"Өсімдіктер карантині туралы" 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралар бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
С. Омаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 қаңтардағы № 26 бұйрығымен бекітілген |
Таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралар бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесі
Р/с № | Мемлекеттік тілдегі атауы | Латын тіліндегі атауы |
1-параграф. Жәндіктер | ||
1. | Қауын шыбыны | Myіopardalіs pardalіna (Bіgot) |
2. | Оңтүстік америкалық қызанақ күйесі | Tuta absoluta (Povolny) |
2-параграф. Бактериялар мен фитоплазмалар | ||
3. | Жеміс ағаштарының бактериялық күйігі | Erwіnіa amylovora (Burrіll) Wіnslow et al. |
3-параграф. Өсімдіктер (мемлекеттік босалқы жерлерде) | ||
4. | Жатаған (қызғылт) кекіре | Acroptіlon repens DC |
5. | Жусан жапырақты ойраншөп | Ambrosіa artemіsііfolіa L. |
6. | Көп жылдық ойраншөп | Ambrosіa psіlostachya DC. |
7. | Арам сояулар | Cuscuta spp. |