пайдаланылмайды;
      3) өңдеу өнімдерін шығаруды жүзеге асыратын көлік объектіге кірер алдында жуылады және дезинфекцияланады немесе:
      I және II-компартменттерге жатқызылған объектілерде ұсталған жануарлардан алынған өнімдерді;
      I және II-компартменттерге жатқызылған объектілерде дайындалған жануарлардан алынатын өнімдерді;
      I және II-компартменттерге жатқызылған объектілерде сақталған жануарлардан алынатын өнімдерді тасымалдау үшін пайдаланылмайды;
      4) шикізатты әкелуді жүзеге асыратын көлік жеткізілетін шикізатты тиеу алдында жуылады және дезинфекцияланады немесе:
      I және II-компартменттерге жатқызылған объектілерде ұсталған жануарлардан алынған өнімдерді;
      I және II-компартменттерге жатқызылған объектілерде дайындалған жануарлардан алынатын өнімдерді;
      I және II-компартменттерге жатқызылған объектілерде сақталған жануарлардан алынатын өнімдерді тасымалдау үшін пайдаланылмайды;
      5) I және II-компартменттерге жатқызылған объектілерге өңдеу өнімдерін әкетуді қоспағанда, I және II-компартменттермен технологиялық тұрғыдан (көлік, персонал, ыдыс, ветеринариялық мамандар) байланысты емес объектілер;
      6) объектілер жұмыскерлерінің үй және (немесе) жабайы жануарлармен байланысу немесе жұмыскерлердің жануарлар күтіп-бағылатын І, ІІ-компартменттерге жатқызылған объектілерге бару мүмкіндігіне жол берілмейді;
      7) объектілердің аумағы жабайы жануарлардың өтіп кетуін болдырмайтын тәсілмен қоршалған;
      8) 500 метр радиуста І, ІІ-компартменттерге жатқызылған объектілер жоқ;
      9) объектінің аумағына бөгде адамдардың (ветеринария саласындағы мамандарды, ведомствоның және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарын қоспағанда) кіруі және бөгде көліктің кіруі жүзеге асырылмайды.
      12. IV-компартментке Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жануарлардан алынған өнімді өңдеуді жүзеге асыратын және мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін объектілер жатады:
      1) объектіде І, ІІ және ІІІ-компартменттерге жатқызылған объектілерде өсірілген немесе І, ІІ және ІІІ-компартменттерге жатқызылған объектілерде сойылған жануарлардан алынған өнімдерді әкелу де, өңдеу де жүзеге асырылмайды;
      2) көлік жануарларды тасымалдау үшін пайдаланылмайды;
      3) өңдеу өнімдерін шығаруды жүзеге асыратын көлік объектіге кірер алдында жуылады және дезинфекцияланады немесе:
      I, ІІ және IІI-компартменттерге жатқызылған объектілерде ұсталған жануарлардан алынған өнімдерді;
      I, ІІ және IІI-компартменттерге жатқызылған объектілерде дайындалған жануарлардан алынатын өнімдерді;
      I, ІІ және ІII-компартменттерге жатқызылған объектілерде сақталған жануарлардан алынатын өнімдерді тасымалдау үшін пайдаланылмайды;
      4) шикізатты әкелуді жүзеге асыратын көлік жеткізілетін шикізатты тиеу алдында жуылады және дезинфекцияланады немесе:
      I, ІІ және ІII-компартменттерге жатқызылған объектілерде ұсталған жануарлардан алынған өнімдерді;
      I, ІІ және IІI-компартменттерге жатқызылған объектілерде дайындалған жануарлардан алынатын өнімдерді;
      I, ІІ және IІI-компартменттерге жатқызылған объектілерде сақталған жануарлардан алынатын өнімдерді тасымалдау үшін пайдаланылмайды;
      5) І, ІІ және ІІІ-компартменттерге жатқызылған объектілерге өңдеу өнімдерін әкетуді қоспағанда, І, ІІ және ІІІ-компартменттермен технологиялық тұрғыдан (көлік, персонал, ыдыс, ветеринариялық мамандар) байланысты емес объектілер;
      6) объектілер жұмыскерлерінің үй және (немесе) жабайы жануарлармен байланысу немесе жұмыскерлердің жануарлар күтіп-бағылатын І, ІІ-компартменттерге жатқызылған объектілерге бару мүмкіндігіне жол берілмейді;
      7) объектінің аумағы жабайы жануарлардың өтіп кетуін болдырмайтын тәсілмен қоршалған;
      8) 1 км радиуста І, ІІ-компартменттерге жатқызылған объектілер жоқ;
      9) объектінің аумағына бөгде адамдардың (ветеринария саласындағы мамандарды, ведомствоның және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарын қоспағанда) кіруі және бөгде көліктің кіруі жүзеге асырылмайды.
      10) объектіде кемінде өткен 12 ай ішінде шектеу іс-шаралары немесе карантин енгізілмеген.

4-тарау. Ауыл шаруашылығы жануарларынан алынған өнімдерді сақтауды жүзеге асыратын объектілердің биологиялық қауіпсіздігін басқару жүйесін бағалау өлшемшарттары

      13. I-компартментке басқа компартменттерге жатқызылмаған немесе оларға көшпелі зерттеп-қарау жүргізгенге дейінгі объектілер жатады.
      14. II-компартментке Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес өнімді сақтауды жүзеге асыратын және мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін объектілер жатады:
      1) объектіде І-компартментке жатқызылған объектілерде өсірілген және (немесе) І компартментке жатқызылған объектілерде сойылған және (немесе) І-компартментке жатқызылған объектілерде өңделген және (немесе) І-компартментке жатқызылған объектіде сақталған жануарлардан алынған өнімдерді сақтау жүзеге асырылмайды;
      2) көлік жануарларды тасымалдау үшін пайдаланылмайды;
      3) өнімді шығаруды жүзеге асыратын көлік объектіге кірер алдында жуылады және дезинфекцияланады немесе:
      І-компартментке жатқызылған объектілерде ұсталған жануарлардан алынған;
      I-компартментке жатқызылған объектілерде дайындалған жануарлардан;
      I-компартментке жатқызылған объектілерде сақталған жануарлардан алынған өнімді тасымалдау үшін пайдаланылмайды;
      4) өнімді әкелуді жүзеге асыратын көлік жеткізілетін өнімді тиеу алдында жуылады және дезинфекцияланады немесе:
      І-компартментке жатқызылған объектілерде ұсталған жануарлардан алынған;
      I-компартментке жатқызылған объектілерде дайындалған жануарлардан;
      I-компартментке жатқызылған объектілерде сақталған жануарлардан алынған өнімді тасымалдау үшін пайдаланылмайды.
      15. III-компартментке Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес өнімді сақтауды жүзеге асыратын және мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін объектілер жатады:
      1) объектіде І және ІІ-компартменттерге жатқызылған объектілерде өсірілген және (немесе) І және ІІ-компартменттерге жатқызылған объектілерде сойылған және (немесе) І және ІІ-компартменттерге жатқызылған объектілерде өңделген және (немесе) І және ІІ-компартменттерге жатқызылған объектіде сақталған жануарлардан алынған өнімдерді сақтау жүзеге асырылмайды;
      2) көлік жануарларды тасымалдау үшін пайдаланылмайды;
      3) өнімді шығаруды жүзеге асыратын көлік объектіге кірер алдында жуылады және дезинфекцияланады немесе:
      I және II-компартменттерге жатқызылған объектілерде күтіп-бағылған жануарлардан алынған;
      I және II-компартменттерге жатқызылған объектілерде дайындалған жануарлардан алынған;
      I және II-компартменттерге жатқызылған объектілерде сақталған жануарлардан алынған өнімді тасымалдау үшін пайдаланылмайды;
      4) өнімді әкелуді жүзеге асыратын көлік жеткізілетін өнімді тиеу алдында жуылады және дезинфекцияланады немесе:
      I және II-компартменттерге жатқызылған объектілерде күтіп-бағылған жануарлардан алынған;
      I және II-компартменттерге жатқызылған объектілерде дайындалған жануарлардан алынған;
      I және II-компартменттерге жатқызылған объектілерде сақталған жануарлардан алынған өнімді тасымалдау үшін пайдаланылмайды.
      16. IV-компартментке Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес өнімді сақтауды жүзеге асыратын және мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін объектілер жатады:
      1) объектіде I, II және III-компартменттерге жатқызылған объектілерде өсірілген және (немесе) I, II және III-компартменттерге жатқызылған объектілерде сойылған және (немесе) I, II және III-компартаменттерге жатқызылған объектілерде өңделген және (немесе) I, II және III-компартменттерге жатқызылған объектіде сақталған жануарлардан алынған өнімдерді сақтау жүзеге асырылмайды;
      2) көлік жануарларды тасымалдау үшін пайдаланылмайды;
      3) өнімді шығаруды жүзеге асыратын көлік объектіге кірер алдында жуылады және дезинфекцияланады немесе:
      I, ІІ және IІI-компартменттерге жатқызылған объектілерде күтіп-бағылған жануарлардан алынған;
      I, ІІ және ІII-компартменттерге жатқызылған объектілерде дайындалған жануарлардан алынған;
      I, ІІ және ІII-компартменттерге жатқызылған объектілерде сақталған жануарлардан алынған өнімді тасымалдау үшін пайдаланылмайды;
      4) өнімді әкелуді жүзеге асыратын көлік жеткізілетін өнімді тиеу алдында жуылады және дезинфекцияланады немесе:
      I, ІІ және IIІ-компартменттерге жатқызылған объектілерде ұсталған жануарлардан алынған;
      I, ІІ және ІII-компартменттерге жатқызылған объектілерде дайындалған жануарлардан алынған;
      I, ІІ және IIІ-компартменттерге жатқызылған объектілерде сақталған жануарлардан алынған өнімді тасымалдау үшін пайдаланылмайды.

  Өңірлендіру, аумақты
аймақтарға, компартментке
бөлу қағидаларына
3-қосымша
  ___________________________
(ветеринария саласындағы
уәкілетті органның ведомствосы
басшысының лауазымы және
аты, әкесінің аты (бар болса),
тегі)
___________________________
(объект басшысының лауазымы
және аты, әкесінің аты
(бар болса), тегі)
___________________________

Объектіні белгілі бір компартментке жатқызу туралы өтініш

      __________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________ объектіге
      (мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын
      объектінің орналасқан жері)
      оны ______________________________________________________________________
      (биологиялық қорғалу дәрежесі бойынша компартменттің нөмірі)
      компартментке жатқызу мәніне зерттеп-қарау жүргізуді сұраймын.
      Аумақтарында жеке қосалқы шаруашылықтарды қоса алғанда, жануарларды күтіп-бағу және өсіру жүзеге асырылатын объектінің, аумақтарында көрсетілген мал шаруашылығы шаруашылықтарында күтіп-бағылатын жануарларды сою, осындай жануарлардан алынған өнімдерді өңдеу және сақтау жүзеге асырылатын объектінің атауы:
      ________________________________________________________________
      ________________________________________________________________
      Жүзеге асырылатын қызмет түрлері: _________________________________
      Ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосына компартменттеу өлшемдері мен нәтижелеріне әсер ететін объектідегі өзгерістер туралы олар пайда болғаннан кейін 1 жұмыс күні ішінде хабарлауға міндеттенеміз.
      Объектінің басшысы __________________________________ ____________
      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)      (қолы)
      20____ жылғы "____" ________________

  Өңірлендіру, аумақты
аймақтарға, компартментке
бөлу қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Компартменттеу жүргізу нәтижелері туралы жиынтық ақпарат

№ р/с

Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын объектінің есепке алу нөмірі

Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын объектіге ие, дара кәсіпкер ретінде тіркелген заңды немесе жеке тұлғаның мекенжайы

Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын объектінің нақты мекенжайы

Жүзеге асырылатын қызмет түрлері

Компартменттеу жүргізу туралы шешімнің деректемелері

Биологиялық қауіпсіздік деңгейі бойынша компартмент нөмірі

Биологиялық қауіпсіздік деңгейі бойынша компартмент нөмірін өзгерту туралы актінің деректемелері

1

2

3

4

5

6

7

8

1