"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың, Субсидиялау шартының, Исламдық қаржыландыру бойынша субсидиялау шартының, Облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау шартының, Кепілдік шартының, Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға грант беру туралы шарттың үлгілік нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 5 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 қаңтарда № 19959 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысаны;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Субсидиялау шартының үлгілік нысаны;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Исламдық қаржыландыру бойынша субсидиялау шартының үлгілік нысаны;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау шартының үлгілік нысаны;

      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Кепілдік шартының үлгілік нысаны;

      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға грант беру туралы шарттың үлгілік нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің осы бұйрыққа 7 қосымшаға сәйкес тізбе бойынша кейбір бұйрықтарының күші жойылсын.

      3. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Р. Даленов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
қосымша бұйрығына
1-қосымша

Үлгілік нысан "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы үлгілік шарт

____________ қаласы

20 жылғы " "

      Осы "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарт (бұдан әрі – Шарт):

      бірлесіп "Тараптар", ал әрқайсысы жеке алғанда "Тарап" деп не төменде көрсетілгендей аталатын

      1) "Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі": _____________________________________

      атынан ___________________________________________ негізінде әрекет ететін

      ____________________________________________________ және

      2) "Қаржы агенттігі":

      "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының атынан

      ________________ негізінде әрекет ететін _________________

      _______________________________________________ арасында:

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама);

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – Субсидиялау қағидалары), "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін ислам банктері қаржыландырған кезде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауарларға үстеме бағаның бір бөлігін және жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – ислам банктерінің қаржыландыруы кезінде субсидиялау қағидалары) және "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кредиттері бойынша кепілдік беру қағидаларына (бұдан әрі – Кепілдік беру қағидалары) сәйкес жасалды.

1. Терминдер мен анықтамалар

      1. Осы Шартта мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторлары - экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) сәйкес экономиканың басым секторлары;

      2) банк-төлем агенті – лизингтік компанияның/исламдық лизингтік компанияның уәкілетті банкі, ол қаржы агенттігімен келісіледі және лизингтік компанияның/исламдық лизингтік компанияның жобалар бойынша субсидияларды аудару мен есептен шығаруға арналған арнайы шотын жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асырады;

      3) бірінші бағыт – моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау;

      4) екінші бағыт – экономиканың басым секторларында қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлерді/ индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін салалық қолдау;

      5) ислам банкі – лицензияның негізінде "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-1-тарауында көзделген банк қызметін жүзеге асыратын және Бағдарламаға қатысатын екінші деңгейдегі банк;

      6) исламдық қаржыландыру бойынша субсидиялау – болашақта кәсіпкердің операциялық қызметіне жататын белгілі бір шарттарды орындау орнына қаржыландыру бойынша тауарға үстеме баға/ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын жалгерлік төлемнің бір бөлігі ретінде ислам банкіне/исламдық лизингтік компанияға кәсіпкер төлейтін шығыстарды ішінара өтеу үшін пайдаланылатын кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылай қолдау нысаны;

      7) исламдық қаржыландыру жөніндегі субсидиялау шарты – қаржы агенттігі, ислам банкі/исламдық лизингтік компания және кәсіпкер арасында жасалатын үшжақты жазбаша келісім, оның шарттары бойынша қаржы агенттігі кәсіпкерді ислам банкі/исламдық лизингтік компания берген қаржыландыру бойынша тауарға үстеме бағаны/ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын жалгерлік төлемнің бір бөлігін ішінара субсидиялайды;

      8) исламдық лизингтік компания – өз қызметін "Қаржы лизингі туралы" 2000 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 2-1-тарауына сәйкес жүзеге асыратын, акционерлік қоғам нысанында құрылған, банк болып табылмайтын Бағдарламаға қатысушы заңды тұлға;

      9) қаржы агенттігінің уәкілетті органы – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлық қоғамының ішкі актілерінде берілген кәсіпкердің жобасын субсидиялау мүмкіндіктері/мүмкін еместігі және тоқтатылуы/басталуы туралы шешімді қарау және қабылдау жөніндегі өкілеттіктер шегінде өз қызметін жүзеге асыратын, тұрақты әрекет ететін алқалы орган;

      10) қаржылық лизинг шарты – лизингтік компания/банк/даму банкі және кәсіпкер арасында жасалған жазбаша келісім, оның шарттары бойынша лизингтік компания/банк/даму банкі кәсіпкерге қаржылық лизинг береді;

      11) субсидиялар – қаржы агенттігі субсидиялау шарттарының/Исламдық қаржыландыру жөніндегі субсидиялау шарттарының негізінде кәсіпкерлерді субсидиялау шеңберінде өтеусіз және қайтарымсыз негізде банкке/даму банкіне/ислам банкіне/лизингтік компанияға/исламдық лизингтік компанияға төлейтін мерзімді төлемдер;

      12) субсидиялау – болашақта кәсіпкердің операциялық қызметіне жататын белгілі бір шарттарды орындау орнына кәсіпкер банкке/даму банкіне/лизингтік компанияға кредиттер/лизинг бойынша сыйақы ретінде төлейтін шығыстарды ішінара өтеу үшін пайдаланылатын кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылай қолдау нысаны;

      13) субсидиялау шарты – қаржы агенттігі, банк/даму банкі/лизингтік компания және кәсіпкер арасында жасалған үшжақты жазбаша келісім, оның шарттары бойынша қаржы агенттігі кәсіпкердің банк/даму банкі/лизингтік компания берген кредиті/лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемесін ішінара субсидиялайды;

      14) үшінші бағыт – кәсіпкерлердің валюталық тәуекелін төмендету.

      Осы Шартта пайдаланылатын басқа терминдер мен анықтамалар Бағдарламада, Субсидиялау қағидаларында, ислам банктерінің қаржыландыруы кезінде субсидиялау қағидаларында және Кепілдік беру қағидаларында айқындалған.

2. Шарттың мәні

      2. Осы Шарттың талаптары бойынша Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен субсидиялау мен кепілдік беру үшін көзделген қаражатты қаржы агенттігіне аударады.

3. Тараптардың құқықтары және міндеттері

      3. Қаржы агенттігі:

      1) осы Шартта белгіленген міндеттемелерді орындау мерзімдерінің сақталуына бақылауды жүзеге асыруға және олардың уақтылы орындалуын талап етуге;

      2) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің осы Шарт бойынша ақшалай қаражатты уақтылы аударуын бақылауға және талап етуге;

      3) қаржы агенттігі Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне кәсіпкерлерді субсидиялауға арналған қаражатты аудару қажеттігінің туындағаны туралы хабарламаны жіберген жағдайда және хабарлама жіберілген күннен бастап бір ай ішінде қаражатты алмаған жағдайда Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінен қажетті қаражатты алғанға дейін банкке/даму банкіне/ислам банкіне/лизингтік компанияға/исламдық лизингтік компанияға субсидияларды аудармауға;

      4) Субсидиялау қағидаларына сәйкес субсидияларды төлеуді тоқтатуға құқылы.

      4. Қаржы агенттігі:

      1) субсидиялар сомасын банкте/даму банкінде/ислам банкінде/ лизингтік компанияда/исламдық лизингтік компанияда/банк-төлем агентінде ашылған арнайы ағымдағы шотқа аударуға;

      2) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне кәсіпкерлерді субсидиялау үшін қаражат аудару қажеттігінің туындағаны туралы уақтылы хабарлауға;

      3) әрбір кепілдік беру шартына қол қойылғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне тиісті жазбаша хабарлама жіберуге;

      4) Бағдарламада көзделген мониторингті жүргізуге;

      5) бюджетте қаражат болған кезде кепілдік беру шартын жасауға;

      6) бюджеттен субсидиялау үшін қаражат болған жағдайда кәсіпкердің құжаттарын қабылдауға және жобаларды қаржы агенттігінің уәкілетті органының қарауына шығаруға міндеттенеді.

      5. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі:

      1) қаржы агенттігінен Бағдарлама шеңберінде субсидиялауға және кепілдік беруге аударылған ақшалай қаражаттың игерілуі туралы ақпаратты сұратуға;

      2) қаржы агенттігінен Бағдарлама шеңберінде субсидиялауға және кепілдік беруге аударылған ақшалай қаражаттың нысаналы пайдаланылуын талап етуге құқылы.

      6. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі:

      1) қаржы агенттігіне субсидиялауға арналған қаражатты қаржы агенттігі көрсеткен шотқа уақтылы аударуға;

      2) субсидиялау үшін көзделген қаражат түскен кезден бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қаражатты қаржы агенттігіне тиісті қаржы жылында Бағдарламаны іске асыру үшін бөлінген соманың 50 %-і мөлшерінде қаржы агенттігі көрсеткен шотқа аударуға және одан кейінгі төлемдерді қаржы агенттігінің өтінімдеріне сай жүзеге асыруға;

      3) қаржы агенттігінен хабарламаны алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде кредиттерге кепілдік беру үшін көзделген қаражатты Кепілдік беру шартында белгіленген әрбір берілген кепілдік сомасының 20 %-і мөлшерінде қаржы агенттігіне аударуға;

      4) қаржы агенттігінің өтінімі алынған күннен бастап 1 (бір) ай ішінде төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізуге және субсидиялауға арналған қаражатты аударуға;

      5) қаржы агенттігінің өтінімі болмаған жағдайда кәсіпкерлерді субсидиялауға көзделген қалған қаражатты төлеуді жүзеге асырмауға міндеттенеді.

4. Тараптардың жауапкершілігі

      7. Осы Шартта Тараптардың әрқайсысы осы Шарттан туындайтын міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жауапкершілікте болады.

      8. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі мен қаржы агенттігінің арасында тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15 күніне дейінгі мерзімде есептелген қаражат және осы Шарттың шеңберінде субсидиялау көлемі бойынша салыстырып тексеру актілеріне қол қойылады.

      9. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі мен қаржы агенттігінің арасында тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25 күніне дейінгі мерзімде есептелген қаражат және кепілдік беру көлемі бойынша салыстырып тексеру актілеріне қол қойылады.

5. Еңсерілмейтін күш жағдайлары

      10. Еңсерілмейтін күш жағдайлары – кез келген Тараптың Шарт бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара орындауы мүмкін болмайтын жағдайлар (дүлей құбылыстар, соғыс қимылдары, форс-мажорлық жағдайлар). Бұл ретте еңсерілмейтін күш жағдайларының сипаты, әрекет ету кезеңі, басталу фактісі уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті құжаттарымен расталады.

      11. Егер Тараптар еңсерілмейтін күш жағдайларының салдарынан Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны үшін немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.

      12. Еңсерілмейтін күш жағдайлары басталған кезде Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындауы мүмкін болмаған Тарап осындай жағдайлар басталған кезден бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде басқа Тарапқа осындай жағдайлар жөнінде уақтылы хабарлайды.

      13. Уақтылы хабарлама болмаған кезде Тарап басқа Тарапқа хабарламаудың немесе уақтылы хабарламаудың салдарынан келтірілген залалды өтеуге міндетті.

      14. Еңсерілмейтін күш жағдайларының туындауы Шартты орындау мерзімінің аталған жағдайлар әрекет еткен кезеңге сай ұзартылуын туындатады.

      15. Егер осындай жағдайлар 2 (екі) айдан астам уақытқа созылса, онда Тараптардың әрқайсысы Шарт бойынша міндеттемелерді одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы.

6. Дауларды шешу

      16. Шартқа байланысты немесе одан туындайтын барлық даулар және келіспеушіліктер Тараптардың арасында келіссөздер арқылы шешіледі. Келіссөздер жүргізу арқылы реттелмеген даулар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешіледі.

7. Шарттың талаптарын өзгерту

      17. Осы Шарттың ережелері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртіппен өзгертілуі және (немесе) толықтырылуы мүмкін. Тараптардың келісуі бойынша жазбаша нысанда жасалған және Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған және мөрмен (болған жағдайда) бекітілген өзгерістер мен толықтырулар ғана жарамды және Тараптар үшін міндетті болып танылады.

8. Қорытынды ережелер

      18. Тараптардың құқықтық мәртебесі өзгерген жағдайда Шарт бойынша және Шартты орындау жөніндегі барлық құқықтар мен міндеттер, оның ішінде туындаған даулар мен келіспеушіліктерді реттеуге байланысты туындаған құқықтар мен міндеттер Тараптардың құқықтық мирасқорларына беріледі.

      19. Осы Шарт Тараптардың осы Шарттың мәніне байланысты толық өзара түсіністігін білдіреді және олардың арасында Шарттың мәніне қатысты болған барлық бұрынғы жазбаша немесе ауызша келісімдер мен уағдаластықтарды алмастырады.

      20. Осы Шарт Тараптардың әрқайсысы үшін қазақ және орыс тілдерінде ( ) данадан әрқайсысының заңды күші бірдей қазақ және орыс тілдерінде ( ) бірдей данада жасалды.

      21. Осы Шарт барлық Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және Тараптар Шарт бойынша өздерінің міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданылады.

      22. Осы Шартта көзделмеген қалған барлық жағдайларда Тараптар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасын басшылыққа алады.

9. Тараптардың заңды мекенжайлары, банктік деректемелері және қолдары

Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі (Мемлекеттік мекемесі)

Қаржы агенттігі "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы

Қазақстан Республикасы
___________________________ қаласы
___________________________ көшесі
телефон___________________________
БСН _____________________________
ЖСК KZ _________________________
БСК _____________________________
КБЕ _____________________________
"_______________" ММ
мөрдің орны

Қазақстан Республикасы
___________________ қаласы
___________________ көшесі
телефон___________________
БСН _____________________
ЖСК KZ__________________
БСК ____________________
КБЕ _____________________
"______________" АҚ
мөрдің орны (болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2020 жылғы 29 қаңтардағы
№ 5 бұйрығына
2-қосымша

Үлгілік нысан "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде субсидиялау туралы № үлгілік шарты

_________ қаласы

20 жылғы " "

      Бұдан әрі "қаржы агенттігі" деп аталатын "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының атынан _________________________ негізінде әрекет ететін ______________________________________ бір тараптан және

      бұдан әрі "банк/лизингтік компания" деп аталатын "__________________ банкі/даму банкі/лизингтік компаниясы" акционерлік қоғамының/жауапкерлігі шектеулі серіктестігінің атынан ________________________________________ негізінде әрекет ететін ______________________________________ екінші тараптан және

      бұдан әрі "Алушы" деп аталатын ____________________________ атынан ________________________ негізінде әрекет ететін _______________________, бірлесіп "Тараптар", ал жеке алғанда "Тарап" деп немесе жоғарыда көрсетілгендей аталатындар:

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама);

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – Субсидиялау қағидалары);

      "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген Басым жобаларға кредит беру тетігіне (бұдан әрі – Тетік);

      қаржы агенттігінің уәкілетті органы отырысының 20__ жылғы____ __________ № ____ хаттамасына сәйкес осы субсидиялау шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасты.

1. Терминдер мен анықтамалар

      1. Осы Шартта мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) Бағдарлама/Тетік шеңберіндегі экономиканың басым секторлары – экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) сәйкес экономиканың басым секторлары;

      2) банк – Бағдарламаға қатысатын екінші деңгейдегі банк;

      3) банк-төлем агенті – қаржы агенттігімен келісілген лизингтік компанияның уәкілетті банкі және лизингтік компанияның жобалар бойынша субсидияларды аудару мен есептен шығаруға арналған арнайы шотын жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асырады;

      4) қаржы агенттігінің уәкілетті органы – Алушының жобасын субсидиялау мүмкіндігі/мүмкін еместігі және тоқтатылуы/қалпына келтірілуі туралы шешімді қарау және қабылдау жөніндегі ішкі актілерде оған берілген өкілеттіктер шегінде өз қызметін жүзеге асыратын тұрақты әрекет ететін "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының алқалы органы;

      5) қаржылық лизинг шарты – лизингтік компания/банк/даму банкі және кәсіпкердің арасында жасалған жазбаша келісім, оның талаптары бойынша лизингтік компания/банк/даму банкі кәсіпкерге қаржылық лизинг береді;

      6) субсидиялау шарты – қаржы агенттігі, банк/даму банкі/лизингтік компания және кәсіпкердің арасында жасалған үшжақты жазбаша келісім, оның талаптары бойынша қаржы агенттігі банк/даму банкі/лизингтік компания берген кәсіпкердің кредиті/лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемесін ішінара субсидиялайды;

      7) субсидиялар – қаржы агенттігінің субсидиялау шарттары негізінде кәсіпкерлерді субсидиялау шеңберінде банкке/даму банкіне/лизингтік компанияға төлейтін өтеусіз және өтелетін негіздегі мерзімдік төлемдері;

      8) субсидиялау – кәсіпкердің банкке/даму банкіне/лизингтік компанияға кредиттер/лизинг бойынша сыйақы ретінде төлейтін шығыстарын болашақта кәсіпкердің операциялық қызметіне жататын белгілі бір шарттарды орындауына айырбас ретінде ішінара өтеу үшін пайдаланылатын кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылық қолдау нысаны.

      Осы Шартта қолданылатын өзге де терминдер мен анықтамалар Бағдарламада, Субсидиялау қағидаларында/Тетікте айқындалған.

2. Шарттың мәні

      2. Осы Шарттың талаптары бойынша қаржы агенттігі ______________ (қаржы ұйымының атауы) мынадай талаптарда алынған кредит бойынша Алушының сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды мынадай талаптарда жүзеге асырады:

Банктік қарыз шарты/Қаржылық лизинг шарты

______________ жылғы №

Нысаналы мақсаты


Осы Шарт жасалған күндегі кредиттің/лизингтің сомасы


Кредиттің/лизингтің валютасы


Сыйақы мөлшерлемесі


Кредиттің/лизингтің мерзімі


      3. Субсидиялау Субсидиялау қағидаларына сәйкес республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

      4. Банк/лизингтік компания осы Шарт жасалғаннан кейін қаржы агенттігіне мынадай құжаттарды:

      1) өтеу кестесін қоса бере отырып, Алушымен жасалған банктік қарыз шартын/қаржылық лизинг шартын (лауазымды адамның қолымен және банктің/лизингтік компанияның мөрімен (бар болған жағдайда) расталған көшірме);

      2) жаңа кредиттің/лизингтің берілгені туралы банктің/лизингтік компанияның анықтамасын не Алушының жаңа кредит/лизинг алуы фактісін растайтын құжатты ұсынады.

      5. Субсидиялау Бағдарламаның/Тетіктің "______________________" (бағыттың атауы) _______________ бағыты шеңберінде жүзеге асырылады.

      6. Кредит/лизинг бойынша ____________ мөлшеріндегі сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі субсидиялануға тиіс, бұл ретте _______ мөлшеріндегі сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін қаржы агенттігі төлейді, ал сыйақы мөлшерлемесінің ________ мөлшеріндегі қалған бөлігін осы Шартқа қосымшаға (бұдан әрі – Қосымша) сәйкес нысан бойынша Субсидиялау шартына өтеу кестесіне сәйкес Алушы төлейді.

      7. Банк/лизингтік компания аударған және Алушы мерзімі өткен берешек бойынша төлемеген сыйақылар субсидияланбайды.

      8. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуды қаржы агенттігі Қосымшаға сәйкес нысан бойынша Субсидиялау шартына өтеу кестесіне сәйкес банкте/төлем агентінің банкінде ашылған ағымдағы шотқа ай сайын аванстық төлемдермен (айына бір рет/бірнеше рет) жүзеге асырады.

      Кәсіпкерлердің жобалары бойынша субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуды қаржы агенттігі кәсіпкердің банктің/даму банкінің/банк-төлем агентінің кредиттік рейтингі төмендеген және қаржылық жағдайының өзге де нашарлау белгілері орын алған (бір немесе бірнеше жағдайдың орын алуы) жағдайда, оның ішінде:

      халықаралық рейтингтік агенттіктерінің Standard&Poors кредиттік рейтингі рейтингтер шәкілі бойынша "В" деңгейінен төмен түскен жағдайда;

      К4 коэффициентінің мәні 0,4 деңгейінен төмендеген жағдайда;

      қатарынан 2 (екі) ай бойы пруденциалдық нормативтер бұзылған жағдайда кредит бойынша толық төлемді (негізгі борыш, субсидияланатын және субсидияланбайтын сыйақы бөлігі) жүргізу фактісі туралы банктің/даму банкінің/ лизингтік компанияның хабарламасы негізінде не субсидиялау шарттарына төлем кестелерін негізге ала отырып, қысқа мерзімді кезеңге сыйақының субсидияланатын бөлігі бойынша Алушының алдағы міндеттемелерін жабатын төлемдермен жүзеге асырады.

      Банкте/даму банкінде/банк-төлем агентінде жоғарыда аталған көрсеткіштер түзетілген жағдайда, қаржы агенттігі субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуды субсидиялау шартына төлемдер кестесін ескере отырып аванстық төлемдермен (айына бір рет/бірнеше рет) жүзеге асырады.

      9. Субсидиялау мерзімінің басталуы: ____ жыл.

      10. Қаржы агенттігі осы Шартқа қол қойылғаннан кейін субсидияларды төлейді.

      11. Тараптар осы Шарттың шеңберінде төлем жасалатын күн демалыс күніне немесе мереке күніне сай келген жағдайда төлем аталған күннен кейінгі жұмыс күні жасалады деп келісті.

3. Тараптардың құқықтары және міндеттері

      12. Қаржы агенттігі:

      1) осы Шарттың талаптарында субсидиялау үшін жеткілікті сомамен банкте/төлем агентінің банкінде ашылған ағымдағы шотты уақтылы толтыруға;

      2) уәкілетті органға есеп беру мақсатында кредиттер/лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау бөлігінде Бағдарламаның/Тетіктің іске асырылуын мониторингілеуді жүзеге асыруға;

      3) Алушының кредит қаражатын мақсатсыз пайдалануы және (немесе) жобасының Бағдарлама/Тетік талаптарына сәйкес келмеуі фактілері анықталған кезде Алушының төленген сыйақы сомасын өтеуін қамтамасыз ету шараларын, оның ішінде сот тәртібінде қолдануға міндетті.

      13. Қаржы агенттігі:

      1) Бағдарлама шеңберінде өңірлік үйлестірушіден/Бағдарлама/Тетік шеңберінде кәсіпкерлік бойынша уәкілетті органнан қаражат алынбаған жағдайда субсидияны аудармауға;

      2) қаражаттың нысаналы пайдаланылуы тұрғысынан Алушыға тексерулер жүргізуге құқылы. Алушыдан кредиттің нысаналы пайдаланылуын растайтын құжаттар мен мәліметтерді талап етуге;

      3) банктен/лизингтік компаниядан Алушы туралы, сондай-ақ Бағдарламаға/Тетікке қатысатын банктік қарыз шартының/қаржылық лизинг шартының іске асырылуы туралы құжаттарды және ақпаратты сұратуға және алуға;

      4) банкке/лизингтік компанияға және Алушыға алдын ала жазбаша хабарлай отырып, банк/лизингтік компания мен Алушының арасындағы банктік қарыз шартында/қаржылық лизинг шартында көзделген құқықтардың шеңберінде Жоба іске асырылатын орынға жарты жылда 1 (бір) реттен жиі емес шыға отырып, жобаның және (немесе) Алушының Бағдарлама/Тетік талаптарына сәйкестігіне, субсидиялау жүзеге асырылатын қаражаттың нысаналы пайдаланылуына мониторингілеуді жүзеге асыруға;

      5) есепті қалыптастыру мақсатында осы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде Бағдарламаны/Тетікті іске асыру шеңберінде Алушыдан оның қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы қажетті мәліметтерді қосымша сұратуға;

      6) осы Шартта белгіленген, Тараптар үшін көзделген Алушының міндеттемелерді орындау мерзімінің сақталуын бақылауды жүзеге асыруға және Алушының оларды уақтылы орындауын талап етуге;

      7) банкке/лизингтік компанияға жазбаша хабарлай отырып, олардың жедел қызметіне араласпай, банкке/лизингтік компанияға барып, осы Шарттың міндеттемелердің орындалуын тексеруді жүзеге асыруға;

      8) жарнама науқанын жүргізген кезде, ақпаратты қаржы агенттігінің ресми сайтында орналастырған кезде осы Шартты орындау шеңберінде Алушыдан немесе банктен/лизингтік компаниядан алынған Алушы туралы ақпаратты пайдалануға, сондай-ақ Алушының жазбаша келісімімен оны үшінші тұлғаларға беруге;

      9) мынадай:

      субсидиялау жүзеге асырылатын кредитті мақсатсыз пайдалануы;

      кәсіпкердің субсидиялау жүзеге асырылатын қаржы лизинг шарты бойынша лизинг мәнінің алмауы;

      жобаның және/немесе кәсіпкердің Бағдарламаның талаптарына және/немесе қаржы агенттігінің уәкілетті органының шешіміне сәйкес келмеуі;

      кәсіпкердің банктік қарыз шартына/субсидиялау шартына төлемдер кестесіне сәйкес банк алдындағы төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді қатарынан 3 (үш) ай ішінде орындамауы;

      кәсіпкердің қаржы лизинг шартына төлемдерді өтеу кестесіне сәйкес лизингтік компания/банк алдындағы лизингтік төлемдерді енгізу жөніндегі міндеттемелерді 2 (екі) және одан көп рет қатарынан орындамауы;

      кәсіпкердің шоттарындағы ақшаға тыйым салу (талап қоюды толық көлемде қамтамасыз ететін шоттағы ақша жеткілікті болған жағдайда талап- арызды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар ретінде шоттардағы ақшаға тыйым салуды қоспағанда) және/немесе кәсіпкердің шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда борышкерден лизинг мәнінің кері талап ету;

      қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін кәсіпкерлердің салық декларациясының деректері негізінде, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе еңбекақы төлеу қорының көлемін ұлғайту немесе кірістердің (өткізуден түскен кіріс: негізгі көрсетілетін қызметтегі өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне немесе төленетін салықтар (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемінің 10 %-ке өсуіне қол жеткізу жөніндегі міндеттемелерін орындамауы (Бағдарламаның бірінші және екінші бағыты шеңберіндегі кәсіпкерлердің жобалары бойынша);

      Тетік шеңберінде кәсіпкерлердің міндеттемелерді орындамауы:

      100 % инвестициялық мақсаттарға берілетін кредиттік қаражаттарды жұмыс органы/қаржы агенттігі субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері негізінде, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе кірістердің (өткізуден түскен кіріс: негізгі көрсетілетін қызметтегі өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) 10 %-ке өсуіне қол жеткізу;

      қарыз алушының бір жобасы шеңберінде 50 %-тен аспайтын мөлшерде айналым қаржысын толтыруға және инвестициялық мақсаттарға берілетін кредиттік қаражаттар бойынша жұмыс органы/қаржы агенттігі субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері негізінде, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе салық төлемдерін немесе өндіріс көлемін (ақшалай мәнде) немесе кірістердің (өткізуден түскен кіріс: негізгі көрсетілетін қызметтегі өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) 10 %-ке өсуіне қол жеткізу. Тетіктің талаптарына сәйкес салық төлеуден босатылмаған кәсіпорындар, салықтық төлемдердің ұлғаюын қамтамасыз етеді;

      100 % айналым қаражатын толтыру мақсатында берілген кредитті жұмыс органы/қаржы агенттігі субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) жылдың қорытындысы бойынша салық декларациясының деректері негізінде, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе салық төлемдерін немесе өндіріс көлемін (ақшалай мәнде) немесе кірістердің (өткізуден түскен кіріс: негізгі көрсетілетін қызметтегі өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) 10 %-ке өсуіне қол жеткізу. Тетіктің талаптарына сәйкес салық төлеуден босатылмаған кәсіпорындар, салықтық төлемдердің ұлғаюын қамтамасыз етеді, осы фактілерді анықтау негізінде субсидиялауды тоқтата тұру туралы шешім қабылданған жағдайда субсидиялауды тоқтатуға міндетті.

      14. Алушы:

      1) банктік қарыз шарты/қаржылық лизинг шарты бойынша өз міндеттемелерін уақтылы және толық көлемде орындауға;

      2) банкке/лизингтік компанияға:

      – банктік қарыз шартына/қаржы лизинг шартына сәйкес өтеу кестесіне сәйкес субсидияланбайтын сыйақы мөлшерлемесін;

      – осы Шарттың 8-тармағында көрсетілген жағдайларды ескере отырып, сыйақының субсидияланатын және субсидияланбайтын бөлігін төлеуге;

      3) қаржы агенттігіне жазбаша сұрау салуы бойынша кредиттің нысаналы пайдаланылуына, жобаның және (немесе) Алушының Бағдарламаның/Тетіктің талаптарына сәйкестігіне жобаның іске асырылатын аумағында тексерулер жүргізу құқығын беруге;

      4) қаржы агенттігінің жазбаша сұрау салуы бойынша Бағдарламаның/Тетіктің, банктік қарыз шартының/қаржылық лизинг шартының және осы Шарттың талаптарын орындауға байланысты құжаттар мен ақпаратты беруге;

      5) Тараптардың алдын ала жазбаша келісімінсіз осы Шарттың талаптары және оның іске асырылуы туралы ақпаратты үшінші тұлғаларға бермеуге және жария етпеуге;

      6) осы мемлекеттік қолдау көрсетілетін қызмет түрлерінің айырмашылығы болған жағдайда, осы Шарт жасалған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде статистика органдарында тиісті ЭҚЖЖ беруге және қаржы агенттігіне хабарлауға;

      7) Алушының кредит қаражатын мақсатсыз пайдалануы және (немесе) жобасының Бағдарлама/Тетік талаптарына сәйкес келмеуі фактілері анықталған кезде осы Шарт шеңберінде алынған сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін қаржы агенттігіне өтеуді қамтамасыз етуіне міндетті.

      15. Алушы:

      1) қаржы агенттігінен банкке/лизингтік компанияға субсидияланатын сыйақы мөлшерлемесі бөлігінде субсидиялар төлеуді талап етуге;

      2) субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 75 (жетпіс бес) күннен кешіктірмей банкке/лизингтік компанияға субсидиялау шартының қолданылу мерзімін ұзартуға өтінім беруге құқылы;

      3) қаржы агенттігіне Бағдарламаның/Тетіктің іске асырылуына мониторинг жүргізу мақсатында қаржы агенттігіне Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінен Қазақстан Республикасының салықтық заңнамасына сәйкес салықтық құпия болып табылатын мынадай:

      қаржы агенттігінің кірістің өсу серпінін айқындау үшін кәсіпкердің кірістері;

      қаржы агенттігінің жұмыс орындарының орташа жылдық санының өсуін айқындауы үшін кәсіпкердің жұмыскерлерінің саны;

      қаржы агенттігінің бюджетке төленген салықтардың ұлғаюы серпінін айқындауы үшін кәсіпкердің төлеген салықтарының сомасы туралы мәліметтерді алуға келісім беру туралы өтініш беруге құқылы.

      16. Банк/лизингтік компания:

      1) осы Шарт жасалғаннан кейін осы Шарттың қолданылуының барлық мерзімінде Алушының кредиті/лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемесін ұлғайтпауға;

      2) осы Шарт Субсидиялау қағидаларында көзделген мерзімде уақтылы жасалмаған жағдайда кідірту себептерін түсіндіре отырып, ресми хатпен қаржы агенттігін хабардар етуге;

      3) қаржы агенттігінің тиісті хабарламасының негізінде Алушының жобасы бойынша қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан субсидиялардың сомасын ай сайын есептен шығаруды жүзеге асыруға міндетті, бұл ретте банктің/лизингтік компания қаржы агенттігінің шоттардағы қаражаттың ағымдағы жалпы қалдықтарынан субсидияны есептен шығаруға құқығы жоқ. Кәсіпкер кредит/лизинг бойынша жоспарлы төлемді нақты өтеген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткеннен кейін сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бір бөлігін өтеу үшін қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан субсидиялар сомасы есептен шығарылған жағдайда қаржы агенттігінің талабы бойынша банк/лизингтік компания қаржы агенттігіне 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде айыппұл төлейді;

      4) Алушы кредит/лизинг бойынша төлемді уақтылы өтемеген жағдайда, оның ішінде сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бір бөлігін уақтылы өтемеген жағдайда немесе Алушы 3 (үш) ай қатарынан (қаржылық лизинг шарты бойынша қатарынан 2 (екі) және одан көп рет) банктің/лизингтік компанияның алдында төлемдерді төлеу бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайда, бұл туралы қаржы агенттігіне 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабарлауға міндетті. Бұл ретте, Алушы берешекті өтегенге дейін сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бір бөлігін өтеу үшін қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан қаражатты есептен шығаруды жүргізбейді.

      Осы тармақшада көзделген жағдайлар басталған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткеннен кейін хабарламаған/хабарлаған жағдайда, қаржы агенттігінің талабы бойынша банк/лизингтік компания қаржы агенттігіне 100 (жүз) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді;

      5) Алушының кредиті/лизингі бойынша негізгі борышы мерзімінен бұрын ішінара/толық өтелген жағдайда қаржы агенттігіне 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабарлауға міндетті. Алушы негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара/толық өтеген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткеннен кейін хабарламаған/хабарлаған жағдайда, қаржы агенттігінің талабы бойынша банк/лизингтік компания қаржы агенттігіне 100 (жүз) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

      Алушының кредиті/лизингі бойынша негізгі борышы мерзімінен бұрын ішінара/толық өтелген жағдайда және Алушының кредиті/лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау тоқтатылған жағдайда Банк 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігіне өзара есеп айырысулардың салыстырып тексеру актісін беруге міндетті. Бұл ретте банк/лизингтік компания салыстырып тексеру актісінде іс жүзінде есептен шығарылған субсидиялардың сомасы мен күндерін көрсетеді, ал қаржы агенттігі субсидиялардың аударылған сомасы мен күндерін көрсетеді;

      6) Алушы субсидиялардың сомасын дербес төлеген жағдайда, кейін қаржы агенттігі қаражатты өтеген кезде қаржы агенттігі хабарламасының негізінде субсидиялардың тиісті сомасын есептен шығаруға және Алушының ағымдағы шотына аударуға;

      7) сұрау салу бойынша қаржы агенттігіне Алушының субсидияланатын кредитінің/лизингінің төлем тәртібіне қатысты деректерді беруге;

      8) жобаға мониторинг жүргізу үшін қажетті құжаттарды беруге, қаржы агенттігі және Алушы мониторингілік есептерге қол қоюға;

      9) осы Шарттың талаптарын орындауға әсерін тигізуі мүмкін барлық мән-жайлар туралы қаржы агенттігіне уақтылы хабарлауға;

      10) осы Шарттың қолданылау мерзімі ішінде қаржы агенттігінің келісімінсіз кредиттің/лизингтің сомасын және (немесе) кредит/лизинг бойынша сыйақының номиналдық мөлшерлемесін өзгертпеуге;

      11) банк/лизингтік компания тарапынан Бағдарламада/Тетікте көзделген өндіріп алынуы ықтимал комиссияларды қоспағанда, қаржы агенттігінің уәкілетті органы қолданыстағы кредитті/қаржылық лизинг шартын субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда, Алушыға ағымдағы қаржы жылы бұрын алынған комиссияларды, алымдарды және (немесе) өзге де төлемдерді өтеуге міндетті. Бұл ретте осы комиссиялар, алымдар және/немесе басқа да төлемдер барлық тараптар бірінші субсидиялау шартына қол қойылған нақты күннен бастап 3 (үш) ай ішінде кәсіпкерге қайтарылуға жатады. Банк/лизингтік компания ағымдағы жылы алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе басқа да төлемдерді Субсидиялау қағидаларының осы тармағында көрсетілген мерзімде кәсіпкерге уақтылы өтемеген жағдайда банк/даму банкі/лизингтік компания қаржы агенттігіне 100 (жүз) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді;

      12) Алушы кредит/лизинг бойынша негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара/толық өтеген жағдайда, қаржы агенттігіне кредит/лизинг бойынша негізгі борыштың мерзімінен бұрын ішінара/толық өтелуі фактісі туралы хабарлауға міндетті.

      Алушының кредиті/лизингі бойынша негізгі борышы мерзімінен бұрын ішінара өтелген жағдайда, банк/лизингтік компания банктік қарыз шартына/қаржылық лизинг шартына қосымша келісім жасаған кезде қаржы агенттігіне негізгі борышты ішінара өтеу күнінен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде төлемдерді өтеу кестесін өзгерте отырып, субсидиялау шартына тиісті қосымша келісімді қоса бере отырып банктік қарыз шартына/қаржылық лизинг шартына қосымша келісімнің көшірмесін жолдайды;

      13) қаржы агенттігінен субсидиялар сомасын атаулы аудару туралы хабарлама алмаған жағдайда, Алушыға сыйақы мөлшерлемесін толық көлемде өтеу туралы хабарлауға;

      14) субсидиялау мерзімі үш жыл болатын Бағдарлама шеңберінде 2018 жылғы 27 қаңтарға дейін мақұлданған жоба бойынша осы Шарттың 15-тармағының 2) тармақшасына сәйкес келіп түскен Алушының өтінімін қарау нәтижесі оң болған кезде, күнтізбелік 60 (алпыс) күннен кешіктірмей субсидиялау шартының қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтініш жасауға міндетті.

      17. Банк/лизингтік компания:

      1) қаржы агенттігінен осы Шарттың шеңберінде көзделген субсидияларды уақтылы аударуды талап етуге;

      2) Субсидиялау қағидаларының 147-тармағында белгіленген фактілердің негізінде қолданыстағы кредит бойынша субсидиялау тоқтатылған жағдайда Алушыға бұрын қолданыста болған қаржыландыру шарттарын (оның ішінде сыйақы мөлшерлемесін, комиссияларды, алымдарды және (немесе) басқа төлемдерді) белгілеуге;

      3) қолданыстағы кредит бойынша субсидиялау мерзімі аяқталған жағдайда Алушыға ол бұрын төлеген және банк/лизингтік компания қайтарған комиссияларды, алымдарды және (немесе) өзге де төлемдерді қоспағанда бұрын қолданыста болған қаржыландыру шарттарын белгілеуге құқылы.

4. Шарттың қолданылу мерзімі

      18. Осы Шарт субсидиялау мерзімінің басталуын ескере отырып, Тараптар оған қол қойған күнінен бастап күшіне енеді және 20___ жылғы _____________ қоса алғанда, ал орындалмаған міндеттемелер бөлігінде олар толық орындалғанға дейін қолданылады.

      19. Қаржы агенттігі осы Шарттың 13-тармағының 9) тармақшасында көзделген фактілер анықталып, субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылданған жағдайда осы Шартты біржақты тәртіппен бұзады.

5. Жауапкершілік

      20. Осы Шарт бойынша Тараптар осы Шарттан туындайтын міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін осы Шартқа және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жауапты болады.

      21. Қазақстан Республикасының қолданыстағы азаматтық заңнамасына және банктік қарыз шартына/қаржылық лизинг шартына сәйкес кредитті/лизингті уақтылы және толық қайтару бойынша міндеттемелерді тиісінше орындамағаны және сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бір бөлігін өтемегені үшін банктің/лизингтік компанияның алдындағы барлық жауапкершілікті Алушы көтереді. Бұл ретте осындай жауапкершілік ешбір жағдайда қаржы агенттігіне жүктеле алмайды.

6. Еңсерілмейтін күш жағдайлары

      22. Егер орындау еңсерілмейтiн күштің, яғни төтенше және тойтаруға болмайтын жағдайлардың (зілзала құбылыстары, әскери іс-шаралар, форс-мажорлық жағдайлар) салдарынан мүмкін болмаса, Тараптар осы Шарт бойынша өздерінің міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.

      23. Еңсерілмейтін күш, яғни төтенше және тойтаруға болмайтын жағдайлар туындаған кезде осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау мүмкін болмайтын Тарап осындай жағдайлар орын алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде басқа Тарапқа осындай жағдайлар туралы уақтылы хабарлайды. Бұл ретте форс-мажор жағдайларының сипаты, әрекет ету кезеңі, басталу фактісі уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті құжаттарымен расталады.

      24. Уақтылы хабарлама болмаған жағдайда, Тарап басқа Тарапқа хабарламаудың немесе уақтылы хабарламаудың салдарынан келтірілген зиянды өтейді.

      25. Еңсерілмейтін күштiң, яғни төтенше және тойтаруға болмайтын жағдайлардың туындауы осы Шартты орындау мерзімін олардың әрекет ету кезеңіне ұлғайтуға алып келеді.

      26. Егер осындай жағдайлар қатарынан 3 (үш) айдан астам уақытқа созылса, онда кез келген Тарап осы Шарт бойынша міндеттемелерді одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы.

7. Дауларды шешу

      27. Осы Шартты орындауға байланысты туындаған қандай да бір дау болған жағдайда, кез келген Тарап барлық дауларды келіссөздер арқылы реттеуге күш-жігерлерін салады.

      28. Егер туындаған дауды келіссөздер арқылы шешу мүмкін болмаса, осы дау және оған қатысты басқа да мәселелер Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес шешіледі және реттеледі.

8. Құпиялылық

      29. Осы арқылы Тараптар осы Шарттың талаптарына қатысты болатын ақпараттың, банктік құпияның, сондай-ақ қаржылық, коммерциялық және осы Шартты жасасу және орындау барысында өздері алған басқа да ақпараттың құпия болып табылатынымен және осы Шартта және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға жария етуге болмайтынымен келіседі.

      30. Осы Шартта және Қазақстан Республикасының азаматтық және кәсіпкерлік заңнамаларында тікелей көзделген жағдайларда Тарап құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға бере алады, оны жариялай немесе басқа да жолмен тарата алады.

      31. Тараптар осы Шарттың бар екенін және оның талаптарының құпиялылығын сақтау үшін барлық қажетті шараларды, оның ішінде құқықтық сипаттағы шараларды қабылдайды. Тараптардың лауазымды адамдарына және жұмыскерлеріне осы Шартты іске асыру барысында алынған мәліметтерді үшінші тұлғаларға жария етуге не беруге тыйым салынады.

      32. Кез келген Тарап осы Шарттың талаптарын бұза отырып құпия ақпаратты жария еткен не таратқан жағдайда, кінәлі Тарап Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген жауапкершілікте болады.

9. Қорытынды ережелер

      33. Осы Шартқа қол қоюмен Алушы қаржы агенттігіне:

      1) қаржы агенттігінің субсидиялау жүзеге асырылатын осы Кредит шарты шеңберінде алынған ақпарат пен құжаттарды, оның ішінде банктік және коммерциялық құпияны мүдделі үшінші тұлғаларға Алушының алдын ала жазбаша келісімінсіз беруіне;

      2) қаржы агенттігінің бұқаралық ақпарат құралдарында Алушының атауын, жоба іске асырылатын өңірдің атауын, Алушы жобасының атауы мен сипаттамасын, сондай-ақ саласын жариялауына келісім береді.

      34. Алушы қаржы агенттігіне мыналарды мәлімдейді және оларға кепілдік береді:

      1) осы Шартта көрсетілген растаулар мен кепілдіктердің шынайы екенін және шындыққа сәйкес келетінін растайды;

      2) қаржы агенттігі көрсетілген растаулар мен кепілдіктердің шындыққа сәйкес келетінін тексеруге міндетті емес;

      3) Алушы өз бизнесіне, қаржылық жағдайына, активтеріне және өзінің міндеттемелері бойынша жауап беру қабілетіне кері әсерін тигізуі мүмкін ешқандай жағдайлардан хабардар емес.

      35. Осы Шарттың ережелері өзгеруі және (немесе) толықтырылуы мүмкін. Осы Шартта көзделген жағдайларды қоспағанда, Тараптардың келісімі бойынша жазбаша нысанда жасалған және Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған өзгерістер мен толықтырулар ғана Тараптар үшін жарамды және міндетті болып танылады.

      36. Осы Шарт Тараптардың әрқайсысы үшін қазақ және орыс тілдерінде ( ) данадан заңды күші бірдей қазақ және орыс тілдерінде ( ) бірдей данада жасалды. Осы Шарттың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндері арасында сәйкессіздіктер туындаған жағдайда, орыс тіліндегі шарт мәтіні басшылыққа алынады.

      37. Осы Шартта көзделмеген қалған барлық өзге жағдайларда Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.

10. Тараптардың заңды мекенжайлары, банктік деректемелері және қолдары

Қаржы агенттігі "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы

Банк/лизингтік компания

Алушы

__________________ мөрдің орны
(болған жағдайда)

_______________
мөрдің орны
(болған жағдайда)

_______________
мөрдің орны
(болған жағдайда)




Қазақстан Республикасы
____________ қаласы
____________көшесі
телефоны__________
БСН _____________
ЖСК KZ__________
БСК______________
КБЕ ______________
"_____________" АҚ

Қазақстан Республикасы
____________ қаласы
____________көшесі
телефоны___________
БСН ______________
ЖСК KZ___________
БСК ______________
КБЕ ______________
"_________" АҚ/ЖШС

Қазақстан Республикасы
____________ қаласы
____________көшесі
телефоны___________
БСН _____________

  Субсидиялау шартына
қосымша
  Нысан

Субсидиялау шартына өтеу кестесі

      Сәйкестендіру коды: (IBAN форматындағы бірегей 20 таңбалы код)

Негізгі борышты өтеу күні

Негізгі борыштың қалдық сомасы

Негізгі борышты өтеу сомасы

Қаржы агенттігі төлейтiн сыйақы сомасы

Алушы төлейтiн сыйақы сомасы

Есептелген сыйақы сомасының жиыны














Қаржы агенттігі "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы

Банк/лизингтік компания

Алушы

__________________ мөрдің орны
(болған жағдайда)

_______________
мөрдің орны
(болған жағдайда)

_______________
мөрдің орны
(болған жағдайда)




Қазақстан Республикасы
____________ қаласы
____________көшесі
телефоны___________
БСН _____________
ЖСК KZ__________
БСК______________
КБЕ ______________
"_____________" АҚ

Қазақстан Республикасы
____________ қаласы
____________көшесі
телефоны___________
БСН ______________
ЖСК KZ___________
БСК ______________
КБЕ ______________
"_____________" АҚ/ЖШС

Қазақстан Республикасы
____________ қаласы
____________көшесі
телефоны___________
БСН _____________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2020 жылғы 29 қаңтардағы
№ 5 бұйрығына
3-қосымша

Үлгілік нысан "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде исламдық қаржыландыру бойынша субсидиялау № үлгілік шарты

_____ қ.

20 жылғы " "

      Бұдан әрі "қаржы агенттігі" деп аталатын "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының атынан _____________ негізінде әрекет ететін ______________________________________ бір тараптан және

      бұдан әрі "Ислам банкі (Исламдық лизингтік компания)" деп аталатын "Ислам банкі (_________ исламдық лизингтік компаниясы)" акционерлік қоғамының атынан _____________ негізінде әрекет ететін ______________________________________ екінші тараптан

      және бұдан әрі "Алушы" деп аталатын ____________________ атынан _____________ негізінде әрекет ететін _______________________________, бірлесіп "Тараптар", ал жеке алғанда "Тарап" не жоғарыда көрсетілгендей болып аталатындар, төмендегілер туралы осы Исламдық қаржыландыру жөніндегі субсидиялау шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасты:

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Шартты жасасу үшін мыналар негіз болып табылады:

      1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама);

      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерін ислам банктері қаржыландырған кезде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауарларға үстеме бағаның бір бөлігін және жалгерлік төлемнің бір бөлігін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Исламдық қаржыландыру жөніндегі қағидалар);

      3) Қаржы агенттігінің уәкілетті органы отырысының 20___ жылғы ___________ № ____ хаттамасы негіз болып табылады.

2-тарау. Терминдер мен анықтамалар

      2. Осы Шартта мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар қолданылады:

      1) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі – Бағдарламаға қатысу үшін қажетті құжаттарды дайындау және жинау бойынша кәсіпкерлерді консультациялық сүйемелдеуді жүзеге асыратын, облыс (астана, республикалық маңызы бар қала) әкімі айқындайтын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;

      2) банк – Бағдарламаға қатысатын екінші деңгейдегі банк;

      3) банк-төлем агентi – исламдық лизингтік компанияның уәкілетті банкі, ол қаржы агенттігімен келісіледі және Исламдық лизингтік компаниялардың исламдық лизинг шарттары бойынша субсидиялар сомасын аудару мен есептен шығаруға арналған қаржы агенттігінің ағымдағы арнайы шотын жүргізу жөніндегі функцияларын жүзеге асырады;

      4) жоба – кіріс алуға бағытталған, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бастамашылық қызмет ретінде Алушы жүзеге асыратын бизнестің түрлі бағыттарындағы іс-қимылдар мен іс-шаралар жиынтығы;

      5) ислам банкі (Исламдық лизингтік компаниясы) беретін қаржыландыру (бұдан әрі – қаржыландыру) – ислам банкі Алушыға ұсынатын тауар төлемінің мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу және (немесе) ислам банкінің (исламдық лизингтік компанияның) алушыға лизинг (жалға беру) шарттарымен мүлікті (лизинг нысанасын) беруі;

      6) ислам банкінің (исламдық лизингтік компанияның) кірісі – ислам банкінің (исламдық лизингтік компанияның) пайдасын құрайтын тауардың үстеме бағасы (жалгерлік төлемнің бір бөлігі);

      7) исламдық лизинг шарты (бұдан әрі – лизинг) – Исламдық лизингтік компания мен Алушы арасында жасалған жазбаша келісім, оның талаптары бойынша исламдық лизингтік компания Алушыға мүлікті (лизинг нысанын) лизинг (жалға беру) шарттарымен береді;

      8) қаржы агенттігі – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;

      9) қаржыландыру шарты – Ислам банкі мен Алушы арасында жасалатын жазбаша келісім, оның шарттары бойынша ислам банкі Алушыға – тауарды сатып алушы немесе сатушыға коммерциялық кредит береді не Алушыға мүлікті (лизинг нысанын) лизинг (жалға беру) шарттарымен береді. Қаржыландыру шартына, сондай-ақ бас қаржыландыру келісімі де жатады, оның шеңберінде ислам банкі мен Алушы коммерциялық кредит беру (қаржыландыру) туралы жекелеген шарттар жасасады;

      10) субсидиялау – ислам банкінің (исламдық лизингтік компанияның) кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасы және (немесе) жалдау төлемінің бөлігі ретінде Алушы ислам банкіне (ислам лизингтік компанияға) төлейтін шығыстарды ішінара өтеу үшін пайдаланылатын Алушыны мемлекеттік қаржылай қолдау нысаны.

3-тарау. Шарттың мәні

      3. Осы Шарттың талаптары бойынша қаржы агенттігі ______________ (ислам банкінің (исламдық лизингтік компанияның) атауы) алынған қаржыландыру бойынша Алушы тауарының үстеме бағасын (жалгерлік төлемнің бір бөлігін) субсидиялауды мынадай шарттарда жүзеге асырады:

Қаржыландыру шарты/ исламдық лизинг шарты

____ жылғы
№ ___

Нысаналы мақсаты


Осы Шарт жасалған күнгі қаржыландыру/лизинг сомасы


Қаржыландыру валютасы


Ислам банкі/исламдық лизингтік компания кірісінің мөлшері


Қаржыландыру/лизинг мерзімі


      4. Субсидиялау Исламдық қаржыландыру жөніндегі қағидаларға сәйкес республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттері қаражатының есебінен жүргізіледі.

      5. Осы Шарт жасалғаннан кейін ислам банкі (исламдық лизингтік компания) осы Шарттың барлық қолданылу мерзімінде Алушыны қаржыландыру бойынша кірістің мөлшерін біржақты тәртіппен ұлғайтпауға міндеттенеді.

      6. Осы Шарт жасалғаннан кейін ислам банкі (исламдық лизингтік компания) қаржы агенттігіне мынадай құжаттарды:

      1) Алушымен жасалған өтеу кестесі (уәкілетті адамның қолымен және ислам банкінің (исламдық лизингтік компанияның) мөрімен расталған көшірмесі) қоса берілген қаржыландыру шартын (исламдық лизинг шартын);

      2) жаңа қаржыландырудың (лизингтің) берілгені туралы ислам банкінің (исламдық лизингтік компанияның) анықтамасын не Алушының жаңа қаржыландыруды (лизингті) алу фактісін растайтын құжатты береді.

4-тарау. Субсидияларды беру шарттары

      7. Ислам банкінің (исламдық лизингтік компанияның) ________ мөлшердегі кірісінің бір бөлігі субсидиялауға жатады, бұл ретте осы Шартқа қосымшаға сәйкес өтеу кестесі бойынша ислам банкі (исламдық лизингтік компания) кірісінің ______ мөлшеріндегі бір бөлігін қаржы агенттігі төлейді, ал ислам банкі (исламдық лизингтік компания) кірісінің ________ мөлшеріндегі қалған бөлігін Алушы төлейді.

      8. Мерзімі өткен ссудалық берешек (лизинг бойынша берешек) бойынша ислам банкі (исламдық лизингтік компания) есептеген және Алушы төлемеген кіріс субсидияланбайды.

      9. Субсидиялау мерзімі __________________ жылдан бастап саналады.

      10. Барлық операциялар теңгемен жасалады.

      11. Қаржыландыруды (лизингті) уақтылы және толық қайтару және ислам банкі (исламдық лизингтік компания) кірісінің субсидияланбайтын бір бөлігін өтеу жөніндегі міндеттемелерді тиісінше орындамағаны үшін ислам банкінің (исламдық лизингтік компанияның) алдындағы барлық жауапкершілік Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және қаржыландыру шартына (исламдық лизинг шартына) сәйкес Алушыға жүктеледі. Бұл ретте мұндай жауапкершілікті қандай жағдайда болмасын қаржы агенттігіне жүктеуге болмайды.

5-тарау. Шарт бойынша субсидиялау тәртібі

      12. Қаржы агенттігі осы Шартқа төлемдер кестесін ескере отырып, субсидиялау үшін көзделген қаражатты исламдық банктегі (банк-төлем агентіндегі) ағымдағы шотқа ай сайын, аванстық төлемдермен (айына бір рет/бірнеше рет) аударуды жүзеге асырады. Бұл ретте қаражат аударылғаннан кейін қаржы агенттігі ислам банкіне (исламдық лизингтік компанияға) бір уақытта тиісті хабарлама жібереді.

      Кәсіпкерлердің жобалары бойынша субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуды қаржы агенттігі кәсіпкердің кредит бойынша толық төлем (негізгі борыш, субсидияланатын және субсидияланбайтын сыйақы бөлігі) жүргізу фактісі туралы банктің/лизингтік компанияның хабарламасы негізінде не банктің/банк-төлем агентінің кредиттік рейтингі төмендеген және өзге де қаржылық жағдайының нашарлаған белгілері (бір немесе бірнеше жағдайлар орын алуы) болған кезде, оның ішінде:

      халықаралық рейтингтік агенттіктер белгілейтін кредиттік рейтингі Standard&Poors рейтинг шәкілі бойынша "В" деңгейінен төмендеген жағдайда;

      К4 коэффициентінің мәні 0,4 деңгейінен төмендеген жағдайда;

      қатарынан 2 (екі) ай бойы пруденциалдық нормативтер бұзылған жағдайда, субсидиялау шарттарына төлем кестелерін негізге ала отырып, қысқа мерзімді кезеңге сыйақының субсидияланатын бөлігі бойынша Алушының алдағы міндеттемелерін жабатын төлемдермен жүзеге асырады.

      Банкте/банк-төлем агентінде жоғарыда аталған көрсеткіштер түзетілген жағдайда, қаржы агенттігі субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуды субсидиялау шартына төлемдер кестесін ескере отырып аванстық төлемдермен (айына бір рет/бірнеше рет) жүзеге асырады.

      13. Субсидиялау мерзімінің басталуы: ____________ ж.

      14. Осы Шартқа қол қойылғаннан кейін қаржы агенттігі субсидияларды төлейді. Субсидиялар Бағдарламаның тиісті Өңірлік үйлестірушісінен келіп түскен қаражат болған кезде төленеді.

      15. Ислам банкі (исламдық лизингтік компания) кірісінің бір бөлігін субсидиялау валюталық қаржыландыру бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте қаржы агенттігі субсидиялардың сомасын субсидиялар сомасы аударылған күні Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша теңгемен төлейді.

      16. Бағамдық оң айырма туындаған жағдайда, қаржы агенттігі кәсіпкердің жобаларын субсидиялау үшін қаражатты кейіннен қайта бөлу мақсатында айырманы қаржы агенттігінің шотына қайтаруды жүзеге асырады, ал бағамдық теріс айырма болғанда – өтеу Алушыға жүктеледі.

      17. Алушы ислам банкіне (исламдық лизингтік компанияға):

      ислам банкі (исламдық лизингтік компания) кірісінің субсидияланбайтын бөлігін қаржыландыру шартына (исламдық лизинг шартына) сәйкес өтеу кестесі бойынша;

      осы Шарттың 12-тармағында көрсетілген жағдайларды ескере отырып, сыйақының субсидияланатын және субсидияланбайтын бөлігін төлейді.

      18. Алушы қаржыландыру бойынша төлемді уақтылы өтемеген жағдайда, оның ішінде ислам банкі (исламдық лизингтік компания) кірісінің субсидияланбайтын бөлігін уақтылы өтемеген жағдайда немесе Алушы 3 (үш) ай қатарынан (исламдық лизинг шарты бойынша) қатарынан 2 (екі) және одан көп рет) исламдық банктің (исламдық лизингтік компанияның) алдында төлемдерді төлеу міндеттемелерін орындамаған жағдайда, Алушы берешекті өтегенге дейін ислам банкі (исламдық лизингтік компания) өз кірісінің субсидияланатын бөлігін өтеу үшін қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан қаражатты есептен шығаруды жүргізбейді және 2 (екі) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігін бұл туралы хабардар етеді. Осы тармақта көзделген жағдайлар басталған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткеннен кейін хабардар еткен/хабардар етпеген жағдайда ислам банкі (исламдық лизингтік компания) қаржы агенттігіне 100 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде айыппұл төлейді.

      19. Тараптар осы Шарттың шеңберінде төлем жасалатын күн демалыс күніне немесе мереке күніне келген жағдайда, төлем аталған күннен кейінгі жұмыс күні жасалады деп келісті.

6-тарау. Субсидиялауды тоқтата тұру, тоқтату және қайта бастау негіздері

      20. Субсидиялауды тоқтату және қайта бастау туралы шешімді қаржы агенттігінің уәкілетті органы қабылдайды.

      21. Қаржы агенттігі Исламдық қаржыландыру жөніндегі қағидалардың 105-тармағында көзделген мынадай:

      1) субсидиялау жүзеге асырылатын жаңа қаржыландыруды мақсатсыз пайдалану, бұл ретте субсидиялау қаржыландыруды мақсатсыз пайдалану сомасына барабар тоқтатыла тұрады;

      2) кәсіпкердің субсидиялау жүзеге асырылатын исламдық лизинг шарты бойынша лизинг (жалдау) мәнінің алмауы;

      3) жобаның және/немесе кәсіпкердің Бағдарлама талаптарына және/немесе Қаржы агенттігінің шешіміне сәйкес келмеуі;

      4) кәсіпкердің қаржыландыру шартына төлемдер кестесіне сәйкес ислам банкі алдындағы төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді қатарынан 3 (үш) ай бойы орындамау;

      5) кәсіпкердің төлемдерді өтеу кестесіне сәйкес ислам банкі/исламдық лизингтік компания алдындағы лизингтік (жалгерлік) төлемдерді енгізу жөніндегі міндеттемелерді қатарынан 2 (екі) рет және одан көп орындамауы;

      6) кәсіпкердің шоттарындағы ақшаға тыйым салу (талап қоюды толық көлемде қамтамасыз ететін шоттағы ақша жеткілікті болған жағдайда, талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар ретінде шоттардағы ақшаға тыйым салуды қоспағанда) және/немесе кәсіпкердің шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, борышкерден лизинг (жалдау) мәнінің талап ету фактілері анықталған кезде алушыны субсидиялауды тоқтатады.

      22. Қаржы агенттігі уәкілетті органы отырысының нәтижелері бойынша:

      1) Алушыны субсидиялауды қайта бастау туралы шешімді келіскен жағдайда:

      шешім қабылданған кезден бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ислам банкіне (исламдық лизингтік компанияға) және Алушыға субсидиялау төлемдерінің қайта басталғаны туралы хабарлайды;

      тоқтата тұрған кезден бастап төленуге жататын субсидиялардың барлық қажетті төлемдерін ислам банкіне (исламдық лизингтік компанияға) төлейді;

      2) шешім қабылданған кезден бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Алушыны субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылданған жағдайда, Алушыға және ислам банкіне (исламдық лизингтік компанияға) осы Шарттың біржақты бұзылатыны туралы хабарлама жібереді, онда қаржы агенттігі уәкілетті органының шешіміне сәйкес осы Шарттың бұзылатын күнін және бұзу себебін көрсетеді.

      23. Исламдық қаржыландыру жөніндегі қағидалардың 111-тармағында көзделген мынадай:

      1) Алушы ислам банкі (исламдық лизингтік компания алдындағы исламдық лизинг шарты бойынша) алдындағы қаржыландыру шарты бойынша қаржыландыруды мерзімінен бұрын толықтай өтеген жағдайда. Алушының ислам банкіне (исламдық лизингтік компанияға) қаржыландыру (лизинг) бойынша ақшаны толықтай өтеген күні субсидиялауды тоқтату күні болып саналады;

      2) қаржы агенттігі уәкілетті органының Алушыны субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылдаған;

      3) Алушының бастамасы бойынша осы Шарт бұзылған жағдайларда Субсидияларды төлеу тоқтатылады, ал осы Шарт хабарламада көрсетілген (қаржы агенттігі шешіміне сәйкес корсетіледі) күннен бастап бұзылған болып танылады.

7-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      24. Қаржы агенттігі осы Шарттың талаптарымен субсидиялау үшін банктегі/банк-төлем агентіндегі шотты жеткілікті сомамен уақтылы толықтырады.

      25. Қаржы агенттігі:

      1) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінен қаржы алмаған жағдайда, субсидияларды аудармауға;

      2) Қаржыландыру шартының және (немесе) осы Шарттың талаптары қаржы агенттігі уәкілетті органының шешіміне және (немесе) Бағдарламаның талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, осы Шартқа қол қоймауға;

      3) Алушыдан қаражаттың (лизинг нысанының) мақсатты пайдаланылуы туралы қосымша ақпаратты сұратуға;

      4) ислам банкінен (исламдық лизингтік компаниядан) Алушы туралы, сондай-ақ Бағдарламаға қатысатын қаржыландыру шартының (исламдық лизинг шартының) іске асырылуы туралы құжаттар мен ақпаратты сұратуға және алуға;

      5) ислам банкіне (исламдық лизингтік компанияға) және Алушыға алдын ала жазбаша хабарлай отырып, ислам банкі (исламдық лизингтік компания) мен Алушының арасындағы қаржыландыру шартында (исламдық лизинг шартында) көзделген құқықтар шеңберінде Жоба іске асырылатын жерге кемінде жарты жылда 1 (бір) рет бара отырып, Жобаның және (немесе) Алушының Бағдарлама талаптарына сәйкестігіне мониторингті жүзеге асыруға, субсидиялау жүзеге асырылатын жоба бойынша қаражаттың (лизинг мәнінің) мақсатты пайдаланылуына мониторингті жүзеге асыруға;

      6) осы Шартта белгіленген, Тараптар үшін көзделген міндеттемелерді орындау мерзімдерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыруға және олардың уақтылы орындалуын талап етуге;

      7) Алушыны субсидиялауды тоқтату туралы мәселені қарау және Исламдық қаржыландыру жөніндегі қағидалардың 105-тармағында көзделген фактілер анықталған кезде субсидиялауды тоқтата тұруға;

      8) кредит қаражатын мақсатсыз пайдалану және (немесе) Алушы жобасының Бағдарлама шарттарына сәйкес келмеуі фактілері анықталған кезде, оның ішінде сот тәртібімен төленген сыйақы сомасын өтеуді Алушының қамтамасыз етуі бойынша шаралар қабылдауға;

      9) жарнама науқанын жүргізген кезде, ақпаратты қаржы агенттігінің ресми сайтында орналастырған кезде осы Шартты орындау шеңберінде алынған Алушы туралы ақпаратты пайдалануға, сондай-ақ оны Алушының алдын ала жазбаша келісімінсіз, үшінші тұлғаларға (Бағдарламаны іске асыруға мүдделі тұлғаларға) беруге;

      10) осы Шарттың 23-тармағында көзделген фактілер анықталған кезде субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылданған жағдайда, осы Шартты біржақты соттан тыс тәртіппен мерзімінен бұрын бұзуға құқылы.

      26. Алушы:

      1) қаржыландыру шарты (исламдық лизинг шарты) бойынша өз міндеттемелерін уақтылы және толық көлемде орындауға;

      2) қаржы агенттігіне қаржыландырудың (лизингтің) мақсатты пайдаланылуын, жобаның және (немесе) Алушының Бағдарлама талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында Жоба іске асырылатын аумақта тексерулер жүргізу құқығын беруге;

      3) қаржы агенттігінің сұратуы бойынша Бағдарламаның, қаржыландыру шартының (исламдық лизинг шартының) және осы Шарттың талаптарын орындауға байланысты құжаттар мен ақпаратты беруге;

      4) жарнама науқанын жүргізген кезде, қаржы агенттігінің ресми сайтында ақпарат орналастырған кезде, Бағдарламаның тиімділігін мониторингілеу, сондай-ақ үшінші тұлғаларға (Бағдарламаны іске асыруға мүдделі адамдарға) беру үшін қаржы агенттігі пайдаланатын Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық құпия болып табылатын мынадай мәліметтерді қаржы агенттігіне Қазақстан Республикасының Қаржы министрлі мемлекеттік кірістер комитетінің келісім беруі туралы өтінішті қаржы агенттігіне қаржы агенттігінең бірінші талабы бойынша ұсынұға:

      алушы кірістерінің өсу серпінін қаржы агенттігі анықтауы үшін кірістер;

      алушының жұмыс орындарының орташа жылдық санының өсуін қаржы агенттігінің анықтауы үшін жұмыскерлер саны;

      алушының бюджетке төлейтін салық төлемдерінің ұлғайю серпінін қаржы агенттігінің анықтауы үшін салық төлемдерінің сомасы;

      5) Тараптардың алдын ала жазбаша келісімінсіз осы Шарттың талаптары мен оны іске асыру туралы ақпаратты үшінші тұлғаларға (Бағдарламаны іске асыруға мүдделі адамдарға) бермеуге және жария етпеуге.

      27. Алушы:

      1) қаржы агенттігінен сыйақының субсидияланатын мөлшерлемесі бөлігінде ислам банкіне (исламдық лизингтік компанияға) субсидиялар төлеуді талап етуге;

      2) Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 75 (жетпіс бес) күннен кешіктірмей ислам банкіне (исламдық лизингтік компанияға) субсидиялау шартының қолданылу мерзімін ұзартуға өтінім беруге құқылы.

      28. Ислам банкі (исламдық лизингтік компания):

      1) осы Шарт Исламдық қаржыландыру жөніндегі қағидаларында көзделген мерзімдерде уақтылы жасалмаған жағдайда, кешіктіру себептерін түсіндіре отырып, қаржы агенттігін ресми хатпен хабардар етуге;

      2) қаржы агенттігінің тиісті хабарламасы негізінде Алушының Жобасы бойынша қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан субсидиялар сомасын акцептсіз тәртіппен есептен шығаруды жүзеге асыруға міндетті, бұл ретте ислам банкі (исламдық лизингтік компания) осы шартты іске асыру мақсаттарына арналмаған өзге шоттардан субсидиялар сомасын есептен шығаруға құқығы жоқ. Алушы қаржыландыру бойынша жоспарлы төлемді нақты өтеген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткеннен кейін сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін өтеу үшін қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан субсидиялар сомасы есептен шығарылған жағдайда ислам банкі (исламдық лизингтік компания) қаржы агенттігіне 100 (жүз) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді;

      3) Алушыны қаржыландыру бойынша ислам банкінің (исламдық лизингтік компанияның) кірісін субсидиялау тоқтатылған жағдайда, Алушыны қаржыландыру бойынша өзіндік құнның сомасы (жалдау төлемінің сомасы) мерзімінен бұрын ішінара/толық өтелген жағдайда, 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігіне өзара есеп айырысуларды салыстырып-қарау актісін беруге міндетті. Бұл ретте ислам банкі (исламдық лизингтік компания) салыстырып-қарау актісінде субсидиялардың іс жүзінде есептен шығарылған күндері мен сомаларын көрсетеді, ал қаржы агенттігі субсидиялар аударылған күндері мен сомасын көрсетеді. Алушы негізгі борышты ішінара мерзімінен бұрын толық өтеген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткеннен кейін хабардар еткен/хабардар етпеген жағдайда, ислам банкі (исламдық лизингтік компания) қаржы агенттігіне 100 (жүз) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді;

      4) қаржы агенттігіне Алушының субсидияланатын қаржыландырудың төлем тәртібіне мониторинг жүргізу құқығын беруге;

      5) мониторингтік есептерді беруге;

      6) қаржы агенттігін осы Шарт талаптарының орындалуына ықпал ете алатын барлық жағдаяттар туралы уақтылы хабарлауға;

      7) осы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде қаржыландыру сомасын және (немесе) қаржыландыру (лизинг) бойынша ислам банкі (исламдық лизингтік компания) кірісінің номиналдық мөлшерлемесін біржақты тәртіпте өзгертпеуге;

      8) қаржы агенттігінің уәкілетті органы қолданыстағы қаржыландыруды субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда, Бағдарламаға және Исламдық қаржыландыру жөніндегі қағидаларға сәйкес рұқсат етілген комиссияларды, алымдар мен (немесе) өзге де төлемдерді қоспағанда, Алушыға бұрын алынған комиссияларды, алымдарды және (немесе) ағымдағы қаржы жылындағы өзге де төлемдерді өтеуге;

      9) Алушы қаржыландыру бойынша өзіндік құн сомасын (жалдау төлемінің сомасын) мерзімінен бұрын ішінара (толық) өтеген жағдайда, 2 (екі) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігін қаржыландыру бойынша өзіндік құн сомасының (жалдау төлемі сомасының) мерзімінен бұрын ішінара (толық) өтелу фактісі туралы хабардар етуге;

      Сонымен бірге, Алушыны қаржыландыру бойынша өзіндік құн сомасын (жалдау төлемінің сомасы) мерзімінен бұрын ішінара өтеген жағдайда, ислам банкі (исламдық лизингтік компания) қаржыландыру шартына (исламдық лизинг шартына) қосымша келісім жасаған кезде қаржы агенттігіне төлемдерді өтеу кестесін өзгерте отырып, субсидиялау шартына жасалған тиісті қосымша келісімді қоса бере отырып, қаржыландыру шартына (исламдық лизинг шартына) қосымша келісімнің көшірмесін жібереді;

      10) субсидиялау мерзімі үш жыл болатын, 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін мақұлданған жоба бойынша осы Шарттың 27-тармағының 2) тармақшасына сәйкес түскен Алушының өтінімін қарау кезінде оң баға берілген жағдайда, қаржы агенттігінің уәкілетті органына Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей субсидиялау шартының қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтініш жасауға міндетті.

      29. Ислам банкі (исламдық лизингтік компания):

      1) қаржы агенттігінен осы Шарттың шеңберінде көзделген субсидияларды уақтылы аударуды талап етуге;

      2) қолданыстағы қаржыландыру бойынша Алушыға бұрын қолданылған қаржыландыру талаптарын (оның ішінде сыйақы мөлшерлемесін, комиссияларды, алымдар мен (немесе) басқа да төлемдерді және өзге де талаптарды) белгілеуге құқылы.

8-тарау. Шарттың қолданылу мерзімі

      30. Осы Шарт субсидиялау мерзімінің басталуын ескере отырып, Тараптар оған қол қойған күннен бастап күшіне енеді және 20___ жылғы _____________ қоса алғанға дейін, ал орындалмаған міндеттемелер бөлігінде олар толық орындалғанға дейін қолданылады.

      31. Осы Шартты қаржы агенттігі/ислам банкі/исламдық лизингтік компания осы Шарттың 6-тараудың талаптарында көзделген жағдайларда және тәртіппен, соттан тыс тәртіппен біржақты бұза алады.

9-тарау. Жауапкершілік

      32. Тараптарға осы Шарт бойынша осы Шарттан туындайтын міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісті түрде орындамағаны үшін осы Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік жүктеледі.

10-тарау. Еңсерілмейтін күш жағдайлары

      33. Егер орындау еңсерілмейтiн күштің, яғни төтенше және тойтаруға болмайтын жағдайлардың (зілзала құбылыстары, әскери іс-шаралар, форс-мажорлық жағдайлар) салдарынан мүмкін болмаса, Тараптар осы Шарт бойынша өздерінің міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.

      34. Еңсерілмейтін күш жағдайлары туындаған кезде осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауы мүмкін болмаған Тарап осындай жағдайлар орын алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде басқа Тарапқа сондай жағдай туралы уақтылы хабарлауға тиіс. Бұл ретте еңсерілмейтін күш жағдайларының сипаты, әрекет ету кезеңі, орын алу фактісі уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті құжаттарымен расталуға тиіс.

      35. Уақтылы хабарлама болмаған жағдайда, осы Шарттың 34-тармағында көрсетілген мерзімде, Тарап басқа Тарапқа хабарламаудың немесе уақтылы хабарламаудың салдарынан келтірілген зиянды өтеуге міндетті.

      36. Еңсерілмейтін күш жағдайларының туындауы осы Шарттың орындалу мерзімін аталған жағдайлар әрекет ету кезеңіне ұзартуға әкеп соқтырады.

      37. Егер осындай жағдайлар қатарынан үш айдан артық жалғасатын болса, Тараптардың кез келгені осы Шарт бойынша міндеттемелерді одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы.

11-тарау. Дауларды шешу

      38. Осы Шартты орындауға байланысты қандай да бір дау туындаған жағдайда, Тараптардың кез келгені күш-жігерін барлық дауларды келіссөздер арқылы реттеуге салады.

      39. Егер туындаған дауды келіссөздер арқылы шешу мүмкін болмаса, осы дау және оған қатысты басқа да мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, оның ішінде сот тәртібімен шешіледі және реттеледі.

12-тарау. Хат-хабармен алмасу

      40. Тараптар осы Шарттың шеңберінде бір-біріне жіберетін кез келген хат-хабар жазбаша нысанда беріледі және осы Шартқа сәйкес қарау үшін ерекше тәртіп көзделген хат-хабарларды қоспағанда, Тараптарға табыс етілгені туралы белгісі бар хат-хабарларды алған кезден бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде қаралады.

      41. Хат-хабарлар тиісті түрде ресімделген (бланкте ұсынылған немесе мөрмен бекітілген (болған жағдайда), оларға басшы қол қойған және тіркеу нөмірі, күні болған жағдайда, хат-хабарлар тиісті түрде ресімделген болып саналады), қолға табыс етілген болса, пошта арқылы (хабарламасы бар тапсырыс хат арқылы) немесе курьерлік байланыспен қатысушы Тараптың мекенжайына жеткізілген болса, олар тиісті түрде берілген немесе жіберілген болып саналады.

      42. Осы Шарттың қолданылуы барысында Тараптардың жауапты тұлғалары ақпараттық сипаттағы хат-хабарларды басқа Тарапқа факсимильдік байланыс және (немесе) электрондық пошта арқылы жіберуді жүзеге асыра алады.

      43. Бұл ретте жіберуші Тарап басқа Тарапқа хат-хабарлардың жіберілгенін растауға міндетті. Қабылдаушы Тараптың қабылдағаны туралы белгісі бар барлық хат-хабардың мәтінін қоса тіркей отырып, факспен жіберген кезде не факсимильді аппараттың жіберудің сәтті аяқталғаны туралы үзінді-көшірмесі болған кезде растау тиісті түрде жүзеге асырылған болып саналады.

13-тарау. Құпиялылық

      44. Осы арқылы Тараптар осы Шарттың талаптарына қатысты ақпараттың, банктік құпия болып табылатынымен, сондай-ақ қаржылық, коммерциялық және осы Шартты жасасу және орындау барысында алынған басқа да ақпараттың құпия болып табылатынымен және осы Шартта және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға жариялануға жатпайтынымен келіседі.

      45. Осы Шартта және Қазақстан Республикасының заңнамасында тікелей көзделген жағдайларда Тараптың құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға беруіне, оны жариялауына немесе басқа да жолмен жария етуіне болады.

      46. Тараптар осы Шарттың бар екендігінің және оның талаптарының құпиялылығын сақтау үшін барлық қажетті шараларды, оның ішінде құқықтық сипаттағы шараларды қабылдайды. Тараптардың лауазымды адамдарына және жұмыскерлеріне осы Шартты іске асыру барысында алған мәліметтерді үшінші тұлғаларға жария етуге немесе беруге тыйым салынады.

      47. Тараптардың кез келгені осы Шарттың талаптарын бұза отырып құпия ақпаратты жария еткен не таратқан жағдайда, кінәлі Тарап Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікте болады, оған қоса осындай ақпаратты жария етудің салдарынан басқа Тарапқа келтірілген зиянды өтейді.

14-тарау. Өтініштер, кепілдіктер және келісімдер

      48. Алушы осы Шартта көрсетілген растаулар мен кепілдіктердің шынайы екенін және шындыққа сәйкес келетінін растайды;

      49. Алушы осы Шарт жасалған сәтте осы Шартты бұзуға, оны жарамсыз деп тануға себеп болуы мүмкін негіздердің болмағанын растайды.

15-тарау. Қорытынды ережелер

      50. Осы Шартқа қол қоя отырып Алушы қаржы агенттігіне:

      1) субсидиялануы жүзеге асырылатын осы Кредит жөніндегі шарттың шеңберінде қаржы агенттігі алған ақпарат пен құжаттарды, оның ішінде банктік және коммерциялық құпияны мүдделі үшінші тұлғаларға беруге;

      2) қаржы агенттігінің бұқаралық ақпарат құралдарында Алушының атауын, Жоба іске асырылатын өңірдің атауын, Алушы Жобасының атауы мен сипаттамасын, сондай-ақ саласын жариялауға келісім береді.

      51. Осы Шарттың ережелері өзгертілуі және (немесе) толықтырылуы мүмкін. Осы Шартта көзделген жағдайларды қоспағанда, Тараптардың келісімі бойынша жазбаша нысанда жасалған және Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған өзгерістер мен толықтырулар ғана Тараптар үшін жарамды және міндетті болып танылады.

      52. Осы Шарт Тараптардың әрқайсысы үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде ( ) данадан әрқайсысының заңды күші бірдей мемлекеттік және орыс тілдерінде ( ) бірдей данада жасалды. Осы Шарттың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндері арасында сәйкессіздіктер туындаған жағдайда, орыс тіліндегі шарт мәтіні басшылыққа алынады.

      53. Осы Шартта көзделмеген қалған барлық жағдайларда Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.

16-тарау. Тараптардың мекенжайлары, банктік деректемелері және қолдары

Қаржы агенттігі
акционерлік қоғамы
"Даму" кәсіпкерлікті
дамыту қоры"

ислам банкі / Исламдық
лизингтік компания

Алушы

____________________
мөрдің орны
(болған жағдайда)
(электрондық цифрлық
қолтаңба)

____________________
мөрдің орны
(болған жағдайда) (электрондық цифрлық
қолтаңба)

__________________
мөрдің орны
(болған жағдайда) (электрондық
цифрлық қолы)

Қазақстан Республикасы
_____________ қаласы
_____________ көшесі
телефон ___________
БСН______________
ЖСК KZ__________
БСК _____________
КБЕ _____________
АҚ "___________"

Қазақстан Республикасы
_____________ қаласы
_____________ көшесі
телефон ___________
БСН______________
ЖСК KZ__________
БСК _____________
КБЕ _____________
АҚ/ЖШС "__________"

Қазақстан Республикасы
_____________ қаласы
_____________ көшесі
телефон ____________
БСН / ЖСН __________

  Исламдық қаржыландыру
жөніндегі субсидиялау
шартына қосымша
  Нысан

Исламдық қаржыландыру жөніндегі субсидиялау Шартына өтеу кестесі

      Идентификациялық код: (IBAN форматында бірегей 20 сандық код)

Өзіндік құнның сомасын (жалдау төлемінің сомасын) өтеу күні

Өзіндік құн сомасы (жалдау төлемі сомасының) қалдығының сомасы

Өзіндік құнның сомасын (жалдау төлемінің сомасын) өтеу сомасы

Қаржы агенттігі төлейтін ислам банктің (исламдық лизингтік компания) кірісінің сомасы

Алушы төлейтін ислам банктің (исламдық лизингтік компания) кірісінің сомасы

Ислам банктің (исламдық лизингтік компания ның) есептелген кірісі сомасының жиынтығы

































Қаржы агенттігі
акционерлік қоғамы
"Даму" кәсіпкерлікті
дамыту қоры"

ислам банкі / Ислам
лизингтік компания

Алушы

____________________
мөрдің орны
(болған жағдайда)
(электрондық цифрлық
қолтаңба)

____________________
мөрдің орны
(болған жағдайда) (электрондық цифрлық
қолтаңба)

__________________
мөрдің орны
(болған жағдайда)
(электрондық цифрлық
қолы)

Қазақстан Республикасы
_____________ қаласы
_____________ көшесі
телефон ___________
БСН______________
ЖСК KZ__________
БСК _____________
КБЕ _____________
АҚ "___________"

Қазақстан Республикасы
_____________ қаласы
_____________ көшесі
телефон ___________
БСН______________
ЖСК KZ__________
БСК _____________
КБЕ _____________
АҚ/ЖШС "__________"

Қазақстан Республикасы
____________ қаласы
_____________ көшесі
телефон ___________
БСН / ЖСН ________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2020 жылғы 29 қаңтардағы
№ 5 бұйрығына
4-қосымша

Үлгілік нысан "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау туралы № үлгілік шарты

____________ қ.

20 жылғы " "

      Бұдан әрі "Қаржы агенттігі" деп аталатын __________ негізінде ___________________________________________________________, атынан әрекет ететін "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы, бір тараптан және бұдан әрі "эмитент" деп аталатын Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес тіркелген және өз қызметін жүзеге асыратын ________________________, _____________________ негізінде заңды тұлға ___________________________________________ атынан әрекет ететін екінші тараптан, бірлесіп "Тараптар", ал жекелей "Тарап" не жоғарыда көрсетілгендей аталады, төмендегілерге:

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама);

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидасы);

      "Қаржы агенттігінің уәкілетті органы отырысының 20 жылғы № хаттамасына" сәйкес осы облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасты.

1. Терминдер және анықтамалар

      1. Осы Шартта мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) бағалы қағаздар нарығын реттеу жөніндегі уәкілетті орган – бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган;

      2) жоба – кәсіпкер табыс алуға бағытталған және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бастамашылық қызмет ретінде жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметтің түрлі бағыттарындағы іс-қимылдар мен іс-шаралар жиынтығы;

      3) купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын облигациялар – эмитент шығарған және қаржы агенттігі купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялайтын, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын Қор биржасының ресми бағалы қағаздар тізіміне енгізілген облигациялар;

      4) купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау – эмитент купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын облигацияларды ұстаушыға төлейтін шығыстарды ішінара өтеу үшін қолданылатын эмитенттерге мемлекеттік қаржылай қолдау көрсету нысаны;

      5) қаржы агенттігінің құзыретті органы – оған Қаржы агенттігінің жарғысында, Қаржы агенттігінің кредиттік саясатында берілген және қаржы агенттігінің ішкі құжаттарында бекітілген өкілеттіктер шегінде қызметін жүзеге асыратын тұрақты түрде жұмыс істейтін алқалы орган;

      6) қор биржасы – дауыс беретін акцияларының жалпы мөлшерінің кемінде жиырма бес проценті Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне тиесілі акционерлік қоғамның ұйымдық-нысандық нысанында құрылған осы сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда-саттық жүйелерін пайдалана отырып, тікелей оны өткізу жолымен сауда-саттықты ұйымдастыратын және техникалық жағынан қамтамасыз ететін заңды тұлға;

      7) листинг – бағалы қағаздарды қор биржасының ресми бағалы қағаздар тiзiмiнiң санатына және (немесе) секторына енгiзу оларды қосу және табу үшін қор биржасының iшкi құжаттарында бағалы қағаздарға және олардың эмитенттерiне арнайы (листингтiк) талаптар белгiленген;

      8) облигация ұстаушылардың өкiлi – осы облигациялар эмитентінің үлестес тұлғасы болып табылмайтын, облигациялар бойынша сыйақы төлеу және оларды өтеу, бағалы қағаздардың қайталама нарығында облигациялар айналысы процесінде эмитентпен жасасқан шарт негізінде купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын облигациялар ұстаушылардың мүддесінде әрекет ететін бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушы;

      9) облигацияларды өтеу – облигациялар шығару проспектiсiнде белгiленген тәртiппен эмитенттiң орналастырылған купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын облигацияларын сыйақысы мен номиналды құнын төлеу жолымен (кейiннен сату мақсатынсыз) айналыстан алып қою бойынша іс-қимылы;

      10) облигациялар ұстаушы – бағалы қағаз ұстаушылар тізілімі жүйесінде немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркелген, купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын облигациялар бойынша құқықтары бар тұлға;

      11) Орталық депозитарий – "Бағалы қағаздар нарығы туралы" Қазақстан Республикасының заңында қарастырылған қызмет түрлерін атқаратын мамандандырылған коммерциялық емес акционерлік қоғам;

      12) сыйақы мөлшерлемесі – облигацияны орналастыру нәтижесінде эмитент алған ақшаны қолдану үшін облигация ұстаушыға жүйелі түрде төленуі тиіс купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын облигацияларды шығару проспектінде белгіленген, процентпен көрсетілетін сыйақы мөлшері;

      13) уәкілетті орган – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган;

      14) эмитент – купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын облигацияларды шығаруды жүзеге асыратын кәсіпкер.

2. Шарттың мәні

      2. Осы Шарттың талабы бойынша қаржы агентігі ______________ (қаржы ұйымының атауы) алынған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды мынадай шарттарда жүзеге асырады:

Шарт

______жылғы ____________ № _______

 
Нысаналы мақсаты

__________________________________

 
Осы Шартты жасасу күніндегі сомасы 

__________________________________

 
Валютасы

__________________________________

 
Сыйақы мөлшерлемесі
Сыйақы сомасы

__________________________________

 
Мерзімі

__________________________________
__________________________________

      3. Субсидиялау Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      4. Эмитент сатып алған облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі субсидияланбайды.

      5. Облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі ________% көлемінде субсидияланады, бұл ретте мөлшерлеменің бір бөлігін ______ көлемінде қаржы агенттігі өтейді.

      6. Субсидиялау мерзімінің басталуы: ____________жыл.

      7. Осы Шартқа қол қойылғаннан және эмитент:

      1) Бағалы қағаздар нарығын реттеу жөніндегі уәкілетті орган тіркеген облигациялар шығарылымы проспектін;

      2) Қор биржасының эмитенттің облигацияларын биржаның (листинг) ресми тізіміне енгізу туралы хабарламасын;

      3) эмитент пен Орталық депозитарий арасында төлем агенті қызметтерін көрсету келісімшартын жасасу туралы хабарламаны;

      4) Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінен үзінді кұшірмені немесе облигацияларды орналастыру нәтижелері туралы есепті ұсынғаннан кейін қаржы агенттігі субсидияны төлейді.

      8. Эмитент Орталық депозитарийдің қағидалар жиынтығына сәйкес купондық сыйақының толық сомасын Орталық депозитарийдің шотына осы Шартқа қосымшаға (бұдан әрі – Қосымша) сәйкес нысан бойынша Шартқа өтеу кестесіне сәйкес сыйақыны төлеу тізілімін бекіту күні аударады.

      9. Субсидиялауға көзделген қаражатты қаржы агенттігі Облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларына сәйкес Орталық депозитарийдің хабарламасы, ақпараты және анықтамасы негізінде, субсидиялау бойынша бюджеттік қаражат болған жағдайда 10 (он) жұмыс күні ішінде қаражатты эмитенттің банктегі ағымдағы шотына аудару жолымен жүзеге асырады.

      10. Тараптар осы Шарт шеңберінде төлем күні демалыс күніне немесе мейрам күніне түсетін болса, төлем содан кейінгі жұмыс күнінде жүргізіледі деп келісті.

3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      11. Қаржы агенттігі:

      1) Осы шарттың 9-тармағына сәйкес купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау үшін көзделген қаражатты эмитенттің ағымдағы шотына уақытылы аударуға;

      2) мынадай:

      субсидиялау жүзеге асырылған облигацияларды орналастырудан түскен қаражатты мақсатқа сай пайдаланбау;

      жобаның және (немесе) эмитенттің Бағдарлама шарттарына сәйкессіздігі;

      Эмитенттің облигациялар бойынша купондық сыйақының субсидияланбайтын бөлігін төлеу міндеттемесін орындамау фактілері анықталған жағдайда субсидиялауды тоқтатуға.

      3) уәкілетті органға есеп беру мақсатында облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау бөлігінде Бағдарламаның жүзеге асырылуын мониторингілеуді жүзеге асыруға;

      4) облигацияларды орналастырудан түскен қаражатты мақсатсыз пайдалану және (немесе) эмитент жобасының Бағдарлама шартына сәйкес келмеу фактілері анықталған жағдайда, эмитенттің төленген сыйақы сомасын өтеуін, оның ішінде сот тәртібінде қамтамасыз ету шараларын қабылдауға міндетті.

      12. Қаржы агентігі:

      1) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінен қаражатты алмаған жағдайда субсидияларды аудармауға;

      2) Эмитенттің қаражатты мақсатты пайдалануына тексерулер жүргізуге. Эмитенттен облигацияларды орналастырудан түскен қаражаттың мақсатты пайдаланылуын растайтын құжаттар мен мәліметтерді талап етуге;

      3) Орталық депозитарийден Бағдарламаға қатысатын эмитент туралы, сондай-ақ облигацияларды орналастыру туралы құжаттар мен ақпаратты сұратуға және алуға;

      4) эмитентті алдын ала жазбаша хабардар ете отырып, жобаның және (немесе) эмитенттің Бағдарлама шарттарына сәйкестігіне мониторингіні, субсидиялау жүзеге асырылатын қаражаттың мақсатқа сай пайдалануына мониторингіні жарты жылда 1 (бір) реттен жиі емес жүзеге асыруға;

      5) есеп қалыптастыру мақсатында осы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде Бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде эмитенттен оның қызметінің нәтижелері туралы қажетті мәліметтерді қосымша сұратуға;

      6) осы Шартта анықталған, Тараптар үшін қарастырылған эмитент міндеттемелерінің орындалу мерзімінің сақталуын бақылауға және эмитенттен оларды уақтылы орындауын талап етуге;

      7) осы Шартты жүзеге асыру шеңберінде Эмитенттен алынған эмитент туралы ақпаратты жарнамалау науқанын өткізу кезінде, қаржы агенттігінің ресми сайтында ақпаратты жариялау кезінде пайдалануға, сондай-ақ оны алынған эмитенттің жазбаша келісімімен үшінші тұлғаларға беруге;

      8) Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларының 41-тармағы 4) тармақшасында қарастырылған жағдайларда осы Шартты мерзімінен бұрын бір жақты соттан тыс тәртіппен бұзуға құқылы.

      13. Эмитент:

      1) Шарт бойынша өз міндеттемелерін уақтылы және толық көлемде орындауға;

      2) өтеу кестесіне сәйкес купондық сыйақының толық сомасын Орталық депозитарийдегі шотқа уақтылы аударуға;

      3) қаржы агенттігіне жазбаша түрде сұратуы бойынша облигацияларды орналастырудан түскен қаражаттың мақсатты пайдаланылуын, жобаны жүзеге асыру аумағында жобаның және (немесе) эмитенттің Бағдарлама талаптарына сай болуын тексеру құқығын беруге;

      4) қаржы агенттігің жазбаша сұратуы бойынша Бағдарламаның талаптары мен осы Шартты орындауға байланысты құжаттар мен ақпаратты беруге;

      5) Тараптардың алдын ала жазбаша келісімінсіз осы Шарттың талаптары мен жүзеге асырылуы туралы ақпаратты үшінші тұлғаларға ашпауға және бермеуге;

      6) осы мемлекеттік қолдау көрсетілетін қызмет түрлерінде айырмашылықтар болған жағдайда, осы Шарт жасасқан күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде статистика органдарында тиісті ЭҚЖЖ беруге және Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін/қаржы агенттігін хабардар етуге;

      7) қаржы агенттігі төлеген, оның ішінде облигацияларды орналастырудан түскен қаражатты мақсатқа сай пайдаланбау және (немесе) жобаның Бағдарлама талаптарына сай болмау фактілері анықталғанда, сот шешімі бойынша сыйақы сомасын қайтаруды қамтамасыз етуге міндетті.

      14. Эмитент:

      1) купондық сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігіне қаржы агенттігінен субсидия төлеуді талап етуге құқылы.

4. Шарттың қолданылу мерзімі

      15. Осы шарт Тараптардың қолы қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 20___ жылғы _____________ дейін, ал орындалмаған міндеттемелер бөлігінде – олар толығымен орындалғанға дейін қолданыста болады.

      16. Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларының 41-тармағы 4) тармақшасында көзделген жағдайларда осы Шартты қаржы агенттігі біржақты тәртіпте бұзуға құқылы.

5. Жауапкершілік

      17. Осы Шартқа және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес осы Шарт бойынша Тараптар осы Шарттан туындайтын міндеттерді орындамағаны және (немесе) тиісті түрде орындамағаны үшін жауапты болады.

6. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары

      18. Егер орындаудың мүмкін еместігі еңсерілмейтін, яғни төтенше және алдын алу мүмкін емес жағдайлардың (апаттық жағдайлар, соғыс және т.б.) салдарынан болса, Тараптар осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны не өз міндеттемелерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.

      19. Еңсерілмейтін, яғни төтенше және алдын алу мүмкін емес мән-жайлар туындаған жағдайда осы Шарт бойынша өз міндеттерін орындау мүмкін емес болған Тарап алдын алу мүмкін емес мән-жайлар орын алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде мұндай мән-жайлар туралы екінші Тарапқа уақтылы хабарлайды. Бұл ретте форс-мажор мән-жайларының сипаты, кезеңі мен басталу фактісі уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті құжаттарымен расталады.

      20. Уақтылы хабарлау болмаған жағдайда, Тарап хабарламау немесе уақтылы хабарламау салдарынан келтірілген зиянды екінші Тарапқа өтейді.

      21. Еңсерілмейтін, яғни төтенше және алдын алу мүмкін емес мән-жайлардың орын алуы осы Шартты орындау мерзімін олардың кезеңіне ұзартуға әкеп соқтырады.

      22. Егер мұндай мән-жайлар қатарынан 3 (үш) айдан астам уақытқа созылса, онда кез келген Тарап осы Шарт бойынша міндеттерді одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы.

7. Дауларды шешу

      23. Осы Шартты орындауға байланысты қандай да бір дау туындаған жағдайда, кез келген Тарап келіссөздер жолымен барлық дауларды реттеу үшін күш салады.

      24. Егер туындаған дау келіссөздер жолымен шешілмесе, бұл дау және оған қатысты басқа да мәселелер Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес шешілуі және реттелуі тиіс.

8. Құпиялылық

      25. Осымен Тараптар Осы Шарттың талаптарына қатысты ақпаратты, банк құпиясын, сондай-ақ осы Шартты жасасу мен орындау барысында алынған қаржылық, коммерциялық және өзге де ақпарат құпия болып табылатынына және осы Шарт пен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға жария етуге жаптайтынына келісті.

      26. Осы Шартта және Қазақстан Республикасының азаматтық және кәсіпкерлік заңнамасында тікелей көзделген жағдайларда Тарапқа құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға беруге, жариялауға немесе басқа да түрде ашуға мүмкін болады.

      27. Тараптар осы Шарттың болуын және талаптарының құпиялылығын сақтау үшін барлық қажетті, оның ішінде құқықтық сипаттағы шараларды қабылдайды. Тараптардың лауазымды тұлғалары мен жұмыскерлеріне осы Шартты іске асыру барысында алынған мәліметтерді үшінші тұлғаларға ашуға немесе беруге тыйым салынады.

      28. Егер Тараптардың кез келгені осы Шарттың талаптарын бұза отырып құпия ақпаратты ашса немесе жарияласа, кінәлі Тарап Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жауапкершілікті көтереді.

      29. Эмитент осы Шартқа қол қоя отырып, қаржы агенттігіне эмитент туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға, сондай-ақ осы Шарт шеңберінде эмитент туралы алынған мәліметті (оның ішінде банктік құпияны) үшінші тұлғаларға эмитенттің алдын ала жазбаша келісімінсіз жариялауға келісім береді.

9. Қорытынды ережелер

      30. Эмитент осы Шартқа қол қою арқылы қаржы агенттігіне:

      1) қаржы агенттігінің субсидиялау жүзеге асырылатын осы Шарт шеңберінде алынған ақпарат пен құжаттарды, оның ішінде коммерциялық құпияны мүдделі үшінші тұлғаларға беруіне;

      2) қаржы агенттігінің эмитенттің атауын, жоба іске асырылатын өңірдің атауын, эмитент жобасының, сондай-ақ саланың атауы мен сипаттамасын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауына келісімін береді.

      31. Эмитент қаржы агенттігіне төмендегіні:

      1) осы Шартта берілген мәлімдемелер мен кепілдердің шын және ақиқатқа сәйкес екенін растайды;

      2) Қаржы агенттігі көрсетілген растаулар мен кепілдіктердің шынайылығын тексеруге міндетті еместігіне;

      3) эмитентке оның бизнесіне, қаржылық жағдайына, активтеріне және міндеттерін орындау мүмкіндігіне кері әсерін тигізе алатын ешқандай жағдай мәлім еместігін мәлімдейді және оған кепілдік береді.

      32. Осы Шарттың ережелері өзгертілуі және (немесе) толықтырылуы мүмкін. Осы Шартта көзделмеген жағдайларды қоспағанда, Тараптардың келісімі бойынша жазбаша түрде жасалған және Тараптардың уәкілетті өкілдерді қол қойған өзгерістер мен толықтырулар ғана Тараптар үшін жарамды және міндетті болып табылады.

      33. Осы Шарт мемлекеттік және орыс тілінде әрқайсысы тең заңды күшке ие ( ) бірдей данада: Тараптардың әрқайсысы үшін мемлекеттік және орыс тілінде ( ) данадан жасалды. Осы Шарттың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндері арасында сәйкессіздіктер туындаған жағдайда, орыс тіліндегі шарт мәтіні басшылыққа алынады.

      34. Осы Шартта қарастырылмаған барлық өзге жағдайда Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.

10. Тараптардың заңды мекенжайлары, банктік деректемелері және қолы

Қаржы агенттігі
"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы
______________________
мөрдің орны
(болған жағдайда)


Эмитент
____________________
мөрдің орны
(болған жағдайда)

Қазақстан Республикасы
____________________ қаласы
________________ көшесі
телефон: ______________
БСН_________________
ЖСК KZ _____________
БСК_________________
КБЕ_________________
"____________" АҚ


Қазақстан Республикасы
_______________ қаласы
_______________ көшесі
телефон: ____________
БСН

  Купондық сыйақы
мөлшерлемесін субсидиялау
шартына қосымша
  Нысан

Субсидиялау шартына өтеу кестесі Сәйкестендіру коды (IBAN форматындағы бірегей 20 таңбалы код)

Сыйақыны өтеу күні

Эмитент төлейтін сыйақы сомасы

Есептелген сыйақының жиынтық сомасы

      Қаржы агенттігі өтейтін сыйақы сомасы:

      __________________________________________________

      __________________________________________________

Қаржы агенттігі
"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы
____________________
мөрдің орны
(болған жағдайда)


Эмитент
__________________
мөрдің орны
(болған жағдайда)

Қазақстан Республикасы
____________________ қаласы
________________ көшесі
телефон: ______________
БСН_________________
ЖСК KZ _____________
БСК_________________
КБЕ_________________
"____________" АҚ


Қазақстан Республикасы
_____________ қаласы
_____________ көшесі
телефон: _________
БСН _____________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2020 жылғы 29 қаңтардағы
№ 5 бұйрығына
5-қосымша

Үлгілік нысан "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кепілдік туралы № үлгілік шарты

__________ қаласы

20 жылғы " "

      Бұдан әрі "Кепілгер" деп аталатын "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы атынан ________ негізінде әрекет ететін _____________________________________, бір тараптан,

      Бұдан әрі "Банк" деп аталатын "____________" акционерлік қоғамы атынан _____________ негізінде әрекет ететін ______________________________________ екінші тараптан,

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Бұдан әрі "Қарыз алушы" деп аталатын (кәсіпкердің толық атауы) атынан _____________________________ негізінде әрекет ететін _____________________________________, үшінші тараптан,

      бұдан әрі бірлесіп Тараптар, ал жеке-жеке жоғарыда көрсетілгендей немесе "Тарап" деп аталады, төмендегілерге сәйкес осы типтік Кепілдік шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасты:

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама);

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидалары (бұдан әрі – Кепілдік беру қағидалары);

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы №820 қаулысымен бекітілген Басым жобаларға кредит беру тетігі (бұдан әрі – Тетік).

1. Терминдер және анықтамалар

      1. Осы Шартта пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар Бағдарламада, Кепілдік беру қағидаларында және Тетікте айқындалған.

2. Шарттың мәні

      2. Осы Шарт талаптарында Кепілгер банк алдында Қарыз алушының есептелген сыйақының, комиссияның, тұрақсыздық айыбының, өсімпұлдың, айыппұл санкцияларының, борышты өндіріп алу бойынша сот шығасыларының, Қарыз алушының банк пен Қарыз алушының арасында жасалған кредит шарты бойынша міндеттемелерді орындамауынан және (немесе) тиісінше орындамауынан туындаған банктің басқа да шығындарының сомасын есепке алмай, негізгі борыштың бір бөлігін, сондай-ақ негізгі борышқа капиталдандырылған сыйақы сомаларын және өзге де төлемдерді төлеу бойынша міндеттемелерді орындауы үшін жауап беруге міндеттенеді:

      1) кредит шартының атауы мен нөмірі:______________________;

      2) кредит шартын жасау күні: ___________________________;

      3) кредит сомасы:__________________________________________;

      4) кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі: ____________________;

      5) кредит мерзімі: _________________________________________;

      Кредитті мақсатты пайдалану: __________________________________________________________________.

      Осы тармақтағы мәліметтер кредит шартының талаптарына сәйкес көрсетіледі.

      3. Кепілгердің осы Шарт бойынша банк алдындағы жауапкершілігі _________________ (_____________________________) теңге ______ тиын мөлшеріндегі кепілдік сомасымен шектелген, бұл негізгі борыш сомасының _______ %-ын құрайды.

      4. Кепілгердің Кепілдік бойынша міндеттемесінің мөлшері Кепілгер орындаған талап сомасына азайтылады.

      5. Кредит желісінің жаңартылмайтын/жаңартылатын лимиті бойынша негізгі борышты өтеу/ішінара өтеу кезінде кепілдік сомасы кепілдік сомасының негізгі борыш сомасына пайыздық мәндегі қатынасы ретінде қатысу мөлшеріне көбейтілген негізгі борышты өтеу сомасына тең сомаға азайтылады. Кредит желісінің жаңартылатын лимиті бойынша кепілдік сомасы кредит шартында көрсетілген қолжетімділік кезеңі өткеннен кейін жасалған негізгі борышты өтеу сомасына пропорционалды азайтылады.

      6. Кепілдік Қарыз алушы кредит шарты бойынша негізгі борыш сомасын қайтару бойынша міндеттемесін орындамаған жағдайда ғана орындалуы тиіс. Талап қою және Кепілдікті орындау тәртібі осы Шартпен бекітіледі.

      7. Осы Шартқа қол қою арқылы Қарыз алушы банкке Кепілгерге Қарыз алушыға, кредит шартына және оның орындалуына қатысты ақпаратты, оның ішінде кредит шарты бойынша өтелген сомалар туралы, кредит шарты бойынша қарыз берешегінің қалдығы туралы мәліметтерді ұсыну құқығын береді. Сондай-ақ Қарыз алушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Кепілгерге өзі туралы дербес деректерді жинауға (жеке тұлғалар үшін) және өңдеуге қайтымсыз және шартсыз келісімін береді.

      8. Осы Шартқа қол қоя отырып, Қарыз алушы Кепілгерге, Кепілгер акционеріне және мемлекеттік органдарға мынадай мәліметтерді беруге келісім береді: Қарыз алушының атауы, Қарыз алушының Бағдарламаға қатысуы, Қарыз алушы жобасының атауы, Қарыз алушы жобасын іске асыратын өңір және сала, кредит сомасы және мерзімі, кепілдік сомасы кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі, кепілдік бойынша комиссия өлшемі. Сондай-ақ Қарыз алушы Кепілгерге осы тармақта аталған мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Кепілгердің интернет-ресурсында жариялауға құқық береді.

      9. Қарыз алушының кредит шарты бойынша міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету ретінде мүлік, құқықтар, кепілдіктер, тапсырмалар және кредит шартында Қарыз алушының міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету ретінде көрсетілмеген және (немесе) кредит шартына және (немесе) Кепіл шартына Кепілгердің алдын ала жазбаша келісімінсіз енгізілген басқа да нысандар қолданылмайды.

      Осы талапты орындамау кепілдікті және осы Шартты тоқтатуға алып келеді, ал кепілдікті Кепілгер толығымен немесе ішінара орындаған жағдайларда - банктің Кепілгерге кепілдік бойынша алынған барлық соманы Кепілгердің жазбаша талабын алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қайтару міндеттемесі.

      10. Кредит шартында Қарыз алушының міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету ретінде қолданылатын мүлік Кепілгердің алдын ала жазбаша келісімінсіз қамсыздандыру құрамынан алынбайды.

      Осы талапты орындамау кепілдікті тоқтатуға алып келеді, ал кепілдікті Кепілгер толығымен немесе ішінара орындаған жағдайларда - банктің Кепілгерге кепілдік бойынша алынған барлық соманы Кепілгердің жазбаша талабын алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қайтару міндеттемесі.

      11. Кредит шарты бойынша қамсыздандыру ретінде қабылданған мүлік Кепілдік шарты қолданылатын мерзім ішінде Қарыз алушының және (немесе) үшінші тұлғалардың басқа міндеттемелері бойынша қамсыздандыру ретінде (Кепілгермен жазбаша келісілген жағдайларды қоспағанда) қолданылмайды.

      12. Кепілдік жарамдылығының міндетті талабы Кепілгердің мынадай талаптарды орындауы болып табылады:

      1) __________________________________________________________;

      2) __________________________________________________________;

      3) __________________________________________________________.

      Осы тармақшаға мәліметтер Кепілгердің уәкілетті органының талаптарына сәйкес толықтырылады.

3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      13. Кепілгер банк талабын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде осы Шарт талаптарымен банкке кепілдік бойынша төлемдер жүргізуге міндетті.

      14. Кепілгер:

      1) Банк пен Қарыз алушыдан осы Шартта белгіленген міндеттемелердің орындалуын талап етуге;

      2) Банктен Қарыз алушының кредитті мақсатты пайдалануына бақылау және банк пен Қарыз алушының осы Шартты және (немесе) кредит шартын орындауына мониторинг жүргізу үшін қажетті толық әрі дұрыс ақпаратты, сондай-ақ осы Шартқа байланысты өзге де қажетті ақпаратты, оның ішінде Кепілгер өкілдерінің банктік, коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпияны сақтау бойынша талаптарын сақтай отырып, банкке баруы арқылы алуға;

      3) жобаны іске асыру барысын тексеру мақсатында кредит шарты бойынша қаржыландырылған Қарыз алушының жобасын іске асыру орнына баруға;

      4) Банктің Кепілгерге осы Шарт талаптарына сәйкес ұсынылған кепілдік сомасы шегінде, егер:

      бұл талапты банк дұрыс қоймаса не қойылған талаптарда анықталған бұзушылықтарды банк қалпына келтіргенге дейін талаптарға және/немесе осы Шартқа және немесе Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес келмеген:

      Кепілгер осы Шарттың 5-бөлімінде көрсетілген жағдайларды анықтаған жағдайларда кепілдік бойынша міндеттемелерді орындау туралы талабын орындаудан бас тартуға (бұдан әрі – талап):

      5) банк талаптарына қарсы тіпті Қарыз алушы борышын мойындаған және (немесе) Қарыз алушы банкке қарсылық білдіруден бас тартқан жағдайда да Қарыз алушы ұсынуы мүмкін талаптар қоюға;

      6) Қарыз алушы мен банктен Кепілгердің сұранысын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде Қарыз алушының кредит шарты бойынша міндеттемелерді орындауы, оның ішінде жасалған кредит шарты талаптарының жол берілген бұзышылықтары туралы ақпаратты ұсынуын талап етуге;

      7) банктен банктің Қарыз алушыға талап қою құқығын куәландыратын құжаттар мен ақпараттарды ұсынуын және Кепілгерге осы талаптарды қамтамасыз ететін құқықтарды осы Шартта белгіленген көлемде беруін талап етуге (Кепілгер кепілдік бойынша міндеттемелерін орындаған жағдайда);

      8) Қарыз алушыдан Кепілгерге кепілдік бойынша төленген соманы толық көлемде өтеуін және Қарыз алушы үшін жауапкершілігіне байланысты келтірілген өзге де шығындарды өтеуін талап етуге (Кепілгер кепілдік бойынша міндеттемелерін орындаған жағдайда);

      9) Қарыз алушының кез келген шоттарынан осы Шарт бойынша туындайтын берешек сомасын Қазақстан Республикасының банктік және азаматтық заңнамасында көзделген тәртіппен акцептсіз тәртіппен өндіріп алуға (есептен шығаруға) не Қарыз алушының банкте ашылған банктік шоттарынан ақшаны банк шоттарын тікелей дебеттеу арқылы есептен шығаруға құқылы; Қарыз алушының банктік шоттарын тікелей дебеттеуге үшін осы Шарт көшірмесі және Қарыз алушының Кепілгер алдындағы берешегін растайтын құжаттардың көшірмелері негіз болып табылады. Бұл Қарыз алушының банкте ашылған шоттарын тікелей дебеттеу арқылы төлемдерді жүзеге асыруға келісуі болып табылады;

      10) осы Шарт талаптарын тиісінше және (немесе) уақтылы орындамау деректерін анықтаған кезде Кепілдік сомасын және (немесе) мерзімін азайтуға құқылы. Бұл ретте Кепілгер кредитті мақсатты пайдаланбау фактілері анықталған жағдайда кепілдік сомасын мақсатты пайдаланылмаған кредит сомасына пропорционалды азайту туралы шешім қабылдайды. Кредитті толықтай мақсатты пайдаланбаған жағдайда Кепілгер кепілдіктің күшін жояды.

      15. Қарыз алушы:

      1) банкке растайтын құжаттарды ұсына отырып, кредитті кредит шартында белгіленген мақсатына сай пайдалануға;

      2) Банктің және (немесе) Кепілгердің бірінші талабы бойынша оның өкілдеріне кредиттің мақсатты пайдаланылуына, оның қамтамасыз етілуіне және Қарыз алушының қаржылық-шаруашылық қызметіне өндірістік (сауда) объектілерді тікелей қарап шығу және (немесе) банкке және (немесе) Кепілгерге қажетті талаптармен (мерзім, көлем) қаржылық-шаруашылық қызмет туралы құжаттар мен ақпараттарды ұсыну арқылы тексеру жүргізу мүмкіндігін беруге;

      3) кредит шартының талаптарын бұзған күннен кейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей Кепілгерге кредит шартының жол берілген барлық бұзушылықтары туралы, оның ішінде кредитті пайдаланғаны үшін негізгі борыштың және (немесе) сыйақының сомасын төлеу (қайтару) мерзімін ұзарту туралы, сондай-ақ Қарыз алушының кредит шарты бойынша өз міндеттемелерін орындауына әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін барлық жағдайлар туралы жазбаша хабарлауға;

      4) банк кредит шарты бойынша міндеттемелерді орындау туралы талап қойған жағдайда өз міндеттемелерінің тиісінше орындалуына орын алған жағдайдағы барлық ақылға қонымды және қолжетімді шараларды қабылдауға;

      5) Кепілгер кепілдік бойынша міндеттемелерін орындаған жағдайда Кепілгерге Кепілгер кепілдік бойынша жүргізген төлемдердің сомасын толық көлемде өтеуге және (Кепілгердің тиісті талабы болған кезде) Кепілгер банкке кепілдік бойынша соманы аударған күннен бастап, Қарыз алушы кредит шартында көрсетілген мөлшерлеме бойынша банкке кепілдік бойынша төлеген соманы Кепілгерге нақты қайтарған күнге дейін Қарыз алушының Кепілгер алдындағы берешегінің сомасына есептелген сыйақыны төлеуге, сондай-ақ Қарыз алушы үшін жауапкершілікке байланысты Кепілгерге келтірілген өзге де шығындарды Кепілгер талаптарында көрсетілген тәртіппен және мерзімдерде өтеуге міндетті. Кепілгердің осы Шартта көрсетілген банктік шотқа ақша аударған күні Қарыз алушының Кепілгерге ақшаны нақты қайтару күні болып саналады.

      6) Кепілгерден кредит шарты бойынша міндеттемелерді орындау, оның ішінде жасалған кредит шартының талаптарын жол берілген бұзушылықтар туралы ақпаратты ұсынудың жазбаша сұрау салуын алған кезде оны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей Кепілгерге сұрау салуда көрсетілген ақпаратты жазбаша нысанда ұсынуға;

      7) банктік деректемелері және (немесе) орналасқан орны өзгерген кезде 3 (үш) жұмыс күні ішінде банк пен Кепілгерге жазбаша хабарлауға;

      8) Кепілгердің шешімі бойынша кредит шарты бойынша сатып алынатын жылжымалы және жылжымайтын мүлікті сақтандыруды жүзеге асыруға;

      9) осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған және (немесе) тиісінше орындамаған жағдайда Кепілгер алдында өзінің барлық мүлікпен жауап беруге;

      10) Кепілгердің мынадай талаптарын орындауға:

      __________________________________________________________;

      __________________________________________________________;

      ___________________________________________________ міндетті.

      Осы тармақшаға мәліметтер Кепілгердің уәкілетті органының талаптарына сәйкес әрбір жобаға жеке толықтырылады.

      16. Бағдарламаның іске асырылуына мониторинг жүргізу мақсатында Қарыз алушы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінен Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық құпия болып табылатын келесі мәліметтерді алу үшін Кепілгерге келісім беру туралы өтініш береді:

      1) Кепілгердің Қарыз алушы кірісінің өсу серпінін айқындауы үшін кірістер;

      2) Кепілгердің Қарыз алушының орташа жылдық жұмыс орындары санының өсуін айқындауы үшін жұмыскерлердің саны;

      3) Кепілгердің Қарыз алушының бюджетке салықтық төлемдерінің өсу серпінін айқындауы үшін салықтық төлемдер сомасы.

      17. Банк:

      1) кредит шартының талаптары өзгерген кезде (Кепілгер жауапкершілігінің ұлғаюына немесе Кепілгер үшін басқа да жағымсыз салдарға алып келмейтін) ол туралы тез арада, бірақ кез келген жағдайда кредит шартына өзгерістер енгізген күннен кейінгі 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей Кепілгерге жазбаша хабарлауға міндетті,

      Кредит шартына Кепілгер жауапкершілігінің ұлғаюына немесе Кепілгер үшін өзге де жағымсыз салдарға алып келетін өзгерістер енгізген кезде банк Кепілгерден осы өзгерістерді енгізуге алдын ала жазбаша келісім алуға міндетті.

      Кредит шартына Кепілгердің алдын ала жазбаша келісімісіз Шарттың осы тармақшасының екінші бөлігінде көрсетілген өзгерістерді енгізген жағдайда кепілдік тоқтатылады;

      2) Кепілгерден кредит шарты бойынша міндеттемелерді орындау, оның ішінде жасалған кредит шарты талаптарының жол берілген бұзушылықтары туралы ақпаратты ұсыну туралы жазбаша сұрау салу алған кезде оны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей Кепілгерге сұрау салуда көрсетілген ақпаратты жазбаша нысанда ұсынуға;

      3) Қарыз алушы банк алдындағы міндеттемелерді толық көлемде орындаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде Кепілгерді Қарыз алушының кредит шарты бойынша өз міндеттемелерін толық көлемде орындауы туралы жазбаша ақпараттандыруға (оның ішінде міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындаған жағдайда да);

      4) осы Шартта белгіленген жағдайларда осы Шартта белгіленген тәртіппен және мерзімде Кепілгерге ақшаны қайтаруды жүзеге асыруға;

      5) Кепілгер кепілдік бойынша міндеттемелерді орындағаннан кейін банк Кепілгерден алған барлық сома 10 (он) жұмыс күні ішінде кредит шарты бойынша негізгі борышты өтеуге жіберуге;

      6) Кепілгер кепілдік бойынша міндеттемелерін орындаған жағдайда осы Шарттың 32-тармағын орындағаннан кейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде Кепілгерге банктің Қарыз алушыға талап қою құқығын куәландыратын ақпараттар мен құжаттарды беруге және Кепілгерге осы талаптарды қамтамасыз ететін құқықтарды осы Шартта белгіленген көлемде беруге міндетті. Банк құжаттары Кепілгерге түпнұсқамен, мұны жасау мүмкін болмаған жағдайда - нотариаттық куәландырылған көшірмелер түрінде беріледі. Құжаттарды банктен Кепілгерге беру құжаттарды қабылдау-тапсыру актісін жасай отырып жүзеге асырылады.

      7) Қарыз алушы кредит шарты бойынша негізгі борышты төлеу міндеттемелерін орындамаған/тиісінше орындамаған жағдайда Кепілгерге осы Шартта белгіленген тәртіппен және мерзімде мониторинг жүргізу үшін Қарыз алушының кредиттік досьесіне қол жеткізу құқығын беруге;

      8) Кепілгерге Кепілгер кепілдікті орындау нәтижесінде алған құқықтарды жүзеге асыруына кедергі келтірмеуге;

      9) осы Шартта белгіленген өзге де міндеттемелерді тиісінше орындауға міндетті.

      18. Банк:

      1) Қарыз алушы кредит шарты бойынша негізгі борышты төлеу міндеттемелерін орындамаған/тиісінше орындамаған жағдайда Кепілгерге осы Шартта белгіленген тәртіппен және мерзімде талап қоюға;

      2) Кепілгер мен Қарыз алушыдан осы Шартта көзделген өзге де міндеттемелерді орындауын талап етуге;

      3) Кепілгер шешімі бойынша кепілдікті тоқтатқан/кепілдіктің қолданылу мерзімі аяқталған жағдайда банк қолданыстағы кредит бойынша Қарыз алушыға осы Шартты жасағанға дейін қаржыландырудың осыған дейін қолданылған талаптарын (оның ішінде сыйақы мөлшерлемесі, комиссиялар, алымдар және (немесе) өзге де төлемдер мен талаптар)/жаңа кредит берген жағдайда – банк қалауы бойынша қаржыландырудың стандартты талаптарын белгілеуге құқылы.

      19. Осы Шартты орындау кезінде банктің Кепілгер алдындағы өз міндеттемелерін Кепілгер банкке Қазақстан Республикасы Үкіметінің дағдарысқа қарсы/тұрақтандыру бағдарламаларын іске асыру аясында орналастырған қаражаты есебінен азайтуға/өзгертуге құқығы жоқ.

4. Кепілдікті орындау тәртібі

      20. Қарыз алушы кредит шарты бойынша негізгі борыштың сомасын өтеу міндеттемесін үздіксіз орындамаған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кейінгі мерзімде банк ол туралы Кепілгерге Кепілгердің Кепілдік мөлшерінің қалдығын көрсете отырып, Қарыз алушының банк алдында берешегінің бар екені туралы анықтаманы және банк Қарыз алушыға жіберген мерзімі өткен берешекті өтеу туралы жазбаша талаптың көшірмесін ұсына отырып, жазбаша хабарлайды.

      21. Қарыз алушы кредит шарты бойынша негізгі борыш сомасын өтеу бойынша міндеттемелерін орындамаған күннен бастап 120 (жүз жиырма) күнтізбелік күн ішінде банк Қарыз алушыдан және қамтамасыз ету ұсынған адамдардан мерзімі өткен берешекті алу мақсатында шараларды, оның ішінде берешекті өндіріп алу, қамтамасыз етуді өндіріп алу, банк кепілдігі, үшінші тұлғалардың кепілдіктері/тапсырмалары бойынша талап қою (кепілдікті қоспағанда), Қарыз алушы шоттарынан ақша алу қамтамасыз етудіарқылы қабылдауға міндетті.

      22. Кепілгерге талап қойғанға дейін банк Қарыз алушының берешегін өтеу бойынша қабылдаған шаралар нәтижесінде алынған сомалар кредит шарты талаптарында белгіленген кезектілікке және Қазақстан Республикасының қолданыстағы азаматтық және банктік заңнамасының талаптарына сәйкес Қарыз алушының берешектерін өтеуге жіберіледі.

      23. Егер Қарыз алушы кредит шарты бойынша негізгі борыш сомасын өтеу бойынша міндеттемелерін үздіксіз орындамаған күннен бастап 60 (алпыс) күнтізбелік күн ішінде Қарыз алушы кредит шарты бойынша негізгі борыш сомасын өтеу міндеттемелерін орындамаған/тиісінше орындамаған болса, Кепілгер осы Шарт талаптарының сақталуы тұрғысынан мониторинг жүргізеді.

      24. Қарыз алушы кредит шарты бойынща негізгі борыш сомасын өтеу міндеттемесін үздіксіз орындамаған күннен бастап 120 (жүз жиырма) күнтізбелік күн ішінде Қарыз алушы кредит шарты бойынша негізгі борыш сомасын өтеу міндеттемесін толық не ішінара орындаған жағдайда немесе банк берешекті өндіріп алу шараларын жүргізу нәтижесінде негізгі борыш борыш сомасын өтеп алса, кепілдік сомасы негізгі борышты төлеу бойынша орындалған міндеттеме сомасына/берешекті өндіріп алу шараларын жүргізу нәтижесінде негізгі борышты өтеуге бағытталған сомаға азайтылады.

      Егер Қарыз алушы кредит шарты бойынша негізгі борыш сомасын өтеу бойынша міндеттемелерін орындамаған/тиісінше орындамаған күннен бастап 120 (жүз жиырма) күнтізбелік күн ішінде Қарыз алушы кредит шарты бойынша негізгі борыш сомасын өтеу міндеттемелерін орындамаған/тиісінше түрде орындамаған болса, банк Кепілгерге талап қоюға құқылы.

      25. Талапта:

      1) Кепілдік шартының деректемелері;

      2) кредит шартының деректемелері;

      3) Қарыз алушының атауы;

      4) кепілдік бойынша Кепілгердің төлейтін сомасының есебі;

      5) ақша аударылуы тиіс банк шотының деректемелері көрсетіледі.

      26. Талапқа:

      1) Шарттың 20-тармағына сәйкес жазбаша хабарлама жіберу күніндегі және Кепілгерге кепілдік ұсыну күніндегі кредит шарты шеңберінде Қарыз алушы жобасы бойынша кепіл мүлкінің тізбесін көрсете отырып, Қарыз алушының банк алдында берешегінің болуы туралы анықтама;

      2) кредит берілген күннен бастап Кепілгерге талап қою күніне дейінгі кезең үшін Қарыз алушының банк шотынан үзінді көшірме;

      3) Қарыз алушының кредит қаражатын алғандығын растайтын құжаттың көшірмесі;

      4) банктің Қарыз алушыға жіберілген Қарыз алушының кредит шарты бойынша міндеттемелерін бұзуы туралы талабының (шағымының) көшірмесі;

      5) Қарыз алушының банк талабына (шағымына) жауабының көшірмесі (болған жағдайда);

      6) растайтын құжаттарды ұсына отырып, банк қабылдаған кредит шарты бойынша берешекті өндіріп алу шаралары және қабылданған шаралар нәтижесінде түскен сомалар туралы ақпарат (болған жағдайда);

      7) соттың берешекті өндіріп алу туралы шешімінің көшірмесі (болған жағдайда);

      8) атқарушы парақтардың көшірмелері (болған жағдайда);

      9) кредит шартының қосымша келісімдерінің көшірмелері (болған жағдайда);

      10) Қарыз алушының банк алдындағы берешегін растайтын өзге де құжаттарының көшірмелері және берешекті өтеу бойынша банк қабылдаған шаралар (болған жағдайда).

      27. Талапта көрсетілген сома осы Шарт талаптарына сәйкес келуі тиіс, бірақ кез келген жағдайда осы Шарттың 3-тармағында белгіленген кепілдіктің шекті сомасынан аспайды.

      28. Талапты банк Кепілгерге тапсырыс хат жіберу немесе осы Шартта көрсетілген мекенжайға қолма-қол беру арқылы ұсынады.

      29. Талап Кепілгерге Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша ағымдағы жұмыс күні сағат 16.00-ге дейін жіберілуі тиіс. Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 16.00-ден кейін жіберілген талап келесі жұмыс күні жіберілген болып есептеледі.

      30. Банктен талапты алғаннан кейін, бірақ кез келген жағдайда оны қанағаттандырғанға дейін Кепілгер Қарыз алушыға банктің талап қойғандығы туралы Қарыз алушының осы Шартта көрсетілген мекенжайына тапсырыс хат жіберу немесе Қарыз алушының қолын қоя отырып, қолма-қол тапсыру арқылы жазбаша нысанда хабарлайды. Хабарламаны тапсырыс хатпен жіберген кезде хабарлама пошта мекемесі берген құжатта көрсетілген күннен кейін 3 (үшінші) күні алынды деп саналады.

      31. Кепілгер банк талабын және осы Шартта көзделген барлық құжаттарды алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей, сондай-ақ талапқа және ұсынылған құжаттарға қарсылық болмаған кезде банкке талапта көрсетілген сома мөлшерінде төлем жасайды не банкке барлық қарсылықтарын көрсете отырып, хат жібереді.

      32. Банк Шарттың 21-тармағында белгіленген мерзім шегінде кепілдік қамтамасыз етуді өткізу жұмыстарын және Қарыз алушыдан берешекті өндіріп алудың өзге де шараларын жүргізеді. Банк Қарыз алушының берешегін өтеп алу бойынша, оның ішінде кепілдік қамтамасыз етуді өткізу арқылы өтеп алу шаралары нәтижесінде алынған барлық сома Кепілгер мен банк арасында мынадай кезектілікпен бөлінеді:

      1) Қарыз алушының банк алдындағы сыйақы мөлшерлемесінің қалдық сомасын өтеу;

      2) банк алдындағы кредит шарт бойынша негізгі борыштың қалдық сомасын өтеу;

      3) Қарыз алушының Кепілгер алдындағы берешегін өтеу;

      4) Қарыз алушының кредит шарты бойынша банк алдындағы тұрақсыздық айыбын және өзге де берешегін өтеу;

      Бұл ретте ақшаны бөлу оларды банк алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

      33. Осы Шарттың 21-тармағын орындағаннан кейін Қарыз алушының Кепілгер алдындағы берешегі өтелмеген/толық көлемде өтелмеген жағдайда банк кепілдік бойынша міндеттемесін орындаған Кепілгерге банк өткізбеген барлық мүлікті, сондай-ақ кредит шартында Қарыз алушының міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету ретінде көрсетілген барлық кепілдіктер, тапсырмалар, өзге кепіл мүлкі және өзгелері бойынша құқықтарды және Кепілгердің міндеттемені орындауы көлемінде қамтамасыз етуді ұсына отырып, банкке шарттар бойынша кепіл ұстаушы ретінде тиесілі құқықтарды беруге міндеттенеді.

      Банк осы Шарттың 21, 32-тармағын орындалған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде банк Кепілгерге қабылдау-тапсыру актісі бойынша мынадай құжаттарды:

      қосымша келісімі бар кредит шартының түпнұсқасы немесе нотариаттық куәландырылған көшірмесі;

      қосымша келісімі бар қамтамасыз етуді ұсыну туралы шарттың түпнұсқасы немесе нотариаттық куәландырылған көшірмесі;

      кепіл мүлкінің құқық белгілеу шарттары және Кепілгердің талабы бойынша өзге құжаттарды ұсынуға; міндеттенеді;

      сондай-ақ, барлық қажетті қосымша келісімдерді/кредитор құқығын банктен Кепілгерге беру туралы келісімді жасасуға міндеттенеді.

5. Кепілдікың жарамдылық мерзімі

      34. Кепілдік "___" _______ жылға дейінгі мерзімді қоса алғанда беріледі.

      35. Кепілдіктің жарамдылығы мынадай жағдайлардың кез келгені орын алған кезде:

      1) кепілдікпен қамтамасыз етілген кредит шарты бойынша негізгі борыш сомасын толығымен өтеу;

      2) осы Шартта көрсетілген кепілдік мерзімі аяқталған соң;

      3) егер Кепілгер жаңа борышкер үшін жауап беруге келісім бермеген болса, кепілдікпен қамтамасыз етілген кредит шарты бойынша борышты басқа тұлғаға аудару;

      4) егер кепілдікпен қамтамасыз етілген міндеттемені орындау мерзімі жеткен кезде банк Қарыз алушы немесе Кепілгер ұсынған тиісті орындауды қабылдаудан бас тартса;

      5) Кепілгердің алдын ала жазбаша келісімінсіз жауапкершіліктің ұлғаюына алып келетін немесе алып келуі мүмкін кредит шарты талаптарының кез келгенін өзгерту;

      6) Қарыз алушының тарапынан алаяқтық әрекеттерінен туындаған және бұл Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында бекітілген тәртіппен дәлелденген жағдайларды қоспағанда, банк Кепілгерге Кепілгердің кепілдік ұсыну туралы шешімді қабылдауы үшін қажетті дұрыс емес мәліметтерді (ақпараттарды) және (немесе) құжаттарды ұсынған жағдайда;

      7) Қарыз алушы және (немесе) банк осы Шарттың 12-тармағында көзделген міндеттемелер мен талаптарды орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда;

      8) кредитті толығымен мақсатты пайдаланбау фактісі анықталған кезде;

      9) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында, Бағдарламада және (немесе) осы Шартта көзделген өзге де негіздемелер бойынша тоқтатылады.

6. Тараптардың жауапкершілігі

      36. Кепілгер банкке талапта көрсетілген соманы уақытылы төлемеген жағдайда, Кепілгер банкке мерзімі ұзартылған әрбір күн үшін уақытылы төленбеген сомадан 0,01 % (нөл бүтін жүзден бір) мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді.

      37. Банк Кепілгерге осы Шарт талаптарына сәйкес Кепілгерге тиесілі кез келген соманы уақтылы қайтармаған жағдайда банк Кепілгерге мерзімі ұзартылған әрбір күн үшін уақтылы қайтарылмаған сомадан 0,01 % (нөл бүтін жүзден бір) мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді.

      38. Банк осы Шарттың 17-тармағының 5) және 6) тармақшаларында, 32-тармақта, 21-ші және 33-ші тармақтарында белгіленген міндеттемелерді бұзған жағдайда, бұзылған күнінен бастап банк Кепілгерге кешіктірілген әрбір күн үшін тиісті қаржылық жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді.

      39. Қарыз алушы 3), 5), 6), 7) тармақшаларында белгіленген міндеттемелерді бұзған жағдайда және осы Шарттың 15-тармағының 15) тармақшасында бекітілген талаптарды анықтаған күннен бастап Қарыз алушы Кепілгерге кешіктірілген әрбір күн үшін тиісті қаржылық жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді.

      40. Тұрақсыздық айыбын төлеу талабы құқықтарын кінәлі Тарап бұзған Тараптың құқығы болып табылады. Тұрақсыздық айыбын төлеу туралы жазбаша талаптың жіберілуі – Тараптың тұрақсыздық айыбын төлеуді талап ету құқығын пайдалануы болып есептеледі. Тұрақсыздық айыбын төлеу кінәлі Тарапты осы Шарт талаптарын тиісті түрде орындаудан босатпайды.

      41. Банк кредит шартын тиісінше ресімдеуге, сондай-ақ кредит беру талаптарының Кепілгердің уәкілетті органының шешімінде көрсетілген талаптарға сәйкес келуіне толықтай жауапкершілік көтереді. Банк тарапынан осы міндеттемені бұзу жағдайларын анықталған жағдайда, Кепілгер кепілдіктің күшін жоюды қоса алғанда, жауапкершілік шараларын қабылдауға құқылы.

7. Қорытынды ережелер

      42. Шартқа енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар жазбаша нысанда ресімделеді, Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қояды және Тараптардың мөрлерінің бедерімен (болған жағдайда) куәландырылады.

      43. Осы Шартты өзгертуге, бұзуға және орындауға байланысты барлық даулар мен келіспеушіліктерді Тараптар келіссөздер мен талқылаулар жүргізу арқылы шешетін болады, келіссөздер нәтижесінде Тараптар келісімге келе алмаған жағдайда, мұндай дау Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген сот тәртібімен қаралатын болады.

      44. Осы Шарт қазақ және орыс тілінде әрқайсысы тең заңды күшке ие ( ) бірдей данада: Тараптардың әрқайсысы үшін қазақ және орыс тілінде ( ) данадан жасалынды. Шарттың қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндері арасында келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар Шарттың орыс тіліндегі мәтінін басшылыққа алатынына келісті.

      45. Осы Шартта көзделмеген барлық өзге жағдайларда Тараптар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасын басшылыққа алады.

      46. Кредит шартының көшірмесі осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

      47. Тараптардың келісімі бойынша Кепілгер осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауға тек өз қаражаты шегінде ғана жауап береді.

      48. Осы шарт Тараптар қол қойған күнінен бастап күшіне енеді және кепілдіктің күші тоқтағанға дейін әрекет етеді, ал орындалмаған міндеттемелер бөлігінде – олар толығымен орындалғанға дейін қолданыста болады.

8. Заңды мекенжайлары, банктік деректемелері және Тараптардың қолдары.

Қарыз алушы:

Кепілгер:

Банк:

_________________ мөрдің орны
(болған жағдайда)
Қазақстан Республикасы
___________ қаласы
____________көшесі
телефон___________
БСН ______________

_________________
мөрдің орны
(болған жағдайда)
Қазақстан Республикасы
_________________ қаласы
__________________көшесі
телефон________________
БСН ___________________
ЖСК KZ________________
БСК ___________________
КБЕ ___________________
"___________" АҚ

_________________ мөрдің орны
(болған жағдайда)
Қазақстан Республикасы
_______________қаласы
______________көшесі
телефон_____________
БСН _______________
ЖСК KZ____________
БСК _______________
КБЕ________________
"_____________" АҚ

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2020 жылғы 29 қаңтардағы
№ 5 бұйрығына
6-қосымша

Үлгілік нысан "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған грант беру туралы № үлгілік шарты

____________ қаласы

20 жылғы " "

      Осы Шарт (бұдан әрі – Шарт) мыналардың:

      1) "Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі":

      ________________________________________________________ атынан

      ______________________________________________________ негізінде әрекет ететін

      _____________________________________________________ және

      2) "Қаржы агенттігі": "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы атынан

      ______________________________________________ негізінде әрекет ететін

      ___________________________________________________ және

      3) Кәсіпкер:

      __________________________________________________________ атынан

      _____________________________________________________ негізінде әрекет ететін

      _________________________________________________________,

      бірлесіп "Тараптар", ал әрқайсысы жеке алғанда "Тарап" немесе жоғарыда көрсетілгендей аталатындар арасында:

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама);

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру қағидаларына (бұдан әрі – Мемлекеттік гранттар беру қағидалары) сәйкес жасалды.

1. Терминдер мен анықтамалар

      1. Осы Шартта пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар Бағдарламада және Мемлекеттік гранттар беру қағидаларында айқындалған.

2. Шарттың мәні

      2. Осы Шарттың талаптары бойынша Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі кәсіпкерге Бағдарлама шеңберінде бизнес-жобаларды іске асыруға кәсіпкерге кәсіпкерлік қызметін қолдау үшін грант ұсынады, өз кезегінде, кәсіпкер осы Шартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бизнес-жобаның іс-шаралар жоспарын іске асыруға арналған грантты пайдалануға міндеттенеді.

3. Шарттың қолданылу мерзімі

      3. Шарт Тараптар оған қол қойған күнінен бастап күшіне енеді және олар осы Шарт бойынша өздерінің міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданылады.

4. Гранттың мөлшері мен беру тәртібі

      4. Шарт бойынша берілетін грант мөлшері ________ (_______) теңгені құрайды.

      5. Грантты беру осы Шартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша грант беру кестесіне сәйкес жүзеге асырылады. Грант қаражаты транштық негізде беріледі.

      6. Әрбір траншты беру осы Шартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіпкерден траншты беру туралы өтінім ұсынылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ақшалай қаражатты кәсіпкердің ағымдағы шотына аудару жолымен жүзеге асырылады, өтінімге грант қаражатының одан әрі пайдаланылуын растайтын құжаттар (сатып алу-сату шарттары, ниет шарты, шот-фактура, төлем шоттары және грант қаражатының одан әрі пайдаланылуын растайтын өзге де құжаттар) қоса беріледі.

      7. Осы Шартта белгіленген талаптарға сәйкес осы Шарт бұзылған жағдайда Бағдарламаның Өңірлік үйлестірушісінің кәсіпкерге ақшалай қаражатты аударуы жүзеге асырылмайды.

5. Грантты пайдалану тәртібі, мерзімдері мен шарттары

      8. Кәсіпкер грант қаражатын бизнес-жоба іс-шараларының жоспарына сәйкес пайдаланады.

      9. Шарт бойынша кәсіпкерге аударылған ақшалай қаражат кәсіпкердің бизнес-жобасын іске асырумен байланысты нысаналы мақсатқа ие. Берілген гранттың нысаналы пайдаланылуын бақылауды қаржы агенттігі жүзеге асырады.

      10. Грант қаражаты есебінен сатып алынған немесе алынған барлық мүлік кәсіпкердің бизнес-жобасының мақсаттарына сәйкес, ал бизнес-жоба аяқталғаннан кейін кәсіпкердің кәсіпкерлік қызметті жүргізуіне пайдаланылуы тиіс.

6. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      11. Шарттың қолданылуы шеңберінде Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі:

      1) кәсіпкерге осы Шартта көзделген тәртіппен грант беруге;

      2) осы Шартқа сәйкес кәсіпкерлердің бизнес-жобаның іс-шараларын орындауы және қаржы қаражатын пайдалануы туралы қаржы агенттігінің жазбаша есебін қабылдауға;

      3) осы Шартта көзделген жағдайларда Шарттың мерзімінен бұрын бұзылуы туралы кәсіпкерге хабарлауға міндеттенеді.

      12. Шарттың қолданылуы шеңберінде Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі:

      1) Шартта және Қазақстан Республикасының азаматтық, салықтық және қылмыстық заңнамасында көзделген жағдайларда кәсіпкерге грант қаражатын беруден бас тартуға;

      2) мониторинг нәтижелерін одан әрі конкурстық комиссияның қарауына одан шығару үшін пайдаланылмаған қаражатты қайтаруды талап етуге;

      3) нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған қаражаттың қайтарылуын талап етуге құқылы.

      13. Шарттың қолданылуы шеңберінде қаржы агенттігі:

      1) кәсіпкерден Шарт бойынша міндеттемелерді тиісінше орындауды және грантты пайдалануда анықталған кемшіліктерді жоюды талап етуге;

      2) грантты игеру және нысаналы пайдалану мониторингін, кәсіпкерлердің грантты алған күннен бастап 1 (бір) жыл ішінде бизнес-жобалардың орындалуы бойынша қызметінің мониторингін, кәсіпкердің Бағдарлама шарттарын орындауы мониторингін жүргізуге, сондай-ақ кәсіпкердің осы Шарттың талаптарын сақтауын оның ішінде қаржы агенттігі өкілдерінің бизнес-жобаны іске асыру орнына кәсіпкерге баруы арқылы тексеруге құқылы. Мониторинг жүргізудің тәртібі мен мерзімдері кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекіткен Бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлікті қаржылық қолдау бағдарламалары шеңберінде іске асырылатын Жобаларға мониторинг жүргізу қағидаларымен, сондай-ақ қаржы агенттігінің ішкі құжаттарымен реттеледі;

      3) кәсіпкерден Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын растайтын материалдарды/құжаттарды талап етуге құқылы.

      14. Шарттың қолданылуы шеңберінде кәсіпкер:

      1) бизнес-жобаны іске асыру үшін іс-шараларды уақтылы және тиісінше жүргізуге;

      2) қаржы агенттігінің талабы бойынша грантты пайдалану кезінде анықталған кемшіліктерді дереу жоюға;

      3) қаржы агенттігінің талабы бойынша Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын растайтын материалдарды құжаттарды және жазбаша түсініктемелерді қаржы агенттігінің жазбаша талабын алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде беруге;

      4) қаржы агенттігі сұратқан ақпаратты мұндай сұрау салу алынған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынуға;

      5) қаржы агенттігін Шартты орындауға байланысты құжаттармен кедергісіз уақтылы қамтамасыз етуге;

      6) тиісті шешім қабылданған күні осы Шартқа сәйкес тағайындалған жауапты тұлғаның ауысуы туралы қаржы агенттігін хабардар етуге;

      7) грантты нысаналы бағыт бойынша ғана пайдалануға;

      8) жеке тұлғадан автокөлік сатып алу жағдайларын қоспағанда, кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелген контрагенттің шотына қаражат аудару арқылы, грантты қолма қол ақшасыз есеп айырысумен игеруді жүзеге асыруға;

      9) кемінде ____ адамға жаңа жұмыс орындарын құруды қамтамасыз етуге;

      10) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне Шарттың қолданылу мерзімі ішінде барлық деңгейдегі бюджеттерге немесе мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға төлемдер бойынша берешектің жоқтығына кепілдік беруге;

      11) Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне грант қаражатының пайдаланылмаған бір бөлігін тиісті талапты алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қайтаруға;

      12) грант қаражаты алынған күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде бизнес-жобаны іске асыруға жұмсалатын шығыстарды бірлесіп қаржыландыруды қамтамасыз етуге және бизнес-жобаны іске асыруға берілетін грант сомасының кемінде 10 %-ы (он пайызы) мөлшерінде соманы жолдауға;

      13) қаржы агенттігінің мониторинг жүргізуі кезінде қаржы агенттігіне жәрдем көрсетуге, қаржы агенттігінің жазбаша сұрауында белгіленген мерзімде мониторинг жүргізу үшін қажетті құжаттарды қаржы агенттігіне ұсынуға, сондай-ақ қаржы агенттігінің өкілдеріне көшпелі мониторингілеуді жүзеге асыру кезінде бизнес-жобаның іске асырылу орнына кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз етуге;

      14) Бағдарламаның іске асырылуына мониторинг жүргізу мақсаты үшін қаржы агенттігіне Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінен Қазақстан Республикасының салықтық заңнамасына сәйкес салықтық құпия болып табылатын мынадай:

      қаржы агенттігінің кірістің өсу серпінін айқындау үшін кәсіпкердің кірістері;

      қаржы агенттігінің жұмыс орындарының орташа жылдық санының өсуін айқындауы үшін кәсіпкердің жұмыскерлерінің саны;

      қаржы агенттігінің бюджетке төленген салықтардың ұлғаюы серпінін айқындауы үшін кәсіпкердің төлеген салықтарының сомасы туралы мәліметтерді қаржы агенттігіне ұсынуға келісім беру туралы өтініш береді.

      15) Шартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіпкер құрған бизнес-жобаның іс-шараларының орындалуы туралы және қаржы қаражатын қолдану туралы жазбаша есептерді (бұдан әрі – Жазбаша есептер) қаржы агенттігіне беруге, атап айтқанда:

      20__ жылғы "___"___________ бастап 20__ жылғы "__"__________ қоса алғандағы кезеңде ағымдағы есепті беруге;

      20__ жылғы "__"____________ бастап 20__ жылғы "__"____________ қоса алғандағы кезеңде қорытынды есепті беруге міндеттенеді.

      15. Шарттың қолданылуы шеңберінде кәсіпкер:

      1) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінен Шарт бойынша міндеттемелердің тиісінше орындалуын талап етуге;

      2) грант қаражатының ағымдағы шотқа уақтылы аударылуын талап етуге құқылы.

      16. Бизнес-жобаның уақтылы және тиісті іске асырылуын және грант қаражатының мақсатты пайдаланылуын растау мақсатында кәсіпкер ұсынатын жазбаша есептерге бизнес-жобаны іске асыру шеңберінде көзделген іс-шаралардың/мақсаттардың орындалуын, оның ішінде әрбір шаруашылық операциясының мазмұнын толық көлемде көрсететін құжаттар қоса беріледі. Бұл ретте, қоса берілетін құжаттар деректемелерді (нөмірі мен күнін) қамтиды, сондай-ақ ол тігілген, нөмірленген, оған басшысының, бухгалтердің (болған жағдайда) және кәсіпкердің жауапты тұлғасының қолы қойылған, оның мөрімен (болған жағдайда) расталған болуы тиіс.

      17. Гранттың пайдаланылуының қорытындылары бойынша Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі, қаржы агенттігі және кәсіпкер осы Шартқа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша грант беру туралы шартқа гранттың пайдаланылу актісіне қол қояды.

7. Тараптардың жауапкершілігі

      18. Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы азаматтық заңнамасына сәйкес жауапты болады.

      19. Кәсіпкер Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін тиісінше орындамаған, грант қаражатын мақсатты пайдаланбаған, Шарт талаптарын өзгеше бұзған жағдайларда, жазбаша есептерді және (немесе) жазбаша есепке қоса берілетін құжаттарды, Шарт бойынша міндеттемелердің орындалғанын растайтын ақпаратты/материалдарды ұсынбаған, уақтылы ұсынбаған, толық көлемде ұсынбаған және (немесе) тиісінше ресімделмеген түрде ұсынған кезде, грантты пайдаланудың анықталған кемшіліктерін дереу жоюдан бас тарту не жалтару немесе қаржы агенттігіне жалған мәліметтерді ұсыну кезінде қаржы агенттігі конкурстық комиссияға және Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне Шартты мерзімінен бұрын бұзу туралы және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртіппен грантты беруден бас тарту/пайдаланылмаған қаражатты қайтаруды талап ету туралы ұсыныспен жүгінуге құқылы.

      Шартты бұзу және грант қаражатын қайтару туралы шешімді конкурстық комиссия қабылдайды.

      20. Конкурстық комиссияның шешімі негізінде Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі грант қаражатын қайтару бойынша жұмыс жүргізеді.

      21. Шарт Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртіппен конкурстық комиссия тиісті шешім қабылдаған күннен бастап бұзылған болып саналады, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі кәсіпкерге және қаржы агенттігіне конкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде міндетті түрде хабарлауы тиіс.

      22. Тараптар еңсерілмейтін күш жағдайлары (дүлей құбылыстар, соғыс қимылдары, форс-мажорлық жағдайлар), яғни төтенше және ырық бермейтін жағдайлар туындаған кезде Шарт бойынша міндеттемелерді ішінара немесе толық орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады. Еңсерілмейтін күш жағдайлары салдарынан өз міндеттемелерін орындамайтын Тарап басқа Тарапты кедергілер және оның Шарт бойынша міндеттемелерді орындауға әсері туралы дереу хабардар етеді.

8. Дауларды шешу тәртібі

      23. Шарттан туындауы мүмкін барлық даулар мен келіспеушіліктер Тараптар арасында келіссөздер арқылы шешіледі.

      24. 10 (он) жұмыс күні ішінде келіссөздер жолымен келісімге қол жеткізілмеген жағдайда Тараптар арасындағы дау Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес шешілуге жатады.

9. Шарттың өзге де талаптары

      25. Шартқа кез келген өзгерістер мен толықтырулар конкурстық комиссия шешімінің негізінде жазбаша түрде қосымша келісім нысанында ресімделеді және оған Тараптардың уәкілетті тұлғалары қол қояды.

      26. Кәсіпкер өзінің пошталық және банктік деректемелерінің өзгергені туралы осындай өзгеріс болған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі мен қаржы агенттігін хабардар етуге міндеттенеді.

      27. Осы Шарт Тараптардың әрқайсысы үшін қазақ және орыс тілдерінде ( ) данадан әрқайсының заңды күші бірдей қазақ және орыс тілдерінде бірдей ( ) данада жасалды.

10. Тараптардың заңды мекенжайлары, банктік деректемелері және Тараптардың қолдары

Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі

Қаржы агенттігі

Кәсіпкер

________________
мөрдің орны
(болған жағдайда)

________________
мөрдің орны
(болған жағдайда)

________________
мөрдің орны
(болған жағдайда)

Қазақстан Республикасы
_____________ қаласы
______________көшесі
телефон_____________
БСН_______________
ЖСК KZ____________
БСК _______________
КБЕ ________________
"__________" ММ

Қазақстан Республикасы
_____________ қаласы
______________көшесі
телефон_____________
БСН_______________
ЖСК KZ____________
БСК _______________
КБЕ ________________
"__________" АҚ

Қазақстан Республикасы
_____________ қаласы
______________көшесі
телефон_____________
БСН_______________

  Жаңа бизнес-идеяларды
іске асыруға арналған
грант беру туралы шартқа
1-қосымша
  Нысан

Бизнес-жобаның іс-шаралар жоспары

Р/с №

Іс-шараның атауы

Орындалу мерзімі

Аяқталу нысаны














Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі

Қаржы агенттігі

Кәсіпкер

___________________ мөрдің орны
(болған жағдайда)

_______________
мөрдің орны
(болған жағдайда)

________________
мөрдің орны
(болған жағдайда)

  Жаңа бизнес-идеяларды
іске асыруға арналған
грант беру туралы шартқа
2-қосымша
  Нысан

Грантты беру кестесі

Р/с №

Гранттың берілу күні

Гранттың мақсатты пайдаланылуы

Грант сомасы













  Жаңа бизнес-идеяларды
іске асыруға арналған грант
беру туралы шартқа
3-қосымша
  Нысан

Транш беруге арналған өтінім

_________________қаласы

20 жылғы " "

      20 жылғы " " Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған грант беру туралы № шарттың (бұдан әрі – Шарт) 5-тармағына сәйкес Шартқа 1-қосымшада көрсетілген Бизнес-жобаның іс-шаралар жоспарына сәйкес ______________________________________________________________ бизнес-жобасын іске асыру үшін _______ (___________) теңге сомасында кезекті гранттың траншын беруді сұраймын.

      Грант траншының қаражаты ____________________________________ нысаналы бағытына сәйкес пайдаланылатын болады.

_____________________
Лауазымы

_________________________
аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі

________________________
 қолы/мөр
(болған жағдайда)


  Жаңа бизнес-идеяларды
іске асыруға арналған грант
беру туралы шартқа
4-қосымша
  Нысан

Бизнес-жоба іс-шараларының орындалуы туралы есеп

Р/с №

Іс-шараның атауы

Орындалу мерзімі

Орындаудың нақты мерзімі

Іс-шараның орындалуын растайтын құжаттар






      кестенің жалғасы

Шартқа сәйкес меншікті қаражаттың пайдаланылу кезеңі

Меншікті қаражатты пайдаланудың нақты кезеңі

Шарт бойынша меншікті қаражаттың сомасы, теңге

Меншікті қаражатты пайдаланудың нақты сомасы, теңге

Растайтын құжаттар






Бизнес-жоба грантының қаржы қаражатының пайдаланылуы туралы есептің нысаны

№ р/с

Шарт бойынша

Іс жүзінде пайдаланылған сома

Пайдалануды растауға ұсынылған құжаттар

Нысаналы мақ-саты

Грант сомасы, теңге

Меншікті қаражат сомасы, теңге

Грант, теңге

Меншікті қаражат, теңге

Грант (құжаттың атауы, №, күні)

Меншікті қаражат (құжаттың атауы, №, күні)









      кестенің жалғасы

Шарт бойынша іс-шараның атауы

Шарт бойынша орындалу мерзімі

Іс жүзінде орындалған күні

Пайдалануды растауға ұсынылған құжаттар






Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі

Қаржы агенттігі

Кәсіпкер




___________________ мөрдің орны
(болған жағдайда)

_______________
мөрдің орны
(болған жағдайда)

________________
мөрдің орны
(болған жағдайда)

  Жаңа бизнес-идеяларды
іске асыруға арналған грант
беру туралы шартқа
5-қосымша
  Нысан

Грант ұсыну туралы 20__ жылғы "____" _________ № шартқа грантты пайдалану актісі

____________ қаласы

20__ жылғы "___" ___________

      _______________________ атынан ________________________ негізінде әрекет ететін _________________ (бұдан әрі - Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі) бір тараптан және ______________________________________ атынан __________________________ негізінде әрекет ететін ________________________(бұдан әрі - қаржы агенттігі) бір тараптан және ________________________ атынан _________________________ негізінде әрекет ететін ________________________ (бұдан әрі – кәсіпкер) бір тараптан, бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар төмендегілер туралы осы актіні жасасты:

      1. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі кәсіпкерге Шарттың талаптарына сәйкес грантты ұсынды.

      2. Кәсіпкердің Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне Шарт бойынша міндеттемелерді орындау бөлігінде наразылықтары жоқ.

      3. Кәсіпкер нысаналы бизнес-жобаны Шарттың талаптарына сәйкес іске асырды.

      4. Қаржы агенттігінің кәсіпкерге Шарт бойынша міндеттемелерін орындауы бөлігінде наразылықтары жоқ.

      Тараптардың қолдары

Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі

Қаржы агенттігі

Кәсіпкер

___________________ мөрдің орны
(болған жағдайда)

_______________ мөрдің орны
(болған жағдайда)

________________ мөрдің орны
(болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2020 жылғы 29 қаңтардағы
№ 5 бұйрығына
7-қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің күштері жойылды деп танылған бұйрықтарының тізбесі

      1) "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгі нысанын, Субсидиялау шартының, Кепілдік шартының, Грант беру туралы шарттың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 6 наурыздағы № 18 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18377 болып тіркелген, 2019 жылғы 14 наурызда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      2) "Исламдық қаржыландыру жөніндегі субсидиялау шартының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 29 сәуірдегі № 32 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18665 болып тіркелген, 2019 жылғы 22 мамырда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      3) "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанын, Субсидиялау шартының, Кепілдік шартының, Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға грант беру туралы шарттың, Бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыруға грант беру туралы шарттың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 29 мамырдағы № 46 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18758 болып тіркелген, 2019 жылғы 6 маусымда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).